Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімін ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 302-IV Заңы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте жасалған Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімі ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі
келісімі

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері

      кеден одағының кедендік аумағын халық арасындағы инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың), санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін өнімнің (тауарлардың) әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында,

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитариялық шаралар саласында келісілген саясат жүргізу жөніндегі келісімге сүйене отырып,

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізудің орындылығын тани отырып,

      Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді (2005), 1994 жылғы 15 сәуірде Марракеш қаласында көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңінің қорытындылары бойынша қабылданған Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі келісімін және Санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісімін, 2001 жылғы 31 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді, 2004 жылғы 16 сәуірдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге импортталатын қауіптілігі ықтимал өнімді гигиеналық бағалау кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімді назарға ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат" - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын және уәкілетті органдар беретін құжат (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);

      санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) - кеден одағының нормативтік құқықтық актілерінде және Тараптар мемлекеттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамаларында белгіленген міндетті талаптарды бұзуды болдырмауға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған уәкілетті органдардың қызметі;

      санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар - өмір сүру ортасы факторларының адамға зиянды әсерінің қаупін бағалауға, оны жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) пайда болуы мен таралуын болдырмауға және оларды жоюға бағытталған ұйымдастыру, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитариялық және өзге де шаралар;

      бақылаудағы тауарлар - Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын, адамға қауіп төндіретін тауарлар, химиялық, биологиялық және радиоактивті заттар, қалдықтар және өзге де жүктер, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және кеден одағының кедендік аумағына жылжыйтын тамақ өнімдері, материалдар және бұйымдар;

      уәкілетті органдар - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті, Тараптар мемлекеттері органдары мен мекемелері.

      Осы Келісімде арнайы айқындалмаған терминдер кеден одағы шеңберінде жасалған басқа да халықаралық шарттарда белгіленген мағыналарда қолданылады.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 398-IV Заңымен.

2-бап

      Осы Келісімнің күші адамдарға, көлік құралдарына, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы мен кедендік аумағында санитариялық-эпидемологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Тауарлардың бірыңғай тізбесі) енгізілген бақылаудағы тауарларға қолданылады.

      Кеден одағының кедендік шекарасындағы және кедендік аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін адамдар мен көлік құралдарын, кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және кеден одағының кедендік аумағына жылжыйтын бақылаудағы тауарларды Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі - Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тәртібі туралы ереже) сәйкес жүргізіледі.

      Кеден одағының кедендік аумағында Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар (бұдан әрі - Бірыңғай санитариялық талаптар) қолданылады. Бірыңғай санитариялық талаптар бақылаудағы тауарлардың осы түріне ЕурАзЭҚ техникалық регламенттер қабылдағанға дейін қолданылады.

      Осы Келісімді орындау мақсатында Тараптар:

      - бақылаудағы тауарлардың Бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкестігін анықтау жөнінде уәкілетті органдардың жұмыстарының нәтижелерін таниды;

      - кеден одағының кедендік аумағына адам денсаулығы үшін қауіпті, инфекциялық және инфекциялық емес жаппай аурулардың (уланулардың) әкелінуін, таралуын болдырмауға, төтенше жағдайлардың, сондай-ақ биологиялық агенттерді, химиялық және радиоактивті заттар қолданылатын терроризм актілерінің салдарларын жоюға бағытталған келісілген шаралар қабылдайды;

      - кеден одағының кедендік аумағына адам өмірі, денсаулығы және оның өмір сүру ортасы үшін қауіпті, бақылаудағы тауарлардың әкелінуін және айналымын болдырмау жөнінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 398-IV Заңымен.

3-бап

      Тараптар кеден одағының кедендік шекарасында орналасқан Тараптар мемлекеттерінің өткізу пункттерінде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жылжу кезінде адамдарға, көлік құралдарына, бақылаудағы тауарларға қатысты санитариялық-эпидемологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асырады.

      Тараптар бақылаудағы тауарлардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жылжуына арналған өткізу пункттерінде санитариялық-карантинтік пункттер құрады және қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды.

      Кеден одағының комиссиясы тиісті Тараптардың өз заңнамаларына сәйкес айқындалатын, арнайы жабдықталған өткізу пункттерінде жылжуы кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жүзеге асырылатын бақылаудағы тауарлардың тізбесін айқындайды.

4-бап

      Уәкілетті органдар Бірыңғай нысандар бойынша ресімделетін өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын, құжаттардың үлгілерін және оларды беруді жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің тізбелерін алмасады.

5-бап

      Кеден одағының кедендік аумағына бақылаудағы тауарларды әкелу және олардың айналысы өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат болған кезде жүзеге асырылады.

      Тараптар Бірыңғай нысан бойынша уәкілетті органдар берген және өнімдердің (тауарлардың) Бірыңғай санитариялық талаптарға немесе қайта ресімдемей, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне сәйкестігін растайтын, Бірыңғай тауарлар тізбесіне енгізілген өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды таниды.

      Өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын, уәкілетті органдар осы Келісім күшіне енгенге дейін ресімдеген құжаттар осы құжатты берген Тарап мемлекетінің аумағында олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

      Мемлекеттік санитариялық=эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру барысында Бірыңғай санитариялық талаптарға немесе ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлар анықталған кезде Тараптар Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тәртібі туралы ережеге сәйкес шаралар қабылдайды. Тараптар осы құжаттар негізге алынып берілген, өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарды берген уәкілетті органдардан зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) хаттамаларын сұратуға құқығы бар.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 398-IV Заңымен.

6-бап

      Тауарлардың бірыңғай тізбесі, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тәртібі туралы ереже, Бірыңғай санитариялық талаптар және Өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттардың бірыңғай нысандары Кеден одағы комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) шешімімен бекітіледі.

      Комиссия өзіне Тараптар тиісті өкілеттіктер берген күннен бастап осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды жүргізуді жүзеге асырады.

      Осы баптың мақсаты үшін Комиссияның құжаттарды жүргізуі деп белгіленген тәртіппен баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларды кейіннен бекіту және Тараптарға жеткізуді түсіндіреміз.

      Белгіленген тәртіппен, соның ішінде Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша Комиссияның қарауына осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізіледі.

7-бап

      Инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған және (немесе) кеден одағының кедендік аумағында:

      - халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулар (уланулар);

      - адам өміріне, денсаулығына және оның өмір сүру ортасына қауіпті өнімдер таралған жағдайларда,

      уәкілетті органдар 2008 жылғы 12 желтоқсандағы техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласында Еуразия экономикалық қоғамдастығының ақпарат жүйесін құру туралы келісімге сәйкес құрылатын техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы Еуразия экономикалық қоғамдастығының ақпарат жүйесіне және Еуразия экономикалық қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің (кеден одағының жоғарғы соты) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 22 Шешімімен мақұлданған, Кеден одағы сыртқы және өзара саудасының ықпалдас ақпарат жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес құрылатын, Кеден одағы сыртқы және өзара саудасының ықпалдас ақпарат жүйесіне олар туралы, сондай-ақ қабылданған санитарлық шаралар туралы ақпарат жібереді.

      Уәкілетті органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзара ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді және бір-бірін:

      - Бірыңғай санитариялық талаптарға немесе ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың түсу мүмкіндіктері туралы;

      - Халықаралық медициналық-санитарлық ережеде (2005 ж.) берілген аса қауіпті инфекциялық аурулар және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті өнімдер анықталған әрбір жағдай туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 398-IV Заңымен.

8-бап

      Уәкілетті органдар қажет болған жағдайда және өзара уағдаластық бойынша санитариялық шаралар және кеден одағының кедендік аумағын инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың), санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың әкелінуінен және таралуынан қорғау саласындағы кеден одағының заңнамасын сақтау мақсатында бақылаудағы тауарларды өндіретін Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында, сондай-ақ басқа да мәселелерді жедел шешу үшін бірлескен тексерулер (инспекциялар) жүргізеді.

      Егер әрбір нақты жағдайда өзге тәртіп келісілмесе, осы Келісімді іске асыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру Тараптар мемлекеттерінің тиісті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

9-бап

      Тараптар:

      - Тарап мемлекетінің аумағында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай нашарлаған;

      - тиісті халықаралық ұйымдардан, осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын Тараптардан немесе мемлекеттерден қолданылатын санитариялық шаралар және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы ақпарат алған;

      - егер санитариялық шараларды қолданудың тиісті ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған немесе қажетті мерзімде ұсыну мүмкін болмаған;

      - Бірыңғай санитариялық талаптарға немесе ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлар анықталған жағдайларда уақытша санитариялық шаралар енгізуге және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізуге құқығы бар.

      Тараптар өздерінің санитариялық шаралар енгізгені, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізгені және олардағы өзгерістер туралы бір бірін мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабардар етеді.

      Тараптардың бірі уақытша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар енгізген кезде басқа Тараптар қажетті шаралар қабылдайды және мұндай іс-шараларды енгізу туралы шешім қабылдаған Тарапты қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.24 N 398-IV Заңымен.

10-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.

      Егер Тараптардың бірінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының Сотына береді.

11-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

12-бап

      Осы Келісімнің күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.

      2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Келісімнің түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірмені жолдайды.

Беларусь

Қазақстан

Ресей

Республикасының

Республикасының

Федерациясының

Үкіметі

Үкіметі

Үкіметі

үшін

үшін

үшін


О ратификации Соглашения таможенного союза по санитарным мерам

Закон Республики Казахстан от 30 июня 2010 года № 302-IV.

      Примечание РЦПИ!
      Соглашение прекращает действие в связи с вступлением в силу Договора о Евразийском экономическом союзе, ратифицированного Законом РК от 14.10.2014 № 240-V (порядок введения в действие см. ст. 113).

      Ратифицировать Соглашение таможенного союза по санитарным мерам, совершенное в Санкт-Петербурге 11 декабря 2009 года.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев


СОГЛАШЕНИЕ
таможенного союза по санитарным мерам (Бюллетень международных договоров РК, 2010 г., N 5, ст. 48) (Вступило в силу 1 июля 2010 года)

      Правительства государств-членов таможенного союза в рамках Евразийского экономического сообщества (далее - таможенный союз), именуемые в дальнейшем Сторонами,

      в целях обеспечения охраны таможенной территории таможенного союза от завоза и распространения инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений) среди населения, продукции (товаров), не соответствующей санитарно-эпидемиологическим и гигиеническим требованиям,

      основываясь на Соглашении о проведении согласованной политики в области технического регулирования, санитарных и фитосанитарных мер от 25 января 2008 года,

      признавая целесообразность проведения согласованной политики в области обеспечения санитарно-эпидемиологического благополучия населения,

      принимая во внимание Международные медико-санитарные правила (2005 г.), Соглашения по техническим барьерам в торговле и Соглашения по применению санитарных и фитосанитарных мер Всемирной торговой организации, принятых по итогам Уругвайского раунда многосторонних торговых переговоров 15 апреля 1994 года в г. Марракеш, Соглашение о сотрудничестве в области санитарной охраны территорий государств-участников Содружества Независимых Государств от 31 мая 2001 года, Соглашение о порядке взаимодействия при гигиенической оценке потенциально опасной продукции, импортируемой в государства-участники Содружества Независимых Государств от 16 апреля 2004 года,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для целей настоящего Соглашения используются следующие основные понятия:

      "документ, подтверждающий безопасность продукции (товаров)" - документ (свидетельство о государственной регистрации), удостоверяющий соответствие продукции (товаров), подлежащей санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю), требованиям безопасности для здоровья человека и выдаваемый уполномоченными органами;

      "санитарно-эпидемиологический надзор (контроль)" - деятельность уполномоченных органов, направленная на предупреждение, обнаружение и пресечение нарушений обязательных требований, установленных нормативными правовыми актами таможенного союза и законодательством государств Сторон в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения;

      "санитарно-противоэпидемические мероприятия" - организационные, административные, инженерно-технические, медико-санитарные и иные меры, направленные на оценку риска вредного воздействия на человека факторов среды обитания, его устранение или уменьшение, предотвращение возникновения и распространения инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений) и их ликвидацию;

      "подконтрольные товары" - товары, химические, биологические и радиоактивные вещества, отходы и иные грузы, представляющие опасность для человека, пищевые продукты, материалы и изделия, перемещаемые через таможенную границу таможенного союза и на таможенной территории таможенного союза, подлежащие государственному санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) в соответствии с законодательством государств Сторон;

      "уполномоченные органы" - органы и учреждения государств Сторон, уполномоченные в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      Термины, специально не определенные в настоящем Соглашении, используются в значениях, установленных другими международными договорами, заключенными в рамках таможенного союза.

      Сноска. Статья 1 с изменением, внесенным Законом РК от 24.01.2011 № 398-IV.

Статья 2

      Действие настоящего Соглашения распространяется на лиц, транспортные средства, а также подконтрольные товары, включенные в Единый перечень товаров, подлежащих санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) на таможенной границе и таможенной территории таможенного союза (далее - Единый перечень товаров).

      Санитарно-эпидемиологический надзор (контроль) на таможенной границе и таможенной территории таможенного союза проводится в соответствии с Положением о порядке осуществления государственного санитарно-эпидемиологического надзора (контроля) за лицами и транспортными средствами, пересекающими таможенную границу таможенного союза, подконтрольными товарами, перемещаемыми через таможенную границу таможенного союза и на таможенной территории таможенного союза (далее - Положение о порядке санитарно-эпидемиологического надзора).

      На таможенной территории таможенного союза применяются Единые санитарно-эпидемиологические и гигиенические требования к товарам, подлежащим санитарно-эпидемиологическому надзору (контролю) (далее - Единые санитарные требования). Единые санитарные требования действуют до принятия технических регламентов ЕврАзЭС на данный вид подконтрольных товаров.

      В целях выполнения настоящего Соглашения Стороны:

      - признают результаты работ уполномоченных органов по определению соответствия подконтрольных товаров Единым санитарным требованиям;

      - принимают согласованные меры, направленные на предупреждение завоза, распространения и ликвидацию на таможенной территории таможенного союза инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений), опасных для здоровья человека, последствий чрезвычайных ситуаций, а также актов терроризма с применением биологических агентов, химических и радиоактивных веществ;

      - осуществляют санитарно-противоэпидемические мероприятия по недопущению ввоза на таможенную территорию таможенного союза и оборота опасных для жизни, здоровья человека и среды его обитания подконтрольных товаров.

      Сноска. Статья 2 с изменением, внесенным Законом РК от 24.01.2011 № 398-IV.

Статья 3

      Стороны осуществляют санитарно-эпидемиологический надзор (контроль) в отношении лиц, транспортных средств, подконтрольных товаров при перемещении их через таможенную границу таможенного союза в пунктах пропуска государств Сторон, расположенных на таможенной границе таможенного союза.

      Стороны создают в пунктах пропуска, предназначенных для перемещения подконтрольных товаров через таможенную границу таможенного союза, санитарно-карантинные пункты и принимают меры по проведению необходимых санитарно-противоэпидемических мероприятий.

      Комиссия таможенного союза определяет перечень подконтрольных товаров, перемещение которых через таможенную границу таможенного союза осуществляется в специально оборудованных пунктах пропуска, определяемых соответствующими Сторонами в соответствии с их законодательством.

Статья 4

      Уполномоченные органы обмениваются образцами документов, подтверждающих безопасность продукции (товаров), оформляемых по Единым формам, и перечнями органов и учреждений, осуществляющих их выдачу.

Статья 5

      Ввоз и обращение подконтрольных товаров на таможенной территории таможенного союза осуществляется при наличии документа, подтверждающего безопасность продукции (товаров).

      Стороны признают документы, подтверждающие безопасность продукции (товаров), включенной в Единый перечень товаров, выданные уполномоченными органами по Единой форме и удостоверяющие соответствие продукции (товаров) Единым санитарным требованиям или техническим регламентам ЕврАзЭС, без переоформления.

      Документы, подтверждающие безопасность продукции (товаров), оформленные уполномоченными органами до вступления в силу настоящего Соглашения, действуют до истечения срока их действия на территории государства Стороны, выдавшей данный документ.

      В ходе осуществления государственного санитарно-эпидемиологического надзора (контроля) при выявлении подконтрольных товаров, не соответствующих Единым санитарным требованиям или техническим регламентам ЕврАзЭС, Стороны принимают меры в соответствии с Положением о порядке санитарно-эпидемиологического надзора. Стороны имеют право запрашивать протоколы лабораторных исследований (испытаний) у уполномоченных органов, выдавших документы, подтверждающие безопасность продукции (товаров), на основании которых выданы данные документы.

      Сноска. Статья 5 с изменениями, внесенными Законом РК от 24.01.2011 № 398-IV.

Статья 6

      Единый перечень товаров, Положение о порядке санитарно-эпидемиологического надзора, Единые санитарные требования и Единые формы документов, подтверждающих безопасность продукции (товаров), утверждаются решением Комиссии таможенного союза (далее - Комиссия).

      Комиссия с даты предоставления ей Сторонами соответствующих полномочий осуществляет ведение документов, указанных в части первой настоящей статьи.

      Для целей настоящей статьи под ведением документов Комиссией понимается внесение изменений и дополнений в указанные в части первой настоящей статьи документы в установленном порядке, их последующее утверждение и доведение до Сторон.

      Предложения о внесении изменений и дополнений в документы, указанные в части первой настоящей статьи, вносятся на рассмотрение Комиссии в установленном порядке, в том числе и по предложению уполномоченных органов государств Сторон.

Статья 7

      Уполномоченные органы в случаях обнаружения инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений) и (или) распространения на таможенной территории таможенного союза:

      - инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений) среди населения;

      - продукции, опасной для жизни, здоровья человека и среды его обитания,

      направляют информацию о них, а также о принятых санитарных мерах в Информационную систему Евразийского экономического сообщества в области технического регулирования, санитарных и фитосанитарных мер, создаваемую в соответствии с Соглашением о создании информационной системы Евразийского экономического сообщества в области технического регулирования, санитарных и фитосанитарных мер от 12 декабря 2008 года, и Интегрированную информационную систему внешней и взаимной торговли таможенного союза, создаваемую в соответствии с Концепцией формирования Интегрированной информационной системы внешней и взаимной торговли таможенного союза, одобренной Решением Межгосударственного Совета Евразийского экономического сообщества (высшего органа таможенного союза) от 27 ноября 2009 года № 22.

      Уполномоченные органы оказывают взаимную научно-методическую и техническую помощь в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения и информируют друг друга:

      - о возможных поступлениях подконтрольных товаров, не соответствующих Единым санитарным требованиям или техническим регламентам ЕврАзЭС;

      - о каждом случае обнаружения особо опасных инфекционных болезней, представленных в Международных медико-санитарных правилах (2005 г.), и опасной для жизни и здоровья человека продукции.

      Сноска. Статья 7 с изменением, внесенным Законом РК от 24.01.2011 № 398-IV.

Статья 8

      Уполномоченные органы, при необходимости и по взаимной договоренности, в целях соблюдения законодательства таможенного союза в области санитарных мер и охраны таможенной территории таможенного союза от ввоза и распространения инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений), подконтрольных товаров, не соответствующих санитарно-эпидемиологическим и гигиеническим требованиям, проводят совместные проверки (инспекции) на территориях государств Сторон, производящих подконтрольные товары, а также для оперативного решения иных вопросов.

      Финансирование расходов, связанных с реализацией настоящего Соглашения, осуществляется из соответствующих бюджетов государств Сторон, если в каждом конкретном случае не будет согласован иной порядок.

Статья 9

      Стороны имеют право вводить временные санитарные меры и проводить санитарно-противоэпидемические мероприятия в случаях:

      - ухудшения санитарно-эпидемиологической ситуации на территории государства Стороны;

      - получения информации от соответствующих международных организаций, от Сторон или государств, не являющихся участниками настоящего Соглашения, о применяемых санитарных мерах и (или) ухудшении санитарно-эпидемиологической ситуации;

      - если соответствующее научное обоснование применения санитарных мер является недостаточным или не может быть представлено в необходимые сроки;

      - выявления подконтрольных товаров, не соответствующих Единым санитарным требованиям или техническим регламентам ЕврАзЭС.

      Стороны в возможно короткий срок уведомляют друг друга о введении ими санитарных мер, проведении санитарно-противоэпидемических мероприятий и их изменениях.

      При введении одной из Сторон временных санитарных мер другие Стороны принимают необходимые меры и проводят санитарно-противоэпидемические мероприятия, обеспечивающие надлежащий уровень защиты Стороны, принявшей решение о введении таких мер.

      Сноска. Статья 9 с изменением, внесенным Законом РК от 24.01.2011 № 398-IV.

Статья 10

      Споры между Сторонами, связанные с толкованием и (или) применением настоящего Соглашения, разрешаются путем проведения консультаций и переговоров.

      Если спор не будет урегулирован Сторонами в течение шести месяцев с даты поступления официальной письменной просьбы о проведении консультаций и переговоров, направленной одной из Сторон другим Сторонам, любая из Сторон передает этот спор для рассмотрения в Суд Евразийского экономического сообщества.

Статья 11

      По договоренности Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения, которые оформляются отдельными протоколами.

Статья 12

      Порядок вступления настоящего Соглашения в силу, присоединения к нему и выхода из него определяется Протоколом о порядке вступления в силу международных договоров, направленных на формирование договорно-правовой базы таможенного союза, выхода из них и присоединения к ним от 6 октября 2007 года.

      Совершено в городе Санкт-Петербурге 11 декабря 2009 года в одном подлинном экземпляре на русском языке.

      Подлинный экземпляр настоящего Соглашения хранится в Комиссии таможенного союза, которая являясь депозитарием настоящего Соглашения, направит каждой Стороне заверенную копию.

За

За

За

Правительство

Правительство

Правительство

Республики

Республики

Российской

Беларусь

Казахстан

Федерации