1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат, N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар, N 15-16, 62-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 87-2-баппен толықтырылсын:
"87-2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік
қызметтер туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке бағалау жүргізудің және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешімді орындамау түрінде бұзу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер, -
лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
2) 541-баптың бірінші бөлігі "86," деген цифрлардан кейін "87-2," деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының он бірінші абзацы "317-1" деген цифрлардың алдынан, отыз үшінші абзацы "140" деген цифрлардың алдынан, қырық сегізінші абзацы "317-1" деген цифрлардың алдынан "87-2," деген цифрлармен толықтырылып, қырық тоғызыншы абзацы "білім беру саласындағы уәкілетті органның (87-2, 311-1 (жетінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);" деп жазылсын.
2. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 17, 136-құжат; 2008 ж., N 13-14, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 60-құжат):
аталған Заңға қосымшада :
11-тармақтың 2) тармақшасы "медициналық" деген сөзден кейін "және арнаулы әлеуметтік" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта :
бірінші абзац "Еңбек" деген сөзден кейін "және халықты әлеуметтік қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".
3. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат):
27-бапта :
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;";
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) мүгедектерге, оның ішінде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-2) қарттар мен мүгедектерге жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-3) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға күндіз емделетін аумақтық орталықтарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-4) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға оңалту орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
1-5) қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде күндіз күтім жасалатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.".
4. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат):
41-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы "қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады." деген сөздер "қызметтерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.".
2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев