2009 жылғы 16 наурызда Абу Дабиде жасалған Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨЗАРА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері, бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын,
екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты басшылыққа ала отырып,
қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы кең өрісті шаралар қабылдау қажеттігін мойындай отырып,
Төмендегілер туралы келісті:
1-бап Жалпы ережелер
Тараптар қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету мәселесінде осы келісім бойынша кең өрісті көмек көрсетуге міндеттенеді.
Әр Тараптың Орталық органы осы Келісімге сәйкес сұрау салуды жолдайды және қабылдайды:
Қазақстан Республикасы үшін Бас прокуратура Орталық орган болып табылады.
Біріккен Араб Әмірліктері үшін Әділет министрлігі Орталық орган болып табылады.
Осы Келісімнің мақсатында Орталық органдар бір-біріне дипломатиялық арналар бойынша қарым-қатынаста болады.
Барлық сұрау салулар мен қоса берілетін құжаттар екі данада Сұрау салынған Тараптың тілінде немесе ағылшын тілінде жасалады және ресми қол қойылған, құзыретті органдардың мөрімен бекітілген, Сұрау салған Тараптың Орталық органы куәландырған болуы тиіс.
Тараптар орталық органдармен байланысты кез келген өзгерістер мен түзетулер жөнінде бір-бірін дипломатиялық арналар бойынша хабардар етеді.
2-бап Ақпаратпен алмасу
Тараптар осы Келісімді қолдануға қатысы бар тиісті мемлекеттердің қолданыстағы заңдарына және сот тәжірибесіне қатысты ақпаратпен алмаса алады.
3-бап Көмек көрсетудің көлемі
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптар қылмыстық істер бойынша тергеу, ізге түсу және іс жүргізу әрекеттерін жасауда бір-біріне көмек көрсетеді.
2. Көмек көрсетуге мыналарды қамтиды:
а) куәлік айғақтарды немесе адамдардың арыз-өтініштерін алу;
b) құжаттарды, есептерді және заттарды ұсыну;
с) адамдардың немесе заттардың орналасқан жерін және ұқсастығын анықтау;
d) құжаттарды тапсыру;
е) тараптардың куәлік айғақтарын беретін азаматтарынан басқа, қамаудағы адамдарды беру;
f) іздеу және алу туралы сұрау салуларды орындау;
g) активтерге ауыртпалықтарға және тәркілеуге, айыппұлдар алуға және зиянды өтеуге қатысты рәсімдерде көмек көрсету;
h) Осы Келісім шеңберінде Сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін кез-келген ынтамақтастықтың өзге де нысандары.
4-бап Көмек көрсетудегі шектеулер
1. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы, егер:
а) сұрау салу жай қылмыстық құқық бойынша қылмыс болып табылмайтын әскери қылмысқа қатысты болса;
b) сұрау салуды орындау Сұрау салынған Тараптың қауіпсіздігіне немесе маңызды мүдделеріне нұқсан келтіретін болса;
с) сұрау салу саяси сипаттағы қылмыстарға қатысты болса;
d) сұрау салу осы Келісімнің ережелеріне қайшы келетін болса, көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін.
2. Көмек көрсетуден бас тарту алдында осы Баптың ережелеріне сәйкес Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптың Орталық органымен жарамды деп санаған жағдайларда көмек көрсету туралы мәселелерді қарастыру үшін кеңесуі қажет. Егер Сұрау салған Тарап көмекті осындай жағдайларда қабылдаса, ол осы шарттарды орындауы қажет.
3. Егер Сұрау салынған Тараптың Орталық органы осы Баптың шарттарына сәйкес көмек көрсетуден бас тартса, ол Сұрау салған Тараптың Орталық органын бас тарту себептері туралы хабардар етеді.
5-бап Сұрау салулардың нысандары мен мазмұны
1. Көмек көрсету туралы сұрау салу, Сұрау салынған Тараптың Орталық органы сұрау салуды шұғыл жағдайларда басқаша түрде қабылдай алатын жағдайларды қоспағанда, жазбаша түрде жасалады. Егер сұрау салу жазбаша түрде жасалмаса, егер Сұрау салынған Тараптың Орталық органы басқалар туралы келіспесе, ол он (10) күннің ішінде жазбаша түрде расталуы керек.
2. Сұрау салу мыналарды қамтиды:
а) салынған сұрау салуға қатысты тергеу, ізге түсу және іс жүргізу әрекеттері жүргізіп жатқан органның атауы;
b) істің мән-жайлары мен тергеу барысын, ізге түсу мен іс жүргізу әрекеттерінің жүзеге асырылуын немесе осы іспен байланысты белгілі бір қылмыстарды қоса сипаттау;
с) дәлелдемелер, ақпараттар немесе өзге сұрау салынатын көмекті сипаттау;
d) көмек көрсету туралы сұрау салынған мақсатты, оның ішінде дәлелдемелер, ақпараттар немесе өзге де сұрау салынатын көмекті сипаттау.
3. Мүмкіндігі мен қажеттілігіне қарай сұрау салу мыналарды қамтиды:
а) куәлік айғақтарын беруге сұрау салатын адамның жеке өзіне және орналасқан жеріне қатысты ақпарат;
b) құжаттар тапсырылатын адамның жеке өзіне және орналасқан жеріне қатысты, осы адамның іске қатысы туралы және құжаттарды тапсыру тәртібі туралы ақпарат;
с) адамның жеке өзіне және орналасқан жеріне немесе затына қатысты ақпарат;
d) іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері және алуға жататын заттың нақты сипаттамасы;
е) айғақ пен өтініштерді алу және бекіту тәртібінің сипаттамасы;
f) адамға қойылатын сұрақтар тізбесін қоса алғанда, сұрау салынатын айғақтар немесе өтініштердің сипаттамасы;
g) Сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін көлемде сұрау салу барысында орындалуға тиіс кез келген ерекше рәсімнің сипаттамасы;
h) Сұрау салған Тарап қатысуын сұралған адамның құқығы бар жәрдемақылары мен шығындарына қатысты ақпарат;
і) Сұрау салынған Тарапқа сұрау салуды орындауды жеңілдететін кез келген өзге де ақпарат ұсыныла алады.
6-бап Сұрау салуларды орындау
1. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы сұрау салуды құзыретті органға атқаруға беру арқылы орындайды. Аталған орган сұрау салуды орындауға барлық күш-жігерін жұмсайды. Сұрау салынған Тараптың Әділет мекемесі сотқа шақыруларды, тексеруге ордерлерді немесе сұрау салуды орындауға қажетті кез келген өкімдерді беруге құқылы.
2. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тарапқа ұсыну үшін көмек көрсету туралы сұрау салудан туындайтын кез келген мәселелер бойынша қажетті іс-әрекеттерді Сұрау салынған Тарапта қолданылады.
3. Сұрау салу Сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес және сұрау салуда көзделген іс жүргізу әрекеттері Сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін деңгейде орындалуы тиіс. Осы Келісім немесе сұрау салулардың бірде-бір ережесі ерекше рәсімдерді айқындамайтын жағдайда, сұрау салу Сұрау салған Тарап көздеген тәртіпте орындалуы қажет.
4. Егер Сұрау салынған Тараптың Орталық органы сұрау салуды орындау осы Тарапта тергеуге, ізге түсуді жүзеге асыру немесе іс жүргізу әрекеттеріне кедергі келтіреді немесе қажет деп анықталған жағдайда орындауға әкеледі деп шешсе, Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптың Орталық органымен кеңесуі тиіс. Егер Сұрау салған Тарап белгіленген жағдайларда көмек көрсетуді қабылдаса, ол осы шарттарды сақтауы қажет.
5. Сұрау салған Тараптың Орталық органының өтініші бойынша Сұрау салынған Тарап сұрау салуды және оның мазмұнын құпия түрде сақтау үшін барлық күшін салады. Сұрау салу құпиялылық сақталмай орындау мүмкін емес жағдайда, Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптың Орталық органын бұл туралы хабардар етеді, ол сұрау салудың бұған қарамастан орындалуға тиіс пе, соны шешеді.
6. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптың Орталық органына сұрау салудың орындалу нәтижесі туралы хабардар етеді. Егер сұрау салуды орындалуынан бас тартылса немесе орындалуы кешіктірілсе не кейінге қалдырылса, Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптың Орталық органына бас тарту, кешіктіру және кейінге қалдыру себептерін хабарлауы қажет.
7-бап Шығындар
1. Сұрау салынған Тарап сұрау салудың орындалуына қатысты, өкілдік шығындарды қоса барлық шығындарды төлейді, ал сарапшылар жұмысына төлем; аудару және көшіру шығындары; Сұрау салған Тараптың мүддесінде немесе осы Келісімнің 11 және 12-баптарының ережелеріне сәйкес Сұрау салынған Тараптағы адамдардың жүріп-тұруымен байланысты жәрдемақылар мен шығындарды Сұрау салған Тарап төлейді.
2. Егер сұрау салуды толық көлемінде орындау барысы аса көп әкелетін шығындар болса, Орталық органдар орындауды жалғастыру мүмкін болатын мерзім мен жағдайларды анықтау үшін кеңеседі.
8-бап Дәлелдемелер мен ақпараттарды пайдаланудың құпиялылығы және шектеуі
1. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптан осы Келісім шеңберінде тергеу, ізге түсуді және іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру барысында алынған немесе сұрау салуда сипатталған қандай да бір ақпаратты немесе дәлелдемелерді Сұрау салынған Тараптың Орталық органының алдын ала келісімінсіз пайдаланбауды талап ете алады. Егер Сұрау салынған Тарап осындай сұрау салу жасаса, Сұрау салған Тарап осы шарттарды сақтауы қажет.
2. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы осы Келісімге сәйкес ұсынылған ақпаратты немесе дәлелдемені құпияда сақтауды немесе ол белгілеген мерзім мен жағдайлар шеңберінде пайдалануды талап етуі мүмкін.
3. Осы Баптың 1 және 2-тармақтарында келісілген тәртіпте Сұрау салған Тарапта анықталған ақпараттар немесе дәлелдемелер кейін кез келген мақсатта пайдалануы мүмкін.
9-бап Сұрау салынған Тараптағы айғақтар мен дәлелдемелер
1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Сұрау салынған Тараптың аумағындағы айғақ беруге немесе дәлелдемелер ұсынуға талап етілетін адам айғақ беру немесе дәлелдемелерді ұсыну үшін келуге мәжбүрленуі мүмкін.
2. Сұрау салуды жүргізу барысында сұрау салуда көрсетілген адамның қатысуына Сұрау салынған Тарап Сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасында жазылған рәсімдеріне сәйкес рұқсат береді.
3. Егер 1-тармақта көрсетілген адам Сұрау салынған Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес иммунитетінің, артықшылықтарының бар екенін немесе іс-әрекетке жарамсыздығы туралы мәлімдесе, Сұрау салынған Тараптың құзыретті органы сұрау салу орындалғанға дейін осы мәселе бойынша шешім қабылдайды және Сұрау салған Тараптың Орталық органы арқылы қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
4. Егер осы Баптың 1-тармағында көрсетілген адам Сұрау салған Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес иммунитетінің, артықшылықтарының бар екенін немесе іс-әрекетке жарамсыздығы туралы мәлімдесе, Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптың Орталық органына айғақтар немесе дәлелдемелер алғанға дейін осы өтініш туралы хабардар етеді.
5. Сұрау салынған Тараптағы немесе Сұрау салған Тараптың сұрау салуы бойынша осы Баптың шеңберінде жинақталған айғақтардың заты болып табылатын дәлелдеме Сұрау салынған Тараптың құқықтық рәсімдеріне сәйкес куәландырылуы қажет және одан әрі оның түпнұсқалығын анықтамай Сұрау салған Тарапта дәлелдеме ретінде қолдануға рұқсат етіледі.
10-бап Мемлекеттік органдардың құжаттары
1. Сұрау салынған Тарап Сұрау салған Тарапқа жария етуге рұқсат етілген есептер көшірмелерін, соның ішінде үкімет органдарының құзырындағы құжаттар мен ақпараттарды ұсынады.
2. Сұрау салынған Тарап кез келген нысандағы кез келген есептерді, соның ішінде сол Тараптың мемлекеттік департаменттері мен органдарының құзырындағы, бірақ жариялауға рұқсат етілмеген құжаттар мен ақпараттарды, егер аталған материалдар немесе ақпараттар ұлттық қауіпсіздікке қатысты болмаса, Сұрау салған Тарапқа ұсына алады.
3. Осы Бапқа сәйкес ұсынылған есептерге қатысты сұрау салу Сұрау салынған Тарапта көзделген заң рәсіміне сәйкес, оның қамауға алуына жауапты лауазымды адамның куәландыруы қажет және одан әрі оның түпнұсқалығын анықтамай Сұрау салған Тарапта дәлелдеме ретінде қолдануға рұқсат етіледі.
11-бап Сұрау салынған Тараптың аумағынан тыс жерде айғақ беру
1. Егер Сұрау салған Тарап Сұрау салынған Тарапта жүрген адамнан Сұрау салған Тарапқа келіп айғақ беруін сұраса, Сұрау салынған Тарап айғақ беру үшін ол адамның келісімі болғанда шақырады. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптың Орталық органына қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
2. Сұрау салған Тарап адамның шығындары қандай мөлшерде төленетінін көрсетеді. Келуге келісім берген адам Сұрау салған Тараптан осы шығындарды жабу үшін алдын ала төлемді талап ете алады. Бұл алдын ала төлем Сұрау салған Тараптың Елшілігі немесе Консулдығы арқылы төленеді.
3. Сұрау салған Тараптың Орталық органы осы Баптың ережелеріне сәйкес келген адамды қандай да бір әрекеттерден немесе оны кінәлі деп танудан, оның Сұрау салған Тараптан кетуіне ықпал еткен себептен ұстауға немесе жеке бас бостандығынан шектей алмайды. Сонымен қатар адамды сотта берген айғағы үшін қудаланбауы, ұсталмауы және жазаланбауы тиіс.
4. Егер Сұрау салған Тарапқа келген адам бостандығы мен қаражаты бола тұра, Сұрау салған Тараптың аумағынан оның болуы талап етілмейтіні туралы хабар ала тұрып, соңғы отыз (30) күн ішінде кетпесе немесе аумақтан кеткен тұлға осы мерзім ішінде кері қайтып келсе, бұл жағдайда ол басқа қылмыстары үшін сотталуы мүмкін.
12-бап Көмек көрсету үшін қамауда ұсталған адамдарды беру
1. Сұрау салынған Тарап қамауға алған адамды осы Келісімнің шеңберінде айғақ беруге көмек көрсету мақсатында осы адамның және Тараптардың Орталық органдарының келісімімен Сұрау салған Тарапқа қамауға уақытша беруі мүмкін.
2. Осы Баптың мақсатында:
a) егер жіберуші Тарап басқаша белгілемесе, алушы Тарап берілген адамды қамауда ұстайды;
b) алушы Тарап қамауда ұстауға берілген адамды оның берілген уақытынан бастап бір ай мерзім аралығында жіберуші Тарапқа қайтарады;
c) қабылдаушы Тараптың аумағында берілген адамды қамауда ұстаған мерзімі жіберуші Тарапта жазасын өтеу мерзімі барысында есептеледі.
13-бап Көмек көрсету үшін қамауға алынған адамдарды транзиттеу
1. Сұрау салынған Тарап Сұрау салған Тарап келуіне сұрау салған қамаудағы адамды өз аумағы арқылы Сұрау салған Тарапқа транзиттеуге рұқсат береді.
2. Сұрау салынған Тараптың транзиттеу кезінде адамды қамауда ұстауға өкілеттігі мен міндеттемелері болуы қажет.
14-бап Адамдардың немесе заттардың орналасқан жері немесе ұқсастығы
Егер Сұрау салған Тарап Сұрау салынған Тарапта адамның немесе заттың орналасқан орнын немесе жеке басын анықтауды талап етсе, Сұрау салынған Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес адамның немесе заттың орналасқан орнын немесе жеке басын анықтауға бар күшін жұмсауы қажет.
15-бап Құжаттарды тапсыру
1. Сұрау салынған Тарап осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Сұрау салған Тарап жасаған кез келген көмек көрсету туралы сұрау салуға толықтай немесе ішінара қатысы бар кез келген құжаттарды тапсыру үшін барлық күшін салуы тиіс.
2. Сұрау салған Тарап Сұрау салған Тараптың органына адамның келуін талап ететін құжатты тапсыру туралы кез келген сұрау салуды, белгіленген келуге дейін қисынды мерзімде береді.
3. Сұрау салынған Тарап сұрау салуда көрсетілген тәртіпте құжатты тапсырғаны туралы растауды жолдайды.
16-бап Іздеу және қамауға алу
1. Сұрау салынған Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, егер Сұрау салынған Тарапта иеленуі қылмыс болып саналмайтын, Сұрау салған Тарапта іздестірудің мәні болып табылатын қылмыспен байланысты кез келген затты іздеу, алу және беру туралы сұрау салуды орындайды.
2. Алынған затты сақтауда ұстайтын әрбір лауазымды адам Сұрау салған Тарап ұйғарған заңды рәсімдерге сәйкес нысанды толтыруы, заттың өзін және жағдайын, оның сипатын, көлемін, салмағын және санын мүмкіндігінше куәландыруы қажет. Бұдан әрі куәландыру қажет етілмейді. Нысандар Сұрау салған Тарапта дәлелдеме ретінде рұқсат етілуі қажет.
3. Сұрау салынған Тараптың Орталық органы Сұрау салған Тараптан беруге жататын затқа қатысты үшінші тараптың мүддесін қорғау үшін қажетті деп саналатын мерзімдер мен жағдайларға келісімді алуға талап ете алады.
17-бап Затты кері қайтару
Сұрау салынған Тараптың Орталық органының талабы бойынша Сұрау салған Тараптың Орталық органы осы Келісім шеңберінде сұрау салу бойынша оған ұсынылған кез келген затты, соның ішінде құжаттар мен жазбаларды қоса қайтарады.
18-бап Тәркілеуге көмек көрсету
1. Егер Тараптардың бірінің Орталық органына өзге Тараптағы қылмыстың табыстары немесе құралдары туралы және осы Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша тәркіленетіні немесе басқа түрде алынатыны белгілі болса, ол бұл туралы өзге Тараптың Орталық органына хабар бере алады. Егер басқа Тараптың заң құзыры осы затқа қолданылса, ол осыған қатысты кез келген шешімді қабылдау үшін өз органына осы ақпаратты ұсынады және осы органдар өз ұлттық заңнамасына сәйкес шешімді қабылдауы және өзге Тарапқа қабылдаған шаралар туралы хабарлауы тиіс.
2. Әр Тарап өзге Тарапқа тиісті ұлттық заңнамалармен рұқсат етілген деңгейде табыстарды және қылмыс құралдарын тәркілеуге қылмыс құрбандарына және келтірілген зиян, сол деңгейде өтемақыларына беруге қатысты істер бойынша көмек көрсетуі қажет.
3. Табыстар мен қылмыс құралдарын сақтаушы Тарап оларды өздерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес пайдаланады. Кез келген Тарап Беруші Тараптың ұлттық заңнамасымен рұқсат етілген деңгейде және тиісті деп санаған мерзімде өзге Тарапқа активтердің толықтай немесе бөлігін беруіне, немесе сатудан түскен табыстарды аударуына болады.
Қорытынды ережелер 19-бап Халықаралық міндеттемелер
Осы Келісімнің ережелері Тараптар қатысушысы болып табылатын өзге халықаралық шарттардан туындайтын қандай да бір құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
20-бап Дауларды реттеу
Осы Келісімді қолдану және түсіндіру барысында туындайтын кез келген дау дипломатиялық арналар бойынша кеңес өткізу жолымен шешіледі.
21-бап Ратификациялануы, күшіне енуі және тоқтатылуы
1. Осы Келісім ратификациялануға жатады, ратификациялық грамоталар алмасуға тиіс. Осы Келісім ратификациялық грамоталар алмасқаннан кейін отызыншы (30) күні күшіне енеді.
2. Тараптардың келісімі бойынша және осы Келісімде көзделген ратификациялау рәсімдеріне сәйкес осы Келісімге дипломатиялық арналар бойынша жазбаша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
3. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады, әр Тарап өзге Тарапты хабардар ете отырып, осы Келісімнен кез келген уақытта шыға алады, осындай хабарламадан кейін алты ай (6) өткен соң күшін жояды, сонымен қатар кез келген Тарап бастамашылық жасаған іс-әрекеттер осы Келісімге сәйкес олар толық аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН өз мемлекеттері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
Абу Даби қаласында 2009 жылғы 16 наурызда қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі бүкіл мәтіндердің күші бірдей.
Түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ
ҮШІН ҮШІН
2009 жылғы 16 наурызда Абу Даби қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімнің қазақ тіліндегі мәтініне түзетулер енгізу бойынша Қазақстан Республикасы СІМ-нің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 11-1/3426 және Біріккен Араб Әмірліктері СІМ-нің 2011 жылғы 16 қаңтардағы № 1/3/151-а.я.-123 ноталарының куәландырылған көшірмелері екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы | |
Сыртқы істер министрлігінің | |
Халықаралық құқық департаментінің | |
Басқарма бастығы | Б. Пискорский |
РҚАО-ның ескертпесі. Бұдан әрі Келісімнің мәтіні араб және ағылшын тілідерінде берілген.