Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) әлеуетті жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
1-1) әлеуетті жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
1-2) бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік – осы Заңға сәйкес әзірленген және бекітілген жекеше әріптесті айқындау тәртібіне, үлгілік конкурстық құжаттамаға және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартына сәйкес салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
2) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
2-1) инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот – кредитор ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру шартында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған талаптар басталғанға немесе оларды жекеше әріптес орындағанға дейін сол бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, оған ашатын банктік шот;
3) конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы – осы Заңға сәйкес белгіленген құзыретіне сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3-1) концессиялық шарт (концессия) – мемлекеттік әріптес (концедент) пен жекеше әріптес (концессионер) арасында жасалған және осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшін концессионердің тұтынушылардан төлемақы (тұтынушылардан алынатын төлемақы) алуын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;
4) қолжетімділік үшін төлемақы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке-дара техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем;
5) мемлекеттік әріптес – Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа;
6-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7) тармақшаға өзгеріс енгізілді көзделген – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультативтік қолдап отыру – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтерді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – осы Заңға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi реттілікпен болатын iс-шаралар жиынтығы;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар – тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарын, міндеттерін, шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) сервистік келісімшарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сипаттау көзделетін құжат;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы – айрықша мақсаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру болып табылатын, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес бірлесіп құрған заңды тұлға не бірден бір қатысушылары мемлекеттік әріптес және (немесе) жекеше әріптес болып табылатын жұмыс істеп тұрған заңды тұлға;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдықтар, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;
13-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, материалдық емес және материалдық активтерді, оның ішінде жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларды) жобалау, тұрғызу және (немесе) жұмыс істеп тұрғандарын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу) арқылы құру жөніндегі қызмет;
13-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіріп және тұтынушыларға беріп нысаналы пайдалану жөніндегі немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оператордың немесе үшінші тұлғалардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес нысаналы пайдалануына дайындығын қамтамасыз етуді қоса алғанда, оған техникалық және (немесе) сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызмет;
14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар;
15) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
16) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану арқылы бір немесе бірнеше әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу мақсатында жасалатын жазбаша келісім;
16-1) мемлекеттік қазынашылық – орталық атқарушы органның бюджетті қазынашылық атқару жөніндегі уәкілетті органның функциялары жүктелген ведомствосы;
16-2) мемлекеттік қазынашылық органдары – мемлекеттік қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері;
17) оператор – жекеше әріптес болып табылмайтын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жекеше әріптеспен бірлесіп пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;19) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
20) сервистік келісімшарт – жекеше әріптеске меншік құқығында тиесілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдаланыла отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;
21) тікелей келісім – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес пен жекеше әріптестің кредиторы арасында жасалатын жазбаша келісім.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
4. Жекеше әріптесті айқындау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну рәсімдері "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмастан, осы Заңға және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі.
7. Егер осы Заңда тікелей өзгеше көзделмесе, осы Заңның жекеше әріптеспен, мемлекеттік әріптеспен және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен байланысты қатынастарды реттейтін ережелері тиісінше концессионерге, концедентке және концессиялық шартқа қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау;
2) инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту;
3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру;
4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары:
1) реттілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;
2) конкурстық қағидаты – осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;
3) теңгерімділік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді өзара тиімді бөлу;
4) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу;
5) халық үшін құндылық қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейі мен сапасын арттыру;
6) ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру процестері туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте ашық қол жеткізу болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің айрықша белгілеріне мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бес жылдан отыз жылға дейін);
3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады, бұл ретте жекеше әріптестің меншікті қаражатының үлесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрауға тиіс;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.
Инвестициялық кезең мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалауды (қажет болған жағдайда), салуды және (немесе) реконструкциялауды және (немесе) жаңғыртуды не құруды қамтиды. Пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оның функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды не мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді не оның инфрақұрылымын басқаруды қамтиды.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары
1. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары болып табылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бірнеше мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес тараптар бола алады.
2. Оператор да мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы бола алады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсіліне қарай институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.
2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы іске асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделмеген өзге жағдайларда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тәсілі бойынша жүзеге асырылады.
Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартын, оның ішінде:
1) концессия шарты;
2) сервистік келісімшарт түрінде жасасу және іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында міндеттемелердің жекелеген түрлері, оның ішінде сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу), мердігерлік, қызметтер көрсету міндеттемелері қамтылуы мүмкін.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және пайдалану, өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді өткізу, өндірілген тауарларды кәдеге жарату, сондай-ақ жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстардың толық циклі қамтылуы мүмкін.
4. Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамаларында, ұлттық жобаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделуі мүмкін.
Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жекеше әріптесті айқындау тәртібі тиісті базалық параметрлер негізінде әзірленеді және онда үлгілік конкурстық құжаттама мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты қамтылады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
2. Республикалық және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын айқындау үшін мынадай өлшемшарттардың бірі пайдаланылады:
1) меншік түрі бойынша – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне меншік құқығына (республикалық немесе коммуналдық) қарай не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне мемлекеттік меншік түріне қарай республикалық немесе жергілікті жобалар;
2) пайда алушылар бойынша – егер екi және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, республикалық жобалар және егер бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың субъектiлерi пайда алушылар болып табылса, жергiлiктi жобалар.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру:
1) жекеше әріптестің меншікті қаражаты;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат;
3) мемлекеттік бюджет қаражаты;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы;
5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;
6) қолжетімділік үшін төлемақы.
2-1. Егер әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісін пайдалану жекеше әріптес инвестицияларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етпесе, осындай жобалар әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары болып табылса, жекеше әріптестің шығындарын толық өтеу тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, қоғамдық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы, газбен, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау және су бұру, қалдықтарды басқару объектілерін қоса алғанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген объектілер, объектілердің кешендері әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне жатады.
2-2. Сервистік келісімшарттарда инвестициялық шығындардың өтемақысы және (немесе) қоса қаржыландыру көзделмейді.
3. Жобалық қаржыландыруды пайдалана отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.
Бұл ретте инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және осы Заңның 49-бабының шарттары сақталған кезде инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеудің біркелкілігі сақтала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау, іске асыру және оны бағалау
Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік бастаманың немесе жекеше бастаманың негізінде мынадай реттіліктегі сатылардан өту арқылы іске асырылуы мүмкін:
1) мыналарды:
мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде – инвестициялық ұсынысты және конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзірлеуді немесе үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттаманың негізінде конкурстық (аукциондық) құжаттаманы бекітуді; немесе
жекеше бастаманы іске асыру шеңберінде – осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган қалыптастырған және жариялаған тізбеге енгізілген қажеттіліктермен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар бойынша конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағын әзірлеуді; немесе
жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің жекеше бастамасы шеңберінде – бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда, жоспарлау;
2) осы Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;
4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы.
1-1. Алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.
3. Іске асыру кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мониторингі бойынша ақпаратты тапсыру күніне күнтізбелік бір жылдан асатын барлық іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ есепті жыл ішінде аяқталған немесе тоқтатылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша бағалау жүргізіледі.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару сапасын жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын есеп мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижесі болып табылады.
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
6. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының есебі келіп түскен кезден бастап оны мынадай мүдделі тараптарға:
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға;
коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына;
салалық орталық мемлекеттік органдарға;
республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы
1. Жекеше әріптес, қажет болған кезде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бір немесе бірнеше операторын айқындауға құқылы.
2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторын мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы айқындайды.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды (функционалдық пайдалану) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болып табылатын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған тәртіппен және талаптарда мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес және оператор арасында жасалған пайдалану шарты негізінде әрекет ететін оператор жүзеге асыра алады.
Функционалдық пайдалану операторға ішінара немесе толық берілген жағдайда, жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдалануға қолжетімділігі мен дайындығын (техникалық және (немесе) сервистік қызмет көрсету және (немесе) инфрақұрылымды басқару) қамтамасыз етеді.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен екінші тараптың келісімімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті үшінші тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша беруші тараптың міндеттемелерін үшінші тұлғалар сақтаған жағдайда беруге құқылы. Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының беруші тарапы үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес жекеше әріптеске берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлік жекеше әріптестің балансына берілуге жататын жағдайларда, олар жекеше әріптестің мүлкінен оқшауландырылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты жүзеге асырылатын жеке есепте көрсетіледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылатын жағдайда, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік меншікке берілуге жатады. Бұл ретте мұндай мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кепілге беруге жол берілмейді.
12-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі
1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жекеше әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады.
2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.
3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, жекеше әріптестің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.
Жекеше әріптес кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы.
Ескерту. 1-тарау 12-1-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қайшы келмейтін көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың мынадай қағидаттарын сақтауға міндетті:
1) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету өлшемдерін осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қанағаттандыру мақсатында бейімдеу;
2) тауарларды ұсынудың, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану тәртібін белгілейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануды оператор жүзеге асырса, пайдалану тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе бар болған кезде пайдалану шартында айқындалады.
3. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде, қызметтер көрсетуге қатысты бір тұлғаға басқалар алдында артықшылық жасауға құқылы емес.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдер тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу, сондай-ақ олардың туындау ықтималдығын азайту және орын алған тәуекелдердің салдарларын жою жөніндегі қажетті шаралар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бекітіледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу тәуекелдерді барынша аз шығынмен озық түрде басқара алатын тарапқа оларды жүктеген жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі
1. Тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өз құзыретін іске асыру шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және жариялайды.
1-1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау мақсатында құрылымдық бөлімшелердің жалпы үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
2. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері
1. Жекеше әріптес:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген жағдайларда және тәртіппен төлемдер мен өтемақыларды талап етуге;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында өз қызметінен алынған таза кірісті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалауы бойынша пайдалануға;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қатысты құқықтарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген талаптарда жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Жекеше әріптес:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің бейінін сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін тиісті техникалық жай-күйде мемлекеттік әріптеске беруді қамтамасыз етуге;
2) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік әріптес:
1) жекеше әріптеспен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тараптарымен оның талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
2) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді, оның ішінде аудиторлық ұйымды тарту арқылы жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне, сондай-ақ қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуге;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жол берілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
6) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын жекеше әріптес не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де тарапы бұзған жағдайда оны бұзуды талап етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Мемлекеттік әріптес:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген жағдайларда және мерзімдерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне құқықтарды жекеше әріптеске беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген өзге де талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше маңызды жобалар бойынша қаулысына немесе әрбір жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мәслихат шешіміне сәйкес шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана тіркелуге тиіс.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау тәртібін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыны, қоса қаржыландыруды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік беруді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын және қолжетімділік үшін төлемақыны бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.18-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, болжанатын төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын өзге де тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген құқықтары бар.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын өзге де тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген талаптар мен шарттарды сақтауға міндетті.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) оларға қатысты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің тізбесін бекітеді;
3) алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді;
4-1) жекеше әріптесті айқындау жөнінде тікелей келіссөздер жүргізе отырып, жекеше бастама негізінде технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру туралы шешім қабылдайды;
4-2) әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекітеді;
5) Конституцияда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.20-бап. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылық етуді жүзеге асырады;
3) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;4) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ республикалық және жергілікті ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде келіседі;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесін әзірлейді және бекітеді;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;7-1) салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың тиісті саланың мемлекеттік органы әзірлеген тәртібін келіседі;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды, жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде үлгілік конкурстық құжаттама негізінде бекітілетін конкурстық құжаттаманы қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау қорытындыларын Қазақстан Республикасының заңдарында ақпаратты қорғау бөлігінде белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталында жариялайды;
10) соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде қалыптастырылатын жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін жүргізеді және бұл тізбені өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
11-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
11-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бөлу және олардың тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
11-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттық мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
11-4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-5), 11-6) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
6) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.21-1-бап. Мемлекеттік қазынашылықтың және мемлекеттік қазынашылық органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Мемлекеттік қазынашылық және мемлекеттік қазынашылық органдары:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін қабылдауды және олардың орындалуын есепке алуды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастырады және оларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 21-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.22-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган:
1) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша жасалған шарттардың тізілімін жүргізеді;
2) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің мониторингін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2-1) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) және тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды жүзеге асырады, оның ішінде қажет болған кезде конкурстық құжаттаманы әзірлеу үшін білікті заңды тұлғаларды тартады;
3-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
4) тиісті салада республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады;
5) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
6) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жөнінде ақпарат береді және бұл ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
8) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша бұрын жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жаңа жекеше әріптестерді тартуды ұйымдастырады;
9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
9-1) жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органмен келіседі;
10) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асырады;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.24-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары:
1) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2) жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебін тыңдайды;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу кезінде тиісті өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға ұсыныстар енгізеді;
3) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушылар бола алады;
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
5) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
7) алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды;
9) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);10) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
12) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;13) жергілікті жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының мақсаттарын, міндеттерін және қызметінің түрлерін мемлекеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау;
2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
3) жоспарлануы және іске асырылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
3-1) халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қорытынды беру;
4) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандарды оқыту;
7) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.26-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
6) жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы электрондық қызметтер көрсетеді.
Ескерту. 3-тарау 26-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тарау 26-2-баппен толықтыру көзделген – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ
27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;
2) мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету нысандарында;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы, оның ішінде:
1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттарына және мерзіміне беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.
Қоса қаржыландыру инвестициялардың болжанатын мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша көзделуі мүмкін, бұл ретте қоса қаржыландыру мөлшері инвестициялардың болжанатын мөлшерінің отыз пайызынан аспайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құрудың және (немесе) реконструкциялаудың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес айқындалатын құнынан аспауға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ұзарту құқығымен кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекет кепілгерлігі бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде беріледі.
Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
Мемлекет кепілгерлігін беру тәртібін, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі шартының нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеуді бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.
Мемлекет кепілгерлігі қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөніндегі барлық ақылға қонымды шараларды қарыз беруші қабылдағаннан кейін және (немесе) қарыз алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылған не таратылған жағдайда орындалуға тиіс.
Мемлекет кепілгерлігін орындау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде мемлекет кепілгерлігін орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);2) алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) ведомствоаралық жобалау тобына, талқылауларға, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияға, тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға қатысу;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингіне қатысу.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құру және (немесе) пайдалану;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлікті және мүліктік құқықтарды беру;
5) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу нысандарында;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мынадай:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыратын заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу не заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығару (беру);
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында ғылыми-өндірістік аймақтар, венчурлік қорлар, зерттеу орталықтарын құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлік пен мүліктік құқықтарды беру;
4) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар тарту;
5-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру;
6) сервистік қолдау, оның ішінде технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құруға және (немесе) пайдалануға қатысу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-бап. Жекеше әріптесті айқындау
1. Жекеше әріптесті айқындау мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) конкурс;
2) тікелей келіссөздер;
3) аукцион.
2. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс ашық немесе жабық болуы мүмкін.
Ашық конкурсқа қатысуға әлеуетті жекеше әріптестердің шектеусіз тобы жіберіледі.
Әлеуетті жекеше әріптестердің шектеулі тізбесі қатысуға жіберілетін жабық конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен өткізілуі мүмкін.
3. Осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс бір кезеңдік немесе екі кезеңдік рәсім пайдаланылып өткізілуі мүмкін.
4. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс аукцион нысанында өткізілуі мүмкін. Осы Заңда конкурсты реттеу бөлігінде көзделген ережелер, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тең дәрежеде аукционға қолданылады.
5. Егер салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары;
2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше әріптесті айқындаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзгеше тәртібін қолдануға нұсқау көзделсе, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.
Осы тармаққа сәйкес жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындау үлгілік конкурстық құжаттама пайдаланыла отырып, тиісті саланың орталық атқарушы органы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары
1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) болуға;
2) төлем қабілеттілігі болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген;
7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс.
8) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1-1. Егер әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылған жағдайда:
1) әлеуетті жекеше әріптес және оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс;
2) алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;3) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) оның қатысушылары (акционерлері) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, осы Заңның ақпарат беру жөніндегі талаптары, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат бергені үшін жауаптылық әлеуетті жекеше әріптестің қатысушыларына да (акционерлеріне де) қолданылады.
2. Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын қосымша (арнайы) біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленуі мүмкін.
3. Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.
4. Әлеуетті жекеше әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға растау құжаттарын табыс етеді, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында көзделеді.
5. Әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденті ұсынатындай құжаттарды не әлеуетті жекеше әріптес-Қазақстан Республикасы бейрезидентінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
6. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сай келуіне анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.
7. Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей сотқа біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы талап қою береді.
8. Конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға соттардың әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген шешімдерін мұндай шешімдерді алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті жекеше әріптес, егер:
1) осы әлеуетті жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының өкілдері болып табылса;
2) әлеуетті жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынған болса;
3) әлеуетті жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген болса;
4) әлеуетті жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті жекеше әріптес мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті жекеше әріптес пен әлеуетті жекеше әріптестің үлестес тұлғасының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.
3. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жоспарлау мен іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Біліктілік іріктеу әлеуетті жекеше әріптестің белгіленген біліктілік талаптарына сай келуін айқындау мақсатында жүргізіледі.
2. Біліктілік іріктеуді конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес жүргізеді.
3. Біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысушы деп танылады.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.35-бап. Жекеше әріптесті конкурс (аукцион) тәсілімен айқындау
1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) осы Заңның 31-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық (аукциондық) комиссия құрады.
3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялау үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына жібереді.
4. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс жобада жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау, тұрғызу немесе жаңа материалдық емес активті құру арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа объектісін құру көзделетін жағдайларда өткізіледі, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жаңғырту немесе реконструкциялау көзделетін жобаларда өткізілуі мүмкін. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларын қалыптастыруды біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.
5. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) техникалық тапсырманы қалыптастыру;
2) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабархатты жариялау;
3) конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптестерге техникалық тапсырманы беруі;
4) әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;
5) конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауы және әлеуетті жекеше әріптестермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жобасының талаптарына қатысты мәселелерді талқылау;
6) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын әзірлеуі және бекітуі;
7) конкурсты ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды берген әлеуетті жекеше әріптестерге жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуі.
6. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңінде мыналар жүзеге асырылады:
1) конкурстық өтінімдерді қарау;
2) конкурс жеңімпазын айқындау;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу.
7. Бір кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс Заңның осы бабының 4-тармағында көзделмеген жағдайларда өткізіледі және мынадай іс-шаралардың өткізілуін қамтиды:
1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын әзірлеуі және бекітуі;
2) конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат;
3) конкурстық өтінімдерді қарау және үздік конкурстық өтінімді айқындау;
4) конкурс (аукцион) жеңімпазын айқындау;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу.
Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.36-бап. Конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.37-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасы
Ескерту. 37-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.
2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осы Заңның 20-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және осы Заңның 21-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын ұсынады, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сай келуін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар;
2) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалар, үлгілік жобалау шешімдері және қайта қолдану жобалары негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме не мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің орналасқан жері;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы;
6) үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаты;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны (валюталарды) нұсқау және салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамы;
8) конкурстық (аукциондық) өтінімді ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
9) әлеуетті жекеше әріптестің өз конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;
10) конкурстық (аукциондық) өтінімнің мазмұны, конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және қолданылу мерзімі, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;
12) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні және уақыты;
13) келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін конкурстың (аукционның) шарттары.
2-1. Конкурстық (аукциондық) құжаттамада осы Заңның 40-бабына сәйкес келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін, конкурстың (аукционның) елеулі шарттары болып табылатын конкурстың (аукционның) шарттары айқындалады.
3. Конкурстық (аукциондық) құжаттама әлеуетті жекеше әріптеске қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ұсынылған конкурстық (аукциондық) құжаттамасы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының көшірмесін жасауға жұмсалған шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы.
4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, ал жекеше әріптесті айқындау жөнінде қайта конкурс (аукцион) өткізген кезде конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мұндай сұрау салу тіркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге түсіндірме береді.
5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей барлық әлеуетті жекеше әріптестерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсыну мерзімін кемінде күнтізбелік отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.
6. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізуге құқылы.
Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.38-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінім
1. Конкурстық (аукциондық) өтінім әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.
2. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында көрсетілген ұсыну мерзімі өткенге дейін ұсынады.
3. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімі мынадай:
1) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) консорциумға қатысушы бұрын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі және (немесе) сол бір лотқа қатысты осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынған;
2) конкурстық (аукциондық) өтінім жекеше әріптесті айқындау жөніндегі осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.
4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:
1) енгізілген конкурстық (аукциондық) өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;
2) өзі енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.
5. Конкурстық (аукциондық) өтінімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.39-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету
1. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді:
1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;
2) өзін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасатындығына кепілдік ретінде енгізеді.
2. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар сомасы конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.
3. Әлеуетті жекеше әріптес, егер ол екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) бірінші кезеңіне қатысса, конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.
4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
2) банк кепілдігі.
Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы баптың 5-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:
1) әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алғанда;
2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудан жалтарғанда, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес талқылаудан және нақтылаудан бас тарту арқылы жалтарғанда не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылғанда қайтармайды.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісіне есепке жатқызылады.
7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:
1) осы әлеуетті жекеше әріптес өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;
3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты күшіне енген;
5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.40-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау
1. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді конкурстық (аукциондық) комиссия жүзеге асырады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде ашады.
3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерге қажетті сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.
4. Конкурстық (аукциондық) комиссия барлық конкурстық (аукциондық) өтінімді қарайды.
Бір конкурстық өтінім ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді конкурстық комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
Егер үштен аз аукциондық өтінім ұсынылса, онда аукцион өтпеді деп есептеледі.
5. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен (конкурсты өткізу кезінде) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
6. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде конкурстық (аукциондық) комиссия мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптеске жазбаша нысанда жіберуге тиіс.
Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссия шешім қабылдайды.
Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
7. Егер конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық (аукциондық) өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда конкурстық (аукциондық) комиссия бұл конкурстық (аукциондық) өтінімді қарамайды және үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді жаңадан таңдайды.
8. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімімен үздік конкурстық (аукциондық) өтінім айқындалады, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.
9. Осы Заңның 40-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.
Конкурсты ұйымдастырушы ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде конкурстың жеңімпазы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрған, құрылатынын конкурстың жеңімпазы конкурстық өтінімде мәлімдеген заңды тұлғамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады (мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктері ұсынылған жағдайда).
10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.
Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.40-1-бап. Жекеше бастама негізінде жекеше әріптесті таңдау ерекшеліктері
1. Әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесінен бір немесе бірнеше міндетті шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын әзірлеу арқылы бастамашылық жасауы жекеше бастама деп танылады.
2. Жекеше бастаманы іске асыру шеңберіндегі конкурстық (аукциондық) құжаттаманы тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдар келісілгеннен және сараптамадан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекітеді.
2-1. Жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес өзі бастамашылық жасаған жобада жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға міндетті.
Егер біліктілікті іріктеу нәтижелері бойынша конкурсқа екіден кем әлеуетті жекеше әріптес жіберілсе, конкурс өткізілмеген болып есептеледі. Бұл ретте қайта конкурс өткізуге жол беріледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан конкурстың (аукционның) жеңімпазы жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске оның конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге міндетті.
Ескерту. 40-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.41-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің ерекшеліктері
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс осы Заңның ережелері ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өткізіледі.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің шарттары, күні, орны мен уақыты туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша нысанда жібереді.
42-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің ерекшеліктері
Ескерту. 42-бап алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
43-бап. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізудің ерекшеліктері
Ескерту. 43-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау
Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері
1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген жобалар үшін (оның ішінде бірнеше жобаны қамтамасыз ету үшін) жеке түрде, сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады.
2. Жекеше әріптес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды және (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде пайда болған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік меншікке беріледі.
4. Жекеше әріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға бағытталған инвестициялық шығындарының өтемақысы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктерін, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. Заң 44-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелері негізінде не осы Заңда белгіленген жағдайларда тікелей келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша жасалады.
2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жазбаша нысанда жасалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жазбаша нысанын сақтамау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жарамсыздығына әкеп соғады.
3-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болған кезде оларды мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тіркеуге тиіс.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған әртүрлі шарттардың элементтері қамтылатын шарт болып табылады. Егер осы Заңнан, тараптардың келісімінен немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мәнінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының қатынастарына тиісті бөліктерде осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында элементтері қамтылатын Қазақстан Республикасының шарттар туралы заңнамасы қолданылады.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.46-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының елеулі талаптары мыналар болып табылады:
1) жобаның мақсаттары, міндеттері, тікелей және түпкілікті нәтижелері;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңі ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне мүліктік құқықтар;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының инвестициялық және операциялық кезеңдерінің мазмұны мен мерзімдері;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары, сондай-ақ инвестициялардың мөлшерлері, мерзімдері мен шарттары;
5) шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда олардың түрлері, көлемдері, ұсыну мерзімдері мен шарттары;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімі;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары арасында тәуекелдерді бөлу;
8) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептелген жобаның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық-экономикалық модельдері.
Тараптар барлық елеулі талаптар бойынша келісімге қол жеткізбеген кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалмаған болып есептеледі.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мынадай міндетті талаптарды қамтуға тиіс:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының, тараптардың өкілетті өкілдерінің толық атауы;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының тұрған жері (заңды мекенжайы) және банктік деректемелері;
3) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарына, оның ішінде инвестициялық және пайдалану кезеңдері шеңберінде қол жеткізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бөлігіндегі құқықтары мен міндеттері;
4) жоба шеңберінде берілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлеріне, көлеміне, сапасына қойылатын талаптар, оның ішінде сапа индикаторларын және толық пайдалану әзірлігінің өлшемшарттарын бұзғаны үшін ақаулы ұпайлардың есептемесі;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде өндірілетін тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі;
6) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен енгізілетін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының болжамды инвестициялары құнының оннан бір пайызы мөлшерінде меншікті қаражатын енгізу және қарыз қаражатын тарту бойынша жекеше әріптестің міндеттемелерін қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша дауларды сотқа дейінгі, сотта және (немесе) соттан тыс шешу тәртібі;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалау өлшемшарттары, оларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайларда тұрақсыздық айыбын (міндетті түрде құндық мәнде көрсете отырып) төлеу;
9) егер оператор мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болып табылмаса, операторды айқындау тәртібі, оператор тартылуға тиіс талаптар, оны тартуға жауапты тарап;
10) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптар;
11) валюталық компонент бойынша қайта қаржыландыру тетігін қоса алғанда, валюталық тәуекелдерді бөлу тәртібі;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының жауапкершілігі;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту және бұзу шарттары, оның ішінде пайда алушылар мен мүдделі тұлғалар үшін теріс салдарды болғызбау немесе барынша азайту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстары мен шығындарын өтеу тәртібі;
14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары;
15) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелдерінің өту талаптары мен мерзімдері;
16) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының орындалуын мониторингтеу тәртібі, оның ішінде жекеше әріптестің мониторинг жүргізу үшін ақпарат беру тәртібі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың өзге де талаптары қамтылуы мүмкін.
3. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптардан басқа, мыналар қамтылуға тиіс:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құру тәртібі мен мерзімдері;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының органдарын қалыптастыру тәртібі;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыру мен толықтыру тәртібі;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының акционерлері (қатысушылары) арасындағы қатынастар;
5) корпоративтік дауларды шешу тәртібі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының құрылтай шартын тараптар институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарында жасауға тиіс.
4. Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті жекеше әріптес болып табылса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша қолданылатын құқықты мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары айқындайды.
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша айқындалған өзге де тілдерде қосымша жасалуы мүмкін.
Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.47-бап. Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісім
Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісімде мынадай шарттар көзделеді:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты талаптарының орындалмауына әкеп соқтыратындай елеулі бұзылу жағдайлары туралы мемлекеттік әріптестің жекеше әріптес кредиторларына хабарлау міндеттемесі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты және (немесе) талап ету құқығын біреуге беру бойынша құқықтарды кепілге беру немесе мемлекеттік әріптестің келісуімен жекеше әріптестің борышын аудару;
3) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары бойынша оның орындалмауына әкеп соқтыратындай етіп елеулі бұзған жағдайда, жекеше әріптес кредиторларының жекеше әріптесті ауыстыруды талап ету, сондай-ақ жекеше әріптестің жаңа кандидатурасын ұсыну құқығы;
4) осы баптың 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жекеше әріптесті ауыстыру тәртібі;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар.
48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімінен аспауға тиіс.
2. Алып тасталды – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптарына байланысты емес мән-жайлар нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы кідіртілгенде немесе тоқтатыла тұрғанда;
2) мемлекеттік әріптестің және (немесе) мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тоқтатыла тұрғанда;
3) мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделмеген талаптарды қоюы нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға байланысты шығыстар ұлғайғанда осы Заңның 57-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған органның шешімі негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының бірінің талап етуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісімі бойынша өзгертілуі және (немесе) бұзылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары өзгерістер нәтижесінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері жақсарған кезде, сондай-ақ егер мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағының талаптары сақталған кезде, сондай-ақ жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімін ұзарту жүзеге асырылатын кезеңде инвестициялар енгізген кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімін ұлғайта отырып, пайдалану кезеңін ұлғайтуға жол беріледі.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз бюджет қаражатын пайдалану бөлігінде мемлекеттік міндеттемелердің өзгеруіне алып келетін өзгертуге жол берілмейді.
5. Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының елеулі талаптары сараптамалардың оң қорытындылары болған және өзгерістер тиісінше конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын сараптауды және келісуді жүзеге асырған барлық органмен, олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша өзге де мүдделі органдармен келісілген жағдайда ғана, сондай-ақ монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде осындай өзгерістерді келіскен жағдайда өзгертілуі мүмкін.
Осы Заңның 46-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының елеулі талаптарын өзгертуге болмайды.
6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған не қолданылу мерзімі өткен кезде;
2) жекеше әріптес таратылған (қайтыс болған, әрекет қабілетінен айырылған) кезде;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
7. Мемлекеттік әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:
1) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде;
2) егер жекеше әріптес өзінің дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болса;
3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай әрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығы мен имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.
8. Жекеше әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік әріптес және (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.
Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.50-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беру және жекеше әріптестің борышын аудару
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап етуді басқаға беруге және жекеше әріптестің борышын аударуға мемлекеттік әріптестің, оператордың жазбаша келісуі болған және жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға жалпы және қосымша (арнаулы) біліктілік талаптарына сай болған жағдайда ғана жол беріледі.
Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы
1. Жекеше әріптес тікелей келісім жасасқан кредитор алдындағы және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, тікелей келісім жасасқан кредиторлармен келісу бойынша жекеше әріптесті ауыстыруға жол беріледі, ол жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында мемлекеттік әріптестің конкурс (аукцион) өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кредиторға кепілге беру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады.
3. Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің құқықтарын кредиторға кепілге беруі және осы құқықтардың құнын есепке алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдалануға берілген объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады.
Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.51-1-бап. Жекеше әріптесті ауыстыру
1. Жекеше әріптес кредитор алдындағы және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, мемлекеттік әріптеспен және кредитормен келісу бойынша жекеше әріптесті ауыстыруға жол беріледі, ол жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында мемлекеттік әріптестің конкурс (аукцион) өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
2. Жекеше әріптес ауыстырылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша құқықтар мен міндеттер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап жаңа жекеше әріптеске беріледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тарау 51-1-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 6-тарау. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
52-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жалпы ережелер
1. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құрады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы өз қызметін акционерлік қоғамның не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асырады, онда мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес жиынтығында дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызына ие болады.
Мемлекеттік және жекеше әріптестер құрылтай шарты шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға құқылы.
Осы Заңда реттелмеген бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының қызметі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасында реттеледі.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталына қатысу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында жекеше әріптестің мемлекеттік әріптеске немесе мемлекеттік әріптестің жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларына (қатысу үлестеріне) меншік құқықтарын беруі (өтеулі немесе өтеусіз) көзделуі мүмкін.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.53-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы көрсетіле отырып, заңды тұлғаның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында әрекет ететіні жөнінде мәлімет қамтылуға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының ережелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қайшы келмеуге тиіс.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы жарғысының арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ішкі қатынастарға жататын болса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының;
2) егер оларды қолдану мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының үшінші тұлғалармен қатынастары үшін мәні болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
54-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құқықтық реттеу
1. Мемлекеттік әріптестің не жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына қатысуын тоқтатудың шарттары мен тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалады.
2. Мемлекеттік әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзгеше ауыртпалық салуына жекеше әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.
Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын (қатысу үлестерін) үшінші тұлғалардың пайдасына иеліктен шығаруына, кепілге қоюына немесе оған өзгеше ауыртпалық салуына мемлекеттік әріптестің келісімімен ғана жол беріледі.
3. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің келісімінсіз:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе, міндетті енгізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, оның жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының облигациялар мен өзге де бағалы қағаздар шығаруына;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын қайта ұйымдастыруға және таратуға;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің келісімін алу көзделген өзге де әрекеттерді жасауға жол берілмейді.
4. Осы бапта көрсетілген жағдайларда келісім беру тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысында айқындалуға тиіс.
7-тарау. ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ, АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ескерту. 7-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
55-бап. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
1. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мынадай:
1) жаңа технологияларды, технологиялық процестерді, техникалық регламенттерді әзірлеу және оларды жетілдіру;
2) тәжірибелік үлгіні, тәжірибелік-конструкторлық қондырғыны дайындау, сынақтар (тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды қоса алғанда), зерттеулер (зертханалық зертеулерді қоса алғанда) жүргізу;
3) аз сериялы өндірісті (тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті) ұйымдастыру және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру (стартап-компаниялар құруды қоса алғанда) міндеттеріне қол жеткізуге бағытталады.
2. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына байланысты зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды бағалау (қайта бағалау) мәселелерін міндетті түрде көздеуге тиіс.
3. Конкурстық комиссия, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және басқа да мүдделі тұлғалар инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына байланысты құжаттарды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып қарайды.
56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Ескерту. 56-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Арнаулы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ арнаулы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзге де объектілерін құруға және пайдалануға бағытталады.
2. Жеке индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтағы инфрақұрылым объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы әрекет етеді.
Бұл ретте арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысу туралы өз шешімін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және акциялардың бақылау пакетіне иелік ететін органмен келіседі.
3. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы конкурсты ұйымдастырушы болып әрекет етеді.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу жекеше әріптестің арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақ аумағында арнаулы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін құру және пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыруға негіз болып табылады.
Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар сотқа дейінгі реттеу міндетті түрде сақтала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
2. Дауларды шешу кезінде тараптар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған барлық шараларды қабылдауға тиіс.
3. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікте шешуге құқылы, ал жекеше әріптес немесе жекеше әріптестің дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма бес және одан көп пайызын иеленетін акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, инвестициялардың болжамды мөлшері республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасу жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша дау "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Халықаралық төрелік орталыққа немесе халықаралық төрелікке жүгіну арқылы да шешілуі мүмкін.
4. Жекеше әріптесті айқындау тәртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |