Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 11-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат):

      19-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге жатады.";

      4-1-тармақ алып тасталсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 39-2-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға;";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға, дербес кластерлік қор, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.";

      2) 49-баптың 1-тармағында:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым;";

      23) тармақша алып тасталсын;

      39) тармақшадағы "алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады." деген сөздер "алым;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 40) және 41) тармақшалармен толықтырылсын:

      "40) микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден өткізгені және оларды микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізгені үшін алым;

      41) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.";

      3) 50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым;";

      4) 51-баптың 1-тармағында:

      14) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;";

      17) тармақша алып тасталсын;

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы;";

      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады.";

      5) 52-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері" деген сөздер "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

      қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан" деген сөздер "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан" деген сөздер "аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мыналардан:

      тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

      өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын қоспағанда, көлік құралдары салығы;";

      10) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      6) 52-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады:

      1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

      қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

      2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

      3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

      4) мыналардан:

      тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;

      өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

      5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

      аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы.";

      7) 67-баптың 12-1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімді ұсынудың толықтығы мен уақтылығы үшін дербес кластерлік қордың, қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      8) 88-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "байланысты операцияларды есепке алуға арналады." деген сөздер "байланысты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді есепке жатқызуға және жұмсауға байланысты операцияларды есепке алуға арналады.".

      3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3 құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 49, 53, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) мазмұнындағы 438-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "438-бап. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) ерекшеліктері";

      2) 31-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Кодексте, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта төлеудің заттай нысаны немесе шетел валютасымен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттеме, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттеме ұлттық валютамен орындалады.";

      3) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғаның салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушыдан алынған пайдалы қазбаларды өткізуінен түсетін кіріс;

      15) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушыдан алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақысы;

      16) операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны.";

      4) 90-бапта:

      1-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымына берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерiмдерге жатқызылған провизиялардың (резервтердiң) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2026 жылға тура келетін салықтық кезең үшін банктің жылдық жиынтық кірісіне енгізіледі.";

      2-тармақтың 6) тармақшасында:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымына;";

      төртінші абзацтағы "банкке берген;" деген сөздер "банкке;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына берген;";

      5) 99-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық кірісінен Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, осындай ұйымның жылдық жиынтық кірісіне енгізілген және бас банкке аударылған кірістер алып тасталады.";

      6) 106-баптың 1-1-тармағының бірінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомаларын банктердiң шегеруге құқығы бар.";

      "Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға осындай бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі талаптарына сәйкес шығыстар сомасы шегерiмге жатады.

      Банктердiң еншiлес ұйымдарға бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша айқындайды.";

      7) 115-бапта:

      бірінші бөліктің 15) тармақшасындағы "шығыстар шегерімге жатпайды." деген сөздер "шығыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалар көлемдерінің құны шегерімге жатпайды.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы ұйым Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес алған және бас банкке аударылған ақша түріндегі;";

      8) 133-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "кірістерге;" деген сөз "кірістерге азайтуға құқығы бар." деген сөздермен ауыстырылып, 8) және 9) тармақшалары алып тасталсын;

      9) 135-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым корпоративтік табыс салығының бюджетке төлеуге жататын сомасын айқындау кезінде мынадай қызмет түрлерінен түсетін кірістер бойынша корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген сомасын 100 пайызға азайтады:

      1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген қызметті қаржыландыру үшін облигациялар шығару;

      2) өзінің орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алу;

      3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасын бағалау;

      4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;

      5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасын бағалау;

      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;

      7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алу, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;

      8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалану, оны сенімгерлік басқаруға беру;

      9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізу;

      10) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, күтіп-ұстау, сақталуын қамтамасыз ету, басқару, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқару, иелену және (немесе) оларды өткізу;

      11) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банктерде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шот және банктік салым шарттары талаптарымен орналастыру;

      12) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыру.";

      10) 143-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "кредит (қарыз) бойынша төлейтін" деген сөздер "төленетін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 155-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29-5) және 38) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29-5) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым талап ету құқығын сатып алған кредит (қарыз) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуы кезінде:

      негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түрінде түзілген кіріс;";

      "38) операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны.";

      12) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);";

      13) 180-1-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 180-2-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 192-баптың 1-тармағы 26) тармақшасы төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осындай мүлік алынған есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына белгілеген құн негізінде;";

      16) 231-баптың 3-тармағының 27) және 28) тармақшаларындағы "салық төлеуші" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланушы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 248-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-4) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы Кодекстің 135-2-бабында көзделген қызмет түрлері бойынша өткізетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;";

      26) және 27) тармақшалар алып тасталсын;

      18) 258-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемдері бойынша;";

      19) 262-баптың 2-2-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "бас банктен күмәнді және үмітсіз активтер бойынша сатып алынған талап ету құқықтары бойынша өндіріп алуды қолдану нәтижесінде алынған кепілдегі мүлікті (тауарды);

      кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен және банктің еншілес ұйымы бас банктен сатып алған мүлікті (тауарды) сатып алуға, иеленуге және (немесе) өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу жөніндегі бөлек әдiсті қолдануға құқығы бар.";

      20) 308-2-бапта:

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекет атынан алушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындауға байланысты қызметке қатысты корпоративтік табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша декларацияларды тапсырмайды.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

      "Мұндай төлеу осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген өнімді бөлу туралы тиісті келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген валютамен жүзеге асырылады.";

      21) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "406-бап. Салықтық база

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен белгілейтін, салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салықтық база болып табылады:

      Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек өзг.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      Қ – салық салу мақсаттары үшін мүлік құны;

      Қ б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;

      S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;

      К физ – физикалық тозу коэффициенті;

      К функц – функционалдық тозу коэффициенті;

      К айм – аймақтарға бөлу коэффициенті;

      К аек өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.

      2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерлерде айқындалады:

Р/с

Елді мекеннің санаты

Базалық құны, теңгемен


Қалалар


1.

Алматы

60 000

2.

Астана

60 000

3.

Ақтау

36 000

4.

Ақтөбе

36 000

5.

Атырау

36 000

6.

Қарағанды

36 000

7.

Қызылорда

36 000

8.

Көкшетау

36 000

9.

Қостанай

36 000

10.

Павлодар

36 000

11.

Петропавл

36 000

12.

Талдықорған

36 000

13.

Тараз

36 000

14.

Орал

36 000

15.

Өскемен

36 000

16.

Шымкент

36 000

17.

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

18.

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

19.

Кенттер

4 200

20.

Ауылдар

2 700

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес айқындалады.

      3. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы белгілейтін, есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осындай объектінің құны тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж бойынша салықтық база болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг х K айм.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      Қ – салық салу мақсаттары үшін құн;

      Қ б – осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

      тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,

      гараж бойынша – 15 пайыз;

      S – тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы;

      К физ – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті;

      К аек өзг – осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті;

      К айм – осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймақтарға бөлу коэффициенті.

      4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және тиімді жасы ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:

      К физ = 1 – Т физ, мұнда:

      Т физ – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.

      Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:

      Т физ = (Т баз – Т п.б.) х Н аморт/100, мұнда:

      Т баз – салық есепке жазылған жыл;

      Т п.б. – салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл;

      Н аморт – амортизация нормасы.

      Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындау кезінде мынадай амортизация нормалары қолданылады:

Р/с

Күрделілік тобы

Ғимараттың сипаттамасы

Н аморт, %

Қызмет ету мерзімі, жыл

1.

1.

Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темір-бетон немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темір-бетон және бетон ғимараттар; iрi панельдi қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон ғимараттар

0,7

143

2.

2.

Қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіш болатын кірпіштен қаланған қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон, бетон немесе ағаш ғимараттар; ірі блокты қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон ғимараттар

0,8

125

3.

3.

Кірпіштен, тұтасқұймалы қожбетоннан, жеңіл қожблоктардан, ұлутастардан жеңілдетіліп қаланған қабырғалары бар, аражабындары темір-бетон немесе бетон ғимараттар; ірі блокты немесе кірпіштен, тұтасқұймалы қожбетоннан, ұсақ қожблоктардан жеңілдетіліп қаланған қабырғалары бар ғимараттар

1,0

100

4.

4.

Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар

2,0

50

5.

5.

Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар

3,3

30

6.

6.

Қамыс қаңқалы және басқа да жеңідетілген ғимараттар

6,6

15

      Егер тастан қаланған немесе тасымалды панельді тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы – 70 пайыздан, өзге материалдардан салынғандардың физикалық тозуы 65 пайыздан жоғары болса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.

      5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін есепке алатын функционалдық тозу коэффициенті (К функц) мынадай формула бойынша есептеледі:

      К функц = К қабат х К бұр х К қаб. мат х К абат х К жыл, мұнда:

      К қабат – тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін есепке алатын коэффициент;

      К бұр – тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын есепке алатын коэффициент;

      К қаб. мат – қабырғалардың материалын есепке алатын коэффициент;

      К абат – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылу және оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейiн есепке алатын коэффициент;

      К жыл – жылыту түрін есепке алатын коэффициент.

      Қабатына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):

Р/с

Қабат

К қабат

1.

Бірінші

0,95

2.

Аралық немесе жеке тұрғын үй

1,00

3.

Соңғы

0,9

      Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабаттылық коэффициенті 1-ге тең деп қабылданады.

      Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К бұр):

Р/с

Тұрғынжайдың ғимараттың бұрыштағы учаскелерінде орналасуы

К бұр

1.

Бұрышта

0,95

2.

Бұрышта емес немесе жеке тұрғын үй

1,0

      Қабырғалардың материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қаб. мат):

Р/с

Қабырғалардың материалы

Коэффициент

1.

Кірпіштен

1,1

2.

Керамзит-бетон блоктардан құрастырылған

1,0

3.

Керамзит-бетон блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған

1,05

4.

Темір-бетон панельдер

1,0

5.

Кірпішпен қапталған темір-бетон панельдерден

1,05

6.

Саманды-балшықты

0,5

7.

Саманды, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған

0,6

8.

Тұтасқұймалы қожбетон

0,7

9.

Темір-бетон блоктардан

1,0

10.

Жиналмалы-қалқанды

0,6

11.

Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған

0,75

12.

Кесілген ағаштан

0,85

13.

Шпалдан

0,75

14.

Шпалдан, кірпішпен қапталған

0,95

15.

Қамыс қаңқалы

0,6

16.

Өзге де

1,0

      Тұрғынжай, саяжай құрылысы барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілген кезде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп қабылданады.

      Адамдардың тұруы (тұрмысы), болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда, К абат 0,8-ге тең деп қабылданады.

      Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К жыл):

Р/с

Жылыту түрлері

К жыл

1.

Орталықтан жылыту

1,0

2.

Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту

0,98

3.

Қатты отын арқылы сумен жергілікті жылыту

0,95

4.

Пешпен жылыту

0,9

      6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасқан жерін есепке алатын аймақтарға бөлу коэффициентiн (К айм.) жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша осындай коэффициент енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бекітілген аймақтарға бөлу коэффициенттері ресми жариялауға жатады.

      Аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен орталық мемлекеттік органдар арасынан айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

      7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан әрі – К аек өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:

      К аек өзг = а.ж. аек / алд. ж. аек, мұнда:

      а.ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;

      алд. ж. аек – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.

      8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, іргеқабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы салықтық базаны осы бапқа сәйкес есептелетін, осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындайды.

      9. Бірнеше салық салу объектісі бойынша бір жеке тұлға салық төлеуші болған жағдайда, салықтық база әрбір объект бойынша жеке есептеледі.";

      22) 437-баптың 3-тармағы "әлеуметтік аударымдардың" деген сөздерден кейін ", міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 438-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "438-бап. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) ерекшеліктері

      Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу (аудару) есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргiзiледi.";

      24) 439-бапта:

      1-1-тармақтың 1) тармақшасы екінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерде орналасқан жайылымдар;

      2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жері;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      25) 442-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізуге міндетті.";

      26) 448-бапта:

      1-тармақта:

      төртінші бөліктің 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, сондай-ақ осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді дайындау, сақтау және өткізу;";

      3-тармақта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережесі ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды.";

      27) 450-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режимінен ауысқан кезде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.

      Осы Кодекстің 448-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының нормасы күшінің жойылуына байланысты аталған арнаулы салық режимін қолдану құқығы туындаған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны арнаулы салық режимін қолданудың бірінші жылының 29 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуға құқылы.

      Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама ұсынылады.

      Жаңадан ашылған (пайда болған, құрылған) салық төлеушілер арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде салық органына қолданылатын салық салу режимi туралы хабарламаны ұсынады.

      Бұл ретте:

      1) жаңадан ашылған (пайда болған, құрылған) салық төлеушілер үшін – әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;

      2) жаңадан ашылғандарды (пайда болғандарды, құрылғандарды) және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер үшiн – қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама ұсынылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні;

      3) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады.";

      28) 457-бапта:

      2) тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым;";

      3) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым;";

      29) 541-бап мынадай мазмұндағы 23-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-2) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым – талап қоюларды берген және соттардың шешімдеріне шағым жасаған кезде;";

      30) 568-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тиісінше ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын салуға жататын қызмет бойынша осы Кодекстiң 411, 420 және 442-баптарында аталған тұлғаларды қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, дара кәсіпкерлер осы бапта белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.";

      31) 599-баптың 9-тармағындағы, 602-баптың 7-тармағындағы және 603-баптың 4-тармағындағы "2,5 еселенген" деген сөздер "1,25 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 608-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген хабарламалар жіберу тәсілі осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларға қатысты қолданылады.";

      33) 610-баптың 5-1) тармақшаларында "2,5 еселенген" деген сөздер "1,25 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат):

      185-1-баптағы "2020" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      5. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат):

      158-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "2,5 еселенген" деген сөздер "1,25 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) мазмұнындағы 223-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "223-бап. Коммерциялық не банктiк құпияны, деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны, микрокредит беру құпиясын, коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ мүлiктi жария етумен байланысты ақпаратты заңсыз алу, жария ету немесе пайдалану";

      2) 223-бапта:

      тақырып "банктiк құпияны" деген сөздерден кейін ", деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны" деген сөздермен толықтырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "банктiк құпияны" деген сөздерден кейін ", деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы "банктiк құпияны" деген сөздерден кейін ", деңгейлес мониторинг барысында алынған салықтық құпияны" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) мазмұнындағы 266, 272, 273 және 285-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргізу бойынша белгіленген шектеулерді бұзу";

      "272-бап. Салықтық есептілікті, сондай-ақ бақыланатын шетелдік компанияның пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау

      273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту";

      "285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы";

      2) 169-бапта:

      тоғызыншы бөлік алып тасталсын;

      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы баптың жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      биоотын тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      3) 246-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша анық емес аудиторлық қорытынды жасауы –

      аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз пайызы, бірақ бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      аудиторлық ұйымға салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт сомасының екі жүз елу пайызы, бірақ алты жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 266-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi бұзу

      Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәміле бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға қолма-қол тәртіппен төлемді жүзеге асыруы –

      төлемдi жүзеге асырған тұлғаларға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 272-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "272-бап. Салықтық есептілікті, сондай-ақ бақыланатын шетелдік компанияның пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салықтық тіркелімдерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде ұсынбаудан көрінген, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      салықтық мониторингке жататын салық төлеушілерге бес жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына бақыланылатын шетелдік компанияның "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық салуға жататын қаржылық пайдасының немесе қаржылық пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбауы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      6) 273-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "273-бап. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті, трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыруға қажетті құжаттарды ұсынбау, ұсынудан бас тарту";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынбауы, анық немесе толық ұсынбауы, ұсынудан бас тартуы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      7) 278-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салықтық кезең үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салықтық кезең iшiнде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асып кетуі, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      ic жүзiндегi салықтың асып кету сомасының жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      ескертпелердің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 742-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды.";

      8) 281-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөлікте:

      2) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша алып тасталсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 282-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "2-1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияда этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөліктің 6) тармақшасындағы "өткізу;" деген сөз "өткізу түрінде жасалған бұзушылық –" деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;

      сегізінші және тоғызыншы бөліктер алып тасталсын;

      10) 285-бапта:

      бірінші бөлікте:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ол туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған әрекет етпейтін салық төлеушіге, салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге банктік шотты ашу түрінде жасалған орындамауы –";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттіктерге өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына тоқсаннан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынбау;";

      11) 285-1-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Коллекторлық агенттіктердің құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.";

      12) 473-баптың бірінші абзацы "жария етуі" деген сөздерден кейін ", егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 684-баптың бірінші бөлігінде:

      "282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "283-1" деген цифрлар "283-1 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 720-баптың бірінші бөлігінде:

      "281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)" деген сөздер "281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "284" деген цифрлар "283-1 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 284" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 728-баптың бірінші бөлігіндегі "282 (бiрiншi, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде)" деген сөздер "282 (бiрiншi, екінші, бесінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 735-баптың бірінші бөлігіндегі ", бесінші және тоғызыншы" деген сөздер "және бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      29) тармақшадағы "282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)" деген сөздер "282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) тармақшада:

      "282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)" деген сөздер "282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "283-1" деген цифрлар "283-1 (бесінші және алтыншы бөліктері)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар):

      1) мазмұнындағы 124-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу";

      2) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

      1. Жеке кәсiпкерлiктi заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген тұрған жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қоюды білдіреді.

      2. Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiрiне сай келетiн жеке тұлғалар жатады:

      1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланады;

      2) жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.

      Осы баптың 3-тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, санамаланған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.

      3. Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мынадай кірістерді алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы:

      1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;

      2) мүліктік кіріс;

      3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін кірістер;

      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан кірістер алатын үй жұмыскерлерінің кірістері;

      5) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

      6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;

      7) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алуға жататын) резидент-еңбекші көшіп келушілердің кірістері;

      8) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістері;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтер ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер.

      Осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тұлға салық агенті болып танылады.";

      3) 36-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кіріс органына немесе рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.";

      4) 38-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады." деген сөздер "танылған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) мәжбүрлі тәртіппен қызметті тоқтатуды көздейтін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылады.";

      5) 44-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      6) 100-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      7) 116-баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бағаларды белгілеуге;

      8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;";

      8) 124-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.";

      9) 144-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) салық төлеушiнiң өтiнiштерi, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;";

      10) 147-баптың 6-тармағының екінші бөлігінде:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналар:

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;

      тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлар атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі;";

      7) тармақшадағы "сәйкестігі мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi." деген сөздер "сәйкес келуі;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.";

      11) 148-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын салықтық тексерулерді қоспағанда, тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.";

      12) 159-баптың 2, 3 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Инвестициялық келісімшарт пен арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерiстер тараптардың келiсуi бойынша жылына бiр рет енгiзiлуі мүмкін.

      3. Инвестициялық қызмет объектісіне барып тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай кезеңінде жүргізіледі.";

      "7. Инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін екі ай ішінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға аудиторлық есеп ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) жұмыс бағдарламасына сәйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;

      2) жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;

      3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;

      4) инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мәліметтер.

      Егер инвестициялық келісімшартта инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы екі ай ішінде уәкілетті органға аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган белгілеген ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін ұсынады.";

      13) 283-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Инвестициялық субсидия жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту жөніндегі инвестициялық басым жобалар бойынша берілмейді.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар (бұдан әрі – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) түрінде:

      кедендік әкелу баждарын;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтарды салудан босату беріледі.";

      14) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "284-бап. Инвестициялық жоба

      Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.

      Инвестициялық басым жоба деп:

      жаңа өндірістерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;

      жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.

      Заңды тұлға жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін белгiлi бiр басым қызмет түрлерi бойынша жүзеге асырады.

      Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.";

      15) 285-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      16) 286-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық преференциялар:

      1) инвестициялық жоба, инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;

      2) арнайы инвестициялық жоба бойынша – арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе еркін қойманы иеленуші ретінде қызметін жүзеге асыратын не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына беріледі.

      2. Инвестициялық басым жобаны iске асыру тек қана бiр инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 462-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көзделген акцизделетiн тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар өндіру жөнiндегi қызмет.";

      5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:

      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;

      2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады;

      3) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырады;

      4) заңды тұлға:

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды;

      5) мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі жиырма алты пайыздан аспайды.

      Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.

      Осы тармақшаның ережелері мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;

      6) лизингтік қаржыландыруды және кредит беруді қоса алғанда, қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық шарттарымен бөлінетін ақшаны қоспағанда, инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмайды;

      7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылады.

      5-1. Арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

      1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ретінде тіркеледі;

      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркеледі;

      3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады;

      4) заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнің тiзбесiне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырады.";

      17) 287-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс бағдарламасы өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа қосымшаны білдіреді.";

      18) 289-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағына сәйкес келетін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:";

      19) 290-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.

      2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:

      1) инвестициялық басым жобалар үшін:

      есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

      жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

      мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;

      2) инвестициялық басым жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату;

      3) арнайы инвестициялық жобалар үшін – арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығынан босату.";

      20) 291-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "291-бап. Инвестициялық субсидия

      1. Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі инвестициялық субсидия болып табылады.

      2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.

      Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық субсидия беру үшін айқындаған басым қызмет түрлері бойынша беріледі.

      3. Инвестициялық субсидия инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықты сатып алу құнының отыз пайызына дейін өтеу арқылы беріледі.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жабдықты сатып алудың іс жүзіндегі шығындары бойынша инвестициялық субсидияны төлеу растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайды.

      4. Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген алғашқы есепке алу құжаттары;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;

      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.

      5. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемдері инвестициялық келісімшарт шеңберінде кемінде үш жыл, бірақ инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге инвестициялық субсидияны тең үлестермен бөлу арқылы белгіленеді.

      6. Инвестициялық субсидияны төлеу инвестициялық келісімшартта белгіленген өндірістік көрсеткіштер орындалған жағдайда өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жобаның іске асырылу жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      7. Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      21) 292-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.";

      22) 293-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органға қарау үшін берiледi, ол осы Кодекстің 285 және 286-баптарында белгіленген талаптарға сәйкес өтiнiм тiркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды.

      Инвестициялық субсидия түріндегі инвестициялық преференция беруге арналған өтінімді қарау тәртібі инвестициялық субсидия беру қағидаларында айқындалады.";

      23) 295-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезде және келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестор инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылу мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсынбаған жағдайда инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң біржақты тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады.

      Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың салдарынан бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждардың сомаларын төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялық келісімшарт бойынша төленген инвестициялық субсидияның сомасын толық көлемде өтейді.".

      9. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 123-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 60-құжат; 2017 ж., № 9, 17, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат):

      9-баптың тоғызыншы және оныншы бөліктері алып тасталсын.

      10. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 16-баптың алтыншы және сегізінші бөліктеріндегі, 16-1-баптың екінші және бесінші бөліктеріндегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін" деген сөздер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен міндеттемелерді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат):

      1) 5-1-баптың 2-тармағында:

      3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) тармақшалар, 11) тармақшаның бірінші бөлігі және 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізуге;

      4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге, және (немесе) оларды өткізуге;

      5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасына бағалау жүргізуге;

      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;

      7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;

      8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруге немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға, оны сенімгерлік басқаруға беруге;

      9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуге;";

      "11) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, күтіп-ұстауға, сақталуын қамтамасыз етуге, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге құқылы.";

      "13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;";

      екінші бөліктегі "уәкілетті органның" деген сөздер "жалғыз акционердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат;";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі "бере отырып," деген сөздерден кейін "рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 11-2-бапта:

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 13-1) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:";

      5-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (сатып алынатын) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 2), 3), 7) 10) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.";

      4) 17-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.";

      4-тармақтың 5) тармақшасындағы "мәлімдемесін табыс етеді." деген сөздер "мәлімдемесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты ұсынады.";

      4-1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 4-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2), 3-3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      6-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 1-1), 1-2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      5) 20-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.";

      6) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттар бойынша ақпаратты беру үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзімен интеграциялауды тікелей жүзеге асырады.";

      7) 43-баптың 1-тармағы алып тасталсын;

      8) 50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 1-5), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) банктердің мемлекеттік кіріс органына коллекторлық агенттіктермен жасалған талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді тек қана салықтық әкімшілендіру мақсатында салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша ұсынуы;

      1-4) банктердің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кіріс органына клиенттердің экспорттық немесе импорттық операциялары бойынша ақпарат ұсынуы;

      1-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына салықтық тексеру және деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттар ұсынуы;";

      "4-4) банктердің салықтық әкімшілендіру шеңберінде мемлекеттік кіріс органдарына қосылған құн салығын есепке алу үшін ашылған ағымдағы шоттарды иеленушілер мен олардың нөмірлері, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуы;

      4-5) банктердің мемлекеттік кіріс органына тауарлардың электрондық сауда-саттығы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебінде тұрған тұлғалардың банктік шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуы;";

      6-тармақтың д) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, кәсіпқой медиаторға қатысты;";

      9) 60-1-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы және 61-2-баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "581-бабының" деген сөздер "24-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 61-3-бапта:

      2-тармақтағы "30-бабының 5 және 13-тармақтарында, 31, 32, 42-баптары мен 43-бабының 1-тармағында" деген сөздер "30-бабының 5 және 13-тармақтары мен 31, 32 және 42-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "және 43-бабының 1-тармағының" деген сөздер алып тасталсын.

      12. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 3-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салықтық берешегі болған, қайтыс болған адамның мұрагерлері туралы мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.";

      2) 30-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 617-бабының 4), 6) және 7) тармақшаларында аталған адамдар;".

      13. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар;";

      2) 7-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.

      Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.";

      3) 9-баптың 3-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерлерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе;

      6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.".

      14. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23 құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):

      1) 26-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.":

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) келісім бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты;";

      6-1-тармақтын бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 6-тармағының 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      8-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 6-тармағының 1), 1-1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және 7-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;";

      2) 32-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты;";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Егер банк холдингі немесе банк болып табылмайтын сақтандыру холдингі Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу көзделген еншілес қаржы ұйымын құрған немесе сатып алған не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда, уәкілетті орган, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай сақтандыру холдингіне қаржы ұйымының акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын беретін тиісті құжатты берумен бір мезгілде еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат береді.";

      3) 34-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.".

      15. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат):

      1) 62-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді.

      Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша сәулет жобасын және жобалау алдындағы құжаттаманы бір мезгілде әзірлеуге жол беріледі.";

      2) 63-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға берген сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері бойынша әзірленеді.";

      3) 64-5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысы кезең-кезеңімен сараптама жүргізу ілесіп жүретін (сараптамалық қолдау), тиісті кезеңдер бойынша әзірленетін жобалау-сметалық құжаттама бойынша кезең-кезеңімен жүргізілуге тиіс болса;".

      16. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат):

      1) 1-баптың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек – әлеуметтік аударымдардың есептелген және мерзімінде аударылмаған сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;";

      2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Әлеуметтік аударымдардың мөлшері

      1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар:

      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 1,5 пайызы;

      2006 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 2 пайызы;

      2007 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 3 пайызы;

      2009 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 4 пайызы;

      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 пайызы;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 3,5 пайызы;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 пайызы мөлшерінде белгiленедi.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олар өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi:

      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 1,5 пайызын;

      2006 жылғы 1 қаңтардан бастап – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 2 пайызын;

      2007 жылғы 1 қаңтардан бастап – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің 3 пайызын;

      2009 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 4 пайызын;

      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 5 пайызын;

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 3,5 пайызын;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызын, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақы мөлшерінің кемінде 5 пайызын құрайды.";

      3) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Төлеушінің әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы

      1. Әлеуметтiк аударымдардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндiрiп алады немесе төлеушi оларды мерзiмi өткен әрбір күн үшiн (Қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге Қордың шотына аударуға тиiс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:

      1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Төлеуші мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны қорға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.

      Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кіріс органы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кіріс органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:

      1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.

      Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік аударымдардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Қорға Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      7. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.".

      17. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат):

      4-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.".

      18. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат):

      1) 1-бапта:

      21-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-4) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану – бұл халықаралық мамандандырылған көрменің обьектілерін басқару (пайдалану);";

      мынадай мазмұндағы 21-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-5) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi - ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан, оны өткізуден кейін қалған өзге де объектілер;";

      2) 6-бапта:

      14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;";

      14-2) тармақша алып тасталсын;

      3) 28-бапта:

      4-тармақтың бірінші абзацы және 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:";

      "3) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның жарғысында көзделген өзге де функциялар.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      19. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-қүжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат):

      1) 24-баптың 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыруға және өткiзуге" деген сөздер "халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 33-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыруға және өткiзуге" деген сөздер "халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағын көрмеден кейін пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-ІV, 113-құжат):

      9-баптың 3-тармағындағы "мөлшері, оны есептеу мен төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес" деген сөздер ", қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері, оларды есептеу және төлеу тәртібі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      9-бапта:

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      4) мыналар:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;

      Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;

      Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар үшін тіркеу куәлігі болып табылады.";

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналар:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенттері болып табылатын;

      Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 220-бабының 9-тармағына сәйкес қызметін өзінің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын;

      филиал, өкілдік ашпай қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын;

      Қазақстан Республикасында салық салу объектілерін иеленетін;

      резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кіріс органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мүлкі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның өткізілген акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан көп пайызын құрайтын, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін резиденттің немесе консорциумның тұрған жері бойынша;".

      22. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат):

      8-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 10) тармақшасындағы "азаматтар жатады." деген сөздер "азаматтар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар жатады.".

      23. "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 65-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 11, 80-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      1) 2-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) бақылау – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау.

      "Бақылау" деген ұғым трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің мақсаттары үшін пайдаланылады;";

      10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1) қаржы жылы – халықаралық топтың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын кезең;";

      мынадай мазмұндағы 10-2), 28-1), 30-1), 30-2), 30-3), 30-4) және 32) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-2) қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдар – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына қатер төндіретін әлеуметтік және экономикалық салдардың жиынтығы;";

      "28-1) түсім – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер;";

      "30-1) халықаралық топ – осындай халықаралық топтың негізгі компаниясын қоса алғанда, халықаралық топқа қатысушылар болып табылатын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлғалардың жиынтығы:

      осы тармақшаның бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғалар жиынтығының құрамына Қазақстан Республикасының резидентi болып танылатын не Қазақстан Республикасының резиденті болып танылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi құрылымдық бөлiмше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын ең болмағанда бiр тұлға кіреді;

      бақылау және (немесе) қатысу арқылы өзара байланысты болады;

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына немесе бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес өздеріне қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады не қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғалардың мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалған кезде ескерілмейді;

      30-2) халықаралық топқа қатысушы – мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін тұлға:

      халықаралық топтың негізгі компаниясы;

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, өзіне қатысты халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын не егер осындай тұлғаның бағалы қағаздары қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберілген болса, шоғырландырылған қаржылық есептілік (ол болмаған жағдайда) жасалуы мүмкін болған тұлға;

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғаның мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалған кезде ескерілмейтін тұлға;

      осы тармақшаның екінші және (немесе) үшінші және (немесе) төртінші абзацтарында айқындалған, осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені құрған тұлғаны ішкі бақылау не оның қаржылық, салықтық немесе өзге де реттеушілік есептілігі мақсаттары үшін өзіне қатысты жеке қаржылық есептілік жасалатын тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе тұрақты мекемесі;

      30-3) халықаралық топқа уәклетті қатысушы – халықаралық топтың негізгі компаниясы болып табылмайтын, бірақ:

      халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген және еларалық есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда халықаралық топтың негізгі компаниясы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын,

      немесе халықаралық топқа өзге қатысушы халықаралық топтың немесе осындай қатысушының атынан негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы резиденті болып табылатын не халықаралық топқа осындай қатысушы кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын мемлекетте (аумақта) дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген халықаралық топқа қатысушы. Уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті және (немесе) жергілікті есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда тиісті өкілеттіктерді берген халықаралық топқа өзге қатысушы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

      Осы Заңда реттелетін құқықтық қатынастарда халықаралық топқа уәкілетті қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға тиісті өкілеттіктер берген халықаралық топқа қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады;

      30-4) халықаралық топтың негізгі компаниясы – бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандыратын халықаралық топқа қатысушы:

      осындай қатысушы халықаралық топқа басқа қатысушылардың жарғылық капиталына тікелей және (немесе) жанама қатысады және мұндай қатысудың үлесі халықаралық топқа қатысушыларға қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау үшін жеткілікті шаманы құрайды;

      осындай қатысушының үстінен басқа негізгі компания болмайды;

      халықаралық топқа бірде-бір өзге қатысушы осы тармақшада көрсетілген барлық шарттарды бір мезгілде қанағаттандырмайды;";

      "32) шоғырландырылған қаржылық есептілік – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес жасалатын, халықаралық топтың негізгі компаниясының және халықаралық топқа басқа да қатысушылардың активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары бір тұлғаның активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары ретінде ұсынылған халықаралық топтың қаржылық есептілігі.";

      2) 4-бапта:

      1-тармақтың 6) тармақшасындағы "жасасуға құқылы." деген сөздер "жасасуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) осы Заңның 7-2 және 7-3-баптарында белгіленген жағдайларда, халықаралық топқа қатысушыға есепті қаржы жылы үшін негізгі және (немесе) еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты жіберуге құқылы.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның ережелері қолданылатын мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтарын сақтауға;";

      3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың:

      1) уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;

      2) уәкілетті органдардан Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы бойынша ақпарат пен түсіндірмелер алуға;

      3) бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелер бойынша жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өз мүдделерін білдіруге;

      4) бақылауды жүзеге асыру және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау барысында уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен тексерулердің актілері бойынша хабарламаларға және уәкілетті органдар лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

      6) тексеруге дейін мәміленің бағасын және (немесе) салық салу объектілерін, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерді дербес түзетуге;

      7) уәкілетті органдармен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісімдер жасасуға құқығы бар.

      Бұл ретте халықаралық топқа қатысушының өзінің атынан еларалық және (немесе) негізгі және (немесе) жергілікті есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға халықаралық топқа басқа қатысушыға уәкілеттік беруге де құқығы бар.

      2. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар.

      3. Мәмілеге қатысушылар:

      1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;

      3) мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын есептілікті және құжаттаманы жүргізуге;

      4) осы Заңда айқындалған тәртіппен уәкілетті органдарға мәмілелер мониторингі бойынша ақпаратты және есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.

      Уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша мәмілеге қатысушы мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын ақпаратты және құжаттарды күнтізбелік тоқсан күн ішінде ұсынады;

      5) тексерулер жүргізу барысында уәкілетті органдардың талап етуі бойынша қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге міндетті.

      4. Халықаралық топқа қатысушылар:

      1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;

      3) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес уәкілетті органға халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынуға;

      4) егер халықаралық топқа қатысушыға жергілікті және (немесе) негізгі және (немесе) еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге;

      5) осы тармақтың 6) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органға трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынуға;

      6) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органдардың талап етуі бойынша негізгі және (немесе) еларалық есептілікті ұсынуға міндетті.

      5. Мәмілеге қатысушылар және халықаралық топқа қатысушылар осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындайды.";

      4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:

      "5-1-бап. Халықаралық топқа қатысу туралы өтініш

      1. Халықаралық топқа қатысушы уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей өзінің халықаралық топқа қатысуы туралы өтінішті ұсынуға міндетті.

      Өтініштің нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      2. Халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда);

      3) осы Заңға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап болған кезде халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;

      4) осы Заңға сәйкес трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап болған кезде халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.

      3. Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық емес екенін, халықаралық топқа қатысу туралы ұсынылған өтінішті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда осындай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген өтінішті ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім түзетілген өтінішті ұсынуға қолданылмайды.

      4. Халықаралық топқа қатысушының халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынбауы немесе халықаралық топқа осындай қатысушының уәкілетті органға анық емес мәліметтерді қамтитын өтінішті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.";

      5) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік

      1. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік халықаралық топқа қатысу туралы өтініштен және есептіліктің мынадай түрлерінен тұрады:

      1) жергілікті;

      2) негізгі;

      3) еларалық.

      Трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      2. Осы бапта көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын есептілік мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтымайтын бөлікте ұсынылады.

      3. Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық емес екенін, ұсынылған есептілікті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда халықаралық топқа осындай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте есептілікті ұсыну бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер түзетілген есептілікті ұсынуға қолданылмайды.

      4. Халықаралық топқа қатысушының осы бапта көзделген есептілікті ұсынбауы немесе анық емес мәліметтерді қамтитын есептілікті ұсынуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.";

      6) мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2, 7-3 және 7-4-баптармен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Жергілікті есептілік

      1. Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін жергілікті есептілікті уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы жергілікті есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда);

      3) халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;

      4) халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.

      Осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшаларының ережелеріне қарамастан, егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы жергілікті есептілікті осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшаларында аталған тұлғаның атынан ұсынатын болса, осындай тұлға жергілікті есептілікті ұсыну жөніндегі міндетті орындады деп есептеледі.

      3. Осы баптың ережелері есепті қаржы жылында осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелерді жасаған және түсімінің мөлшері есепті қаржы жылының алдындағы қаржы жылы үшін өзінің қаржылық есептілігіне сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бес миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын халықаралық топқа қатысушыға (осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда) қолданылады.

      7-2-бап. Негізгі есептілік

      1. Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін негізгі есептілікті уәкілетті органға оның талап етуі бойынша ұсынады.

      Халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін негізгі есептілікті уәкілетті органға осындай есептілікті ұсыну туралы талапты халықаралық топқа қатысушы алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      Бұл ретте халықаралық топқа қатысушы бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясының немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушының (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жасау жөніндегі талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген негізгі есептілік бойынша ақпаратқа ұқсас ақпаратты қамтитын негізгі есептілігінің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынған жағдайда негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме орындалды деп есептеледі. Егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті шет мемлекеттің құзыретті органына электрондық түрде ұсынған жағдайда, мұндай есептіліктің көшірмесін нотариатта куәландыру талап етілмейді.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда);

      3) халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;

      4) егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топқа уәкілетті қатысушы негізгі есептілікті ұсынуға тиіс болған жағдайда) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады.

      Егер осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлғаның атынан халықаралық топқа уәкілетті қатысушы немесе осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлға қатысушысы болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен негізгі есептілікті ұсынған жағдайда, онда осы тармақтың 3) немесе 4) тармақшасында аталған тұлғаның уәкілетті органның талап етуі бойынша негізгі есептілікті ұсыну жөніндегі міндеті орындалды деп есептеледі.

      3. Осы баптың ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін халықаралық топқа қатысушыға қолданылады:

      1) халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылында осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелерді жасайды;

      2) негізгі есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері:

      егер халықаралық топтың негізгі компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық нарықтық бағамы қолданыла отырып, 750 миллион еуроға баламалы;

      егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда және осындай шет мемлекетте еларалық есептілікті ұсыну бойынша заңнама болған кезде – осындай мемлекеттің құзыретті органына еларалық есептілік ұсыну жөніндегі міндеттің туындауы үшін халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген сомадан кем емес болады.

      7-3-бап. Еларалық есептілік

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға есепті қаржы жылынан кейінгі 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      Осы баптың 3-тармағында көрсетілген халықаралық топқа қатысушы есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға оның талап етуі бойынша, еларалық есептілікті ұсыну туралы талапты халықаралық топқа қатысушы алған күннен бастап 12 айдан кешіктірмей ұсынады.

      Бұл ретте халықаралық топқа қатысушы бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясының немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушының (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жасау жөніндегі талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген еларалық есептілік бойынша ақпаратқа ұқсас ақпаратты қамтитын еларалық есептілігінің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынған жағдайда еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме орындалды деп есептеледі. Егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы еларалық есептілікті шет мемлекеттің құзыретті органына электрондық түрде ұсынған жағдайда, мұндай есептіліктің көшірмесін нотариатта куәландыру талап етілмейді.

      2. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:

      1) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын халықаралық топтың негізгі компаниясына;

      2) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) жүктеледі.

      3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет халықаралық топқа мынадай қатысушыларға:

      1) мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:

      халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) заңнамасына сәйкес еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттемелері болмаса;

      халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаған болса (уәкілетті органда ақпарат, оның ішінде шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органынан алынған ақпарат болған кезде);

      халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын мемлекеттің (аумақтың) Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарты (келісімі) болмаса;

      халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) резиденті болып табылатын мемлекет (аумақ) уәкілетті органмен автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді жүйелі түрде орындамауға жол берсе, халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы болып табылмайтын резидентке;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарттарға ұқсас шарттардың бірі сақталған кезде халықаралық топқа қатысушы болып табылатын және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке қолданылады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасы бесінші абзацының мақсаттары үшін Қазақстан Республикасымен салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарт (келісім) болған кезде шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органға еларалық есептілік бойынша мәліметтерді ұсынудан бас тартқан немесе шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы уәкілетті органмен қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын халықаралық топқа қатысты еларалық есептіліктің деректері бойынша автоматты түрде ақпарат алмасуды уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жібергеннен кейін екі жылдан астам уақыт ішінде жүзеге асырмаған жағдайлар автоматты түрде ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау деп түсініледі.

      4. Осы баптың ережелері, егер еларалық есептілік ұсынылатын есепті қаржы жылының тікелей алдындағы қаржы жылы үшін халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша түсім мөлшері:

      егер халықаралық топтың негізгі компаниясы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған валюта айырбастаудың тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық нарықтық бағамы қолданыла отырып, 750 миллион еуроға баламалы;

      егер халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда және осындай шет мемлекетте еларалық есептілікті ұсыну бойынша заңнама болған кезде – осындай мемлекеттің құзыретті органына еларалық есептілік ұсыну жөніндегі міндеттің туындауы үшін халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы резиденті болып табылатын шет мемлекеттің заңнамасында белгіленген сомадан кем емес болатын жағдайда халықаралық топтың негізгі компаниясына немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға (егер халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топқа осындай қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі өкілеттіктерді берген жағдайда) немесе уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет жүктелген халықаралық топқа өзге қатысушыға қолданылады.

      5. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін халықаралық шарт (келісім) негізінде, қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын халықаралық топтың қызметіне қатысты еларалық есептілік деректерінің осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жыл сайынғы негізде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы ұсынылуын сұратуға және талап етуге тиіс.

      6. Шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органы өзаралық қағидатын сақтаған жағдайда, уәкілетті орган тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ережені көздейтін қолданыстағы халықаралық шарт (келісім) негізінде халықаралық топқа қатысушы резидент немесе кәсіпкерлік қызметті құрылымдық бөлімше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органына Қазақстан Республикасында халықаралық топтың негізгі компаниясы немесе халықаралық топқа уәкілетті қатысушы ұсынған еларалық есептіліктің тиісті деректерін шет мемлекеттің сұрау салуы бойынша осындай халықаралық шарттың (келісімнің) тараптары белгілеген тәртіппен және мерзімдерде автоматты түрде ақпарат алмасу арқылы жіберуге тиіс.

      Осы баптың мақсаттары үшін өзаралық қағидаты деп уәкілетті органның және шет мемлекеттің (аумақтың) құзыретті органының еларалық есептіліктің деректерін өзара ұсынуы түсініледі.

      7-4-бап. Салық салу мақсатында трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті пайдалану

      Уәкілетті орган трансферттік баға белгілеу бойынша есептілікті салық салу мақсатында пайдалануға құқылы.".

      24. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат):

      49-1-бап мынадай мазмұндағы жиырма төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы бапта көрсетілген, қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленген тауарларды өткізу бойынша айналымдар қаржы лизингіне берілген кезде қосылған құн салығынан босатылады.".

      25. "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат):

      16-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салықтардың және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін нысандарды қоспағанда, уәкілетті органмен әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін келісуге;".

      26. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат):

      9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салықтық бұйрық.".

      27. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):

      65-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері кіреді, олардың тізбесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекітеді.".

      28. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VIІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      179-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға қолданылмайды.".

      29. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 8-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 12-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы "шикі мұнайды" деген сөздердің алдынан "оларды қайта өңдеу мақсатында алынған (сатып алынған)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын екі және одан көп тұлғалардың бір мезгілде мұнай өнiмдерiн сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін автожанармай құю станцияларын пайдалануына тыйым салынады.".

      30. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-2) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының әлеуетті қатысушысы – жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;

      9-3) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймағының қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;";

      2) 9-бапта:

      1-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;";

      3) 10-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      4) 11-бапта:

      2-тармақтағы "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      5) 32-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асыру талабы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қызмет түрлерi үшін міндетті талап болып табылмайды:

      1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру;

      2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдық пайдаланыла отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері);

      3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен ендіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.".

      31. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      8-баптың 7-1) тармақшасы және 8-1-баптың 2-1) тармақшасы алып тасталсын.

      32. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат):

      1) 15-баптың 14-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие болатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) шикі және (немесе) тауарлық газды иелiктен шығару жағдайларына қолданылмайды.";

      2) 20-баптың 9-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие болатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.".

      33. "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат):

      14-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасындағы "көшірмесін береді."деген сөздер "көшірмесін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) микроқаржы ұйымын есептік тіркеуден өткізгені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты береді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Есептік тіркеуден өту үшін микроқаржы ұйымы мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төлейді.".

      34. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын ішкі істер органдары монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді.".

      35. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат):

      1) 1-баптың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұсталған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;";

      2) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық

      1. Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Агент мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны Мемлекеттік корпорацияға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кіріс органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агенттің;

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агенттің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті агенттердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.

      Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      7. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.".

      36. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат):

      38-1-баптың бірінші абзацындағы "2020" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      37. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1-баптың 19-тармағында:

      1) тармақшаның он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек – осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны және аудармағаны үшiн жауаптылық

      1. Іс жүзінде төленген және жұмыскер кіріс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған өсімпұлмен бірге өндіріп алады немесе агент оларды міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздерінің пайдасына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған агентте міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы агентке берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органы:

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – осы агенттің;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агентке хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң осы агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар бойынша берешекті және өсімпұлды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі агенттің түсетін қолма-қол ақшаны түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға аудару жолымен бұлжытпай орындауына жатады.

      Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кіріс органының агенттің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған агент – өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған агент өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде хабарлама жіберген мемлекеттік кіріс органына өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін ұсынады.

      6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес агент ұсынған тізімдердің негізінде мемлекеттік кіріс органы тізімдер алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомаларын мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу агент ұсынған тізімдер қоса беріле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Банктік шотта (шоттарда) клиентке қойылатын барлық талапты қанағаттандыру үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, банк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

      Агенттің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада ұсынған инкассолық өкімдер негізінде агенттің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары агенттердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      8. Мемлекеттік кіріс органдары агенттің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар агенттердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.".

      38. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат):

      1) 1-баптың 10) тармақшасындағы "медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға" деген сөздер "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "2018" деген цифрлар "2020" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      3) 14-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      4) 17-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзац "мемлекеттік корпорация" деген сөздерден кейін "мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақша алып тасталсын;

      5) 26-бапта:

      2-тармақта:

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "2019" деген цифрлар "2020" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "2)," деген цифр алып тасталсын;

      6) 28-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары:";

      екінші абзацтағы "2019" деген цифрлар "2020" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы ", азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден" деген сөздер "жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "2018" деген цифрлар "2020" деген цифрлармен ауыстырылсын;"

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар;";

      7) 29-бапта:

      3-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:".

      "4. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 10), 12), және 13) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер;

      3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 654-бабының 10) тармақшасында көрсетілген кірістер;

      4) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

      5) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға таратылған, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері.";

      8) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы

      1. Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және төлеуші оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (қорға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.

      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кіріс органы төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы:

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды, салықтық берешекті және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұл бойынша берешекті аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

      Төлеуші мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін түсетін қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей оны қорға аудару арқылы сөзсіз орындауға тиіс.

      Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік кіріс органының төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      5. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кіріс органы мұндай берешектің сомаларын:

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;

      өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.

      Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеушілердің банктік шоттарынан өндіріп алу мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

      Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.

      Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің шетел валютасындағы банктік шоттарынан жүргізіледі.

      6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары төлеушілердің банктік шоттарынан есептен шығарылған күні осы сомаларды қорға Мемлекеттік корпорация арқылы аударуға міндетті.

      7. Мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, басшысының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомасын көрсете отырып, туындаған күнінен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімдерін жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

      8. Осы баптың мақсаттары үшін төлеуші деп аударымдарды төлеушілер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар түсініледі.";

      9) 40-баптағы "2018" деген цифрлар "2020" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      10) 41-баптың 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарындағы және 2-тармағындағы "2018" деген цифрлар "2020" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      39. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат):

      3-бапта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын, 3) және 4) тармақшаларын, 5-тармағы 3) тармақшасының бесінші абзацын, 7) және 11) тармақшаларын, 7 және 15-тармақтарын;";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 5-тармағының 6) және 13) тармақшаларын, 23) тармақшасының екінші абзацын, 17-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 3-тармағының 2) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:

      "2) 53-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) денсаулық сақтау:

      денсаулық сақтау ұйымдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардан басқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуі;

      республикалық деңгейде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық көмек қызметін ұйымдастыру;

      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргізу;

      айрықша қауіпті инфекцияларға қарсы іс-қимыл;

      санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуі;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;

      жергілікті бюджеттерден және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;" деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".

      40. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат):

      1-баптың 5-тармағында:

      1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "272-бап. Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну";

      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "272-бап. Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну".

      41. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):

      1) 1-баптың 3-тармағында:

      1) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мынадай мазмұндағы 283-1-баппен толықтырылсын:

      "283-1-бап. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу

      1. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының, этил спиртінің және алкоголь өнімінің, биоотынның дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сол сияқты тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарсыз мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің, темекі бұйымдарының, биоотынның айналымы, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын ауыстыру –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, темекі бұйымдары, биоотын және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістер, ақша тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      2) 15-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы "3-тармағының" деген сөздер "1-тармағының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      42. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат):

      32-баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.

      43. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат):

      25-бапта:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем жасалған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен асатын мәміле бойынша төлемдерді қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған дара кәсіпкерлер немесе қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған басқа дара кәсіпкердің пайдасына заңды тұлғалар немесе заңды тұлғалар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Банктер мемлекеттік кіріс органдарына "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қосылған құн салығын есепке алуға арналған ағымдағы шоттарды иеленушілер туралы мәліметтерді, олардың ашылуы және жабылуы, жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты береді.".

      44. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат):

      15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) талап ету құқығын басқаға беру шарттары бойынша мәліметтерді өзінің тұрған жеріндегі мемлекеттік кіріс органдарына салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей ұсынуға;".

      45. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 45-құжат):

      1) 1-бапта:

      4-тармақтың 9) тармақшасының тоғызыншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.";

      "4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.";

      10-тармақ алып тасталсын;

      2) 2-бапта:

      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының он үшінші абзацын, 5) тармақшасының бесінші абзацын, 7) тармақшасын, 9) тармақшасының екінші – төртінші, жетінші – он бірінші абзацтарын, 10) тармақшасының алтыншы абзацын, 15) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 18-тармағы 17) тармақшасының оныншы – он үшінші абзацтарын;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацын, 9) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 15) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 17) және 19) тармақшаларын, 6, 8, 9, 11, 12, 14, 15, 16 және 17-тармақтарын;";

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 4-тармағы 6) тармақшасының екінші және төртінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:

      "3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;";

      "14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;" деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтардың қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      Осы Заңның 4-тармағының 16) тармақшасы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде мынадай:

      "16) 89-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қарап-тексерілуге және динамикалық байқалуға, емделуге, дәрілік қамтамасыз етілуге, сауықтырылуға және вакцинация алуға құқығы бар." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      2-бап. Осы Заңның 11-т. 10) тармақшасына сәйкес 01.12.2017 бастап 01.07.2018 дейін қолданыста болды.

3-бап. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабының бірінші және 2-1-бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарды, декларацияларды тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарда, декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған ілеспе жүкқұжаттарда дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің қолданысы;

      2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодлексінің 282-бабының бірінші және 2-1-бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатты, декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "2-1. Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкқұжатта, декларацияда этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне арналған ілеспе жүкжұқатта дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

4-бап. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабы 6-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына және биоотынға арналған ілеспе жүкқұжаттардың болуы және олардың төлнұсқалылығы;" деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

5-бап. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағы екінші бөлігінің 1-5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "1-5) мемлекеттік кіріс органына салықтық тексеру жүргізу кезінде қажет болатын мәліметтер мен құжаттарды ұсыну;" деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда, халықаралық топқа қатысушыға есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты жіберуге құқылы.".

7-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Бұл ретте халықаралық топқа қатысушының өзінің атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға халықаралық топқа басқа қатысушыға уәкілеттік беруге де құқығы бар.".

8-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "4. Халықаралық топқа қатысушылар:

      1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;

      3) егер халықаралық топқа қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге;

      4) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті органға еларалық есептілікті ұсынуға;

      5) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсынуға міндетті.".

9-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "4. Халықаралық топқа қатысушылар:

      1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;

      3) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес уәкілетті органға халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынуға;

      4) егер халықаралық топқа қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге;

      5) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті органға еларалық есептілікті ұсынуға;

      6) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсынуға міндетті.".

10-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7-бап. Мәмілелер мониторингі және трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік

      1. Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік мынадай ақпаратты:

      1) бағаларды қолдану негізділігін растайтын құжаттаманы, оның ішінде:

      тараптардың өзара байланыстылығы туралы деректерді;

      мәмілеге қатысушының кәсіпкерлік қызметінің, мәмілеге қатысушы өз қызметін жүзеге асыратын саланың және нарық шарттарының сипатталуын;

      баға белгілеуге ықпал ететін факторларға қатысты ақпаратты қоса алғанда, болжамдарды, бизнес стратегиясын, трансферттік баға белгілеу әдіснамасын;

      функционалдық талдауды, тәуекелдерді, материалдық және материалдық емес активтерді талдауды;

      халықаралық стандарттар бойынша есептерді, оның ішінде қаржылық есептілікті;

      2) нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын әдісті;

      3) ақпарат көзін;

      4) шарттардан (келісімшарттардан), шот фактуралардан (инвойстардан), тауарларға арналған декларациялардан алынған мәліметтерді, қаржы ұйымдары ұсынатын, сондай-ақ дифференциалды айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын, осы Заңның 3-бабында көрсетілген мәмілелер бойынша ақпаратты;

      5) физикалық сипаттамаларын, сапасы мен нарықтағы беделін, шығарылған елін және өндірушісін, тауар белгісінің болуын және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапалық сипаттамаларына байланысты басқа да ақпаратты қоса алғанда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сипатталуын;

      6) шарттық талаптарды;

      7) іскерлік операцияларды жүргізу стратегиясын;

      8) маржаны, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысын не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыларды қамтиды. Бұл ретте, егер мәмілеге қатысушылар үшін маржаның құрамдас бөліктерін ашатын ақпарат қолжетімді болса, мәмілеге қатысушы осындай ақпаратты береді және егер маржа сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысын не сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақыны қамтыған жағдайда, уәкілетті органдар бұл құрамдас бөліктерді бақылауды жүзеге асыру кезінде есепке алмайды;

      9) мәміле бағасын қолданудың дұрыстығын негіздейтін және мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететін басқа да деректерді қамтиды.

      Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпарат осы Заңда реттелетiн мәмiлелерді жасау кезінде мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу шамасына ықпал ететiн осындай шарттар мен деректер болған жағдайда уәкілетті органға берiледi.

      2. Мәмілеге қатысушылар, оның ішінде осы Заңға сәйкес мәмілелер мониторингіне жатпайтын тауарлармен мәмілелерді жүзеге асыратын мәмілеге қатысушылар қолданылатын бағаның негізділігін растайтын, уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша ұсынылатын құжаттаманы жүргізуге міндетті.

      3. Халықаралық топқа қатысушы ұсынатын трансферттік баға белгілеу бойынша есептілік еларалық есептілікті қамтиды.

      Еларалық есептіліктің нысанын және оны толтыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      Осы тармақта көзделген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын есептілік мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтымайтын бөлікте ұсынылады.

      Халықаралық топқа қатысушы мәліметтердің толық емес екенін, ұсынылған есептілікті толтыруда дәлсіздіктерді не қателерді анықтаған жағдайда осындай қатысушы жаңартылған ақпаратты ескере отырып, түзетілген есептілікті ұсынуға міндетті.

      Бұл ретте есептілікті ұсыну бойынша осы Заңда белгіленген мерзімдер түзетілген есептілікті ұсынуға қолданылмайды.".

11-бап. Осы Заң:

      1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацын, 4) тармақшасының бірінші – алтыншы абзацтарын, 5) және 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 11) тармақшасының бесінші абзацын, 19) тармақшасын;

      2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8), 12) және 16) тармақшаларын, 17) тармақшасының төртінші абзацын, 18) және 20) тармақшаларын, 26) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 23-тармағы 1) тармақшасының бірінші – жиырмасыншы, жиырма екінші – жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3) және 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының жиырма алтыншы – қырық алтыншы абзацтарын;

      3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 13), 14), 15), 21), 24) және 25) тармақшаларын, 26) тармақшасының бесінші – тоғызыншы абзацтарын, 30) және 32) тармақшаларын, 24-тармағын, 41-тармағының 2) тармақшасын;

      4) 2017 жылғы 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 9) және 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 17) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 28) және 29) тармақшаларын, 11-тармағының 1) тармақшасын;

      5) 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 31) және 33) тармақшаларын, 5-тармағын, 16-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацын, 35-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацын;

      6) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 1), 22) және 23) тармақшаларын, 38-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацын;

      7) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 6-тармағын, 7-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 6) және 12) тармақшаларын, 11-тармағының 6) тармақшасын, 8) тармақшасының төртінші және алтыншы абзацтарын, 16-тармағы 3) тармақшасының төртінші – жиырмасыншы абзацтарын, 23-тармағы 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацын, 6) тармақшасының екінші – жиырма бесінші абзацтарын, 35-тармағы 2) тармақшасының төртінші – жиырмасыншы абзацтарын, 38-тармағы 8) тармақшасының төртінші – жиырма бірінші абзацтарын, 43-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын;

      8) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 7-тармағының 2) тармақшасын, 8) тармақшасының он үшінші абзацын, 9) тармақшасының он екінші абзацын, 13) тармақшасының үшінші абзацын, 14) тармақшасының үшінші абзацын, 16) тармақшасын, 17) тармақшасының бесінші абзацын;

      8-1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 37-тармағын;

      9) 2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 27) тармақшасын;

      10) 2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болатын осы Заңның 2-бабын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады