Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 31 мамырда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер
аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
Ресми куәландырылған мәтін
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер Үкiметтерi
Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер халқы үшiн аса қатер төндiретiн карантиндiк және өзге де аса қауiптi жұқпалы аурулардың әкелiнуi мен таралуының алдын алудағы келiсiмнiң маңыздылығын тани отырып,
денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру мен кеңейту және Тараптар мемлекеттерi аумақтарын санитарлық қорғау және эпидемияға қарсы әрi санитарлық-гигиеналық мемлекеттiк iс-шаралар үйлестiрудi қамтамасыз ету ынтасын басшылыққа ала отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегi келiсiм-шарттар мен шаруашылық және сауда байланыстарын дамытуды жүзеге асыру кезiнде Тараптар мемлекеттерi аумақтарын халық денсаулығы үшiн ықтимал қауiптi тауарлар мен жүктердiң әкелiнуi мен сатылуынан өзара қорғау мүддесiне орай,
төмендегілер туралы келiстi:
Тараптар Карантиндiк және өзге де жұқпалы аурулар тiзбесi мен Санитарлық-карантиндiк бақылауға жататын тауарлар мен жүктердiң тiзбесiне (1 және 2-қосымшалар) сәйкес Тараптар мемлекеттерi шекарасындағы өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүргiзетiн болады. Тiзбенің деректерi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кеңесiнің шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн. Тауарлар мен жүктердi санитарлық-карантиндiк бақылау бойынша шығыстар қабылданған ұлттық тарифтерге сәйкес айқындалады.
Тараптар Тараптар мемлекеттерiнің шекарасындағы өткiзу пункттерi арқылы жасалатын тауарлар мен жүктердің импорты, экспорты және транзитi кезiнде халық үшiн аса қауiп төндiретiн карантиндiк және өзге де жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуынан аумақтарды санитарлық қорғау жөнiндегi өзара келiсiлген санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау міндетін алады. Көрсетiлген санитарлық ережелер мен нормаларды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесi мемлекетаралық ретінде қабылдайды.
Тараптар аумақтарды санитарлық қорғау саласындағы тұрақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында мынадай мiндеттер алады:
бiр Тарап мемлекетi аумағынан екiншi Тарап мемлекетi аумағына халық үшiн аса қауiп төндiретiн карантиндiк және өзге де жұқпалы аурулардың әкелiнуi мен таралуының aлдын алуға қажеттi шаралар қабылдау;
халық үшiн ықтимал қауiптi тауарлар мен жүктердің импорты, экспорты және транзиті кезінде олардың әкелiнуі мен сатылуына жол бермеу үшiн қажеттi iс-шараларды жүзеге асыру;
аумақтарды санитарлық қорғау жөніндегі iс-шараларды реттейтiн нормативтiк құқықтық және өзге де құжаттарды алмасу;
Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында халық үшiн аса қауiп төндiретiн карантиндiк және өзге де жұқпалы аурулардың анықталуы мен таралуы туралы ақпарат алмасу;
аумақтарды санитарлық қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар туралы ақпарат алмасу;
мынадай мақсаттарда мамандарды алмасу:
- тауарларды өндiру мен дайындау орындарында оларды ішінара санитарлық-гигиеналық тексерудi жүзеге асыру;
- шекаралық өткiзу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылау мәселелерiн жедел шешу;
- қазiргi кезде бар ынтымақтастық шеңберiнде аумақтарды санитарлық қорғау саласындағы ғылым мен практиканың жетiстiктерiн зерделеу;
аумақтарды санитарлық қорғау (эпидемиялық ошақтарды анықтау, оқшаулау және жою) мен санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi эпидемияға қарсы iс-шараларды жүргізуде бiр-бiрiне ғылыми, техникалық және өзге де көмек көрсету;
эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайларда кез келген Тараптардың өтiнiшi бойынша бiр немесе бiрнеше Тараптардың обаға қарсы немесе өзге де эпидемияға қарсы мекемелерінің мамандарын iссапарға жіберу.
Тараптардың аумақтарды санитарлық қорғау саласында жүргiзiлетiн зерттеу жұмыстарына ғылыми-әдiстемелік басшылық етудi, оларды үйлестiрудi, сондай-ақ аумақтарды санитарлық қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды тиiстi мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен және ғылыми-зерттеу институттарымен бiрлесiп әзiрлеудi Ресей Федерациясының "Микроб" обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты жүзеге асырады.
Тараптар импортер-Тарап мемлекетінің аумақты санитарлық қорғау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес халық үшiн ықтимал қауiптi тауарлар мен жүктердiң басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына әкелiнуiне және таралуына жол бермеуге барлық шараларды қабылдау мiндетiн алады.
Санитарлық-карантиндiк бақылауға жататын, бiр Тарап мемлекетi аумағынан екiншi Тарап мемлекетi аумағына әкетiлетiн әрбiр тауарлар немесе жүктер партиясының ұлттық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет берген гигиеналық бағалауды растайтын рұқсат беру құжаты болуға тиiс. Құжатта тауардың немесе жүктің импорттайтын Тарап қоятын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестiгi куәландырылады. Осы құжатты беру бойынша шығыстарды Тарапта қабылданған тарифтерге сәйкес тараулардың немесе жүктердің иесi көтередi.
Санитарлық-карантиндiк бақылауға жататын, бiр Тарап мемлекетi аумағынан транзит арқылы тасымалданатын әрбiр тауарлар немесе жүктер партиясының, сондай-ақ жiберетiн Тараптың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi берген гигиеналық бағалауды растайтын рұқсат беру құжаты болуға тиiс.
Тараптардың уәкiлеттi органдары өз мемлекетi аумағына санитарлық-карантиндiк бақылауға жататын тауарлардың немесе жүктердің әкелінуі кезiнде осындай тасымалданатын тауарлар немесе жүктер партиясының санитарлық-гигиеналық жай-күйi жөнінде қосымша шарттар қою құқығын өзiне қалдырды. Импортер-Тарап экспортер-Тараптың құзыреттi органдарын тауарлар мен жүктердiң санитарлық-гигиеналық жай-күйi бойынша қосымша шарттар, оларға қолданылатын қосымша шарттардың қолданылу мерзiмдерi және тауарлар мен жүктердiң тiзбесi туралы хабардар етуге тиiс.
Бiр Тараптың екiншi Тарап мемлекетi аумағына жолаушыларды, тауарлар мен жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары, сондай-ақ тауарлар мен жүктердi тасымалдауға арналған жәшiк қаттамалары мен өзге де қаттама материалдарды қабылдайтын Тараптың санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарына сай келуге тиiс.
Тараптардың тиiстi уәкілеттi органдары импортер-Тарап мемлекетiнiң шекаралық пунктiнде экспортер-Тарап өкiлiнің мiндеттi қатысуымен санитарлық-карантиндiк бақылау кезiнде онда халық үшiн аса қауiптi карантиндік немесе өзге де жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы немесе қоздырғышы анықталған жағдайда тауарды немесе жүктi экспортер-Тарап мемлекетiнің аумағына қайтаруға немесе зарарсыздандыруға, ал тауарды немесе жүктi қайтару немесе зарарсыздандыру мүмкiн болмаған кезде - оны жоюға құқығы бар. Осындай әрбiр жағдай туралы импортер-Тарап экспортер-Тараптың тиiстi органын хабардар етедi.
Осы Келiсiм Тараптардың олар қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды әрi басқа халықаралық шарттарды жасауға кедергi болмайды.
Осы Келiсiм өзiне осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi қабылдауға дайын өзге де мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап, ал заңнамасы оны енгiзу үшiн қажет мемлекетiшiлiк рәсiмдердi талап ететiн Тараптар үшiн - тиiстi хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде мұндай рәсiмдердi орындау қажеттi туралы депозитарийдi хабардар етедi.
Осы Келiсiм оның күшiне енгiзілген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданылады және егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, одан арғы 5-жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
Кез келген Тарап шығуға дейiн 6 айдан кешiктiрілмей бұл туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға алады.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара уағдаластығы бойынша осы Келiсiмнің 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін.
Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптар консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен немесе халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтiн өзге де рәсiмдердi пайдалану арқылы шешiледi.
2001 жылғы 31 мамырда Минск қаласында бiр түпнұсқалы данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқалы данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады, ол оның куәландырылған көшiрмесi осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке жiберiледi.
Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Республикасының Түркіменстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғызстан Республикасының Украина Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы
мемлекеттер аумақтарын
санитарлық қорғау
саласындағы ынтымақтастық
туралы келiсiмге
1-қосымша
Санитарлық-карантиндік бақылауға жататын карантиндік және өзге де жұқпалы аурулардың
ТІЗБЕСІ
____________________________________________________________
Аурулардың атауы МКБ бойынша шифр (ДДҰ 9 қайта қарауы)
____________________________________________________________
Карантиндік аурулар
____________________________________________________________
Оба
Сары қызба
Тырысқақ, оның ішінде 0139
____________________________________________________________
Өзге де жұқпалы аурулар
____________________________________________________________
Күйдiргi
Бруцеллез
Туберкулез
Сап
Мелиоидоз
Эпидемиялық бөртпе сүзегi
Маймыл шешегi
Рифт алқабы қызбасы
____________________________________________________________
Вирустық геморрагиялық қызба:
____________________________________________________________
Марбург
Эбола
Ласса
Хунин
Мачупо
Менингококты инфекция (қажылыққа барған кезде)
Спонгионысанды энцефалопатия
____________________________________________________________
Санитарлық-карантиндiк бақылауға жататын тауарлар
мен жүктердiң
ТІЗБЕСІ
__________________________________________________________
ТМД сыртқы-
экономикалық
қызметінің тауарлық Тауарлардың қысқаша атауы
номенклатурасы
бойынша тауарды
топтастыру (СЭҚ
ТН коды)
__________________________________________________________
02-топ Ет және тағамдық қосымша ет өнiмдерi
__________________________________________________________
0201 Жас (салқындатылмаған), салқындатылған немесе
тоңазытылған сиыр, шошқа, қой немесе ешкi етi
0202
0203
0204
0205 00 000 Жас, салқындатылған немесе тоңазытылған жылқы, есек,
қашыр немесе лошак етi
0206 Жас (салқындатылмаған), салқындатылған немесе
тоңазытылған iрi қара малдың, шошқаның, қойдың,
ешкiнiң, жылқының, есектiң, қашырдың немесе лошактың
тағамдық қосымша ет өнiмдерi
0207 Жас (салқындатылмаған), салқындатылған немесе
тоңазытылған үй құстарының еттерi мен тағамдық
қосымша ет өнiмдерi
0208 Өгiздiң, буйволдың, киіктің, кенгурудың, ботаның,
бұланның, қабанның, қонжықтың және т.б. етi
0209 00 Шошқа майы, үй құсы майы, (салқындатылмаған,
салқындатылған, қорытылған, қорытылмаған, тұздалған
немесе тұзды судағы кептiрiлген немесе ысталған
0210 Тұздалған немесе тұзды судағы кептірілген немесе
ысталған ет және тағамдық қосымша ет өнiмдерi; еттен
және тағамдық қосымша ет өнiмдерiнен жасалған
тағамдық ұн
__________________________________________________________
03-топ Балық, шаян тәрiздiлер, моллюскiлер, бacқа да
судағы омыртқасыздар
__________________________________________________________
0301, 0302, Тiрi, салқындатылған және тоңазытылған, бөлшектелген
0303, 0304 және бөлшектелмеген балық; салқындатылған және
тоңазытылған балық сүбeci
0305 Кептiрiлген, тұздалған, ыстықтай және суықтай
ысталған балық (бөлшектелген және бөлшектелмеген);
балықтан жасалған тағамдық ұн мен түйіршіктер.
0306 Шаян тәрiздiлер (бөлшектелген және бөлшектелмеген):
тiрi, салқындатылған, тоңазытылған, пiсiрiліп
тоңазытылған, тұздалған, кептiрiлген; шаян
тәрiздiлерден жасалған ұн мен түйіршіктер.
0307 Моллюскілер (бөлшектелген және бөлшектелмеген):
тiрi, салқындатылған, тоңазытылған, пiсiріліп
тоңазытылған, тұздалған, кептiрiлген
0307 Басқа да судағы омыртқасыздар (бөлшектелген және
бөлшектелмеген): тiрi, салқындатылған, тоңазытылған,
пiсiрiліп тоңазытылған, тұздалған, кептiрiлген
__________________________________________________________
04-топ Сүт және сүт өнiмдерi; құстардың жұмыртқасы;
табиғи бал; жануар тектестердiң тағамдық
өнімдері
__________________________________________________________
0401 Қант немесе өзге де тәттiлендiретін заттар
қосылмаған сүт және қойытылған қаймақ
0402 Қант немесе өзге де тәттiлендiретiн заттар
қосылмаған сүт және қойытылған қаймақ
0403 Пахта, iрiген сүт және қаймақ, йогурт, айран және
өзге де ашытылған немесе ұйыған сүт пен қаймақ,
қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе басқа да
тәттiлендiрiлген заттар қосылған немесе қосылмаған,
хош иiстендiрiлген немесе хош иiстендiрiлмеген,
жемiс-жидектер, жаңғақ немесе какао қосылған немесе
қосылмаған
0404 Қойытылған немесе қойытылмаған, қант немесе өзге де
тәттiлендiретiн заттар қосылған немесе қосылмаған
сүт сарысуы; басқа жерде аты аталмаған қант немесе
өзге де тәттiлендiретiн заттар қосылған немесе
қосылмаған сүттің табиғи компоненттерінен жасалған
өнiмдер
0405 00 Сары май мен басқа да сүт майлары, сүт пасталары
0406 Сырлар мен iрiмшiктер
0407 00 Қабығы бар, жас, консервiленген немесе пiсiрiлген
құс жұмыртқалары
0408 Жас, кептiрiлген, буға немесе қайнаған суға
пiсiрiлген, қалыпқа салынған, тоңазытылған немесе
басқа да тәсiлмен консервiленген, қант немесе өзге
де тәттiлендiретiн заттар қосылған немесе қосылмаған
қабықсыз құс жұмыртқалары мен жұмыртқаның сарысы
0409 00 000 Табиғи бал
0410 00 00 Басқа жерде аты аталмаған жануар тектестердiң
тағамдық өнiмдерi
__________________________________________________________
07-топ Көкөнiстер және кейбiр жеуге болатын тамырлы
жемiстер және түйнектi жемiстер
__________________________________________________________
0701 Жас немесе салқындатылған картоп
0702 00 Жас немесе салқындатылған томаттар
0703 Жас немесе салқындатылған басты пияз, ұсақ басты пияз
(шарлот), пияз-бидайық, сарымсақ және басқа да пияз
тәріздес көкөнiстер
0704 Түрлi-түстi қауданды капуста, кольраби, брокколи
және басқа да оған ұқсас жеуге болатын тамырлы
жемiстер
0706 Сәбiз, шалқан, асхана қызылшасы, тамырлы балдыркөк,
шалғам және басқа да оған ұқсас жеуге болатын тамырлы
жемiстер
0707 00 Қиярлар және Koрнишондар
0708 Аршылған немесе аршылмаған бұршақ көкөнiстерi
0709 Басқа да көкөнiстер: баклажандар, бұрыштар,
артишоктар, қояншөптер және басқалар.
__________________________________________________________
08-топ Жеуге болатын түбірлi жемiстер мен жаңғақтар,
цитрус немесе бақша дақылдарының қыртысы мен
қабықтары
__________________________________________________________
0801 Жас немесе кептiрiлген, қабығынан тазартылған немесе
тазартылмаған, қабығы бар немесе қабықсыз кокос,
бразилия жаңғақтары және кешью
0802 Басқа да жаңғақтар: бадам, орман, грек жаңғағы,
талшындар, пiстелер және басқалар
0803 00 Банандар
0804 Жас немесе кептiрiлген құрмалар, iнжiрлер, ананастар,
авокадолар, манголар
0805 Жас немесе кептiрiлген цитрус жемістері
0806 Жас немесе кептiрiлген жүзiм
0807 Жас қауындар, қарбыздар мен папайялар
0808 Жас алмалар, алмұрттар мен бекелер
0809 Өріктер, шиелер, тәттi шиелер, шабдалылар (бал
шырындарын қoca алғанда)
0810 Басқа да жас түбiрлi жемiстер: бүлдiрген, таңқұрай
қара бүлдiрген, қарлыған, мүкжидек, қаражидек
итбүлдiрген және басқа да жидектер
0811 Тоңазытылған, қант немесе тәттiлендiретін заттар
қосылған түбiрлi жемiстер мен жаңғақтар (жас немесе
суда немесе буда қайнатылған)
0814 00 000 Цитрус жемістерiнiң қабықтары немесе бақша
дақылдарының қыртыстары (жас, тоңазытылған,
кептiрiлген немесе уақытша сақтау үшін тұзды суда
консервiленген)
__________________________________________________________
09-топ Кофе, шай және татымды дәмі бар өсімдіктер
__________________________________________________________
0901 Кофеинi бар немесе кофеинсiз қуырылған немесе
қуырылмаған кофе, кофенің жемiстi дәнi мен
қабықтары, құрамында кoфе бар кофе алмастырғыштар
0902 Хош иiстендiрiлген немесе хош иiстендiрiлмеген шай
(көк және қара)
0904 Кептiрiлген, ұсақталған және ұнтақталған бұрыш
0905 00 000 Ваниль
0906 Қоңыр ағаштың дәмқабығы мен гүлдерi
0907 00 000 Қалампыр (бүтін түбiрлi жемiсi, гүлдерi)
0908 Жұпар жаңғақ, мацис, кардамон.
0909 Даршын, бадьян, фенхель, кордиандр, зере тұқымдары,
арша жидектерi
0910 Зiмбiр, зағыпаран, жебiршөп (тасшөп), тасшөп,
лавр жапырағы және басқалар.
__________________________________________________________
10-топ Астық нандары (тұқымдар мен жемшөп дәнінен
басқа)
__________________________________________________________
1001 Бидай мен бидай-қара бидай қоспасы (машақ).
1002 00 000, Қара бидай, арпа, сұлы, жүгерi, күрiш, қарақұмық,
1003 00, таpы және басқа да дәндi дақылдар.
1004 00,
1005, 1006,
1007 00, 1008
__________________________________________________________
11-топ Ұн тарту-жарма өнеркәсiбiнiң өнімдерi, солод,
крахмал бидай ұлпасы
__________________________________________________________
1101 00 Бидай немесе бидай-қара бидай, күрiш, жүгерi ұны,
1102 сондай-ақ басқа да дәндi дақылдар ұны
1103 Дәндi дақылдар жармасы мен түйiршiктерi
1105 Kaртоп ұны, жармасы, үлпегi мен түйiршіктерi
1106 Кептiрiлген бұршақ көкөнiсiнен жасалған ұн мен жарма
1107, 1108 Қуырылған немесе қуырылмаған солод, крахмал
__________________________________________________________
12-топ Майлы тұқымдар және жемiстер: дәрілік өсiмдіктер
мен техникалық мақсаттағы өсімдіктер
__________________________________________________________
1212 20 000 Кептiрілген және тоңазытылған балдырлардан жасалған
ұн мен жарма
_________________________________________________________
15-топ Жануарлар немесе өсімдiк тектестердің майлары
мен тоңмайлары және олардан ажыратылып алынған
өнімдер
__________________________________________________________
1501 00 Мүйiздi iрi қара және ұсақ малдардың, құстардың майы,
қорытылған немесе қорытылмаған шошқа майы
1504 Балықтан немесе теңiз сүт қоректiлерінен жасалған
майлар, тоңмайлар және олардың фракциялары
1507-1516 Өсiмдiк майлары және олардың фракциялары
1517 Маргарин
1518 00-ден Басқа да майлар мен тоңмайлар
__________________________________________________________
16-топ Еттен, балықтан және шаян тәрiздестерден,
моллюскілерден немесе басқа да судағы
омыртқасыз жәндіктерден жасалған тағамдар
__________________________________________________________
1601 00 Шұжықтар мен еттен, қосымша ет өнiмдерiнен немесе
қаннан жасалатын осыған ұқсас өнiмдер, олардың
негiзiнде дайындалған дайын тамақ өнiмдерi
1602 Еттен, тағамдық қосымша ет өнiмдерiнен немесе қаннан
жасалған басқа да дайын немесе консервiленген өнiмдер.
1604 Балықтан, моллюскiлерден, шаян тәрiздестерден, басқа
1605 да судағы омыртқасыз жәндiктер мен балдырлардан
жасалған пресервтер
1604 Балықтан, моллюскiлерден, шаян тәрiздестерден, басқа
1605 да судағы омыртқасыз жәндiктер мен балдырлардан
жасалған асшеберлiк тағамдар
1604 Балықтан жасалған дайын немесе консервiленген
1605 өнiмдер: бекiре уылдырығы (қара уылдырық) албырт
(қызыл) уылдырығы және басқа да теңіз балықтарының
уылдырықтарын алмастырғыштар, бүтiн немесе сомдап
бөлшектелген балық.
1605 20 Крилдің пiсiрiлген-тоңазытылған етi, крильден
жасалған ұн
__________________________________________________________
17-топ Қант нен қанттан жасалған кондитерлік бұйымдар
__________________________________________________________
1701 Құрақтық немесе қызылша қанты мен химиялық таза
caxaроза, қатты күйінде
1702 Химиялық таза лактозаны, мальтозаны, глюкозаны және
фруктозаны қоса алғанда, қанттың басқа түрлерi, қатты
күйiнде
1704 Құрамында какао жоқ қанттан жасалған кондитерлiк
бұйымдар (ақ шокаладты қоса алғанда)
__________________________________________________________
18-топ Какао мен одан жасалған өнімдер
__________________________________________________________
1801 00 00 Бүтін және ұсақталған, шикi немесе қуырылған какао-
бұршақтар
1802 00 000 Какаоның какавелласы (кебегi, қабығы, қауызы) мен
басқа да қалдықтары
1803 Майсызданған және майсызданбаған какао-паста
1804 00 000 Какао-май, какаодан жасалған май және сұйық май
1805 00 000 Қант немесе басқа да тәттiлендiретiн заттар қосылмаған
какао-ұнтақ
1806 Құрамында какао бар шоколад пен басқа да тамақ өнiмдерi
__________________________________________________________
19-топ Астық дәндерiнен, ұннан, крахмалдан және сүттен
жасалған тағамдар, ұннан жасалған кондитерлік
тағамдар
__________________________________________________________
1901 Солод шырсөлi, ұннан, жармадан, крахмалдан немесе
солодтан жасалған тамақ өнiмдерi
1901 10 000 Арнайы балалардың тағамы
1902 Пiсiрiлген немесе пiсiрiлмеген, iшiне бiр нәрсе
салынған немесе салынбаған макарон өнiмдерi
1903 00 000 Тапиока немесе оны алмастырғыштар
1904 Астық дәндерiн немесе астық өнiмдерiн кептiру немесе
қуыру арқылы алынған дайын өнiмдер
1905 Нан, ұннан жасалған кондитерлiк өнiмдер, печенье мен
басқа да нан-тоқаш және наннан жасалған кондитерлiк
өнiмдер
__________________________________________________________
20-топ Көкөнiстердің, жемiстердiң, жаңғақтардың немесе
өсімдiктердің басқа да бөлiктерiнен қайта
өңделген өнiмдер
__________________________________________________________
2001 Сiрке суында немесе сiрке қышқылында дайындалған немесе
консервiленген көкөнiстер, жемiс-жидектер, жаңғақтар
мен өсiмдiктердiң басқа да жеуге болатын бөлiктерi.
2002 Сiрке суын немесе сiрке қышқылын қоспай дайындалған
немесе консервiленген томаттар
2003 Сiрке суын немесе сiрке қышқылын қоспай дайындалған
2003 20 000 немесе консервiленген саңырауқұлақтар мен жерқұлақтар
2004 Сiрке суын немесе сiрке қышқылын қоспай дайындалған
2005 немесе консервіленген басқа да көкөнiстер,
тоңазытылған картоп, басқа да көкөнiстер немесе
көкөнiс қоспалары
2006 Қантта консервiленген (шырын сiңiрiлген,
жылтыратылған) жемiстер, жаңғақтар, жемiстердің
қабықтары және өсiмдiктердiң басқа да бөлiктерi
2007 Жылумен өңделген, оның iшiнде қант немесе басқа да
тәттiлендiретiн заттар немесе спирт қосылған
жемiс-жидек джемi, тоңбасы, жемiс-жидек, жаңғақ
мармеладтары, езбелерi
2009 Ашымаған және спирт қосылмаған, қант немесе басқа да
тәттiлендiретiн заттар қосылған немесе қосылмаған жемiс
шырындары (жүзiм шырыны ашытқысын қоса алғанда) мен
көкөнiс шырындары
__________________________________________________________
21-топ Басқа да түрлі тағам өнімдері
__________________________________________________________
2101 Кофенiң шырсөлдерi, эссенциялары мен концентраттары,
кофе, шай немесе мате шырсөлiнiң, эссенциясының,
концентратының негiзiнде жасалған тағамдар, қуырылған
цикорий және басқа да қуырылған кофенi алмастырғыштар
2102 Ашытқылар (белсендi және белсендi емес), өнеркәсiптiк
микроорганизмдер мен ашытқылар.
2103 Тұздықтарды дайындауға арналған өнiмдер мен дайын
тұздықтар, араластырылған дәмдiк үстемелер, қоспалар,
тағамдық үстемелер, биологиялық белсендi үстемелер
(қоректi заттарды қосу).
2104 Көжелер мен сорпалар, оларды дайындауға арналған дайын
заттар
2105 00 Балмұздақ пен басқа да тағамдық мұз түрлері
2106 Басқа жерде аты аталмаған тамақ өнiмдері.
__________________________________________________________
22-топ Алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сiрке
суы
__________________________________________________________
2201 Минералды және газды сулар.
2202 Минералды, газды суды қоса алғанда қант немесе басқа да
тәттiлендіретiн немесе хош иiстендiретiн заттар
қосылған сулар, басқа да алкогольсiз сусындар
2203 00 Ашытылған сыра
2204 Күшейтiлгендердi қоса алғанда табиғи жүзiм шараптары
2204 10 Көбiктi шараптар, шампан
2204 10 110
2205 Өсiмдiк немесе хош иiсті шырсөлдер қосылған вермуттар
мен басқа да табиғи жүзiм шараптары
2208 Сусындарды дайындау үшiн пайдаланылатын күштi спиртті
сусындар, ликерлер мен басқа да алкогольдi сусындар,
құрамдас спиртті дүмбiлдер.
2209 00 Сiрке қышқылынан алынған сiрке суы мен оны
алмастырғыштар, шарап сiрке суы
__________________________________________________________
24-топ Темекі және өнеркәсіптік темекі алмастырғыштар
__________________________________________________________
2401 Темекi және сигар шикiзаты.
2402 Сигареттер (ұштары кесiлген сигарларды қоса алғанда),
сигариллар (жiңiшке сигарлар) мен темекi немесе оны
алмастырғыштардан жасалған сигареттер
2403 Tүтiкпен шегетiн және тартатын темекі
3302, Сигареттер мен сигарларды (сигарилларды) өндiруге
3506 10, арналған компоненттер: сигарет сүзгіштерi; хош
4813, иiстендiргiштер; желiм; сигарет қағазы (папирос),
4823 20 000, сигареттi тартуға арналған iлеспе тауарлар мен
9614 керек-жарақтар, сүзгiш-мүштiктер.
__________________________________________________________
25-топ Тұз
__________________________________________________________
2501 00 990 Адамдар тұтынуға жарамды тұздар
__________________________________________________________
28, 29-топтар Қышқылдар
__________________________________________________________
2809 Ортофосфорлы қышқыл
2915 50 000 Пропионды қышқыл
2916 19 300 Caрбин қышқылы
2916 31 00 Бензой қышқылы
2917 Фитин қышқылы
2917 Фумар қышқылы
2917 Маржан қышқылы
2918 12 000 Шарап қышқылы
2918 14 000 Лимон қышқылы
2918 19 000 Алма қышқылы
2951 21 00 Орман-химиялық тағамдық сiрке қышқылы
2936 27 000 Acкoрбин қышқылы
__________________________________________________________
33-топ Эфир майлары және резиноидтар: парфюмерлік,
косметикалық және жуыну құралдары
__________________________________________________________
34-топ Сабын, жуу құралдары, синтетикалық жуу құралдары
__________________________________________________________
35-топ Белокты заттар; жетілдірілген крахмалдар
__________________________________________________________
3503 00 Желімтек
__________________________________________________________
39,69-топтардан Полимерлiк, фарфор және керамика
материалдарынан жасалған бұйымдар
__________________________________________________________
3920 Тамақ өнiмдерiмен жанасатын полимерлiк материалдар
3924 Тамақ өнiмдерiмен жанасатын полимерлiк, фарфор және
6911 керамика материалдарынан жасалған ыдыстар
3920 Балалар киiмiн, аяқ киiмдерi мен ойыншықтарын
дайындауға арналған полимерлік материалдар
3917 Сумен жабдықтауда пайдаланылатын полимерлік материалдар
__________________________________________________________
39, 48, 70, 73, Ыдыстар
76-топтардан
__________________________________________________________
3923-тен Көкөнiстер мен жемiстерге арналған айналымы көп
полимерлiк жәшіктер
3923-тен Нан-тоқаш өнiмдерiне арналған айналымы көп
пластмассалық жәшiктер
3923-тен Ет және сүт өнеркәсiбi өнiмдерiне арналған айналымы
көп полимерлiк жәшiктер
4819-дан Балмұздаққа арналған картоннан жасалған гофрирленген
жәшiктер
4819-дан Кондитерлiк өнiмдерге арналған картоннан жасалған
гофрирленген жәшiктер
4819-дан Ет және сүт өнеркәсiбi өнiмдерiне арналған картоннан
жасалған гoфрирленген жәшiктер
4819-дан Тамақ өнiмдерiне, сiрiңкелерге, темекi бұйымдарына
және жуу құралдарына арналған картоннан жасалған
гофрирленген жәшiктер
7010-нан Өнеркәсiптiк және шаруашылық мақсаттардағы тамақ
өнiмдерiне арналған шыны ыдыстар (банкiлер, шөлмектер)
7310-нан Консервiлерге арналған металл банкiлер
7612-ден Сүт және сүт өнiмдерiне арналған металл дүңгiрлер
__________________________________________________________
48-топ Қағаз
__________________________________________________________
4805 Автоматтардағы тамақ өнiмдерiн орауға арналған қағаз
__________________________________________________________
48-топ Картон
__________________________________________________________
4805 40 000 Тағамдық сұйықтықтарға арналған сүзгіш картон
__________________________________________________________
73, 74, 75, Қарa және түстi материалдардан жасалған ыдыстар
76-топтардан
__________________________________________________________
7323 94-тен Шаруашылықта пайдаланылатын кiреукелi болаттан
жасалған ыдыс
7323-тен Таттанбайтын болаттан жасалған ыдыс
7323 93 000 Шаруашылықта пайдаланылатын кiреукелi шойыннан
жасалған ыдыс
7418 Хром немесе никель жалатылған мельхиордан, жезден,
7508-ден нейзильберден жасалған ыдыс
7418 Алтын немесе күмiс жалатылған мельхиордан,
7508-ден нейзильберден жасалған ыдыс
7615 Табақ алюминийден жасалған шаруашылықта пайдаланылатын
ыдыс
__________________________________________________________
84-топ Жабдықтар
__________________________________________________________
Тамақ, ет-сүт және балық өнеркәсiбi үшiн
салып-орауға арналған автоматтар
Мыналар үшін салып-орауға арналған жабдықтар
__________________________________________________________
8422, 8423, Қант және крахмал-сiрне өнеркәсiбi;
8434, 8437-ден
8438 нан пісіру, макарон және кондитер өнеркәсiбi;
және өзге де шарап жасайтын, спирт және ликер-арақ өнеркәсiбi;
Консерві және тағам концентраттары өнеркәсiбi;
май-тоң май өнеркәсiбi;
шай, темекi, тұз және фермент өнеркәсiбi;
сыра қайнату, алкогольсіз және ашытқы өнеркәсібі;
Еттi және құсты қайта өңдеу өнеркәсiбi;
сүт өнеркәсiбi;
балықты қайта өңдеу;
сүт өнеркәсiбiне арналған технологиялық жабдық
8418-ден Тоңазытқыш шкафтар.
8418-ден Тоңазытқыш камералар.
8418 50-ден Cөрелер, тоңазытқыш cөре-жаймалар
8418 50-ден Тоңазытқыш жаймалар
84 Буда және электрмен қыздыруға арналған тамақ пiсiретiн
қазандар
8419-дан Электрмен қыздырылатын асханалық плиталар
8419-дан Тамақ пісіретін және қуыратын жылу
аппараттары
8419-дан Электрмен қыздырылатын аударуға ыңғайлы табалар мен
қуырма ыдыстар
8516 Үздiксiз жұмыс iстейтiн су қайнатқыштар
8516 Су ысытқыштар. Термостаттар.
8419-дан Мармиттер
8419-дан Бумен пiсiретiн аппараттар
8419-дан Орнатылатын, ашылып-жабылатын, қозғалмалы жылу шкафтары
8474 39 00 Илеп-араластыру машинасы
8422 Тамақты таратуға арналған жабдық
8422 Көкөнiстер мен жемiстердi салуға және орауға арналған
жабдық
8422 Сауда мекемелерi үшiн салып-орауға арналған жабдық
8474 39 000 Электрлi май былғағыштар
8479 Көкөнiс кескiштер, тiлкемдеуiштер, үккiштер, үкпе
8509 машинкалар мен керек-жарақтар:
8479 көпірткіштер, миксерлер, балмұздақ дайындағыштар;
8479 картоп тазартқыштар;
8479 көкөніс кескiштер;
8479 нан турағыштар;
8479 шұжық кескiштер, сыр кескіштер;
8479 жемiстердi, қиярларды, қызанақтарды және басқаларды
тiлiмдеп кесуге арналған машинкалар;
8479 қамырдан және жабысқақ қоймалжың заттан жасалған
бұйымдарды қалыпқа салуға арналған кeрек-жарақтар;
8422 консервi банкiлерiн және шөлмектердi ашуға және қайта
жабуға арналған керек-жарақтар;
8479 пиязды, сарымсақты, көктердi кесуге арналған
машинкалар мен кeрек-жарақтар;
8479 кеспе кескiштер;
8479 жұмыртқа кескiштер;
8479 кoфе ұнтақтағыштар;
8479 кептiрiлген нанды, жаңғақтарды және сарымсақты
ұсақтауға арналған машинкалар;
8479 тұшпараларды, варениктерді, печеньелердi қалыпқа
салуға, өнімдердi креммен өрнектеуге арналған керек-
жарақтар;
8479 Картоп пен көкөнiстердi жууға және тазартуға арналған
машинкалар;
8422-ден ыдыс жууға арналған машиналар;
8479 Пышақ қайрауға, асхана ыдыстары мен ас үй
мүккәмалдарын тазалауға және жылтыратуға арналған
керек-жарақтар;
8479 Yйде консервiлеуге арналған бұрап жабатын
машинкалар.
8479 Престер, шырын сыққыштар, шырын алуға арналған басқа да
керек-жарақтар;
8479 Асханалық қол кескiштер мен тазалағыштар
8479 Өнiмдердi үйде консервiлеуге, бөлшектеу мен өңдеуге
арналған керек-жарақтар жиынтығы, басқалар
8479 Кондитерлiк шприцтер.
8479 Бұлғағыштар, араластырғыштар.
8479 Қолмен тiлкемдеуіштер.
Осымен қоса берiліп отырған мәтiннің 2001 жылғы 31 мамырда
Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
үкiметтерiнің басшылары кеңесiнің мәжiлiсiнде қабылданған Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер халқының арасындағы йод тапшылығы жай-күйiнің алдын алу туралы келiсiмнің көшiрмесiне
ұқсастығы куәландырылады. Жоғарыда аталған Келiсiмнiң түпнұсқалы данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде
сақталады.
ТМД-ның Атқару комитетi төрағасының
- орындаушы хатшысының
бiріншi орынбасары
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
аумақтарын санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық
туралы келiсiмге Әзербайжан Республикасының
EPEKШE ПIКIРI
2-бапта көрсетiлген санитарлық қорғау жөнiндегі санитарлық
ережелер мен нормалар Әзербайжан Республикасының құзыреттi органдарымен келiсiлуде.
Әзербайжан Республикасы
Премьер-Министрiнің
бiрiншi орынбасары