Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасының нормаларын Дүниежүзілік пошта одағы актілерінің нормаларымен біріздендіру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 230-V ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «почта», «Почта» деген сөздер тиісінше «пошта», «Пошта» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «жалпыға бірдей қолжетімді қызмет көрсету» деген сөздер «әмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат):
      1) тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «Почта», «почта», «почталық», «почтаның» деген сөздер тиісінше «Пошта», «пошта», «пошталық», «поштаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) бүкіл мәтін бойынша «баршаға қолжетiмдi почта байланысы қызметiн», «почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi», «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызметiн», «Почта байланысының баршаға қол жетiмдi қызмет көрсетуiнiң» және «Почта байланысының баршаға қолжетiмдi қызмет көрсетуi» деген сөздер тиісінше «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін», «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің» және «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) абонементтік жәшiк – пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген түрлерiн алуға арналған, пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiнде орнатылатын, адресаттар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын құлыпталатын арнайы жәшiк;
      2) абоненттiк пошта жәшiгi – адресаттар пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткiзу учаскесінде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталатын арнайы шкаф;
      3) адресат – өзіне пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы;
      4) атаулы зат – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауы, сондай-ақ пошта операторы айқындаған өзге де ақпарат көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы;
      5) Дүниежүзілік пошта одағы – халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін аумақтары біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше мемлекеттерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым;
      6) Дүниежүзілік пошта одағының актілері – Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар;
      7) жазбаша хат-хабар – хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер;
      8) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар – Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес ресімделген, жөнелтуші алдын ала ақы төлеген қайтарылатын пошта жөнелтілімін қамтитын пошта жөнелтілімі;
      9) жедел поштаның көрсетілетiн қызметтері – пошта байланысының пошта жөнелтілімдерiн жедел өңдеу, тасымалдау, жеткiзу және (немесе) табыс ету режимiндегi көрсетілетін қызметтері;
      10) жөнелтушi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберу үшiн оларды пошта операторына тапсыратын, пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін пайдаланушы;
      11) курьерлiк поштаның көрсетілетін қызметтері – пошта байланысының курьердi пайдалана отырып, пошта жөнелтілімдерiн тасымалдау және табыс ету бойынша көрсетілетiн қызметтері;
      12) қаржы қызметi және қаржылық көрсетілетiн қызметтер – Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы нарығында жүзеге асыратын және ұсынатын қызмет пен көрсетілетiн қызметтер;
      13) мерзiмдi баспасөз басылымдарын жазылу бойынша тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын пайдаланушыға жеткiзуге және (немесе) табыс етуге бағытталған, оларға жазылуды қабылдау, тапсырыстарды жинау, жасақтау, өңдеу жөнiнде пошта операторы, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иесi немесе оның уәкілеттi тұлғасы мен пайдаланушы арасындағы өзара iс-қимыл;
      14) операциялық күн – пошта операторының пошталық көрсетілетiн қызметтерді ұсынатын жұмыс уақыты;
      15) операциялық терезе – пошта операторының өндiрiстiк объектiсiндегi пайдаланушыға пошталық көрсетілетiн қызметтердің бiр және одан көп түрi ұсынылатын жұмыс орны;
      16) өндiрiстiк объект – пошта операторының көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған және сол үшiн жабдықталған, пошта желiсінің өндiрiстiк бiрлiгi;
      17) пошта – Қазақстан Республикасының аумағында пошталық, қаржылық және өзге де көрсетілетін қызметтер кешенiн ұсынуды және қаржы қызметiн жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн инфрақұрылым бөлiгi;
      18) пошта байланысы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өз құзыретi шегiнде пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды, пошта операторларының қызметiн мемлекеттiк бақылауды, үйлестiру мен реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      19) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері – көрсетілуі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің уәкілетті орган белгілеген сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылатын, ортақ пайдаланылатын пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;
      20) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтері – пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымдарын жiберу жөнiндегi қызмет;
      21) пошта байланысының құралдары – пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар мен технологиялар;
      22) пошта жәшiгi – жай хаттар мен жай пошта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы және көлемдегi жәшiк;
      23) пошта желiсi – пошта операторының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну кезiнде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен пошта маршруттарының жиынтығы;
      24) пошта-жинақ жүйесi – базасында Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы қызметiн жүзеге асыратын және пошталық, қаржылық және өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынатын пошта жүйесi;
      25) пошта жөнелтілімдерi – жазбаша хат-хабар, сауқаттар, пошта контейнерлерi, сондай-ақ тиiсті орамадағы баспасөз басылымдары;
      26) пошта жөнелтілімiн жеткiзу – пошта жөнелтілімiн межелі жердегi өндiрiстік объектiлерден абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк пошта жәшiгіне немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару;
      27) пошта жөнелтілімiн жiберу – пошта жөнелтілімiн қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы;
      28) пошта жөнелтілімiн қабылдау – жөнелтушiден қабылдаған, оның iшiнде пошта жәшiктерiнен алу арқылы қабылданған пошта жөнелтілімiн одан әрi жiберу үшiн пошта операторының ресiмдеуi;
      29) пошта жөнелтілімiн өңдеу – пошта жөнелтілімдерiн жiберуге дайындауды қамтамасыз етiп, олармен жасалатын өндiрiстiк операциялар;
      30) пошта жөнелтілімiн табыс ету – пошта жөнелтілімiн адресаттың жеке өзiне немесе оның заңды өкiлiне немесе сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдірiлген адамына беру;
      31) пошта жөнелтілімiн тасымалдау – пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн жөнелту пунктiнен межелі жердегi пошта операторының өндiрiстiк объектiлерiне дейiн апару;
      32) пошта жүйесi – пошта байланысын қамтамасыз ететiн пошта желiлерi мен пошта операторларының жиынтығы;
      33) пошта индексi – пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында пошта операторларының өндiрiстiк объектiлерiне берiлетiн, оларды әкiмшілік-аумақтық сәйкестендiруге және жүйелендіруге мүмкiндiк беретiн, мекенжайдың шартты цифрлық белгiлемесі;
      34) пошта карточкасы – арнаулы стандартты бланкiге жазбаша хабарлама жазылған жай немесе тiркелетiн пошта жөнелтілімi;
      35) пошта жұмысы – пошта желiлерi арқылы пошталық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
      36) пошта жұмысы субъектiлерi – пошта операторлары және пайдаланушылар;
      37) пошталық ақша аударымы – уәкiлеттi орган бекiткен, белгiленген үлгiдегi бланк нысанын толтырып, пошта желiсiн және өзге де байланысты пайдалану арқылы ақша жiберу жөнiндегi көрсетілетін қызмет;
      38) пошталық қызмет – пошта операторлары ұсынатын, пошта байланысының көрсетілетін қызметтері;
      39) пошталық мекенжай (бұдан әрi – мекенжай) – пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымдарын жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн пошта операторының көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушы айқындайтын жер;
      40) пошта операторы – пошта жұмысы саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
      41) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы (бұдан әрi – пайдаланушы) – пошта операторы ұсынатын, оның iшiнде өзi пошта операторымен жасасатын шарттардың негiзiнде ұсынатын көрсетілетін қызметтердi тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      42) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi – айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер, пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері және өзге де белгiлер;
      43) пошта штемпелi – құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне: жөнелтілу орнында пошта жөнелтілімiн қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, пошта жөнелтілімiнiң қабылданған күнi мен уақытын; межелі жерде пошта жөнелтілімiн алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауын, алынған күнi мен уақытын, сондай-ақ пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзген және (немесе) табыс еткен өндiрiстiк объектiнiң атауын, жеткiзiлген және (немесе) табыс етілген күнi мен уақыты көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы;
      44) тағайындалған оператор – пошталық қызметтерді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен уәкілетті орган тағайындайтын пошта операторы;
      45) тариф – пошта операторының көрсетілетiн қызметтеріне ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерi;
      46) тiркелетiн пошта жөнелтілімi – жөнелтушiге түбiртек беріліп қабылданатын және адресатқа қолхат арқылы табыс етiлетiн пошта жөнелтілімi;
      47) ұлттық пошта желiсi – Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жұмыс iстейтiн, сол арқылы жария шарт негiзiнде көрсетілетін қызметтер ұсынылатын ортақ пайдаланылатын пошта желiсi;
      48) Ұлттық пошта операторы – Үкiмет шешiмiмен құрылған, ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн, арнайы байланыстың көрсетілетін қызметтерi мен қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну және қаржылық қызметтi жүзеге асыру жөнiнде мiндеттемелер жүктелген акционерлiк қоғам;
      49) факсимильді байланыстың көрсетілетін қызметтерi – қағаз жеткізгіште орындалған мәтiндер мен иллюстрацияларды арнаулы аппараттың көмегiмен телефон арналары арқылы берудi бiлдiретiн байланыстың көрсетiлетін қызметтері;
      50) франкирлеу машинасы – жазбаша хат-хабарға пошта байланысының көрсетілетін қызметтерiне ақы төленгенiн, жазбаша хат-хабардың және басқа да ақпараттың қабылданған күнін растайтын бедерлер салуға арналған машина;
      51) халықаралық қайтарым купоны – Дүниежүзілiк пошта одағы айналымға енгiзетiн, Дүниежүзілік пошта одағына мүше кез келген елде пошта маркаларына айырбастауға жататын, әуе көлiгiмен жіберiлетiн, салмағы 20 грамға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төмен ақысын білдiретiн құжат;
      52) халықаралық пошта алмасу орны – кіріс және шығыс халықаралық пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ кеден органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін, пошта операторының өндірістік объектісі;
      53) халықаралық пошта жөнелтілімi – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерге жiберу үшiн қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келiп түсетiн не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттармен бірге жүретін пошта жөнелтiлімi;
      54) халық салымдарының сақталуын қамтамасыз ету – пайдаланушы мен Ұлттық пошта операторы арасында жасалатын шарттың талаптарымен белгiленген сыйақы ескеріле отырып, салымды номиналды түрдегі қайтару кепiлдiгi;
      55) хат – жазбаша салынымы бар конверт түрiнде жiберiлетiн пошта жөнелтiлімі;
      56) электрондық поштаның көрсетілетін қызметтерi – қағаз жеткізгіштерді қолданбай, пайдаланушыларға хабарлар немесе құжаттар алмасуға мүмкiндiк беретiн, байланыстың көрсетілетін қызметтері.»;
      4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      «6-1-бап. Тағайындалған оператор

      1. Тағайындалған оператор:
      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық елді мекендерде барлық пайдаланушылар үшін пошта байланысының сапалы көрсетілетін қызметтерін тұрақты негізде көрсетуді;
      2) жазбаша хат-хабарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;
      3) салмағы 20 килограмға дейінгі сауқаттарды қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;
      4) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабарды қайтаруды;
      5) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа да елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асырады.
      3. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен және осы баптың 1-тармағынан туындайтын міндеттемелерді орындамаған кезде уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператордың өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен кері қайтарып алады.»;
      5) 8-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тәртібін бекiтеді;»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) және 20-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «20-1) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу тәртібін әзірлейді;
      20-2) операторды тағайындайды және тағайындалған оператордың өкілеттігін кері қайтарып алады;»;
      6) 15-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Пошта операторының пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуы уәкілетті орган бекіткен, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасы мен бағасына пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын талаптар белгіленетін, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.».
      3. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «почта», «почтаны», «Почтаны» және «Почта» деген сөздер тиісінше «пошта», «поштаны», «Поштаны» және «Пошта» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 39-баптың 3-тармағындағы «Почта байланысының жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн көрсететiн», «темiр жол», «аумағында», «жөнелтiмдерiн» деген сөздер тиісінше «Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерiн ұсынатын», «темiржол», «аумақтарында», «жөнелтiлімдерiн» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) бүкіл мәтін бойынша «почтаның», «почталық», «почта», «Почта», «почтамен» және «почтамттар» деген сөздер тиісінше «поштаның», «пошталық», «пошта», «Пошта», «поштамен» және «поштамттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) бүкіл мәтін бойынша «почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі» деген сөздер «пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам унификации норм законодательства Республики Казахстан о почте с нормами актов Всемирного почтового союза

Закон Республики Казахстан от 3 июля 2014 года № 230-V ЗРК

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 9 июля 1998 года «О естественных монополиях и регулируемых рынках» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 16, ст. 214; 1999 г., № 19, ст. 646; 2000 г., № 3-4, ст. 66; 2001 г., № 23, ст. 309; 2002 г., № 23-24, ст. 193; 2004 г., № 14, ст. 82; № 23, ст. 138, 142; 2006 г., № 2, ст. 17;  № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 13, ст. 87; 2007 г., № 3, ст. 20; № 19, ст. 148; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 24, ст. 129; 2009 г., № 11-12, ст. 54; № 13-14, ст. 62; № 18, ст. 84; 2010 г., № 5, ст. 20, 23; 2011 г., № 1, ст. 2; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 112;  № 16, ст. 129; 2012 г., № 2, ст. 9, 15; № 3, ст. 21; № 4, ст. 30; № 11, ст. 80; № 12, ст. 85; № 15, ст. 97; 2013 г., № 4, ст. 21; № 10-11, ст. 56; № 15, ст. 79, 82; № 16, ст. 83; 2014 г., № 1, ст. 4; № 4-5, ст. 24; Закон Республики Казахстан от 16 мая 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разрешительной системы», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 20 мая 2014 г.):
      1) по всему тексту внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      2) в подпункте 13) пункта 1 статьи 4 слово «общедоступные» заменить словом «универсальные».
      2. В Закон Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года «О почте» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 3, ст. 17; № 15, ст. 139; 2004 г., № 23, ст. 142; 2005 г., № 14, ст. 55; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 16, ст. 99; 2009 г., № 2-3, ст. 18; 2010 г., № 15, ст. 71; 2011 г., № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; 2012 г., № 5, ст. 35; № 13, ст. 91; 2013 г., № 10-11, ст. 56; № 14, ст. 75):
      1) в заголовок и по всему тексту внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      2) по всему тексту слова «общедоступных», «общедоступные», «Общедоступные» заменить соответственно словами «универсальных», «универсальные», «Универсальные»;
      3) статью 1 изложить в следующей редакции:
      «Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      1) абонементный ящик – специальный запирающийся ящик для получения отдельных видов почтовых отправлений, устанавливаемый на производственных объектах оператора почты, используемый адресатами в порядке, установленном уполномоченным органом;
      2) абонентский почтовый ящик – специальный запирающийся шкаф с ящиками, устанавливаемый в жилых домах, а также на доставочном участке в сельской местности для получения адресатами почтовых отправлений;
      3) адресат – пользователь услуг оператора почты, которому адресованы почтовое отправление или почтовый перевод денег;
      4) именная вещь – устройство для нанесения на документы и почтовые отправления оттисков с указанием наименования оператора почты, его производственного объекта, а также иной информации, определенной оператором почты;
      5) Всемирный почтовый союз – международная организация, состоящая из стран-членов, территории которых образуют единую почтовую территорию для взаимного обмена международными почтовыми отправлениями, целями которой являются обеспечение организации и совершенствования почтовых связей и создание в этой области благоприятных условий для развития международного сотрудничества;
      6) акты Всемирного почтового союза – документы, принимаемые на Конгрессе Всемирного почтового союза в соответствии с Уставом Всемирного почтового союза;
      7) письменная корреспонденция – письма, почтовые карточки, бандероли и мелкие пакеты;
      8) международная коммерческая корреспонденция с ответом – почтовое отправление, оформленное в соответствии с актами Всемирного почтового союза, содержащее предварительно оплаченное отправителем почтовое отправление возврата;
      9) услуги ускоренной почты – услуги почтовой связи с режимом ускоренной обработки, перевозки, доставки и (или) вручения почтовых отправлений;
      10) отправитель – пользователь услуг оператора почты, который сдает оператору почты почтовое отправление или почтовый перевод денег для их пересылки;
      11) услуги курьерской почты – услуги почтовой связи по перевозке и вручению почтовых отправлений, оказываемые с использованием курьера;
      12) финансовая деятельность и финансовые услуги – деятельность и услуги, которые осуществляет и предоставляет Национальный оператор почты на финансовом рынке в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      13) распространение периодических печатных изданий по подписке – взаимодействие между оператором почты, собственником средств массовой информации или его уполномоченным лицом и пользователем по приему подписки, сбору, составлению, обработке заказов на периодические печатные издания, направленное на доставку и (или) вручение их пользователю;
      14) операционный день – рабочее время, в течение которого оператор почты предоставляет почтовые услуги;
      15) операционное окно – рабочее место на производственном объекте оператора почты, где предоставляются пользователю один и более видов почтовых услуг;
      16) производственный объект – производственная единица почтовой сети, предназначенная и оборудованная для предоставления услуг оператором почты;
      17) почта – часть инфраструктуры, обеспечивающая на территории Республики Казахстан предоставление комплекса почтовых, финансовых и иных услуг и осуществление финансовой деятельности;
      18) уполномоченный орган в области почтовой связи (далее – уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции реализацию государственной политики в области почтовой связи, государственный контроль, координацию и регулирование деятельности операторов почты;
      19) универсальные услуги почтовой связи – услуги почтовой связи общего пользования, оказание которых осуществляется на всей территории Республики Казахстан в соответствии с установленными уполномоченным органом показателями качества универсальных услуг почтовой связи;
      20) услуги почтовой связи – деятельность по пересылке почтовых отправлений и почтовых переводов денег;
      21) средства почтовой связи – технические средства и технологии, используемые для предоставления услуг почтовой связи;
      22) почтовый ящик – ящик установленного цвета, формы и размеров, предназначенный для сбора простых писем и простых почтовых карточек;
      23) почтовая сеть – совокупность производственных объектов и почтовых маршрутов, используемых при предоставлении услуг оператора почты;
      24) почтово-сберегательная система – почтовая система, на базе которой Национальный оператор почты осуществляет финансовую деятельность и предоставляет почтовые, финансовые и иные услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      25) почтовые отправления – письменная корреспонденция, посылки, почтовые контейнеры, а также печатные издания в соответствующей упаковке;
      26) доставка почтового отправления – перемещение почтового отправления из производственных объектов места назначения в абонементный ящик или абонентский почтовый ящик, или по иному адресу, указанному отправителем;
      27) пересылка почтового отправления – совокупность операций приема, обработки, перевозки и (или) передачи, доставки и (или) вручения почтового отправления;
      28) прием почтового отправления – оформление оператором почты для дальнейшей пересылки почтового отправления, принятого от отправителя, в том числе путем выемки из почтовых ящиков;
      29) обработка почтового отправления – производственные операции с почтовыми отправлениями, обеспечивающие их подготовку к пересылке;
      30) вручение почтового отправления – выдача почтового отправления лично адресату или его законному представителю, или поверенному, действующим на основании доверенности;
      31) перевозка почтового отправления – перемещение почтового отправления из пункта отправления до производственных объектов оператора почты места назначения для доставки и (или) вручения адресату;
      32) почтовая система – совокупность почтовых сетей и операторов почты, обеспечивающих почтовую связь;
      33) почтовый индекс – условное цифровое обозначение адреса, присваиваемое производственным объектам операторов почты, позволяющее их административно-территориально идентифицировать и систематизировать в целях ускорения пересылки почтового отправления или почтового перевода денег;
      34) почтовая карточка – простое или регистрируемое почтовое отправление с письменным сообщением на специальном стандартном бланке;
      35) почтовая деятельность – предоставление почтовых услуг через почтовые сети;
      36) субъекты почтовой деятельности – операторы почты и пользователи;
      37) почтовый перевод денег – услуга по пересылке денег с использованием почтовой сети и иной связи с заполнением формы бланка установленного образца, утвержденного уполномоченным органом;
      38) почтовая служба – услуги почтовой связи, предоставляемые операторами почты;
      39) почтовый адрес (далее – адрес) – место, определяемое пользователем услуг оператора почты, для доставки и (или) вручения почтовых отправлений и почтовых переводов денег;
      40) оператор почты – физическое или юридическое лицо, имеющее право на предоставление услуг в сфере почтовой деятельности;
      41) пользователь услуг оператора почты (далее – пользователь) – физическое или юридическое лицо, являющееся потребителем услуг, предоставляемых оператором почты, в том числе на основании договоров, заключаемых им с оператором почты;
      42) государственные знаки почтовой оплаты – почтовые марки, блоки, маркированные конверты, почтовые карточки, оттиски франкировальных машин и иные знаки, вводимые в обращение уполномоченным органом, которые подтверждают оплату услуг оператора почты;
      43) почтовый штемпель – устройство для нанесения на документы и почтовые отправления оттисков с обозначением: наименования производственного объекта, осуществившего прием почтового отправления в месте отправления, даты и времени приема почтового отправления; наименования производственного объекта, осуществившего получение почтового отправления в месте назначения, даты и времени получения, а также наименования производственного объекта, доставившего и (или) вручившего почтовое отправление адресату, даты и времени доставки и (или) вручения;
      44) назначенный оператор – оператор почты, назначаемый уполномоченным органом в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан, для обеспечения эксплуатации почтовых служб и выполнения относящихся к ним обязательств, вытекающих из актов Всемирного почтового союза, на всей территории Республики Казахстан;
      45) тариф – размер оплаты услуг оператора почты, установленный в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      46) регистрируемое почтовое отправление – почтовое отправление, принимаемое с выдачей отправителю квитанции и вручаемое адресату под расписку;
      47) национальная почтовая сеть – почтовая сеть общего пользования, действующая на всей территории Республики Казахстан, через которую предоставляются услуги на основе публичного договора;
      48) Национальный оператор почты – созданное по решению Правительства акционерное общество, единственным акционером которого является национальный управляющий холдинг, на которое возложены обязательства по предоставлению универсальных услуг почтовой связи, услуг специальной связи и финансовых услуг и осуществлению финансовой деятельности;
      49) услуги факсимильной связи – услуги связи, заключающиеся в передаче по телефонным каналам с помощью специального аппарата текстов и иллюстраций, выполненных на бумажном носителе;
      50) франкировальная машина – машина, предназначенная для нанесения на письменную корреспонденцию оттисков, подтверждающих оплату услуг почтовой связи, дату приема письменной корреспонденции и другую информацию;
      51) международный ответный купон – документ, вводимый в обращение Всемирным почтовым союзом, подлежащий обмену в любой стране – члене Всемирного почтового союза на почтовые марки, представляющий собой минимальную плату простого международного письма массой до 20 грамм, пересылаемого воздушным транспортом;
      52) место международного почтового обмена – производственный объект оператора почты, в котором осуществляется обработка входящих и исходящих международных почтовых отправлений, а также производится таможенными органами таможенный контроль указанных отправлений;
      53) международное почтовое отправление – почтовое отправление, принимаемое для пересылки за пределы территории Республики Казахстан, поступающее на территорию Республики Казахстан либо следующее транзитом через территорию Республики Казахстан и сопровождаемое документами, предусмотренными актами Всемирного почтового союза;
      54) обеспечение сохранности вкладов населения – гарантия возврата вклада в номинальном выражении с учетом вознаграждения, установленного условиями договора, заключаемого между пользователем и Национальным оператором почты;
      55) письмо – почтовое отправление, пересылаемое в виде конверта с письменным вложением;
      56) услуги электронной почты – услуги связи, позволяющие пользователям обмениваться сообщениями или документами без применения бумажных носителей.»;
      4) дополнить статьей 6-1 следующего содержания:
      «Статья 6-1. Назначенный оператор
      1. Назначенный оператор обязан обеспечить:
      1) оказание на постоянной основе качественных услуг почтовой связи во всех населенных пунктах на территории Республики Казахстан для всех пользователей;
      2) прием, обработку, перевозку и доставку письменной корреспонденции;
      3) прием, обработку, перевозку и доставку посылок весом до 20 килограмм;
      4) возврат международной коммерческой корреспонденции с ответом;
      5) транзит международных почтовых отправлений назначенных операторов других стран-членов Всемирного почтового союза через территорию Республики Казахстан.
      2. Назначенный оператор осуществляет услуги почтовой связи в соответствии с актами Всемирного почтового союза.
      3. При невыполнении назначенным оператором обязательств, вытекающих из актов Всемирного почтового союза и пункта 1 настоящей статьи, уполномоченный орган отзывает полномочия назначенного оператора у оператора почты в порядке, утвержденном Правительством Республики Казахстан.»;
      5) в статье 8:
      пункт 1 дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      «2-1) утверждает порядок назначения и отзыва полномочий назначенного оператора;»;
      пункт 2 дополнить подпунктами 20-1) и 20-2) следующего содержания:
      «20-1) разрабатывает порядок назначения и отзыва полномочий назначенного оператора;
      20-2) назначает и отзывает полномочия назначенного оператора;»;
      6) статью 15 дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      «1-1. Предоставление оператором почты универсальных услуг почтовой связи осуществляется в соответствии с показателями качества универсальных услуг почтовой связи, утвержденными уполномоченным органом, в которых устанавливаются требования, удовлетворяющие потребности пользователей в доступности, качестве и цене предоставления универсальных услуг почтовой связи.».
      3. В Закон Республики Казахстан от 4 июля 2003 года «Об автомобильном транспорте» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 15, ст. 134; 2004 г., № 23, ст. 142; 2005 г., № 7-8, ст. 19; 2006 г., № 3, ст. 22; № 24, ст. 148; 2007 г., № 2, ст. 18; № 16, ст. 129; 2008 г., № 23, ст. 114; 2009 г., № 18, ст. 84; 2010 г., № 1-2, ст. 1; № 5, ст. 23; № 15, ст. 71; № 24, ст. 146; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; 2012 г., № 15, ст. 97; 2013 г., № 9, ст. 51; № 14, ст. 72, 75; № 16, ст. 83; 2014 г., № 1, ст. 4;  № 8, ст. 44; Закон Республики Казахстан от 16 мая 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разрешительной системы», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 20 мая 2014 г.):
      1) по всему тексту внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      2) в пункте 3 статьи 39 слово «общедоступные» заменить словом «универсальные».
      4. В Закон Республики Казахстан от 5 июля 2004 года «О связи» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., № 14, ст. 81; 2006 г., № 3, ст. 22; № 15, ст. 95; № 24, ст. 148; 2007 г., № 2, ст. 18; № 3, ст. 20; № 19, ст. 148; 2008 г., № 20, ст. 89; № 24, ст. 129; 2009 г., № 15-16, ст. 74; № 18, ст. 84; № 24, ст. 121; 2010 г., № 5, ст. 23; № 24, ст. 146, 150; 2011 г., № 1, ст. 2; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; 2012 г., № 3, ст. 25; № 8, ст. 63, 64; № 14, ст. 92, 95; № 15, ст. 97; 2013 г., № 12, ст. 57; № 14, ст. 72, 75; 2014 г., № 1, ст. 4; № 7, ст. 37; № 8, ст. 44, 49; Закон Республики Казахстан от 16 мая 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разрешительной системы», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 20 мая 2014 г.):
      1) по всему тексту внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;
      2) по всему тексту слово «общедоступных» заменить словом «универсальных».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                        Н. НАЗАРБАЕВ