Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 359-VI ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 78-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған төлем ұйымдарының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында айқындалады.";

      2) 359-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "соғыс қимылдары" деген сөздерден кейін ", төтенше жағдай" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 49-баптың 1-тармағының 40) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 209-баптың 1-тармағы "құрылысын қаржыландыру үшін" деген сөздерден кейін ", төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне айқындалған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 210-баптың 2-тармағы "орган" деген сөзден кейін "төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне айқындалған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыруға қажетті соманы ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігіндегі "жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін ұлттық холдингтер" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыру көзделетін жобаларды немесе Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыруға ұлттық басқарушы холдингтер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотареялар және лотарея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 47-бапта:

      1-1-бөліктегі "бесінші," деген сөз алып тасталсын;

      бесінші бөлік алып тасталсын;

      2) 222-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "бір жүз" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "сомасы" деген сөзден кейін ", "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген электрондық әмияндағы электрондық ақшаны сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 476-бапта:

      бірінші абзацтағы "Төтенше" деген сөз "1. Төтенше" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      4) 478-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған, құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн немесе ұлттық және дiни алауыздықты қоздыратын әрекеттер, жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi келтіру не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу –";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

      5) 797-баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары "406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда)," деген сөздерден кейін "476 (екінші бөлігінде), 478 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 804-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "735" деген цифрлар "735-1" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      15-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу сомаларының шекті мөлшерлерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақша алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін;

      10-2) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларын бекітеді, оларда, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алу шарттары айқындалады, сондай-ақ нысандарын, тізбесі мен ұсынылу мерзімдерін қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібін;".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 96-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 11-1-баптың 6-тармағының 8) тармақшасы "ұйымда" деген сөзден кейін "осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9), 14) және 15) тармақшаларында, 47-1-бабында көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 17-1-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "резидент емес заңды тұлғалар" деген сөздер "бейрезидент-заңды тұлғалары өздерінде не өздерінің бас ұйымында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың 2) тармақшасы "тұлғаның" деген сөзден кейін "не оның бас ұйымының" деген сөздермен толықтырылсын;

      9-тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацындағы "резиденті емес заңды тұлғада" деген сөздер "бейрезидент-заңды тұлғасында не оның бас ұйымында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 29-бапта:

      4-тармақта:

      екінші бөліктегі "(республикалық маңызы бар қала, астана)" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк филиалы астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналаса отырып, бірнеше мекенжай бойынша:

      астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;

      астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.";

      6-тармақтағы "филиал туралы ережеге банктің жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту бөлігінде толықтырулар енгізу туралы банктің хатын қабылдап алғаны туралы Корпорацияның белгісі соғылған" деген сөздер "банктің жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы банк шешім қабылдаған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе банк филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, банк филиалының қосымша үй-жайларының санын көбейту немесе банк филиалы үй-жайларының санын азайту туралы банк шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органға осындай шешімнен банк филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.";

      4) 34-баптың 3-тармағында:

      екінші бөлік бесінші абзацындағы "ұзарту түсініледі." деген сөздер "ұзарту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "қарыздың шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстырған кезде шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттемені азайту жағына қарай өзгерту түсініледі.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы банктік қарыз шартында көзделген тәртіппен банктік қарыз шарты талаптарының өзгергені жөнінде хабардар етіледі.";

      бесінші бөліктегі "банк ұсынған" деген сөздер "банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қолданған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолданған жағдайда, мұндай талап туралы хабарландыру жарияланады. Хабарландыру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушыдан және (немесе) кепіл берушіден жазбаша қарсылықтың болмауы қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің осы тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жақсарту талабын қолдануға келісуі ретінде қаралады.";

      5) 36-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банктік қарыз шарты бойынша берешекті банктік жинақ шоттарындағы, берілген банктік қарыздар бойынша кепілдің нысанасы болып табылатын ақшаның есебінен, осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыштың сомасы мөлшерінде төлем талабымен өндіріп алуға жол берілмейді;";

      6) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі 14) тармақшасындағы "ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды." деген сөздер "ұсынуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік кіріс органдары мен уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерлерден асырып алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.".

      6. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      9-1-бапта:

      бірінші бөліктегі "өзгерту," "2) тармақшасында көзделген" және "екінші бөлігінде" деген сөздер тиісінше "өзгерту, осы баптың екінші бөлігінде,", "2) тармақшасында" және "екінші бөлігінде көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайда, негізгі міндеттеме туралы шарттың және ипотекалық шарттың талаптарын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін.".

      7. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан, тәртіп және мерзімдер бойынша нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.".

      8. "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      23-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мыналарды:

      1) жарғылық капиталының ең төмен мөлшері нөлдік деңгеймен айқындалатын шағын кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы;

      2) жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалатын микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;

      3) жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында айқындалатын төлем ұйымы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда, жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне баламалы сомадан кем болмайды.";

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы исламдық қаржы компанияларын" деген сөздер "жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын ислам арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына сәйкес құрылатын төлем ұйымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 9-баптың 1-тармағында:

      3-1) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша "қаржылық ұйымдар" деген сөздерден кейін "мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:

      "12-2-бап. Микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеу,

      бақылау және қадағалау ерекшеліктері

      Уәкілетті орган микроқаржылық қызметті мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

      1) микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;

      2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізеді;

      3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерлерін белгілейді;

      4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекітеді;

      5) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";

      3) 15-6-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырады.".

      10. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      48-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "негізгі" деген сөз "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацында көзделген жағдайда, шетел валютасымен берілген ипотекалық қарыз бойынша ақшалай міндеттеменің азаюын қоспағанда, негізгі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):

      26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында қазақ және орыс тілдерінде орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.

      Осы баптың 1-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 33-2-бабы 2-тармағының талаптары ескеріле отырып, электрондық коммерциядағы сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға) қолданылады.".

      12. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):

      42-бап мынадай мазмұндағы 9-2-тармақпен толықтырылсын:

      "9-2. 2020 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде уәкілетті орган телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторына аналогтік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік емес теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісі бойынша таратуды қамтамасыз ету жөніндегі шығындарды ұлттық оператор белгілеген тарифтерге сәйкес өтейді.".

      13. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және

      микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері

      мен құрылтайшыларына (қатысушыларына)

      қойылатын талаптар

      1. Заңды тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап алты ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін уәкілетті органға өтініш жасайды.

      2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін микроқаржы ұйымы уәкілетті органға өтінішті және тізбесі микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында белгіленетін өзге де құжаттарды ұсынады.

      3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны не микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден уәжді бас тартуды береді.

      4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның көшірмесі микроқаржы ұйымы клиенттерінің көруіне қолжетімді жерде орналастырылуға тиіс.

      5. Атқарушы (алқалы немесе жеке-дара) органның бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.

      Мынадай:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар;

      3) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.

      6. Ешбір тұлға Қазақстан Республикасындағы микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын, егер ол:

      1) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға болып табылса;

      2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін офшорлық аймақтарда тіркелген, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері болса;

      3) уәкілетті орган микроқаржы ұйымын осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұдан бұрын осы микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған заңды тұлға болып табылса;

      4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұдан бұрын қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға не ірі қатысушысы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) осы ұйымның басшы қызметкері болып табылған болса не болып табылса, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.";

      3) 15-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері";

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту:";

      3) тармақшадағы "есептік тіркеуден өту" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында және 14-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;";

      2-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тарту алынған жағдайда, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін лицензия алуға өтініш пен өзге де құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.

      Қайта ұсынылған өтініш пен өзге де құжаттар отыз жұмыс күні ішінде қаралады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған кезде, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы", "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.";

      4) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға

      лицензияның қолданысын тоқтата тұру,

      тоқтату не одан айыру үшін негіздер

      1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады:

      1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру;

      2) пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынбау;

      4) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) әкімшілік жауаптылыққа тартылу;

      5) уәкілетті органның жазбаша нұсқамасын орындамау;

      6) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге кедергі келтіру;

      7) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) бұзу;

      8) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттың анықталуы.

      2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізіледі:

      1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия қолданысының жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тоқтата тұрылуы;

      2) қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;

      3) уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;

      4) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру;

      5) анық емес қаржылық немесе өзге де есептілікті ұсынғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тартылу;

      6) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны алған күннен бастап қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде қызметті жүзеге асырмау;

      7) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;

      8) қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдау.

      Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтатуға өтініш бергенге дейін өзінің барлық міндеттемесін орындауға тиіс. Өтінішке бір мезгілде барлық міндеттеменің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;

      9) тексеруді белгіленген мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік бермеуге алып келетін оны жүргізуге екі реттен артық кедергі келтіру.

      3. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түріндегі санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау кезінде мыналар:

      1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің сипаты және олардың салдары;

      2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің ауқымы мен маңыздылығы және олардың салдары;

      3) бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;

      4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайына ықпалы;

      5) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) анықталған кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;

      6) анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы ескеріледі.

      4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      5. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысы мұндай шешім микроқаржы ұйымының назарына жеткізілген күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы қабылданған шешім жөніндегі ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      6. Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалады.

      Уәкілетті органның микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы шешіміне шағым жасау мұндай шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

      8. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айырылған не оның қолданысы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      9. Микроқаржы ұйымы уәкілетті орган микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы", "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.";

      5) 27-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) микроқаржылық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-4) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын бекітеді;";

      7) тармақшада:

      екінші абзацтағы "5-тармағында" деген сөздер "9-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған, сондай-ақ осы Заңның 15-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптарды орындамаған заңды тұлғаларды;";

      төртінші абзацтағы "кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ есептік тіркеуден өткен және микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілген" деген сөздер "микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 28-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымына осы Заңның 16-бабында белгіленген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданады.";

      7) 31-баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтары алып тасталсын.

      14. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат):

      9-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;".

      15. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      74-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. 25-баптың 4-1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтата тұру кезеңінде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:

      "4-1. Осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары алынатын кірісінің 5 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 5 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.".

      16. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-ІІ, 120-құжат):

      1) 1-қосымшада:

      60-жолдың 2-бағанындағы "Банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін лицензия" деген сөздер "Айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға берілетін лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 62-1-жолмен толықтырылсын:

      "

62-1.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия


Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолдануға келмейді; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып

      ";

      2) 2-қосымшадағы 29-жол алып тасталсын.

      17. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат):

      11-бапта:

      2-тармақ мынадай редакция жазылсын:

      "2. Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны:

      1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) – кандидат ретінде тіркелгенге дейін;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) – лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады.";

      8-тармақта:

      екінші абзацтағы "2-тармағында" деген сөздер "2-тармағының 1) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса – адамға тиісті өкілеттіктер беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.".

      18. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):

      1) 56-баптың 1-тармағы және 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзге де объектілерін жобалауға, салуға, құруға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және пайдалануға бағытталады.

      2. Жеке индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтағы инфрақұрылым объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы әрекет етеді.";

      2) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікке жүгіну арқылы шешуге құқылы.

      Жекеше әріптес немесе дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 25 және одан көп пайызын иеленетін, жекеше әріптес акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт миллион еселенген мөлшерінен жоғары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша өздерінің арасындағы дауларды шешу үшін тараптардың келісімі бойынша "Төрелік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті немесе халықаралық төрелікті айқындауға құқылы.".

      19. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      61) тармақшадағы "коммерциялық ұйым болып табылатын" деген сөздер "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-1) электрондық ақшаның электрондық әмияны (бұдан әрі – электрондық әмиян) – электрондық ақшаға билік етуді қамтамасыз ететін, оны есепке алу және сақтау тәсілі;";

      2) 5-бапта:

      2-тармақ 8) тармақшасындағы "шаралар қамтылуға тиіс." деген сөздер "шаралар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) алаяқтықты және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық және рәсімдік іс-шараларды төлем жүйесінде қамтамасыз ету және енгізу жөніндегі шаралар қамтылуға тиіс.";

      5-тармақта:

      1) тармақша "операторының" деген сөзден кейін "атауы, пошталық мекенжайы және" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) төлем жүйесінің атауы қамтылған мәліметтерді;";

      4) тармақшасындағы "мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды." деген сөздер "мәліметтерді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істей бастаған күні қамтылған мәліметтерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесінің құрылғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды. Төлем жүйесі операторы төлем жүйесінің бірінші қатысушысымен жасасқан шарт күшіне енген күн жұмыс істеудің басталған күні деп түсініледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігіндегі "қатысу жүзеге асырылатын шарттардың көшірмелерін" деген сөздер ", оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жүзеге асырылатын шарттардың көшірмелерін, сондай-ақ төлем жүйесінің атын, төлем жүйесі операторының атауы мен пошталық мекенжайын қамтитын мәліметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ алып тасталсын;

      3) 6-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) күнтізбелік жылдың басында айналыста болған төлем карточкаларының жалпы санынан осы төлем жүйесі шеңберінде шығарылған төлем карточкалары санының үлесі, сондай-ақ осындай төлем жүйесінде шығарылған төлем карточкалары пайдаланыла отырып, күнтізбелік жыл ішінде осы төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының жалпы көлемі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген көрсеткіштерден кем болмайды.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау қорытындысы бойынша дербес;";

      5-тармақтың 3) тармақшасындағы "не маңызды" деген сөздер ", маңызды не өзге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 13-бапта:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Төлем ұйымы төлем қызметтерін көрсету кезінде өзінің банктік шотын тек осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету үшін ғана ақшаны есепке жатқызу мақсатында пайдаланады.";

      төртінші бөліктегі "Шарттарда ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан қызмет берушінің банктік шотына есепке жатқызу" және "көзделуге" деген сөздер тиісінше "Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін көрсету шарттарында ақшаны төлем ұйымының банктік шотынан көрсетілетін қызметтер берушінің банктік шотына аудару" және "айқындалуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта:

      4) тармақшадағы "ақпарат" деген сөз "төлемдер жөніндегі ақпаратты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша "ақпараттық-техникалық көрсетілетін қызметтерді," деген сөздерден кейін "төлемдер жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Төлем ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру

      1. Төлем ұйымы жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді және төлем ұйымы есептік тіркеуден өту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтініш жасағанға дейін қалыптастырылады.

      2. Төлем ұйымының жарғылық капиталы тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен қалыптастырылады.";

      6) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жарғылық капиталдың қалыптастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін;";

      7) 17-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, заңды тұлға төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге қайта өтініш беруге немесе өзінің атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болып табылады.";

      8) 18-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "Хабарлама" деген сөзден кейін "төлем ұйымының орналасқан жері не" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған төлем ұйымы атқарушы органының бұрын басшысы болып табылған адамды төлем ұйымы атқарушы органының басшысы етіп сайлауға немесе тағайындауға тыйым салынады.

      Осы тармақшада көрсетілген негіз төлем ұйымдарының тізілімінен төлем ұйымы алып тасталған күннен бастап қатарынан күнтізбелік бес жыл бойы қолданылады.";

      10) 24-баптың 4-тармағы "құзыреті шегінде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 25-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғалар, заңды тұлғаның филиалдары немесе өкілдіктері көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы жүзеге асыратын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар және (немесе) электрондық әмияндар пайдаланылып қана жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі заңды тұлғалардың бюджетке төлемдерді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін төлемдерді, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеуіне қолданылмайды.";

      12) 27-бапта:

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Банктік шоттардан қолма-қол ақша беру кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақша алу қағидаларына сәйкес және, егер аз мөлшер банктік шот шартында көзделмесе және оны Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі белгілемесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған сомалар мөлшері шегінде жүзеге асырылады.";

      10-тармақ 7) тармақшасындағы "ақшасына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді." деген сөздер "ақшасына;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) берілген банктік қарыздар бойынша кепіл нысанасы болып табылатын жинақ шоттарындағы ақшаға, төлем талаптары негізінде осындай банктік қарыздар бойынша өтелмеген негізгі борыш сомасы мөлшерінде, өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.";

      13) 42-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақшадағы "электрондық ақша эмитентінен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрондық ақшаны алған" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "жеке тұлғалардан азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемақы ретінде электрондық ақшаны алған" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінен асатын сомада электрондық ақшаны иемденген жағдайда, электрондық ақша эмитенті оны сәйкестендіруді жүзеге асыруға міндетті.

      Электрондық ақша эмитенті шарт негізінде "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға электрондық ақша эмитентінің атынан және тапсырмасы бойынша электрондық ақша иесі – жеке тұлғаны сәйкестендіруді жүзеге асыруға уәкілеттік беруге құқылы.

      Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің өзі қатысқан және жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде не банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операциялық орталығынан қолжетімді дереккөздерден алынған мәліметтер негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы немесе оңайлатылған сәйкестендіру жолымен жүргізеді.

      Электрондық ақша иесін оңайлатылған сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеп және жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесін ала отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану арқылы қашықтық тәсілімен жүргізеді.

      Электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесі – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді тіркеген кезде қолжетімді көздерден алынған мәліметтер негізінде оны салыстырып тексеруді жүзеге асырады.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Электрондық ақша эмитенті – банк лицензиясының және (немесе) лицензиясы қосымшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған күннен бастап электрондық ақша жүйесінің операторы осы эмитент шығарған электрондық ақша бойынша операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен тоқтатады.";

      14) 44-бапта:

      1-тармақтағы "– жеке тұлға" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Электрондық ақша пайдаланылатын төлемдер мен өзге де операцияларды олардың иесі электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің пайдасына жүзеге асырады.

      Иесі сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша электрондық ақша эмитентінің өтеуіне және агентке өткізуіне (агенттің сатып алуына) жатпайды.";

      4-тармақта:

      "бір жүз" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі – жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.

      Электрондық ақша иесі – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.";

      5-тармақта:

      "екі жүз" деген сөздер "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі – жеке тұлғаның электрондық әмиянында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі – жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.

      Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі – жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақшаның сәйкестендірілген не оңайлатылып сәйкестендірілген иесінің электрондық әмиянына электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс.";

      6-тармақ "сомасын" деген сөзден кейін "сәйкестендірілген" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаның банктік шотына немесе электрондық төлем құралына ақша аудару арқылы электрондық ақшаны өтеуді банктік шоттың немесе электрондық төлем құралының осы жеке тұлғаға тиесілілігі туралы растауды алмай жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      15) 58-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігінде:

      "бір жүз" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "ең жоғары сомасы" деген сөздерден кейін ", электрондық ақшаны электрондық әмиянда сақтау сомасы және электрондық әмиян арқылы пайдаланылған электрондық ақшаның жалпы сомасы" деген сөздермен толықтырылсын.

      20. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 12, 36-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1-баптың 24-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 16-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады.

      Мемлекеттік қызметке кірген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кіріс органдарына тапсыруға міндетті.";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 27-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.".

      21. "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 1, 1-құжат; 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):

      6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілер

      1. Өтемақы:

      1) сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер деп танылған адамдарға:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 120 (3-1-бөлігінде, 3-2-бөлігінің 1) тармағында және төртінші бөлігінде), 121 (3-1-бөлігінде, 3-2-бөлігінің 1) тармағында және төртінші бөлігінде), 123 (екінші бөлігінде), 124, 128 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында), 134, 135 (бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) тармағында) және 146 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;

      2) денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) (қылмыстық топтың қылмыс жасау бөлігінде), 114 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 116 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 118 (екінші және үшінші бөліктерінде), 119 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 120 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 121 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiру, оған АИТВ жұқтыру бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 141 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 192 (екінші бөлігінің 5) тармағында), 202 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 203 (екінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 277 (бірінші және екінші бөліктерінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 317 (екінші және бесінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 322 (екінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 344 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 345 (екінші бөлігінде), 345-1 (екінші бөлігінде), 346 (төртінші бөлігінде), 350 (бірінші бөлігінде) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 351 (бірінші бөлігінде), 352 (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 355 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 356 (екінші бөлігінің 1) тармағында) (денсаулыққа ауыр зиян келтiру бөлігінде), 358 (үшінші бөлігінде) және 359 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша;

      3) жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтары берілген адамдарға:

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 104, 105 (адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бөлігінде), 106 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 116 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 119 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 120 (3-2-бөлігінің 2) тармағында, төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 121 (3-2-бөлігінің 2) тармағында, төртінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 125 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 126 (үшінші бөлігінің 3) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 127 (екінші бөлігінің 4) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда жәбірленушінің өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 141 (екінші бөлігінде), 146 (үшінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 192 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 202 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 203 (үшінші бөлігінде), 255 (үшінші бөлігінің 2) тармағында) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 261 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 269 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 270 (үшінші бөлігінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 277 (екінші және үшінші бөліктерінде) (абайсызда адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 317 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 319 (бесінші бөлігінде) (абайсызда жәбірленушінің өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 320 (екінші бөлігінде) (абайсызда науқастың өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 344 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 345-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 348 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 349 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 350 (екінші және үшінші бөліктерінде), 351 (екінші және үшінші бөліктерінде), 352 (адам өліміне не екі немесе одан көп адам өліміне алып келген құқық бұзушылық бөлігінде), 353 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 354 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 355 (үшінші бөлігінің 4) тармағында), 356 (екінші бөлігінің 4) тармағында), 358 (төртінші және бесінші бөліктерінде) және 359 (үшінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша тағайындалады.

      Осы Заңның 8-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда жәбірленушілерге өтемақы тағайындалмайды.

      2. Егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жәбірленушілер деп танылған кезінен бастап өтемақы алуға құқығы бар.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 21-тармағын;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағын, 5-тармағының 6) тармақшасын, 9-тармағын, 13-тармағын, 16-тармағы 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 19-тармағы 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарының, 6-тармағы мен 10-тармағының күші орындалмаған ақшалай міндеттемелер бойынша бұрын жасалған банктік қарыз шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 61) тармақшасында көзделгеннен өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған төлем ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алты ай ішінде заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды жүргізуге міндетті.

      4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және (немесе) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдары 2021 жылғы 1 шілдеге дейін жарғылық капиталдың мөлшерін "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес келтіруге міндетті.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, төлем ұйымдары төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталуға тиіс.

      6. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін электрондық әмияндарды ашқан және оларға қызмет көрсететін электрондық ақша жүйелерінің операторлары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алты ай ішінде осы электрондық әмияндарды осы Заңның нормаларына сәйкес келтіруге міндетті.

      7. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін 2021 жылғы 1 маусымға дейін өтініш жасауға құқылы кредиттік серіктестіктерді қоспағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін есептік тіркеуден өткен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға 2021 жылғы 1 наурызға дейін өтініш жасауға құқылы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдар микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алғанға дейін "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын сақтайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап сақталмаған жағдайда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сотқа микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру не тарату туралы талап қоюды беруге құқылы.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.05.2021 № 43-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады