Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2004 жылғы 16 сәуірде Чолпон-Ата қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге импортталатын қауіптілігі ықтимал өнімдерді гигиеналық бағалау кезіндегі өзара іс-қимылдың тәртібі туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге импортталатын қауiптегi ықтимал өнiмдердi гигиеналық бағалау кезiндегi өзара iс-қимылдың тәртiбi туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметi,
белгілi бiр жағдайларда өзінiң гигиеналық сипаттамасы (өлшемдерi) бойынша тұтынушының өмiрi мен денсаулығы және оның тiршілік ету ортасы үшiн нақты қауiп төндiруi мүмкiн қауіптілiгi ықтимал өнiмдердi гигиеналық бағалау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып,
белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға және Тараптар мемлекеттерi халқының денсаулығын сақтау талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердiң тұтыну рыногына жеткiзілуiнiң алдын aлу мақсатында сауданы бұдан әрi ырықтандыруға ұмтыла отырып және оның халықаралық сауда саласындағы халықаралық келiсiмдердiң шеңберiнде дамуы үшiн жасанды кедергілердiң пайда болуына жол бермеу қажеттігiн ескере келе, стандартталған жабдықтың бiрыңғай әдiстерiн пайдалана отырып, өзара байланысты және өзара танымды өнiмдердiң қауiпсiздiгiн мемлекеттiк қадағалау мен бақылаудың ұлттық жүйесi шеңберiндегi жұмыстарды жүзеге асыру қажеттiгіне орай,
қандай да бiр өнiм түрлерiне мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерi қоятын нормативтiк талаптар мен өнiмдердiң қауiпсiздiк көрсеткiштерiнiң үйлесуiн қамтамасыз ету жөнiндегі жұмысты жалғастыра отырып,
осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың мемлекеттерi дайындайтын өнiмге қолданылатындығын көңілге ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Осы Келісiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдердiң мынадай мағынасы бар:
қауiптiлiгi ықтимал өнiм - құрамында химиялық және биологиялық заттар бар және/немесе адамның өмiрi мен денсаулығына немесе келесi ұрпақтың денсаулығына немесе адамның тiршiлiк ету ортасының жай-күйiне зиянды әсер ететiн не әсер етуi мүмкiн физикалық факторлардың көзi болып табылатын, оны қауiпсiз қолдану өнiмде көрсетiлген заттардың болуын және физикалық факторлардың әсер ету деңгейiн гигиеналық регламенттеумен, сондай-ақ белгiленген регламенттердi сақтаумен қамтамасыз етілетiн өнiм;
гигиеналық қорытынды (гигиеналық сертификат, тiркеу құжаты, куәлiк, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды және т.с.с.) - Тараптардың мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерi беретiн және қауiптілігі ықтимал өнiмнiң санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжат.
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында дайындалатын қауiптiлiгi ықтимал импортталатын өнiмдi гигиеналық бағалаудың тәртiбiн әзiрлейдi және келiсіледi, олардың гигиеналық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған келiсiлген ұйымдастырушылық, профилактикалық, санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы ic-шараларды жүргізедi.
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында дайындалатын өнiмдi гигиеналық бағалау (сертификаттау, сараптау, тiркеу) рәсiмдерiн әзiрлейдi және келiсіледi, егер Тараптардың ұлттық заңнамасына және мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормативтiк құжаттарының талаптарына қайшы келмесе, өнiм шығарылған мемлекеттердiң аумақтарында Тараптардың мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерi берген гигиеналық қорытындыларды (аккредиттелген сынақ орталықтары мен зертханалар жүргiзген сынақтардың хаттамалары болған кезде) өзара таниды.
Тараптар гигиеналық қорытындылардың үлгілерін өзара алмасады.
Тараптар мониторингтi жүзеге асырады және қауіптілiгi ықтимал өнiмдердiң бiрыңғай дерекқорын жасайды, қауiптілiгi ықтимал өнiмнiң әсер етуiне байланысты ресми тiркелген Тараптар мемлекеттерi халықтарының науқастану және улану жағдайлары туралы ақпаратпен өзара алмасады.
Тараптар қазiргi кезде бар халықаралық нормалар мен ережелердi ескере отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жөнiндегі мемлекетаралық комиссиясының шеңберiнде қауiптілiгi ықтимал өнiмдер туралы санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормативтiк құжаттарды бiрлесiп әзiрлеу мен сараптауды жүзеге асырады.
Тараптар аккредиттелетiн сынақ орталықтары мен зертханаларына қойылатын талаптарды бiрлесiп әзiрлейдi және келiседi, Тараптар мемлекеттерiнiң заңына сәйкес оларды аккредиттеудi жүргiзедi. Олар өткiзген сынақтардың нәтижелерiн өзара таниды.
Импортталатын өнiмдi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезiнде Тараптардың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерi импортер-Тараптар мемлекетiнiң санитарлық заңының басымдықтарын негiзге алады.
Импортталатын өнiмдi дайындаушы және жеткiзушi гигиеналық қауiпсiздiк саласында импортер-Тарап пен экспортер-Тарап мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес оның сапасы және тұтынушы өмiрi мен денсаулығы, тiршілiк ету ортасы үшiн қауiпсiздiгiне жауапты болады.
Экспортер-Тараптың оң гигиеналық қорытындысының болуы импортталатын өнiмдi әкелу үшiн мiндеттi шарт болып табылады.
Егер оның ұлттық заңнамасымен өзгеше көзделмесе, мұндай қорытынды болмаған кезде өнiмдi импортер-Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелуге рұқсат етiлмейдi.
Мал етiнен жасалған өнiмдi гигиеналық бағалау қолданыстағы ветеринарлық ережелерге, ветеринарлық-санитарлық сараптама нормалары мен ережелерiне сәйкес мемлекеттiк ветеринарлық қызмет жүргiзген ветеринарлық-санитарлық сараптамадан кейiн жүзеге асырылады.
Тараптар белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмеген қауiптілiгi ықтимал өнiмдердiң келiп түсу мүмкiндiгi туралы олар алған мәлiметтер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.
Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдер анықталған жағдайда осы фактiнi анықтаған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерi мұндай өнiмнiң бұдан әрi таралуын болдырмау, оны айналымнан алып тастау шараларын қабылдайды және мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырушы Тараптардың органдарын осындай өнiмдi жеткiзу туралы хабардар етедi.
Даулы жағдайларда осы Келiсiмнiң 6-бабына сәйкес аккредиттелген өзара келiсiлген сынақ орталықтары мен зертханаларында айналымнан алынған қауiптілігі ықтимал өнiмдi тәуелсiз сараптаманы жүргiзедi.
Осы Келiсiм ережелерiн қолдануға және/немесе түсiндiруге байланысты даулы жағдайлар мүдделi Тараптардың консультациясы мен келiссөздерi жолымен шешiледi.
Осы Келiсiм оның Тараптары қол қойған, оны күшіне енгiзу үшiн қажеттi мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындау туралы үшiншi жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындаған Тараптар үшiн ол мемлекетiшілiк рәсiмдердi орындау туралы құжаттарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң 13-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілуi мүмкiн.
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн депозитарийге қосылу туралы құжатты беру жолымен осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттердi өзiне қабылдауға дайын өзге де мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Қосылатын мемлекет үшiн осы Келiсiм депозитарийдiң тиісті хабарламаны алған күнiнен бастап күшіне енедi.
Осы Келiсiм оның күшіне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады. Осы мерзiм өтіп кеткеннен кейiн, егер Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, Келiсiм автоматты түрде бұдан арғы бесжылдық кезеңiне ұзартылады.
Әрбiр Тарап депозитарийге шығу күнiне дейiн 6 айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шығуы мүмкiн.
2004 жылғы 16 сәуiрде Шолпан-Ата қаласында бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде жасалған. Түпнұсқа данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның куәландырған көшiрмесiн жiбередi.
Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметі үшiн
Грузия Республикасының Түркiменстан Республикасының
Yкiметi үшiн Үкiметi үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Украинаның
Үкiметi үшiн Үкiметі үшiн