Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 166-IV Заңы

       1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат; N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мынадай мазмұндағы 224-1-баппен толықтырылсын:

      "224-1-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия
                  көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын
                  бұзу

      1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті білікті энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 636-баптың бірінші бөлігі 1-тармақшасының он жетінші абзацы "224" деген цифрлардан кейін ", 224-1" деген цифрлармен толықтырылсын.

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 14, 105-құжат; N 15, 106, 109-құжаттар; N 16, 129-құжат; N 17, 139-құжат; N 18, 143-құжат; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 15-16, 64-құжат; N 21, 95-құжат; N 23, 114-құжат; 2009 ж., N 2-3, 18-құжат):

      1) 16-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "мұнай және газ өңдеу объектілерін" деген сөздерден кейін ", жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;";

      2) 26-баптың 4-тармағындағы "кеңейте түсу үшін" деген сөздер ", энергетиканы дамыту үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 119-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын" деген сөздер "станцияларын және олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 135-бап "шаруашылықтарының қажеттері" деген сөздерден кейін ", жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 343-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жаңартылатын энергия көздері - табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, қуаты отыз бес мегаватқа дейінгі қондырғыларға арналған гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жер асты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын;
      2) қайталама энергетика ресурстары - негізгі өндірістің ілеспе өнімі немесе қалдығы ретінде алынатын энергетика ресурстары;
      3) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіші - белгілі бір өнімге, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге отын мен энергияның үлестік шығыстарының нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін шамасы;
      4) отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану - техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейі және сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға техногендік әсердің азаюы кезінде отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың жоғары нәтижелі, техникалық жағынан мүмкін болатын, экономикалық жағынан ақталған тиімділігіне қол жеткізу;
      5) отын-энергетика ресурстарының өнімсіз шығыстары - жаңадан іске қосылған жабдық үшін стандарттардың (техникалық шарттардың) талаптарынан ауытқудан, нормативтік актілердің, технологиялық регламенттердің және қолданыстағы жабдыққа арналған паспорттық деректердің талаптарын бұзудан туындаған отын мен энергия шығасылары;
      6) отын-энергетика ресурсы - техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейінде пайдаланылатын немесе ұтымды пайдаланылуы мүмкін энергия кезі;
      7) шартты отын - органикалық отынның әрқилы түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, техникалық-экономикалық есеп-қисаптар кезінде қабылданған және нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
      8) экологиялық жағынан таза энергетикалық ресурстар - күн, жел, жер асты жылы сулардың, жер жылуы энергиясының, судың, толқынның қозғалыстағы ағындары энергиясының көздері;
      9) энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға бағытталған (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық) қызмет;
      10) энергия үнемдеу объектілері - отын-энергетика ресурстарының, жылу және электр энергиясының барлық түрлерін шығаруға, өңдеуге, тасымалдауға, өндіруге, сақтауға және пайдалануға байланысты процестер;
      11) энергия үнемдеу саласындағы саясат - энергия үнемдеу саласындағы қызметті құқықтық, ұйымдық және қаржы-экономикалық жағынан реттеу;
      12) энергия үнемдеу технологиялары, жабдығы және материалдары - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар, жабдық пен материалдар.";

      2) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      4. "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 16, 214-құжат; 1999 ж., N 19, 646-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., N 2, 17-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 87-құжат; 2007 ж., N 3, 20-құжат; N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 24, 129-құжат):
       18-4-бапта:
      1-тармақ "осы баптың 4" деген сөздерден кейін ", 4-1" деген цифрлармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Электр және (немесе) жылу энергиясын энергия өндіруші білікті ұйымнан сатып алу Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      5. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 17, 102-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 7, 38-құжат; N 13, 87-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 19, 148-құжат; 2008 ж., N 15-16, 64-құжат; N 24, 129-құжат):

      1) 10-баптың 2-тармағы 3) тармақшасындағы "нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар." деген сөздер "нарығында;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.";

      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Өздерінің электр желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер тікелей қосылған өңірлік электр желілері компаниялары тиісті энергия өндіруші білікті ұйымдар өндірген электр энергиясын толық көлемде, өздерінің желілеріндегі электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеу үшін осы шығасылар мөлшерінің елу процентінен аспайтын көлемде сатып алуға міндетті.
      Энергия өндіруші білікті ұйымдардың электр энергиясын өндіру көлемі тиісті өңірлік электр желілері компаниясының нормативтік шығасылары мөлшерінің елу процентінен асып кеткен жағдайда, осы электр энергиясының қалған көлемін жүйелік оператор ұлттық электр желісіндегі электр энергиясының нормативтік шығасыларын өтеу үшін сатып алады.".

      6. "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 20, 89-құжат; N 23, 114-құжат; N 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., N 2-3, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2009 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
       12-баптың 1) тармақшасының бірінші абзацы "электр және жылу энергиясын" деген сөздердің алдынан "жеке қажеттіліктері үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап . Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                      Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки использования возобновляемых источников энергии

Закон Республики Казахстан от 4 июля 2009 года № 166-IV

       Статья 1 . Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 12, ст. 48, 51; № 13-14, ст. 54, 57, 58; № 15-16, ст. 62; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст.7, 21; Закон Республики Казахстан от 4 мая 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам товарных бирж", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 8 мая 2009 г. и "Казахстанская правда" 9 мая 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 4 мая 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам игорного бизнеса", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 8 мая 2009 г. и "Казахстанская правда" 9 мая 2009 г.):
      1) дополнить статьей 224-1 следующего содержания:
      "Статья 224-1. Нарушение законодательства Республики Казахстан
                     в области поддержки использования возобновляемых
                     источников энергии
      1. Неисполнение и (или) ненадлежащее исполнение установленной законодательством Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии обязанности покупать электрическую энергию, производимую соответствующими квалифицированными энергопроизводящими организациями, -
      влечет штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере двухсот, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере тысячи пятисот месячных расчетных показателей.
      2. Нарушение законодательства Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии, совершенное в виде нарушения порядка и сроков определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии, -
      влечет штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере двухсот, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере тысячи пятисот месячных расчетных показателей.
      3. Деяния, предусмотренные частями первой и второй настоящей статьи, совершенные повторно в течение года после наложения административного взыскания, -
      влекут штраф на юридических лиц, являющихся субъектами малого или среднего предпринимательства, - в размере трехсот пятидесяти, на юридических лиц, являющихся субъектами крупного предпринимательства, - в размере двух тысяч месячных расчетных показателей.";
      2) абзац семнадцатый подпункта 1) части первой статьи 636 после цифр "224" дополнить цифрами ", 224-1".
      2. В Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 13, ст. 99; 2005 г., № 9, ст. 26; 2006 г., № 1, ст. 5; № 3, ст. 22; № 11, ст. 55; № 12, ст. 79, 83; № 16, ст. 97; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 18; № 14, ст. 105; № 15, ст. 106, 109; № 16, ст. 129; № 17, ст. 139; № 18, ст. 143; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 15-16, ст. 64; № 21, ст. 95; № 23, ст. 114; 2009 г., № 2-3, ст. 18):
      1) в статье 16 :
      подпункт 2) пункта 1 после слов "объектов переработки нефти и газа," дополнить словами "объектов по использованию возобновляемых источников энергии,";
      пункт 2 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      "1-1) предоставление земельных участков для целей строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии;";
      2) пункт 4 статьи 26 после слов "магистральных трубопроводов," дополнить словом "энергетики,";
      3) подпункт 1) пункта 2 статьи 119 дополнить словами ", а также объектов по использованию возобновляемых источников энергии";
      4) статью 135 после слов "рыбного, охотничьего хозяйства" дополнить словами ", размещения объектов по использованию возобновляемых источников энергии".
      3. В Закон Республики Казахстан от 25 декабря 1997 года "Об энергосбережении" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 24, ст. 343; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 1, ст.5):
      1) статью 1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе
      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      1) возобновляемые источники энергии - источники энергии, непрерывно возобновляемые за счет естественно протекающих природных процессов: энергия солнечного излучения, энергия ветра, гидродинамическая энергия воды для установок мощностью до тридцати пяти мегаватт; геотермальная энергия: тепло грунта, грунтовых вод, рек, водоемов, а также антропогенные источники первичных энергоресурсов: биомасса, биогаз и иное топливо из органических отходов, используемые для производства электрической и (или) тепловой энергии;
      2) вторичные энергетические ресурсы - энергетические ресурсы, получаемые в качестве побочного продукта или отхода основного производства;
      3) показатель эффективности использования топливно-энергетических ресурсов - регламентируемая в нормативах и стандартах величина удельного расхода топлива и энергии для данной продукции, работ и услуг;
      4) эффективное использование топливно-энергетических ресурсов - достижение высокорезультативного, технически возможного, экономически выгодного использования топливно-энергетических ресурсов при существующем уровне развития техники и технологий и одновременном снижении техногенного воздействия на окружающую среду;
      5) непроизводительные расходы топливно-энергетических ресурсов - потери топлива и энергии, вызванные отступлением от требований стандартов (технических условий) для вновь вводимого оборудования, нарушением требований нормативных актов, технологических регламентов и паспортных данных для действующего оборудования;
      6) топливно-энергетический ресурс - носитель энергии, который при данном уровне развития техники и технологий используется или может быть полезно использован;
      7) условное топливо - принятая при технико-экономических расчетах и регламентируемая в нормативах и стандартах единица, служащая для сопоставления тепловой ценности различных видов органического топлива;
      8) экологически чистые энергетические ресурсы - носители энергии солнца, ветра, термальных вод, тепла земли, энергии движущихся потоков воды, волн;
      9) энергосбережение - деятельность (организационная, научная, практическая, информационная), направленная на рациональное и экономное использование топливно-энергетических ресурсов;
      10) объекты энергосбережения - процессы, связанные с добычей, переработкой, транспортировкой, производством, хранением и использованием всех видов топливно-энергетических ресурсов, тепловой и электрической энергии;
      11) политика в области энергосбережения - правовое, организационное и финансово-экономическое регулирование деятельности в области энергосбережения;
      12) энергосберегающие технологии, оборудование и материалы - технологии, оборудование и материалы, позволяющие повысить эффективность использования топливно-энергетических ресурсов по сравнению с достигнутым уровнем.";
      2) статью 15 дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. Поддержка использования возобновляемых источников энергии осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии.".
      4. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О естественных монополиях и регулируемых рынках" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 16, ст. 214; 1999 г., № 19, ст. 646; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2001 г., № 23, ст. 309; 2002 г., № 23-24, ст. 193; 2004 г., № 14, ст. 82; № 23, ст. 138, 142; 2006 г., № 2, ст. 17; № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 13, ст. 87; 2007 г., № 3, ст. 20; № 19, ст. 148; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 24, ст. 129):
      в статье 18-4 :
      пункт 1 после слов "пунктами 4" дополнить цифрами ", 4-1";
      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:
      "4-1. Покупка электрической и (или) тепловой энергии у квалифицированной энергопроизводящей организации осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии.".
      5. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., № 17, ст. 102; 2006 г., № 3, ст. 22; № 7, ст. 38; № 13, ст. 87; № 24, ст. 148; 2007 г., № 19, ст. 148; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 24, ст. 129):
      1) пункт 2 статьи 10 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии.";
      2) статью 13 дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Региональные электросетевые компании, к электрическим сетям которых непосредственно подключены объекты по использованию возобновляемых источников энергии, обязаны покупать в полном объеме электрическую энергию, производимую соответствующими квалифицированными энергопроизводящими организациями, для компенсации нормативных потерь электрической энергии в своих сетях в объеме не более пятидесяти процентов размера этих потерь.
      В случае превышения объема производства электрической энергии квалифицированными энергопроизводящими организациями пятидесяти процентов размера нормативных потерь соответствующей региональной электросетевой компании оставшийся объем этой электрической энергии покупается системным оператором для компенсации нормативных потерь электрической энергии в национальной электрической сети.".
      6. В Закон Республики Казахстан от 11 января 2007 года "О лицензировании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2007 г., № 2, ст. 10; № 20, ст. 152; 2008 г., № 20, ст. 89; № 23, ст. 114; № 24, ст. 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18; Закон Республики Казахстан от 4 мая 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам товарных бирж", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 8 мая 2009 г. и "Казахстанская правда" 9 мая 2009 г.):
      абзац первый подпункта 1) статьи 12 дополнить словами ", за исключением производства электрической и (или) тепловой энергии от возобновляемых источников энергии для собственных нужд".
       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

       Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев