ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 21-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"21-1-бап. Дара кәсіпкерге қатысты оңалту рәсімдері";
54-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"54-бап. Заңды тұлғаға қатысты оңалту рәсімдері";
2) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дара кәсіпкердің банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi түрде танылады. Дара кәсiпкердің банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.";
3) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
"21-1-бап. Дара кәсіпкерге қатысты оңалту рәсімдері
Дара кәсіпкер ретінде тіркелген борышкердің кәсіпкерлік қызметінің тоқтауын болғызбау мақсатында оған оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген шаралар қолданылуы мүмкін.
Бұл шаралар оңалту рәсімі шеңберінде іске асырылады, оны жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалады.";
4) 44-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылған құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша заңды тұлғада қаражат жеткіліксіз болған кезде кредиторлар алдында субсидиарлық жауаптылықта болады.";
5) 49-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiнің меншiк иесіне, меншік иесі уәкілеттік берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органға, заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату рәсіміне бастамашылық жасаған органға (тұлғаға) не өзге органға (тұлғаға), егер осы органның (тұлғаның) заңды тұлғаны тарату жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, жүктелуi мүмкiн.";
6) 52-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Борышкердің дәрменсiздiгін Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жасалған, қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны ескере отырып, сот белгілейді.";
7) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"54-бап. Заңды тұлғаға қатысты оңалту рәсімдері
Борышкер – заңды тұлғаның таратылуын болғызбау мақсатында оған төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн кез келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
Бұл шаралар оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оны жүзеге асыру тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалады.".
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):
512-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға өзіне қатысты банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғаудың алдындағы бір жыл iшiнде "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiн бұза отырып, өзінің кәсіпкерлік қызметімен байланысты қаражат есебінен жасаған сыйға тартудың күшiн сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша жоя алады.".
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 104-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"104-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін жауаптылық";
2) 3-баптың 1-тармағында:
12-4), 12-5) және 12-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-4) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану;
12-5) бюджет қаражатының игерілмеуі – бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің бөлінбеген қалдығын, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерін қайтару сомасын қоспағанда, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелерден есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан асып кету сомасы;
12-6) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау, бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау жөнiндегi қызметi;";
мынадай мазмұндағы 12-7) тармақшамен толықтырылсын:
"12-7) бюджет процесі саласындағы интегратор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын, бюджет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де функциялар жүктелетін, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын заңды тұлға;";
3) 62-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.";
4) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 4) тармақшасының үшінші бөлігіндегі "бюджеттік инвестициялар бөліне отырып", "бюджет жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген," деген сөздер алып тасталсын;
5) 79-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
6) 96-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармақтың бесінші және жетінші бөліктері алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:
"104-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін жауаптылық
Мыналардан:
бекітілген заттай нормалардан асырудан;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) және (немесе) олар бойынша тиісті органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының) болмауынан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің балансында есепте тұрмайтын объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын, бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық әсердің болмауынан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";
8) 106-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "көзделген;" деген сөз "көзделген жағдайларда жүргізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
9) 111-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "көзделген;" деген сөз "көзделген жағдайларда жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырылып, 5-1) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
10) 151-баптың 13-тармағы алып тасталсын;
11) 153-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші абзацындағы "Осы Кодекстің 151-баптың 13-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
12) 154-бапта:
4-тармақтағы ", осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ алып тасталсын;
13) 154-1-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
14) 193-баптың 5-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, бір реттен асырмай жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану кезінде қарыз алушының бюджеттік кредитін оңалту жоспарында көзделгендей, бірақ бір реттен асырмай қайтадан қайта құрылымдауға жол беріледі.".
4. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):
1) мазмұнындағы 240-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 3-баптың 38) тармағындағы "240," деген цифрлар алып тасталсын;
3) 237-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметті көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттердi дара кәсіпкер, құрылтайшы (қатысушы), коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам, лауазымды адам, сол сияқты уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы оңалту және банкроттық кезінде жасаса және бұл әрекеттер iрi залал келтiрсе, –";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дара кәсіпкердің, құрылтайшының (қатысушының), коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, лауазымды адамның, сол сияқты уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының оңалту және банкроттық кезінде басқа кредиторларға көрiнеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл іс-әрекет iрi залал келтiрсе, –";
4) 238-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әдейі банкроттық, яғни құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған, ірі залал келтірген әрекеттері –";
5) 240-бап алып тасталсын;
6) 467-баптың 1-1-бөлігіндегі "2020" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын.
5. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат):
187-баптың 3-1-бөлігіндегі "240," деген цифрлар алып тасталсын.
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 183-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 176-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшері, тұрған жері туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенің иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлiк және (немесе) есептiк құжаттаманы не экономикалық қызметтi көрсететiн өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттерді борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы), лауазымды адамы, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушы жасаса, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жеке тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, сол сияқты уақытша немесе банкроттықты не оңалтуды басқарушының басқа кредиторларға көрінеу залал келтiре отырып, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекеттер оңалту және банкроттық кезінде жасалса және оларда қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";
3) 177-бапта:
бірінші абзацтағы "қаржылық жағдайы" деген сөздер "қаржылық орнықтылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұралатын ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –
ескерту жасауға алып келеді.";
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы және жетінші бөліктің екінші абзацындағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік алып тасталсын;
тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –";
оныншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру кезінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың (борышкердің) мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа (борышкерге) тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –";
бірінші абзацтағы "борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң" деген сөздер "банкрот – дара кәсіпкердің, банкрот – заңды тұлға мүлкі меншiк иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
он екінші бөліктің екінші абзацындағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
он үшінші бөлік алып тасталсын;
он төртінші және он бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Құны банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде елеулі төмендейтін мүлікті (жедел өткізуді қажет ететін тез бұзылатын тауарлар, мал және басқа да тауарлар) сатуды "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асыру –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
15. Осы баптың бiрiншi, екінші және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"16. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Осы баптың тоғызыншы, оныншы және он төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
4) 179-бапта:
бірінші абзацтағы "кредиторлар жиналысына" деген сөздер "кредиторлар комитетіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "кредиторлар жиналысы" деген сөздер "кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы бөлік алып тасталсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Банкроттың мүлкін сату жоспарын жасау немесе оны өткізуді жүзеге асыру жөніндегі міндетін орындамау немесе тиісінше орындамау –";
сегізінші және тоғызыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі мiндетін орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін, қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарламау –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
оныншы бөліктің екінші абзацындағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
он бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Кредиторлар комитетінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеу –";
он екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) кезде – жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған кезде – борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға, банкрот кәсіпорынды сату кезінде сатып алушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –";
бірінші абзацтағы "Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын" деген сөздер "Сұратылатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
бірінші абзац "барысы" деген сөзден кейін ", борышкердің қаржылық жағдайы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
он алтыншы бөліктің екінші абзацындағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
он сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"18. "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда адамдарды субсидиарлық жауаптылыққа тарту және сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеу –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
бірінші абзацтағы "келiсiмде" деген сөз "жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Уақытша басқарушыдан немесе оңалтуды басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
жиырма бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті уақтылы жібермеу, банкроттың мөрін (болған кезде) жою –";
жиырма екінші және жиырма үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Осы баптың төртінші, бесінші, он төртінші – он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
23. Осы баптың үшінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші, жиырмасыншы және жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
мынадай мазмұндағы жиырма төртінші және жиырма бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"24. Осы баптың бірінші, екінші, оныншы және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
25. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
5) 180-бапта:
бірінші абзацтағы "оңалту рәсiмiн қолдану" деген сөздер "оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "Оңалту жоспарының тиiмдiлiгi туралы қорытындыны сотқа жiберу" деген сөздер "Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "Кредиторлар" деген сөз "Алғашқы кредиторлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші бөлік алып тасталсын;
бірінші абзацтағы "бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi – сегiзiншi" деген сөздер "бірінші, алтыншы және жетінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "бiр жүз" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
6) 181-бапта:
бірінші және екінші бөліктер алып тасталсын;
бірінші абзацтағы "күзетiлуiн" деген сөз "күзетілуі мен бақылануын" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етпеу не тиісінше қамтамасыз етпеу –";
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы "Құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, оңалту" деген сөздер "Оңалту" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "кредиторлар жиналысының" деген сөздер "кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға немесе банкроттықты басқарушыға беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
сегізінші бөліктің екінші абзацындағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
оныншы бөлік алып тасталсын;
бірінші абзац "барысы" деген сөзден кейін ", борышкердің қаржылық жағдайы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
бірінші абзацтағы "Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын" деген сөздер "Сұратылатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
он төртінші бөлік алып тасталсын;
он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына борышкердің алдыңғы айдағы қаржылық жағдайы, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу жөніндегі, сондай-ақ кредиторлар комитетінің талап етуі бойынша ақпаратты беру жөніндегі міндеттерді орындамау не тиісінше орындамау–
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
он алтыншы бөліктің екінші абзацындағы "елу" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
он жетінші бөлік алып тасталсын;
бірінші абзацтағы "жиырма", "мақұлдауынсыз" деген сөздер тиісінше "бес", "келісімінсіз" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "бір жүз" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi – он сегiзiншi" деген сөздер "бесінші, алтыншы, он бірінші және он екінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "бір жүз" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "бесінші бөлiгінде", "әрекет" деген сөздер тиісінше "жетінші, тоғызыншы және он бесінші бөліктерінде", "әрекеттер (әрекетсіздік)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жиырма бірінші және жиырма екінші бөліктермен толықтырылсын:
"21. Осы баптың үшінші, сегізінші, он үшінші және он алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
22. Осы баптың төртінші және он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
7) 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"182-бап. Әдейi банкроттық
Әдейі банкроттық, яғни құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын тұлғаның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейін үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,-
жеке тұлғаға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
8) 183-бап алып тасталсын;
9) 684-баптың бірінші бөлігіндегі "183," деген цифрлар алып тасталсын;
10) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасындағы "183," деген цифрлар алып тасталсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 38-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақ 3) тармақшадағы "белгіленген жағдайларда да тоқтатылады." деген сөздер "белгіленген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) сот шешімімен банкрот деп танылған дара кәсіпкерге қатысты банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайларда да тоқтатылады.";
2) 138-бап 115) тармақшадағы "саласында жүзеге асырылады." деген сөздер "саласында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 116) тармақшамен толықтырылсын:
"116) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.".
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):
1) мазмұнында 42-тараудың және 355-баптың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"42-тарау. ДАРА КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕГІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ, ОЛАРДЫ ОҢАЛТУ, ОЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ ТАРАТУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
355-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi қарау";
2) 27-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын және банк конгломератына бас ұйым ретінде кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.";
3) 35-баптың сегізінші бөлігінің екінші абзацы "борышкер" деген сөзден кейін "немесе ол уәкілеттік берген тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 243-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) берешекті қайта құрылымдау туралы;";
5) 302-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы;";
6) 42-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"42-тарау. ДАРА КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕРЕШЕГІН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ, ОЛАРДЫ ОҢАЛТУ, ОЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫ БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ ТАРАТУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
355-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi қарау
Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.";
7) 434-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.".
9. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша "төлем қабілетсіздігін реттеу" деген сөздер "берешекті қайта құрылымдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-баптың 4-тармағындағы ", жалған" деген сөз алып тасталсын;
3) 24-баптың 15) тармақшасының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"өзіне қатысты банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген салық төлеуші банктік шоттарды ашқан кезде;";
4) 85-баптың 4-тармағының 6) тармақшасында:
төртінші абзацтағы ", 217" деген цифрлар алып тасталсын;
бесінші абзацтағы ", 240" деген цифрлар алып тасталсын;
5) 116-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;";
6) 117-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің жетінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда, салық төлеушіге қатысты салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімі өзгерген кезде;";
"сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылған кезде – сот осындай рәсімді қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;";
7) 610-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы ", жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану" деген сөздер алып тасталсын.
10. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 123-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;";
екінші бөліктегі "төлем қабілетсіздігін реттеу" деген сөздер "берешекті қайта құрылымдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 124-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өсiмпұл кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша төлеушіде туындаған берешек сомасына:
1) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда, төлеушіге қатысты кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті өтеу мерзімі өзгерген кезде;
2) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
3) сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;
4) берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылған кезде – осындай рәсімді қолдану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап есепке жазылмайды.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Өсімпұлды есепке жазу:
1) төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
3) төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;
4) төлеуші "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап қайта басталады.";
3) 128-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "төлем қабілетсіздігін реттеу" деген сөздер "берешекті қайта құрылымдау" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
11-баптың бірінші бөлігінің 4-4) тармақшасындағы "және 240" деген сөздер алып тасталсын.
12. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 68-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 19-20, 86-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Оңалтылатын, сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын, оның iшiнде оның банкроттығына байланысты таратылатын астық қабылдау кәсiпорны кредиторларының талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.".
13. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
"2-4. Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.
Магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-40) және 34-41) тармақшалармен толықтырылсын:
"34-40) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
34-41) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;".
14. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша "аффилиирленген", "аффилиирленгені", "аффилиирлену" деген сөздер тиісінше "үлестес", "үлестестігі", "үлестестік" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 30-бапта:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) егер қоғамға қатысты Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен оңалту рәсімі қолданылса, оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бағалы қағаздар және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелер банктің активтері мен міндеттемелерін қайта құрылымдау, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану рәсімі шеңберінде немесе қоғамды оңалту процесінде қоғам акцияларына айырбасталатын жағдайларда, егер қоғамға қатысты оңалту рәсімі қолданылса, басымдықпен сатып алу құқығы банктің (қоғамның) акционерлеріне олардың акциялары бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырылған кезде берілмейді.".
3) 58-баптың 5-тармағының бірінші абзацындағы "үш" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын.
15. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 42-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот дара кәсіпкерлерді және заңды тұлғаларды оңалту немесе олардың банкроттығы туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған, сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған;";
2) 44-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 42-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтық мирасқоры айқындалғанға, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі борышкерге немесе өндіріп алушыға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғанға, заңды тұлғаны тарату туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданғанға немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға немесе оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылғанға дейін;";
3) 47-баптың 1-тармағының 1-1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;";
"6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;".
16. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
192-баптың 6-тармағындағы "немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы", "немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi" деген сөздер алып тасталсын.
17. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"(активтерін)", "(активтерді)", "(активтері)", "(активтерінің)", "(активтерге)" деген сөздер алып тасталсын;
"Төлем қабілетсіздігін реттеу", "төлем қабілетсіздігін реттеу" деген сөздер тиісінше "Берешекті қайта құрылымдау", "берешекті қайта құрылымдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кредиттер (қарыздар)", "кредиттер", "кредит" деген сөздер тиісінше "қарыздар", "қарыздар", "қарыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.";
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төл өсiруден бастап толық циклді асыл тұқымды), балара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн кіріс жылдық кірістің жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) әдейі банкроттық – құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері;
3) әкімші – істі сотта қарау, сондай-ақ оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
4) әкімшілік шығыстар – оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды жүргізуге байланысты шығыстар;
5) банкрот – заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер;
6) банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны тарату үшін негiз болып табылатын дәрменсiздiгi;
7) банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
8) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам;
9) борышкер – өзіне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолдану үшін негіздер бар немесе қолданылған, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;
10) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бірінiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
Бiртектi кредиторлар топтарын:
өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекке ақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;
салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторлар;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi беру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлмеген қарыз (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар – қаржы ұйымдары (микроқаржы ұйымдары);
борышкердің облигацияларын ұстаушы кредиторлар құрауы мүмкін;
11) бірыңғай өндірістік кешен – жиынтығында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік;
12) бітімгершілік келісім – банкроттық рәсімін тоқтату мақсатында оның кез келген сатысында банкрот пен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу арқылы қолданылатын рәсім;
13) жоқ борышкер – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрекетсіз деп танылған, оның, сондай-ақ оның құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының болмауы осы Заңда айқындалған тәртіппен белгіленген борышкер;
14) кәдімгі коммерциялық операциялар – борышкердің әдеттегі қызметіне жататын, тұрақты сипаты бар, мыналарды: үй-жайларды жалдау және коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыруды, өнім берушілермен мәмілелерді, шикізат сатып алуды, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, дайын өнімді өткізуді және қызметтер көрсетуді қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін әрекеттер.
Кәдімгі коммерциялық операцияларға жылжымайтын мүлікті немесе өзге активтерді иеліктен шығарумен байланысты мәмілелер, мүлікті кепілге беру, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге беру жатпайды;
15) кепiлдi кредитор – талаптары борышкердiң мүлкiн кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор;
16) кредитор – еңбекке ақы төлеу, авторлық сыйақыны, еңбек шарттары бойынша өтемақыларды төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, салықтар, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, борышкердің азаматтық-құқықтық және (немесе) борышкердің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
17) кредиторлар комитеті –оңалту және банкроттық рәсімдерінде кредиторлар жиналысы сайлайтын және осы Заңда көзделген өкілеттіктерге ие, кредиторлардың өкілді органы;
18) кредиторлар талаптарының тізілімі – осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту немесе банкроттық рәсімдерінде қалыптасатын, мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарының тізбесі;
19) қала құраушы заңды тұлға – өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалатын заңды тұлға;
20) лауазымды адам – акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі, борышкер – заңды тұлғаның басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару бойынша тұрақты немесе уақытша өкілеттіктер берілген өзге тұлға, борышкер – заңды тұлғаның бас бухгалтері, сол сияқты оның міндеттерін уақытша атқаратын өзге тұлға;
21) мүліктік масса – банкроттың банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi;
22) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган;
23) оңалтуды басқарушы – осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару жөнiндегі өкiлеттiктер жүктелген тұлға;
24) оңалту жоспары – борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мен жұмыс орындарын сақтау мақсатында оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және борышкер мен кредиторлар арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi;
25) оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады;
26) реверсивті факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда дебитор өзінің борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін үшінші тұлғаға береді, ал үшінші тұлға дебитордың борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін орындайды;
27) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор – борышкерге салықтарды, кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, сондай-ақ бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу жөніндегі борышкердің мiндеттемелерiнен туындайтын талаптары бар тұлға;
28) санация – оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiндегі өзге де шаралар кешенiн iске асырады;
29) уақытша әкімші – оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін өзімен келісім жасалған тұлға;
30) уақытша басқарушы – банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін өзімен келісім жасалған не осы Заңда белгіленген жағдайларда уәкілетті орган тағайындаған адам;
31) үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту немесе банкроттық рәсiмiне қатысушы қабылдайтын шешiмдерге әсер ету, оның iшiнде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды, ұлттық басқарушы холдингтi, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын қоспағанда) (оңалту немесе банкроттық рәсiмiндегi үлестес тұлғалардың тiзбесi осы Заңның 9-бабында белгiленедi);
32) факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда борышкер (банкрот) өз дебиторына қойылатын мүліктік талапты үшінші тұлғаға береді немесе беруге міндеттенеді, ал үшінші тұлға борышкердің (банкроттың) дебиторына қойылатын талап ету құқығының орнына борышкердің (банкроттың) билік етуіне ақша немесе басқа да мүлік береді немесе беруге міндеттенеді.";
4) 3-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстерге қолданылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту, олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы iстердi сот осы Заңда белгiленген ерекшелiктерімен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы қағидалары бойынша қарайды.";
5) 4-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Борышкердің дәрменсіздігін сот осы Заңның 49-бабына сәйкес жасалған, қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны ескере отырып белгілейді.";
6) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы сотқа жүгіну негіздері
1. Борышкердің орнықты төлем қабілетсіздігі оның өзін банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Егер борышкердің міндеттемелері сотқа өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басына, сондай-ақ егер борышкер өтінішті күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басына оның мүлкінің құнынан асып кетсе, төлем қабілетсіздігі орнықты болып табылады.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды күшіне енген сот актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде борышкердің кредитор алдындағы орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышын мойындауы кредитордың борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Борышкердің салықтық берешек сомасын, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы қабылданғаннан кейін өтемеуі кредитордың салықтық және кедендік төлемдер бойынша борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.";
7) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Оңалту рәсімін және берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы сотқа жүгіну негіздері
1. Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі борышкердің немесе кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Егер өтініш берілген күнге мынадай бір немесе бірнеше мән-жай болса:
1) өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар, алименттерді өндіріп алу бойынша кредиторлар алдындағы міндеттемелер, еңбекке ақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті төлеу жөніндегі, сондай-ақ қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар бойынша міндеттемелер оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде орындалмаса;
2) өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелер оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап төрт ай ішінде орындалмаса, төлем қабілетсіздігі уақытша болып табылады.
2. Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігі оның берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.";
8) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Әдейі банкроттық үшін жауаптылық
1. Әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылған құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам кредиторлар алдында осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде өздеріне тиесілі мүлікпен субсидиарлық жауаптылықта болады.
Әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп екі және одан көп адам танылған жағдайда, мұндай адамдар ортақ жауаптылықта болады.
2. Банкроттықты басқарушы құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұндай тұлғаға қатысты оны субсидиарлық жауаптылыққа тарту және осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде сомаларды өндіріп алу туралы талап қойып, сотқа жүгінуге міндетті.
Егер құрылтайшы (қатысушы) және (немесе) лауазымды адам банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылған жағдайда, кредитор осы бапта көзделген тәртіппен талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.
7-бап. Борышкердiң мәмiлелерiн жарамсыз деп тану және мүлiктi қайтару
1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мәмілелер, егер оларды борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңда көзделген негiздер болған кезде оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасасқан болса, жарамсыз деп танылады.
Егер борышкерге банкроттық рәсімі оңалту рәсімін тоқтату нәтижесінде қолданылған болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден басқа, мыналар:
1) жасалған мәміле бағасының және (немесе) өзге де жағдайлардың, салыстырмалы мән-жайларда ұқсас мәмілелер жасалатын кездегі бағадан және (немесе) өзге де жағдайлардан борышкер үшін айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болуы;
2) мәміленің борышкердің Қазақстан Республикасының заңдарымен, құрылтай құжаттарымен шектелген қызметіне сәйкес келмеуі не жарғыда айқындалған құзырет бұзылып жасалуы;
3) мүліктің өтеусіз (оның ішінде уақытша пайдалануға) не салыстырмалы экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас немесе біртекті тауар бағасынан борышкер үшін айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болатын бағамен не беру үшін негіздер болмай, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып берілуі;
4) егер оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін алты ай ішінде жасалған мәміле белгілі бір кредиторлардың талаптарын басқаларының алдында артықшылықпен қанағаттандыруға алып келсе;
5) борышкердің мүлкін сыйға тарту шарттары, егер мұндай мәміле оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін бір жыл бұрын жасалған мәмілелерден айтарлықтай өзгеше болса;
6) осындай мәміле бойынша тиісті құқықтық салдарлар туғызу ниетінсіз, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жасалған мәміле мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар кезінде жасалған мәмілелер анықталған кезде әкімші, оның ішінде мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша, анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұндай мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.
4. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде, егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделмесе, жауапкер мәміле бойынша алынғандардың барлығын қайтаруға, заттай қайтару мүмкін болмаған кезде – қайтарылуға жататын мүлік құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Бұл ретте жауапкер борышкерге талап қою құқығына ие болады, ол осы Заңның 100-бабының 5-тармағына сәйкес қанағаттандырылуға жатады.
5. Осы бапта көзделген жағдайларда мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлік оның жоғалуына, бүлінуіне не оны кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты өтеусіз берілген кезде, талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалдың орнын толтыру бойынша борышкер алдында жауаптылықта болады.
6. Бастапқы сатып алушының мүлік құнының орнын толтыруы мүмкін болмаған кезде, борышкердің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға сот тәртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
7. Осы баптың талаптары:
1) жобалық қаржыландыру, секьюритилендiру;
2) қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған;
3) шарттары борышкер оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде өзінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы процесінде жасасқан ұқсас мәмілелердің шарттарынан айтарлықтай ерекшеленбейтін кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінде борышкер жасасқан мәмілелерге қолданылмайды.";
9) 8-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап және оңалту немесе банкроттық туралы істі тоқтату туралы сот ұйғарымы не борышкерге оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін борышкер мен оның кредиторлары арасындағы өзара талаптарды есепке жатқызуға жол берілмейді.";
10) 9-баптың 7) тармақшасы "өзге" деген сөздің алдынан "немесе сот шешімімен үлестес деп танылған" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 10-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын
"1. Уәкілетті орган және әкімші, борышкерді банкрот деп тануға дейінгі кезеңді қоса алғанда, дара кәсіпкердің, банкрот мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) келісімін алмастан, борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
2. Әкімшінің не уәкілетті органның қаржылық-шаруашылық қызмет туралы мәліметтер сеніп тапсырылған немесе оған қызметі немесе жұмысы бойынша белгілі болған лауазымды адамының оларды жария етуі, сол сияқты осындай мәліметтерді қамтитын құжаттарды жоғалту Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. Осы баптың күші әкімші тартқан тұлғаларға да қолданылады.";
4-тармақтың 1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әкімші қызметін жүзеге асыратын тұлға туралы;";
"5) кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін орындау туралы;";
12) 11, 12 және 13-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Борышкердің құқықтық жағдайы
1. Борышкер:
1) осы Заңда көзделген жағдайларда оны банкрот деп тану, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
2) осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкроттық рәсімі барысында бітімгершілік келісім жасасуға;
3) сотта кредиторлық берешек сомасын даулауға, сондай-ақ осы мақсаттар үшін аудиторлық ұйымдарды тартуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Борышкер:
1) оның мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), заңды тұлғаның құрылтай құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
2) әкімші тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингтегі мүлік туралы, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмірлері және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тұрған жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді беруге;
3) хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғамен уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімді сотқа оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш бергенге дейін жасасуға;
4) хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғамен уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімді сотқа банкрот деп тану туралы өтініш бергенге дейін жасасуға;
5) уәкілетті органға сот борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешім шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Заңның 115-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуға;
6) оңалтуды басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде – құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
7) уақытша басқарушыға борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
8) қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына уақытша басқарушының қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
9) қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына уақытша әкімшінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
10) бухгалтерлік құжаттаманың, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйелерінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
11) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін жүргізу кезінде кез келген кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруге;
12) сұрау салу негізінде сотқа, оңалтуды, уақытша немесе банкроттықты басқарушыға және кредиторлар комитетіне борышкердің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі туралы ақпарат, түсінік беруге;
13) әр айдың 15-күнінен кешіктірмей, кредиторлар комитетінің назарына оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде алдыңғы айдағы қаржылық жағдай, кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты жеткізуге;
14) осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Оңалту рәсімінде борышкерді басқару борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, онда оған оңалтуды басқарушы үшін осы Заңда көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және жауаптылық қолданылады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 7) және 8) тармақшаларының ережелерін бұзғаны үшін борышкердің мүлкі кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде, міндеттеріне осы баптың 2-тармағының 1), 2), 7) және 8) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау кіретін лауазымды адам банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша орындалмай қалған, банкроттың кредиторлар алдындағы міндеттемелері мөлшерінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субсидиарлық жауаптылықта болады.
12-бап. Әкімші
1. Осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті органға әкімші қызметінің басталғаны туралы хабарламаны берген:
1) осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке тұлға;
2) кәсіби бухгалтер әкімші ретінде әрекет ете алады.
Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында және 118-1-бабында, сондай-ақ "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшіге осы Заңда жүктелген өкілеттіктер өзге тұлғаларға берілмейді.
2. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға қойылатын талаптар:
1) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім;
2) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепте тұрмауы;
4) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болмауы;
5) соттың әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымауы.
3. Өтініш берушінің уәкілетті органға қызметтің басталғаны туралы хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.
Хабарламаға:
1) егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші болып табылған жағдайда – әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссияның шешімі қоса беріледі.
Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімі осындай емтиханды тапсырған күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады;
2) егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адам өтініш беруші болып табылған жағдайда – кәсіби бухгалтердің сертификаты қоса беріледі.
4. Өтініш беруші хабарламада көрсеткен деректер өзгерген кезде, өтініш беруші деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Қызметі тоқтатылған кезде әкімші уәкілетті органға хабарлама жіберуге міндетті.
Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз еркімен қызметін тоқтату туралы хабарламаға әрбір борышкер бойынша оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылардың жаңа кандидатурасын таңдау туралы кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.
5. Үлестес тұлға әкімші болып тағайындала алмайды.
Осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырған тұлға оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл бойы оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін тағайындала алмайды.
Осы баптың 8-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен шығарылған тұлға, егер шығарылған күнінен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, әкімші бола алмайды.
6. Оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде борышкердің барлық органдары басқарудан шеттетіледі және борышкерді басқарудың бірден-бір органы ретінде:
оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап – оңалтуды басқарушы (ол оңалту рәсімінде тағайындалған жағдайда) немесе санацияға қатысушы;
борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін – уақытша басқарушы;
тағайындалған күнінен бастап банкроттықты басқарушы әрекет етеді.
Оңалтуды және банкроттықты басқарушылар, санацияға қатысушы өз өкілеттіктерін борышкердің тұрған жері бойынша жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда қолданылмайды.
7. Уәкілетті орган оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны белгілі бір борышкерге қатысты өз өкілеттіктерін орындаудан мынадай:
1) ол осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес өкілеттіктерді орындаудан бас тартқан;
2) кредиторлар жиналысы оны шеттету туралы шешім қабылдаған;
3) тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған;
4) оған осы Заңның 18-бабының 7-тармағында көзделген хабарлама қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен артық жіберілген жағдайларда, шеттетеді.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны шеттету оны басқа борышкерлерге қатысты әкімші өкілеттіктерін жүзеге асырудан шеттетуге алып келмейді және оған басқа борышкерлерге қатысты әкімші өкілеттіктерін беруге кедергі келтірмейді.
8. Уәкілетті орган әкімшінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен мынадай:
1) өтініш беруші осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбаған;
2) осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес өкілеттіктерді орындаудан бас тартуды қоспағанда, әкімші өкілеттіктерін орындаудан қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі реттен артық бас тартқан;
3) осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының өзін тағайындауына кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі барысында уәкілетті орган анықтаған жағдайда, әкімші олар туралы хабарламаған;
4) кредитордың немесе борышкердің мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келген, фактісі заңды күшіне енген сот актісінде анықталған осы Заңның талаптары бұзылған;
5) біліктілікті арттыруды растайтын құжаттар ұсынылмаған;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) және 12) тармақтарында немесе 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық іс тоқтатылған не қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған;
7) осы адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерге есепке қойылған;
9) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
10) қызметін тоқтату туралы әкімші хабарлама берген;
11) қайтыс болған немесе сот қайтыс болды деп жариялаған не хабарсыз кетті деп таныған жағдайларда, алып тастайды.
9. Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен хабарламаны алып тастауды уәкілетті орган мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
2) осы баптың 8-тармағының 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда – анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
3) осы баптың 8-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда - біліктілікті арттыруға арналған мерзім өткен жылдан кейінгі жылдың басынан бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
10. Уәкілетті орган әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен хабарлама алып тасталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына оңалтуды не банкроттықты басқарушының осындай тізілімнен алып тасталғаны туралы ақпарат жібереді.
11. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жүктелген өкілеттіктерді орындаудан шеттетілген немесе әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оның хабарламасы алып тасталған жағдайда осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жаңадан тағайындалған оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы жүзеге асыруды жалғастырады.
12. Әкімші уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өз біліктілігін арттыруға міндетті.
Біліктілікті арттыру туралы растаушы құжаттарды ұсыну үш жылда бір рет жүзеге асырылады. Мерзімді есептеу әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне хабарлама енгізілген жылдан кейінгі жылдан басталады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімі – біліктілікті арттыру аяқталған жыл ішінде болады.
13. Әкімші уәкілетті орган айқындаған тәртіппен уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
13-бап. Әкімшінің сыйақысы
1. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының негізгі сыйақысы оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сотқа өтініш берген борышкердің немесе кредитордың қаражаты есебінен төленеді.
Негізгі сыйақының мөлшері борышкер немесе кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімде айқындалады және уәкілетті орган белгілеген ең төмен шектен төмен болмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген келісім оңалту рәсімін қолдану немесе банкрот деп тану туралы сотқа өтініш берілгенге дейін жасалады және оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап күшіне енеді.
Борышкер немесе кредитор уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін уәкілетті орган белгілеген ең төмен шектен жоғары белгілеуге құқылы.
Оңалту рәсімі немесе банкроттық рәсімі қолданылған жағдайда, уақытша әкімшіге немесе уақытша басқарушыға негізгі сыйақы төлеген кредиторға төленген қаражат мөлшеріндегі сома борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, онда уақытша басқарушының негізгі сыйақысын төлеу:
1) егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында осы Заңның 110-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталса – осы Заңның 110-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган белгілеген ең төмен шек мөлшерінде;
2) егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында осы Заңның 110-бабының 2-тармағында көзделген мән-жайлар анықталмаса, уәкілетті орган белгілеген ең төмен шек мөлшерінде борышкердің мүлкі есебінен жүзеге асырылады.
2. Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін уәкілетті орган белгілейді.
Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін уәкілетті орган белгілеген шекте кредиторлар жиналысы айқындайды.
Осы Заңның 84-бабының 1-тармағында белгіленген рәсімді жүргізу мерзімінен асып кеткен кезде банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы азайтылуға жатады және:
банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айдан асқан айдан кейінгі айдан бастап – кредиторлар жиналысының шешімі негізінде белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің жетпіс бес пайызы;
банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі екі жылдан асқан айдан кейінгі айдан бастап – кредиторлар жиналысының шешімі негізінде белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде төленеді.
Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін кредиторлар жиналысы айқындайды.
3. Банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы:
1) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының жиырма бес пайызынан аз қанағаттандырылған жағдайда – талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың бір пайызы мөлшерінде;
2) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының жиырма бестен елу пайызына дейін қанағаттандырылған жағдайда – талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың екі пайызы мөлшерінде;
3) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының елуден жетпіс бес пайызына дейін қанағаттандырылған жағдайда – талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың үш пайызы мөлшерінде;
4) кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлар талаптарының жетпіс бес пайызынан жоғары қанағаттандырылған жағдайда – талаптарды қанағаттандыруға бағытталған соманың төрт пайызы мөлшерінде борышкердің мүлкінен төленеді.
Егер осы тармақтың үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың мақсаттары үшін кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторлардың талаптары деп тізілімнің екінші, үшінші, төртінші және бесінші кезектеріне жатқызылған талаптар түсініледі.
Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысын есептеу кезінде осы Заңның 104-1-бабына сәйкес қанағаттандырылған кепілді кредиторлар талаптарының мөлшері, сондай-ақ құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сот актісінің орындалуы нәтижесінде банкроттың мүліктік массасына түскен сомалар есепке алынбайды.
Банкроттықты басқарушының қосымша сыйақысы бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары толық көлемде қанағаттандырылған жағдайда төленуге жатады.
4. Банкроттықты басқарушы қосымша сыйақы сомасын есепке жатқызу үшін борышкердің арнайы банктік шотын ашуға міндетті.
Арнайы банктік шотқа түсетін ақша банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген сот ұйғарымы негізінде банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асырған тұлғаның алуына жатады.
Арнайы шот осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ақша алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асырған тұлғаның өтініші бойынша жабылуға жатады.
5. Оңалтуды басқарушының қосымша сыйақысы оңалту рәсімінің мақсаттарына қол жеткізілген жағдайда кредиторлар жиналысы айқындаған мөлшерде төленуге жатады.
6. Кредитор өзінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған қаражат есебінен банкроттықты басқарушыға сыйлықақы төлеуге құқылы. Сыйлықақының мөлшері мен оны төлеу тәртібін кредитор дербес айқындайды.";
13) 15-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар түлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
1-2) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға таңдаған тұлғаны уақытша басқарушы етіп тағайындайды;
1-3) егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
4), 5), 10), 11) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) оңалтуды басқарушының оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды;";
"10) құқық қорғау органдарына әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін қолда бар деректер туралы хабарлайды;
11) әкiмшiнiң әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;";
"13) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
14) тармақша алып тасталсын;
15), 21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"15) мемлекеттiк органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан оңалту немесе банкроттық рәсімі қолданылған борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;";
"21) өз құзыреті шегінде берешекті қайта құрылымдау, оңалту, банкроттық және банкроттық рәсімін қозғамай тарату рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату бойынша түсіндірме мен комментарийлер береді;
22) уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы ескеріле отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын бекітеді;";
23) тармақша алып тасталсын;
23-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23-2) біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
14) 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
18-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды бақылау субъектісінің өзі дербес жою құқығын беру болып табылады.
Әкімші бақылау субъектісі болып табылады.
2. Уәкілетті орган алған деректер мен ақпаратты өзара салыстыру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәсілі болып табылады, осы деректер мен ақпаратқа мыналар жатады:
1) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпарат.
Мұндай ақпаратты берудің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ әкімші мен борышкердің қызметі бойынша өзге де көздерден алынған мәліметтер.
Атына уәкілетті органның сұрау салуы келіп түскен мемлекеттік орган, жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен кез келген құпия ақпаратты (банктік, салықтық, коммерциялық құпия) ашуға және борышкерге және әкімші жүзеге асыратын оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне қатысты құпия ақпаратты қамтитын кез келген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Уәкілетті органның сұрау салуын орындау мерзімі, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі сұрау салудың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
3. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі.
Хабарлама бақылау субъектісіне қолын қойдыра отырып жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – хабарламада алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта арқылы – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімі алынғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен – қызметінің басталғаны немесе уәкілетті органда деректердің өзгергені туралы хабарламада көрсетілген әкімшінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.
4. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, уәкілетті орган жазбаша шешім шығарады және оны осы баптың 3-тармағында көзделген тәсілдердің бірімен бақылау субъектісіне жібереді.
6. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
7. Уәкілетті орган жойылуы мүмкін емес бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, әкімшіге бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі.
8. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.";
15) 19, 20 және 21-баптар алып тасталсын;
16) 22 және 23-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Кредиторлардың оңалту рәсіміне және банкроттық рәсіміне қатысуы
1. Оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі барысында барлық кредитордың мүдделерін осы Заңға сәйкес құрылатын кредиторлар жиналысы білдіреді.
2. Кредитор оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүргізілу барысында соттың шешіміне, әкімшінің әрекетіне, егер осы шешімдер немесе әрекеттер оның заңды мүдделеріне нұқсан келтірсе, шағым жасауға құқылы.
23-бап. Кредиторлар жиналысы
1. Оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде кредиторлар жиналысына қатысу құқығы кредиторлар жиналысын өткізу күніне кредиторлар талаптарының тізіліміне талаптары енгізілген кредиторларға тиесілі.
Кредиторлар жиналысына борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшылары (қатысушылары) және уәкілетті органның өкілдері қатысуға құқылы.
2. Кредиторлар жиналысының өкілеттіктері осы Заңның 75 және 93-баптарында көзделген.";
17) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, кредиторлар жиналысын ұйымдастыру мен өткізуді әкімші жүзеге асырады.
Кредиторлар жиналысын ұйымдастыруды кредиторлар комитеті оңалтуды басқарушыны шеттету, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны шеттету және банкроттықты басқарушыны бір мезгілде таңдау мәселесін қарау кезінде жүзеге асырады.";
18) 25-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәсілмен кредиторды хабардар ету мүмкін болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген тәсіл мұндай кредиторды тиісінше хабардар ету деп танылады.";
бесінші бөлік "әкімші" деген сөзден кейін ", ал кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастыратын жағдайларда – кредиторлар комитетінің төрағасы" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Күн тәртібінде қарауға ұсынылатын. кредиторлар жиналысының құзыретіне тікелей кіретін мәселелер қамтылуға тиіс. Күн тәртібін қалыптастыру кезінде кең ауқымда түсінілетін тұжырымдауды пайдалануға жол берілмейді.";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер кредитор сырттай дауыс беретін болса, ол бұл туралы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға жиналыс өткізілгенге дейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға тиіс.";
19) 26-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кредиторлар жиналысы оған, сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы бар кредиторлар дауыстарының жалпы санының елу пайызынан астамын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, кредиторлар жиналысы заңды болған кезде кредиторлар жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарауды ауыстыруға жол берілмейді.
Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы оған кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы бар кредиторлар дауыстарының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда, заңды болады.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімші, ал кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастыратын жағдайларда – кредиторлар комитетінің төрағасы кредиторлардың шешімдер қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын "талаптардың бір теңгесі – бір дауыс" қағидаты бойынша айқындайды.";
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Қорытынды есепті келісу мәселесі қаралған жағдайда, осы тармақтың бесінші бөлігінің күші кредиторлар жиналысының заңдылығын айқындау және оның шешім қабылдауы кезінде қолданылмайды.";
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 72-бабының 3-тармағына және 90-бабының 5-тармағына сәйкес дауыс беру құқығынан айырылған кредиторлардың;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әкімші, ал кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастыратын жағдайларда – кредиторлар комитетінің төрағасы кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Кредиторлар жиналысының отырысын дауыс беру құқығы бар, қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төраға жүргізеді. Хаттаманы дауыс беруге құқығы бар, қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қатысып отырған кредиторлар арасынан қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төраға, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Осы Заңның 76-бабының 10-1) және 10-2) тармақшаларында және 94-бабының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда кредиторлар жиналысын кредиторлар комитеті ұйымдастырған кезде кредиторлар жиналысының хаттамасына әкімшінің қол қоюы талап етілмейді.
Кредиторлар жиналысының хаттамасын хатшы үш данада жасайды, олардың біреуі – оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі – кредиторлар комитетіне, үшіншісі әкімшіге беріледі.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
1) жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;
2) жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
3) кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен орны туралы кредиторлардың тиісінше хабардар етілгенін куәландыратын құжаттардың;
4) әкімшінің немесе кредиторлар комитеті төрағасының ұйғаруы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Рәсімдерге қатысушылар кредиторлар жиналысының шешіміне ол қабылданған күннен бастап бір ай ішінде шағым жасай алады.";
20) 27 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Кредиторлар комитеті
1. Кредиторлар комитеті оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі кезінде осы Заңда белгіленген тәртіппен құрылады.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген, кредиторлар комитеті мүшелерінің ең аз саны туралы талапты сақтау мүмкін болмаған кезде кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырады.
2. Кредиторлар комитетінің құрамын кредиторлар жиналысы қалыптастырады және бекітеді. Кредиторлар комитетіндегі мүшелердің ең аз саны үш адамнан кем болмайды.
Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, кредиторлар комитетінің құрамына біртекті кредиторлардың әрбір тобынан бір кредитор кіреді.
Борышкерге бірдей талаптары бар басқа кредиторлардың болмауы себебінен біртекті кредиторлар тобын құрмаған кредитор кредиторлар комитетінің құрамына кіргізілуі мүмкін.
Кредиторлар комитетінің мүшесі үлестес тұлға немесе кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылған тұлға болмауға тиіс.
3. Мыналар:
1) кредиторлар комитетінің құрамына кіретін кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау;
2) кредиторға кредиторлар комитетінің құрамында болуға кедергі болатын мән-жайлар (заңды күшіне енген сот актілері, кредитордың таратылуы не қайтыс болуы және басқалары);
3) үлестес тұлғалардың анықталуы;
4) кредиторлар комитетінің отырыстарына кредиторлар комитеті мүшесінің осы Заңның 26-бабының 4-тармағы төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген дәлелсіз себеппен екі реттен көп қатыспауы кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына өзгерістер енгізудің негіздері болып табылады.
4. Кредиторлар комитетінің отырысын өткізу туралы хабарламаны әкімші отырыс өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, пошта арқылы тапсырысты хатпен жібереді.
Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырған кезде кредиторлар жиналысының отырысын өткізу туралы хабарлама осы бапта көзделген тәртіппен жіберіледі.
5. Кредиторлар комитетінің өкілеттіктері осы Заңның 76 және 94-баптарында көзделген.
28-бап. Кредиторлар комитетінің шешімдер қабылдауы
1. Кредиторлар комитетінің отырысы комитет мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
2. Кредиторлар комитетінің шешімі "комитеттің бір мүшесі – бір дауыс" қағидаты бойынша кредиторлар комитеті мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыс беру рәсімінде дауыстар тең болған кезде кредиторлар комитетінің төрағасына шешуші дауыс құқығы беріледі.
3. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді.
Хаттамада отырыстың өткізілген күні мен орны, кредиторлар комитетінің дауыс беруге қатысқан мүшелері, күн тәртібі, дауыс беру нәтижелері мен қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға кредиторлар комитетінің дауыс беруге қатысқан барлық мүшесі, әкімші қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.
Әкімші хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға, кредиторлар комитетінің мүшелеріне жібереді. Хаттаманың бір данасы әкімшіде болады.
4. Кредиторлардың, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген тұлғаның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) кредиторлар комитетінің отырысына қатысуға құқығы бар.
5. Осы Заңның 27-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің өкілеттіктерін кредиторлар жиналысы жүзеге асырған кезде кредиторлар жиналысы шешімдерді осы бапта көзделген тәртіппен қабылдайды.
6. Рәсімдерге қатысушылар кредиторлар комитетінің шешіміне ол қабылданған күннен бастап бір ай ішінде шағым жасауы мүмкін.";
21) 28-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, борышкер оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істер болмаған жағдайда, осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын уақытша төлем қабілетсіздігі туындаған кезде өз берешегін қайта құрылымдау туралы шешім қабылдауға құқылы.
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Борышкер уақытша төлем қабілетсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, берешекті қайта құрылымдау туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.";
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген;"
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот борышкердің берешекті қайта құрылымдау туралы өтініші қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін шығарады:";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Борышкердің уақытша төлем қабілетсіздігін куәландыратын құжаттарды ұсынбауы не оңалту немесе банкроттық туралы сот қозғаған істердің болуы борышкердің берешегін қайта құрылымдау рәсімін қолданудан соттың бас тартуына негіз болып табылады.";
22) 28-2-баптың бірінші абзацындағы "заңды күшіне енген" деген сөздер "шығарылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
23) 28-3-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Салықтық берешек осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары сақталған жағдайда борышкердің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлік кепілімен және (немесе) банктің кепілдігімен өтеледі.";
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек" деген сөздер "салықтық берешек" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жазбаша нысанда қазақ және орыс тілдерінде жасалады және оған борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және әрбір кредитор қол қояды.
Кредитор келісімнің шарттарымен келіспеген кезде мұндай келісім жасалмайды.
Келісім жасалмаған кезде берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі және мыналарға:
1) осы Заңның 28-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес басталған салдарлардың күші – сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
2) осы Заңның 28-2-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес басталған салдарлардың күші – осы баптың 1-тармағында белгіленген берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады.";
24) 28-4-бапта:
2, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы өтінішке борышкер:
1) борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және әрбір кредитор қол қойған, берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді;
2) барлық кредитордың тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін, сондай-ақ берешек сомаларын көрсете отырып, олардың тізімін қоса береді.";
"6. Сот келісімді бекітуден бас тартқан жағдайда, борышкердің берешегін қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі және мыналарға:
1) осы Заңның 28-2-бабының 1) тармақшасына сәйкес басталған салдарлардың күші – сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;
2) осы Заңның 28-2-бабының 2 және 3) тармақшаларына сәйкес басталған салдарлардың күші – берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
7. Кредитор (кредиторлар) мынадай:
1) борышкер мұндай келісімнің шарттарын бұзған;
2) осы Заңның 28-3-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасамаған жағдайларда, берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Келісім бұзылған жағдайда берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталған болып есептеледі, ал осы Заңның 28-5-бабына сәйкес басталған салдарлардың күші берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бұзу туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.";
25) 3-тарау алып тасталсын;
26) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"38-бап. Оңалту және банкроттық туралы істі қозғау тәртiбi
1. Сотта оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-1-бабында көзделген негіздер болған кезде, салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторды, мемлекеттік органды немесе мемлекет қатысатын заңды тұлғаны қоспағанда, борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтініші негізінде қозғалады.
Борышкердің банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жіберуге де құқығы бар.
2. Сотта банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған кезде борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда прокурордың, осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда оңалтуды басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
3. Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi іс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледі.
4. Борышкер, оңалтуды басқарушы берген, банкрот деп тану туралы өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарып алынбайды. Кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiштерін олар борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.";
27) 39-бапта:
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы);";
"7) әкімші оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады.";
8) тармақша алып тасталсын;
28) 40-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Борышкер:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешiмi негiзiнде оңалту рәсімін қолдану немесе өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнеді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Борышкер осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.";
29) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берiледi. Оған борышкер – заңды тұлғаның басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын адам, не борышкер – дара кәсіпкер қол қояды.";
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы ақпаратты;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) өзімен уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауын, жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін;";
30) 42-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын орнықты төлем қабілетсіздігін;";
1), 2), 3), 5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
3) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың (осындай кредиторлар бар болған кезде) банкроттық туралы iске қатысу үшiн олардың өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;";
"5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылса, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;";
"7) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты талап қоюлар, сот бұйрығын шығару туралы өтініштер, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішіне кредиторлар жиналысының хаттамасы, сондай-ақ борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жататындығы және оны банкрот деп тану үшін негіздердің бар екендігі туралы қорытынды қоса беріледі.";
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) борышкердің осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын уақытша төлем қабілетсіздігін;";
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);";
4) тармақшадағы "көшірмелері қоса беріледі." деген сөздер "көшірмелері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.";
6-тармақтың 3) тармақшасындағы "оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі)" деген сөздер "оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру ескеріле отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 43-бап алып тасталсын;
32) 44-бапта:
2), 3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, тұрған жері;
3) кредитор (кредиторлар) – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері немесе кредитор (кредиторлар) – заңды тұлғаның атауы, тұрған жері;";
"7) кредитор (кредиторлар) талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі немесе атқарушылық құжат, борышкердің борышты мойындауы, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор өтініш беруші болып табылған жағдайда – Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық берешекті, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасын қабылдау туралы мәліметтер);
9) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасасқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілуге тиіс.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының кандидатурасын таңдау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;";
4-тармақ алып тасталсын;
33) 45-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) кредитордың өтiнiшi негiзделетін өзге де мән-жайларды (бар болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледi.";
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Кредитордың өтiнiшiне кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалмайды;";
2-тармақ алып тасталсын;
34) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
"45-1-бап. Борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiн қараусыз қайтару
1. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану немесе банкрот деп тану туралы, осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi соттың өтiнiштi қараусыз қайтаруына негiз болып табылады.
2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылатын және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса берілмеген жағдайларда, мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жетіспейтін құжаттарды сот талқылауына iстi дайындау тәртiбiмен сот талап етеді.
3. Кредитордың (кредиторлардың) осы Заңның 44 және 45-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтiнiшiн сот қараусыз қайтарады.";
35) 48-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "түскеннен кейiн" деген сөздер "түскен күннен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Сот, егер өтініш оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткенге дейін берілген жағдайда, оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтарады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушыны тағайындайды.";
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
36) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"49-бап. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысы
1. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша басқарушы банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, банкрот деп тану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, борышкерді банкрот деп тану үшін негіздер жоқ, бірақ оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды, егер:
1) борышкерде өтініш берушіден бөлек, басқа кредиторлар болмаған жағдайда жасалмайды.
Осы тармақшаның ережелері салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор немесе "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес атқарушылық құжат қайтарылған кредитор өтініш беруші болып табылатын жағдайларға қолданылмайды;
2) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына қол жеткізуге рұқсат бермеген жағдайда жасалмайды.
3. Уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, өзі тағайындалған күннен бастап:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың орынсыздығы туралы;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың мүмкін еместігі туралы акт жасайды.
4. Оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша әкімші борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:
1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш негізсіз болып табылады;
2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;
3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.
5. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уақытша әкімші және уақытша басқарушы осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып жасайды.";
37) мынадай мазмұндағы 49-1-баппен толықтырылсын:
"49-1-бап. Қаржылық орнықтылық сыныптарын айқындау
1. Борышкердің қаржылық орнықтылық сыныбын айқындау оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін сипаттайтын коэффициенттерді есептеу арқылы жүзеге асырылады.
2. Қаржылық орнықтылық сыныбының шекараларына сәйкес борышкер мына сыныптардың біріне жатады: І сынып – қаржылық жағынан орнықты; ІІ сынып – банкроттық қатерімен ұштасқан, бірақ қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру мүмкіндігі бар; ІІІ сынып – қаржылық жағынан орнықсыз.
3. Коэффициенттерді есептеу және қаржылық орнықтылық сыныптарының шекараларын айқындау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";
38) 50-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап:";
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкер – дара кәсіпкерге, заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшысына (қатысушысына), барлық органдарына мүлiктi кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2) моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды есепке алмағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, борышкердің мүлкіне қатысты бұрын қабылданған соттардың шешімдерін, төреліктің шешімдерін, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер меншiк иелерiнiң (құрылтайшыларының, қатысушыларының), олар уәкілеттік берген органдардың немесе органдарының шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) борышкер берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) есепке жазу тоқтатыла тұрады;";
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрған жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында, оның ішінде соттың интернет-ресурсында да оңалту туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғау туралы хабарландыруды қазақ және орыс тiлдерiнде бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жариялауға мiндеттi.";
39) 51-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) банкроттық туралы істі қарау кезеңінде борышкердің мүлкін сақтауға бағытталған өзге де әрекеттерді қолдануға құқылы.";
40) 52-бапта:
1-тармақтағы "Оңалту туралы iстi" деген сөздер "Оңалту немесе банкроттық туралы iсті" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Банкроттық туралы істі" деген сөздер "Оңалту немесе банкроттық туралы iсті" деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бұрын тоқтатыла тұрған банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді сот осы Заңның 82-бабының 2 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмiн қолданудан бас тартылған немесе ол тоқтатылған кезде қайта бастайды.";
42) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"54-бап. Сот талқылауы
1. Алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн оңалту немесе банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл жөнінде сот ұйғарым шығарады.
Оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалған күнінен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.
2. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда, сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.
Борышкер сот отырысына келмеген жағдайда, сот оны мәжбүрлеп келтіру туралы ұйғарым шығарады.";
43) 55-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
44) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"56-бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
1. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімді сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын немесе осы Заңның 49-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген актіні ескере отырып, қабылдайды.
2. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінде:
1) банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді тарату;
2) борышкерді басқару құқығының уақытша басқарушыға өтуі;
3) шешім шығарылғанға дейін сотқа жүгінген кредиторлардың мәлімделген талаптарының сомасы;
4) банкроттың лауазымды адамдарының уақытша басқарушыға соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруі;
5) банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтарды (банкрот шоттарына қойылған инкассолық өкімдерді, мүлікке тыйым салуларды және басқаларды) оларды тағайындаған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан, әкімшінің өтініші негізінде алу туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
3. Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды уақытша басқарушы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға борышкерді банкрот деп таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм шығарған соттың атауы;
2) банкроттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жерi;
3) банкротты мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.";
45) 57-бап алып тасталсын;
46) 58-бапта:
тақырыптағы "Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша соттың" деген сөздер "Соттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешімді сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын немесе осы Заңның 49-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген актіні ескере отырып қабылдайды.
2. Сот уақытша басқарушының осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын ескере отырып, борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкер өтініш берушіден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.";
47) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"59-бап. Оңалту туралы іс бойынша шешім
1. Оңалту рәсімін қолдану туралы шешімді сот уақытша әкімшінің осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысын ескере отырып қабылдайды.
Уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған жағдайда, сот кредиторлар жиналысы келіскен кезде оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарады.
2. Соттың борышкерге оңалту рәсімін қолдану туралы шешімінде:
1) оңалту рәсімін қолдану;
2) уақытша әкімшінің өкілеттігін тоқтату;
3) борышкерді оңалту жоспары бекітілгенге дейін осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тұлғаның басқаруы;
4) борышкердің кредиторлар жиналысымен келісілген борышкерді оңалту жоспарын оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынуы;
5) оңалту рәсімін қолданудың осы Заңда көзделген салдарының басталуы туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
3. Сот:
1) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған;
2) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасаған кезде кредиторлар жиналысы оңалту рәсімін қолдануға келіспеген жағдайларда, оңалту рәсімін қолданудан бас тартады.
Соттың оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешімінде кредитордың оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш беру салдарынан келтірілген залалдардың орнын толтыруды борышкерден талап ету құқығына нұсқау қамтылуға тиіс.";
48) 59-1-бапта:
"шешімін" деген сөзден кейін "оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылу қорытындысы бойынша борышкер қаржылық орнықтылықтың І сыныбына жатқызылатын, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысын ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
"шығарады" деген сөз "қабылдайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) банкроттықты басқарушының кредиторлар жиналысы осы Заңның 69-бабында көзделген тәртіппен борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті жүктеген органға немесе тұлғаға құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды беру туралы нұсқау қамтылуға тиiс.";
49) 60-бап алып тасталсын;
50) 61, 63 және 64-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"61-бап. Әкiмшiлiк шығыстарды бөлу
1. Борышкерді банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылданған кезде әкімшілік шығыстар борышкердің мүлкіне жатқызылады және осы мүлік есебінен кезектен тыс орны толтырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген әкімшілік шығыстарды сотқа жүгінген өтініш беруші сот:
1) оңалту немесе банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым;
2) оңалту рәсімін қолданудан немесе борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарған жағдайларда төлейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, сотқа екі және одан көп кредитор жүгінген кезде әкімшілік шығыстар осындай кредиторлар арасында олардың талаптарына пропорционал бөлiнедi.";
"63-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
Оңалту рәсiмi борышкерлерге қатысты сот тәртiбiмен қолданылады.
64-бап. Оңалту рәсiмiн жүргізу мерзiмi
Оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмiн сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған кезде белгiлейдi және мұндай ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсімімен бұл мерзiмдi бір рет, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ қала құраушы заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдар үшін сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсімімен оңалту рәсімін жүргізу мерзімін бір рет, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Оңалту рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты оңалтуды басқарушы оңалту рәсімін жүргізу мерзімі өткенге дейін жиырма жұмыс күні бұрын береді.
Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді сақтамау соттың оңалту рәсімін жүргізу мерзімін ұзартудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.";
51) 65-бап алып тасталсын;
52) 66-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), оның құрылтайшылары (қатысушылары);";
5) тармақша алып тасталсын;
53) 67-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) оңалту рәсімін қолданады және тоқтатады;";
2) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
54) 68 және 69-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"68-бап. Оңалту рәсімін қолданудың салдары
1. Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдар басталады:
1) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер жасасуға тыйым салынады;
2) алынған қарыздар және шығарылған облигациялар бойынша сыйақыларды есепке жазу тоқтатылады;
3) төлеу мерзімі оңалту рәсімін қолданғаннан кейін басталған, моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды есепке алмағанда, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, өз мүлкіне қатысты қабылданған соттардың шешімдерін, төрелік шешімдерді, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.
2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін:
1) борышкерді басқаруды осы Заңның 69-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар жиналысы айқындаған тұлға жүзеге асырады;
2) оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады;
3) борышкердің өтініші және соттың оңалту жоспарын бекіту туралы заңды күшіне енген ұйғарымының көшірмесі негізінде борышкер мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкер шоттарына қойылған инкассолық өкімдер, мүлікке тыйым салуларды және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алынады.
69-бап. Оңалту рәсімінде борышкерді басқару
1. Оңалту рәсімінде борышкерді басқаруды кредиторлар жиналысының шешімі бойынша :
1) борышкер – дара кәсіпкер не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген орган немесе тұлға;
2) оңалтуды басқарушы жүзеге асыруға құқылы.
Осы Заңның мақсаттары үшін дара кәсіпкерді оңалту рәсімінде борышкерді басқару деп оның істерін және мүлкін басқару түсініледі.
2. Егер кредиторлардың алғашқы жиналысында борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылданса, онда кредиторлардың алғашқы жиналысы хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдайды.
Оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы осындай тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
Кредиторлардың алғашқы жиналысы оңалтуды басқарушы сайланған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға оның кандидатурасы ұсынылғанға дейін мұндай оңалтуды басқарушыны хабардар етуге міндетті.
Уақытша әкімші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кредиторлар жиналысының хаттамасын ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысының хаттамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысы таңдаған кандидатураны оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
Уәкілетті орган кандидатураны осы Заңның 12-бабы 5-тармағының бірінші бөлігі негізінде оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған кезде уәкілетті орган анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оңалтуды басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабар жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан кезде кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатураны ұсынуға міндетті.
3. Оңалту рәсімі барысында кредиторлар жиналысы борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүктеу туралы шешімді:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді оңалтуды басқарушыға жүктей отырып, борышкер – дара кәсіпкерді не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органды немесе тұлғаны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету;
2) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктей отырып, оңалтуды басқарушыны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету жолымен бір рет өзгертуге құқылы.
Кредиторлар жиналысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған кезде кредиторлар жиналысы осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауды жүзеге асырады.
Кредиторлар комитеті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кредиторлар жиналысының хаттамасын ұсынуға міндетті.
4. Кредиторлар жиналысының күн тәртібіне борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктей отырып, оңалтуды басқарушыны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету туралы мәселе енгізілген кезде кредиторлар комитеті кредиторлар жиналысы өткізілгенге дейін он жұмыс күні бұрын борышкер – дара кәсіпкерді, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесін (ол уәкілеттік берген органды), құрылтайшысын (қатысушысын) осындай мәселенің қаралатыны туралы хабардар етеді.
Кредиторлар жиналысы осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган) немесе құрылтайшысы (қатысушысы) кредиторлар жиналысының отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктер жүктелген орган немесе тұлға туралы құжаттарды ұсынуға міндетті.";
55) 70-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уақытша әкімші кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.";
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қаржылық орнықтылық туралы қорытынды жасау мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік құжаттары негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға;
2) үлгілік нысанға сәйкес борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсынуға;";
3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақшадағы "осы Заңның 75-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде өтетін" деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.";
56) 71 және 72-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"71-бап. Оңалтуды басқарушының өкілеттігі
1. Оңалтуды басқарушы:
1) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
2) кредиторлар жиналысының келісімімен кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасауға;
3) кредиторлар жиналысының келісімімен борышкердің шығыстарын, оның ішінде борышкер жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарын ұлғайтуға алып келетін шешімдер қабылдауға;
4) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
5) ақпараттық жүйені қолдана отырып, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің, уәкілетті органның әрекеттеріне шағым жасауға құқылы.
2. Оңалтуды басқарушы тағайындалған күннен бастап және соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін оңалтуды басқарушы:
1) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген әрекеттерді жасауға;
3) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен осы Заңның 82-бабының 2-тармағында көзделген негіздердің бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа жүгінуге;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін оңалтуды басқарушы:
1) борышкер мүлкін басқаруға қабылдауға және борышкер мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз етуге;
2) оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге;
3) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
4) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты кредиторлар жиналысында келісілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа жіберуге;
5) кредиторлар комитетінің мүшелеріне осы Заңның 27-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлама жіберуге;
6) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген әрекеттерді жасауға;
7) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген адам жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану не мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
8) әр айдың 15-күнінен кешіктірмей алдыңғы айдағы қаржылық жағдай, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты беруге;
9) уәкілетті органға оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
10) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы негізінде өз қызметінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратты оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей беруге;
11) бұрын оңалту рәсімінде борышкерді басқаруды борышкер – дара кәсіпкер не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген орган немесе тұлға не шеттетілген оңалтуды басқарушы жүзеге асырған жағдайларда, оңалту кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасау фактілерін анықтауға;
12) оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға соңғысы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
13) осы Заңның 82-бабының 1-тармағында, 83-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
14) сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, банкроттықты басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде – құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4. Егер борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының бес пайызынан асып түссе, оңалтуды басқарушы борышкердің жаңа ақшалай міндеттемелерінің туындауына алып келетін әрбір кейінгі мәмілені кредиторлар жиналысының келісімімен жасайды.
72-бап. Оңалту рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
1. Уақытша әкімші оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру үшін жібереді.
Кредиторлардың талаптарын қабылдауды уақытша әкімші борышкердің орналасқан жері бойынша не әкімші ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада өзі көрсеткен әкімшінің тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Борышкердің интернет-ресурсы болған кезде көрсетілген интернет-ресурста хабарды жариялау міндетті болып табылады.
2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей өздері мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбы мен өзге де айыппұл санкцияларының, залалдар сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылуға тиіс. Талап сомасы көрсетілген талап мәлімделген күнге айқындалады;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсыныла отырып, талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы.
Егер сыйақы (мүдде) және залалдар бойынша осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген талап сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге өзгерсе, онда кредитор сот осындай шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерісті ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
3. Кредитордың осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
4. Кредиторлардың талаптарын уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы олар мәлімделген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Қарау нәтижелері бойынша танылған талаптар кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуге жатады.
Кредиторлардың бұрын сотқа өздері мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне осы Заңның 90-бабының 7-тармағында көзделген талаптар енгізілмейді.
5. Кредиторлардың оңалту рәсiміне қатысуына байланысты шығыстары орнын толтыруға жатпайды.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талапты толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау себептерін көрсете отырып танымау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігін) тану туралы хабарламада уақытша әкімші кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.
Уақытша әкімшінің шешімімен келіспеген кезде кредитор уақытша әкімшінің хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту туралы істі қарайтын сотта оған шағым жасауға құқылы.
7. Уақытша әкімші тағайындалған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган уақытша әкімшіден кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізіледі.
8. Кредитор кредиторлар талаптарының тізілімі жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағым жасауға құқылы.";
57) 73-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру графигі қамтылуға тиіс.
Оңалту жоспарының үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің оңалту жоспары – тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалардың оңалту жоспары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
Ұсынылған оңалту жоспарын осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісетін мемлекеттік органдар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.";
"кредиторлармен" деген сөзден кейін "және оңалтуды басқарушымен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әзірленген оңалту жоспары бір кезектегі кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың тең шарттарын көздеуге тиіс."
5-тармақтағы "ақшалай қаражат" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;
6 және 7-тармақтар алып тасталсын;
9-тармақтағы "2)" деген цифр "4)" деген цифрмен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сот:
1) егер оңалту жоспарына қарсы дауыс берген кредитор сотқа оңалту жоспарында іске асырылуы осындай кредитордың талаптарын банкроттық рәсімін қолдануға қарағанда аз көлемде қанағаттандыруға алып келетін іс-шаралардың қамтылғандығы жөнінде негіздеме ұсынған;
2) осы Заңның 26-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда, оңалту жоспарын бекітуден бас тартады.";
11-1-тармақ алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) борышкерді басқару құқығының оңалтуды басқарушыға өтуі туралы;
4) борышкердің оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – оңалтуды басқарушыға құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Кредиторлар жиналысы борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті оңалтуды басқарушыға осы Заңның 69-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен жүктеген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігі 3) және 4) тармақшаларының ережелері қолданылады.";
58) 75-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша әкімші кредиторлар талаптарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін оңалту туралы істің сотта қаралу кезеңінде өткізеді.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Кредиторлардың алғашқы жиналысының құзыретіне:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылдау;
2) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
3) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген жағдайларда оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу мөлшерін айқындау;
4) борышкер – дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
5) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны жасаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануды келісу жатады.";
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау және осы құрамын, кредиторлар комитетінің төрағасын бекіту;";
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен өзіне жүктелген жағдайларда, оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін айқындау;";
14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"14) оңалтуды басқарушы оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізген жағдайда оған қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
15) борышкер – дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;";
16) тармақшадағы "(борышкердің)" деген сөз алып тасталсын;
59) 76-бапта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-1) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаны шеттету мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-2) осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша оңалту рәсімін тоқтату мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-3) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау қажеттігі туралы шешім қабылдайды;";
60) 77-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"77-бап. Борышкердің міндеттемелері бойынша есеп айырысу";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап орындалу мерзімі оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде басталған мынадай:
1) моральдық зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі, сондай-ақ жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу жөніндегі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жөніндегі, қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу жөніндегі;
3) мәмілелерден, оның ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлға жасасқан мәмілелерден туындаған;
4) соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін борышкер салықтық есептілікке сәйкес есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер борышкердің орындауына жатады.
2. Кредиторлардың оңалту рәсімі қолданылғанға дейін туындаған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарын қанағаттандыру, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигіне сәйкес жүргізіледі.
Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигі осы Заңның 100-бабының 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында және 101-бабының 1-тармағында белгіленген кезектілік пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып жасалады.
Өткен салықтық кезеңдер және соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезең үшін салық төлеуші салық есептілігінде есептеген, сондай-ақ салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне және оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осындай кредитордың талаптарын қанағаттандыру графигі бұзылған;";
"4) өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкердің қызметін жалғастыру немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.";
61) 78-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер борышкердi оңалту жоспарында оңалту шарасы ретiнде оның санациясы қамтылса, оңалту жоспарына сәйкес санацияға қатысушының борышкерге және (немесе) кредиторларға ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi сомасы мен мерзiмдері көрсетіле отырып, жоспарға қоса берiлуге тиiс.
Дара кәсіпкер – борышкерді оңалту жоспарында санация қамтылмайды.";
62) 79-баптағы "борышкер мүлкiн" деген сөздер "борышкерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
63) 80-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы, егер еңсерілмейтін күштiң әсері немесе кредиторлардың не борышкердің, борышкер мүлкi меншік иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның) әрекеттерi нәтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдемесе, борышкер таратылғаннан кейiн оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.";
2-тармақтағы "Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар" деген сөздер "Кредиторлардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
64) 82 және 83-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"82-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілген;
2) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайларда, кредиторлар жиналысының шешімімен борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Оңалтуды басқарушының өтінішіне қорытынды есеп қоса беріледі.
2. Оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы оңалту жоспарын келіспеген не осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде борышкер оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
3. Борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы):
1) оңалту жоспарын іске асыру нәтижесінде өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
2) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
3) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайда, оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктер осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаға жүктелген жағдайда, осы тармақтың ережелері борышкер – дара кәсіпкерге қолданылады.
4. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкерді оңалту жоспарын іске асыру өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
2) оңалтуды басқарушының әрекеттері (әрекетсіздігі) өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
3) кредиторлар жиналысын өткізу туралы тиісінше хабардар етілмеген кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда оңалту рәсімі тоқтатылады.
83-бап. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту
1. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту соттың оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.
2. Оңалту рәсімі барысында борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатқызылатыны және оны банкрот деп тану үшін негіздер бар екендігі туралы қорытынды жасалған жағдайда, оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып, оңалтуды басқарушы жасайды.
3. Оңалту рәсімі барысында оңалтуды басқарушы борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны:
1) кредиторлар комитеті осы Заңның 71-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көзделген ақпаратты қарау нәтижелері бойынша осындай қорытындыны жасау қажеттігі туралы шешім қабылдаған;
2) борышкер кредитор алдындағы талаптарды қанағаттандыру графигін үш айдан аса орындамаған кезде осындай кредитордың өтінішхатын алған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасайды.
4. Оңалтуды басқарушының сотқа жүгінуі туралы шешім қабылданған кезде кредиторлар жиналысы хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасын бір мезгілде сайлауға міндетті.
5. Сот оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен бірге азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім шығарады.";
65) 84-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айды құрайды және оны кредиторлар жиналысы осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде екі жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін осындай рәсімді жүргізудің жалпы мерзімі бес жылдан аспауға тиіс екені ескеріліп, қайта ұзартуға жол беріледі.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі қайта ұзартылған жағдайда банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы және басқа да әкімшілік шығыстар осындай ұзартуға дауыс берген кредиторлардың қаражаты есебінен олардың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарының сомасына пропорционал төленеді.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.";
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
66) 85-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) банкрот мүлкiнің меншiк иесі (ол уәкілеттік берген орган), қатысушылар (құрылтайшылар);";
67) 86-бапта:
1) тармақшадағы ", ұзартады" деген сөз алып тасталсын;
2) тармақшадағы "заңды тұлғаны" деген сөздер "борышкерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) кредитордың өтініші бойынша әкімшілік шығыстар не банкроттық рәсімін жүргізу мақсаттары үшін алынған қарыз мөлшерінің негізділігін қарайды.";
68) 87-бапта:
1-тармақтың 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшыларына (қатысушыларына), барлық органдарына мүлікті пайдалануға және өткізуге, сондай-ақ міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;";
"6) әкімшінің өтініші және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі негізінде банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкер шоттарына қойылған инкассолық өкімдер, мүлікке тыйым салулар және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Соттың банкроттық рәсімін қозғау туралы ұйғарымы шығарылған күнге сатып алушыға берілмеген банкрот мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе сатып алмаған сатып алушы орындалмаған міндеттеме бойынша банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өз талаптарын қоюға құқылы.";
69) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"88-бап. Уақытша басқарушының өкілеттігі
1. Уақытша басқарушы:
1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзіне өтеусіз негізде берілуге тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, борышкер, оның мүлкі туралы ақпаратты сұратуға;
2) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
3) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап және оны қарау аяқталғанға дейін уақытша басқарушы:
1) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік құжаттары негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға;
2) сотқа борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны ұсынуға;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылғаннан кейін және банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін уақытша басқарушы:
1) борышкер банкрот деп танылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді банкрот деп тану туралы жарияланымды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде жіберуге;
2) борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы және қозғалысы туралы ақпаратты сұратуға;
3) банкроттың жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартының алдағы уақытта тоқтатылатыны туралы хабардар етуге;
4) банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға;
6) кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптарын сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алуды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;
7) банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізуге және түгендеу бойынша есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынуға;
8) сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілді кредиторға кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсыныс жіберуге;
9) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
10) кредитордың, банкрот – дара кәсіпкердің, банкрот – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға;
11) кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуге;
12) сот борышкер мен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын акт шығарған жағдайда, осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарау үшін өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге оның көшіремесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға;
13) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;
14) банкроттықты басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
15) соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, борышкерге тиісті сот актісі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.";
70) 89-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "жасауға құқылы." деген сөздер "жасасуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің, уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға;
5) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен жасалған және мүлікті шығаруға алып келген борышкердің қайта ұйымдастырылуын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банкроттықты басқарушы:
1) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
2) тағайындалғанынан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзіне өтеусіз негізде берілуге тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін, егер оған уақытша басқарушы көрсетілген ақпаратты және құжаттарды бермеген болса, талап етіп алдыруға;
3) тағайындалғанынан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органнан соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы ақпарат сұратуға;
4) банкрот мүлкін қорғауды және бақылауды қамтамасыз етуге;
5) кредиторлар комитеті дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегі бар тұлғалар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талап қоюға;
6) кредиторлар комитеті отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей реверсивтік факторинг шартын жасасуға;
7) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
8) кредиторлар комитетінің шешімі негізінде кредиторлар комитеті отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін борышкер жасасқан шарттарды өзгертуге, бұзуға, орындаудан бас тартуға немесе олардың жарамдылығын даулауға;
9) кредиторлар жиналысы келіскен оңалту жоспарын борышкер ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей борышкер – дара кәсіпкерге, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшысына (қатысушысына) оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны ұсынуға;
10) сату жоспарына сәйкес банкрот мүлкін өткізуді жүзеге асыруға;
11) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
12) осы Заңның 11-бабының 4-тармағында аталған тұлғаларды анықтауға және оларды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
13) борышкердің пайдасына ақша келіп түскеннен кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыруға, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгіленген тәртібіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізуге;
14) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
15) кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлауға;
16) егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, сот банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісін шығарған жағдайда, кредиторлар комитетіне осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарау үшін оның көшірмесін алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынуға;
17) кредиторлар жиналысы мен комитеті отырыстарының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуге;
18) соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтініш жіберуге, банкроттың мөрін (болған кезде) жоюға;
19) сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, оңалтуды басқарушыдан тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
20) құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды:
соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға;
банкроттың кәсіпорнын сату кезінде тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сатып алушыға беруге;
21) банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы және қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты беруге;
22) тағайындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетімен банкроттық рәсімін жүргізу туралы шарт жасасуға;
23) құқық қорғау органдарына әдейі банкроттық белгілерінің бар екенін көрсететін қолда бар деректер туралы хабарлауға;
24) осы Заңның 6-бабында белгіленген жағдайларда, құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту және осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
25) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банкроттықты басқарушы:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға борышкерді банкрот деп тану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде тағайындалған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберуге де;
2) осы Заңның 88-бабы 3-тармағының 2) – 8) тармақшаларында және 92-бабының 1-тармағында көзделген міндеттерді орындауға да міндетті.";
71) 90, 91 және 92-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"90-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
1. Уақытша басқарушы тағайындалған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде қалыптастыруға міндетті.
Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру мақсатында уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса – тағайындалған күнінен бастап уәкілетті органға банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде жібереді.
Кредиторлардың талаптарын қабылдауды борышкердің орналасқан жері бойынша не әкімші ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламада өзі көрсеткен әкімшінің тіркелген орны бойынша уақытша басқарушы жүзеге асырады.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Борышкердің интернет-ресурсы болған кезде көрсетілген интернет-ресурста хабарды жариялау міндетті болып табылады.
2. Уақытша басқарушы сот орындаушыларынан заңды күшіне енген сот шешімін немесе борышкерден ақша өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай кредиторларды банкроттық туралы іс қозғау (борышкерді банкрот деп тану) және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жазбаша хабардар етеді.
Уақытша басқарушы банкроттық туралы іс қозғалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса – тағайындалған күнінен бастап борышкер өздерінің алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын азаматтарды банкроттық туралы іс қозғау (борышкерді банкрот деп тану туралы) және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы да жазбаша хабардар етеді.
3. Кредиторлар банкротқа қоятын талаптарын кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімде мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбы мен өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылуға тиіс. Талап сомасы көрсетілген талап мәлімделген күнге айқындалады;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсыныла отырып, талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (соттардың заңды күшіне енген шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы) талапқа қоса беріледі.
Егер сыйақы (мүдде) мен залалдар бойынша осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген талап сомасы сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күнге өзгертілсе, онда сот осындай шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кредитор өзгерісті ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуға да құқылы.
Кредитордың талабы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алуға жатпайтын бөлігінде кредиторлар талаптарының тізіліміне талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі себебінен енгізілмейді.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
4. Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізіледі.
5. Кредитордың осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
6. Кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы немесе банкроттықты басқарушы осындай талаптар мәлімделген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Танылған талаптар карау нәтижелері бойынша кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуге жатады.
Кредиторлардың сотқа бұрын өздері мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай келсе, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
7. Кредиторлар талаптарының тізіліміне:
1) кредиторлардың Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасында айқындалған, бөлiнген активтермен қамтамасыз етілген талаптары және мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда) талап құқықтарын, сондай-ақ ұстаушыларында көрсетілген облигацияларға меншік құқығы мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша туындаған немесе оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың талаптары;
2) кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары;
3) борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) еңбекке ақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар төлеу жөніндегі талаптарын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша міндеттемелерді қоспағанда, олардың талаптары;
4) кепіл беруші үшінші тұлғалар болған жағдайларда, кепілді кредиторлардың кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану нәтижелері бойынша өтелген талаптары енгізілмейді.
8. Кредиторлар борышкерге берешектің сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды қоюға құқылы.
9. Сыйақының (мүдденiң) және залалдардың сомасы сот борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған күнге айқындалады.
10. Кредиторлардың банкроттық рәсiміне қатысуына байланысты шығыстары орнын толтыруға жатпайды.
91-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
1. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талапты толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау себептерін көрсете отырып, танымау туралы) уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етуге міндетті. Кредиторлардың борышкер банкрот деп танылғаннан кейін мәлімделген талаптары бойынша уақытша немесе банкроттықты басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні осындай кредиторды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігін) тану туралы хабарламада уақытша немесе банкроттықты басқарушы кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, банкроттықты басқарушыға қолданылады.
2. Уақытша немесе банкроттықты басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор талаптарды қарау нәтижелері туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұндай шешімге банкроттық туралы істі қарайтын сотта шағым жасауға құқылы.
92-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін жариялау
1. Уақытша басқарушы қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға кредиторлар талаптарының тізілімі қалыптастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
2. Кредитор өз талабының мөлшеріне, сондай-ақ жарияланған тізілімге енгізілген басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негізіне жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым жасауға құқылы.
Жарияланған тізілімге енгізілген кредиторлар талаптарының мөлшері мен негізіне осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде борышкер – дара кәсіпкер де, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі де (ол уәкілеттік берген орган да), құрылтайшысы да (қатысушысы да) шағым жасауы мүмкін.";
72) 93-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында:
1) кепілге салынған мүлікті қоспағанда, мүлікке бағалау жүргізу туралы шешім қабылданады;
2) хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасы таңдалады;
3) кредиторлар комитеті құрамының саны айқындалады және осы құрам, кредиторлар комитетінің төрағасы бекітіледі;
4) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі;
5) банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есеп қаралады;
6) банкроттың қызметін жалғастыру (тоқтату) туралы шешім қабылданады.
3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау;
2) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) банкрот мүлкін тікелей сату туралы шешім қабылдау;
4) лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау;
5) банкроттықты басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте негізгі сыйақы мөлшерін айқындау;
6) банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
7) қорытынды есепті келісу;
8) банкроттық рәсімін жүргізу үшін банкроттықты басқарушының қарыз алуы туралы шешім қабылдау;
9) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешім қабылдау;
10) банкроттық рәсімі барысында оңалту рәсіміне өту туралы шешім қабылдау;
11) осы Заңның 95-1-бабында көзделген жағдайда оңалту жоспарын келісу;
12) кредитордың кредиторлар жиналысына келмеу себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.";
төртінші бөліктегі "3-тармағының" және "12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігі 10) тармақшасының" деген сөздер тиісінше "5-тармағының бірінші бөлігі" және "12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"94-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар комитетінің өкілеттігі
Кредиторлар комитеті:
1) банкроттық рәсімінің жүргізілуіне және банкроттықты басқарушының қызметіне жедел бақылауды жүзеге асырады;
2) банкроттықты басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;
3) шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын банкроттық рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
4) банкроттың жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлкіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылдайды;
5) банкроттықты басқарушы сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды;
6) борышкер мен кредитор арасындағы талаптарды өзара есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды;
7) банкроттықты басқарушыны шеттету және бір мезгілде жаңа банкроттықты басқарушыны таңдау мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
8) мүлікті сату жоспарын бекітеді;
9) мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдайды;
10) борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекітеді;
11) баланста есепте бар, бірақ түгендеу актісі бойынша жоқ жылжымалы мүлікті есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
12) борышкер мүлкін мүліктік жалға беру (жалдау) шартын жасасу талаптарын айқындайды;
13) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
74) 95-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен сайланған өкіл банкроттық рәсімінің жүргізілу кезеңінде өзіне осы Заңмен берілетін барлық кредитордың құқықтарын пайдаланады. Өкіл еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу нәтижелері бойынша өзін сайлаған жиналыс (конференция) алдында есеп береді.";
75) 95-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту
1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) осы Заңның 73-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда, борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) банкроттықты басқарушыға әзірленген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.
Банкроттықты басқарушы борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) өтiнiшхаты келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кредиторларды кредиторлар жиналысын өткізу туралы осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда жиналыс бір мезгілде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер – дара кәсіпкерге, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы мәселені шешуге не әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауға міндетті.
3. Банкроттықты басқарушы оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасауға және оны борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына), дара кәсіпкерге жіберуге міндетті.
Осы тармақта көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны осы Заңның 49-1-бабын ескере отырып, банкроттықты басқарушы жасайды.
4. Борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы), дара кәсіпкер кредиторлар жиналысының келісімі және оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылу қорытындысы бойынша борышкер қаржылық орнықтылықтың І сыныбына жатқызылатын, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы болған кезде банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктермен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы не бас тарту туралы шешім шығарады.
7. Сот оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiмнің күші шешім шығарған соттың жоюына жатады.";
76) 96-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мүліктік массаға банкрот – дара кәсіпкердің жеке мүлкі, толық серіктестік, коммандиттік серіктес, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ өндірістік кооператив мүшелерінің мүлкі бөлек енгізіледі және ескеріледі, оларға банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
3. Тұлғаны субсидиарлық жауаптылыққа тарту кезінде мәлімделетін талаптардың мөлшері мұндай тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп тануға негіз болған сот актісінде белгіленген залалдың мөлшеріне тең болады.";
2) тармақшадағы "кепіл мүлкі" деген сөздер "кепілге салынған мүлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
"104" деген цифрлар "104-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"кепіл мүлкі" деген сөздер "кепілге салынған мүлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
77) 97-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уақытша басқарушы, кепілге салынған мүлікті қоспағанда, банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізеді және түгендеу туралы есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынады.";
"3. Банкроттықты басқарушы:
жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке қатысты - осындай мүлікті өз қорғауына және бақылауына қабылдаған күннен бастап;
кепілге салынған мүлікке қатысты – кепілді кредитор кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан не кепілді кредитор осы Заңның 104-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уақытша басқарушының ұсынысына жауап ұсынбаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде түгендеу жүргізуге және түгендеу туралы есепті кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.";
78) 98 және 99-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"98-бап. Банкрот мүлкінің құнын бағалау
1. Уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке бағалау жүргізу туралы шешімді кредиторлардың алғашқы жиналысы қабылдайды.
Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің бағалау туралы шешімінде банкрот мүлкіне бағалау жүргізу мерзімдері және бағалаушыны таңдау тәртібі қамтылуға тиіс.
3. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің шешіміне сәйкес банкроттықты басқарушы тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкер мүлкіне бағалау жүргізеді.
4. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы.
99-бап. Банкрот мүлкін сату
1. Талап ету құқығын қоса алғанда, банкрот мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткiзу арқылы не тікелей сату әдісімен жүзеге асырады.
Банкрот мүлкiн сату бойынша электрондық аукцион өткiзу тәртiбiн және оны ұйымдастырушыны уәкілетті орган айқындайды.
2. Сату жоспарын банкроттықты басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ кредиторлар комитетінің мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешімі негізінде жасайды.
Банкроттың мүліктік массасында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүліктік кешен болған кезде сату жоспарында осындай кешенді бірыңғай лотпен аукционға кемінде екі рет қою жөніндегі міндетті шарт қамтылуға тиіс.
Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде сату жоспарын жасауға және оны кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.
Аукцион бірыңғай лот бойынша өткізілмеген не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты сатып алмаған жағдайда, мүлікті өткізу бөлек лоттармен жүзеге асырылады.
3. Банкроттың айналымда шектеулі мүлкін өткізу жабық электрондық аукционда жүзеге асырылады. Осы мүлікті сатып алуға құқығы бар тұлғалар жабық электрондық аукционның қатысушылары бола алады.
4. Мүлікті сату жоспарына сәйкес банкроттың сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлкі өздерінің талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған, тиісті кезек кредиторларына олардың келісімімен сату жоспарында көрсетілген бастапқы баға бойынша ортақ үлестік меншікке беруге жатады.
5. Стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасының осындай мүлікті сатып алуға басым құқығы болады.
Банкроттықты басқарушы стратегиялық объектіні сатуды "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін жүзеге асырады.
6. Банкрот мүлкін, сондай-ақ банкрот кәсіпорнын тікелей сату кезінде сату бағасы мен басқа да шарттары, сондай-ақ сатып алушы және онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауызды шешімімен айқындалады.
7. Банкроттың мүліктік массасында банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны едәуір төмендейтін мүлік (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) болған жағдайларда, уақытша басқарушы осындай мүлік анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мүлікті сату жоспарын жасауға және оны уәкілетті органға келісу үшін ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушының өтінішін қарауға және қабылданған шешім туралы уақытша басқарушыны дереу хабардар ете отырып, сату жоспарын келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Уақытша басқарушы мүлікті бекітілген сату жоспарына сәйкес өткізуге міндетті.";
79) 99-1-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
"әкімшілік шығыстар сметасына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
"ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
80) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"100-бап. Мүліктік массаны бөлудің кезектілігі
1. Әкiмшiлiк және сот шығыстары банкрот мүлкiнің есебiнен кезектен тыс жабылады.
Банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкiмшiлiк шығыстар әкімшілердің негізгі сыйақысын, төлеу міндеті банкроттық туралы іс қозғалған күннен бастап және одан кейінгі кезең ішінде туындаған, тартылатын мамандардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қамтиды.
Әкімшілік шығыстарға соттың банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық есептілікке сәйкес борышкер есептеген, мемлекеттік кіріс органы салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша есепке жазған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер де жатады.
Құрылтайшыны (қатысушыны) және (немесе) лауазымды адамды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы сот актісінің орындалуы нәтижесінде банкорттың мүліктік массасына келіп түскен ақша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жіберуге жатады. Мұндай ақшаның есебінен әкімшілік шығыстарды өтеуге жол берілмейді.
2. Бiрiншi кезекте өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу бойынша; қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады.
Бiрiншi кезектегі талаптарды өтеу осы тармақта жазылған кезектілік тәртiбімен жүзеге асырылады.
Өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша кредиторлар талаптарын өтеу үшiн мүлiк жеткiлiксiз болған жағдайда, мүлiк кредиторлар арасында олардың тiзiлiмге енгiзiлген талаптарының сомаларына пропорционал бөлiнедi. Осы бөлiктің ережелерi алименттердi өндiрiп алу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша, қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптарын өтеу кезiнде қолданылады.
3. Екінші кезекте осы Заңның 104-1-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар талаптары, банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған талаптар, сондай-ақ орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның осы клирингтік ұйымның клирингтік қатысушысы болып табылатын банкрот орталық контрагенттің қатысуымен бұрын жасаған және орындамаған мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары қанағаттандырылады.
4. Үшінші кезекте салықтық берешек, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешек өтеледі.
5. Төртінші кезекте азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша басқа кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі, сондай-ақ кредиторлардың:
1) осы Заңның 104-1-бабы 6-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайда;
2) бірінші кезек құрамына кірмеген авторлық шарттардан;
3) соттың мәмілені жарамсыз деп тануы және мүлікті банкроттың мүліктік массасына қайтару туралы шешім қабылдауы нәтижесінде туындаған талаптары қанағаттандырылады.
6. Бесінші кезекте залалдардың орнын толтыру және тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) өндіріп алу бойынша, сондай-ақ осы Заңның 102-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес еңбекке ақы төлеу және өтемақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптары қанағаттандырылады.
7. Алтыншы кезекте, өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу бойынша; қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақыларды төлеу бойынша талаптарды қоспағанда, кредиторлардың осы Заңның 90-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кеш мәлімделген талаптары қанағаттандырылады.";
81) мынадай мазмұндағы 100-1-баппен толықтырылсын:
"100-1-бап. Әкімшілік шығыстарды төлеу тәртібі
1. Банкорттықты басқарушы ай сайын кредиторлар комитетіне есепті ай үшін төлеуге жататын әкімшілік шығыстардың сомасын көрсете отырып, жұмыс нәтижелері туралы есепті ұсынады.
2. Кредиторлар комитеті осы баптың 1-тармағында көзделген есепті көрсетілген шығыстардың негізділігі тұрғысынан қарайды және төлеуге жататын әкімшілік шығыстардың сомасын бекіту туралы шешім қабылдайды.
3. Кредиторлар комитеттерінің шешімінсіз әкімшілік шығыстарды төлеуге жол берілмейді.";
82) 101-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"101-бап. Кредиторлармен есеп айырысу қағидалары
1. Әрбір кезектің талаптары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
Кредитордың талабы оның келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілдермен, оның ішінде ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкін.
2. Банкроттықты басқарушы сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлікті осы Заңның 100-бабында белгіленген кезектілікті сақтай отырып, заттай беруді ұсынуға міндетті.
Салықтар және кедендік төлемдер бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша кредитордан басқа, кредитор мүлiктi банкроттықты басқарушы ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде оны талапты өтеу есебiне заттай қабылдау туралы өзiнiң жазбаша келiсiмiн (келiспейтiнiн) бiлдiруге тиiс. Кредитордың жазбаша келiсiмді белгiленген мерзiмде ұсынбауы мүлiктi заттай қабылдаудан бас тартуы деп танылады.
Кредитордың мүлікті заттай қабылдауы мүмкін болмаған немесе кредитор қабылдаудан бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы осындай мүлікті келесі кезектің кредиторларына беруді ұсынуға міндетті.
3. Егер талаптарды есепке жатқызу кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігін бұзбаса, басқа тұлғалар тартылмай, тікелей, өзаралық болып табылса, кредиторлар комитетінің шешімі бойынша банкроттықты басқарушы оның қабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы мәлімдеуге міндетті. Есепке жатқызуға ақшаны төлеу туралы талаптар бойынша ғана жол беріледі.
4. Бірінші кезек кредиторларының осы Заңның 90-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін, бірақ барлық кредиторлармен есеп айырысу аяқталғанға дейін мәлімделген талаптары бірінші кезек құрамында кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және мүліктік масса есебінен қанағаттандыруға жатады. Мұндай талаптар тізілімге енгізілгенге дейін кредиторлардың талаптарын өтеу тоқтатыла тұрады.
Бірінші кезек кредиторларының барлық кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін, бірақ тарату балансы бекітілгенге дейін мәлімделген талаптары кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған банкрот мүлкінен қанағаттандырылады.
5. Кредиторлардың банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған талаптары екінші кезек құрамына енгізілген, олардың алдындағы берешек банкроттық рәсімі қозғалғанға дейін туындаған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін өтеледі.
6. Кредиторлардың банкрот мүлкінің жеткіліксіздігінен қанағаттандырылмаған талаптары өтелді деп есептеледі.
Көрсетілген сомаларды кредитор соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы негізінде дебиторлық берешектен шығаруға тиіс.
Осы тармақтың ережелері:
1) кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе үшінші тұлғалардың кепілімен қамтамасыз етілген талаптарға;
2) осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
83) 102-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Еңбекке ақы төлеу және өтемақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптарының сомасын айқындау кезінде бірінші кезек құрамында, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банкроттық туралы iс бойынша іс жүргізу қозғалған күнге түзілген берешек ескеріледі.";
84) 103-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;
85) 104-бап алып тасталсын;
86) 104-1 және 105-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"104-1-бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау арқылы қанағаттандыру
1. Уақытша басқарушы сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде кепілге салынған мүлікке бағалау жүргізуді ұйымдастырады.
2. Банкроттық басқарушы өзі тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілді кредиторға пошта арқылы тапсырыс хатпен осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді кредитор өтеуге жататын соманы көрсете отырып, кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсыныспен бірге кепілге салынған мүлікті бағалау нәтижелерін жібереді.
3. Кепілді кредитор осы баптың 2-тармағында көрсетілген ұсынысты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келісімін немесе одан бас тартуын жазбаша түрде білдіруге міндетті.
4. Кепілді кредитор кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келіскен жағдайда банкроттық басқарушыға кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы жазбаша хабарлама жіберілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей оны қабылдағанға дейін кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ кредиторлар талаптары тізілімінің бірінші кезектегі құрамына енгізілген, еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлар талаптарын өтеу үшін борышкердің өзге мүлкі болмаған жағдайда, көрсетілген талаптарды өтеуге міндетті.
Еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлар талаптары республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген, үш айдан аспайтын кезең үшін жалақының ең төмен мөлшері шегінде, бірақ кепілге салынған мүліктің бағалау құнының он бес пайызынан аспайтын мөлшерде қанағаттандырылады.
5. Банкроттықты басқарушы осы баптың 4-тармағында айқындалған әкімшілік шығыстар, сондай-ақ кредиторлар талаптары өтелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілге салынған мүлікті кепілді кредиторға оның талаптарын қанағаттандыру есебіне береді.
6. Егер осы баптың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өтелген кредиторлар талаптарын шегергенде кепілге салынған мүліктің бағалау құны:
кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен көп болса – кепілді кредитор айырманы кепілге салынған мүлік өзіне берілген күннен бастап бір ай ішінде банкроттың мүліктік массасына береді;
кепілді кредитор талаптарының мөлшерінен аз болса – кепілді кредитордың айырма мөлшеріндегі талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және төртінші кезек құрамында қанағаттандырылуға жатады.
7. Кепілді кредитордың талаптарын қанағаттандыру:
1) кепілді кредитор кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан;
2) кепілді кредитор уақытша басқарушының ұсынысына осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған;
3) осы баптың 4-тармағында айқындалған әкімшілік шығыстар мен кредиторлар талаптары толық көлемде өтелмеген жағдайларда, осы Заңның 103-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Кепілді кредитор банкроттықты басқарушыға банкроттың кепілге салынған мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
9. Осы бапта белгіленген тәртіп талаптары банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының қарыз алуы нәтижесінде туындаған кредиторларға қолданылмайды.
105-бап. Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
Үшінші кезек құрамына енгізілетін талаптар сомасын айқындау кезінде банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған күнге түзілген салықтық берешек, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешек ескеріледі.
Үшінші кезектегі кредиторлар талаптарын өтеу үшін мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай мүлік өздерінің арасында тізілімге енгізілген талаптарының сомасына пропорционал бөлінеді.";
87) 106-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төртінші кезектегі талаптардың құрамына енгізілетін талаптар сомасын айқындау кезінде азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредиторлар талаптары, сондай-ақ:
1) осы Заңның 104-1-бабы 6-тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайда;
2) бірінші кезек құрамына кірмеген авторлық шарттардан туындаған кредиторлар талаптары ескеріледі.";
88) мынадай мазмұндағы 107-1-баппен толықтырылсын:
"107-1-бап. Алтыншы кезектегі кредиторлар талаптарының сомасы және оларды қанағаттандыру тәртібі
Мүлік жеткіліксіз болған кезде осы Заңның 100-бабының 7-тармағында көрсетілген кредиторлар талаптары олардың тізілімге енгізілген талаптарының сомасына пропорционал қанағаттандыруға жатады.";
89) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"108-бап. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік
1. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшаны банкроттықты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе банкроттың құрылтай құжаттарына сәйкес дара кәсіпкерге, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына) береді.
2. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған, сондай-ақ талаптарды қанағаттандыру есебіне кредитор немесе әкімшілік шығыстардың орнын толтыру есебіне әкімші қабылдамаған банкроттың заттай мүлкі, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерге, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі.";
90) 109-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"109-бап. Банкротты борыштардан босату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банкроттың кредиторлар алдындағы банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша орындалмай қалған міндеттемелері өзіне қатысты соттың осындай кредиторлар талаптарының сомасын осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде субсидиарлық тәртіппен өндіріп алу туралы шешімі заңды күшіне енген тұлғаның орындауына жатады.";
91) 110 және 111-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"110-бап. Банкроттықты басқарушының қорытынды есебі
1. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн банкроттықты басқарушы сотқа тарату балансын және кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiкті пайдалану туралы есептi қоса бере отырып, өз қызметi туралы кредиторлар жиналысымен келісілген қорытынды есептi ұсынады.
Банкроттың кәсіпорны сатылған жағдайда, тарату балансы қоса берілмейді.
2. Өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға сотта банкроттықты басқарушының қорытынды есебі қаралған кезде, егер банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында мынадай мән-жайлар:
1) борышкер мүлкінің жоқ екені;
2) борышкердің жарамсыз деп тануға жатқан мәмілелерінің жоқ екені;
3) өзіне қатысты соттың субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы шешімі заңды күшіне енген борышкер құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алуды қолдануға мүмкін болатын мүлкінің жоқ екені не аталған тұлғаларды субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін негіздердің жоқ екені анықталса, уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу, сондай-ақ кредиторлар комитетінің шешімі бойынша өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру туралы өтінішхатты мәлімдеуге міндетті.
3. Сот ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешiктірілмейтiн мерзiмде банкроттықты басқарушының қорытынды есебiн, егер осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, тарату балансын бекiтедi және банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарым шығарады.
Банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымда банкроттың өткізілмей қалған мүлкiмен байланысты мәселелер шешiлуге тиiс. Сот ұйғарымның көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкiлеттi органға, мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына, сондай-ақ талаптары қанағаттандырылмаған банкрот кредиторларына жiбередi. Осы бөліктің күші банкроттың кәсіпорнын сату жағдайларына қолданылмайды.
Соттың банкорттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымында осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу туралы нұсқау да қамтылуға тиіс.
Уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақыны төлеу тәртібін, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстардың орнын толтыру тәртібі мен мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер жүргізілген борышкердің банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша үшінші тұлғалардың кепілдігімен, кепілгерлігімен немесе мүлік кепілімен қамтамасыз етілген кредитор талаптары қанағаттандырылмай қалған болса, онда мұндай кредитор соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы заңды күшіне енген ұйғарымы негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен үшінші тұлғалар - кепілдік берушілерден, кепілгерлерден немесе кепіл берушілерден сомаларды өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
111-бап. Уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкерлер тізімін орналастыру
1. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында:
1) өздеріне қатысты соттың банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімі заңды күшіне енген борышкерлер тізімін;
2) өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімін тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тізімін орналастырады.
Борышкерді банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану не банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімнің күші жойылған, бітімгершілік келісім жасалған немесе кәсіпорын сатылған жағдайларда, борышкер тізімнен алып тасталады.
Тізімде борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не атауы, борышкердің экономикалық қызмет түрі, деректемелері, басшы мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), соттың борышкерді банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану не банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімінің, соттың банкроттық рәсімін аяқтау, оңалту рәсімін тоқтату не банкроттық рәсімін қозғамай таратуды аяқтау туралы ұйғарымының күні, сондай-ақ әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), электрондық мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген борышкерлер тізімі өздеріне қатысты соттың оңалту рәсімін немесе банкроттық рәсімін қолдану не банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы шешімі өткен тоқсанда заңды күшіне енген борышкерлерді енгізу, сондай-ақ өздеріне қатысты соттың қорытынды есепті бекіту не оңалту рәсімін тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген борышкерлерді алып тастау жолымен өткен тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тізім соттың өздеріне қатысты оңалту рәсімін тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткен дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды одан алып тастау жолымен жаңартылады.";
92) 112-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, банкротты тарату аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн тоқтатты деп заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмдерiне бұл туралы жазба енгiзiлгеннен кейін немесе жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алынғаннан кейін есептеледі.
Банкротты таратудың аяқталуы банкроттықты басқарушының өкілеттігін тоқтатады.";
3-тармақ алып тасталсын;
93) 112-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банкрот тарапынан бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді дара кәсіпкер, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қабылдайды.";
94) 112-2-баптың 3-тармағындағы "мүліктің меншік иесі, банкрот құрылтайшысы (қатысушысы) не ол уәкілеттік берген тұлға" деген сөздер "банкрот – дара кәсіпкер, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
95) 112-3-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек" деген сөздер "салықтық берешек" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек" деген сөздер "салықтық берешек" деген сөздермен ауыстырылсын;
96) 112-7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған кредитордың (кредиторлардың) өтінішіне мұндай кредитор (кредиторлар) мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған уақытша басқарушының өкілеттігін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.";
97) 112-8-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы немесе бітімгершілік келісімді бұзу туралы ұйғарымының күшін жою туралы шешім қабылдаған сот сот актісінде банкроттық рәсімін қозғау туралы көрсетуге міндетті.";
"4. Уақытша басқарушы банкроттық рәсімін қозғау туралы сот актісі шығарылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізуге міндетті.";
98) 7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІН ҚОЗҒАМАЙ БОРЫШКЕРДІ ТАРАТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
113-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату
Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату:
1) борышкер жоқ борышкер болып табылған;
2) борышкерге қатысты осы Заңның 114-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлардың жиынтығы болған жағдайларда, жүзеге асырылады.
114-бап. Сотқа банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішпен жүгіну негіздері
1. Сотқа банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішпен:
1) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор – осы Заңның 113-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда;
2) борышкер – егер өзіне қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген мән-жайлардың жиынтығы болған жағдайда жүгінеді.
2. Салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитордың сотқа банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішпен жүгінуі үшін мынадай мән-жайлардың жиынтығы негіз болып табылады:
1) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай бойы анықтаудың мүмкін болмауы, бұл жөнінде уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіппен құжат жасалады;
2) өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің меншік құқығында мүлкінің, сондай-ақ дебиторлық берешегінің болмауы;
3) өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің жасалған жағдайда осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін мәмілелер жасамауы.
3. Борышкердің сотқа банкроттық рәсімін қозғамай өзін тарату туралы өтінішпен жүгінуі үшін мынадай мән-жайлардың жиынтығы негіз болып табылады:
1) борышкердің кредиторлар алдында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын берешегінің болуы;
2) өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің меншік құқығында мүлкінің, сондай-ақ дебиторлық берешегінің болмауы;
3) өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің жасалған жағдайда осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін мәмілелер жасамауы;
4) өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің банктік шоттар мен касса бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмауы;
5) өтініш берілгенге дейін үш жыл бойы борышкердің Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында белгіленген салықтық және кедендік тексерулер мен өзге де бақылау нысандарының тізімдеріне енгізілмеуі;
6) өтініш берілген күнге қылмыстық қудалау органдарының борышкер қызметіне байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғаның құрылтайшысына (қатысушысына) немесе оның лауазымды адамына, сол сияқты дара кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізбеуі.
115-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішке қоса берілетін құжаттар
1. Салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитордың банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтінішіне:
1) борышкердiң салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор алдындағы мiндеттемелерiн, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешегінiң бар екенін және сомасын;
2) борышкердің жоқ борышкер болып табылатынын растайтын құжаттар қоса беріледі.
2. Борышкердің банкроттық рәсімін қозғамай өзін тарату туралы өтінішіне осы Заңның 114-бабының 3-тармағында көзделген мән-жайлардың бар екенін растайтын құжаттар, сондай-ақ борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның) немесе құрылтайшыларының (қатысушыларының) борышкердің банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуі туралы шешімі қоса беріледі.
116-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау
Сот осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетiн, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
Соттың іс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмелерiн сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына, сондай-ақ, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, борышкердiң орналасқан жерi бойынша аумақтық әділет органына жiбередi.
117-бап. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы iс бойынша iс жүргізуді қозғаудың салдары
Сот банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы iсті қозғаған кезден бастап осы Заңның 87-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген салдар басталады.
118-бап. Соттың банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы істі қарауы
1. Сот іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде банкроттық рәсімін қозғамай борышкердi тарату туралы шешiм шығарады.
2. Соттың банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешімінде тарату рәсімін жүргізуді уәкілетті органға жүктеу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
118-1-бап. Уәкілетті органның банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді таратуды жүргізу тәртібі
1. Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату рәсімін жүргізу жөніндегі міндеттер уәкілетті органға жүктелген кезде оған әкімшінің осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттері өтеді.
2. Уәкілетті орган:
1) сот банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыруға;
2) осы Заңның 90-бабында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға;
3) кредиторлар жиналысымен келіскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды есепті және тарату балансын бекіту үшін сотқа ұсынуға;
4) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттың банктік шоттарын жабу туралы өтінішті банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жіберуге міндетті.
3. Борышкердің мүлкі болмаған жағдайда, уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімі қалыптастырылған күннен бастап бір ай мерзімде қорытынды есепті және тарату балансын келісу үшін кредиторлар жиналысына ұсынуға міндетті.
4. Борышкерді таратуды жүргізу барысында мүліктік масса және (немесе) бұрын шығарылған мүліктің мүліктік массаға қайтарылғаны анықталған, сондай-ақ осы Заңның 114-бабының 3-тармағында көзделген ережелер сақталмаған кезде уәкілетті орган банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы шешім қабылдаған сотқа банкроттық рәсімін қозғау туралы өтінішхатпен жүгінуге міндетті.";
99) 125-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
100) 126-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Банкроттықты басқарушы сатып алу-сату шарты жасасылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға мүлікті бірыңғай лотпен, сондай-ақ бірыңғай өндірістік кешенге кіретін мүлікті өткізу бойынша өткізілген сауда-саттық қорытындысы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.";
"6. Мүліктік массаны өткізу бойынша аукционның өткізілетін уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен банкроттықты басқарушы айқындайды.".
18. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 20-тармағында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) тармақша "міндетті зейнетақы жарналары," деген сөздерден кейін "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы" деген сөздер "5-1-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) 90-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы "мiндеттi зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейін ", жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "2-тармағы" деген сөздер "2 және 7-тармақтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "1-тармағының үшінші бөлігі" деген сөздер "2-тармағының екінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 52-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "әкімші -", ", уақытша әкімші (өкілі арқылы)" деген сөздер алып тасталсын;
2) 35-баптың 5-тармағындағы "конкурстық" деген сөз "мүліктік" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 37-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрылыс салушыны көппәтерлі тұрғын үй құрылысымен байланысты емес қызметі бойынша "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкрот деп тануды кепілдік жағдайы деп тану туралы шешім қабылдайды.".
20. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат, № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Клиентке қатысты шығарылған соттың борышкер берешегін қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешімінің көшірмелерін алғанға дейін төлем жүйесіне өз қатысушысы жіберген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары кері қайтарып алынбайтын және түпкілікті болып табылады, орындалуға және аяқталуға жатады.".
21. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):
мынадай мазмұндағы 57-4-баппен толықтырылсын:
"57-4-бап. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:
1) осы Кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);
2) осы Кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;
3) осы Кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.
Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.
Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;
2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;
3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;
4) лотерея өткізуді;
5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;
6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;
7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
8) аудиторлық қызметті;
9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;
10) кредиттік бюролардың қызметін;
11) күзет қызметін;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;
14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;
15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;
16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.".
2-бап. Банкроттық рәсімдерінде төлемге қабілетсіз борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия, сондай-ақ оңалтуды және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сыртқы байқау әкімшісінің қызметін жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органда тіркеу негізінде әкімші қызметін жүзеге асыратын тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізу үшін қызметтің басталғаны туралы хабарлама беруге міндетті деп белгіленсін.
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының ережелері осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға олар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде хабарлама берген кезде қолданылмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін жеке тұлға "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген ережелерді сақтаған кезде әкімші ретінде қызметті жүзеге асыруға құқылы.
3-бап. Осы Заң, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) – 13) тармақшаларын, 4-тармағының 6) тармақшасын және 21-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |