Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы барлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 185-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
      12-баптың 4-тармағында: бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      Барлау ақпаратын алу, Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін және күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан Республикасының аумағында байланыс қызметтері мен құралдарын беретін жеке және заңды тұлғалардың стационарлық аппаратурасы мен байланыс жолдарына қосылуды болғызбайтын телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруға құқылы.»;
      алтыншы бөлік алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 «ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат):
      13-бап мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-2) сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке басын, олардың бөлімшелерінің, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілілігін, сондай-ақ жасырын көмекшілердің жеке басын шифрлау мақсатында сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілері үшін басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын құжаттарын дайындау және (немесе) ресімдеу.
      Сыртқы барлаудың және арнаулы мемлекеттік органдардың өзге де субъектілерінің мемлекеттік органдарда тіркелуі талап етілетін мемлекеттік органдардың құжаттарын, оның ішінде олардың ұлттық қауіпсіздік органдарының өтінімі бойынша беретін құжаттарын осы тармақшада көзделген мақсатта пайдалану қажеттігі жағдайында, тиісті мемлекеттік органдар бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалатын тәртіппен оларды өтеусіз негізде дайындайды және (немесе) ресімдейді;».
      3. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № қ 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
      1) 2-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жатады.
      Құзыретіне барлау қызметін жүзеге асыру кіретін ұлттық қауіпсіздік органдары қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлері санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды;
      3) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары жатады.»;
      2) 6-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары:
      шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында;
      экстремизмге және террористік қызметке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ шекаралық саясат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, аумақтық сулары (теңіздері) мен континенттік қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында;
      Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шифрланған, құпияланған, кодталған және арнаулы байланыстың өзге де түрлері саласында;
      3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары:
      әскери, әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық салаларда, халықаралық террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жасау, радиоэлектрондық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шифрланған, құпияланған және арнаулы байланыстың өзге де түрлері салаларында және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі әскери құрамдасының мүдделерін қозғайтын басқа да салаларда жүзеге асырады.»;
      3) 9-бапта:
      9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа да күштерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу. Сыртқы барлау органының Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара Іс-қимыл жасасу тәртібі бірлескен нормативтік құқықтық актілермен айқындалады, ал, меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының ұйымдарымен – келісімде белгіленеді;»;
      «11) ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды, арнаулы техникалық құралдарды, байланыс жүйелерін, арнайы мақсаттағы телекоммуникациялар желілерін, деректерді беру жүйелерін, ақпараттың техникалық арналар арқылы таралып кетуінен қорғау құралдарын, оларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, қару-жарақты және жарақтануды әзірлеу, сатып алу, (криптографиялық қорғау құралдарын қоспағанда) жасау, іске қосу және пайдалану, шифрлау және шифрды ашу жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және меншік нысанына қарамастан ұйымдарымен, шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен және ұйымдарымен шарттар, келісімшарттар жасасу;»;
      мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) қызметкерлердің және сыртқы барлау органына жасырын көмек көрсететін адамдардың жеке басын, бөлімшелердің, объектілердің, үй-жайлар мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін шифрлау мақсатында, оларды дайындау және (немесе) ресімдеу тәртібін сыртқы барлау органының басшысы айқындайтын басқа мемлекеттік органдардың, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде пайдалану үшін дайындау және ресімдеу.
      Осы тармақшада көзделген мақсаттарда мемлекеттік органдарға және меншік нысандарына қарамастан ұйымдарға құжаттардың және қызметтік куәліктердің бланкілерін, оларды толтыру үлгілерін сыртқы барлау органына беру туралы орындалуға міндетті сұрау салулар жіберу;
      20-2) сыртқы барлау органы басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жедел-қызметтік жұмыс материалдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жария сипат берілгенге дейін оларға қолжетімділікті шектеуді қамтамасыз ететін өкімдік қызметі арқылы барлау және өзге де жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде, осы қызметтің нәтижелері көрсетілетін материалдарды іске асыру кезінде астыртын әрекет етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпарат көздерін құпиясыздандыруға жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қолдану;»;
      4) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыреті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыретіне осы Заңның 9-бабының 2) — 4), 7), 10), 14), 16), 20-1), 20-2) және 26) тармақшаларын қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген ережелерден басқа, 9-бабының ережелері де жатады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам внешней разведки

Закон Республики Казахстан от 7 апреля 2014 года № 185-V 3PK

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 15 сентября 1994 года «Об оперативно-розыскной деятельности» (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., № 13-14, ст. 99; 1995 г., № 24, ст. 167; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 14, ст. 275; 1998 г., № 24, ст. 436; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2001 г., № 8, ст. 53; № 17-18, ст. 245; 2002 г., № 4, ст. 32; № 15, ст. 147; № 17, ст. 155; 2004 г., № 18, ст. 106; № 23, ст. 142; № 24, ст. 154; 2005 г., № 13, ст. 53; 2007 г., № 2, ст. 18; 2009 г., № 6-7, ст. 32; № 17, ст. 83; № 24, ст. 121; 2010 г., № 10, ст. 48; 2011 г., № 1, ст. 7; № 20, ст. 158; 2012 г., № 3, ст. 26; 2013 г., № 1, ст. 2):
      в пункте 4 статьи 12:
      часть пятую изложить в следующей редакции:
      «В целях получения разведывательной информации, обеспечения военной безопасности Республики Казахстан и безопасности охраняемых лиц уполномоченный орган в сфере внешней разведки, органы военной разведки Министерства обороны Республики Казахстан и Служба охраны Президента Республики Казахстан вправе осуществлять специальные оперативно-розыскные мероприятия с использованием сетей телекоммуникаций, исключающие подключение к стационарной аппаратуре и линиям связи физических и юридических лиц, предоставляющих услуги и средства связи на территории Республики Казахстан.»;
      часть шестую исключить.

      2. В Закон Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года «Об органах национальной безопасности Республики Казахстан» (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 24, ст. 157; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 10, ст. 108; № 12, ст. 184; 1998 г., № 23, ст. 416; № 24, ст. 436; 1999 г., № 8, ст. 233; № 23, ст. 920; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2001 г., № 20, ст. 257; 2002 г., № 6, ст. 72; № 17, ст. 155; 2004 г., № 23, ст. 142; 2007 г.,  № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152; 2009 г., № 19, ст. 88; 2010 г., № 7, ст. 32; № 10, ст. 48; 2011 г., № 1, ст. 3, 7; № 11, ст. 102;  № 16, ст. 129; 2012 г., № 4, ст. 32; № 8, ст. 63; 2013 г., № 1, ст. 2;  № 2, ст. 10; № 14, ст. 72; 2014 г., № 1, ст. 4):
      статью 13 дополнить подпунктом 17-2) следующего содержания:
      «17-2) в целях зашифровки личности сотрудников и военнослужащих иных субъектов внешней разведки и специальных государственных органов, ведомственной принадлежности их подразделений, помещений и транспортных средств, а также личности конфиденциальных помощников изготавливать и (или) оформлять для иных субъектов внешней разведки и специальных государственных органов документы других государственных органов, а также организаций, порядок изготовления и (или) оформления которых определяется совместными нормативными правовыми актами.
      В случае необходимости использования иными субъектами внешней разведки и специальными государственными органами в целях, предусмотренных настоящим подпунктом, документов государственных органов, требующих регистрации в государственных органах, в том числе выдаваемых ими документов, по заявке органов национальной безопасности соответствующие государственные органы на безвозмездной основе изготавливают и (или) оформляют их в порядке, определенном совместными нормативными правовыми актами;».

      3. В Закон Республики Казахстан от 22 мая 2010 года «О внешней разведке» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2010 г., № 10, ст. 46; 2011 г., № 1, ст. 3; 2012 г., № 4, ст. 32; № 5, ст. 41; № 8, ст. 63; 2013 г., № 2, ст. 10):
      1) подпункты 2) и 3) пункта 1 статьи 2 изложить в следующей редакции:
      «2) органы национальной безопасности Республики Казахстан в пределах полномочий, предусмотренных подпунктом 2) статьи 6 настоящего Закона.
      Перечень служб, подразделений и категорий сотрудников органов национальной безопасности, в компетенцию которых входит осуществление разведывательной деятельности, определяется Председателем Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      3) органы военной разведки Министерства обороны Республики Казахстан в пределах полномочий, предусмотренных подпунктом 3) статьи 6 настоящего Закона.»;
      2) подпункты 2) и 3) статьи 6 изложить в следующей редакции:
      «2) органами национальной безопасности Республики Казахстан:
      в сфере противодействия разведывательной и иной направленной на насильственное изменение конституционного строя, нанесение ущерба безопасности Республики Казахстан, деятельности специальных служб и организаций иностранных государств, преступных сообществ (преступных организаций) и отдельных лиц;
      в сфере противодействия экстремизму и террористической деятельности, а также в области пограничной политики и оперативного обеспечения охраны Государственной границы, территориальных вод (моря) и континентального шельфа Республики Казахстан;
      в сфере шифрованной, засекреченной, кодированной и иных видов специальной связи с использованием шифровальных и радиотехнических средств и методов на территории Республики Казахстан и за ее пределами;
      3) органами военной разведки Министерства обороны Республики Казахстан:
      в военной, военно-политической, военно-экономической и военно-технической сферах, в сферах противодействия международным террористическим и экстремистским организациям, шифрованной, засекреченной и иных видов специальной связи с использованием радиоэлектронных средств и методов и в других сферах, затрагивающих интересы военной составляющей национальной безопасности Республики Казахстан.»;
      3) в статье 9:
      подпункты 9) и 11) изложить в следующей редакции:
      «9) взаимодействие с другими силами обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан, а также с государственными органами и организациями Республики Казахстан. Порядок взаимодействия органа внешней разведки с заинтересованными государственными органами Республики Казахстан определяется совместными нормативными правовыми актами, а с организациями Республики Казахстан независимо от форм собственности устанавливается соглашением;»;
      «11) разработка, приобретение, создание (за исключением криптографических средств защиты), эксплуатация и использование информационных систем и информационных ресурсов, специальных технических средств, систем связи, сетей телекоммуникаций специального назначения, систем передачи данных, средств защиты информации от утечки по техническим каналам, программного обеспечения к ним, вооружения и оснащения, организация шифровальной и дешифровальной работы. Заключение в этих целях договоров, контрактов с государственными органами и организациями Республики Казахстан независимо от форм собственности, со специальными службами и с организациями иностранных государств;»;
      дополнить подпунктами 20-1) и 20-2) следующего содержания:
      «20-1) в целях зашифровки личности сотрудников и лиц, оказывающих конфиденциальное содействие органу внешней разведки, ведомственной принадлежности подразделений, объектов, помещений и транспортных средств изготовление и оформление для использования за пределами Республики Казахстан документов других государственных органов, а также организаций независимо от форм собственности, порядок изготовления и (или) оформления которых определяется руководителем органа внешней разведки.
      Направление в целях, предусмотренных настоящим подпунктом, в государственные органы и организации независимо от форм собственности обязательных для исполнения запросов о предоставлении органу внешней разведки бланков документов и служебных удостоверений, образцов их заполнения;
      20-2) принятие необходимых мер по обеспечению конспирации при осуществлении разведывательной и иной оперативно-розыскной деятельности, при реализации материалов, отражающих результаты этой деятельности, а также недопущению рассекречивания источников информации путем распорядительной деятельности руководителя органа внешней разведки или уполномоченного им должностного лица, обеспечивающей ограничение доступа к материалам оперативно-служебной деятельности до их обличения в гласную форму, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;»;
      4) статью 9-1 изложить в следующей редакции:
      «Статья 9-1. Компетенция органов военной разведки Министерства
                   обороны Республики Казахстан
      К компетенции органов военной разведки Министерства обороны Республики Казахстан, кроме положений, предусмотренных статьей 8  настоящего Закона, относятся положения статьи 9 настоящего Закона, за исключением подпунктов 2) – 4)7)10)14)16), 20-1), 20-2) и 26).».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                      Н. НАЗАРБАЕВ