1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 наурыздағы N 535 Заңы

      Кишиневте 2002 жылғы 7 қазанда жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шеңберінде жеткізілетін әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы хаттама бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң
шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң
мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы
ХАТТАМА

(2004 жылғы 1 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер,
      1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру үшiн,
      2000 жылғы 11 қазанда Бiшкек қаласында қабылданған Келiсiмдi iске асыру туралы Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiн басшылыққа алып және осы Келiсiмнiң 6-бабын негiзге ала отырып
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

       Келiсiм шеңберiнде әскери мақсаттағы өнiмдi жеткiзушi тарап (бұдан әрi - жеткiзушi Тарап) оның мақсатты пайдаланылуын бақылауға құқылы.
      Оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарап жеткiзушi Тарапқа оның жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмнiң қолда барлығын және мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайлар ұсынады.

2-бап

       Келісімнің 126 және 10-баптарына (жаңадан нөмірленген) сәйкес жеңілдік шарттарымен жеткізілген әскери мақсаттағы өнімдер бақылаудың мәні болып табылады.
       Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.11.04 N 185 (Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді) Заңымен.

3-бап

      Мыналар бақылаудың мақсаты болып табылады:
      Келiсiмде және екi жақты келiсiм-шарттарда көзделген әскери мақсаттағы өнiмнiң мақсатты пайдаланылуын тексеру (жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнімнің ұлттық қарулы күштерде, өзге де әскерлерде, әскери құралымдарда, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерде бар болуы, оны есептен шығарудың, соның iшiнде қайтарылмайтын шығындарға да негiзделуi);
      әскери мақсаттағы өнiмдi жеткiзумен байланысты және жеткiзушi Тараптың мемлекеттiк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қорғау шараларының сақталуын тексеру.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.11.04 N 185 (Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді); ҚР 2011.10.10 № 482-ІV (Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді) Заңдарымен.

4-бап

      Жеткiзушi Тараптың арнайы уәкiлеттi өкiлiнiң әскери мақсаттағы өнiм түрлерiн, соның iшiнде қайтарылмайтын шығындарға есептен шығаруға, сондай-ақ жеткiзушi Тараптың мемлекеттiк құпиясын құрайтын мәлiметтердi тасымалдаушы болып табылатын құрамдас және жинақтаушы бөлшектердi жоюға қатысуға құқығы бар.

5-бап

      Бақылауды жүзеге асыруға тiлек бiлдiрген жеткiзушi Тарап оны өткiзудiң жоспарланған мерзiмiне дейiнгi 15 тәулiктен кешiктiрмей, оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарапқа осындай бақылауды жүргiзуге рұқсат алуға арналған сұрау жiбередi.
      Сұрауда жеткiзушi Тарап бақылауды жүзеге асыруға ниеттенген әскери мақсаттағы өнiм, оны өткiзуге қажеттi мерзiм, бақылау тобының дербес құрамы, сондай-ақ бақылау барысында пайдаланылатын техникалық құралдар көрсетiледi. Бақылау тобының сандық құрамы, әдетте, егер тараптармен өзгеше келiсiлмесе, 5 адамнан аспауы тиiс.

6-бап

      Бақылау тобының мүшелерi оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тараптың аумағында болу кезеңiнде осы Тараптың заңнамасын сақтауға мiндеттi.

7-бап

      Оған қатысты бақылауды жүзеге асыру болжанатын Тарап бақылау тобын қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ және сұрау алынғаннан кейiн он күн мерзiмiнде, бiрақ болжанатын тексеру басталатын күнге дейiнгi бес күннен кешiктiрмей оны өткiзу уақытын келiсiп, өзiнiң бақылауды жүргiзуге дайындығы туралы жеткiзушi Тарапты хабардар етедi. Форс-мажорлы жағдайлар (оқиғалар) ғана ерекшелiк болуы мүмкiн. Бұл жағдайларда оған қатысты бақылау жүргiзу болжанатын Тарап жеткiзушi Тарапқа бақылауды жүзеге асыру мерзiмiн жылжыту туралы ұсыныс бiлдiруi мүмкiн.

8-бап

      Әскери мақсаттағы өнiм түрлерiн бақылауға, жоюды немесе есептен шығаруды тексеруге байланысты шығыстарды, соның iшiнде қайтарылмайтын шығындарға қаржыландыру жеткiзушi Тараптың есебiнен жүзеге асырылады. Тұруға және тамақтануға, көлiк және халықаралық (қалааралық) байланыс құралдарын пайдалануға төлеу бақылауды жүргiзу барысында, оған қатысты бақылау жүзеге асырылған Тараптың, оның iшкi бағалары бойынша ұсынған шоттарының негiзiнде жүзеге асырылады.
      Бақылау топтарының мүшелерiне жедел, кейiнге қалдыруға болмайтын медициналық көмек Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы 1997 жылғы 27 наурыздағы келiсiмге және екi жақты келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

9-бап

      Оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарап оны өткiзу кезеңiне өз уәкілеттi органының өкiлдерiн (өкiлiн) бөледi және бақылау тобын кiру пунктiнде қарсы алуды, бақылау орнына және шығу пунктiне дейiн iлесiп жүрудi, тамақтануды, медициналық қызмет көрсетудi, көлiктi, тiкелей бақылау объектiсiнен халықаралық (қалааралық) байланыс құралдарын пайдалануды қоса алғанда жұмыс iстеуi және өмiр сүруi үшiн жағдайларды қамтамасыз етедi және мүмкiн болған жағдайда мұндай байланысты топ басшысының өтiнiшi бойынша кез келген басқа жерде қамтамасыз етуге, қызметтiк құжаттарды, әкелiнетiн техникалық бақылау құралдарының сақталуын және бақылау тобы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге көмек көрсетедi.

10-бап

      Оған қатысты бақылау жүзеге асырылатын Тарап сұрауда көрсетiлген әскери мақсаттағы өнiмдi, сондай-ақ оның мақсатты пайдаланылғанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi.

11-бап

      Тараптардың келiсуi бойынша бақылауға ұжымдық қауiпсiздiк жүйесi мемлекетаралық органдарының өкiлдерi тексерудiң барысын бақылаушылар ретiнде қатысуы мүмкiн.

12-бап

      Жүргiзiлген бақылаудың нәтижелерi актiмен ресiмделедi.
      Актiде:
      Бақылау тобының құрамы және бақылау жүзеге асырылған Тараптың өкiлдерi;
      негiзi бойынша бақылау жүзеге асырылған құжаттар (бақылау жүргiзуге арналған сұрау, бақылау жүргiзуге рұқсат ету туралы хабарлама);
      бақылаудың мақсаты мен объектiлерi;
      бақылауды жүзеге асыру мерзiмдерi;
      бақылаудың нәтижелерi көрсетiледi.
      Актi бақылау тобының басшысы мен бақылау жүзеге асырылған Тарап уәкiлеттi органының өкiлi қол қойған, бiрдей күшi бар екi данада жасалады. Бiр данасы жеткiзушi Тарапқа, екiншiсi - бақылау жүзеге асырылған Тарапқа арналады.

13-бап

      Актіде белгiленген және тiркелген әскери мақсаттағы өнiмдi басқа мақсатқа пайдалану немесе жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмнiң болмау фактiлерi, осы Хаттаманы 4-бабында белгіленген тәртiптi бұза отырып оны есептен шығару фактiлерiн қоса алғанда Келiсiмнiң 69  және 11-баптарының ережелерiн, сондай-ақ жасалған келiсiм-шарттардың тиiстi ережелерiн қолдану үшiн негiз болып табылады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.11.04 N 185(Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді) Заңымен.

14-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және оған Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

15-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң 13-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.

      Орыс тiлiнде бiр данада жасалды. Түпнұсқа данасы Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң хатшылығында сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

       Армения Республикасы үшiн       Қырғыз Республикасы үшiн

      Беларусь Республикасы үшiн      Ресей Федерациясы үшiн

      Қазақстан Республикасы үшiн     Тәжiкстан Республикасы үшiн

  1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттамаға Беларусь Республикасының Ескертпесі

      Беларусь Республикасы өзiн Хаттаманың 3-бабы үшiншi абзацының ережесiмен байланысты санамайды.

       Беларусь Республикасының
      Премьер-министрi

      Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттердiң Ұжымдық қауiпсiздiк Кеңесiнің Хатшылығы өзiнiң Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгіне құрметiн бiлдiредi және 2002 жылғы 7 қазанда Беларусь Республикасының Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмдi iске асыру тетiктерi туралы Ұжымдық қауiпсiздiк кеңесiнiң шешiмiне сәйкес 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттамаға қол қойғандығын хабарлайды. Хаттамаға қол қою кезiнде Беларусь Тарапы Хаттаманың 3-бабының үшiншi абзацына қатысты ескерту жасады (Хаттаманың ескертуiмен түпнұсқаға сәйкес куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi).
      Осылайша Хаттамаға қол қою процесi аяқталды, және мемлекеттер Хаттаманың 15-бабына сәйкес оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындауға кiрiсе алады.

       Қазақстан Республикасының
       Сыртқы Істер министрлігіне

      Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы мүмкіндікті пайдалана отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің жоғары құрмет сезімін тағы да бір білдіруді жөн санайды.

                                             2002 жылғы 10 қазан

      Ұжымдық қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнiң құрмет сезiмiн бiлдiредi және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттаманың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Беларусь Тарапының орындағаны туралы Беларусь Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 726/16-н нотасының көшiрмесiн жолдайды. Беларусь Республикасы Хаттамаға 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында мынадай ескертумен қол қойды: "Беларусь Республикасы өзiн Хаттаманың 3-бабының үшiншi абзацымен байланыстымын деп санамайды".
      Ұжымдық қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы мүмкiндiктi пайдалана отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнің жоғары құрмет сезiмiн тағы да бiр бiлдiрудi жөн санайды.

                                         2003 жылғы 16 мамыр

       Қазақстан Республикасының
       Сыртқы Істер министрлігіне

      Беларусь Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының Хатшылығына өзiнiң құрметiн бiлдiредi және 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында: "Беларусь Республикасы өзiн Хаттаманың 3-бабының үшiншi абзацымен байланыстымын деп санамайды" деген ескертуiмен қол қойылған, 1992 жылғы 15 мамырда Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттаманың күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Беларусь Республикасының орындағаны туралы хабарлайды.
      Беларусь Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мүмкiндiктi пайдалана отырып Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт Ұйымының Хатшылығына өзiнiң жоғары құрмет сезiмiн тағы да бiр бiлдiрудi жөн санайды.

                                              2003 жылғы 29 сәуiр

       Ұжымдық қауіпсіздік туралы
       шарт ұйымының хатшылығына
       Мәскеу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады