2010 жылғы 5 шілдеде Астанада жасалған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісім ратификациялансын
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық
істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына мүше мемлекеттер,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шарттың, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың ережелерін негізге ала отырып,
Кеден одағының кеден заңнамасын және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген, жасағаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген Тараптардың заңнамасын бұзуға қарсы күреске маңызды мән бере отырып,
осы мақсатта көрсетілген бұзушылықтарды тергеуде бір-біріне барынша кең көлемде жәрдем көрсету және осы салада қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тергеу кезінде және оларды әдістемелік қамтамасыз етуде, сондай-ақ осы салада ақпаратпен алмасуда өзара іс-қимылды ұйымдастыру жолымен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ниеттене отырып,
төмендегілер туралы келісті:
І бөлік. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап Қолданылу саласы
1. Осы Келісімнің қолданылу саласы қылмыстарды ашу, Кеден одағының кеден заңнамасын және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген Тараптар заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі адамдарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тарту мақсатында Тараптар кеден органдарының құқықтық көмегі мен өзара іс-қимылы болып табылады.
2. Осы Келісімнің мақсаттары үшін: Армения Республикасының атынан - Армения Республикасының Қаржы министрлігі, Беларусь Республикасының атынан - Мемлекеттік кеден комитеті, Қазақстан Республикасының атынан - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қырғыз Республикасынан – Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі, Ресей Федерациясының атынан - Федералдық кеден қызметі орталық кеден органдары болып табылады.
Аумақтық кеден органдары қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік процесстерді (іс жүргізуді) жүргізетін Тараптардың өзге кеден органдары болып табылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V; 02.08.2015 № 346-V Заңдарымен.2-бап Құжаттарды мойындау
Тараптардың бірінің аумағында мекеме немесе өзінің құзыреті шегінде өзіне осыған арнайы уәкілеттік берілген лауазымды адам дайындаған немесе куәландырған және елтаңбалы мөрмен бекітілген құжаттар басқа Тараптардың аумағында қандай да бір арнайы растаусыз қабылданады.
3-бап Тілі
Осы Келісімнің шеңберінде хат-хабарлама және ақпаратпен алмасу орыс тілінде жүргізіледі.
4-бап Ақпараттың құпиялылығы
1. Осы Келісімге сәйкес ұсынылған ақпарат пен құжаттар құпия сипатта болады және оның ішінде сотта тек осы Келісіммен көзделген мақсаттарда ғана қолданылуы мүмкін. Ақпарат оны ұсынған Тараптың кеден органының жазбаша келісуі бойынша ғана басқа мақсаттар үшін пайдаланылуы және берілуі мүмкін.
2. Әрбір Тарап басқа Тараптың кеден органдары ұсынатын ақпаратты, құжаттарды және басқа мәліметтерді, оның ішінде дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етеді.
5-бап Ақпаратпен алмасу тәсілдері
Осы Келісім шеңберінде хат-хабарлама және ақпаратпен алмасу қолжетімді, оның ішінде телефаксимильді және электрондық байланыс құралдарымен кейіннен түпнұсқасын міндетті түрде пошта арқылы жіберумен жүзеге асырылады.
6-бап Шығыстар
1. Әрбір Тарап осы Келісімді өзінің аумағында іске асыруға байланысты туындайтын шығыстарды дербес көтереді.
2. Жекелеген жағдайларда орталық кеден органдары шығыстарды бөлу туралы келісуі мүмкін.
II бөлік. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
7-бап Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету
Тараптардың кеден органдарының іс жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге байланысты мәселелер Тараптар арасындағы қатынастарда қолданылатын халықаралық шарттардың негізінде шешіледі.
III бөлік. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
8-бап Ақпарат пен құжаттарды және ұсыну туралы сұрау салулар, жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмаларды жіберу
1. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салулар, жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмалар осы Келісімде көзделген жағдайларда аумақтық кеден органдарының арасында, сол сияқты орталық кеден органдары арқылы жіберілуі мүмкін.
2. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуды, жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырманы қандай кеден органына жіберуді айқындау мүмкін емес жағдайларда олар сұрау салынатын Тараптың орталық кеден органына жіберіледі.
3. Жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу кеден органының бланкісінде жазбаша нысанда ресімделеді және мыналарды қамтуы тиіс:
а) тиісті Тараптың сұрау салынатын кеден органының атауы;
б) тиісті Тараптың сұрау салушы кеден органының атауы;
в) ол бойынша құқықтық көмек сұратылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің нөмірі (болған жағдайда), құқық бұзушылықтың және оған қатысты өзге фактілердің егжей-тегжейлі сипатталуы, тауарлардың құны туралы, зиян мөлшері туралы деректер, қолданылатын заң мәтінін қоса бере отырып, сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес әрекетті заңды саралау;
г) оларға қатысты әкімшілік процесс жүргізілетін (әкімшілік іс жүргізу жүзеге асырылатын) тұлғалардың, куәлардың аты, әкесінің аты мен тегі, олардың тұратын жері немесе орналасқан жері, азаматтығы, айналысатын ісі, туған жері мен күні, ал заңды тұлғалар үшін - олардың толық атауы және орналасқан жері (егер тізбеленген мәліметтер туралы ақпарат болса);
д) құжатты беру туралы тапсырмада алушының нақты мекенжайы және табыс етілетін құжаттың атауы да көрсетілуі тиіс;
е) ұсынылуы не орындалуы тиіс мәліметтер мен іс-әрекеттердің тізбесі (сауал жүргізу үшін қандай мән-жайлар анықталуы және нақтылануы тиіс екені, сауал қойылушыға қойылуы тиіс сұрақтардың дәйектілігі және тұжырымдамасы көрсетілуі тиіс).
4. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу, жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмада мыналарды да қамтуы мүмкін:
а) талап етілетін іс-шараларды орындалу мерзімін көрсету;
б) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды айқындалған тәртіппен жүргізу туралы қолдаухат;
в) сұрау салушы Тараптың кеден органдарының өкілдеріне сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, оларды орындауға қатысуға мүмкіндік беру туралы қолдаухат;
г) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге қолдаухаттар.
5. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуға, жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмаға сұрау салушы кеден органының бастығы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға, сұрау салудың, тапсырманың мәтінінде сілтемелері бар құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ оларды тиісінше орындау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттардың және өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
6. Орындалуы орындаушы Тарап үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамаларды және басқа процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмалар ерекше жағдайларда орталық кеден органдары арасындағы келісім бойынша жіберіледі.
7. Тараптардың кеден органдары процессуалдық құжаттарды басқа Тараптың аумағындағы әкімшілік процесске (іс жүргізуге) қатысушыларға тікелей пошта арқылы жібере алады.
8. Қосымша мәліметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы қайта сұрау салуды, жекелеген процессуалдық іс-қимылдар жүргізу туралы тапсырманы жіберуге жол беріледі.
9-бап Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуларды және жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмаларды орындау
1. Ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу, жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырма олар алынған күнінен бастап бір ай ішінде, "шұғыл" деген белгісі бар болған жағдайда 2 аптадан асырылмай орындалады. Осы мерзімдерді қысқарту қажет болған кезде сұрау салудың, тапсырманың мәтінінде мерзімдерді қысқарту себептері мен қажетті орындау мерзімі көрсетіле отырып, ескерту жасалады.
Сұрау салынатын Тараптың өзге мемлекеттік органына жүгіну қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзімдер осы Тараптың кеден органының ведомствоішілік тәртібіне сәйкес ұзартылады.
2. Сұрау салынатын кеден органы сұрау салуда, тапсырмада көрсетілген барлық іс-қимылдарды жүргізеді және барлық қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұрау салынатан кеден органы өзінің бастамасы бойынша оларды орындауға байланысты сұрау салуда, тапсырмада көзделмеген іс-қимылдарды жүргізуге құқылы.
3. Сұрау салынатын кеден органы сұрау салуға, тапсырмаға жауапты, сондай-ақ алынған сұрау салудың деректемелеріне міндетті түрде сілтеме жасай отырып, тікелей сұрау салушы кеден органының сұрау салуға, тапсырмаға қол қойған кеден органы басшысының атына тиісті материалдар мен құжаттарды (куәландырылған көшірмелерді) жібереді.
4. Сұрау салуды, тапсырманы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімде ішінара немесе толық орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынатын кеден органы сұрау салуды, тапсырманы орындаудың болжамды мерзімдері туралы сұрау салушы кеден органына хабарлауға тиіс.
5. Орталық кеден органдары тиісінше орындалмау фактілері туралы бір-біріне хабарлай отырып, ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуларды, жекелеген процессуалдық іс-қимылды жүргізу туралы тапсырмаларды орындау практикасын зерделейді.
10-бап Жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмаларды орындау ерекшеліктері
1. Кеден органдары жекелеген процессуалдық және өзге де іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырмаларды орындаған кезде мыналарды:
оларға қатысты әкімшілік процесс жүргізілетін (әкімшілік іс жүргізу жүзеге асырылатын) адамдарға және куәгерлерге сауал қоюды;
әкімшілік құқық бұзушылықтың заттай дәлелдемелері немесе заттары болып табылатын тауарлар мен құжаттарды алуды не оларға тыйым салуды;
іс бойынша іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап етуді;
тексеруді;
іс бойынша іс жүргізу немесе оны қарау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және адамдардан алуды;
әкімшілік процеске (іс жүргізуге) қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін беруді;
сараптаманы және өзге де іс-қимылдарды жүргізеді.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша процессуалдық және өзге де іс-қимылдар сұрау салынатын Тараптың заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3. Егер сұрау салынатын Тараптың заңнамасы жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу үшін уәкілетті лауазымды адамдардың арнайы қаулыларын шығаруды талап еткен жағдайда, онда оларды шығару тапсырманы орындау орны бойынша жүргізіледі.
4. Тараптардың кеден органдарының келісімі бойынша сұрау салынатын Тараптың аумағындағы процессуалдық іс-қимылдар сұрау салынатын Тараптың заңнамасына сәйкес сұрау салушы Тараптың кеден органы өкілдерінің болуымен немесе қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Осы мақсат үшін сұрау салушы Тараптың кеден органдары белгілі бір мерзімге кеден органдарының қызметкерлерін іссапарға жібере алады.
5. Сұрау салушы кеден органының өтініші бойынша сұрау салынатын кеден органы тапсырманы орындау кезінде өзінің өкілдерінің қатысу мүмкіндігін сұрау салушы кеден органының сұрау салынатын кеден органының қарауы үшін жекелеген процессуалдық іс-қимылдарды жүргізу туралы тапсырманы орындаудың жоспарланған уақыты мен орны туралы алдын ала хабарлайды.
6. Егер сұрау салуда, тапсырмада көрсетілген адамның нақты мекенжайы белгісіз болған жағдайда, сұрау салынатын кеден органы өз Тарапының заңнамасына сәйкес мекенжайды анықтау үшін қажетті шаралар қабылдайды.
11-бап Ақпарат алмасу
1. Орталық кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы электронды түрде ақпарат алмасуды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
2. Тараптардың әрқайсысы, егер осы адамдар сұрау салушы Тараптың аумағында әкімшілік жауапкершілікке тартылса, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтерді басқа Тараптың жазбаша сұрау салуы бойынша ұсынады.
3. Орталық кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құқық қолдану практикасына қатысты ақпараттық-талдау және әдістемелік материалдарды бір-біріне жібереді.
12-бап Әдістемелік көмек
Орталық кеден органдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, кеден органдарының қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін арттыру бойынша іс жүргізу (процесті жүргізу) практикасына қатысты бірлескен әдістемелік материалдарды әзірлеу жөнінде шаралар қабылдайды.
IV бөлік. Қорытынды ережелер
13-бап Жәрдемдесуден бас тарту
1. Егер сұрау салуды орындау сұрау салынатын Тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе басқа маңызды мүдделеріне зиян келтіруі не оның заңнамасына қайшы келуі мүмкін болса, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсетуден бас тартылады.
2. Егер құжаттарды қайтарумен бір мезгілде құқықтық көмек көрсету мүмкін болмаса, сұрау салушы кеден органы сұрау салуды, тапсырманы орындауға кедергі болатын мән-жайлар туралы дереу хабардар етіледі.
14-бап Осы Келісімнің басқа халықаралық шарттармен арақатынасы
Осы Келісім Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында
қолданылатын басқа халықаралық шарттар бойынша Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
15-бап Дауларды шешу тәртібі
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі. Осындай консультациялар немесе келіссөздер басталған күннен бастап алты ай ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау мүдделі Тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына беріледі.
16-бап Өзгерістер енгізу тәртібі
Тараптардың уағдаласуы бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
17-бап Күшіне ену тәртібі
Осы Келісім ратификациялауға жатады.
Осы Келісім депозитарий дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім Кеден одағына мүше болатын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім ол депозитарийге осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарламаны тапсырған күннен бастап, егер Тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, күшіне енеді.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.12.2014 № 265-V Заңымен.18-бап Қолданылуын тоқтату салдары
Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда Тараптар Тараптардың заңнамасына сәйкес осы Келісімнің шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
2010 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы
үшін | үшін | үшін |
Осы мәтінді Астана қаласында 2010 жылғы 5 шілдеде қол қойылған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісімнің толық және түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко;
Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев;
Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясының Президенті Д.А.Медведев.
Түпнұсқа данасы Кеден одағы комиссиясында сақталады.
Барлығы тігілген, қолымен және мөрмен бекітілген 10 парақ
Кеден одағы комиссиясының Хатшылығы
Құқықтық департаментінің директоры | Н.Б.Слюсарь |
2010 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында қол қойылған Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесін дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық құқық департаментінің
Басқарма бастығы | Д. Есентаев |