Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 132-VI ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 52-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер";

      2) 3-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      3) 6-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры шоғырландырылған бюджет болып табылады.";

      4) 49-баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

      5) мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.";

      5) мынадай мазмұндағы 52-2-баппен толықтырылсын:

      "52-2-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдер

      1. Мыналар Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:

      1) сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 және 165-баптарында көзделген процестік міндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сот салатын ақшалай өндіріп алулар;

      3) өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар;

      4) "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес регрестік талаптар тәртібімен өндіріп алынған ақша;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.";

      6) 88-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасындағы "байланысты операцияларды есепке алуға арналады." деген сөздер "байланысты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) Жәбірленушілерге өтемақы қорына (Қор шотына) жіберілетін ақша түсімдерін есепке жатқызуға және Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген өтемақы төлемін жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуға арналады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тиісті бюджеттердің, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер мен жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша операциялар бірыңғай бюджеттік сыныптамаға және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес есепке алынады.";

      7) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инкассолық өкімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасындағы шоттарға, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына, сыртқы қарыздардың немесе байланысты гранттардың арнайы шоттарына арналған шоттарға, тиісті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, ақшаны уақытша орналастырудың, сыртқы қарыздарды немесе байланысты гранттарды қайта айырбастаудың, Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына шығаруға жол берілмейді.";

      8) 104-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ақша қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.".

      2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2017 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары";

      мынадай мазмұндағы 98-1 және 98-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "98-1-бап. Мәжбүрлі төлем

      98-2-бап. Мәжбүрлі төлем мөлшері";

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 26-1) тармақпен толықтырылсын:

      "26-1) мәжбүрлі төлем – бұл Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес соттың айыптау үкімі бойынша өндіріп алынатын тіркелген ақшалай соманы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның төлеу жөніндегі міндеті;";

      3) 42-баптың бірінші бөлігіндегі "мемлекет кірісіне ақша өндіріп ала отырып", "мемлекет кірісіне" деген сөздер тиісінше "Жәбірленушілерге өтемақы қорына ақшалай өндіріп алу шегеріле отырып", "Жәбірленушілерге өтемақы қорына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары";

      5) мынадай мазмұндағы 98-1 және 98-2-баптармен толықтырылсын:

      "98-1-бап. Мәжбүрлі төлем

      Жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамнан осы Кодекстің 98-2-бабында белгіленген тіркелген ақшалай сома түріндегі мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алады.

      98-2-бап. Мәжбүрлі төлем мөлшері

      Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен:

      1) қылмыстық теріс қылықтар үшін – бес айлық есептік көрсеткіш;

      2) онша ауыр емес қылмыстар үшін – он айлық есептік көрсеткіш;

      3) ауырлығы орташа қылмыстар үшін – он бес айлық есептік көрсеткіш;

      4) ауыр қылмыстар үшін – жиырма айлық есептік көрсеткіш;

      5) аса ауыр қылмыстар үшін – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алады.".

      3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19- ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат); 2017 жылғы 14 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы); 2017 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 173-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры";

      2) 71-баптың алтыншы бөлігі бірінші абзацының 22) тармағындағы "қарсылық білдіруге құқығы бар." деген сөздер "қарсылық білдіруге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақпен толықтырылсын:

      "23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға құқығы бар.";

      3) 73-баптың екінші бөлігінің 18) тармағы алып тасталсын;

      4) 173-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры

      1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өтемақы алуға құқығы бар.

      2. Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады.

      3. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөніндегі міндетті сот "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде:

      1) кінәлі адамға;

      2) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне;

      3) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді.

      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы осы баптың үшінші бөлігінде аталған тұлғалардан "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде Жәбірленушілерге өтемақы қорына азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ақшаны өндіріп алу үшін негіз болып табылады.

      5. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге төленген ақша олардың өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға жатады.";

      5) 390-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 15-1) тармақпен толықтырылсын:

      "15-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарында көзделген жағдайларда өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы;";

      6) 401-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешуге жататын өзге де мәселелер

      Айыптау үкімінің де, ақтау үкiмiнiң де қарар бөлiгiнде, осы Кодекстiң 398 және 400-баптарында санамаланған мәселелерден басқа, мыналар қамтылуға тиiс:

      1) қойылған азаматтық талап қою жөніндегі шешiм;

      2) заттай дәлелдемелер туралы мәселенiң шешімі;

      3) процестік шығасыларды бөлу туралы шешiм;

      4) үкiмге апелляциялық шағым жасау не оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау;

      5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы не оларды жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселенің шешімі;

      6) тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, егер мұндай шаралар қолданылған болса, күшін жою туралы, оларды сақтау туралы шешiм.

      Айыптау үкімінің қарар бөлiгiнде Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу туралы шешім, олардың мөлшері және көрсетілген Қордан жәбірленушіге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтару туралы кінәлі адамға қойылатын регрестік талаптар жөніндегі шешім де қамтылуға тиіс.

      Ақтау үкімін шығару кезінде сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартумен келтірілген зиянды өтеу тәртібін түсіндіретін хабарлама жасайды, бұл үкім жария етілген соң ақталған адамға табыс етіледі.";

      7) 673-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы 173-бабының ережелері "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап және соларға сәйкес қолданысқа енгізіледі.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 52-баптың бірінші және төртінші бөліктеріндегі "мемлекет кірісіне" деген сөздер "Жәбірленушілерге өтемақы қорына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 55-баптың 3) тармақшасындағы "мемлекет кірісіне" деген сөздер "Жәбірленушілерге өтемақы қорына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 56-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "мемлекет кірісіне" деген сөздер "Жәбірленушілерге өтемақы қорына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 143-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат):

      2-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2016 жылғы 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 9-тармағын, 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші және оныншы абзацтарын, 2) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 16-тармағын;".

2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарын, 6), 7) және 8) тармақшаларын, 2, 3 және 4-тармақтарын және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам Фонда компенсации потерпевшим

Закон Республики Казахстан от 10 января 2018 года № 132-VІ ЗРК.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие настоящего Закона см. ст.2

Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 21, ст.93; 2009 г., № 23, ст.112; № 24, ст.129; 2010 г., № 5, ст.23; № 7, ст.29, 32; № 15, ст.71; № 24, ст.146, 149, 150; 2011 г., № 2, ст.21, 25; № 4, ст.37; № 6, ст.50; № 7, ст.54; № 11, ст.102; № 13, ст.115; № 15, ст.125; № 16, ст.129; № 20, ст.151; № 24, ст.196; 2012 г., № 1, ст.5; № 2, ст.16; № 3, ст.21; № 4, ст.30, 32; № 5, ст.36, 41; № 8, ст.64; № 13, ст.91; № 14, ст.94; № 18-19, ст.119; № 23-24, ст.125; 2013 г., № 2, ст.13; № 5-6, ст.30; № 8, ст.50; № 9, ст.51; № 10-11, ст.56; № 13, ст.63; № 14, ст.72; № 15, ст.81, 82; № 16, ст.83; № 20, ст.113; № 21-22, ст.114; 2014 г., № 1, ст.6; № 2, ст.10, 12; № 4-5, ст.24; № 7, ст.37; № 8, ст.44; № 11, ст.63, 69; № 12, ст.82; № 14, ст.84, 86; № 16, ст.90; № 19-I, 19-II, ст.96; № 21, ст.122; № 22, ст.128, 131; № 23, ст.143; 2015 г., № 2, ст.3; № 11, ст.57; № 14, ст.72; № 15, ст.78; № 19-I, ст.100; № 19-II, ст.106; № 20-IV, ст.113; № 20-VII, ст.117; № 21-I, ст.121, 124; № 21-II, ст.130, 132; № 22-I, ст.140, 143; № 22-II, ст.144; № 22-V, ст.156; № 22-VI, ст.159; № 23-II, ст.172; 2016 г., № 7-II, ст.53; № 8-І, ст.62; № 12, ст.87; № 22, ст.116; № 23, ст.119; № 24, ст.126; 2017 г., № 4, ст.7; № 6, ст.11; № 9, ст.18; № 10, ст.23; № 13, ст.45; № 14, ст.51; № 15, ст.55; Закон Республики Казахстан от 30 ноября 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования бюджетного законодательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 6 декабря 2017 года; Закон Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам налогообложения", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 26 декабря 2017 года; Закон Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам таможенного регулирования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 27 декабря 2017 года):

      1) оглавление дополнить заголовком статьи 52-2 следующего содержания:

      "Статья 52-2. Поступления в Фонд компенсации потерпевшим";

      2) подпункт 14) пункта 1 статьи 3 изложить в следующей редакции:

      "14) центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области исполнения бюджета, ведения бухгалтерского учета, бюджетного учета и бюджетной отчетности по исполнению республиканского бюджета и, в пределах своей компетенции, местных бюджетов, Фонда компенсации потерпевшим, Национального фонда Республики Казахстан на основании отчета Национального Банка Республики Казахстан;";

      3) часть третью пункта 3 статьи 6 изложить в следующей редакции:

      "Консолидированным бюджетом является централизованный денежный фонд государства, объединяющий республиканский бюджет, бюджеты областей, городов республиканского значения, столицы, поступления и расходы Национального фонда Республики Казахстан, поступления и расходы Фонда компенсации потерпевшим, без учета взаимопогашаемых операций между ними.";

      4) подпункты 4) и 5) пункта 2 статьи 49 изложить в следующей редакции:

      "4) штрафы, пени, санкции, взыскания, налагаемые государственными учреждениями, финансируемыми из республиканского бюджета, а также содержащимися и финансируемыми из бюджета (сметы расходов) Национального Банка Республики Казахстан, за исключением поступлений от организаций нефтяного сектора и в Фонд компенсации потерпевшим;

      5) другие неналоговые поступления в республиканский бюджет, за исключением поступлений от организаций нефтяного сектора и в Фонд компенсации потерпевшим.";

      5) дополнить статьей 52-2 следующего содержания:

      "Статья 52-2. Поступления в Фонд компенсации потерпевшим

      1. Неналоговыми поступлениями в Фонд компенсации потерпевшим являются:

      1) принудительные платежи, взыскиваемые судом;

      2) денежные взыскания, налагаемые судом за неисполнение процессуальных обязанностей, предусмотренных статьями 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 156 и 165 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан, и нарушение порядка в судебном заседании на потерпевшего, свидетеля, специалиста, переводчика и иных лиц, за исключением адвоката, прокурора и подсудимого;

      3) денежные взыскания с осужденного, в отношении которого вступил в законную силу обвинительный приговор суда и которому назначено наказание в виде исправительных работ;

      4) деньги, взысканные в порядке регрессных требований в соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан "О Фонде компенсации потерпевшим";

      5) иные источники, не запрещенные законодательством Республики Казахстан.";

      6) в статье 88:

      пункт 1 дополнить подпунктом 12) следующего содержания:

      "12) с зачислением поступлений денег, направляемых в Фонд компенсации потерпевшим (счет Фонда), и проведением выплаты компенсации, предусмотренной законодательством Республики Казахстан о Фонде компенсации потерпевшим.";

      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Операции по поступлениям и проведенным платежам, и (или) переводам денег с контрольных счетов наличности соответствующих бюджетов, Фонда компенсации потерпевшим, Национального фонда Республики Казахстан, от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг) учитываются в соответствии с единой бюджетной классификацией и кодами государственных учреждений.";

      7) часть первую пункта 3 статьи 98 изложить в следующей редакции:

      "3. Не допускается выставление инкассовых распоряжений на единый казначейский счет и счета в иностранной валюте, открытые центральному уполномоченному органу по исполнению бюджета, на специальные счета внешних займов или связанных грантов, счета к специальным счетам внешних займов или связанных грантов, контрольные счета наличности соответствующих бюджетов, Национального фонда Республики Казахстан, временного размещения денег, реконвертации внешних займов или связанных грантов, Фонда компенсации потерпевшим.";

      8) статью 104 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Остатки денег Фонда компенсации потерпевшим не подлежат изъятию (перечислению) в государственный бюджет.".

      2. В Уголовный кодекс Республики Казахстан от 3 июля 2014 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 13-I, 13-II, ст.83; № 21, ст.122; 2015 г., № 16, ст.79; № 21-III, ст.137; № 22-I, ст.140; № 22-III, ст.149; № 22-V, ст.156; № 22-VI, ст.159; 2016 г., № 7-II, ст.55; № 8-II, ст.67; № 12, ст.87; № 23, ст.118; № 24, cт.126; 2017 г., № 8, ст.16; № 9, ст.21; № 14, ст.50; № 16, ст.56; Закон Республики Казахстан от 26 декабря 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам таможенного регулирования", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 27 декабря 2017 года):

      1) в оглавлении:

      заголовок раздела 7 изложить в следующей редакции:

      "Раздел 7. Принудительные меры медицинского характера. Иные меры уголовно-правового воздействия";

      дополнить заголовками статей 98-1 и 98-2 следующего содержания:

      "Статья 98-1. Принудительный платеж

      Статья 98-2. Размер принудительного платежа";

      2) статью 3 дополнить пунктом 26-1) следующего содержания:

      "26-1) принудительный платеж – это обязанность лица, совершившего уголовное правонарушение, по уплате фиксированной денежной суммы, взыскиваемой по обвинительному приговору суда в соответствии с законодательством Республики Казахстан о Фонде компенсации потерпевшим;";

      3) в части первой статьи 42 слова "доход государства" заменить словами "Фонд компенсации потерпевшим";

      4) заголовок раздела 7 изложить в следующей редакции:

      "Раздел 7. Принудительные меры медицинского характера. Иные меры уголовно-правового воздействия";

      5) дополнить статьями 98-1 и 98-2 следующего содержания:

      "Статья 98-1. Принудительный платеж

      В целях защиты прав и законных интересов потерпевших с виновного лица, совершившего уголовное правонарушение, принудительный платеж в виде фиксированной денежной суммы, установленной статьей 98-2 настоящего Кодекса, взыскивается судом в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан о Фонде компенсации потерпевшим.

      Статья 98-2. Размер принудительного платежа

      Принудительный платеж взыскивается судом в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан о Фонде компенсации потерпевшим, в размере за:

      1) уголовные проступки – пяти месячных расчетных показателей;

      2) преступления небольшой тяжести – десяти месячных расчетных показателей;

      3) преступления средней тяжести – пятнадцати месячных расчетных показателей;

      4) тяжкие преступления – двадцати месячных расчетных показателей;

      5) особо тяжкие преступления – тридцати месячных расчетных показателей.".

      3. В Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан от 4 июля 2014 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 15-I, 15-II, ст.88; № 19-I, 19-II, ст.96; № 21, ст.122; 2015 г., № 20-VII, ст.115; № 21-III, ст.137; № 22-V, ст.156; № 22-VI, ст.159; 2016 г., № 7-II, ст.55; № 8-II, ст.67; № 12, ст.87; № 23, ст.118; № 24, ст.126, 129; 2017 г., № 1-2, ст.3; № 8, ст.16; № 14, ст.50, 53; № 16, ст.56; Закон Республики Казахстан от 12 декабря 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищных отношений", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 14 декабря 2017 г.; Закон Республики Казахстан от 21 декабря 2017 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам модернизации процессуальных основ правоохранительной деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 22 декабря 2017 г.):

      1) в оглавлении заголовок статьи 173 изложить в следующей редакции:

      "Статья 173. Фонд компенсации потерпевшим";

      2) абзац первый части шестой статьи 71 дополнить пунктом 23) следующего содержания:

      "23) на получение компенсации в соответствии с законодательством Республики Казахстан о Фонде компенсации потерпевшим.";

      3) пункт 18) части второй статьи 73 исключить;

      4) статью 173 изложить в следующей редакции:

      "Статья 173. Фонд компенсации потерпевшим

      1. Потерпевшие в случаях и порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о Фонде компенсации потерпевшим, имеют право на получение компенсации.

      2. Принудительный платеж суд взыскивает в соответствии со статьями 98-1 и 98-2 Уголовного кодекса Республики Казахстан.

      3. Обязанность по возмещению денег, выплаченных в качестве компенсации, суд возлагает в размере, установленном Законом Республики Казахстан "О Фонде компенсации потерпевшим", на:

      1) виновное лицо;

      2) законных представителей несовершеннолетнего, признанного виновным в совершении преступления;

      3) юридическое лицо, несущее в соответствии с законами Республики Казахстан материальную ответственность за вред, причиненный уголовным правонарушением физического лица.

      4. Постановление о прекращении досудебного расследования по основаниям, предусмотренным пунктами 3), 4) и 12) части первой статьи 35, частью первой статьи 36 настоящего Кодекса, является основанием для взыскания денег в порядке гражданского судопроизводства в Фонд компенсации потерпевшим с лиц, указанных в части третьей настоящей статьи, в размере, установленном Законом Республики Казахстан "О Фонде компенсации потерпевшим".

      5. Деньги, выплаченные потерпевшим из Фонда компенсации потерпевшим, подлежат взысканию с потерпевшего в случаях установления факта представления им недостоверных сведений для получения компенсации, а также переквалификации уголовных правонарушений на составы, не предусмотренные статьей 6 Закона Республики Казахстан "О Фонде компенсации потерпевшим", и прекращения уголовного дела либо вступления в законную силу оправдательного приговора суда за отсутствием события уголовного правонарушения.";

      5) часть первую статьи 390 дополнить пунктом 15-1) следующего содержания:

      "15-1) о применении иных мер уголовно-правового воздействия в случаях, предусмотренных статьями 98-1 и 98-2 Уголовного кодекса Республики Казахстан;";

      6) статью 401 изложить в следующей редакции:

      "Статья 401. Иные вопросы, подлежащие решению в резолютивной части приговора

      В резолютивной части как обвинительного, так и оправдательного приговора, кроме вопросов, перечисленных в статьях 398 и 400 настоящего Кодекса, должны содержаться:

      1) решение по предъявленному гражданскому иску;

      2) решение вопроса о вещественных доказательствах;

      3) решение о распределении процессуальных издержек;

      4) указание о порядке и сроке апелляционного обжалования либо пересмотра по ходатайству прокурора приговора;

      5) решение вопроса об отмене либо о продолжении осуществления мер безопасности в отношении защищаемых лиц;

      6) решение об отмене, о сохранении мер обеспечения конфискации, а также мер по обеспечению гражданского иска, если такие меры были приняты.

      В резолютивной части обвинительного приговора также должны содержаться решение о взыскании принудительных платежей в Фонд компенсации потерпевшим, их размеры и решение по регрессным требованиям к виновному лицу о возврате денег, выплаченных в качестве компенсации потерпевшему из указанного Фонда.

      При постановлении оправдательного приговора суд составляет извещение с разъяснением порядка возмещения вреда, причиненного незаконным привлечением к уголовной ответственности, которое вручается оправданному после оглашения приговора.";

      7) часть вторую статьи 673 изложить в следующей редакции:

      "2. Положения статьи 173 настоящего Кодекса о Фонде компенсации потерпевшим вводятся в действие со дня введения в действие законов Республики Казахстан "О Фонде компенсации потерпевшим" и "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам Фонда компенсации потерпевшим" и в соответствии с ними.".

      4. В Уголовно-исполнительный кодекс Республики Казахстан от 5 июля 2014 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 17, ст.91; № 19-I, 19-II, ст.96; № 21, ст.122; № 22, ст.131; 2015 г., № 7, ст.33; № 20-IV, ст.113; № 22-ІІІ, ст.149; № 23-II, ст.170; 2016 г., № 8-II, ст.67; № 23, ст.118; № 24, ст.126, 129, 131; 2017 г., № 8, ст.16; № 14, ст.50; № 16, ст.56):

      1) в частях первой и четвертой статьи 52 слова "доход государства" заменить словами "Фонд компенсации потерпевшим";

      2) в подпункте 3) статьи 55 слова "доход государства" заменить словами "Фонд компенсации потерпевшим";

      3) в подпункте 1) части первой статьи 56 слова "доход государства" заменить словами "Фонд компенсации потерпевшим".

      5. В Закон Республики Казахстан от 2 августа 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2015 г., № 16, ст.79; № 22-I, ст.143; 2016 г., № 7-II, ст.55):

      подпункт 2) статьи 2 изложить в следующей редакции:

      "2) пункта 1, подпункта 1) пункта 3, пункта 9, абзацев четвертого и десятого подпункта 1), подпункта 2), абзацев второго – седьмого подпункта 7), абзацев второго и третьего подпункта 12) пункта 13 и пункта 16 статьи 1, которые вводятся в действие с 20 апреля 2016 года;".

Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением подпунктов 1), 2), 3) и 4), абзацев первого, второго, третьего, четвертого, пятого, шестого и восьмого подпункта 5), подпунктов 6), 7) и 8) пункта 1, пунктов 2, 3 и 4 статьи 1, которые вводятся в действие с 1 июля 2018 года, и абзаца седьмого подпункта 5) пункта 1 статьи 1, который вводится в действие с 1 июля 2020 года.

      Президент
Республики Казахстан
Н. НАЗАРБАЕВ