2016 жылғы 6 қазанда Ыстанбұлда жасалған Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттама
Бейресми аударма
Жарғы, Қосымша хаттама
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттама Мазмұны
Одақтың қызмет аясы және мақсаты | |
IІ. (Өзгертілген 1бис-бап) | Анықтамалар |
IIІ. (Өзгертілген 22-бап) | Одақтың Актілері |
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Қосымша хаттаманың күшіне енуі және қолданыс мерзімі |
Жарғы, Қосымша хаттама
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына
Тоғызыншы қосымша хаттама
Ыстанбұлда Конгреске жиналған Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері 1964 жылғы 10 шілдеде Венада қабылданған Дүниежүзілік пошта одағы Жарғысының 30.2-бабы негізінде ратификациялау шартымен аталған Жарғыға мынадай өзгерістерді қабылдады.
I бап
(Өзгертілген 1-бап)
Одақтың қызмет аясы және мақсаты
1. Осы Жарғыны қабылдайтын елдер пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін "Дүниежүзілік пошта одағы" деген атаумен біртұтас пошта аумағын құрайды. Одақтың Актілерінде айқындалатын шарттарға сәйкес Одақтың бүкіл аумағында транзит еркіндігіне кепілдік беріледі.
2. Одақтың мақсаттары пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы салада халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
3. Одақ өз мүмкіншіліктеріне қарай, өзіне өтініш жасайтын мүше елдерге пошта байланысы саласында техникалық көмек көрсетуге қатысады.
II бап
(Өзгертілген 1 бис бап)
Анықтамалар
1. Одақтың Актілерінде пайдаланылатын төменде санамаланған терминдер төменде айқындалатын мәнге ие:
1.1 Пошта қызметі: көлемі Одақтың Актілерінде айқындалатын және реттелетін барлық көрсетілетін халықаралық пошта қызметтері. Осы көрсетілетін қызметтерге жататын негізгі міндеттемелер пошта жөнелтілімдерін қабылдаумен, өңдеумен, жіберумен және жеткізумен қамтамасыз етілетін мүше елдердің белгілі бір әлеуметтік және экономикалық міндеттерді орындауын білдіреді.
1.2 Мүше ел: Жарғының 2-бабының талаптарын орындайтын ел.
1.3 Біртұтас пошта аумағы (сол бір пошта аумағы): Одақтың Актілеріне сәйкес уағдаласушы тараптарға жүктелетін, транзит еркіндігін қоса алғанда, пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасуды қамтамасыз ету және басқа елдерден транзитпен жіберілетін пошта жөнелтілімдерін Одақтың Актілерінде айқындалатын шарттарға сәйкес кемсітушіліксіз, өздерінің меншікті пошта жөнелтілімдерін өңдейтіндей түрде өңдеу міндеттемесі.
1.4 Транзит еркіндігі: оған сәйкес аралық мүше ел басқа мүше елге межеленіп, өзіне берілген пошта жөнелтілімдерін Одақтың Актілерінде айқындалатын шарттарға сәйкес ішкі жөнелтілімдерді өңдейтіндей түрде өңдеп, оларды тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті қағидат.
1.5 Жазбаша хат-хабарды жөнелту: Конвенцияда көрсетілген жөнелтілімдер.
1.6 (Алып тасталды)
1.6 бис Пошта жөнелтілімі: Дүниежүзілік пошта конвенциясында, Пошта төлемдері қызметтері туралы келісімде және олардың тиісті Регламенттерінде көрсетілгендей, мүше елдің тағайындалған операторы жөнелтетін кез келген затқа қатысты жалпы термин (жазбаша хат-хабар жөнелтілімі, пошта жіберілімі, ақша аударымы және т.б.).
1.7 Тағайындалған оператор: пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету және оларға жататын, Одақтың Актілерінен туындайтын міндеттемелерді өз аумағында орындау үшін мүше ел ресми тағайындайтын кез келген мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйым.
1.8 Ескертпе: бұл осы мүше елге қолданылуы тұрғысынан мүше ел Актінің (Жарғыдан және Жалпы регламенттен басқа) қандай да болсын ережесінің заңды салдарын болғызбауға немесе өзгертуге ұмтылатын шегіністі қамтитын ереже. Кез келген ескертпе Жарғының кіріспесінде және бірінші бабында айқындалғанындай Одақтың міндеттерімен және мақсаттарымен үйлесімді болуға тиіс. Ол тиісінше негізделуге және тиісті Актіні бекіту үшін қажетті көпшіліктің қолдауын табуға және оның Қорытынды хаттамасына енгізілуге тиіс.
III бап
(Өзгертілген 22-бап)
Одақтың Актілері
1. Жарғы Одақтың негізгі құжаты болып табылады. Ол Одақтың негізгі ережелерін қамтиды және ескертпелердің нысанасы бола алмайды.
2. Жалпы регламент Жарғының қолданылуын және Одақтың қызметін қамтамасыз ететін ережелерден тұрады. Ол барлық мүше елдер үшін міндетті болып табылады және ескертпелердің нысанасы бола алмайды.
3. Дүниежүзілік пошта конвенциясы және оның Регламенті халықаралық пошта қызметіне қатысты қолданылатын жалпы қағидаларды, сондай-ақ жазбаша хат-хабар және пошта жіберілімдері қызметтері туралы ережелерді қамтиды. Бұл Актілер барлық мүше елдер үшін міндетті болып табылады. Мүше елдер өздерінің тағайындалған операторларының Конвенциядан және оның Регламентінен туындайтын міндеттемелерді орындауын қадағалайды.
4. Одақтың Келісімдері мен олардың Регламенттері жазбаша хат-хабар және пошта жіберілімдері қызметтерінен басқа, оларға қатысатын мүше елдер арасындағы қызметтерді реттейді. Олар тек осы мүше елдер үшін ғана міндетті болып табылады. Оларға қол қойған мүше елдер өздерінің тағайындалған операторларының Келісімдерден және олардың Регламенттерінен туындайтын міндеттемелерді орындауын қадағалайды.
5. Конвенция мен Келісімдерді орындау үшін қажетті қолданылу қағидалары қамтылған Регламенттерді Конгресс шешімдерін ескере отырып, Поштаны пайдалану кеңесі бекітеді.
6. 3-5-тармақтарда айтылатын, Одақтың Актілеріне қоса берілетін ықтимал Қорытынды хаттамаларда осы Актілерге ескертпелер қамтылады.
IV бап
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Қосымша хаттаманың күшіне енуі
және қолданыс мерзімі
1. Осы Қосымша хаттама 2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді және белгіленбеген уақытқа күшінде қалады.
Осыны куәландыру үшін мүше елдер үкіметтерінің өкілетті өкілдері осы Қосымша хаттаманы жасады, ол, егер оның ережелері Жарғының өз мәтініне енгізілгендей және оған Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілетін бір данада қол қойылғандай күшке және нақ сол мағынаға ие болады. Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросы осы дананың көшірмесін әрбір тарапқа жіберетін болады.
2016 жылғы 6 қазанда Ыстанбұлда жасалды.
Жоғарыдағы баяндалғандар 26-шы Дүниежүзілік пошта конгресі қабылдаған шешімдердің дәл көшірмесі болып табылатынын растаймын, Ыстанбұл, 2016 жылғы 8 қазан.
Берн, 2017
Халықаралық бюроның
Бас директоры
Бишар А. Хуссейн