Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 29 наурыздағы № 479-V ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 13-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) облыстың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;";

      2) 43-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің өкілдері де міндетті түрде енгізіледі. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа адамдар да енгізілуі мүмкін.";

      3) 44-1-бапта:

      2-тармақтың үшінші бөлігіндегі "жоспарлары" деген сөз "жобалары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-баптың он бірінші, он екінші және он төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұратылған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған кезде қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін тегін негізде беру кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі.

      Арнайы есепке қою кезінде азаматта жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет құқық берген жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі ескеріледі, олар туралы мәліметтер мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорациядан сұратылады.";

      "Бұл ретте тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады.";

      4) 71-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Геологиялық, геофизикалық, iздеу, геодезиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, жобалау және басқа да iздестiру жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды жеке меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн алып қоймай жүргiзе алады.";

      5) 84-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) автомобиль және темір жолдардың құрылысы (реконструкциясы), әуежайлар, әуеайлақтар, аэронавигация объектілерінің және авиатехникалық орталықтардың, теміржол көлігі объектілерінің, көпірлердің, метрополитендердің, тоннельдердің, энергетика жүйелері мен электр тарату желілері, байланыс желілері объектілерінің, ғарыш қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, магистральдық құбырлардың, инженерлік-коммуникациялық желілердің, стратегиялық объектілерге жататын мұнай өңдеу өндірісі объектілерінің, концессиялық жобаларды іске асыру, елді мекендердің ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы (реконструкциясы);";

      6) 109-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қалалардың, кенттердiң, ауылдық елдi мекендердiң барлық жерi олардың бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлау мен құрылыс салу (ондай жобалар болған жағдайда) жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес пайдаланылады.";

      7) 136-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру немесе су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстырудан бас тарту туралы шешім осы Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.";

      8) 145-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

      9) 146-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды тікелей жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның өзге де лауазымды адамдары жердің пайдалануы мен қорғалуы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.".

      2. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      1) 13-баптың 1-тармағында:

      18-12) және 18-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      18-13) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелерді береді;";

      18-42) тармақша алып тасталсын;

      2) 15-баптың 15-2) тармақшасындағы "және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 31-баптың 2-1-тармағында:

      1) тармақша "меншік құқығында" деген сөздерден кейін "не сенімгерлік басқаруда" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшадағы "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "үш жылдық" деген сөздер "бес жылдық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 102-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер салу уәкілетті органмен келісілген эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.".

      3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      1) 37-баптың 1-тармағының 7-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-5) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;";

      2) 39-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 40-баптың 2-тармағы 7) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын;";

      4) 66-бапта:

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) суды есепке алу құралдары;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) суды тартуды есепке алу құралдары;";

      10-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды:";

      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеулерді;";

      8) тармақшадағы "тізбесін ұсынады." деген сөздер "тізбесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) су тартуды есепке алу құралдарының болуы туралы мәліметтер ұсынады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын.

      4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат):

      1) мазмұнындағы 22-тараудың және 168 – 172-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      2) 17-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 22-тарау алып тасталсын.

      5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):

      1) 273-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жүз сексен" деген сөз "жүз елу бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "алпыс" деген сөз "елу бес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 471-бапта:

      кестедегі 1.8, 1.33-1, 1.34-1 және 1.78-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1.96-жолмен толықтырылсын:

      "

1.96.

Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның

патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату,

сатып алу және экспонаттау

22


      ";

      3) 499-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай рұқсаттарды жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін, екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты қоспағанда, жергілікті атқарушы орган береді.";

      4) 528-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.";

      1-1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.";

      5) 530-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі:

      1) тармақша кестесінің 1-жолының 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi";

      2) тармақша алып тасталсын;

      6) 534-баптың 1-тармағында:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін;";

      17) тармақшадағы "бергені үшін мемлекеттік баж алынады." деген сөздер "бергені үшін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін мемлекеттік баж алынады.";

      7) 540-бапта:

      5) тармақшада:

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:

      "азаматтық, қызметтік қару және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін – 300 пайыз;";

      оныншы және он бірінші абзацтар алып тасталсын;

      9) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;

      8) 547-баптың 2-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдары және тіркемелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін – тиісті құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергенге дейін;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін – тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;";

      9) 565-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.";

      3-тармақтағы "дара кәсiпкердi," деген сөздер алып тасталсын;

      10) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      11) 575-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде салық төлеушi өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген хабарламаны беруге мiндеттi.

      2. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді.

      Осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші хабарламаға осы Кодекстің 574-бабының 5-тармағында көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді.

      Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда шарттардың және (немесе) шартқа қосымшалардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуы тиіс.";

      12) 576-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық органы салық төлеушіні осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген хабарлама негізінде лицензиялауға жатпайтын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін хабарлама осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы саны есептен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің тіркелген жері бойынша салық органына беріледі.";

      13) 651-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын.

      6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "98) тәуелсіз сараптама – көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының деңгейі жөнінде қорытынды шығару мақсатында сыртқы сараптама шеңберінде тәуелсіз сарапшылар жүргізетін рәсім;";

      мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "98-1) тәуелсіз сарапшы – жоғары медициналық білімі бар және уәкілетті орган айқындаған, тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарға сай келетін жеке тұлға;";

      2) 7-баптың 1-тармағында:

      27) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 102-1) және 102-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "102-1) сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін бекіту;

      102-2) тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;";

      3) 7-1-баптың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзацтағы "Халықтың" деген сөз "1. Халықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      36) тармақшадағы "жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:

      "37) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.";

      4) 9-баптың 2-тармағында:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметті, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;";

      18-5) тармақшадағы "және аттестаттауды" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 13-1-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады." деген сөздер "саудада өткiзу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу қызметі хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.";

      6) 14-бапта:

      4-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастырады.";

      7) 20-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, сыртқы сараптаманы жүргізу үшін уәкілетті орган айқындаған жағдайларды талқылау бойынша комиссия құруға бастамашылық жасауға;";

      8) 21-1-баптың 1-тармағының 5) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      9) 57-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласында сараптама жүргізуді жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензияның негізінде және (немесе) заңды тұлғалар аккредиттеу туралы куәлік негізінде жүзеге асырады.";

      10) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы:

      1) уәкілетті орган, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған жағдайлар бойынша комиссиялық талқылау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізіледі;

      2) тәуелсіз сарапшылар – оларды ішкі және сыртқы сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар тартқан кезде, сондай-ақ шарттық негізде тәуелсіз сараптама жүргізу үшін денсаулық сақтау субъектілері жүргізеді.";

      11) 69-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі "уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған," деген сөздер "оларды өткізу үшін оқудан өткен," деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 117-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы бар мамандандырылған психиатриялық медициналық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.".

      7. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат):

      138-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Төлеуші немесе үшінші тұлға төлеушінің шотына кеден баждарын, салықтар мен өсімпұлды төлеген кезде, тауарларды шығару үшін мына мәліметтер мен құжаттардың біреуі немесе бірнешеуі олардың төленгенiнің растамасы болып табылады:

      1) қазынашылық органдары мемлекеттік кіріс органдарына күн сайын беретін бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдер есептілігі нысандары бойынша деректер;

      2) төленген кеден баждары мен салықтар туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар берген мәліметтер мен ақпарат;

      3) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайда – "электрондық үкімет" жүйесінде жасалатын электрондық чек;

      4) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары арқылы төленген жағдайда – екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның электрондық терминалдары беретін чек;

      5) мемлекеттік кіріс органдарының ғимараттарында орналасқан банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кассалары арқылы төлеген жағдайда екiншi деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым кассаларының түбіртегі.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мемлекеттік кіріс органдарында осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер және ақпараттар болмаған жағдайда ғана талап етіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген екiншi деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мемлекеттік кіріс органдарымен жасасқан тиісті шарттары болуы тиіс.

      Тауарларды шығару мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары кедендік баждарды, салықтарды бюджетке төлеген кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем құжаттары көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.".

      8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 300-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі";

      605-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу";

      2) 47-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";

      3) 269-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекеше нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтінішті және дара кәсіпкерді тіркеу есебі, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы хабарламаны берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу –

      ескерту жасауға әкеп соғады.";

      4) 296-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) мынадай мазмұндағы 300-1-баппен толықтырылсын:

      "300-1-бап. Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі

      Энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі –

      энергия беруші ұйымның лауазымды адамына бір жүз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпе: Осы бапта энергия беруші ұйымның лауазымды адамы деп энергия беруші ұйымның бірінші басшысын немесе оның міндетін атқаратын адамды түсіну керек.";

      6) 604-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "жеке тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", лауазымды адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 605-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын бұзу

      1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметіне тыйым сала отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      8) 684-баптың бірінші бөлігіндегі "605 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "605 (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 685-баптың бірінші бөлігіндегі "605 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде)" деген сөздер "605 (бірінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 690-баптың бірінші бөлігі "300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда)," деген сөздерден кейін "300-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      11) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "605 (үшінші және төртінші бөліктері)" деген сөздер "605 (екінші бөлігі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) тармақша "462," деген цифрлардан кейін "463," деген цифрлармен толықтырылсын.

      9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, № 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):

      1) мазмұнында:

      37-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      11-тарау мынадай мазмұндағы 124-1, 124-2 және 124-3-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "124-1-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту

      124-2-бап. Мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекіту

      124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі";

      2) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі

      1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кірістер органына немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама жібереді.

      Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеген жағдайда, бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.

      Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.

      Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар хабарлама беруге құқылы емес.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар хабарламаларды ұсынатын жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.

      4. Хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) мұндай өзгерiстер туралы мемлекеттік кірістер органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.

      5. Хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не өзі келіп ұсыну тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.";

      3) 37-бап алып тасталсын;

      4) 116-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы "қамтамасыз ету кезінде бағалар мен тарифтерді реттейді." деген сөздер "қамтамасыз ету кезінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітуге;

      11) мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;

      12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге бағалар мен тарифтерді реттейді.";

      5) 11-тарау мынадай мазмұндағы жаңа 124-1, 124-2 және 124-3-баптармен толықтырылсын:

      "124-1-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту

      Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.

      124-2-бап. Мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекіту

      Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылық құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітеді.

      124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі

      Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 144-бапта:

      3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) тексерiлетiн субъектiнiң "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруының басталғаны туралы хабарлама беруi;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.".

      10. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 15, 363-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      13-баптың бірінші бөлігінде:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді уәкілетті органмен келісуге;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жіберуге;".

      11. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 72-құжат):

      11-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; облыс аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi, кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық билік органдарының әкiмшiлiк бағынысына беру туралы мәселелердi шешедi;".

      12. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат):

      1) 15-баптың екінші бөлігінің 81) және 83) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) бекітілуі туралы қаржы ұйымы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін;";

      "83) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін;";

      2) 62-5-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы Қазақстанның Ұлттық Банкін хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін реттейтін нормативтік құқықтық актіде және "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабында көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде қарауды;".

      13. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 5-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;

      2) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.";

      3) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкі өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.";

      4) 31-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;

      5) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым олардың бекітілгендігі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.".

      14. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат):

      1) 10-баптың 2-тармағының 6) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжай бойынша нотариустың үй-жайы нақты болмағанда;";

      "9) егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткеннен кейін іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген болса, тоқтатыла тұрады.";

      2) 11-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органын хабардар етпей жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.";

      3) 15-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметті жүзеге асыратын, нотариаттық іс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.";

      4-тармақта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариус аумақтық әділет органына өзінің үй-жайының орналасқан жерін көрсете отырып, нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

      Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен немесе нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы хабарламаны аумақтық әділет органына жібергенге дейін сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге, жекеше нотариустың мөрін аумақтық әділет органына тапсыруға міндетті.";

      4) 19-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің үй-жайынан тысқары жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.";

      5) 32-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 33-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;

      1-2) хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) нотариус таңдаған үй-жайдың болуын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;".

      15. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VIІ, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 29-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің жиынтығында елу және одан көп пайызын сатып алу ниеті бар тұлға серіктестіктің барлық қатысушыларына өз ниеті туралы хабар жібереді.

      Хабар жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің жиынтығында елу және одан көп пайызын сатып алу ниеті бар тұлға және оның үлестес тұлғалары туралы және үлестерді сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

      Бұл ретте ұсынылып отырған баға сатып алу ниеті туралы хабардағы бағадан төмен болмауы керек.

      Серіктестікке қатысушылардың ниеті туралы хабарға жауап беру мерзімі отыз күннен кем болмауы тиіс.";

      2) 43-бапта:

      2-тармақтың 12) тармақшасындағы "бекіту жатады." деген сөздер "бекіту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен оның нәтижесінде серіктестік құны жауапкершілігі шектеулі серіктестік активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінің елу бір және одан көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иеліктен шығарылуы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелер жасасуды мақұлдау туралы шешім шығару жатады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақмен толықтырылсын:

      "2-1. Өзара байланысты мәмілелер деп:

      1) сол бір адаммен не өзара үлестер тұлғалар тобымен нақ сол бір мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға қатысты жасалатын бірнеше мәмілелер;

      2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен ресімделетін мәмілелер;

      3) серіктестікке қатысушылардың жарғысымен немесе жалпы жиналысының шешімімен өзара байланысты мәмілелер ретінде танылған өзге де мәмілелер танылады.";

      3) 45-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі "жалпы дауыс санының оннан бірінен астамын" деген сөздер "жалпы дауыс санының он және одан астам пайызын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 46-бапта:

      1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) жиналыстың ашылу күніне дейін отыз күннен кешіктірмей серіктестіктің атқарушы органы жүргізетін қатысушылардың тізілімінде көрсетілген мекенжай бойынша серіктестіктің әрбір қатысушысын оның өткізілетіндігі туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

      Хабарламада:

      1) жиналыстың өтетін уақыты, орны мен күні;

      2) ұсынылып отырған күн тәртібі;

      3) қатысушылардың жалпы жиналысының түрі: кезекті немесе кезектен тыс;

      4) жиналысты өткізу тәртібі;

      5) сырттай дауыс беруді және сырттай дауыс беру рәсімін жүргізудің тәртібі;

      6) оларға сәйкес жиналыс өткізіліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің нормалары көрсетілуге тиіс.

      Серіктестік қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша хабарлауға құқылы.

      1-1. Жүз және одан да көп қатысушысы бар акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) жиналыстың ашылу күніне дейін отыз күн қалғанда оны өткiзу туралы серiктестiкке қатысушыларды хабардар етуге мiндеттi.

      Жүз және одан да көп қатысушысы бар серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын өткiзу туралы хабар серiктестiктiң жарғысында көрсетiлген баспасөз басылымында жариялануға тиiс.

      Қатысушылар саны жүзден аз, қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыратын орган немесе тұлға (тұлғалар) жиналыстың ашылу күніне дейін отыз күн қалғанда серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша әрбiр серiктестiкке қатысушыға оның өткiзiлуi жөнiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кез келген қатысушысы жалпы жиналыстың күн тәртібі бойынша өз ұсыныстарын ол ашылғанға дейін он күннен кешіктірмей енгізуге құқылы. Дәл осындай мерзім ішінде жиынтығында жалпы дауыс санының бес және одан астам пайызын иеленетін серіктестікке қатысушылар өздері белгілеген мәселелерді жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізуге құқылы. Бұл талапты орындау жалпы жиналысты шақырған орган немесе тұлғалар үшін міндетті.".

      16. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат):

      1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жылжымалы мүлiк – көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік;";

      2) 9-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;";

      3) 12-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;";

      4) 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;".

      17. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 7-баптың бірінші бөлігінің 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алуды жүргізу әдiстемесiн әзiрлеуге;";

      2) 14-баптың 1-тармағының 18) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 15-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын.

      18. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат):

      1) 1-баптың 7), 8), 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қару жасап шығарушы – қаруды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға лицензиясы бар ұйым;

      8) қаруды пайдаланушы – қару иесiнен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға;

      9) қаруды иелену – сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретiнде алу;

      10) қару иесі – қаруды иеленуге, алып жүруге және сақтауға арналған рұқсат негізінде қаруды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;";

      2) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау";

      3) 10-бапта:

      тақырып, 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, өндіруді, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, иеленуді және экспонаттауды лицензиялау

      1. Қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, иелену және экспонаттау лицензиялануға жатады.

      2. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензияны ішкі істер органдары, ал жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, иеленуге және экспонаттауға лицензияны Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган береді.";

      3-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      4) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың ішкі істер органдарынан тиісті рұқсат алғаннан кейін қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардан азаматтық немесе қызметтік қаруды иеленуге құқығы бар. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар жұмыскерлерінің пайдалануына арналған қарудың түрлерін, үлгілерін, модельдерін және санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";

      5) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Заңның 12-бабының 2) – 8) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын оларды иеленуге рұқсаты бар субъектілерге бере алады.";

      6) 25-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган беретін қорытындының негізінде жүзеге асырылады.";

      7) 29-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналарға:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау құқығына;

      азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану құқығына лицензиялар береді;".

      19. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) қор – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен республикалық деңгейде экономиканың барлық салаларында мемлекеттік ақпараттық саясатты, мемлекеттік имидждік жобаларды өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі бірыңғай оператор болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Қор);";

      2) 4-3-баптың 7) тармақшасындағы ", орналастырады" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 2-тарау мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Қор

      Қор:

      1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен республикалық деңгейде экономиканың барлық салаларында мемлекеттік ақпараттық саясатты, мемлекеттік имидждік жобаларды өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;

      2) қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, республикалық деңгейде экономиканың барлық салаларында мемлекеттік ақпараттық саясатты, мемлекеттік имидждік жобаларды өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыру туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және оған талдау жасауды жүзеге асырады;

      3) республикалық деңгейде экономиканың барлық салаларында мемлекеттік ақпараттық саясатты, мемлекеттік имидждік жобаларды өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетіктерін жетілдіру жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;

      4) өзі белгілеген тәртіппен уәкілетті органға өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады, сондай-ақ оны өз интернет-ресурсында орналастырады.".

      20. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат):

      1) 11-1-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;

      2) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар ету

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілеттік берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың бекітілуі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.".

      21. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар):

      3-баптың 3-тармағы бірінші бөлігі 3) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын.

      22. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжаттар; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат):

      68-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      23. "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар):

      1) 14-баптың 2-тармағының 34-14) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 32-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      24. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Еуразиялық экономикалық одақтың уәкілетті органының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, Бірыңғай тауар тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге қорытынды (рұқсат құжатын) беру;";

      2) 14-6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар) және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын уәкілетті орган айқындайды.".

      25. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат):

      1) 8-баптың 21) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 13-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      3) 13-1-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару;";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:";

      4) 18-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын.

      26. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат):

      1) 1-баптың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне зерттеулер жүргiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;";

      2) 4-баптың 1) тармақшасының сегізінші абзацы алып тасталсын;

      3) 6-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      4) 6-1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;";

      5) 9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтауын:

      тұқым сапасын сараптау кезеңiнде жылына екi рет, сондай-ақ бақылау тәртiбiмен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде;

      тұқым өндiрушiлерге шағым жасалған, сондай-ақ тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымдардың сорттық және егу сапасына зерттеулердің нәтижелерiмен келiспеген жағдайлардағы бақылауды;";

      6) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар кіреді.";

      8) 22-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өткізуге және егу үшін пайдаланылуға жататын тұқымдардың егу сапасын айқындау "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларда тұқымдардың сынамаларын іріктеп алу және оларға кейіннен талдау жасау арқылы жүргізіледі.";

      "3. Тек қана егуге арналған тұқымдар топтарынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.";

      9) 23-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген, олардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттар (сорттық егiстердi байқаудан өткiзу актiсi, тұқымдардың кондициялығы туралы куәлiк, тұқымдарға талдау жасау нәтижелерi) негiзiнде тұқым өндірушілер тұқым аттестатын немесе тұқым куәлiгін бередi.".

      27. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 14-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген кезде, осы Заңға сәйкес директорлар кеңесіне акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге;";

      2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген талаптарды жалпы жиналысты шақыратын орган немесе тұлға орындауға міндетті.";

      2) 23-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Дивидендтерді төлеу акционердің тиісті деректемелері туралы мәліметтер болған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған кезден бастап 90 күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.

      Акционердің тиісті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционер қоғамға өтініш берген кезден бастап 90 күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс.";

      3) 36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) нәтижесінде елу және одан да көп пайызы иеліктен шығарылатын (иелiктен шығарылуы мүмкiн) мәміле туралы шешімді қабылдау күніне құны акционерлік қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын (иелiктен шығаруы мүмкiн) ірі мәмілені акционерлік қоғамның жасасуын мақұлдау туралы шешім қабылдауы;";

      4) 41-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "нөмірі болуға тиіс." деген сөздер "нөмірі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) жиналысты өткізу тәртібі;

      9) сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі мен сырттай дауыс беруге арналған рәсімі;

      10) оларға сәйкес жиналыс өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары болуға тиіс.";

      5) 43-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін, мұндай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей немесе осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен хабарланған жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген акционер немесе директорлар кеңесі толықтыруы мүмкін.";

      6) 70-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоғам нәтижесінде құны жиырма бестен елу пайызға дейін құрайтын мүлікті иеліктен шығаратын, оның iрi мәмiлені жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.";

      7) 79-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы ақпарат мәміленің тараптары, сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен талаптары, тартылған адамдардың қатысу үлестерінің сипаты мен көлемі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуы тиіс;".

      28. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 20-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат):

      1) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1-бап. Лицензиаттың қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі

      Лицензиат уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті лицензиат органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Бекітілуі туралы лицензиат уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, лицензиат қаржы өнімдерін бекіткені туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";

      2) 43-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер өзi эмиссиялайтын бағалы қағаздарға қатысты – эмитентке, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарына қатысты – бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде олардың өкiлдерiне, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген бағалы қағаздарды ұстаушылардың жазбаша келісімі негізінде нақты көрсетілген үшінші адамдарға берiлуі мүмкiн.";

      3) 45-баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;

      4) 64-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді.

      Бірыңғай тіркеуші қағидалар жинағы бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растатйтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.";

      5) 77-1-бапта:

      6-тармақтағы "ішкі" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Клирингтік ұйым қағидалар бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растайтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.";

      6) 78-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына әрбір кәсіби қатысушының және әрбір халықаралық қаржы ұйымының орталық депозитарийінің акцияларын иелену үлесі орталық депозитарийдің орналастырылған акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайды.".

      29. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      9-баптың 1-тармағының 12-1) және 12-2) тармақшалары алып тасталсын.

      30. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат):

      14-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;".

      31. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      1) 11-бапта:

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкерлер) және заңды тұлғалар орналастыратын мынадай жарнама объектілері:

      маңдайша;

      жұмыс режимі туралы ақпарат;

      мәдениет мекемелерінің, орындаушылардың және спорттық-ойын-сауық іс-шаралардың репертуары бар арнайы бөлінген жерлерде орналастырылған афишалар;

      қызмет көрсетудің техникалық құралдары мен көлік құралдарын дараландыру;

      жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:

      тауарлық өнімнің үлгілері;

      жеке дараландыру құралдары;

      декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру;

      автожанармай құю станцияларына кіреберісте орнатылған мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, атауы мен сатушының логотипі көрсетілген ақпараттық табло;

      қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және сату бағамы туралы мәліметтері бар ақпараттық стенд жатпайды.";

      2-тармақтың 1-2) және 1-6) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы арқылы өтетіндерді қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, селолар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, селолардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы есептеледі және төленеді.";

      2) 13-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);";

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау саласында аккредиттелмеген, сәйкестікті растау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдардың жарнама жасауына тыйым салынады.".

      32. "Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру жағдайы туристің зиянды өтеу туралы талаптарын сақтанушы негізді деп мойындаған және сақтандырушы сақтанушының талаптарды мойындауымен келіскен кезден бастап басталған деп есептеледі.

      Сақтанушы туристің зиянды өтеу туралы талабын негізді деп мойындамаған жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтандырушы келтірген зиянды өтеу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап басталған деп есептеледі.".

      33. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., 10, 52-құжат; 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 1-баптың 16-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1) өтініш беруші – кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – рұқсат) алу мақсатында уәкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;";

      2) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсаттар беру;";

      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Мемлекеттiк органдардың кредиттік бюролар, ақпарат берушілер қызметі, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оны пайдалану мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктерi

      Уәкiлеттi орган кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану мәселелерi бойынша мынадай:

      1) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптары туралы (осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушiлер үшiн);

      2) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу тәртiбi туралы;

      3) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртiбi туралы;

      4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру шарттары мен тәртiбi туралы;

      5) кредиттік бюроның уәкілетті органға ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну тәртіптері, мерзімдері және көлемдері туралы;

      6) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.";

      4) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.

      Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды.";

      5) 8-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар";

      6) 8-1, 9 және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі

      1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:

      1) рұқсат алудан;

      2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуден тұрады.

      2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу үшін кредиттік бюро мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы:

      1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасу;

      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруы;

      3) өзімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуі қажет.

      Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу жөніндегі қажетті іс-шараларды кредиттік бюроның орындауын тексеруді уәкілетті органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелері уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісінде көрсетіледі.

      Кредиттік бюроның осы тармақтың талаптарын, сондай-ақ кредиттік тарихтар деректер базасын және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамауы кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісін беруден бас тартуға негіз болып табылады.

      4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты және кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу актісі болған кезде ғана жол беріледі.

      5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.

      9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері

      1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) рұқсат беру туралы өтінішті;

      2) кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарды;

      3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      3. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру жөніндегі бизнес-жоспарда:

      1) кредиттік бюро қызметінің сипаттамасы;

      2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процестерді ұйымдастыру тәртібі және мерзімдері;

      3) баға саясаты мен кредиттік есептерге арналған тарифтерді есептеу тәртібі;

      4) кірістер мен шығыстар туралы таяудағы үш жылға арналған болжам;

      5) кредиттік бюроның қызметін дамытудың перспективалық жоспарлары қамтылуға тиіс.

      4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.

      5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.

      10-бап. Рұқсат беруден бас тарту

      Рұқсат беруден бас тарту:

      1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған;

      2) осы Заңның 8-бабында, 9-бабының 1-тармағында көзделген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар сақталмаған;

      3) егер өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.";

      7) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы;";

      8) 12, 13 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру

      1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;

      2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса;

      3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

      2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.

      3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

      Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі.

      13-бап. Рұқсаттан айыру

      Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себеп жойылмаса;

      2) рұқсаттың қолданылуы соңғы он екі ай ішінде бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) тоқтатыла тұрса;

      3) кредиттік бюроға жүзеге асыруға рұқсаты бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;

      4) кредиттік бюроның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылса;

      5) рұқсат алған кезде кредиттік бюро көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттік бюроны рұқсаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

      Соттың рұқсаттан айыру туралы шешім қабылдауы кредиттік бюроны таратуға алып келеді.";

      "15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату

      Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.

      Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.

      Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде – кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде – сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.

      Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.".

      34. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-II, 131-құжат; № 23-I, 169-құжат):

      1) 5-бапта:

      мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "47-1) электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "59) энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;";

      60) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 70-23), 70-24), 70-25), 70-26), 70-27) және 70-28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-23) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      70-24) үлгілік инвестициялық шартты әзірлейді және бекітеді;

      70-25) шекті тарифтерді бекітеді;

      70-26) энергия өндіруші ұйымдардың топтарын қалыптастырады;

      70-27) энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерде көзделген инвестициялық міндеттемелерінің және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

      70-28) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;";

      2) 6-баптың 10-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;";

      3) 7-3-бап алып тасталсын;

      4) 12-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Энергия беруші ұйымдар электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің уәкілетті орган бекіткен нормативтік мәндерін асырмауға міндетті.".

      35. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;";

      2) 14-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыру iндетi мен басқа да аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) жануарлар дүниесi объектiлерiн аулауға;";

      3) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция жөніндегі әкімшілік органды Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру туралы қызметтің басталғандығы туралы хабардар ету кезінде:

      1) жануарларды импорттау жағдайында – әкімшілік органның әкелуге берілген рұқсатының нөмірі мен күні;

      2) жануарлардың отандық шығу тегі болған жағдайда – балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманың нөмірі мен күні көрсетіледі не сатып алу-сату шарты әкімшілік органда тіркелу нөмірі мен күні көрсетіле отырып қоса беріледі.".

      4) 38-баптың 5-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып тышқан тектес кемiргiштердi (сарышұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайларында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;".

      36. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат):

      16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1-бап. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сараптама ұйымы және сарапшы-аудиторлар

      1. Сараптама ұйымы тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.

      2. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн бiр сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.

      3. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттауды уәкiлеттi орган құратын, тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.

      Тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі.

      Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      4. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өз қызметiн уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

      5. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға, егер тауар туралы ұсынылған деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес болса, тауардың шығарылуы туралы, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн жасауға тыйым салынады.".

      37. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      23-бапта:

      1-тармақтағы "бес" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-1-тармақтағы "келіп түскен күннен кейiнгi күннен" деген сөздер "келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      38. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар – аккредиттеу жөніндегі орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;".

      39. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат):

      1) 20-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 85-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.

      Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.";

      3) 95-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қат ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды айдау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.".

      40. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      5-1) және 12-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      "12-1) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      15) тармақша алып тасталсын;

      2) 5-бапта:

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекітеді;";

      12) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;";

      3) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарлама

      1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы хабарламаға мына қызмет түрлері жатады:

      1) энергия аудиті;

      2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру.

      2. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабардар етеді.

      3. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:

      1) штатында уәкілетті орган аттестаттаған кемінде төрт энергия аудиторы болуға;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығы немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.

      4. Уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитi және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру қызметін жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бекітілген оқу бағдарламалары мен жоспарлары болуға;

      2) штатында жоғары білімі бар кемінде екі оқытушысы, оның ішінде техника ғылымдарының кандидатынан (магистрінен) төмен емес ғылыми дәрежесі бар кемінде бір оқытушысы болуға;

      3) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес оқу кабинетіне, компьютерлерге және ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелік етуге тиіс.";

      4) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлғалар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама жібереді.";

      5) 20-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерiнен және энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;".

      41. "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат):

      1) 3-баптың 2-1-тармағы алып тасталсын;

      2) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымы пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзған, микроқаржы ұйымының лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған, осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталмаған кезде, осы бапта белгіленген ықпал ету шараларын қолданады.

      Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі.";

      3) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1-бап. Микрокредит беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіту туралы хабарлама

      Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекітуге уәкілетті микроқаржы ұйымының органы микрокредиттер беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бекіткені туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.

      Микроқаржы ұйымдары хабарламаға мынадай құжаттарды қоса береді:

      микроқаржы ұйымы бекіткен микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысанын;

      микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы шешімінен үзінді көшірмені.".

      42. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат):

      1) 12-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған және осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген адам әкімші болып тағайындалады.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын талаптар мыналар:";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін қоса бере отырып, өтініш берушінің уәкілетті органға қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.

      Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі біліктілік емтиханын тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.

      6. Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне өтініш берушінің хабарламасын енгізуді уәкілетті орган өтініш беруші хабарлама жіберген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей жүргізеді.

      Өтініш беруші хабарламада көрсеткен деректер өзгерген кезде, өтініш беруші деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.

      Қызметін тоқтатқан кезде әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберуге міндетті.

      Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз қалауымен қызметін тоқтату туралы хабарламаға өзін оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.

      Қызметті бастау, қызметті тоқтату, өтініш берушінің деректеріне өзгерістер енгізу туралы хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган бекітеді.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган әкімші хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен мынадай:

      1) хабарлама беру кезінде анық емес мәлiметтерді ұсыну фактiсi анықталған;

      2) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келген, осы Заңда белгіленген талаптар бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзылған;

      3) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасына орай әкімшіні тағайындауға кедергі болатын мән-жайлардың болуы себебінен оның бас тартуын қоспағанда, әкімші ретінде қызметті жүзеге асырудан бірнеше мәрте (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бас тартылған;

      4) қайтыс болған;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;

      6) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған;

      7) осы адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      8) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепке қойылған;

      9) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

      10) әкімші осы баптың 3-тармағының негізінде оның оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы болып тағайындалуына кедергі болған мән-жайлардың болуы туралы хабарламаған, оларды кейіннен оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі барысында уәкілетті орган анықтаған;

      11) қызметінің басталғаны туралы хабарламаны беру кезінде өтініш беруші әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімін ұсынбаған жағдайларда алып тастайды.

      Әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тастауды уәкілетті орган мынадай мерзімдерде:

      1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген жағдайда, жағдай анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      9. Хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:

      1) сотқа – уақытша басқарушыны, уақытша әкімшіні алып тастау туралы;

      2) кредиторлар жиналысына – оңалтуды не банкроттықты басқарушыны алып тастау туралы ақпарат жібереді.";

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) хабарлама әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталған;";

      11 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әкімші өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берген жағдайда, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүктелген өкілеттіктерді орындаудан босатылады.";

      "13. Әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберген кезден бастап әрбір үш жыл сайын уәкілетті органға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен экономика, қаржы немесе заң салаларында өз біліктілігін арттыруға міндетті.";

      2) 15-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімін жүргізеді;";

      23-1) тармақша алып тасталсын;

      3) 26-баптың 5-тармағының бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оңалту жоспарын келісу немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беруге осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы жоспармен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.

      Кредиторлар жиналысының оңалту жоспарын келісу немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімі, талаптары осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осы жоспармен немесе оған енгізілетін өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.";

      4) 48-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі және 59-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "уәкілетті органда тіркелген" деген сөздер "хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламаларының тізіліміне енгізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 69-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "уәкілетті органда тіркелген" деген сөздер "хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган кандидатураны осы Заңның 12-бабы 3-тармағының негізінде оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігі 10) тармақшасының негізінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізілімінен оңалтуды басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабарды кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.";

      6) 71-баптың 2-тармағы 13) тармақшасындағы "жүзеге асырылу барысы" деген сөздерден кейін ", борышкердің қаржылық жағдайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 72-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Кредитор талаптар тізілімі жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағымдануға құқылы.";

      8) 73-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Егер оңалту жоспарына қарсы дауыс берген кредитор сотқа оңалту жоспары шараларының іске асырылуы осындай кредитор талаптарының банкроттық рәсімінің қолданылуы жағдайына қарағанда аз мөлшерде қанағаттандырылуына алып келеді деген негіздемені сотқа ұсынса, сот:

      1) оңалту жоспарын бекітуден бас тартуға;

      2) борышкерден қосымша мәліметтер және (немесе) осындай кредитор талаптарының банкроттық рәсімінің қолданылуы жағдайына қарағанда аз емес мөлшерде қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін оңалту жоспары шараларын сұратуға құқылы.";

      9) 75-бапта:

      2-тармақтың 12) тармақшасындағы "уәкілетті органда тіркелген" деген сөздер "әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты оңалтуды басқарушыдан сұратуға құқылы.";

      10) 89-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы "банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы" деген сөздерден кейін ", борышкердің қаржылық жағдайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 92-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредитор өз талабының мөлшеріне, сондай-ақ жарияланған тізілімге енгізілген басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағымдануға құқылы.";

      12) 93-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "уәкілетті органда тіркелген" деген сөздер "хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізіліміне енгізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 3-тармағының негізінде кандидатураны банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігі 10) тармақшасының негізінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқылы адамдардың хабарламалары тізілімінен банкроттықты басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабарды кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.".

      43. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат):

      1) 12-2-бап мынадай мазмұндағы 8-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;";

      "17-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      2) 96-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәландыратын" деген сөздер алып тасталсын.

      44. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат):

      1) 10-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      6-2) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;";

      19) және 21) тармақшалар алып тасталсын;

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;";

      23) тармақша алып тасталсын;

      2) 17-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 29-баптың 9-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 73-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      5) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар

      1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар құрады және өз қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама берген күннен бастайды.

      2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберген кезде мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      3) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды;

      4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдерін (тізімде "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі);

      5) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлау бағдарламаларын ұсынады.

      3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымынан уәкілетті органға қызметін бастағаны туралы келіп түскен хабарлама уәкілетті органның осындай ұйымдардың ішкі есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.

      4. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының басшысында "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерінің болуы міндетті.

      5. Оқытушының, өндірістік оқыту шеберінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберінің тиісінше "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілік куәліктерінің болуы міндетті және олар өз қызметін көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі бір оқу ұйымының құрамында ғана жүзеге асырады.

      6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.";

      6) 78-бап алып тасталсын;

      7) 79 және 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "79-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер

      1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ ортақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер құра алады.

      2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.

      3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді құру, басқару, олардың жұмыс істеуі және қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      80-бап. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері

      1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:

      1) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі кустарды өткізуге, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен курстардан өту туралы сертификаттар беруге;

      2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жұмысының тәжірибесін талдауға, жинақтап қорытуға және таратуға;

      3) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;

      4) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;

      5) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының рейтингін жүргізуге және оның нәтижелерін мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға;

      6) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;

      7) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласында оқу әдебиетін, әдістемелік ұсынымдарды, мерзімді баспасөз басылымдарын әзірлеуге, басып шығаруға және таратуға;

      8) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарты бойынша ұсынымдар беруге;

      9) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес біліктілік комиссиясын құру бойынша конкурсқа қатысуға құқылы.

      2. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:

      1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауға және көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының сақтауын қамтамасыз етуге;

      2) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;

      3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, оқу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге жәрдемдесуге міндетті.";

      8) 81-бап алып тасталсын;

      9) 83 және 85-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-бап. Біліктілік комиссиялары

      1. Біліктілік комиссиясын уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік құрады.

      2. Біліктілік комиссиясын құру үшін кәсіптік бірлестік оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттауды ұйымдастырудың барлық талаптарына сәйкес келетін кәсіптік бірлестікті таңдау үшін уәкілетті орган бес жылда бір рет жариялайтын конкурсқа қатысады.

      3. Біліктілік комиссиясының жұмысын қаржыландыруды кәсіптік бірлестік өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.

      4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.

      5. Біліктілік комиссиясы оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды аттестаттауды өткізеді.

      6. Біліктілік комиссиялары шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыс хаттамасын және "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігі берілген адамдар біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      7. Кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.";

      "85-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын мемлекеттік бақылау

      1. Мемлекеттік бақылау көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі талаптарды және стандарттарды сақтауына бағытталған.

      2. Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүргізіледі.

      4. Сапаны ішкі бақылауды көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.

      5. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары мемлекеттік бақылау қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкес шағым жасауға құқылы.";

      11) 86-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктердің шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.";

      12) 87-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік бірлестіктің шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқығы бар.";

      2-тармақтың 8) тармақшасындағы "ақпарат беруге;" деген сөздер "ақпарат беруге міндетті." деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын;

      13) 88-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Техникалық байқаудың диагностикалық картасы халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын механикалық көлік құралының міндетті техникалық қарап-тексеруден өткенін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат болып табылады.";

      14) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-бап. Техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмi

      1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган техникалық қарап-тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзедi, оны өзiнiң интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.

      Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Техникалық қарап-тексеру операторы көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама берген күннен бастап жүзеге асырады.

      2. Көлiк құралдарын мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшін техникалық қарап-тексеру операторларына қойылатын талаптар:

      1) заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу;

      2) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде тіркелу;

      3) техникалық қарап-тексерудің стационарлық желісін ашқан жағдайда – меншік немесе иелену және пайдалану құқығындағы жылжымайтын мүлкі;

      4) сынау жабдығының және өлшем құралдарының болуы.";

      15) 90-бап алып тасталсын.

      45. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат, 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат):

      1) 6-бапта:

      1-тармақта:

      25) тармақшадағы "жарылғыш материалдарды," деген сөздер алып тасталсын;

      26) тармақшаның он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға;

      азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;";

      2-тармақтың 18) тармақшасында ", жарылғыш материалдарды сақтайтын орындарға" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 11-баптың 25) тармақшасында:

      жетінші абзац алып тасталсын;

      сегізінші абзацтағы "сақтау," деген сөз "сатып алу, сақтау," деген сөздермен ауыстырылсын.

      46. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, ст.79; № 19-II, ст.103; № 20-IV, ст.113; № 21-I, ст.128; № 21-III, ст.135; № 22-II, ст.144, 145; № 22-V, ст.156, 158; № 22-VI, ст.159; № 23-I, ст.169; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар):

      1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жеке кәсіпкерлік субъектілері алатын рұқсаттар оларға кейіннен жеңілдіктер (жеңілдік шарттарын) беру үшін негіздеме болып табылмайды.";

      2) 29-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 33-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, лицензиар лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.";

      4) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі тәуекелдерді бағалау жүйесі мен тексерулер жүргізу кестесін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.";

      5) 51-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "тексеру" деген сөз "рұқсаттық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "тексерілуге" деген сөз "рұқсаттық бақылауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "тексеру" деген сөз "рұқсаттық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер" деген сөздер "тексерулер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 1-қосымшада:

      8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия

1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру

2. Көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар).

3. Мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары.

4. Құрлықтағы; теңiздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау.

5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі).

6. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу.

7. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою.

8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту.

9. Құрлықтағы; теңiздегі көмірсутекті шикізат кен орындарында мұнайдың төгiлуiн болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар.

10. Мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану.

11. Көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын; технологиялық регламенттерін; техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау.

12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып


      ";

      "

9.

Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия

1. Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру.

2. Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты тәсiлдерiмен ашу және әзірлеу.

3. Кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу.

4. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу.

5. Кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары

6. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, жабдықты және агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату.

7. Ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау.

8. Ұңғымаларды шаю, цементтеу, сынаудан өткізу және игеру.

9. Химиялық өндірістерді пайдалану.

Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып


      ";

      10 және 14-жолдар алып тасталсын;

      15-жолдың 3-бағанындағы "5. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және (немесе) сот-наркологиялық сараптама." деген сөздер алып тасталсын;

      31 және 34-жолдар алып тасталсын;

      35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35.

1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия

1. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу.

2. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өндіру.

3. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сатып алу.

4. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) өзінің өндірістік қажеттілігі үшін сатып алу.

5. Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) сақтау.

Иеліктен шығарылмайтын; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып


      ";

      мынадай мазмұндағы 49-1-жолмен толықтырылсын:

      "

49-1.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған лицензия


Иеліктен шығарылмайтын; 3-сынып


      ";

      55-жол алып тасталсын;

      57 және 72-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

57.

Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензия

1. Жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін пайызсыз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.

2. Жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау.

3. Банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық шарттары мен сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі.

4. Коммерциялық кредитті:

1) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату туралы шарттарсыз;

2) тауарды үшінші тұлғаға кейіннен сату шарттарымен беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыру.

5. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік шарттарымен өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру.

6. Лизинг (жалдау) шарттарындағы инвестициялық қызмет.

7. Ислам банкінің банктік операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет.

Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып


      ";

      "

72.

Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия

1. Жануарлар ауруларын емдеу және олардың профилактикасы үшін препараттар шығару.

2. Жануарлардың ауруларын диагностикалау үшін препараттар шығару.

3. Фармакологиялық белсенділігі бар препараттар шығару.

4. Жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған препараттар шығару.

5. Дезинфекциялауға, дератизациялауға, дезинсекциялауға арналған препараттар шығару.

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып


      ";

      73-жолдың 4-бағанындағы "Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып" деген сөздер "Иеліктен шығарылмайтын; 2-сынып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      77-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия";

      7) 2-қосымшада:

      1, 2, 3, 9, 10 және 11-жолдар алып тасталсын;

      15-жол алып тасталсын;

      18, 22, 23, 35, 39, 54 және 58-жолдар алып тасталсын;

      60-жол алып тасталсын;

      61-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

61.

Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына арналған аттестат



      ";

      62, 63, 64 және 65-жолдар алып тасталсын;

      70-жол алып тасталсын;

      71, 72, 73, 74, 75, 76, 77 және 84-жолдар алып тасталсын;

      1-сынып – "қызметке берілетін рұқсаттар" мынадай мазмұндағы 87-6, 87-7, 87-8 және 87-9-жолдармен толықтырылсын:

      "

87-6.

Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру

Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға арналған рұқсат

Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 12 ай; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды

87-7.

Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру

Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға арналған рұқсат

Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі 12 ай; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды

87-8.

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік бюроның кредиттік тарихтар деректер базасының, пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің және үй-жайлардың қорғалуы мен сақталуы бойынша кредиттік бюроға қойылатын талаптарға сәйкестілігі туралы акт

Иеліктен шығарылмайтын

87-9.

Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісін беру

Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануына енгізу актісі

Конкурс рәсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды


      ";

      88, 90, 94, 97, 98, 99 және 100-жолдар алып тасталсын;

      101-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

101.

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу

Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу



      ";

      114, 123, 124, 137, 138 және 139-жолдар алып тасталсын;

      140-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

140.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және эскиздік жобаны келісу

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және эскиздік жобаны келісу



      ";

      141, 142, 143, 148, 149, 152, 153, 155, 156, 160, 161, 162, 167, 169, 171, 172, 174, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 185, 190, 194, 203, 204, 211, 218, 219, 220, 222, 224, 225, 226, 237, 238, 240 және 241-жолдар алып тасталсын;

      242-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

242.

Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы қаулысы

Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімі қолданылмайды; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды


      ";

      243 және 253-жолдар алып тасталсын;

      3-сынып – "біржолғы рұқсаттар" бөлімі мынадай мазмұндағы 257-1-жолмен толықтырылсын:

      "

257-1.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 және 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжаты)



      ";

      259, 262, 264, 272 және 273-жолдар алып тасталсын;

      274-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

274.

Жол бойы белдеулерінде жол бойы сервисі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардан тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру

Жер учаскесін беру туралы қаулы



      ";

      275, 276, 277, 278, 280, 281, 282, 284 және 288-жолдар алып тасталсын;

      289-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

289.

Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру

Кен орнын сынау үшін пайдалануда, технологиялық жабдықты іске қосу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағуда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат



      ";

      290, 292, 293, 294, 295, 296, 297, 298, 299, 300, 301, 302, 303, 304, 305, 306, 307, 308, 313, 317, 318, 319, 320, 321, 322, 324, 325 және 326-жолдар алып тасталсын;

      327-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

327.

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат

Арнайы су пайдалануға арналған рұқсат



      ";

      333, 334, 334-1, 335, 336, 337 және 349-жолдар алып тасталсын;

      350-жол алып тасталсын;

      354, 355 және 356-жолдар алып тасталсын;

      357-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

357.

Техникалық реттеу саласындағы (тауардың сәйкестігін растау, шығарылған елін анықтау жөніндегі) сарапшы-аудиторға аттестат беру

Техникалық реттеу саласындағы (тауардың сәйкестігін растау, шығарылған елін анықтау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты



      ";

      358, 361, 367, 374, 376, 381, 382, 383, 393 және 394-жолдар алып тасталсын;

      8) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтармен толықтырылсын:

      "39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама

      40. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама

      42. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      43. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      44. Биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      45. Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      46. Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      47. Техникалық тексеріп қарау операторлары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      48. Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      49. Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      50. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама

      51. Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама

      52. Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

      53. Қаржы ұйымының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама

      54. Микроқаржы ұйымының микрокредиттер беруі жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бекітілгені туралы хабарлама

      55. Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.".

      47. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-III, 137-құжат):

      3-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "13" деген цифрлар "5" деген цифрмен ауыстырылсын.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз).

2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағының 1) тармақшасын; 2) тармақшасының екінші абзацын, 6), 7), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 46-тармағының 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші, бесінші және отыз бесінші абзацтарын және 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;

      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 25 және 26-тармақтарын, 46-тармағы 6) тармақшасының он бесінші абзацын және 7) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "11) сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық қызметтi, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;".

      3. Осы Заңның 1-бабы 46-тармағының 6) тармақшасы алтыншы және он сегізінші абзацтарының қолданысы 2016 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "15-жолдың 3-бағанындағы "5. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және (немесе) сот-наркологиялық сараптама." деген сөздер "5. Сот-психиатриялық сараптама." деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалармен айналысуға арналған лицензия".

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады