2007 жылғы 6 қазанда Душанбеде жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы екінші хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы
шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің
шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы
пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы
хаттамаға толықтыру енгізу туралы
ЕКІНШІ ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
2000 жылғы 20 маусымда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) және 2002 жылғы 7 қазанда қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттама (бұдан әрі - Бақылау туралы хаттама) негізінде Тараптардың әскери әлеуетін де, контртеррористік әлеуетін де дамыту мүддесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдіруге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Бақылау туралы хаттаманың 3-бабының екінші абзацы «ұлттық қарулы күштерде» деген сөздерден кейін «, өзге де әскерлерде, әскери құралымдарда, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерде» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап
Осы Хаттама Бақылау туралы хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады.
3-бап
Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғыз Республикасы үшін
Осымен 2007 жылғы 6 қазанда Душанбе қаласында қол қойылған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісім шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімді нысаналы пайдалануға бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы Екінші хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы Б. Пискорский