Венада 1968 жылғы 8 қарашада қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясы ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев.
ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ МЕН СИГНАЛДАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
РҚАО-ның ескертпесі! Конвенцияға өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2011.02.28 N 409-IV, 2011.02.28 N 410-IV Заңдарымен.
УАҒДАЛАСУШЫ ТАРАПТАР,
жол белгілерінің, сигналдар мен белгілеулердің және жол таңбаларының халықаралық тұрғыдан біркелкі болуы халықаралық жол қозғалысын жеңілдету және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін қажет екенін мойындай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бірінші тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап
Анықтамалар
Осы Конвенцияның ережелерін қолдану кезінде төмендегі терминдер оларға осы бапта берілетін мағынаға ие:
а) Уағдаласушы Тараптың «ұлттық заңнамасы» термині осы Уағдаласушы Тараптың аумағында қолданылатын ұлттық немесе жергілікті заңдар мен ережелердің жиынтығын білдіреді;
b) «елді мекен» термині құрылыстар салынған аумақты білдіреді, оған кірер және одан шығар жолдар тиісті белгілермен арнайы белгіленеді немесе ол ұлттық заңнамада қандай да бір өзгеше түрде айқындалады;
с) «жол» термині кез келген жол немесе көше бөлінісінің қозғалыс үшін ашық бүкіл жолағын білдіреді;
d) «жолдың жүріс бөлігі» термині, әдетте көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын жол бөлігін білдіреді; жолдың нақты, атап айтқанда бөлу жолағымен белгіленген немесе әртүрлі деңгейдегі бірнеше жүріс бөлігі болуы мүмкін;
е) «қозғалыс жолағы» термині жолдың жүріс бөлігінің бөлінуі мүмкін, ұзына бойы таңбалау арқылы, белгіленген немесе белгіленбеген, бірақ автомобильдердің, мотоциклдерден басқа өзге де көліктердің бір қатармен қозғалуы үшін жеткілікті ені бар ұзына бойы жолақтардың кез келгенін білдіреді;
f) «жол қиылысы» термині бір деңгейдегі кез келген қиылысты, осындай қиылыстардан, қосылған немесе тармақталған жолдардан құралатын аумақты қоса алғанда, жолдардың қосылған жерлерін немесе тармақталуын білдіреді;
g) «темір жол өтпесі» термині тәуелсіз төсемі бар, жолдың темір жол немесе трамвай жолдарымен бір деңгейдегі кез келген қиылысын білдіреді;
h) «автомагистраль» термині автокөлік құралдарының қозғалысы үшін арнайы салынған және соған арналған, жол жиегіндегі иеліктерге қызмет көрсетпейтін және
і) жекелеген орындарды қоспағанда немесе уақыт тәртібімен, қозғалыстың екі бағыты үшін бір-бірінен қозғалысқа арналмаған бөлу жолағымен немесе ерекше жағдайларда, басқа да құралдармен бөлінген жекелеген жүріс бөліктері бар;
іі) жолдармен де, темір жол немесе трамвай жолдарымен де, жаяу жүргінші жолдарымен де бір деңгейде қиылыспайтын;
ііі) автомагистраль ретінде арнайы белгіленген жолды білдіреді;
i) көлік құралы:
і) егер ол адамдарды отырғызу немесе түсіру не жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақыт кезеңінде қозғалыссыз күйге келтірілсе, «тоқтатылған»;
іі) егер ол басқа жол пайдаланушымен немесе қандай да бір кедергімен қақтығысуды болдырмау немесе қозғалыс ережелерінің нұсқамаларын орындау қажеттігінен басқа себеп бойынша қозғалыссыз күйге келтірілсе, және егер оны тоқтату адамдарды отырғызу немесе түсіру не жүктерді тиеу немесе түсіру үшін қажетті уақытпен шектелмесе, «тұрақта тұрған» деп есептеледі;
Алайда Уағдаласушы Тараптар жоғарыда, «іі» тармақшасында айқындалған жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен аспаса, «тоқтатылған» деп есептеуі және жоғарыда, «і» тармақшасында айқындалған жағдайларда қозғалыссыз күйге келтірілген көлік құралдарын, егер бұл жай-күйдің ұзақтығы ұлттық заңнамада белгіленген уақыт шегінен асса, «тұрақта тұрған» деп есептеуі мүмкін;
j) «велосипед» термині кемінде екі доңғалағы бар және осы көлік құралында отырған адамдардың бұлшық ет энергиясымен ғана, атап айтқанда педальдардың немесе тұтқалардың көмегімен қозғалысқа келтірілетін кез келген көлік құралын білдіреді;
k) «аспалы қозғалтқышы бар велосипед» термині цилиндрінің көлемі 50 см3 (3,05 текше дюйм) аспайтын іштен тұтанатын қозғалтқышпен жабдықталған және оның ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 50 км/сағ-тан (30 миль/сағ) аспайтын екі немесе үш доңғалақты кез келген көлік құралын білдіреді; алайда Уағдаласушы Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес оларды пайдалану мүмкіндігіне, атап айтқанда оларды педальдардың көмегімен қозғалысқа келтіру мүмкіндігіне қарай велосипедтердің сипаттамасына жатпайтын немесе өзінің ең жоғары конструктивтік жылдамдығы, салмағы немесе қозғалтқыштың кейбір сипаттамалары бойынша белгіленген шектен асатын көлік құралдарын аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер деп есептемеуі мүмкін. Осы анықтаманың бірде-бір ережесі жол қозғалысына қатысты өз ұлттық заңнамаларының нұсқамаларын қолдану кезінде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді велосипедтерге толық теңестіру үшін Уағдаласушы Тараптарға кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс;
l) «мотоцикл» термині қозғалтқышы бар арбалы немесе онсыз кез келген екі доңғалақты көлік құралын білдіреді. Уағдаласушы Тараптар.өздерінің ұлттық заңнамасында мотоциклдерге жүктемесіз салмағы 400 кг-нан (900 фунт) аспайтын үш доңғалақты көлік құралдарын теңестіруі мүмкін. «Мотоцикл» терминіне аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер кірмейді, алайда Уағдаласушы Тараптар осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті өтініш білдірген жағдайда, осы Конвенцияны қолдану кезінде аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестіруі мүмкін;
m) «механикалық көлік құралы» термині аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге теңестірмейтін Уағдаласушы Тараптардың аумағында аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді қоспағанда және рельсті көлік құралдарын қоспағанда, кез келген өздігінен жүретін жол көлік құралын білдіреді;
n) «автомобиль» термині әдетте, адамдарды немесе жүктерді жолда тасымалдау үшін немесе адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын жолда сүйретпеге алу үшін пайдаланылатын механикалық көлік құралын білдіреді. Бұл термин троллейбустарды, яғни электр сымдарына жалғанған рельсті емес көлік құралдарын қамтиды; ол адамдарды немесе жүктерді жолда тасымалдау үшін немесе адамдарды немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдарын жолда сүйретпеге алу үшін пайдаланылуы олардың қосымша функциялары ғана болып табылатын ауыл шаруашылығы тракторлары сияқты көлік құралдарын қамтымайды;
o) «тіркеме» термині механикалық көлік құралымен сүйретпеге алуға арналған кез келген көлік құралын білдіреді; бұл термин жартылай тіркемелерді де қамтиды;
p) «жартылай тіркеме» термині оның бір бөлігін автомобильге асып қойып, автомобильге тіркеуге арналған кез келген тіркемені білдіреді және автомобиль жартылай тіркеме мен оның жүгі салмағының едәуір бөлігін тартады;
q) «жүргізуші» («мал айдаушы») термині көлік құралын, автомобильді және т.б. (велосипедтерді қоса алғанда) басқаратын немесе жол бойында мал, табын, жегілген, теңдеп жүк артылған немесе салт мінетін жануарларды айдайтын кез келген адамды білдіреді;
r) «рұқсат етілген ең жоғары салмақ» термині тиелген көлік құралының көлік құралы тіркелген мемлекеттің құзыретті органы рұқсат етілген ретінде жариялаған ең жоғары салмағын білдіреді;
s) «жүктемесі бар салмақ»» термині тиелген көлік құралының, экипаждың және жолаушылардың нақты салмағын білдіреді;
t) «қозғалыс бағыты» және «қозғалыс бағытына сәйкестік» терминдері егер қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес көлік құралының жүргізушісі басқа көлік құралымен кездескен кезде оны сол жағынан өткізуге тиіс болса, оң жақты білдіреді; керісінше жағдайда бұл терминдер сол жақты білдіреді;
u) жүргізушіге басқа көлік құралдарына «жол беру» жөніндегі нұсқама, егер жүргізушінің қозғалысты жалғастыруы немесе қайта бастауы немесе маневр жасауы басқа көлік құралдарының жүргізушілерін кенеттен қозғалыс бағытын немесе жылдамдықты өзгертуге мәжбүр ететін болса, оның мұндай іс-қимылдар жасауға тиіс еместігін білдіреді.
2-бап
Конвенцияға қосымшалар
Осы Конвенцияға төмендегі қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады:
1-қосымша - Жол қиылыстарына немесе темір жол өтпелеріне жақын жерлерге орнатылатын белгілерді қоспағанда, ескерту белгілері.
2-қосымша - Жол қиылыстарында жүріп өтудің басым құқығын реттейтін белгілер, жол қиылыстарына жақын жерлерге орнатылатын ескерту белгілері және жолдың тар учаскелерінде жүріп өтуге басым құқықты реттейтін белгілер.
3-қосымша - Темір жол өтпелеріне қатысты белгілер.
4-қосымша - Жүріп өтудің басым құқығына, тоқтауға және тоқтап тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, міндетті нұсқаманы білдіретін белгілер.
5-қосымша - Тоқтап тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, көрсету белгілері.
6-қосымша - Тоқтауға және тоқтап тұруға қатысты белгілер.
7-қосымша - Қосымша тақтайшалар.
8-қосымша - Жол таңбалары.
9-қосымша - 1-7 */-қосымшаларда айтылған сигналдық белгілердің, белгілеулер мен тақтайшалардың түрлі-түсті суреті.
_________
*/-Конвенция мәтінінің баспаханалық тәсілмен басылған тиісті жерлерінде соңына сигналдық белгілер, белгілеулер мен тақтайшалар суреті салынуы мүмкін.
3-бап
Уағдаласушы Тараптардың міндеттемелері
1. а) Осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары онда белгіленген жол белгілері мен сигналдарының және жол таңбаларының жүйесін қабылдайды және оны мүмкіндігінше қысқа мерзімде іске асыруға міндеттенеді. Осы мақсатта:
і) осы Конвенция нұсқаманы көрсету үшін немесе жолды пайдаланушыларға белгілі бір ақпаратты хабарлау үшін сигналдық белгіні, белгілеулерді немесе таңбаларды айқындайтын жағдайда, Уағдаласушы Тараптар осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген мерзімдерді сақтай отырып, осы нұсқаманы көрсету үшін немесе осы ақпаратты хабарлау үшін басқа сигналдық белгіні, басқа белгілеуді немесе басқа таңбаларды қолданбауға міндеттенеді;
іі) осы Конвенция нұсқаманы көрсету үшін немесе жолды пайдаланушыларға белгілі бір ақпаратты хабарлау үшін сигналдық белгіні, белгілеулерді немесе таңбаларды көздемейтін жағдайда, Уағдаласушы Тараптар осы мақсаттарда егер Конвенцияда бұл сигналдық белгі, белгілеу немесе таңба өзге мағынасы бар нұсқамалар үшін көзделмеген болса және олар онда белгіленген жүйеге сәйкес келсе, өздері таңдаған сигналдық белгіні, белгілеуді немесе таңбаларды пайдалануы мүмкін.
b) Қозғалысты бақылауды жақсарту үшін және тәжірибелер жүргізу қажеттігіне байланысты осы Конвенцияға түзетулер ұсынбас бұрын Уағдаласушы Тараптар эксперимент түрінде және уақыт тәртібімен кейбір жол учаскелерінде осы Конвенцияның ережелерінен ауытқуларға жол беруі мүмкін.
2. Уағдаласушы Тараптар өз аумағында осы Конвенция күшіне енген күннен бастап төрт жылдан кешіктірмей, осы Конвенцияда белгіленген жүйенің сигналдық белгілеріне, белгілеулеріне, құрылғылары мен таңбаларына сырттай сәйкес болған кезде осы Конвенцияда мұндай сигналдық белгілерге, белгілеулерге, құрылғылар мен таңбаларға берілгеннен өзге мағынасы бар нұсқамаларды көрсете алатын барлық сигналдық белгілерді, белгілеулерді, құрылғылар мен таңбаларды ауыстыруға немесе толықтыруға міндеттенеді.
3. Уағдаласушы Тараптар өз аумағында осы Конвенция күшіне енген күннен бастап он бес жыл ішінде осы Конвенцияда белгіленген жүйеге сәйкес келмейтін барлық сигналдық белгілерді, белгілеулерді, құрылғылар мен таңбаларды ауыстыруға міндеттенеді. Осы кезең ішінде жол пайдаланушылар осы Конвенцияда белгіленген жүйеге үйрену үшін осы Конвенцияда көзделген сигналдық белгілермен және белгілеулермен қатар бұрынғы сигналдық белгілерді және белгілеулерді пайдалануға болады.
4. Осы Конвенцияның бірде-бір ережесі Уағдаласушы Тараптарға осы Конвенцияда айқындалған сигналдық белгілер мен таңбалардың барлық түрлерін қабылдау міндеттемесін жүктеу ретінде түсіндірілмейді. Керісінше, Уағдаласушы Тараптар өздері қабылдайтын сигналдық белгілер мен таңбалар санын қажетті минимуммен шектейді.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар:
а) қозғалысты реттеуге арналған белгіде, оның тіреуішінде немесе кез келген басқа құрылғыда осы сигналдық белгіге немесе құрылғыға қатысы жоқ нәрселерді орнатуға тыйым салу шараларын қабылдауға міндеттенеді; алайда, егер Уағдаласушы Тараптар немесе олардың аумақтық бөлімшелері материалдық пайда табу мақсатын көздемейтін қандай да бір қауымдастыққа нұсқау белгілерін орнатуға рұқсат етсе, олар белгілердің мағынасын түсінуді қиындатпайтын жағдайда осы қауымдастық эмблемасының осы белгіде немесе оның тіреуішінде белгіленуіне жол беруі мүмкін;
b) қозғалысты реттеуге арналған сигналдық белгілер немесе басқа да құрылғылар ретінде қабылдануы не олардың көрінуін немесе тиімділігін төмендетуі не жол пайдаланушылардың көздерін қарықтыруы немесе сол арқылы жол қозғалысына қауіп төндіре отырып, олардың назарын аударуы мүмкін плакаттарды, афишаларды орнатуға, таңбалар салуға және құрылғылар орнатуға тыйым салу шараларын қабылдауға міндеттенеді.
II тарау
ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІМЕН СИГНАЛДАРЫ
5-бап
1. Осы Конвенцияда нұсқалған жүйеде сигналдық белгілердің мынадай санаттары белгіленеді:
а) қауіп туралы ескертетін белгілер: бұл белгілердің мақсаты жол пайдаланушыларға жолдағы қауіп және сол қауіптің сипаты туралы ескерту;
b) міндетті нұсқаманы білдіретін белгілер: бұл белгілердің мақсаты жол пайдаланушыларды олардың міндеттемелері, олар сақтауға тиіс шектеулер мен арнаулы тыйым салулар туралы хабардар ету; олар:
і) жүріп өтудің басым құқығының белгілері;
іі) тыйым салу немесе шектеу белгілері;
ііі) нұсқамалық белгілер болып бөлінеді;
с) нұсқау белгілері: бұл белгілердің мақсаты жол пайдаланушыларға олар жүріп келе жатқан жолда қажетті ақпарат немесе басқа да пайдалы нұсқау беру; олар:
і) бағыттарды алдын ала көрсету белгілері;
іі) бағыттарды көрсету белгілері;
ііі) маршруттық маркалар;
іv) атауларды көрсету белгілері;
v) растау белгілері;
vі) көлік құралдарының жүргізушілеріне пайдалы нұсқау беретін басқа да белгілер;
vіі) жол пайдаланушыларға пайдалы болуы мүмкін объектілерді көрсететін басқа да белгілер болып бөлінеді.
2. Осы Конвенция бірнеше белгілер немесе белгілеулер арасынан таңдауға мүмкіндік беретін жағдайларда:
а) Уағдаласушы Тараптар өзінің бүкіл аумағында бір ғана белгіні немесе бір ғана белгілеуді қолдануға міндеттенеді;
b) Уағдаласушы Тараптар нақ сол белгі немесе нақ сол белгілеу таңдап алыну үшін өңірлік деңгейдегі келісімге қол жеткізуге тырысуға тиіс;
с) Осы Конвенцияның 3-бабы 3-тармағының ережелері таңдап алынбаған сигналдық белгілер мен белгілеулерге қатысты қолданылады.
6-бап
1. Белгілер осы белгілер соларға арналған жүргізушілер оңай және дер кезінде байқай алатындай етіп орнатылады. Әдетте олар жолдың қозғалыс бағытына сәйкес келетін жағына орнатылады; алайда олар жолдың жүріс бөлігінің үстіңгі жағына орналастырылуы немесе қайталануы мүмкін. Жолдың қозғалыс бағытына сәйкес келетін жағына орнатылған кез келген белгі, егер жергілікті жағдайларға байланысты осы белгі соларға арналған көлік құралдары жүргізушілерінің оны дер кезінде көрмей қалуы мүмкін болса, жолдың жүріс бөлігінің үстіңгі жағында немесе жолдың қарсы бетінде қайталануға тиіс.
2. Әрбір белгі жолдың қозғалыс үшін ашық жүріс бөлігінің бүкіл ені бойынша осы белгі соларға арналған жүргізушілерге қатысты қолданылады. Алайда белгінің қолданылуы жүріс бөлігінде ұзына бойы таңбамен бөлінген бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарымен шектелуі мүмкін.
3. Құзыретті органдардың пікірінше, бөлек жүріс бөліктері бар жолдың жиегінде орналастырылған қандай да болсын белгі тиімсіз болып табылса, ол айырым жолағында орнатылуы мүмкін және мұндай жағдайда оны жол жиегінде қайталамауға болады.
4. Ұлттық заңнамада мыналарды көздеу ұсынылады:
а) белгілер жүріс бөлігіндегі көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтіндей етіп орнатылады, ал жол жиегінде орнатылған белгілер жаяу жүргізушілер қозғалысына мейлінше аз кедергі келтіруге тиіс. Белгі орнатылған жақтағы жол деңгейінің жиегі мен белгінің төменгі шетінің арасындағы қашықтық дәл сондай жолда тең санаттағы белгілер үшін мүмкіндігінше бірдей болуға тиіс;
b) белгілердің көлемі алыстан жақсы көрінетіндей және оған жақындаған кезде оңай айыратындай болуға тиіс; осы тармақтың «с» тармақшасының ережелеріне қатысты ескертпелермен, мұндай көлемдер көлік құралдарының әдеттегі жылдамдығы ескеріле отырып орнатылады;
с) ескерту белгілерінің және міндетті нұсқаманы білдіретін белгілердің көлемдері әрбір Уағдаласушы Тараптың аумағында стандартталуға тиіс. Әдетте, сигналдық белгілердің әрбір түрі үшін көлемдердің төрт санаты белгіленеді: кіші, қалыпты, үлкен және өте үлкен көлемдер. Кіші көлемдегі белгілер қалыпты көлемдегі белгіні қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайларда немесе темен жылдамдықпен ғана қозғалу мүмкін болғанда орнатылуға тиіс. Олар алдыңғы белгіні қайталау үшін орнатылуы да мүмкін. Үлкен көлемдегі белгілер жылдам қозғалысқа арналған өте кең жолдарда орнатылуға тиіс. Өте үлкен көлемдегі белгілер аса жылдам қозғалысқа арналған жолдарда, атап айтқанда автомагистральдарда орнатылуға тиіс.
7-бап
1. Ұлттық заңнамада мыналарды көздеу ұсынылады: елді мекендердің жарық түсірілген көшелерінде тоқтауды немесе тоқтап тұруды реттейтін белгілерді қоспағанда, жол белгілері, атап айтқанда ескерту белгілері және міндетті нұсқаманы білдіретін белгілер түнде жақсы көрінуі және оңай оқылуы үшін жол пайдаланушылардың көзін қарықтыруға әкеп соқпайтындай етіп оларға жарық түсіру немесе жарыққа шағылысатын материалдарды немесе құрылғыларды пайдалану керек.
2. Осы Конвенцияның бірде-бір ережесі кейбір сағаттарға немесе кейбір күндерге ғана қатысты хабарлаулар немесе ескертулер үшін солардағы ақпаратты іске қосқан жағдайда ғана көрінетін белгілерді пайдалануға тыйым салмайды.
8-бап
1. Белгілердің халықаралық тұрғыдан түсінікті болуын жеңілдету үшін осы Конвенцияда белгіленген жол белгілері мен сигналдарының жүйесі белгілердің әрбір санатына тән нысандар мен түстерге, сондай-ақ мүмкін болатын барлық жағдайларда, жазбаларды емес, графикалық белгілеулерді пайдалануға негізделген. Егер Уағдаласушы Тараптар көзделген белгілеулерге қандай да бір өзгерістер енгізуді қажет деп есептесе, бұл өзгерістер сигналдың белгілердің негізгі сипаттамаларын өзгертпеуге тиіс.
2. Конвенцияда көзделмеген сигналдық белгілерді немесе белгілеулерді осы Конвенцияның 3-бабының 1-тармағы «а» «іі» тармақшасының ережелеріне сәйкес қабылдауға ниет білдірген Уағдаласушы Тараптар осы жаңа сигналдық белгіге немесе белгілеуге қатысты өңірлік тұрғыдан уағдаластыққа қол жеткізуге тырысуға тиіс.
3. Осы Конвенцияның бірде-бір ережесі сигналдық белгілерді түсіндіруді жеңілдету мақсатында сигналдық белгінің астына немесе сигналдық белгі көрсетілген тікбұрышты қалқанның ішіне орналастырылатын тікбұрышты тақтайшада жазба қосуға тыйым салмайды; мұндай жазба оны түсіне алмайтын жүргізушілердің белгіні түсінуін қиындатпайтын жағдайларда белгінің өзінде де орналастырылуы мүмкін.
4. Құзыретті органдар сигналдық белгінің немесе белгілеудің мағынасын нақтылау не міндетті нұсқаманы білдіретін белгілердің қолданылуын кейбір жол пайдаланушылар санаттарымен немесе кейбір уақыт кезеңдерімен шектеу тиімді деп есептейтін және қажетті нұсқаулар осы Конвенцияға қосымшаларда айқындалған шарттарда қосымша белгімен немесе сандармен көрсетіле алмайтын жағдайларда, белгі астындағы тікбұрышты тақтайшада жазба орналастырылады, бұл ретте ол жазбаларды нақ сол тақтайшада орналастырылатын бір немесе бірнеше графикалық белгілеулермен ауыстыру немесе толықтыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жазбалар ұлттық тілде немесе бір немесе бірнеше ұлттық тілдерде және бұдан басқа, егер тиісті Уағдаласушы Тарап осыны қажет деп есептесе, басқа тілдерде, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде жазылады.
ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
9-бап
1. Осы Конвенцияға 1-қосымшаның А бөлімінде ескерту белгілерінің үлгілері атап көрсетілген, ал осы қосымшаның В бөлімінде сол сигналдық белгілерде орналастырылатын белгілеулер, сондай-ақ осы белгілерді пайдалануға қатысты кейбір нұсқамалар келтірілген. Алайда жол қиылысына жақындағаны жөнінде ескертетін белгілер мен белгілеулер осы Конвенцияға 2-қосымшада, ал темір жол өтпесіне жақындағаны жөнінде ескертетін белгілеулер 3-қосымшада сипатталған. Осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір мемлекет ескерту белгілері үшін қай үлгіні: Аa-ны немесе Аb-ны таңдап алғаны туралы Бас Хатшыны хабардар етеді.
2. Ескерту белгілері қажет болмаса, қайталанбауы тиіс, бірақ мұндай белгілерді қажетті сақтық жағдайларын ескеріп келе жатқан жүргізушінің дер кезінде байқауына қиындық туғызатын ықтимал жол қауіптіліктерін белгілеу үшін орнату керек.
3. Ескерту белгілері қауіпті учаскеден жол мен қозғалыс жағдайлары, атап айтқанда көлік құралдары қозғалысының әдеттегі жылдамдығы және белгі сол тұстан көрінетін қашықтық ескеріле отырып, күндіз де, түнде де олардың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылуға тиіс.
4. Сигналдық белгі мен қауіпті учаскенің басталуы арасындағы ара қашықтық осы Конвенцияға 7-қосымшаның 1-үлгісіндегі қосымша тақтайшаларда көрсетілуі мүмкін, ол аталған қосымшаның ережелеріне сәйкес орналастырылады; бұл нұсқау белгі мен қауіпті учаскенің басталуы арасындағы ара қашықтықты жүргізушілер анықтай алмайтын болса және мұндай ара қашықтық олардың әдеттегі күткенінен өзгеше болғанда берілуге тиіс.
5. Ескерту белгілері қайталануы, атап айтқанда автомагистральдарда және оларға теңестірілген жолдарда қайталануы мүмкін. Егер ескерту белгілері қайталанса, белгі мен қауіпті учаскенің басталуы арасындағы ара қашықтық осы баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес көрсетілуге тиіс. Алайда Уағдаласушы Тараптар ажыратылатын көпірлер мен темір жол өтпелерінің алдында орнатылатын ескерту белгілеріне қатысты осы тармақтың ережелерінің орнына 35-баптың 3-тармағының немесе осы Конвенцияға 1-қосымшаның В бөлімі 5-тармағының ережелерін қолдануы мүмкін.
6. Егер ескерту белгісі жолдың мейлінше ұзақ бөлігінде қауіпті (мысалы бірнеше қауіпті бұрылыстарды, нашар жолдың жүріс бөлігін) көрсету үшін орнатылса және осындай бөліктің ұзақтығын көрсеткен жөн деп есептелсе, тиісті көрсету осы Конвенцияға 7-қосымшаның 2-үлгісінің қосымша тақтайшасында беріледі, ол аталған қосымшаның ережелеріне сәйкес орналастырылады.
ТОҚТАУҒА НЕМЕСЕ ТОҚТАП ТҰРУҒА ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА, МІНДЕТТІ НҰСҚАМАНЫ БІЛДІРЕТІН БЕЛГІЛЕР
10-бап
Жүріп өтудің басым құқығының белгілері
1. Осы Конвенцияға 2-қосымшаның А бөлімінде сипатталған В,1, В,2, В,3 және В,4 белгілері жол қиылыстарында басымдықпен жүріп өтудің айрықша ережелерін жол пайдаланушылар назарына жеткізу мақсатындағы сигналдық белгілер болып табылады. 2-қосымшаның С бөлімінде сипатталған В,5 және В,6 белгілері жолдың тар учаскелерінде басымдықпен жүріп өтудің айрықша ережелерін жол пайдаланушылар назарына жеткізу мақсатындағы сигналдық белгілер болып табылады.
2. «БАСТЫ ЖОЛМЕН ҚИЫЛЫСУ» деген В,1 сигналдық белгісі жүргізушілердің осы белгі орнатылған жол қиылысында олар жақындаған жолмен жүріп келе жатқан көлік құралына жол беруге тиіс екенін көрсету үшін қолданылады.
3. «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген В,2 сигналдық белгісі жүргізушілердің осы белгі орнатылған жол қиылысына жете бере тоқтауға және олар жақындаған жолмен жүріп келе жатқан көлік құралына жол беруге тиіс екенін көрсету үшін қолданылады. Осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағына сәйкес әрбір мемлекет «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген белгінің қай үлгісін: В,2а-ны немесе В,2b-ны таңдап алғаны туралы Бас Хатшыны хабардар етеді.
4. Құзыретті органдар жүргізушілерге олардың белгіге жете бере тоқтауға және қауіп туғызбайтынына көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысты жалғастыруға тиіс екенін көрсету қажет деп есептесе, В,2 сигналдық белгісі жол қиылысынан тысқары жерде орналастырылуы мүмкін.
5. В,1 және В,2 белгілері жол қиылысына жақын жерде, мүмкіндігінше көлік құралдары тоқтауға тиіс немесе олар басқа көлік құралдарына алдын ала жол бермей, одан асып кетуге тиіс емес жерлерде орнатылады.
6. А,23 немесе А,24 белгілеуі бар А белгісі алдын ала сигнал беру белгісі ретінде пайдаланылуы мүмкін, ол тиісінше В,1 немесе В,2 белгілеріне дейін орнатылады. Алайда Аа белгілерін ескерту белгілері ретінде қолданатын мемлекеттерде осы Конвенцияға 7-қосымшада айтылған 1-үлгідегі қосымша тақтайша қосылған нақ сол белгілер В,1 немесе В,2 белгілеріне дейін орнатылатын ескерту белгілері болып қарастырылуы мүмкін.
7. «БАСТЫ ЖОЛ» деген В,3 белгісі жол пайдаланушыларға осы басты жолдың басқа жолдармен қиылысында осы басқа жолдармен жүріп келе жатқан немесе солардан шығып келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілері басты жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті екенін көрсету үшін қолданылады. Бұл белгі жолдың басында орнатылуы және әрбір жол қиылысынан кейін қайталануы мүмкін; сонымен қатар ол жол қиылысына дейін немесе жол қиылысында орнатылуы мүмкін. Егер жолда В,3 сигналдық белгісі орнатылған болса, «БАСТЫ ЖОЛДЫҢ АЯҚТАЛУЫ» деген В,4 сигналдық белгісі жолдың басқа жолдарға қарағанда басымдықта болуы аяқталатын жерге жақын орнатылуға тиіс. В,4 белгісі басымдық жойылатын жерге дейін бір немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін; бұл жағдайда осы жерге дейін орнатылған белгі немесе белгілер 7-қосымшаның 1-үлгісіндегі тақтайшамен толықтырылады.
8. Егер жол қиылысына жақындауды көрсету үшін жолда А,22 белгілеулерінің бірі бар ескерту белгісі орнатылса немесе егер осы баптың 7-тармағының ережелеріне сәйкес В,3 сигналдық белгілерімен белгіленген, жол басты жол болып табылады деген жол қиылысында, барлық басқа жолдарда жол қиылыстарында В,1 белгісі немесе В,2 белгісі орнатылуға тиіс; алайда ауыл аралық және қара жолдар сияқты жолдарда В,1 немесе В,2 белгілерін орнату міндетті болмайды, осындай жолдармен жүріп келе жатқан жүргізушілер мұндай белгілер болмаса да, жол қиылысында жол беруге тиіс. Құзыретті органдар жүргізушілерге көлік құралын тоқтатуды, атап айтқанда бұл көлік құралдарының жүргізушілеріне жол қиылысының екі жағында да орналасқан, олар жақындаған жол учаскесінің, нашар көрінуіне байланысты тоқтатуды нұсқау қажет деп есептеген жағдайда ғана В,2 белгісі орнатылуға тиіс.
11-бап
Тыйым салу және шектеу белгілері
Тоқтауға немесе тоқтап тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, тыйым салу және шектеу белгілері осы Конвенцияға 4-қосымшаның А бөлімінде олардың мәні көрсетіле отырып сипатталған. Бұл бөлімде осы тыйым салулардың және шектеулердің немесе олардың бірінің аяқталуын білдіретін белгілер де сипатталған.
12-бап
Нұсқамалық белгілер
Нұсқамалық белгілер 4-қосымшаның В бөлімінде олардың мәні көрсетіле отырып сипатталған.
13-бап
Осы Конвенцияға 4-қосымшада сипатталған сигналдық белгілерге қатысты жалпы нұсқамалар
1. Тыйым салу, шектеу белгілері және нұсқамалық белгілер нұсқама, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жерге жақын жерде орнатылады және егер құзыретті органдар мұны қажет деп есептесе, қайталануы мүмкін. Алайда, құзыретті органдар жолдың нашар көрінуіне байланысты осы белгілерді орнатқан жөн деп есептесе немесе жол пайдаланушыларды алдын ала ескерту үшін бұл белгілер нұсқама, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жерге дейін тиісті ара қашықтықта орнатылуы мүмкін. Нұсқама, шектеу немесе тыйым салу күшіне енетін жерге дейін орнатылған белгілердің астында 7-қосымшаның 1-үлгісіне сәйкес қосымша тақтайша орналастырылады.
2. Міндетті нұсқаманы білдіретін, елді мекен атауының көрсеткішімен қатар немесе тікелей содан кейін орнатылған белгілер елді мекен жолдарының кейбір учаскелерінде орнатылған басқа белгілер өзге нұсқаманы қамтитын жағдайларды қоспағанда, бұл нұсқамалардың бүкіл елді мекенде қолданылатынын білдіреді.
ТОҚТАП ТҰРУҒА ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА, КӨРСЕТУ БЕЛГІЛЕРІ
14-бап
1. Осы Конвенцияға 5-қосымшада тоқтап тұруға қатысты белгілерді қоспағанда, жол пайдаланушыларға пайдалы нұсқаулар беретін белгілер сипатталған немесе осындай белгілердің үлгілері келтірілген; бұл қосымшада оларды пайдалануға қатысты кейбір нұсқамалар да қамтылады.
2. 5-баптың 1-тармағының «с» тармақшасында санамаланған «і» - «v» көрсету белгілеріндегі жазбалар латын әліпбиін қолданбайтын елдерде ұлттық тілде, мүмкіндігінше ұлттық тілде сөздердің транслитерациясы мен айтылуын беретін латын әріптерімен де жазылады.
3. Латын алфавитін қолданбайтын елдерде латын әріптерімен жазылған сөздер мәтіні ұлттық тілде жазылған белгіде де, қосымша белгіде де орналастырылуы мүмкін.
4. Белгідегі жазбалар екі тілден аспайтындай болып жазылуға тиіс.
15-бап
Бағыттардың алдын ала көрсетулері
Бағыттардың алдын ала көрсетулері жол қиылысынан жол мен қозғалыс жағдайлары, атап айтқанда көлік құралдарының әдеттегі жылдамдығы мен белгі сол жерден көрінетін қашықтық ескеріле отырып, күндіз де, түнде де олардың ең жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылады; бұл қашықтық елді мекендерде 50 м-ден (55 ярд) аспауға тиіс, бірақ автомагистральдарда және жоғары жылдамдықтағы қозғалыс жолдарында ол кемінде 500 м (550 ярд) болуға тиіс. Бұл белгілер қайталануы мүмкін. Белгінің астына орналастырылған қосымша тақтайшада белгі мен жол қиылысының арасындағы ара қашықтық көрсетілуі мүмкін; бұл ара қашықтық сол белгінің төменгі бөлігінде көрсетілуі де мүмкін.
16-бап
Бағыт көрсетулері
1. Бір ғана бағыт көрсетуінде бірнеше елді мекеннің атауы белгіленуі мүмкін; бұл жағдайда атаулар сигналдық белгіде бірінің астына бірі жазылып көрсетіледі. Бір елді мекеннің атауы, егер осы елді мекен ең ірі болып табылса ғана, басқа елді мекендердің атауларына қарағанда анағұрлым үлкен әріптермен жазылуы мүмкін.
2. Белгілерде қашықтық белгіленсе, тиісті цифрлар елді мекен атауымен бір деңгейде орналастырылуға тиіс. Сілтеме нысанындағы бағыт көрсетуде бұл цифрлар елді мекеннің атауы мен сілтеме ұшының арасында орналастырылуға тиіс; тік бұрышты нысандағы белгілерде олар елді мекеннің атауынан кейін орналастырылуы тиіс.
17-бап
Маршруттық маркалар
Жолдарды не цифрлардан, әріптерден немесе цифрлар мен әріптер комбинациясынан тұратын олардың нөмірлерінің көмегімен не жолдар атауының көмегімен белгілеу үшін пайдаланылатын белгілер тік бұрышты немесе қалқан тәріздес рамкаға алынған осы нөмірден немесе осы атаудан тұруы мүмкін. Алайда жолдарды жіктеу жүйесі бар Уағдаласушы Тараптар бұл рамканы жіктеуді белгілеумен алмастыра алады.
18-бап
Атауларды көрсетулер
1. Атауларды көрсетулер екі мемлекет арасындағы шекараны немесе бір елдің екі әкімшілік бірлігі арасындағы шекараны не елді мекеннің, өзеннің, өткелдің, жергілікті жердің және тағы басқалардың атауын көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
2. Е,9а немесе Е,9b белгілері елді мекенге кірер жолда; Е,9с немесе Е,9d белгілері елді мекеннен шығар жолда орнатылады. Ұлттық заңнама елді мекендегі кейбір жол учаскелерінде өзге ережелер басқа белгілермен нұсқалған жағдайларды қоспағанда, бұл белгілердің жол пайдаланушыларға Е,9а немесе Е,9b белгілерінен бастап Е,9с немесе Е,9d белгілеріне дейін осы елдің аумағында елді мекендерде қолданыста болатын қозғалыс ережелерін қолдануды көрсететіндігін қарастыруы мүмкін; алайда В,4 белгісі елді мекенде жол жүрудің басым құқығы өз әрекетін тоқтататын жағдайларда В,3 сигналдық белгісі бар басты жолдарда әрқашан орнатылуы тиіс.
3. Елді мекеннің атауынан өзге нұсқаулар беретін атауларды көрсетулер Е,9а - Е,9b белгілерінен ерекше болуға, атап айтқанда түсі бойынша ерекшеленуі тиіс.
19-бап
Растау белгілері
Растау белгілері құзыретті органдар қажет деп есептегенде, мысалы ірі елді мекендерден шығар жолда жол бағытын растау мақсатында қолданылады. Оларда осы Конвенцияның 16-бабының 1-тармағында көзделгендей, бір немесе бірнеше елді мекеннің атауы көрсетіледі. Қашықтық көрсетілген жағдайда тиісті цифрлар елді мекен атауынан кейін орналастырылады.
20-бап
Жаяу жүргінші өтпелеріндегі белгі
Е,11а немесе Е,11b белгісі жаяу жүргінші өтпелерінде құзыретті органдар қажет деп есептеген жерлерде орналастырылады.
21-бап
Әр түрлі көрсету белгілеріне қатысты жалпы нұсқамалар
1. Осы Конвенцияның 15-20-баптарында айтылған көрсету белгілері құзыретті органдар оларды орнату орынды болады деп есептеген жерлерде орнатылады. Басқа көрсету белгілері 6-баптың 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, құзыретті органдар бұл қажет деп есептеген жерлерде орнатылады; атап айтқанда F,2-F,7 белгілері оларда апат болған жағдайда жөндеу пункттері, жанар-жағар май құю, түнеу және тамақтану пункттері бір-бірінен алыс қашықтықта орналасқан жолдарда ғана орнатылады.
2. Көрсету белгілері қайталануы мүмкін. Белгінің астында орналастырылған қосымша тақтайша белгіден бастап осы белгіде көрсетілген жерге дейінгі ара қашықтықты көрсетеді; бұл ара қашықтық сол белгінің төменгі жағында да белгіленуі мүмкін.
ТОҚТАУҒА ЖӘНЕ ТОҚТАП ТҰРУҒА ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛЕР
22-бап
Осы Конвенцияға 6-қосымшаның А бөлімінде тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын немесе шектейтін белгілер сипатталған, ал В бөлімінде тоқтап тұруға қатысты пайдалы нұсқаулар беретін басқа белгілер сипатталған; бұл қосымшада осы белгілердің мағынасы беріледі, сондай-ақ оларды пайдалануға қатысты кейбір нұсқамалар қамтылады.
III тарау
ЖАРЫҚ ЖОЛ СИГНАЛДАРЫ
23-бап
Көлік құралдары қозғалысын реттеуге арналған сигналдар
1. Осы баптың 12-бабының ережелері сақталған жағдайда, ортақ пайдаланудағы көлік құралдарына ғана арналған сигналдардан басқа көлік құралдары қозғалысын реттейтін жарық сигналдары ретінде төменде көрсетілген, мынадай мағынадағы шамдар ғана пайдаланылуы мүмкін:
а) жанып-сөніп тұрмайтын шамдар;
і) жасыл шам жүріп өтуге рұқсатты білдіреді; алайда жол қиылысындағы қозғалысты реттеуге арналған жасыл шам жүргізушілерге, егер олар қозғалмақ болған бағытта олардың жол қиылысына шыққаннан кейін сигнал фазасы ауысқан кезде оны босата алмауы ықтимал қозғалыс кептелісі қалыптасатын болса, жүріп өтуге рұқсат бермейді;
іі) қызыл шам жүріп өтуге тыйым салуды білдіреді; көлік құралдары тоқтау сызығынан аспауға немесе, егер тоқтау сызығы болмаса, бағдаршамнан асып кетпеуге тиіс; егер бағдаршам жол қиылысының ортасында немесе қарсы бетінде орнатылған болса, олар жол қиылысынан немесе осы жол қиылысындағы жаяу жүргінші өтпесінен асып кетпеуге тиіс;
ііі) сары шам, ол бір өзі немесе қызыл шаммен бірге қосылады; ол бір өзі қолданылғанда, шам қосылған кезде көлік құралының тоқтау сызығына немесе бағдаршамға тым жақын келіп қалуына байланысты қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, оған жетпей тоқтауы мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, ешбір көлік құралының тоқтау сызығынан аспауға немесе бағдаршамнан асып кетпеуге тиіс екенін білдіреді. Егер сигнал жол қиылысының ортасында немесе одан кейін орналасқан болса, сары шам жанған кезде жол қиылысына тым жақын келіп қалған, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, жол қиылысына шығуға дейін тоқтау мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, ол ешбір көлік құралының жол қиылысына немесе осы жол қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтпесіне шықпауға тиіс екенін білдіреді. Сары шам қызыл шаммен бірге қосылған кезде сигнал көрсетулерінің шұғыл ауысатынын білдіреді, бірақ ол қызыл шаммен нұсқалған жүріп өтуге тыйым салуды өзгертпейді;
b) жанып-сөнетін шамдар
і) - бір қызыл жанып-cөнетін шам немесе
- біреуі қосылғанда, екіншісі сөнетін, бір ғана бағанада бірдей биіктікте орналастырылған және бір ғана бағытқа қаратылған, кезекпен жанып-сөнетін екі қызыл шам көлік құралының тоқтау сызығынан аспауға немесе егер тоқтау сызығы болмаса, бағдаршамнан асып кетпеуге тиіс екенін білдіреді; бұл шамдар тек қана темір жол өтпелерінде және ажыратылатын көпірлерге шығатын жерлерде немесе кеме-паромдар кемежайында, сондай-ақ жолға өрт сөндіруші автомобильдерінің шығуына немесе, траекториясы жақын биіктікте автомобиль жолымен қиылысатын ұшу аппаратының жақындауына байланысты жүріп өтуге тыйым салуды белгілеу үшін қолданылады;
іі) жанып-сөнетін сары шам немесе кезекпен жанып-сөнетін екі сары шам жүргізушіге қозғалысты жалғастыруға болатынын, бірақ бұл ретте оның ерекше сақ болуға міндетті екенін білдіреді.
2. Үш түсті жарық сигналдарының жүйесі үш жанып-сөніп тұрмайтын шамнан, атап айтқанда қызыл, сары және жасыл шамдардан тұрады; жасыл шам қызыл және сары шамдар сөнгеннен кейін ғана қосылуға тиіс.
3. Екі түсті жарық сигналдарының жүйесі жанып-сөніп тұрмайтын қызыл және жасыл түстерден тұрады. Қызыл және жасыл шамдар бірге қосылмауға тиіс. Екі түсті жарық сигналдарының жүйесі осы Конвенцияның 3-бабының 3-тармағында көзделген қолда бар құрылғыларды ауыстыру мерзіміне қатысты сілтеме жасала отырып, уақытша қондырғылар ретінде ғана қолданылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген үш түсті және екі түсті жүйелердің шамдары тігінен немесе көлденеңінен орнатылады.
5. Шамдар тігінен орнатылған жағдайларда қызыл шам жоғары жағында орналастырылады; егер шамдар көлденеңінен орнатылған болса, қызыл шам тиісті қозғалыс бағытына қарама-қарсы жақта орналастырылады.
6. Үш түсті жүйеде сары шам ортасында орналастырылады.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында айтылған үш түсті және екі түсті 1 жүйелердің сигналдарында бүкіл шамдар дөңгелек болуға тиіс. Осы баптың 1-тармағында айтылған жанып-сөнетін қызыл шамдар дөңгелек болуы тиіс.
8. Жанып-сөнетін сары шам жеке орнатылуы мүмкін; қозғалыс азайған кезде бұл шам үш түсті жүйе шамдарын ауыстыруы да мүмкін.
9. Үш түсті жүйенің жасыл шамының бір немесе бірнеше сілтемесі болса, бұл сілтеменің немесе сілтемелердің қосылуы көлік құралдарының сілтемелерде көрсетілген бағытта немесе бағыттарда ғана жүре алатынын білдіреді. Тура жүруге рұқсат беретін сілтемелердің ұшы жоғары қарай бағытталуы тиіс.
10. Үш түсті жүйенің сигналы сілтеме немесе сілтемелер бар бір немесе бірнеше жасыл шаммен толықтырылған жағдайда, осы қосымша сілтеме немесе қосымша сілтемелердің қосылуы сол кезде үш түсті жүйенің қай шамы қосылғанына қарамастан, көлік құралдарының сілтемеде немесе сілтемелерде көрсетілген бағытта немесе бағыттарда жүре алатынын білдіреді; бұл сондай-ақ, егер көлік құралдары сілтемеде көрсетілген бағытта жүруге ғана арналған жолақта немесе сол бойынша қозғалыс жүзеге асырылуға тиіс жолақта болса, олардың жүргізушілері өздері жүрмек болған бағытта жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол берген жағдайда және олар жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмейтін жағдайда, олардың көлік құралдарының тоқтауы өздерінің артында нақ сол жолақта келе жатқан басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасайтын жағдайларда көрсетілген бағытпен жүруге тиіс екенін білдіреді. Бұл қосымша жасыл шамдар кәдімгі жасыл шаммен бірдей деңгейде орнатылуға тиіс.
11. Жасыл немесе қызыл шамдар бірнеше қозғалыс жолақтары бар ұзына бойы сызықтармен белгіленген жол қозғалысы жолақтарының үстінде орнатылған жағдайда, қызыл шам өзі соның үстінде орнатылған жолақ бойынша қозғалысқа тыйым салуды, ал жасыл шам ол бойынша қозғалысқа рұқсат беруді білдіреді.
Осылайша орнатылған қызыл шам айқастырыла сызылған екі еңіс жолақ нысанында, ал жасыл шам төменге бағытталған сілтеме нысанында болуға тиіс.
12. Ұлттық заңнама кейбір темір жол өтпелерінде жүріп өтуге рұқсатты білдіретін баяу жанып-сөнетін ай түстес ақ шам орнатуды көздей алады.
13. Егер жарық жол сигналдары велосипед жүргізушілеріне ғана арналған болса, шатастыруды болғызбау үшін қажет болғанда, сигналдың өзінде велосипед сұлбасы бейнеленуі немесе велосипед суреті салынған тік бұрышты тақтайшамен толықтырылған кіші көлемді сигнал пайдаланылуы мүмкін.
24-бап
Жаяу жүргіншілерге ғана арналған сигналдар
1. Жаяу жүргіншілерге ғана арналған жарық сигналдары ретінде мынадай мағынасы бар төменде көрсетілген шамдар ғана пайдаланылуы мүмкін:
а) жанып-сөніп тұрмайтын шамдар:
і) жасыл сигнал жаяу жүргіншілер қозғалысына рұқсатты білдіреді;
іі) сары сигнал жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салуды білдіреді, бірақ жүріс бөлігіне шығып үлгергендерге одан өтуді аяқтауға мүмкіндік береді;
ііі) қызыл сигнал жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігіне шығуына тыйым салуды білдіреді;
b) жанып-сөнетін шамдар:
жанып-сөнетін жасыл шам жаяу жүргіншілердің жүріс бөлігінен өту уақыты аяқталғанын және тез арада қызыл сигнал қосылатынын білдіреді.
2. Жаяу жүргіншілерге арналған жарық сигналдары екі түсті шамнан, атап айтқанда қызыл және жасыл түсті шамнан тұратын екі түсті жүйені құрауға тиіс; алайда олар қызыл, сары және жасыл түстерден тұратын үш түсті жүйені құрауы мүмкін. Екі шам ешқашан бір мезгілде іске қосылмауы тиіс.
3. Сигналдар тігінен орнатылуға тиіс, бұл ретте қызыл сигнал әрқашан үстінде, жасыл сигнал - әрқашан астында болуы тиіс. Қызыл сигналда қозғалмайтын жаяу жүргіншінің немесе қозғалмайтын жаяу жүргіншілердің сұлбасы, ал жасыл сигналда - қозғалыстағы жаяу жүргіншінің немесе қозғалыстағы жаяу жүргіншілердің сұлбасы салынып көрсетілгені жөн.
4. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдардың конструкциясы және оларды орнату тәсілі жүргізушілердің оларды көлік құралдары қозғалысын реттеуге арналған жарық сигналдары ретінде қабылдауына ешбір мүмкіндікті болдырмауы тиіс.
IV бөлім
ЖОЛ ТАҢБАСЫ
25-бап
Жүріс бөлігіндегі белгілеулер (жол таңбасы) құзыретті органдар бұл жол қозғалысын реттеу, жол пайдаланушыларды ескерту немесе оларға бағыт беру мақсатында қажет деп есептеген жағдайларда қолданылады. Бұл белгілеулер дербес те, олардың көрсетулерін күшейту немесе нақтылау үшін басқа жол сигналдық белгілерімен бірге де қолданылуы мүмкін.
26-бап
1. Жүріс бөлігі бойынша сызылған тұтас сызықтан тұратын ұзына бойы таңба барлық көлік құралдарына оны кесіп өтуге немесе оны басуға тыйым салынатынын білдіреді; дәл осылайша таңба қозғалыстың екі бағытын бөлетін жағдайда, ол жүргізуші үшін қозғалыс бағытына сәйкес келетін жүріс бөлігінің қарсы шеті болып табылатын таңба жақтан ешбір көлік құралы жүрмеуге тиіс екенін білдіреді. Екі тұтас сызықтан тұратын ұзына бойы таңбаның мағынасы да осындай.
2. а) Жолдың жүріс бөлігі бойынша сызылған үзік сызықтардан тұратын ұзына бойы таңбаның тыйым салу мағынасы жоқ, бірақ ол:
і) не қозғалыс жолақтарын бөліп көрсетуге, сондай-ақ қозғалыс ағындарының бағыттарын бөліп көрсетуге;
іі) не тұтас сызыққа жақындау туралы және ол белгілеген тыйым салу туралы немесе аса қауіпті басқа учаскеге жақындау туралы ескертуге арналған;
b) сызықтар арасындағы ара қашықтық ұзындығының сызық ұзындығына қатынасы осы тармақтың «а» «і» тармақшасында жазылған мақсаттарда пайдаланылатын сызықтарға қарағанда, осы тармақтың «а» «іі» тармақшасында жазылған мақсаттарда пайдаланылатын үзік сызықтарда едәуір кіші болуға тиіс.
3. Ұзына бойы таңба жолдың жүріс бөлігінде үзік сызықпен қатар салынған тұтас сызықтан тұратын жағдайларда, жүргізушілер өз жағындағы сызықтардың көрсетулерін ғана басшылыққа алуға тиіс. Бұл ереже рұқсат етілген басып озуды іске асырған жүргізушілерге қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолаққа қайта оралуға кедергі келтірмейді.
4. Осы баптың ережелерін қолдану кезінде олардың жақсы көрінуін қамтамасыз ету үшін жолдың жүріс бөлігінің шетін белгілейтін немесе көлденең сызықтармен қосыла отырып, жолдың жүріс бөлігінде тоқтап тұруға арналған жерлерді белгілейтін ұзына бойы сызықтар ұзына бойы таңбалар болып табылмайды.
27-бап
1. Бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарының бүкіл еніне жүргізілген тұтас сызықтан немесе екі қатарлас тұтас сызықтан тұратын көлденең таңба осы Конвенцияның 10-бабының 3-тармағында көрсетілген «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген В,2 сигналдық белгісімен нұсқалған, көлік құралдарының тоқтау сызығын белгілейді. Мұндай таңба жол жарық сигналдары, жол қозғалысын реттеуге уәкілетті тұлға нұсқауы мүмкін тоқтау сызығын көрсету үшін де немесе теміржол өтпесінің алдында қолданылуы мүмкін. В,2 сигналдық белгісіне ілеспелі таңбаның алдында жолдың жүріс бөлігінде «ТОҚТА» деген сөз жазылуы мүмкін.
2. Техникалық жағынан мүмкін болмаған жағдайларда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген көлденең таңба әрбір В,2 белгісі орнатылған кезде салынуға тиіс.
3. Бір немесе бірнеше қозғалыс жолақтарының бүкіл ені бойынша салынған, бір үзік сызықтан немесе қатар жүргізілген екі үзік сызықтан тұратын көлденең таңба осы Конвенцияның 10-бабының 2-тармағында айтылған «БАСТЫ ЖОЛМЕН ҚИЫЛЫСУ» деген В,1 белгісіне сәйкес көлік құралдары жол беруге міндетті болған жағдайда, көлік құралдары оны кесіп өтпеуге тиіс сызықты белгілейді. Бұл таңбаның алдында В,1 белгісін белгілеу үшін жолдың жүріс бөлігінде жалпақ көмкерілген үшбұрыш бейнеленуі мүмкін, оның бір жағы таңбаға параллель болады, ал қарама-қарсы ұшы жақындап келе жатқан көлік құралдары жағына бағытталған.
4. Жаяу жүргіншілер өтпелерін белгілеу үшін жолдың жүріс бөлігінің осіне параллель сызылатын жалпақ жолақтар салған жөн.
5. Велосипедшілерге арналған өтпелерді белгілеу үшін не көлденең сызықтар не оларды жаяу жүргіншілер өтпелеріне салынған таңба ретінде қабылдау мүмкін болмайтын басқа таңба салынады.
28-бап
1. Сілтемелер, қатарлас немесе қиғаш сызықтар немесе жазбалар сияқты жолдың жүріс бөлігіндегі таңбалардың басқа түрлері сигналдық белгілердің нұсқамаларын қайталау үшін немесе жол пайдаланушыларға сигналдық белгілер қанағаттанарлық түрде бере алмайтын көрсетулерді беру үшін қолданылуы мүмкін. Таңбалардың мұндай түрлері, атап айтқанда тоқтап тұру аймақтарының немесе жолақтарының шекараларын, оларда тоқтап тұруға тыйым салынған, автобустар немесе троллейбустар аялдайтын жерлерді, сондай-ақ жол қиылыстарына жақындаған кезде қатардан қатарға алдын ала орын ауыстыруды белгілеу үшін пайдаланылады. Алайда егер қозғалыс жолақтарына ұзына бойы таңбалармен бөлінген жүріс бөлігінде сілтеме болса, жүргізушілер өздері жүріп келе жатқан жолақта көрсетілген бағытта немесе бағыттардың бірімен қозғалысты жалғастыруға тиіс.
2. Осы Конвенцияның 27-бабы 4-тармағының жаяу жүргіншілерге қатысты ережелері сақталған жағдайда, жолдың жүріс бөлігінің аймағын немесе жолдың жүріс бөлігі деңгейінен сәл шығыңқы аймақты тұтас немесе үзік жолақтармен жиектелген қатарлас көлбеу сызықтармен таңбалау тұтас жолақтар болған кезде көлік құралдарының бұл аймаққа өтпеуге тиіс екенін, ал үзік сызықтар болған кезде көлік құралдарының бұл аймаққа, егер мұндай өту қауіпсіз түрде жасалған жағдайда ғана немесе жүріс бөлігінің қарама-қарсы жағына көлденең көшеге өту үшін қажет болғанда ғана өте алатынын білдіреді.
3. Жолдың жүріс бөлігінің шетіндегі ирек сызық жүріс бөлігінің көрсетілген жағынан осы сызықтың бүкіл ұзына бойы тоқтап тұруға тыйым салынғанын білдіреді.
29-бап
1. Осы Конвенцияның 26-28-баптарында айтылған таңба жолдың жүріс бөлігінде бояумен немесе ол да соншалықты тиімді болып табылатын кез келген тәсілмен салынуы мүмкін.
2. Егер жолдың жүріс бөлігінің таңбасы бояумен салынса, ол сары немесе ақ түсті болуға тиіс; алайда рұқсат етілген немесе шектеулі тоқтап тұру орны белгіленетін таңба үшін көк түс қолданылуы мүмкін. Уағдаласушы Тараптың аумағында сары және ақ түстің екеуі де қолданылатын болса, бірдей санаттағы таңба бір түсті болуға тиіс. Осы тармақтың ережелерін қолданған кезде «ақ» терминіне «күміс түстес» немесе «ақ-сұр» бояулары да жатады.
3. Таңбаға енгізілген жазбаларды, суреттер мен сілтемелерді салу кезінде жазбалардың, суреттер мен сілтемелердің жүргізушілерге кіші бұрышты қиғаштықта көрінуіне байланысты көлік құралдарының қозғалысы бағытында олардың көлемін едәуір ұлғайту қажеттігін ескеру керек.
4. Қозғалыс қарқындылығы талап ететін жағдайларда және жарық нашар түсетін немесе мүлдем жарық жоқ жерлерде жылжымалы көлік құралдарына арналған жол таңбасының жарыққа шағылысатын болуы ұсынылады.
30-бап
Осы Конвенцияға 8-қосымша жол таңбаларының схемаларына немесе суреттеріне қатысты ұсынымдардың жиынтығын білдіреді.
V тарау
ӨЗГЕ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІМЕН СИГНАЛДАРЫ
31-бап
Жөндеу жұмыстарының сигнализациясы
1. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жүріс бөлігі учаскелерінің шекаралары сигналдық белгілермен анық белгіленуі тиіс.
2. Жөндеу жұмыстарының көлеміне және қозғалыс қарқындылығына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жүріс бөлігі учаскелерінің шекараларын белгілеу үшін ақ пен қызыл, сары мен қызыл, қара мен ақ немесе қара және сары жолақтармен қатарынан боялған арасы ашық немесе тұтас тосқауыл қойылады және сонымен қатар, түнде, егер тосқауылдың жарыққа шағылысатын қасиеті болмаса, жарықтар мен жарыққа шағылысатын құрылғылар орнатылады. Жарыққа шағылысатын құрылғылар мен жанып-сөніп тұрмайтын шамдар - қызыл немесе қою сары түсті, ал жанып-сөнетін шамдар қою сары түсті болуға тиіс. Алайда
а) шамдар мен құрылғылар, егер олар қозғалыстың бір бағытында ғана көрінсе және осы қозғалыс бағытының қарама-қарсы жағындағы учаскенің шекараларын белгілейтін болса, ақ түсті болуы мүмкін;
b) шамдар мен құрылғылар, егер олар қозғалыстың екі бағытын бөліп тұратын учаскенің шекараларын белгілейтін болса, ақ немесе ақшыл-сары түсті болуы мүмкін.
32-бап
Шамдардың немесе жарық шағылысатын құрылғылардың көмегімен таңбалау
Әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің бүкіл аумағында жүріс бөлігінің шетін белгілеу үшін қолданылатын шамдар немесе жарық шағылысатын құрылғылар үшін бір ғана түсті немесе түстердің бір ғана жүйесін қолданатын болады.
ТЕМІР ЖОЛ ӨТПЕЛЕРІ
33-бап
1. а) Егер темір жол өтпесінде поездардың жақындағанын немесе шлагбаумдардың немесе жартылай шлагбаумдардың жабылатынын ескерту үшін сигнализация орнатылған болса, ол осы Конвенцияның 23-бабы 1-тармағының «b» тармақшасында көзделгендей, жанып-сөнетін қызыл шамнан немесе кезекпен жанып-сөнетін қызыл шамдардан тұруға тиіс. Алайда
і) жанып-сөнетін қызыл шамдар осы Конвенцияның 23-бабының 2-тармағында сипатталған, қызыл-сары-жасыл түстес үш түсті жарық сигналдары жүйесімен немесе егер темір жол өтпесіне жақын жерде басқа үш 1 түсті жарық сигналдары орнатылған немесе темір жол өтпесінде шлагбаумдар орнатылған болса, жасыл шамы жоқ сигналмен толықтырылуы немесе алмастырылуы мүмкін;
іі) қозғалыс өте аз қара жолдарда және жаяу жүргіншілер жолдарында дыбыстық сигнал ғана қолданылуы мүмкін.
b) Барлық жағдайларда жарық сигнализациясы дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкін.
2. Бағдаршамдар қозғалыс бағытына сәйкес келетін жолдың жүріс бөлігінің шетінде орнатылады; мұны талап ететін мән-жайлар болғанда, мысалы сигналдардың көрінуіне немесе қозғалыс қарқындылығына байланысты шамдар жолдың қарама-қарсы бетінде қайталануға тиіс. Алайда, егер жергілікті жердің ерекшелігіне қарай бұл қажет деп есептелсе, шамдар жолдың жүріс бөлігінің ортасында қауіпсіз жерде қайталануы немесе жолдың жүріс бөлігінің үстінде орнатылуы мүмкін.
3. Осы Конвенцияның 10-бабының 4-тармағына сәйкес «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген В, 2 сигналдық белгісі шлагбаумдары, жартылай шлагбаумдары немесе поездардың жақындағанын ескертетін жарық сигнализациясы жоқ темір жол өтпесінде орнатылуы мүмкін; егер темір жол өтпесінде осы белгі орнатылса, жүргізушілер өздерінің көлік құралдарын тоқтау сызығына жете бере немесе тоқтау сызығы болмағанда - белгіге жете бере тоқтатуға және өтпеге поездың жақындамағанына көз жеткізгеннен кейін ғана қозғалысты жалғастыруға тиіс.
34-бап
1. Темір жолдың әрбір жағында шахматтық тәртіппен орналастырылған шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар темір жол өтпелерінде осы шлагбаумдардың немесе жартылай шлагбаумдардың көлденең орналасуы әрбір жол пайдаланушының өзі жақындаған шлагбаумға немесе жартылай шлагбаумға жете бере тоқтауға міндетті екенін білдіреді; шлагбаумдардың көлденең түсуге бағытталған қозғалысының және жартылай шлагбаумдар қозғалысының мағынасы бірдей.
2. Осы Конвенцияның 33-бабы 1-тармағының «а» тармақшасында айтылған қызыл шамның немесе қызыл шамдардың іске қосылуы немесе нақ сол 1-тармақта айтылған дыбыстық сигналдың берілуі бірде-бір жол пайдаланушының тоқтау сызығын кесіп өтуге немесе егер тоқтау сызығы болмаса, бағдаршамнан асып кетуге құқығы жоқ екенін білдіреді. 33-баптың 1-тармағының «а» «і» тармақшасында айтылған үш түсті жүйенің сары шамының қосылуы бірде-бір жол пайдаланушының тоқтау сызығын кесіп өтуге немесе егер тоқтау сызығы болмаса, сары сигнал іске қосылған кезде көлік құралдары сигналға соншалықты жақындап, қауіп төндірместен оған жетпей тоқтай алмайтын жағдайларды қоспағанда, бағдаршамнан асып кетуге құқығы жоқ екенін білдіреді.
35-бап
1. Темір жол өтпелерінің шлагбаумдары мен жартылай шлагбаумдары қатарынан қызыл мен ақ, қызыл мен сары, қара мен ақ немесе сары және қара жолақтармен анық белгіленуге тиіс. Алайда оның ортасына үлкен қызыл диск орналастырылған жағдайда, олар ақ немесе сары түспен ғана боялуы мүмкін.
2. Шлагбаумдары және жартылай шлагбаумдары жоқ әрбір темір жол өтпесінде темір жолға жақын жерде 3-қосымшада сипатталған В,7 сигналдық белгісі орнатылуға тиіс. Поездардың жақындағанын ескертетін бағдаршам немесе «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген В,2 белгісі болған кезде В,7 сигналдық белгісі В,2 белгісінің тіреуінде немесе бағдаршамның тіреуінде орналастырылады. В,7 сигналдық белгісін:
а) темір жол қозғалысы өте төмен жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын темір жол көлігі құралдарына ілесіп жүретін адам қажетті сигналдарды қолымен көрсетіп реттейтін автомобиль жолдары темір жолдармен қиылысқан жерлерде;
b) темір жолдар қозғалыс аз қара жолдармен және жаяу жүргінші жолдарымен қиылысқан жерлерде орнату міндетті емес.
3. Осы Конвенцияға 3-қосымшада сипатталған А, 26 немесе А, 27 белгілеулерінің бірі бар кез келген ескерту белгісінің астында ұзын жағы тігінен қойылған және ақ немесе сары фонға салынған қызыл көлбеу жолақтары бар тік бұрышты қалқанша орнатылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда белгі мен темір жол арасындағы қашықтықтың үштен біріндей және үштен екісіндей аралықта ақ немесе сары фондағы тиісінше бір немесе екі қызыл көлбеу жолақ салынған бірыңғай нысандағы қалқаншалардан тұратын қосымша белгілер орнатылады. Бұл белгілер жолдың жүріс бөлігінің қарама-қарсы жағында қайталануы мүмкін. Осы тармақта айтылған қалқаншалар осы Конвенцияға 3-қосымшаның С бөлімінде сипатталған.
36-бап
1. Темір жол өтпелерінде туындайтын айрықша қауіптілікке орай Уағдаласушы Тараптар:
а) әрбір темір жол өтпесіне жете бере А,26 немесе А,27 белгілеулерінің бірі бар ескерту белгілерінің бірін орнату шараларын қабылдауға міндетті; алайда
і) елді мекендерде орын алуы мүмкін айрықша жағдайларда;
іі) механикалық көлік құралдары өте сирек жүретін қара жолдарда және ауыл аралық жолдарда ешбір белгі орнатпауға болады;
b) егер поезд көрінсе, темір жол өтпесіне қай жағынан болсын жақындап қалған жол көлік құралының жүргізушісі поездардың ең жоғары жылдамдығын ескере отырып, темір жол өтпесіне жете бере дер кезінде тоқтай алатындай етіп, сондай-ақ поезд өтпеге жетіп қалған кезде сол жерде болған жол пайдаланушылар одан дер кезінде түсіп кете алатындай етіп, жол пайдаланушыларға өтпенің екі жағынан да көрінетін жағдайларды қоспағанда, барлық темір жол өтпелерін шлагбаумдармен немесе жартылай шлагбаумдармен немесе поездардың жақындағанын ескертетін сигнализация жүйесімен жабдықтау шараларын қабылдауға міндетті; алайда Уағдаласушы Тараптар поездардың қозғалыс жылдамдығы салыстырмалы түрде жоғары емес немесе жол механикалық көлік құралдары сирек жүретін темір жол өтпелерінде осы тармақтың ережелерінен ауытқуға жол бере алады;
с) шлагбаумдар немесе жартылай шлагбаумдар көрінбейтін бекеттен әрекетке келтірілетін шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар барлық темір жол өтпелерінің поездардың жақындағаны туралы ескертетін және осы Конвенцияның 33-бабының 1-тармағында көрсетілген сигнализация жүйелерінің бірімен жабдықталуы;
d) поезд жақындағанда өздігінен іске қосылатын шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар барлық темір жол өтпелерінің поездардың жақындағаны туралы ескертетін және осы Конвенцияның 33-бабының 1-тармағында көрсетілген сигнализация жүйелерінің бірімен жабдықталуы;
е) олардың жақсы көрінуі үшін шлагбаумдарды немесе жартылай шлагбаумдарды жарыққа шағылысатын материалдармен жабылуы немесе жарыққа шағылысатын құрылғылармен жабдықталуы және қажет жағдайда, түнде жарықтандырылуы; бұдан басқа, қарқынды түнгі автомобиль қозғалысы бар; жолдарда темір жол өтпелері алдында орнатылатын ескерту белгілерінің жарыққа шағылысатын материалдармен жабылуы немесе жарық шағылыстырғыш құрылғылармен жабдықталуы және қажет болған жағдайда түнде жарықтандырылуы;
f) жартылай шлагбаумдармен жабдықталған темір жолға жақын жолдардың жүріс бөлігінің ортасына, мүмкіндігінше темір жол өтпесіне жақындаған көлік құралдарына тыйым салатын ұзына бойғы таңба салу, қозғалыс бағытына қарама-қарсы жүріс бөлігі жағына шығу немесе қозғалыстың қос бағытын бөліп тұратын бағыттаушы аралдарды жарақтау үшін шаралар қабылдауға міндетті.
2. Осы баптың ережелері осы Конвенцияның 35-бабы 2-тармағының соңғы фразасында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
VI тарау
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
37-бап
1. Осы Конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің барлығы немесе кез келген мамандандырылған мекемелер мүшелерінің, немесе Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік мүшелерінің, немесе Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік мүшелерінің, немесе Халықаралық Сот Статуты Тараптарының және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы осы Конвенцияның Тарапы болуға шақырған кез келген басқа мемлекеттің қол қоюы үшін Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Мекемелерінде 1969 жылғы 31 желтоқсанға дейін ашық.
2. Осы Конвенция ратификациялауға жатады. Ратификациялау грамоталары сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына беріледі.
3. Осы Конвенция осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттердің кез келгені оған қосылу үшін ашық болып қалады. Қосылу туралы құжаттар Бас Хатшыға сақтау үшін тапсырылады.
38-бап
1. Әрбір мемлекет осы Конвенцияға қол қою, ратификациялау кезінде немесе оған қосылу кезінде, немесе кейіннен кез келген сәтте Бас Хатшыға жіберілетін нотификация арқылы сыртқы байланысы үшін ол жауапты барлық аумақтарға немесе аумақтардың бөлігіне Конвенцияның қолданылатынын мәлімдей алады. Конвенция нотификацияда көрсетілген аумақта немесе аумақтарда Бас Хатшы аталған нотификацияны алған күннен бастап отыз күн өткен соң немесе егер бұл күн кешірек болса, нотификация жасаған мемлекетке қатысты Конвенция күшіне енген сәтте қолданыла бастайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған нотификацияны жасайтын әрбір мемлекет олардың тапсырмасы бойынша осындай нотификация жасалған аумақтардың атынан осы Конвенцияның 46-бабының 2-тармағында көзделген мәлімдемені қамтитын нотификация жіберуге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімдеме жасаған әрбір мемлекет кейіннен кез келген сәтте Бас Хатшыға жіберілетін нотификация арқылы Конвенцияның нотификацияда көрсетілген аумақта қолданылуы тоқтатылатынын мәлімдей алады және Бас Хатшы осы нотификацияны алған күннен бастап бір жыл өткен соң нотификацияда көрсетілген аумақта Конвенцияның қолданылуы тоқтатылады.
39-бап
1. Осы Конвенция ратификациялау немесе қосылу туралы он бесінші құжат сақтау үшін тапсырылған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін күшіне енеді.
2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын немесе қосылатын әрбір мемлекетке қатысты ратификациялау немесе қосылу туралы он бесінші құжат сақтау үшін тапсырылғаннан кейін Конвенция осы мемлекет ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтау үшін тапсырған күннен бастап он екі ай өткен соң күшіне енеді.
40-бап
Осы Конвенция күшіне енген сәттен бастап ол 1931 жылғы 30 наурызда Женевада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдарына бірізділік енгізу жөніндегі конвенцияның және 1949 жылғы 19 қыркүйекте Женевада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы хаттаманың күшін жояды және Уағдаласушы Тараптар арасындағы қатынастарда оларды ауыстырады.
41-бап
1. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін бір жылдан соң әрбір Уағдаласушы Тарап Конвенцияға бір немесе бірнеше түзетулер ұсына алады. Ұсынылған кез келген түзетудің мәтіні түсіндірме меморандуммен бірге Бас Хатшыға жіберіледі, ол оны барлық Уағдаласушы Тараптарға қайта жолдайды. Уағдаласушы Тараптар осы мәтінді қайта жолдаған күннен бастап он екі ай мерзімде оған: а) олар түзетуді қабылдайтыны, b) олар түзетуді қабыл алмайтыны немесе с) осы түзетуді қарау үшін конференция шақырылғанын қалайтыны туралы хабарлауға олардың мүмкіндігі бар. Бас Хатшы, сондай-ақ ұсынылған түзету мәтінін осы Конвенцияның 37-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық басқа мемлекеттерге жібереді.
2. а) Алдыңғы тармаққа сәйкес таратылған кез келген ұсынылған түзету, егер жоғарыда айтылған он екі ай мерзім ішінде Уағдаласушы Тараптардың кемінде үштен бірі Бас Хатшыға олар түзетуді қабыл алмайтыны немесе осы түзетуді қарау үшін конференция шақыруды қалайтыны туралы хабарласа, ол қабылданған болып есептеледі. Бас Хатшы барлық Уағдаласушы Тараптарға ұсынылған түзетуді әрбір қабылдау немесе қабыл алмау туралы және конференция шақыру туралы келіп түскен кез келген өтініш туралы хабарлайды. Егер белгіленген он екі ай мерзім ішінде мұндай қабыл алмау мен өтініштер барлық Уағдаласушы Тараптардың кемінде үштен бірінен алынған болса, Бас Хатшы барлық Уағдаласушы Тараптарға алдыңғы тармақта көрсетілген он екі ай мерзім өткеннен кейін алты айдан соң белгіленген мерзім ішінде түзетуді қабыл алмаған немесе оны талқылау үшін конференция шақыруға өтініш білдіргендерді қоспағанда, барлық Уағдаласушы Тараптар үшін түзету күшіне енетіні туралы хабарлайды.
b) Жоғарыда көрсетілген он екі ай мерзімде ұсынылған түзетуді қабыл алмаған немесе оны қарау үшін конференция шақыруды өтінген әрбір Уағдаласушы Тарап бұл мерзім өткеннен кейін кез келген уақытта Бас Хатшыға өзінің түзетуді қабылдайтыны туралы хабарлай алады және Бас Хатшы бұл хабарламаны қалған барлық Уағдаласушы Тараптарға таратады. Қабылдау туралы мұндай хабарламаларды жіберген Уағдаласушы Тараптарға қатысты түзету оларды Бас Хатшы алғаннан кейін алты айдан соң күшіне енеді.
3. Егер ұсынылған түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданбаған болса және егер осы баптың 1-тармағында көзделген он екі ай мерзім ішінде Уағдаласушы Тараптардың жалпы санынан кемінде жартысы ұсынылған түзетуді олардың қабыл алмайтыны туралы Бас Хатшыға хабарласа және егер барлық Уағдаласушы Тараптардың кем дегенде үштен бірі, бірақ оннан кем емес, олар оны қабылдайтыны немесе бұл түзетуді талқылау үшін конференция шақыруды қалайтыны туралы оған хабарласа, Бас Хатшы ұсынылған түзетуді немесе оған осы баптың 4-тармағына сәйкес оған ұсынылуы мүмкін кез келген басқа ұсынысты қарау үшін конференция шақырады.
4. Егер конференция осы баптың 3-тармағына сәйкес шақырылса, Бас Хатшы оған осы Конвенцияның 37-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерді шақырады. Бас Хатшы конференцияға шақырылған барлық мемлекеттерге ұсынылған түзетуге қосымша олар конференцияда қарауды қалайтын кез келген ұсынысты конференция ашылғанға дейін кемінде алты ай бұрын оған ұсыну туралы өтініш білдіреді және бұл ұсыныстар туралы конференция ашылғанға дейін кемінде үш ай бұрын конференцияға шақырылған барлық мемлекеттерге хабарлайды.
5. а) Осы Конвенцияға кез келген түзету, егер оны Конференцияға келген мемлекеттердің үштен екісінен көбі қабылдаса, бұл көпшілік Конференцияға келген Уағдаласушы Тараптардың кемінде үштен екісін қамтыған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Бас Хатшы түзетуді қабылдау туралы барлық Уағдаласушы Тараптарға хабарлайды және ол түзетуді қабыл алмау туралы осы мерзім ішінде Бас Хатшыға хабарлағандарды қоспағанда, барлық Уағдаласушы Тараптарға қатысты осылай хабарлаған күнінен бастап он екі ай өткен соң күшіне енеді.
b) Жоғарыда көрсетілген он екі ай мерзім ішінде түзетуді қабыл алмаған әрбір Уағдаласушы Тарап өзінің түзетуді қабылдағаны туралы Бас Хатшыға кез келген уақытта хабарлай алады және Бас Хатшы бұл туралы барлық қалған Уағдаласушы Тараптарға хабарлайды. Түзету оны қабылдау туралы хабарлаған Уағдаласушы Тарапқа қатысты хабарламаны Бас Хатшы алғаннан кейін алты ай өткен соң немесе егер бұл мерзім кешірек өтсе, жоғарыда көрсетілген он екі ай мерзім өткеннен кейін күшіне енеді.
6. Егер ұсынылған түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданды деп есептелмесе және егер осы баптың 3-тармағында нұсқалған конференция шақыру талаптары орындалмаған болса, ұсынылған түзету қабыл алынбады деп есептеледі.
42-бап
Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияны Бас Хатшыға жіберілетін жазбаша нотификациялау арқылы бұза алады. Бұзу Бас хатшының бұл нотификацияны алған күнінен бастап бір жыл өткен соң күшіне енеді.
43-бап
Егер Уағдаласушы Тараптардың саны қандай да бір реттік он екі ай кезең ішінде кемінде бесеуді құраса, осы Конвенция күшін жояды.
44-бап
Осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты, Тараптар келіссөздер жолымен немесе басқа реттеу құралдары арқылы шеше алмайтын екі немесе одан көп Уағдаласушы Тараптар арасындағы кез келген дау кез келген мүдделі Уағдаласушы Тараптардың өтініші бойынша шешу үшін Халықаралық Сотқа беріле алады.
45-бап
Осы Конвенцияның ешқандай ережесі қандай да бір Уағдаласушы Тарапқа Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес келетін және өзінің сыртқы немесе ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол қажет деп есептейтін, қалыптасқан жағдаймен шектелетін шаралар қабылдауға кедергі келтіретін деп түсіндірілмеуге тиіс.
46-бап
1. Әрбір мемлекет осы Конвенцияға қол қою кезінде немесе сақтау үшін тапсыру кезінде өзінің ратификациялау грамотасымен немесе қосылу туралы құжатымен ол өзін осы Конвенцияның 44-бабымен байланыстымын деп есептемейтіні туралы мәлімдей алады. Басқа Уағдаласушы Тараптар мұндай мәлімдеме жасаған кез келген Уағдаласушы Тарапқа қатысты 44-баппен байланысты болып табылмайды.
2. а) Өзінің ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатын сақтау үшін тапсыру сәтінде әрбір мемлекет Бас Хатшыға жіберілетін нотификация арқылы
і) ескерту белгісі (9-баптың 1-тармағы) ретінде Аа немесе Ab үлгілерінің қайсысын таңдайтыны; және
іі) осы Конвенцияны қолдану мақсатында «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» (10-баптың 3-тармағы) белгісі ретінде В,2а немесе В,2b үлгілерінің қайсысын таңдайтыны туралы хабарлайды.
Кейіннен кез келген уақытта әрбір мемлекет Бас Хатшыға жіберілетін нотификация арқылы өзінің мәлімдемесін басқасымен ауыстырып, өз таңдауын өзгерте алады.
b) Өзінің ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатын сақтау үшін тапсыру сәтінде әрбір мемлекет Бас Хатшыға жіберілетін нотификация арқылы осы Конвенцияны қолдану мақсатында ол аспалы қозғалтқышы бар велосипедтерді мотоциклдерге (1-баптың «l» тармақшасы) теңестіретінін мәлімдей алады.
Кейіннен кез келген уақытта әрбір мемлекет Бас Хатшыға жіберілетін нотификация арқылы өзінің мәлімдемесін кері ала алады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мәлімдемелер Бас Хатшы нотификацияны алғаннан кейін немесе егер бұл күн кешірек болып табылса, мәлімдеме жасаған мемлекетке қатысты Конвенцияның күшіне енген сәтінен кейін алты ай өткен соң күшіне енеді.
4. Осы Конвенцияға және оған қосымшаларға ескертпелер, осы баптың 1-тармағында көзделген ескертпеден өзгелері, егер олар ратификациялау грамотасын немесе қосылу туралы құжатты сақтау үшін тапсырғанға дейін жасалса, олар ратификациялау грамотасында немесе қосылу туралы құжатта расталған жағдайда, олар жазбаша нысанда ұсынылған жағдайда шешіледі. Бас Хатшы көрсетілген ескертпелер туралы осы Конвенцияның 37-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерге хабарлайды.
5. Осы баптың 1 және 4-тармақтарына сәйкес ескертпе немесе мәлімдеме жасайтын әрбір Уағдаласушы Тарап Бас хатшыға жіберілетін нотификация арқылы кез келген сәтте өзінің ескертпесін кері ала алады.
6. Осы баптың 4-тармағына сәйкес жасалған кез келген ескертпе:
а) жоғарыда көрсетілген ескертпені жасаған Уағдаласушы Тарап үшін бұл ескертпенің шеңберінде ол жататын Конвенцияның ережелерін өзгертеді;
b) ескертпе жасаған Уағдаласушы Тараппен өзара қарым-қатынаста басқа Уағдаласушы Тараптар үшін де бұл ережелерді сондай шамада өзгертеді.
47-бап
Осы Конвенцияның 41 және 46-баптарында көзделген мәлімдемелерден, нотификациялардан және хабарламалардан басқа Бас Хатшы
37-баптың 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерге,
а) 37-бапқа сәйкес Конвенцияға қол қою, ратификациялау және қосылу туралы;
b) 38-бапқа сәйкес мәлімдемелер туралы;
с) 39-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшіне енген күндері туралы;
d) 41-баптың 2 және 5-тармақтарына сәйкес осы Конвенцияға түзетулердің күшіне енген күні туралы;
е) 42-бапқа сәйкес бұзу туралы;
f) 43-бапқа сәйкес осы Конвенцияның күшін жоюы туралы хабарлайды.
48-бап
Бір данада ағылшын, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде жасалған барлық бес мәтін тең түпнұқса болып табылатын осы Конвенцияның түпнұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына сақтау үшін тапсырылады, ол куәландырылған көшірмесін осы Конвенцияның 37-бабының 1-тармағында көрсетілген барлық мемлекеттерге тиісті түрде жолдайды.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН өз үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген, төменде қол қойған өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.
Вена қаласында бір мың тоғыз жүз алпыс сегізінші жылғы қараша айының сегізінші күні жасалды.
1-қосымша ЖОЛ ҚИЫЛЫСТАРЫНА НЕМЕСЕ ТЕМІР ЖОЛ ӨТПЕЛЕРІНЕ ЖАҚЫН ЖЕРЛЕРГЕ ОРНАТЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА, ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Ескертпе: Жол қиылыстарына жақын орнатылатын ескерту белгілеріне қатысты 2-қосымшаның В бөлімін қараңыз. Темір жолөтпелеріне жақын орнатылатын ескерту белгілеріне қатысты 3-қосымшаның А және С бөлімдерін қараңыз.
А БӨЛІМІ. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Ескерту белгілерінің үлгілері
Аа немесе Аb болып табылады. Аа үлгісі тең қабырғалы үшбұрыш болады, оның бір қабырғасы көлденең, ал оған қарама-қарсы бұрыш жоғары қарайды; фоны ақ немесе сары түсті, жиегі қызыл түсті болады. Аb үлгісі шаршы болады, оның диагональдарының бірі тік орналасқан; фоны сары түсті, жіңішке жолақ болатын жиегі қара түсті болуы тиіс. Осы белгілердегі белгілеулер оларды сипаттарындағы өзге нұсқамаларсыз қара немесе қою көк түсті болуы тиіс.
Қалыпты көлемдегі Аа белгілері үшін қабырғаларының ұзындығы шамамен 0,9 м (3 фут); кіші көлемдегі Аа белгілері үшін - 0,6 м (2 фут) құрайды. Қалыпты көлемдегі Аb белгілері үшін қабырғаларының ұзындығы шамамен 0,6 м (2 фут), кіші көлемдегі Аb белгілері үшін 0,4 м (1 фут 4 дюйм) құрайды.
Аа және Аb үлгілері арасындағы таңдауға қатысты Конвенцияның 5-бабының 2-тармағын және 9-бабының 1-тармағын қараңыз.
В БӨЛІМІ. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ БЕЛГІЛЕНУІ ЖӘНЕ ОСЫ
БЕЛГІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАМАЛАР
1. Қауіпті бұрылыс немесе қауіпті бұрылыстар
Қауіпті бұрылысқа немесе бірінен соң бірі болатын қауіпті бұрылыстарға жақындағанын ескерту үшін жағдайға байланысты мына белгілердің бірі пайдаланылады:
А,1а:СОЛҒА БҰРЫЛЫС
А,1b:ОҢҒА БҰРЫЛЫС
А,1c: ҚОСАРЛЫ БҰРЫЛЫС НЕМЕСЕ БІРІНШІ СОЛҒА БҰРЫЛАТЫН БІРІНЕН СОҢ БІРІ БОЛАТЫН ЕКЕУДЕН КӨП БҰРЫЛЫСТАР
А,1d: ҚОСАРЛЫ БҰРЫЛЫС НЕМЕСЕ БІРІНШІ ОҢҒА БҰРЫЛАТЫН БІРІНЕН СОҢ БІРІ БОЛАТЫН ЕКЕУДЕН КӨП БҰРЫЛЫСТАР
2. Тік ылди
Үлкен еңісті тік ылдиға жақындағаны туралы ескерту үшін Аабелгісінің үлгісімен А,2а белгілеуі және Аb белгісінің үлгісімен А,2b белгілеуі пайдаланылады.
А,2а белгілеуінің сол жағы сигналдық белгі қалқанының сол бұрышын, ал оның негізі осы қалқанның бүкіл енін алады. А,2а және А,2b белгілеулерінде цифр еңістің пайызын көрсетеді; бұл көрсеткіш қатынаспен (1:10) алмастырылуы мүмкін. Алайда Уағдаласушы Тараптар А,2а немесе А,2 белгілеулерінің орнына, бірақ Конвенцияның 5-бабының 2-тармағы «b» тармақшасының ережелерін мүмкіндігінше ескере отырып, егер олар Аа белгісінің үлгісін қабылдаса, А,2c белгілеуін және А белгісінің үлгісін қабылдаса, А,2d белгілеуін таңдай алады.
3. Тік өр
Тік өрге жақындағаны туралы ескерту үшін Аа белгісінің үлгісімен А,3а белгілеуі және Аb белгісінің үлгісімен А,3b белгілеуі пайдаланылады.
А,3а белгілеуінің оң жағы сигналдық белгі қалқанының оң бұрышын, ал оның негізі осы қалқанның бүкіл енін алады. А,3а және А,3b белгілеулеріндегі цифр өрді процентпен пайызын көрсетеді; бұл көрсеткіш қатынаспен (1:10) алмастырылуы мүмкін. Алайда тік өр үшін А,2с белгілеуін таңдап алатын Уағдаласушы Тараптар А,3а белгілеуінің орнына А,3с белгілеуін, ал А,2d белгілеуін таңдап алатын Уағдаласушы Тараптар А,3b белгілеуінің орнына А,3d белгілеуін таңдай алады.
4. Жолдың тарылуы
Жолдың тарылған жеріне жақындағанын ескерту үшін А,4а белгілеуі немесе осы жердің конфигурациясын неғұрлым анық көрсететін, мысалы А,4b сияқты белгілеу пайдаланылады.
5. Ажыратылатын көпір
Ажыратылатын көпірге жақындағаны туралы ескерту үшін А,5 белгілеуі пайдаланылады.
А,5 белгілеуі бар ескерту белгісінің астына 3-қосымшаның С бөлімінде сипатталған А,29а үлгісіндегі тік бұрышты тақтайша орналастырылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда А,5 белгілеуі мен ажыратылатын көпірдің арасындағы кашықтықтың шамамен үштен біріне және үштен екісіне көрсетілген қосымшада сипатталған А,29b және А,29с үлгілерінің тақтайшалары орналастырылады.
6. Жағалауға немесе жағаға шығу
Жолдың жағалауға немесе жағаға шығатыны туралы ескерту үшін А,6 белгілеуі пайдаланылады.
7. Тегіс емес жол
Шұңқырларға, дөңес көпірлерге немесе төмпешіктерге немесе жолдың жүріс бөлігі нашар жағдайдағы жерлерге жақындағаны туралы ескерту үшін А,7а белгілеуі пайдаланылады.
Дөңес көпірлерді немесе төмпешіктерді белгілеу үшін А,7а белгілеуі А,7b белгілеуімен алмастырылуы мүмкін.
Шұңқырларды белгілеу үшін А,7а белгілеуі А,7с белгілеуімен алмастырылуы мүмкін.
8. Тайғақ жол
Тайғақтығы ерекше жоғары болуы мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,8 белгілеуі пайдаланылады.
9. Қиыршық тастың ұшуы
Қиыршық тастардың ұшуы болуы мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін Аа белгісінің үлгісіндегі А,9а белгілеуі және Аbбелгісінің үлгісіндегі А,9Ь белгілеуі пайдаланылады.
Сол жақты қозғалыс кезінде белгілеулер қарама-қарсы жаққа қаратылады.
10. Тастардың құлауы
Тастардың құлау қаупі бар және оның салдарынан жолдарда тастардың болуы мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін Аа белгісінің I үлгісіндегі А,10а белгілеуі және Аb белгісінің үлгісіндегі А,10b белгілеуі пайдаланылады.
Екі жағдайда да белгілеудің оң жағы сигналдық белгі қалқанының оң бұрышын алады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
11. Жаяу жүргінші өтпесі
Жол таңбасымен немесе Е,11а немесе Е,11b белгісімен белгіленген жаяу жүргінші өтпесіне жақындағаны туралы ескерту үшін екі - А,11а және А,11b үлгісі бар А,11 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
12. Балалар
Балалар жиі кесіп өтетін, мысалы, мектептен немесе ойынға арналған алаңдардан шығатын жер сияқты жол учаскелеріне жақындағаны туралы ескерту үшін А,12 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
13. Велосипедшілердің шығуы
Велосипедшілер жолға жиі шығатын немесе оны кесіп өтетін жерге жақындағаны туралы ескерту үшін А,13 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
14. Мал айдайтын және басқа да жануарлардың шығуы мүмкін жерлер
Жолды жануарлардың кесіп өту қаупі бар жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін үй немесе жабайы жануардың жиі кездесетін түрінің сұлбасынан тұратын белгілеулер, мысалы үй жануары үшін А,14а белгілеуі;;жабайы аңдар үшін А,14Ь белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеулер қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
15. Жөндеу жұмыстары
Жол жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,15 белгілеуі пайдаланылады.
16. Жарық сигнализациясы
Егер қозғалыс үш түсті шаммен реттелетін жерге жақындағаны туралы ескерту қажет деп есептелсе, жолды пайдаланушылар осындай жерге жақындағанын олар алдын ала байқай алмайтын жағдайларда, А,16 белгілеуі пайдаланылады. А,16 белгілеуінің үш үлгісі бар: А,16а; А,16b және А,16с, олар осы Конвенцияның 23-бабының 4-6-тармақтарында сипатталған үш түсті жүйедегі шамдардың орналасуына сәйкес келеді.
Бұл белгілеуге шамдардың үш түсі, атап айтқанда оған жақындағаны туралы ескертетін шамдардың түстері кіреді.
17. Ұшу-қону жолағы
Ұшу-қону жолағынан ұшатын немесе оған қонатын ұшу аппараттарының шағын биіктікте ұшып өтуі мүмкін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,17 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
18. Бүйірден соғатын жел
Бүйірден қатты жел жиі соғатын жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,18 белгілеуі пайдаланылады.
Белгілеу қарама-қарсы жаққа қаратылуы мүмкін.
19. Екі жақты қозғалыс
Мұның алдындағы учаскеде қозғалыс бір бағытты немесе бір бағыттағы қозғалысқа арналған бірнеше жүріс бөліктері бар жолда жүргізілсе, онда бір жүріс бөлігінде уақытша немесе ұдайы екі жақты қозғалыс жүргізілетін жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,19 белгілеуі пайдаланылады. Осындай белгілеуі бар белгі осы учаскеге кірер жерде және бұдан басқа, сол учаскеде қажеттілігіне қарай жиі қайталануға тиіс. Сол жақты қозғалыс кезінде сілтемелер қарама-қарсы жаққа қаратылуға тиіс.
20. Өзге қауіптер
Жоғарыда 1-19-тармақтарда немесе 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген белгілеулерде көзделмеген қауіп бар жол учаскесіне жақындағаны туралы ескерту үшін А,20 белгілеуі пайдаланылуы мүмкін.
Алайда Уағдаласушы Тараптар Конвенцияның 3-бабы 1-тармағының «а» «іі» тармақшасының ережелеріне сәйкес графикалық белгілеулерді қабылдай алады.
А,20 белгісі, атап айтқанда темір жол қозғалысы өте жоғары емес жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын қажетті сигналдарды қолмен беретін темір жол көлік құралдарына ілесіп жүретін адам реттейтін жол қиылысы туралы ескерту үшін қолданылуы мүмкін.
2-қосымша ЖОЛ ҚИЫЛЫСТАРЫНДА ЖҮРІП ӨТУДІҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫН РЕТТЕЙТІН БЕЛГІЛЕР, ЖОЛ ҚИЫЛЫСТАРЫНА ЖАҚЫН ЖЕРЛЕРГЕ ОРНАТЫЛАТЫН ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ЖОЛДЫҢ ТАР УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ЖҮРІП ӨТУГЕ БАСЫМ ҚҰҚЫҚТЫ РЕТТЕЙТІН БЕЛГІЛЕР
Ескертпе: Егер басты жол кіретін жол қиылысында соңғысының бағыты өзгерсе, жол қиылысына жақындағаны туралы ескертеті белгілердің астында немесе жол қиылысында немесе оның алдында орнатылған жүріп өтудің басым құқығын реттейтін белгілердің астында жол қиылысының схемасында басты жолдың бағытын көрсететін тақтайша орналастырылуы мүмкін.
А БӨЛІМІ. ЖОЛ ҚИЫЛЫСТАРЫНДА ЖҮРІП ӨТУДІҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҚТАРЫН
РЕТТЕЙТІН БЕЛГІЛЕР
1. «БАСТЫ ЖОЛМЕН ҚИЫЛЫСУ» деген белгі
В,1 белгісі «БАСТЫ ЖОЛМЕН ҚИЫЛЫСУ» деген белгісі болып табылады. Оның нысаны бір қабырғасы көлденең орналасқан, ал оған қарама-қарсы төбесі төмен қараған, тең қабырғалы үшбұрыш болады; фоны ақ немесе сары түсті, ал жиегі қызыл түсті болуы тиіс; белгіде белгілеулер болмайды.
Қалыпты көлемдегі белгілер үшін үшбұрыш қабырғасының ұзындығы шамамен 0,9 м-ді (3 фут), ал кіші көлемдегі белгілер үшін кем дегенде 0,6 м-ді (2 фут) құрайды.
2. «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген белгі
В,2 белгісі «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген белгі болып табылады, ол екі үлгіні қамтиды:
- В,2а үлгісі қызыл фоны бар сегіз бұрыш болуға тиіс, оған ағылшын тілінде немесе тиісті мемлекеттің тілінде ақ әріптермен «ТОҚТА» деген сөз жазылған; сөздің әріптерінің биіктігі тақтайша биіктігінің кемінде үштен біріне тең болуы тиіс;
- В,2b үлгісі ақ немесе сары фоны және қызыл жиегі бар дөңгелек болуы тиіс; оның ішінде В,1 белгісі жазбасыз орналастырылады және бұдан басқа, үстіңгі бөлігінде қара немесе көк түсті әріптермен ағылшын тілінде немесе тиісті мемлекеттің тілінде «ТОҚТА» деген сөз жазылған.
Қалыпты көлемдегі В,2а белгісінің биіктігі және қалыпты көлемдегі В,2b белгісінің диаметрі 0,9 м-ді (3 фут) құрауы тиіс; тиісінше кіші көлемдегі белгілердің биіктігі мен диаметрі кемінде 0,6 м (2 фут) болуы тиіс.
В,2а және В,2b үлгілерінің арасындағы таңдауға қатысты Конвенцияның 5-бабының 2-тармағын және 10-бабының 3-тармағын қараңыз.
3. «БАСТЫ ЖОЛ» деген белгі
В,3 белгісі «БАСТЫ ЖОЛ» деген белгі болып табылады. Ол шаршы нысанды, оның диагональдарының бірі тік орналасқан. Шаршы қара жиекпен көмкерілген; ортасына қара жиегі бар сары немесе қызғылт сары түсті шаршы орналасқан; екі шаршының арасындағы кеңістік ақ түсті болуы тиіс.
Қалыпты көлемдегі белгілер үшін шаршы қабырғаларының ұзындығы шамамен 0,5 м (1 фут 8 дюйм), кіші көлемдегі белгілер үшін кем дегенде 0,35 м-ді (1 фут 2 дюйм) құрайды.
4. «БАСТЫ ЖОЛДЫҢ АЯҚТАЛУЫ» деген белгі
В,4 белгісі «БАСТЫ ЖОЛДЫҢ АЯҚТАЛУЫ» деген белгі болып табылады. Бұл белгі жоғарыда бейнеленген В,3 белгісінен тұрады, оған шаршының төменгі сол жағына және жоғары оң жағына перпендикуляр қара немесе сұр орталық жолақ немесе жоғарыда көрсетілген жолақты құрайтын параллель қара немесе сұр штрихтар қосылған.
В БӨЛІМІ. ЖОЛ ҚИЫЛЫСТАРЫНА ЖАҚЫН ОРНАТЫЛАТЫН ЕСКЕРТУ
БЕЛГІЛЕРІ
1. Белгілер
Жол қиылыстарына жақын орнатылатын ескерту белгілері 1-қосымшаның А бөлімінде сипатталған Аа немесе Аb үлгілеріне сәйкес болуы тиіс.
2. Белгілеулер
Белгілеулер қара немесе көк болуы тиіс.
а) Аа немесе Аь белгісіне орналастырылатын белгілеулерге қатысты мынадай жағдайлар болады:
і) ол бойынша жүріп өтудің басым құқығы мемлекетте қолданылатын жалпы қабылданған жүріп өтудің басым ережесімен айқындалатын жол қиылысы; Аа белгісінің үлгісіндегі А,21а белгілеуін және Аb белгісінің үлгісіндегі А,21b белгілеуін пайдаланады.
А,21а және А,22b белгілеулері жол қиылысының сипатын анағұрлым анық көрсететін, мысалы, А,21c, А,21d, А,21e, А,21f және А,21g сияқты белгілеулермен алмастырылуы мүмкін.
іі) пайдаланушылары жол беруге тиіс жолмен қиылыс; А,22а белгілеуі пайдаланылады.
А,22а белгілеуі жол қиылысының сипатын анағұрлым анық көрсететін, мысалы А,22b және А,22с сияқты белгілеулермен алмастырылуы мүмкін.
Бұл белгілеулер, егер жолда немесе ол белгіленген жол қиылысын құрайтын жолдарда В,1 белгісі немесе В,2 белгісі қойылса немесе егер бұл жолдардың сипаты (мысалы ауыл аралық немесе қара жолдарда) ұлттық заңнамаға байланысты онымен жүріп келе жатқан жүргізушілер бұл белгілеулер жоқ болғанда да жол қиылысында жол беруге тиіс болса, осындай жағдайларда ғана жолда бұл белгілеулер қолданылуы мүмкін. В,3 белгі орнатылған жолдарда осы белгілеулерді пайдалану кейбір ерекше жағдайлармен шектелетін болады.
ііі) Пайдаланушылары жол беруге тиіс жолмен қиылысу.
Егер жол қиылысында «БАСТЫ ЖОЛМЕН ҚИЫЛЫСУ» деген белгі орнатылған болса, А,23 белгілеуі қолданылады.
Егер жол қиылысында «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген белгі (В,2) орнатылған болса, онда А,24а және А,24b белгілеулерінен В,2 белгісінің үлгісіне сәйкес келетіні қолданылады.
Алайда белгілеулерімен бірге Аа сигналдық белгісінің орнына осы Конвенцияның 10-бабының 6-тармағына сәйкес В,1 немесе В,2 белгілері қолданылуы мүмкін.
iv) Айналмалы қозғалысы бар жол қиылысы: А,25 белгілеуі пайдаланылады.
Сол жақты қозғалыс кезінде сілтемелердің бағыты кері болуға тиіс.
b) Жол қиылысындағы қозғалыс жарық сигналдарымен реттелетін жағдайларда, осы В бөлімінде сипатталған белгілерге қосымша немесе осы белгілердің орнына 1-қосымшаның В бөлімінде сипатталған А,16 белгілеумен бірге Аа немесе Аb белгісі орналастырылуы мүмкін.
С БӨЛІМІ. ЖОЛДЫҢ ТАР УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ЖҮРІП ӨТУДІҢ БАСЫМ
ҚҰҚЫҒЫН РЕТТЕЙТІН БЕЛГІЛЕР
1. Қарсы келе жатқан көлікке басымдық беретін белгі
Егер қарсы жол айрығы қиын немесе мүмкін емес жолдың тар учаскесінде қозғалыс реттелсе және жүргізушілер күндіз де, түнде де оның бүкіл жүріп өту жолын анық көре алатындықтан, бұл реттеу жарық жол сигналдарын орнатуда емес, бір бағыттағы қозғалысқа басымдық беруді білдірсе, «ҚАРСЫ КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨЛІКТІҢ БАСЫМДЫҒЫ» деген В,5 белгісі басымдығы жоқ жүріп өту жағындағы қозғалысқа қаратып орнатылады. Бұл белгі қарсы келе жатқан көлік құралдарының жүргізушілерін тоқтауға мәжбүр етпей, осы учаске арқылы өтіп болғанша жолдың тар учаскесіне шығуға тыйым салынатынын көрсетеді.
Бұл белгі дөңгелек ақ немесе сары фонды және қызыл жиекті болуға тиіс; басымдық берілген бағытты білдіретін сілтеме қара түсті, ал басқа бағытты білдіретін сілтеме қызыл түсті болуы тиіс.
Сол жақты қозғалысы бар мемлекеттерде сілтемелер кері орналастырылуы тиіс.
2. Қарсы келе жатқан көлікке қатысты басымдық беретін белгі
Жүргізушілерді жолдың тар учаскесінде қарсы келе жатқан көлікке қатысты басымдықты пайдаланатынын ескерту үшін В,6 белгісі қолданылады.
Бұл белгінің нысаны көгілдір түсті фоны бар тік бұрышты болады; жоғарыға бағытталған сілтеме ақ, ал басқасы қызыл түсті болуға тиіс.
Сол жақты қозғалыс кезінде сілтемелер кері бағытта орналасуға тиіс.
Жолда В,6 белгісі пайдаланылса, жолдың тар учаскесінің екінші жағынан кері бағытта келе жатқан көлік құралдарына арналған В,5 белгісі міндетті түрде орнатылады.
3-қосымша ТЕМІР ЖОЛ ӨТПЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛЕР
А БӨЛІМІ. ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Орнатуға жататын белгі 1-қосымшаның А бөлімінде сипатталған Аа белгісі немесе Аb белгісі болып табылады. Белгіде орналастырылатын белгілеуге қатысты мына жағдайлар болады:
а) шахматтық тәртіппен орналасқан шлагбаумдары немесе жартылай шлагбаумдары бар темір жол өтпелерін белгілеу үшін темір жолдың әр жағынан А,26 белгілеуі пайдаланылады;
b) басқа темір жол өтпелерін белгілеу үшін екі үлгіні: А,27а және А,27b қамтитын А,27 белгілеуі пайдаланылады;
с) трамвай желісінің қиылысына жақындағаны туралы ескерту үшін және бұл қиылысу Конвенцияның 1-бабында қамтылған анықтамаға сәйкес темір жол өтпесі болып табылмаған жағдайда А,28 белгілеуі пайдаланылуы мүмкін.
Ескертпе: Егер темір жол қозғалысы өте үлкен емес жылдамдықта жүзеге асырылатын, ал жол қозғалысын қажетті сигналдарды қолмен беретін темір жол көлік құралдарына ілесіп жүретін адам реттейтін темір жолдардың автомобиль жолдарымен қиылысына жақындағаны туралы ескерту қажет деп есептелсе, 1-қосымшаның В бөлімінде сипатталған А,20 белгісі пайдаланылады.
В БӨЛІМІ. ТЕМІР ЖОЛ ӨТПЕЛЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ ЖАҚЫН ОРНАТЫЛАТЫН
БЕЛГІЛЕР
Осы Конвенцияның 35-бабының 2-тармағында айтылған В,7 белгісінің үш үлгісі бар: В,7а, В,7b және В,7с.
В,7а және В,7b үлгілерінің қызыл немесе қара жиекті ақ немесе сары фоны болады; В,7С үлгісінің қара жиекті ақ немесе сары фоны болады, В,7С үлгісіндегі жазулар қара әріптермен жазылады. Егер жолдың кем дегенде екі ізі болса, В,7b үлгісі пайдаланылады; В,7С үлгісін пайдаланған кезде қосымша тақтайша жолдың кем дегенде тек екі ізі ғана болғанда қолданылады және бұл жағдайда олардың саны көрсетіледі.
Крестің қалыпты ұзындығы кемінде 1,2 м (4 фут) болуы тиіс. Жеткілікті кеңістік болмаған жағдайда белгі оның ұштары жоғары және төмен бағытталып бейнеленуі мүмкін.
С БӨЛІМІ. ТЕМІР ЖОЛ ӨТПЕЛЕРІНЕ ЖАҚЫН ОРНАТЫЛАТЫН ҚОСЫМША
БЕЛГІЛЕР
35-баптың 3-тармағында аталған қалқандар А,29а, А,29b және А,29с белгілері болып табылады.
Жолақтардың көлбеуі жүріс бөлігіне қаратылған.
А,29b және А,29с белгілерінің үстіне А,29а белгісінің үстінде орнатылатындай, темір жол өтпесіне жақындағаны туралы ескертетін белгі қойылуы мүмкін.
4-қосымша ЖҮРІП ӨТУДІҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫНА, ТОҚТАУҒА ЖӘНЕ ТОҚТАП ТҰРУҒА ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА, МІНДЕТТІ СІЛТЕМЕНІ БІЛДІРЕТІН БЕЛГІЛЕР
Ескертпе: Жүріп өтудің басым құқығын реттейтін белгілерге қатысты 2-қосымшаны қараңыз; тоқтауға және тоқтап тұруға қатысты 6-қосымшаны қараңыз.
А БӨЛІМІ. ТЫЙЫМ САЛАТЫН НЕМЕСЕ ШЕКТЕЙТІН БЕЛГІЛЕР
1. Белгілер мен белгілеулердің сипаттамалары
а) Тыйым салатын және шектейтін белгілер дөңгелек болуға тиіс; олардың диаметрі елді мекендерден тыс жерлерде кемінде 0,6 м (2 фут) және елді мекендерде кемінде 0,4 м (16 дюйм) болуы тиіс.
b) Белгілерді сипаттаумен байланысты төменде көрсетілген ауытқуларды қоспағанда, тыйым салатын және шектейтін белгілерде ақ немесе сары фон кең қызыл жиек болуы тиіс, ал егер белгілеулер болса, онда олар жазбалар сияқты қара немесе көк түсті болуы тиіс; көлбеу жолақтар болса, онда олар қызыл түсті және белгіні солдан оңға төмен қарай кесіп өтуі тиіс.
2. Белгілердің сипаттамасы
а) Қозғалысқа тыйым салу және шектеу
і) Кез келген көлік құралының кіруіне тыйым салуды көрсету үшін «КІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,1 белгісі пайдаланылады. Бұл белгінің екі үлгісі: С,1а және С,1b бар.
іі) екі бағыттағы да көлік құралдарының барлық қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін «ЕКІ БАҒЫТТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫСҚА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,2 белгісі пайдаланылады.
ііі) Көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың кейбір санаттарының қозғалысына ғана тыйым салуды көрсету үшін қозғалысына тыйым салынған көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың сұлбасынан тұратын белгі пайдаланылады. КөрсетілгенС,3a, С,3b, С,3c, С,3d, С,3е, С,3f, C,3g, С,3h, C,3J және С,3k белгілерінің мынадай мәндері болады:
С,3а: «АРБАСЫЗ ЕКІ ДОҢҒАЛАҚТЫ МОТОЦИКЛДЕРДІ ҚОСПАҒАНДА, БАРЛЫҚ МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,3b: «МОТОЦИКЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,3c: «ВЕЛОСИПЕД ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,3d: «АСПАЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ БАР ВЕЛОСИПЕДТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,3е: «ЖҮК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
Тоннаж санын не болмаса көлік құралының сұлбасында ақшыл түспен не болмаса Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес С,3е белгісінің астында орналасқан қосымша тақтайшада көрсету көлік құралының немесе көлік құралдары құрамының рұқсат етілген ең жоғары салмағы көрсетілген саннан асып кеткен жағдайда ғана қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді.
С,3f: «ЖАРТЫЛАЙ ТІРКЕМЕДЕН НЕМЕСЕ БІР ОСЬТІ ТІРКЕМЕДЕН БАСҚА, ТІРКЕМЕНІ СҮЙРЕТПЕГЕ АЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»
Тоннаж санын не болмаса тіркеменің сұлбасында ақшыл түспен не болмаса Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес С,3f белгісінің астында орналасқан қосымша тақтайшада көрсету тіркеменің рұқсат етілген ең жоғары салмағы көрсетілген саннан асып кеткен жағдайда ғана қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді.
Уағдаласушы Тараптар мұны орынды деп есептеген жағдайларда жүк автомобилінің артқы бөлігінің сұлбасын жеңіл автомобильдің артқы бөлігінің сұлбасымен, ал тіркеменің сұлбасын (ол бейнеленген түрде) оны осындай автомобильге тіркеуге болатын тіркеменің сұлбасымен алмастыра алады.
C,3g: «ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»
С,3h: «АТ-АРБА ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»
C,3J: «ҚОЛ АРБАЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»
С,3k: «ӨЗІ ЖҮРЕТІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»
Ескертпе. Уағдаласушы Тараптар С,3а - С,3k белгілерінде сол жақтағы жоғарғы квадранты оң жақтағы төменгі квадрантпен қосатын қызыл көлбеу жолақты жүргізбеу немесе, егер ол белгілеудің көрінуін немесе түсінілуін нашарлатпайтын болса, жолақты осы белгілеудің деңгейінде үзбеу туралы шешім қабылдай алады.
iv) Көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың кейбір санаттарының қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін қанша тыйым салу санаттары болса, сонша тыйым салу белгілерін, не болмаса қозғалысына тыйым салынған әр түрлі көлік құралдарының немесе жолды пайдаланушылардың сұлбалары бейнеленген тыйым салу белгісін қолдануға болады. Төменде көрсетілген «МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,4а және «МЕХАНИКАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ЖӘНЕ АТ-АРБА ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,4 белгілері осындай белгінің үлгісі болып табылады. Елді мекендерден тыс екеуден көп сұлба бар белгілерді, ал елді мекендерде үшеуден көп сұлба бар белгілерді орнатуға болмайды.
v) Салмағы немесе габариті белгіленген шектерден асатын көлік құралдарының қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады;
С,5: «ГАБАРИТТІК ЕНІ... МЕТРДЕН (... ФУТТАН) АСАТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,6: «ГАБАРИТТІК БИІКТІГІ... МЕТРДЕН (... ФУТТАН) АСАТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,7: «ЖҮКТЕМЕСІ БАР САЛМАҒЫ... ТОННАДАН АСАТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,8: «ОСІНЕ ЖҮКТЕМЕСІ.... ТОННАДАН АСАТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ»;
С,9: «ҰЗЫНДЫҒЫ... МЕТРДЕН (... ФУТТАН) АСАТЫН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ».
vi) Белгіде көрсетілген көлік құралдарының арасындағы қашықтықты сақтамай олардың қозғалысына тыйым салуды көрсету үшін «АРАСЫНДА КЕМІНДЕ... МЕТР (... ЯРД) ҚАШЫҚТЫҚТЫ САҚТАМАЙ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,10 белгісі пайдаланылады.
b) Бұрылуға тыйым салу
Бұрылуға (сілтеменің бағытына байланысты оңға немесе солға) тыйым салуды көрсету үшін «СОЛҒА БҰРЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,11a белгісі немесе «ОҢҒА БҰРЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,11b белгісі пайдаланылады.
с) Артқа бұрылуға тыйым салу
Артқа бұрылуға тыйым салуды көрсету үшін «АРТҚА БҰРЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,12 белгісі пайдаланылады.
d) Басып озуға тыйым салу
і) Қолданыстағы ережелерде көзделген басып озуға қатысты жалпы сілтемелерден басқа, аспалы қозғалтқышы бар екі доңғалақты велосипедтер мен коляскасы жоқ екі доңғалақты мотоциклдерді қоспағанда, жолдармен қозғалатын барлық механикалық көлік құралдарына басып озуға тыйым салуды көрсету үшін «БАСЫП ОЗУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,13а белгісі пайдаланылады.
Осы белгінің екі үлгісі бар: С,13аа және С,13аb.
іі) Рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 т-дан (7 700 фунт) асатын жүк көлік құралдарына ғана басып озуға тыйым салуды көрсету үшін «ЖҮК КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА БАСЫП ОЗУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,13b белгісі пайдаланылады. Бұл белгінің екі үлгісі бар: С,13bа және С,13bb.
Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес белгінің астында орналасқан қосымша тақтайшада көлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағын өзгерту туралы сілтеме орналастырылуы мүмкін, одан асқан кезде тыйым салу белгісі қолданылады.
ііі) Сол жақты қозғалыс кезінде С,13аа және С,13bа белгілерінде автомобильдердің түстерін тиісінше өзгерту керек.
е) Жылдамдықты шектеу
Жылдамдықты шектеуді көрсету үшін «КӨРСЕТІЛГЕН ЦИФРМЕН ШЕКТЕЛЕТІН ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚ» деген С,14 белгісі пайдаланылады. Белгіде берілген цифр көлік құралдарының жылдамдығын көрсету үшін осы мемлекетте жиі пайдаланылатын өлшем бірлігімен ең жоғары жылдамдықты көрсетеді. Жылдамдықты білдіретін цифрдан кейін немесе төмен мысалы, «км» (километр) немесе «миль» деген белгілеулер қосымша берілуі мүмкін.
Рұқсат етілген ең жоғары салмағы белгіленген саннан асатын көлік құралдарына ғана қолданылатын жылдамдықты шектеуді көрсету үшін осы цифр көрсетілген жазба Конвенцияның 8-бабының 4-тармағына сәйкес белгінің астындағы қосымша тақтайшаға орналастырылады.
f) Дыбыстық сигнал беруге тыйым салу
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін қажет жағдайларды қоспағанда, дыбыстық сигналдар беруге тыйым салуды көрсету үшін «ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛ БЕРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,15 белгісі пайдаланылады.
Егер бұл белгі елді мекенге кірер жерде елді мекен атауының көрсеткішімен қатар немесе осы белгіден кейін тікелей орнатылмаған болса, ол 7-қосымшада сипатталған 2-үлгідегі тақтайшамен толықтырылуға тиіс, онда тыйым салу әрекет ететін ара қашықтық көрсетіледі. Егер тыйым салу барлық елді мекендерге таратылатын болса, бұл белгіні елді мекенге кірер жерде орнатпау және елді мекенге кірер жерге елді мекен атауының көрсеткіші жол пайдаланушыларға осы жерден бастап елді мекендердегі осы аумақта қолданылатын қозғалыс ережелері қолданылатындығын көрсету қажет екенін көздеуді ұсынады.
g) Тоқтамай жүріп өтуге тыйым салынады
Тоқтау міндетті болатын кеденнің жақындығын көрсету үшін «ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ӨТУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,16 белгісі пайдаланылады. Конвенцияның 8-бабының ережесінен ауытқи отырып, бұл белгіде «кеден» сөзі белгіленген, бұл ретте оны екі тілде көрсеткен жөн; С,16 белгілерін пайдаланатын Уағдаласушы Тараптар олар барлық орнататын белгілерде бұл сөз бір тілде белгіленуі үшін өңірлік деңгейде уағдаластыққа қол жеткізуге тиіс.
Бұл белгі тоқтамай жүріп өтуге тыйым салудың басқа да жағдайларын көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін; бұл ретте «кеден» сөзі тоқтау себебін көрсететін өте қысқа жазбамен алмастырылады.
h) Тыйым салулардың немесе шектеулердің аяқталғанын білдіретін белгілер:
і) Жүріп келе жатқан көлік құралдары жүргізушілерінің назарына жеткізілетін барлық тыйым салулардың әрекеті аяқталатын жерді көрсету үшін «ЖҮРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖЕРГІЛІКТІ СИПАТТАҒЫ БАРЛЫҚ ТЫЙЫМ САЛУЛАР АЯҚТАЛАДЫ» деген С,17а белгісі пайдаланылады. Бұл белгі өрнеусіз, ақ немесе сары түсті немесе жіңішке қара жиекті дөңгелек болуы және оң жақ жоғарыдан солға қарай төмен бағытталған қара диагональ жолағы бар болуы тиіс, жолақ қара немесе қара сұр түсті болуы немесе қара немесе сұр қатарлас сызықтарынан тұруы мүмкін.
іі) Тыйым салу немесе шектеу белгісімен жүріп келе жатқан көлік құралы жүргізушілерінің назарына жеткізілген тыйым салудың немесе шектеудің әрекеті аяқталатын жерді көрсету үшін «ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ШЕКТЕУ АЯҚТАЛАДЫ» деген С,17b белгісі немесе «БАСЫП ОЗУҒА ТЫЙЫМ САЛУ АЯҚТАЛАДЫ» деген С,17с белгісі пайдаланылады. Бұл белгілер С,17а белгісіне ұқсас, бірақ оларға сонымен қатар әрекеті тоқтатылатын тыйым салу немесе шектеудің ашық сұр белгісі жазылады.
Осы «h» тармақшасында көрсетілген Конвенцияның 6-бабы 1-тармағының ережелерінен ауытқи отырып, белгілер қарсы бағытта келе жатқан көлікке арналған тыйым салу немесе шектеу белгісінің артқы жағында орнатылуы мүмкін.
В БӨЛІМІ. НҰСҚАМАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР
1. Белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамасы
а) Нұсқамалық белгілер дөңгелек болуы тиіс; елді мекендерден тыс жерлерде олардың диаметрі кемінде 0,6 м (2 фут) және елді мекендерде кемінде 0,4 м (16 дюйм) болуы тиіс. Алайда диаметрі 0,3 м-ден (12 дюйм) кем емес белгілер жарық жол сигналдарымен бірге пайдаланылуы немесе қауіпсіздік аралдарының тумбаларда орнатылуы мүмкін.
b) Өзге нұсқаулар болмаған кезде бұл белгілер көгілдір түсті болуы тиіс; белгілеулер ақ немесе ақшыл түсті немесе ықтимал нұсқа ретінде, белгілер қызыл жиекті ақ түсті, ал белгілеулер қара түсті болуы тиіс.
2. Белгілеулердің сипаттамасы
а) Міндетті бағыт
Көлік құралдары осы бағытта немесе тек белгілі бір бағыттарда ғана қозғалуы тиіс екенін көрсету үшін «МІНДЕТТІ БАҒЫТ» деген D,1 белгісінің D,1а үлгісі пайдаланылады, онда сілтеме немесе сілтемелер тиісті бағытқа немесе тиісті бағыттарға бағытталған. Алайда осы бөлімнің 1-тармағының ережелерінен ауытқи отырып, D,1а белгісінің орнына D,1b белгісі пайдаланылуы мүмкін. D,1b белгісі ақ жиегі бар қара түсті болуы және ақ түсті белгілеу болуы тиіс.
b) Кедергіні міндетті түрде айналып өту
Конвенцияның 6-бабы 1-тармағының ережелерінен ауытқи отырып, қауіпсіздік аралында немесе жолдағы қандайда бір кедергінің алдында орнатылған «КЕДЕРГІНІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ АЙНАЛЫП ӨТУ» деген В,2 белгісі қауіпсіздік аралын немесе сілтемемен көрсетілген жақтан кедергіні көлік құралы айналып өтуге міндетті екенін көрсетеді.
с) Міндетті айналма қозғалыс
«МІНДЕТТІ АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫС» деген D,3 белгісі жүргізушілерге олардың айналма қозғалысқа қатысты ережелерді сақтауға тиіс екенін көрсетеді.
Сол жақты қозғалыс кезінде сілтемелер қарама-қарсы жаққа бағытталуға тиіс.
d) Міндетті велосипед жолы
«МІНДЕТТІ ВЕЛОСИПЕД ЖОЛЫ» деген D,4 белгісі жолдың басында орнатылып, велосипед жолын велосипедшілер пайдалануға міндетті екенін көрсетеді және басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне олардың осы жолды пайдалануға құқығы жоқ екенін көрсетеді. Алайда егер бұл ұлттық заңнамада көзделсе немесе жазба немесе C,3d белгісінің белгілеуі бар қосымша тақтайшада сілтенген болса, аспалы қозғалтқышы бар велосипедтердің жүргізушілері де осы жолды пайдалануға міндетті.
е) Жаяу жүргіншілер үшін міндетті жол
«ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ҮШІН МІНДЕТТІ ЖОЛ» деген D,5 белгісі жолдың басында орнатылып, жолды жүргіншілер пайдалануға міндетті екенін көрсетеді және басқа жолды пайдаланушыларға олардың осы жолды пайдалану құқығы жоқ екенін көрсетеді.
f) Салт аттылар үшін міндетті жол
«САЛТ АТТЫЛАР ҮШІН МІНДЕТТІ ЖОЛ» деген D,6 белгісі жолдың басында орнатылып, жолды салт аттылардың пайдалануға міндетті екенін және басқа жолды пайдаланушыларға олардың осы жолды пайдалану құқығы жоқ екенін көрсетеді.
а) Міндетті ең төмен жылдамдық
«МІНДЕТТІ ЕҢ ТӨМЕН ЖЫЛДАМДЫҚ» деген D,7 белгісі жолдың басында орнатылып, жолмен келе жатқан көлік құралдары кем дегенде көрсетілген жылдамдықпен қозғалуы керек екенін көрсетеді; белгіде берілген цифр көлік құралдарының жылдамдығын көрсету үшін осы мемлекетте жиі пайдаланылатын өлшем бірлігінде жылдамдықты көрсетеді. Жылдамдықты білдіретін цифрдан кейін, мысалы «км» (километр) немесе «миль» белгілеулері қосылуы мүмкін.
h) Міндетті ең төмен жылдамдықтың аяқталуы
«МІНДЕТТІ ЕҢ ТӨМЕН ЖЫЛДАМДЫҚ АЯҚТАЛДЫ» деген D,8 белгісі D,7 белгісінде нұсқалған міндетті ең төмен жылдамдықтың қолданылуы аяқталғанын көрсетеді. D,8 белгісі D,7 белгісімен бірдей, бірақ ол оң жақ жоғарыдан төмен солға қарай ететін көлбеу қызыл жолақпен сызылады.
і) Тайғаққа қарсы шынжыр болуы міндетті
«ТАЙҒАҚҚА ҚАРСЫ ШЫНЖЫР БОЛУЫ МІНДЕТТІ» деген D,9 белгісі жолдың басында орнатылып, жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарында кемінде екі жетекші доңғалағында тайғаққа қарсы шынжырлар болуы міндетті екенін көрсетеді.
5-қосымша ТОҚТАП ТҰРУҒА ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛЕРДІ ҚОСПАҒАНДА,
КӨРСЕТУ БЕЛГІЛЕРІ
Ескертпе: Тоқтап тұруға қатысты көрсету белгілеріне байланысты 6-қосымшаны қараңыз.
А-F бөлімдеріндегі белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамалары (G бөліміндегі белгілер мен белгілеулердің сипаттамаларына қатысты осы бөлімді қараңыз)
1. Көрсету белгілері, әдетте тікбұрышты болады; алайда бағыт көрсеткіштері ұзын қабырғасы көлденең орналасқан тікбұрыштың сілтемемен аяқталатын ұзынша нысанды болуы мүмкін.
2. Көрсету белгілерінде қара фонға ақ немесе ақшыл белгілеулер немесе жазбалар немесе ақ немесе ақшыл фонға қара белгілеулер немесе жазбалар түсірілген; қызыл түс ерекше жағдайларда ғана пайдаланылуы мүмкін және ешқашан басым болмауы тиіс.
А БӨЛІМІ. БАҒЫТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. Жалпы жағдай
Бағыттардың алдын ала көрсеткіштерінің үлгілері: Е,1а; Е,1b және Е,1c.
2. Ерекше жағдайлар
а) Тұйыққа апаратын жолға арналған бағыттарды алдын ала көрсеткіштердің үлгілері: Е,2а және Е,2b.
b) Егер келесі жол қиылысында солға бұрылуға тыйым салынса, солға бұрылу үшін жүруге тиісті маршрутқа арналған бағыттардың алдын ала көрсеткіштерінің үлгісі: Е,3.
с) бірнеше қозғалыс жолағы бар жолдардың қиылыстарында қатарларға алдын ала ауысу белгісінің үлгісі: Е,4.
В БӨЛІМІ. БАҒЫТТАРДЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1. Елді мекенге бағытты көрсететін белгілердің үлгілері: Е,5а, Е,5b, Е,5c және Е,5d.
2. Әуежайға бағытты көрсететін белгілердің үлгілері: Е,6a, Е,6b және Е,6c .
3. Е,7 белгісі автотуристер лагеріне бағытты көрсетеді.
4. Е,8 белгісі жастардың туристік базасына бағытты көрсетеді.
С БӨЛІМІ. АТАУЛАРДЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Осы белгіні құрайтын тікбұрыштың ұзын қабырғасы көлденең орналасқан.
1. Елді мекеннің басталғанын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,9а және Е,9b.
2. Елді мекеннің аяқталғанын көрсететін белгілердің үлгілері: Е,9c және Е,9d .
Осы Конвенцияның 6-бабы 1-тармағының ережелерінен ауытқи отырып, бұл белгілер елді мекендер атаулары көрсеткіштерінің артқы жағында орналасуы мүмкін.
D БӨЛІМІ. РАСТАУ БЕЛГІЛЕРІ
Е,10 белгісі растау белгісінің үлгісі болып табылады.
Осы Конвенцияның 6-бабы 1-тармағының ережелерінен ауытқи отырып, бұл белгі қарсы бағытта жүріп келе жатқан көлік құралдарына арналған басқа белгінің артқы жағында орналасуы мүмкін.
Е БӨЛІМІ. ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТПЕСІ
«ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТПЕСІ» деген Е,11а белгісі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жаяу жүргінші өтпесі бар жерлерді көрсету үшін пайдаланылады.
Қара немесе көк белгілеуі бар ақ немесе сары түсті үшбұрышты көгілдір немесе қара түсті қалқан; А,11 белгіленуі пайдаланылады.
Алайда көгілдір фоны және ақ белгілеулері бар бұрыс бесбұрыш нысанындағы Е,11b белгісін пайдалануға болады.
F БӨЛІМІ. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ПАЙДАЛЫ
СІЛТЕМЕЛЕР БЕРЕТІН БАСҚА ДА БЕЛГІЛЕР
Бұл белгілердің көгілдір фоны болуға тиіс.
1. «АУРУХАНА» деген белгі
Бұл белгі көлік құралдарының жүргізушілеріне емдеу мекемелерінің жақын болуымен талап етілетін сақтық шараларын қабылдау қажеттілігін және, атап айтқанда мүмкіндігінше шуды болдырмау қажеттілігін көрсету үшін пайдаланылады. Бұл белгінің екі үлгісі бар:Е,12а және Е,12b.
Е,12b белгісінде бейнеленген қызыл крест G бөлімінің 2-тармағының «а» тармақшасында көрсетілген белгілеулердің бірімен алмастырылуы мүмкін.
2. «БІР ЖАҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛЫ» деген белгі
Жолды пайдаланушыларға олар бір жақты қозғалысты жолда екенін растау қажет деп есептелгенде екі түрлі «БІР ЖАҚТЫ ҚОЗҒАЛЫС ЖОЛЫ» деген белгі орнатылуы мүмкін:
а) жолдың жүріс бөлігінің осіне барынша немесе кемінде перпендикуляр орнатылған Е,13а белгісі; белгінің қалқаны шаршы болуға тиіс;
b) жолдың жүріс бөлігінің осіне параллель дерлік орнатылған Е,13b белгісі; белгінің қалқаны ұзартылған тікбұрыш болады, оның ұзын жағы көлденең орналасқан. Е,13b белгісінің сілтемесінде мемлекеттің ұлттық тілінде немесе ұлттық тілдерінің бірінде «бір жақты қозғалыс» деген сөздер жазылуы мүмкін.
Е,13а және Е,13b белгілері көшеге кіретін жерге дейін тыйым салатын немесе нұсқамалық белгілердің орнатылған-орнатылмағанына қарамастан орнатылуы мүмкін.
3. «ТҰЙЫҚҚА АПАРАТЫН ЖОЛ» деген белгі
Жолға кіретін жерде орнатылған «ТҰЙЫҚҚА АПАРАТЫН ЖОЛ» деген Е,14 белгісі жолдың тұйыққа әкелетінін көрсетеді.
4. Автомагистральға кіру немесе автомагистральдан шығу туралы ескерту белгілері
«АВТОМАГИСТРАЛЬ» деген Е,15 белгісі автомагистральдар бойынша қозғалыстың арнайы ережелерінің қолданылуы басталатын жерге орнатылады. «АВТОМАГИСТРАЛЬ АЯҚТАЛДЫ» деген Е,16 белгісі көрсетілген ережелердің қолданылуы тоқтатылатын жерге орнатылуы тиіс.
Е,16 белгісін автомагистральдің аяқталуына жақындағаны туралы ескерту үшін пайдалануға және қайталауға болады; осылайша орнатылған әрбір белгінің астыңғы бөлігінде белгі мен автомагистральдің аяқталуы арасындағы ара қашықтық көрсетіледі.
5. Автомагистральдарға қолданылатын қозғалыс ережелері қолданылатын жолға шығу туралы немесе осындай жолдан шығу туралы ескерту белгілері
«АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ» деген Е,17 белгісі автомагистральдардан өзге, автомобиль қозғалысына арналған және жол бойындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жолдар бойынша қозғалыстың арнайы ережелерінің қолданылуы басталатын жерге орнатылуға тиіс. Е,17 белгісінің астында орналасқан қосымша тақтайшада ережелерден ауытқи отырып, жол бойындағы иеліктерге кіруге рұқсат етілетіні көрсетілуі мүмкін.
«АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ АЯҚТАЛАДЫ» деген Е,18 белгісін, сондай-ақ автомобиль жолының соңына жақындағаны туралы ескерту үшін пайдалануға және қайталауға болады; осылайша орнатылған әрбір белгінің төменгі бөлігінде белгі мен автомобиль жолының аяқталуы арасындағы ара қашықтық көрсетіледі.
6. «АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ» деген Е,19 және «ТРАМВАЙ АЯЛДАМАСЫ» деген Е,20 автобус немесе трамвай аялдамасын білдіретін белгілер
7. «ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ» деген белгі
«ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІ» деген Е,21 белгісі, атап айтқанда асу арқылы өту кезінде тау жолы ашық немесе жабық екендігін көрсету үшін орнатылады; ол осы өткелге апаратын жолға немесе жолдарға шығатын жерге орнатылады.
Өткелдің (асу) атауы ақ әріптермен жазылады. Белгідегі «FURKA» деген атау мысал ретінде берілген.
1, 2 және 3-тақтайшалар алмалы-салмалы болып табылады.
Егер өткел жабық болса, «Жабық» деген жазуы бар қызыл түсті 1-тақтайша қолданылады; егер өткел ашық болса, «Ашық» деген жазуы бар жасыл түсті тақтайша қолданылады. Жазулар ақ бояумен және бірнеше тілде жазылады.
2 және 3-тақтайшалардың ақ фонда жазылған қара түсті жазулары мен белгілеулері болады.
Егер өткел ашық болса, 3-тақтайшада ешқандай нұсқау болмайды, ал 2-тақтайшада жолдың жай-күйіне қарай не ешқандай нұсқау болмайды, не «Тайғанаққа қарсы шынжыр болуы міндетті» деген D,9 белгісі бейнеленеді, не «Тайғанауға қарсы шынжырды немесе қысқы шиналарды қолдану ұсынылады» деген Е,22 белгісі болады. Бұл белгілеу қара түсті болуы тиіс.
Егер өткел жабық болса, 3-тақтайшада оған дейін жол ашық елді мекеннің атауы көрсетіледі, ал 2-тақтайшада жолдың жай-күйіне байланысты не «... дейін ашық» деген жазу, не Е,22 белгілеуі не D,9 белгісі жазылады.
G БӨЛІМІ. ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ҮШІН ПАЙДАЛЫ БОЛУЫ МҮМКІН
ОБЪЕКТІЛЕРДІ БІЛДІРЕТІН БЕЛГІЛЕР
1. Бөлімдегі белгілер мен белгілеулердің сипаттамалары
а) F белгілерінің фоны көгілдір немесе жасыл болуы тиіс; оларда белгілеу түсірілетін ақ немесе сары тікбұрыш бейнеленген.
b) Белгінің төменгі бөлігінде көгілдір немесе жасыл жолақта белгіленген жерге дейінгі немесе оған апаратын жолға шыққанға дейінгі ара қашықтық ақ цифрлармен көрсетілуі тиіс; F,5 белгілeуі бар белгіде осылайша «қонақ үй» немесе «мотель» деген жазу берілуі мүмкін. Белгілер, сондай-ақ белгіленген жерге апаратын жолға шығар жерге орнатылуы мүмкін және бұл жағдайда белгінің төменгі бөлігінде көгілдір немесе жасыл жолақта бағыттаушы ақ сілтеме салынуы мүмкін. Қызыл түсті болуға тиіс F,la F,lb және F,lc белгілеулерін қоспағанда, белгілеу қара немесе қара көк түсті болуы тиіс.
2. Белгілеулердің сипаттамасы
а) «МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ПУНКТІ» деген белгілеу
Медициналық көмек пункттерін көрсету үшін тиісті мемлекеттерде қолданылатын белгілеулер пайдаланылады. Бұл белгілеулер қызыл түсті болуы тиіс.
F,la F,lb және F,lc осы белгілеулердің үлгілері болып табылады.
b) Өзге де белгілеулер
F,2 «ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПУНКТІ»
Ғ,3 «ТЕЛЕФОН»
F,4 «АВТОЖАНАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫ»
F,5 «ҚОНАҚ ҮЙ немесе МОТЕЛЬ»
F,6 «МЕЙРАМХАНА»
F,7 «БУФЕТ немесе ДӘМХАНА»
F,8 «СЕЙІЛГЕ АРНАЛҒАН УЧАСКЕ»
F,9 «ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МАРШРУТТАРЫНЫҢ БАСТАПҚЫ ПУНКТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН УЧАСКЕ»
F,10 «АВТОТУРИСТЕР ЛАГЕРІ (КЕМПИНГ)»
F,11 «КЕМПИНГ ҮШІН ТІРКЕМЕЛЕРДІҢ ТҰРАҚ ОРНЫ»
F,12 «АВТОТУРИСТЕР ЛАГЕРІНЕ АРНАЛҒАН УЧАСКЕ ЖӘНЕ КЕМПИНГ ҮШІН ТІРКЕМЕЛЕРДІҢ ТҰРАҚ ОРНЫ»
F,13 «ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТУРИСТІК БАЗА»
6-қосымша
ТОҚТАУҒА ЖӘНЕ ТОҚТАП ТҰРУҒА ҚАТЫСТЫ БЕЛГІЛЕР
А БӨЛІМІ. ТОҚТАУҒА НЕМЕСЕ ТОҚТАП ТҰРУҒА ТЫЙЫМ САЛАТЫН
НЕМЕСЕ ШЕКТЕЙТІН БЕЛГІЛЕР
Белгілер мен белгілеулердің жалпы сипаттамасы
Бұл белгілер дөңгелек болуы тиіс; елді мекендерден тыс олардың диаметрі кемінде 0,6 м (2 фут) және елді мекендерде кемінде 0,25 м (10 дюйм) болуы тиіс. Осы қосымшада өзге нұсқаулар болмаған жағдайда олардың фоны көгілдір, жиегі мен көлбеу жолақтары қызыл болуы тиіс.
Белгілердің сипаттамасы
1. а) Тоқтап тұруға тыйым салынған жерлерді көрсету үшін «ТОҚТАП ТҰРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,18 белгісі; ал тоқтауға және тоқтап тұруға тыйым салынатын жерлерді көрсету үшін «ТОҚТАУҒА ЖӘНЕ ТОҚТАП ТҰРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ» деген С,19 белгісі пайдаланылады.
b) С,18 белгісі қызыл жиекті және қызыл көлденең жолақты дөңгелек белгімен алмастырылуы мүмкін, онда ақ немесе сары фонда қара бояумен Р әрпі немесе осы мемлекетте «тұрақтар» деп белгілеу үшін қолданылатын идеограмма бейнеленген.
с) Белгінің астында орналастырылатын қосымша тақтайшадағы жазбалар тыйым салуды шектеуі және жағдайларға байланысты:
і) тыйым салу қолданылатын аптаның немесе айдың күндерін немесе күннің уақытын;
іі) С,18 белгісі тоқтап тұруға тыйым салынатын уақытты немесе С,19 белгісі тоқтауға және тоқтап тұруға тыйым салынатын уақытты;
ііі) жолды пайдаланушылардың кейбір санаттарына қатысты ерекшеліктерді көрсетуі мүмкін.
d) Асыруға тыйым салынатын тоқтап тұрудың немесе тоқтаудың ұзақтығына қатысты жазбалар қосымшада тақтайшада емес, белгінің қызыл шеңберінің төменгі бөлігінде орналасуы мүмкін.
2. а) Егер тоқтап тұру жолдың кейде бір жағында, кейде екінші жағында рұқсат етілген болса, С,18 белгісінің орнына «КЕЗЕКТЕСЕТІН ТҰРАҚ» деген С,20а немесе С,20b белгілері пайдаланылады.
b) Тоқтап тұруға тыйым салу С,20а белгісі жағынан тақ күндері және С,20b белгісі жағынан жұп күндері қолданылады, бұл ретте жолдың әр жағын ауыстыру сағаты ұлттық заңнамамен белгіленеді және ол түн ортасы болуы міндетті емес. Ұлттық заңнама, сондай-ақ күнделіктіден өзге, тоқтап тұрудың кезектесу мерзімділігін белгілейді; бұл жағдайда белгідегі I және II цифрлары кезектесу кезеңдерін көрсететін, мысалы әр айдың 1-і мен 16-сы күндерін кезектестіру үшін 1-15 және 16-31 күндермен алмастырылады.
с) Конвенцияның 8-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес қосымша жазбалары бар С,18 белгісі С,19, С,20а және С,20b белгілерін қолданбайтын мемлекеттерде пайдаланылуы мүмкін.
3. а) Ерекше жағдайларды қоспағанда, белгілер олардың дискісі жолдың осіне перпендикуляр немесе осы оське перпендикуляр жазықтыққа қатысты сәл көлбеу болып орнатылады.
b) Тоқтап тұруға қатысты барлық тыйым салулар мен шектеулер жолдың белгілер орнатылған жағында ғана қолданылады.
с) Мыналарда берілуі мүмкін:
- не шегінде тыйым салу қолданылатын ара қашықтық көрсетілетін, 7-қосымшаның 2-үлгісіне сәйкес қосымша тақтайшада;
- не осы тармақтың «е» тармақшасында қамтылған нұсқамаларға сәйкес өзге нұсқамалар болмаған жағдайда тыйым салулар белгіден бастап, жолға шығатын ең жақын жерге дейін қолданылады.
d) Тыйым салуды қолдану басталатын жерге орнатылған белгінің астында 7-қосымшада айтылған 3а немесе 4а үлгісіне сәйкес келетін қосымша тақтайша орналастырылуы мүмкін. Тыйым салуды қайталайтын белгілердің астында 7-қосымшада айтылған 3b немесе 4b үлгісіне сәйкес келетін қосымша тақтайша орналастырылуы мүмкін. Тыйым салу тоқтатылатын жерде 7-қосымшада айтылған 3c немесе 4c үлгісіне сәйкес келетін қосымша тақтайшасы бар тағы бір тыйым салатын белгі орналастырылуы мүмкін. 3-үлгідегі тақтайша жолдың осіне қатарлас, ал 4-үлгідегі тақтайша осы оське перпендикуляр орналастырылады. Егер 3-үлгідегі тақтайшаларда ара қашықтық көрсетілсе, олар сілтемемен көрсетілген бағыттағы тыйым салу қолданылатын қашықтықты білдіреді.
е) Егер тыйым салудың қолданылуы жолға шығатын ең жақын жерге дейін тоқтатылса, жоғарыда, «d» тармақшасында сипатталған қосымша тақтайшасы бар тыйым салудың аяқталғанын көрсететін белгі орнатылады. Алайда тыйым салу тек қысқа қашықтықта қолданылатын болса, бір ғана белгі орнатылуы мүмкін, ол:
- не шегінде осы тыйым салу қолданылатын қашықтықты көрсете отырып, қызыл түсті шеңберден,
- не 3-үлгідегі қосымша тақтайшадан тұрады.
f) Паркометрлермен жабдықталған жерлерде осы паркометрлердің болуы тұрақтың ақылы болып табылатынын және оның ұзақтығы минуттық механизмнің жұмыс уақытымен шектелетінін білдіреді.
g) Шектеулі, бірақ ақылы емес тұрақтар аймақтарында тоқтап тұруды бұл шектеу қосымша тақтайшасы бар С,18 белгілерімен емес, жол бойында орналасқан жарық бағандарында, ағаштарда және т.б. шамамен 2 м биіктікте көк жолақпен немесе жүріс бөлігінің жиегінде жолақтармен белгіленеді.
4. Оның ақылы немесе тегін екендігіне қарамастан, елді мекендерде онда тұру ұзақтығы шектелген аймаққа кіру орнын көрсету үшін «ТҰРУДЫҢ ШЕКТЕЛГЕН АЙМАҒЫ» деген С,21 белгісі қойылады. С,18 белгісі орналастырылатын осы белгінің фоны ашық түсті болуы тиіс. С,18 белгісі Е,23 белгісімен алмастырылуы мүмкін; бұл жағдайда белгінің фоны көгілдір болады.
Тақтайшаның төменгі бөлігінде қосымша тұрақтық диск немесе аймақтағы тұрақты шектеу шарттарын көрсету үшін паркометр бейнеленуі мүмкін.
Тиісті жағдайларда белгінің өзінде немесе С,21 белгісінің астында орналасқан қосымша тақтайшада шектеу күшінде болатын күндер мен сағаттар және шектеу шарттары көрсетіледі.
В БӨЛІМІ. ТОҚТАП ТҰРУҒА ҚАТЫСТЫ ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР БЕРЕТІН
БЕЛГІЛЕР
1. «ТҰРАҚ ОРНЫ» деген белгі
Жолдың осіне қатарлас орнатылуы мүмкін «ТҰРАҚ ОРНЫ» деген Е,23 белгісі көлік құралдарының тоқтап тұруына рұқсат етілген орындарды көрсетеді. Қалқан шаршы нысанында болады. Оған тиісті мемлекетте тұрақты көрсету үшін пайдаланылатын әріп немесе идеограмма жазылады. Бұл белгінің көгілдір фоны болады.
Белгінің астында орналасатын қосымша тақтайшада немесе белгінің өзінде тұрақ орнына бағытты немесе осы орын арналған көлік құралдарының санаттарын көрсететін белгілеулер немесе жазбалар болады; бұл жазбалар рұқсат етілген тоқтап тұру ұзақтығын шектеуі мүмкін.
2. Шектеулі тоқтап тұру аймағынан шығатын жерді көрсету белгісі
Елді мекендерде тоқтап тұру ұзақтығы шектеулі аймақтан шығатын және С,18 белгісі енгізілген С,21 белгісімен белгіленген кіретін жерлерді көрсету үшін Е,24 белгісі пайдаланылады; бұл белгі ақшыл-сұр түсті С,18 белгісі және диагональ қара немесе қара-сұр түсті жолақтан, не болмаса сұр немесе осындай жолақтарды құрайтын қара қатарлас сызықтар енгізілген ақшыл шаршыдан тұрады. Егер аймаққа кіретін жерде Е,23 белгілері енгізілген С,21 белгілері орнатылса, шығатын жер диагональ қара немесе қара-сұр түсті жолақтар, не болмаса сұр немесе осындай жолақтарды құрайтын қара қатарлас сызықтар және ақшыл фондағы тұрақ дискісі бар тақтайшамен белгіленуі мүмкін.
7-қосымша
ҚОСЫМША ТАҚТАЙШАЛАР
1. Бұл тақтайшалардың ақ немесе сары фоны және қара, көк немесе қызыл жиегі болады, ал ара қашықтығы немесе ұзындығы бұл жағдайда қара немесе көк цифрлармен белгіленеді немесе тақтайшалардың қара немесе көк фоны және ақ, сары немесе қызыл жиегі болады да, ал ара қашықтығы немесе ұзындығы ақ немесе сары цифрлармен белгіленеді.
2. а) 1-ҮЛГІДЕГІ қосымша тақтайшалар белгі мен ереже қолданылатын қауіпті учаскенің немесе аймақтың басталатын жердің арасындағы ара қашықтықты көрсетеді.
b) 2-ҮЛГІДЕГІ қосымша тақтайшалар нұсқама қолданылатын қауіпті учаскенің немесе аймақтың ұзындығын көрсетеді.
с) Қосымша тақтайшалар белгілердің астында орналасады. Алайда Аь үлгісінің ескерту белгілеріне қатысты қосымша тақтайшалар үшін қарастырылған белгілеулер де белгілердің астыңғы бөлігіне орналасуы мүмкін.
3. Тоқтап тұруға тыйым салуға немесе шектеуге қатысты 3 және 4-ҮЛГІЛЕРДІҢ қосымша тақтайшалары тиісінше 3а, 3b, 3c, 4a, 4b және 4c ҮЛГІСІНІҢ тақтайшалары (6-қосымшаның А бөлімінің 3-тармағын қараңыз)болып табылады.
8-қосымша
ЖОЛ ТАҢБАСЫ
I тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Жолдың жүріс бөлігіндегі таңба (жол таңбасы) тайғақтық тудырмайтын материалдарды қолдана отырып жасалуы және жол деңгейінен 6 мм аспауы тиіс. Егер жол таңбалау үшін кнопкалар (сыналар) немесе осыған ұқсас құрылғылар қолданылса, олар жол деңгейінен 1,5 см аспауға (немесе жарыққа шағылысатын кнопкалар (сыналар) қолданылған жағдайларда, 2,5 см аспауға) тиіс; оларды пайдалану жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сай болуы тиіс.
II тарау
ҰЗЫНА БОЙЫ ТАҢБА
А. Белгілеулердің көлемдері
2. Ұзына бойы таңбалау кезінде тұтас және үзік сызықтардың ені кемінде 0,1 м (4 дюйм) болуы тиіс.
3. Қатар жүргізілген ұзына бойғы екі сызықтың ара қашықтығы (қос сызық) 0,1 м-ден (4 дюйм) 0,18 м-ге (7 дюйм) дейін болуы тиіс.
4. Үзік сызықтар бірдей ұзындықтағы, бірдей аралықтармен бөлінген кесінділерден тұрады. Сызықтардың және олардың араларының ұзындығын айқындау кезінде жолдың осы учаскесіндегі немесе осы аймақтағы көлік құралдарының жылдамдығы назарға алынуы тиіс.
5. Елді мекендерден тыс үзік сызық ұзындығы 2 м-ден (6 фут 6 дюйм) 10 м-ге (32 фут) дейін болатын кесінділерден тұрады; осы қосымшаның 23-тармағында көрсетілген жақындауды білдіретін кесінді сызықтардың ұзындығы ара қашықтық ұзындығынан 2-3 есе артық болуы тиіс.
6. Елді мекендерде кесінділер мен олардың арасындағы аралықтардың ұзындығы елді мекендерден тыс қолданылатын кесінділер мен аралықтардың ұзындығынан кем болуы тиіс. Кесінділердің ұзындығы 1 м-ге (3 фут 4 дюйм) дейін азайтылуы мүмкін. Алайда кейбір үлкен қалалық жылдамдығы жоғары магистральдарда ұзына бойғы таңбалардың сипаттамалары елді мекендерден тыс жердегідей болуы мүмкін.
В. Қозғалыс жолақтарын белгілеу
7. Қозғалыс жолақтарын таңбалау үзік не тұтас сызықтармен не басқа тиісті құралдармен жүргізіледі.
і) Елді мекендерден тыс жерлерде
8. Екі қозғалыс жолағы бар екі жақты қозғалысы бар жолдарда жолдың жүріс бөлігінің осьтік сызығы ұзына бойғы таңбамен белгіленуі тиіс. Осьтік сызық, әдетте, үзік сызықтармен белгіленеді. Ерекше жағдайларда осы мақсатта тұтас сызық қолданылады.
9. Үш жолақты қозғалысы бар жолдарда көрінуі қалыпты учаскелерде жолақтар, әдетте, үзік сызықтармен көрсетілуге тиіс. Кейбір жекелеген жағдайларда қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін тұтас сызықтар немесе тұтас сызықтармен қатар жүргізілген үзік сызықтар қолданылуы мүмкін.
10. Орталық жолақтардағы қозғалыс бағыты өзгеруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, үш жолақты қозғалысы бар жолдарда қозғалыс бағыттарын бөлу сызығы тұтас сызықпен немесе екі тұтас сызықпен белгіленуі тиіс. Сонымен қатар қозғалыс жолақтары үзік сызықтармен белгіленуі тиіс (1а және 1b диаграммалары).
іі) Елді мекендерде
11. Елді мекендерде осы қосымшаның 8-10-тармақтарында баяндалған ұсынымдар кемінде екі қозғалыс жолағы бар екі жақты және бір жақты қозғалысы бар көшелерге қолданылады.
12. Қозғалыс жолақтары жолдың жүріс бөлігінің ені ернеулердің, қауіпсіздік аралдарының немесе бағыттаушы аралдардың болуы салдарынан шектелген пункттерінде белгіленуі тиіс.
13. Жолдың ені екі немесе бірнеше қатар көлік құралдарының қозғалысына жеткілікті үлкен жол қиылыстары (әсіресе реттелетін) маңайында қозғалыс жолақтары 2 және 3-диаграммаларға сәйкес белгіленуі тиіс. Бұл жағдайларда жолақтардың ара-жігін ажырататын сызықтар сілтемелермен толықтырылуы мүмкін (осы қосымшаның 39-тармағын қараңыз).
С. Ерекше жағдайларды белгілеу
і) Тұтас сызықтарды қолдану
14. Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында кейбір жол қиылыстарында осьтік үзік сызықтарды (4-диаграмма) тұтас сызықпен (5 және 6-диаграммалар) алмастыру немесе толықтыру керек.
15. Егер кері бағыттағы қозғалысқа арналған жолдың бөлігін пайдалануға тыйым салу қажеттілігі туындаса, көру қашықтығы кеміген (жолдың сынуы, бұрылыстарда және т.б.) жерлерде немесе жолдың жүріс бөлігі тарылатын немесе басқа қандай да бір ерекшеліктері бар учаскелерде көру қашықтығы ең аз М көру қашықтығынан төмен жол учаскелері үшін нұсқалатын шектеулер 7а-161/ диаграммаларына сәйкес жасалған тұтас сызықтармен белгіленуге тиіс. Бұл көлік құралдарының конструкциясына сәйкес келетін елдерде 7а-10b диаграммаларында көрсетілген 1 метрге тең көз деңгейіндегі биіктік 1,2 метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін.
16. М үшін қабылдануы қажет шама жолдың сипаттамаларына қарай өзгереді. 7а, 7b, 8а, 8b, 8с және 8y диаграммаларында ара қашықтықты көру шектеулі жол бөлігінде тиісінше екі және үш қозғалыс жолағы бар жолдар үшін сызықтар салу көрсетілген. Бұл диаграммалар олар орналасқан беттің жоғары бөлігінде көрсетілген ұзына бойғы профильдерге және төмендегі 24-тармаққа сәйкес айқындалған М қашықтығына сәйкес келеді: А (немесе D) пункті көру қашықтығы М-дан кіші пункт, ал С (немесе В) көру қашықтығы қайтадан М2/ жоғары болатын пункт болып табылады.
_________
1/ Осы тармақта көрсетілген көру ара қашықтығы ретінде жолдың жүріс бөлігінің деңгейінен 1 метр (3 фут 4 дюйм) биіктікте орнатылған зат жүріс бөлігіндегі бақылаушыға көріну керек, оның көзі де жүріс бөлігі деңгейінен 1 метр (3 фут 4 дюйм) биіктікте болады.
2/ 7-ші диаграммада бейнеленген таңба А және D арасында оның жанына үзік сызықты қатарластырмай, бір тұтас осьтік сызықпен алмастырылуы мүмкін. Оның алдында кемінде үш сызықтан тұратын үзік осьтік сызық жүргізілуі мүмкін. Алайда бұл жеңілдетілген белгілеу сақтықпен, тек ерекше жағдайларда ғана қолданылуға тиіс, себебі көру қашықтығына сәйкес келетін белгілі бір қашықтықта ол жүргізушінің басып озуына кедергі келтіреді. Түсініспеушілік болмау үшін мүмкіндігінше, бір бағытта немесе сол аудандағы бір типті бағыттарда екі әдісті қолдануды болдырмаған жөн.
17. АВ және СD кесінділері бірін-бірі жабатын жағдайларда, яғни егер екі бағыттағы көріну жағдайы жол ойығына жеткенге дейін, М көріну қашықтығынан жоғары болған жағдайда, үзік сызықтармен қатар түсірілген тұтас сызықтар 9, 10а және 10b диаграммаларында көрсетілгендей, түйіспейтін тәсілмен орналастырылуы тиіс.
18. 11а және 11b диаграммалары көрінуі шектеулі екі қозғалыс жолағы бар жолдың иілген учаскесінде осы гипотезадағы сызық белгілеуін көрсетеді.
19. Үш қозғалыс жолағы бар жолдарда екі әдіс қолданылуы мүмкін. Олар 8а, 8b, 8с және 8d диаграммаларында (немесе, жағдайға байланысты - 10а және 10b) көрсетілген 8а немесе 8b диаграммасы (немесе, жағдайға байланысты - 10а) екі доңғалақты көлік құралдарының қозғалысы айтарлықтай жолдарға, ал 8с және 8d диаграммалары (немесе, жағдайға байланысты - 10b) - төрт доңғалақты көлік құралдарының қозғалысы басым жолдарға қолданылады. 11с диаграммасы көрінуі шектеулі үш қозғалыс жолағы бар жолдың иілген учаскесінде сол гипотезадағы сызықтың белгіленуін көрсетеді.
20. 12, 13 және 14-диаграммаларда жолдың жүріс бөлігінің тарылуын белгілейтін сызықтар көрсетілген.
21. 8а, 8b, 8с, 8d, 10а және 10b диаграммаларындағы ауыспалы сызықтардың осьтік сызыққа қатысты көлбеу түсуі 1/20-дан аспауға тиіс.
22. Жолдың жүріс бөлігінің ені өзгерген кездегі таңбаны бейнелейтін 13 және 14-диаграммаларда, сондай-ақ тұтас сызықтың (сызықтардың) алынуын талап ететін кедергілерді көрсететін 15, 16 және 17-диаграммаларда бұл сызықтың немесе сызықтардың көлбеулігі жоғары жылдамдықты жолдарда 1/50-ден кіші басымдықта және қозғалыс жылдамдығы сағатына 50 км-ден (30 миль) аспайтын жолдарда 1/20-дан кем болуы тиіс. Сонымен қатар көлбеу тұтас сызықтардың алдында оның қолданылатын қозғалыс бағытына жолдың жүріс бөлігінің осіне параллель және автомобильдің орташа жылдамдығымен 1 секундта өте алатын қашықтық ұзындығына сәйкес тұтас сызық өтуі тиіс.
23. Жолдың қалыпты учаскесінде үзік сызықтармен қозғалыс жолақтарын белгілеу қажеттілігі болмаған жағдайда, тұтас сызықтың алдында көлік құралдарының қалыпты жылдамдығына тәуелді, яғни кемінде 50 метр қашықтықта үзік сызық болып табылатын жақындағанын көрсететін сызық болуы тиіс. Жолдың қалыпты учаскесінде қозғалыс жолақтары үзік сызықтармен белгіленген жағдайда тұтас сызықтың алдында көлік құралдарының қалыпты жылдамдығына тәуелді, яғни кемінде 50 метр қашықтықта үзік сызық болып табылатын жақындағанын көрсететін сызық болуы тиіс. Таңба сілтемемен немесе жүргізушілерге олар жүруге тиіс қозғалыс жолағын алдын ала сілтейтін бірнеше сілтемелермен толықтырылуы мүмкін.
іі) Тұтас сызықтарды қолдану шарттары
24. Тұтас сызықтар қажет немесе қажет емес жол учаскелерін белгілеу кезінде көру қашықтығын таңдау қабылдануға тиіс, сондай-ақ осы сызықтың тиісті ұзындығын белгілеу ымыра нәтижесі болып табылады. Төменде берілген кесте жақындаудың түрлі жылдамдықтарына сәйкес үшін ұсынылатын шаманы береді3/:
Жақындау жылдамдығы М шамаларының кестесі
100 км/сағ (сағатына 60 миль) 60 м-ден (480 футтан) 320 м-ге (960
фут) дейін
80 км/сағ (сағатына 50 миль) 130 м-ден(380 футтан) 260 м-ге (760
фут) дейін
65 км/сағ (сағатына 40 миль) 90 м-ден (270 футтан) 180 м-ге (540
фут) дейін
50 км/сағ (сағатына 30 миль) 60 м-ден (180 футтан) 120 м-ге (360
фут) дейін
__________
3/ Осы есептеуге қабылданған жақындау жылдамдықты - көлік құралдарының 85%-і асырмайтын қозғалыс жылдамдығы немесе егер ол жоғарырақ болса, негізгі жылдамдық.
25. Осы кестеде көрсетілмеген жылдамдықтар үшін тиісті М шамасы интерполяцияның немесе экстраполяцияның көмегімен есептелуі тиіс.
D. Жолдың жүріс бөлігінің шекарасын белгілейтін шектес сызықтар
26. Жолдың жүріс бөлігінің шекараларын белгілейтін сызықтар таңбасы көбіне тұтас сызықтан тұрады. Осы сызықтармен үйлесімде плиткалар, кнопкалар немесе жарық шағылыстырғыштар қолданылуы мүмкін.
Е. Кедергілерді белгілеу
27. 15, 16 және 17-диаграммаларда жолдың жүріс бөлігіндегі аралдардың немесе басқа да кедергілердің маңайына жасалуы тиіс таңбаның үлгілері бейнеленген.
F. Бұрылыс сызықтары
28. Кейбір жол қиылыстарында оң жақты қозғалысты елдерде солға бұрылу қалай жүргізілетінің немесе сол жақты қозғалысты елдерде оңға бұрылу қалай жүргізілетінің жүргізушілерге көрсету қажет.
III ТАРАУ
КӨЛДЕНЕҢ ТАҢБА
А. Жалпы ережелер
29. Жүргізушілерге жол таңбасы көрінетін көру бұрышын ескере отырып, көлденең белгілеулер ұзына бойғы белгілеулерден жалпақ болуы тиіс.
В. Тоқтау сызығы
30. Тоқтау сызығының ең кіші ені 0,2 м (8 дюйм), ал ең жоғары ені 0,6*м (24 дюйм) болуы тиіс. Ұсынылатын ені 0,3 м (12 дюйм).
31. Бұл сызық тоқтауды білдіретін жол белгісімен қатар қолданылған жағдайда, тоқтау сызығы оның тікелей алдына келіп тоқтаған жүргізуші жол қиылысының басқа кіреберістеріндегі қозғалысты еркін байқай алуына мүмкіндік беретіндей етіп жасалуы тиіс; бұл ретте басқа көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысынан туындайтын талаптар назарға алынуы тиіс.
32. Тоқтау сызығы ұзына бойғы сызықтармен толықтырылуға тиіс (18 және 19-диаграммаларды қараңыз). Олар жолдың жүріс бөлігінде белгіленген «ТОҚТА» деген сөзбен толықтырылуы мүмкін; мұндай таңбаның үлгілері 20 және 21-диаграммаларда берілген. «ТОҚТА» деген сөз әріптерінің жоғары төбесі мен тоқтау сызығының арасындағы қашықтық 2 м-ден (6 фут 7 дюйм) кем болмауы және 25 м-ден (82 фут 2 дюйм) аспауы тиіс.
С. Жүргізушілер жол беруге міндетті жерді белгілейтін сызықтар
33. Әрбір сызықтың ең кіші ені 0,2 м (8 дюйм), ал ең жоғары ені 0,6 м-ді (24 дюйм) құрауы тиіс; егер екі сызық болса, олардың арасындағы қашықтық кемінде 0,3 м-ді (12 дюйм) құрауы тиіс. Сызық жолда қатар орналасқан үшбұрыштармен ауыстырылуы мүмкін, олардың ұшы жол беруге міндетті жүргізуші жаққа бағытталған. Бұл үшбұрыштардың кемінде 0,4 м (16 дюйм) және 0,6 м-ден (24 дюйм) аспайтын негізі және кемінде 0,5 м (24 дюйм) және 0,7 м-ден (28 дюйм) аспайтын биіктігі болуға тиіс.
34. Көлденең таңба осы қосымшаның 31-тармағында айтылған тоқтау сызығына ұқсас жағдайларда жүргізілуі тиіс.
35. 34-тармақта көрсетілген таңба жолдың жүріс бөлігіне жасалатын және үлгісі 22-диаграммада берілген үшбұрышпен толықтырылуы мүмкін. Осы үшбұрыштың негізі мен көлденең таңбаның арасындағы қашықтық 2 м-ден (6 фут 7 дюйм) 25 м-ге (82 фут 2 дюйм) дейін болуы тиіс. Осы үшбұрыштың негізі кемінде 1 м (3 фут 4 дюйм) болуы тиіс; оның биіктігі негізінен үш есе артық болуы тиіс.
36. Бұл көлденең таңба ұзына бойғы сызықтармен толықтырылуы мүмкін.
D. Жаяу жүргіншілер өтпелері
37. Жаяу жүргіншілер өтпесі белгіленген жолақтардың ара қашықтығы кемінде осы жолақтардың еніне тең болуы және одан екі еседен артық аспауы тиіс. Бір жолақтың жалпы ені және жолақтардың арасындағы аралық 1 м-ден (3 фут 4 дюйм) 1,4 м-ге (4 фут 8 дюйм) дейін болуы тиіс. Жаяу жүргіншілер өтпесінің ұсынылатын ең кіші ені жылдамдық 60 км/сағ-пен шектелетін жолдарда 2,5 м (8 фут) және жоғарырақ жылдамдыққа рұқсат етілген немесе жылдамдық шектелмейтін жолдарда 4 м (13 фут).
Е. Велосипедшілерге арналған өтпелер
38. Велосипедшілерге арналған өтпелер қосарланған үзік сызықтармен белгіленуі тиіс. Бұл үзік сызықтар басымдылығы бойынша шаршылардан (0,4 - 0,6) х (0,4 - 0,6) м [(16-24) х (16-24) дюйм] тұруы тиіс. Бұл шаршылардың арасындағы ара қашықтық 0,4 - 0,6 м-ді (16-24 дюйм) құрауы тиіс. Өтпенің ені 1,8 м-ден (6 фут) кем болмауы тиіс. Плиткалар мен кнопкаларды қолдану ұсынылмайды.
IV ТАРАУ
ТАҢБАЛАРДЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРI
А. Сілтемелер
39. Жол қиылысына жақындаған кезде көлік құралдарының орын ауыстыруына мүмкіндік беретін жеткілікті қозғалыс жолақтары бар жолдарда қозғалыс үшін пайдаланылуға тиіс жолақтар жолдың жүріс бөлігінің үстіне түсірілетін сілтемелердің көмегімен (2, 3, 19 және 23-диаграммалар) көрсетілуі мүмкін. Сілтемелер, сондай-ақ бір жақты қозғалысты жолдарда қозғалыс бағытын растау үшін қолданылуы мүмкін. Бұл сілтемелердің ұзындығы 2 м-ден (6 фут 7 дюйм) кем болмауы тиіс. Сілтемелердің белгіленуі жүріс бөлігіндегі жазулармен толықтырылуы мүмкін.
В. Қатарлас көлбеу сызықтар
40. 24 және 25-диаграммаларда көлік құралдарының кіруіне тыйым салынған аймақтар мысалға келтірілген.
С. Жазбалар
41. Жолдың жүріс бөлігіндегі жазбалар қозғалысты реттеу, жолды пайдаланушыларға ескерту немесе бағыттау мақсатында қолданылуы мүмкін. Бұл ретте қолданылатын сөздер елді мекендердің атаулары не болмаса жолдардың нөмірлері, не болмаса халықаралық тұрғыда жалпыға бірдей қабылданған сөздер (мысалы: «stop», «bus», «taxi») болуы тиіс.
42. Жүргізушілерге жазбалар көрінетін өте кіші көру бұрышы салдарынан әріптер қозғалыс бағытына қарай едәуір созылыңқы болуы тиіс (20-диаграмманы қараңыз).
43. Жақындау жылдамдығы сағатына 50 км-ден (30 миль) асатын жағдайларда әріптердің ең кіші ұзындығы 2,5 м-ді (8 фут) құрауы тиіс.
D. Тоқтауға және тоқтап тұруға қатысты белгілеулер
44. Тоқтауды және тоқтап тұруды шектеулер өрнеулердегі немесе жүріс бөлігіндегі таңбамен көрсетілуі мүмкін. Тоқтап тұру орындарының шекаралары жолдың жүріс бөлігінің үстіңгі бетіне жүргізілген тиісті сызықтармен белгіленуі мүмкін.
Е. Жолдың жүріс бөлігіндегі және оған іргелес құрылыстардағы таңба
і) Көлік құралдарының тоқтап тұруы шектелген орынды көрсететін таңба
45. 26-диаграммада ирек түріндегі сызықтың үлгісі беріледі.
іі) Кедергі болатын заттардағы белгілеулер
46. Кедергіні білдіретін заттардағы белгілеулердің үлгісі 27-диаграммада келтірілген.
РҚАО-ның ескертпесі. 1а - 27 диаграммаларды қағаз мәтінен қараңыз.
9-қосымша
1-7 қосымшаларда көрсетілген сигналдық белгілер, белгілеулер мен сілтемелердің түрлі-түсті бейнелері.
РҚАО-ның ескертпесі. Суреттерді қағаз мәтінен қараңыз.
Ауғанстан үшін:
Албания үшін:
Алжир үшін:
Аргентина үшін:
Австралия үшін:
Австрия үшін:
Барбадос үшін:
Бельгия үшін:
Боливия үшін:
Ботсвана үшін:
Бразилия үшін:
Болгария үшін:
Бирма үшін:
Бурунди үшін:
Белоруссия Кеңістік Социалистік Республикасы үшін:
Камбоджа үшін:
Камерун үшін:
Канада үшін:
Орталық Африка Республикасы үшін:
Цейлон үшін:
Чад үшін:
Чили үшін:
Қытай үшін:
Колумбия үшін:
Конго (Браззавиль) үшін:
Конго Демократиялық Республикасы үшін:
Коста-Рика үшін:
Куба үшін:
Кипр үшін:
Чехословакия үшін:
Дагомей үшін:
Дания үшін:
Доминикан Республикасы үшін:
Эквадор үшін:
Сальвадор үшін:
Эфиопия үшін:
Германия Федеративтік Республикасы үшін:
Финляндия үшін:
Франция үшін:
Габон үшін:
Гамбия үшін:
Гана үшін:
Греция үшін:
Гватемала үшін:
Гвинея үшін:
Гвиана үшін:
Гаити үшін:
Әулие тағы үшін:
Гондурас үшін:
Венгрия үшін:
Исландия үшін:
Үндістан үшін:
Индонезия үшін:
Иран үшін:
Ирак үшін:
Ирландия үшін:
Израиль үшін:
Италия үшін:
Піл сүйегі жағалауы үшін:
Ямайка үшін:
Жапония үшін:
Иордания үшін:
Кения үшін:
Кувейт үшін:
Лаос үшін:
Ливан үшін:
Лесото үшін:
Либерия үшін:
Ливия үшін:
Лихтенштейн үшін:
Люксембург үшін:
Мадагаскар үшін:
Малавия үшін:
Малай Федерациясы үшін:
Мальдиви аралдары үшін:
Мали үшін:
Мальта үшін:
Мавритания үшін:
Маврикий үшін:
Мексика үшін:
Монако үшін:
Монғолия үшін:
Марокко үшін:
Непал үшін:
Нидерланды үшін:
Жаңа Зеландия үшін:
Никарагуа үшін:
Нигер үшін:
Нигерия үшін:
Норвегия үшін:
Пәкістан үшін:
Панама үшін:
Парагвай үшін:
Перу үшін:
Филиппин үшін:
Польша үшін:
Португалия үшін:
Корей Республикасы үшін:
Вьетнам Республикасы үшін:
Румыния үшін:
Руанда үшін:
Сан-Марино үшін:
Сауд Арабиясы үшін:
Сенегал үшін:
Сьерра-Леоне үшін:
Сингапур үшін:
Сомали үшін:
Оңтүстік Африка үшін:
Оңтүстік Йемен үшін:
Испания үшін:
Судан үшін:
Свазиленд үшін:
Швеция үшін:
Швейцария үшін:
Сирия үшін:
Таиланд үшін:
Того үшін:
Тринидад және Тобаго үшін:
Тунис үшін:
Түркия үшін:
Уганда үшін
Украин Кеңістік Социалистік Республикасы үшін:
Кеңістік Социалистік Республикалар Одағы үшін:
Біріккен Араб Республикасы үшін:
Ұлыбритания Біріккен корольдігі және Солтүстік Ирландия үшін:
Біріккен Танзания Республикасы үшін:
Америка Құрама Штаттары үшін:
Жоғарғы Вольта үшін:
Уругвай үшін:
Венесуэла үшін:
Самоа үшін:
Йемен үшін:
Югославия үшін:
Замбия үшін:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясының қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінімен сәйкес келтірілді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік тіл және ақпарат
департаментінің бастығы Қ. Жұманов