Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 2 қарашадағы № 370-VI ҚРЗ.

      Баспасөз релизі

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) 17-бапта:

      тақырыптағы "тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлерін өткізу" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "ақылы негізде өткізуге" деген сөздер "өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Мемлекеттік архивтер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы" деген сөздер "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 18-баптың 2-тармағында:

      2-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-6) мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 2-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-9) мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу;";

      3) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру

      Мемлекеттік архивтерді қаржыландыру:

      1) бюджет қаражаты;

      2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін алынған қаражат есебінен жүзеге асырылады.".

      2. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 108-құжат):

      1) 1-бапта:

      1-1), 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;";

      "2-1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;

      2-2) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі – баспасөз архиві) – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;

      2-3) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктердің және пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар;";

      мынадай мазмұндағы 2-4) және 3-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;";

      "3-6) мәдени-бұқаралық іс-шара – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;";

      13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-3) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;";

      2) 7-бапта:

      9-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      9-2) мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді және оны іріктеу өлшемшарттарын белгілейді;";

      9-3) тармақша алып тасталсын;

      15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 15-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-2) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілейді;";

      20-2) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-2) Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорын қалыптастыру мен есепке алу және оған қолжетімділікті ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" немесе "Үлгілі" атағын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;";

      мынадай мазмұндағы 35-8), 35-9) және 35-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35-8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-9) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      35-10) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;";

      4) 9-1-баптың 5-тармағының 4) тармақшасындағы "орналастыруға міндетті." деген сөздер "орналастыруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға;

      6) әртістермен жасалған шарттар негізінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізгенге дейін және оларды өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде олардың тиісті мінез-құлқын, оның ішінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін олардың аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуін қамтамасыз етуге;

      7) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.";

      5) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары

      Шығармашылық одақтарды, шығармашылық қызметкерлерін, талантты жастарды қолдау және ілгерілету мақсатында шығармашылық бастамаларды қолдау қорлары құрылуы мүмкін.";

      6) 19-1 және 19-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1-бап. Көркемдік кеңестер

      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мақсатында уәкілетті орган консультативтік-кеңесші органдар – театр, музыкалық және концерттік қызмет, цирк өнері, кітапхана ісі, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөнінде салалық көркемдік кеңестер құрады.

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары консультативтік-кеңесші органдар – музей-кітапхана ісі, театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөнінде өңірлік көркемдік кеңестер құрады.

      Салалық және өңірлік көркемдік кеңестер құрамына мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, мамандар, шығармашылық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      2. Салалық көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мәдениет пен өнердің жоғары көркем туындыларын – бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Өңірлік көркемдік кеңестердің негізгі функциясы мемлекеттік коммуналдық театрлардың, цирктердің, музейлердің, кітапханалардың және концерттік ұйымның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгілік ережені уәкілетті орган бекітеді.

      19-2-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу

      1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін уәкілетті орган қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін әдебиетті қабылдап алуды жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті органға келіп түскен әдебиет оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ сатып алудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін уәкілетті орган құратын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Сараптама комиссиясы) қарауына енгізіледі. Сараптама комиссиясы туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.

      3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында, уәкілетті орган жанынан құрылатын Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына енгізіледі. Ведомствоаралық комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу үшін негіз болып табылады.

      5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін уәкілетті орган белгілейді.";

      7) мынадай мазмұндағы 19-3-баппен толықтырылсын:

      "19-3-бап. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару

      1. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында алдын ала іріктеуден өткен әдебиетті уәкілетті орган оның көркемдік құндылығының болуы, сондай-ақ басып шығарудың өзектілігі, орындылығы тұрғысынан зерделеу және ол бойынша қорытынды дайындау үшін Сараптама комиссиясының қарауына енгізеді.

      3. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған әдебиет қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде басып шығару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізіледі.

      4. Ведомствоаралық комиссияның оң шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару үшін негіз болып табылады.

      5. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын шарттарда айқындалады.";

      8) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары және мемлекет жүз пайыз қатысатын мәдениет ұйымдары иеліктен шығаруға жатпайды.";

      9) 24-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөліктегі "Мемлекеттік кітапханалар", "тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуге" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар", "тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Мемлекеттік кітапханалар" деген сөздер "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 24-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінімдер қабылдауды және алдын ала іріктеуді;

      4-2) баспа ісін қолдау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды және өткізуді;";

      11) 24-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-2-бап. Басылымның міндетті тегін даналары

      Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында қағаз жеткізгіште басылымның міндетті тегін даналарын бірінші басылып шығарылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде басып шығарушы немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлға ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бірінші басылып шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жібереді.";

      12) мынадай мазмұндағы 24-3-баппен толықтырылсын:

      "24-3-бап. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы

      1. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау мақсатында құрылады.

      2. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының міндеттері:

      Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасына енгізу үшін құжаттарды іріктеу;

      Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының кітапханалар қорларында бар объектілерінің жиынтығын қалыптастыру;

      пайдаланушылардың Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін шарттар негізінде жасалған:

      мерзімді басылымдардың міндетті тегін даналарын қоспағанда, баспа өнімінің;

      жеке алғанда немесе коллекцияда ерекше құндылығы бар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың, құжаттар мен басылымдардың;

      мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шығарылған қоғамдық маңызы бар әдебиеттер мен басылымдардың;

      басылымның міндетті тегін даналарының;

      ғылыми-зерттеу жұмыстары есептерінің, авторефераттардың, диссертациялардың;

      өлкетану әдебиеттерінің;

      зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы басылымдардың;

      Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы қорының объектілері болып табылады.

      4. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасының қорларына – Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы және бірыңғай электрондық оқырман билеті арқылы, Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасымен қорғалатын құжаттарға биллинг жүйесі қолданыла отырып қолжетімділікті қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

      Ескертпе. Осы баптың мақсатында биллинг жүйесі деп пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, оларды тарифтеуге және ақы төлеу үшін шоттар ұсынуға арналған жүйе түсініледі.";

      13) 25-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын, ақы төлеу міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге құқылы.

      Мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.";

      5-тармақтың бірінші абзацындағы "Мемлекеттік музейлер мен қорық-музейлердің" деген сөздер "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі

      1. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қызметі, оның ішінде гастрольдік қызмет шарт негізінде жүзеге асырылады.

      2. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар:

      1) іс-шара өткізгенге дейін және өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуге;

      2) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға;

      3) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.";

      15) 31-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Шығармашылық одақтарды қаржыландыру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ филантроптық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет есебінен жүзеге асырылады.

      2-2. Шығармашылық бастамаларды қолдау қорларын қаржыландыру, мемлекеттік бюджет қаражатын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қаражат есебінен жүзеге асырылады.".

      3. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат):

      214-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікті "Мәдениет туралы" және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды."

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам культуры

Закон Республики Казахстан от 2 ноября 2020 года № 370-VI ЗРК.

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 22 декабря 1998 года "О Национальном архивном фонде и архивах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 24, ст.435; 2001 г., № 21-22, ст.286; 2003 г., № 10, ст.53; 2004 г., № 23, ст.142; 2006 г., № 3, ст.22; № 13, ст.86; 2007 г., № 8, ст.55; 2009 г., № 11-12, ст.53; № 18, ст.84; 2010 г., № 5, ст.23; № 10, ст.48; № 17-18, ст.111; 2011 г., № 1, ст.2; № 5, ст.43; № 11, ст.102; 2012 г., № 4, ст.32; № 15, ст.97; 2013 г., № 14, ст.75; 2014 г., № 1, ст.4; № 4-5, ст.24; № 16, ст.90; № 19-I, 19-II, ст.96; № 21, ст.122; № 23, ст.143; 2015 г., № 19-II, ст.105; № 20-IV, ст.113; № 22-II, ст.145; № 22-V, ст.156; 2016 г., № 7-I, ст.50; 2017 г., № 14, ст.50; 2018 г., № 9, ст.31; № 10, ст.32; № 24, ст.93):

      1) в статье 17:

      в заголовке слова "реализации государственными архивами платных видов" заменить словами "оказания государственными архивами платных видов деятельности по реализации";

      в пункте 1:

      в части первой слова "реализовывать товары (работы, услуги) на платной основе" заменить словами "оказывать платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг)";

      в части второй слова "товаров (работ, услуг), реализуемых государственными архивами," заменить словами "деятельности по реализации товаров (работ, услуг)";

      2) в пункте 2 статьи 18:

      подпункт 2-6) изложить в следующей редакции:

      "2-6) утверждение правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными архивами и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг);";

      дополнить подпунктом 2-9) следующего содержания:

      "2-9) установление цен на товары (работы, услуги), реализуемые государственными архивами;";

      3) статью 21 изложить в следующей редакции:

      "Статья 21. Финансирование государственных архивов

      Финансирование государственных архивов осуществляется за счет:

      1) бюджетных средств;

      2) средств, полученных за оказание платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг).".

      2. В Закон Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2006 г., № 24, ст.147; 2008 г., № 23, ст.124; 2010 г., № 5, ст.23; № 10, ст.49; № 15, ст.71; № 24, ст.149; 2011 г., № 5, ст.43; № 11, ст.102; 2012 г., № 2, ст.13; № 3, ст.25; № 15, ст.97; 2013 г., № 9, ст.51; № 14, ст.75; 2014 г., № 1, ст.4; № 10, ст.52; № 19-I, 19-II, ст.96; 2015 г., № 10, ст.50; № 19-II, ст.105; № 22-I, ст.140; 2016 г., № 2, ст.9; 2017 г., № 9, ст.18; 2018 г., № 14, ст.42; № 15, ст.46; № 24, ст.93; 2019 г., № 1, ст.2, 4; № 7, ст.36; № 21-22, ст.91; № 23, ст.108):

      1) в статье 1:

      подпункты 1-1), 2-1), 2-2) и 2-3) изложить в следующей редакции:

      "1-1) обязательный бесплатный экземпляр издания – экземпляр издания на бумажном носителе и (или) в электронной форме (текстовые, нотные, картографические, изоиздания), прошедший редакционно-издательскую обработку, имеющий выходные данные и подлежащий передаче на безвозмездной основе в организации культуры, определяемые настоящим Законом;";

      "2-1) сводный электронный каталог библиотек Казахстана – электронный информационный ресурс, содержащий библиографические сведения о фондах библиотек Республики Казахстан;

      2-2) архив печати Республики Казахстан (далее – архив печати) – совокупность печатной продукции, находящейся в фонде Национальной государственной книжной палаты Республики Казахстан;

      2-3) нематериальное культурное наследие Республики Казахстан – обычаи, формы представления и выражения, знания и навыки, а также связанные с ними инструменты, предметы, передаваемые из поколения в поколение и являющиеся нематериальной культурной ценностью;";

      дополнить подпунктами 2-4) и 3-6) следующего содержания:

      "2-4) Государственный каталог музейного фонда Республики Казахстан – электронный информационный ресурс, содержащий сведения обо всех музейных предметах и музейных коллекциях, включенных в музейный фонд Республики Казахстан;";

      "3-6) культурно-массовое мероприятие – культурное мероприятие, направленное на музыкально-эстетическое воспитание населения, удовлетворение его духовных и эстетических запросов;";

      подпункт 13-3) изложить в следующей редакции:

      "13-3) зрелищное культурно-массовое мероприятие – культурно-массовое мероприятие, проводимое в местах для проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий и предполагающее одновременное нахождение на этом мероприятии двухсот и более зрителей;";

      2) в статье 7:

      подпункты 9-1) и 9-2) изложить в следующей редакции:

      "9-1) организует работу по приобретению на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее изданию для распространения в государственные библиотеки и иные государственные организации;

      9-2) разрабатывает и утверждает правила приобретения на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее издания для распространения в государственные библиотеки и иные государственные организации, и устанавливает критерии ее отбора;";

      подпункт 9-3) исключить;

      подпункт 15-1) изложить в следующей редакции:

      "15-1) разрабатывает и утверждает правила оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг);";

      дополнить подпунктом 15-2) следующего содержания:

      "15-2) устанавливает цены на товары (работы, услуги), реализуемые государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения;";

      подпункты 20-2) и 28) изложить в следующей редакции:

      "20-2) разрабатывает и утверждает правила формирования и учета фонда Казахстанской национальной электронной библиотеки и организации доступа к нему;";

      "28) разрабатывает и утверждает правила присвоения звания "Народный" или "Образцовый" коллективам художественной самодеятельности;";

      дополнить подпунктами 35-8), 35-9) и 35-10) следующего содержания:

      "35-8) разрабатывает и утверждает правила изготовления и реализации билетов в государственных организациях культуры;

      35-9) разрабатывает и утверждает правила пользования сводным электронным каталогом библиотек Казахстана;

      35-10) разрабатывает и утверждает правила информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений;";

      3) статью 8 дополнить подпунктом 4-2) следующего содержания:

      "4-2) создает региональные художественные советы и утверждает положения о них;";

      4) пункт 5 статьи 9-1 дополнить подпунктами 5), 6) и 7) следующего содержания:

      "5) не использовать контент, направленный на пропаганду или агитацию насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности Республики Казахстан, подрыва безопасности государства, войны, социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, культа жестокости и насилия, также противоречащий общепринятым нормам морали и нравственности;

      6) обеспечить надлежащее поведение артистов при обращении со зрителями до проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий и во время их проведения, в том числе недопущение их аморального, неэтичного поведения, которое может выражаться в ненормативной лексике, употреблении алкогольных напитков, наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов и прекурсоров, на основе заключенных договоров c ними;

      7) информировать зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений во время проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий.";

      5) дополнить статьей 17-1 следующего содержания:

      "Статья 17-1. Фонды поддержки творческих инициатив

      В целях поддержки и продвижения творческих союзов, творческих работников, талантливой молодежи могут создаваться фонды поддержки творческих инициатив.";

      6) статьи 19-1 и 19-2 изложить в следующей редакции:

      "Статья 19-1. Художественные советы

      1. В целях совершенствования государственной политики в сфере культуры уполномоченным органом создаются консультативно-совещательные органы – отраслевые художественные советы по театральной, музыкальной и концертной деятельности, цирковому искусству, библиотечному делу, музейному делу и археологии, изобразительному искусству, архитектуре и дизайну, литературе и книгоизданию.

      Местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения и столицы создаются консультативно-совещательные органы – региональные художественные советы по музейно-библиотечному делу, театрально-цирковому искусству, музыкально-концертной деятельности.

      В состав отраслевых и региональных художественных советов входят видные деятели, ученые, специалисты, представители творческих объединений в области культуры.

      2. Основной функцией отраслевых художественных советов является выработка предложений по координации деятельности государственных организаций культуры с целью создания конкурентоспособного отечественного продукта – высокохудожественных произведений культуры и искусства.

      Основной функцией региональных художественных советов является выработка предложений по совершенствованию деятельности государственных коммунальных театров, цирков, музеев, библиотек и концертной организации.

      Типовое положение о региональных художественных советах утверждается уполномоченным органом.

      Статья 19-2. Приобретение на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу

      1. Для распространения общественно значимой литературы в государственные библиотеки и иные государственные организации уполномоченный орган осуществляет прием литературы для приобретения на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу.

      2. Литература, поступившая в уполномоченный орган, вносится на рассмотрение Экспертной комиссии по приобретению на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее изданию (далее – Экспертная комиссия), создаваемой уполномоченным органом, для изучения на предмет наличия в ней художественной ценности, а также актуальности, целесообразности приобретения и подготовки по ней заключения. Положение об Экспертной комиссии и ее состав утверждаются уполномоченным органом.

      3. Литература, получившая положительное заключение Экспертной комиссии, в целях выработки предложений и рекомендаций по приобретению на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу вносится на рассмотрение Межведомственной комиссии по приобретению на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу и (или) ее изданию (далее – Межведомственная комиссия), создаваемой при уполномоченном органе. Положение о Межведомственной комиссии и ее состав утверждаются уполномоченным органом.

      4. Положительное решение Межведомственной комиссии является основанием для приобретения на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу.

      5. Ставки вознаграждения авторам за приобретение на определенный срок имущественных прав на общественно значимую литературу, а также экспертам за представление экспертного заключения устанавливаются уполномоченным органом.";

      7) дополнить статьей 19-3 следующего содержания:

      "Статья 19-3. Издание общественно значимой литературы

      1. Для распространения общественно значимой литературы в государственные библиотеки и иные государственные организации Национальная государственная книжная палата Республики Казахстан осуществляет прием и предварительный отбор заявок на издание общественно значимой литературы.

      2. Литература, прошедшая предварительный отбор в Национальной государственной книжной палате Республики Казахстан, вносится уполномоченным органом на рассмотрение Экспертной комиссии для изучения на предмет наличия в ней художественной ценности, а также актуальности, целесообразности издания и подготовки по ней заключения.

      3. Литература, получившая положительное заключение Экспертной комиссии, в целях выработки предложений и рекомендаций по изданию как общественно значимой литературы вносится на рассмотрение Межведомственной комиссии.

      4. Положительное решение Межведомственной комиссии является основанием для издания общественно значимой литературы.

      5. Сроки издания общественно значимой литературы определяются договорами, заключаемыми в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      8) пункт 3 статьи 21 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственные организации культуры и организации культуры со стопроцентным участием государства не подлежат отчуждению.";

      9) в пункте 4 статьи 24:

      в части первой слова "Государственные библиотеки вправе реализовывать товары (работы, услуги)" заменить словами "Государственные библиотеки, созданные в организационно-правовой форме государственного учреждения, вправе оказывать платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг)";

      в части второй слова "Государственные библиотеки" заменить словами "Государственные библиотеки, созданные в организационно-правовой форме государственного учреждения,";

      10) пункт 2 статьи 24-1 дополнить подпунктами 4-1) и 4-2) следующего содержания:

      "4-1) прием и предварительный отбор заявок на издание общественно значимой литературы;

      4-2) организацию и проведение мероприятий по поддержке издательского дела;";

      11) статью 24-2 изложить в следующей редакции:

      "Статья 24-2. Обязательные бесплатные экземпляры издания

      В целях сохранения культурного наследия народа Казахстана обязательные бесплатные экземпляры издания на бумажном носителе в течение тридцати календарных дней со дня первого издания направляются производителем или по его поручению третьим лицом в национальные библиотеки и Национальную государственную книжную палату Республики Казахстан, в электронной форме в течение трех рабочих дней со дня первого издания – в Национальную государственную книжную палату Республики Казахстан.";

      12) дополнить статьей 24-3 следующего содержания:

      "Статья 24-3. Казахстанская национальная электронная библиотека

      1. Казахстанская национальная электронная библиотека создается в целях сохранения культурного наследия народа Казахстана.

      2. Задачами Казахстанской национальной электронной библиотеки являются:

      отбор документов для включения в Казахстанскую национальную электронную библиотеку;

      формирование совокупности объектов Казахстанской национальной электронной библиотеки, содержащихся в фондах библиотек;

      обеспечение доступа пользователей к объектам Казахстанской национальной электронной библиотеки.

      3. Объектами фонда Казахстанской национальной электронной библиотеки являются созданные на основе договоров, обеспечивающих соблюдение авторского права, в электронной форме копии:

      печатной продукции, за исключением обязательных бесплатных экземпляров периодических изданий;

      редких книг и рукописей, документов и изданий, представляющих особую ценность (историческую, художественную, научную, литературную), отдельно или в коллекциях;

      общественно значимой литературы и изданий, выпущенных в рамках государственных программ;

      обязательных бесплатных экземпляров издания;

      отчетов научно-исследовательских работ, авторефератов, диссертаций;

      краеведческой литературы;

      специализированных изданий для незрячих и слабовидящих граждан;

      документов, охраняемых законодательством Республики Казахстан об авторском праве и смежных правах.

      4. Обеспечение доступа к фондам Казахстанской национальной электронной библиотеки осуществляется посредством сводного электронного каталога библиотек Казахстана и единого электронного читательского билета, к документам, охраняемым законодательством Республики Казахстан об авторском праве и смежных правах, – с применением биллинговой системы.

      Примечание. В целях настоящей статьи под биллинговой системой понимается система, предназначенная для автоматического выполнения операций учета услуг, предоставляемых пользователям, их тарификации и выставления счетов для оплаты.";

      13) в статье 25:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Государственные музеи и музеи-заповедники, созданные в организационно-правовой форме государственного учреждения, вправе оказывать платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг), не относящиеся к их основной деятельности, плата за которые не носит обязательного характера и определяется по соглашению с физическим или юридическим лицом.

      Деньги от реализации таких товаров (работ, услуг) используются в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.";

      в абзаце первом пункта 5 слова "Государственные музеи и музеи-заповедники" заменить словами "Государственные музеи и музеи-заповедники, созданные в организационно-правовой форме государственного учреждения,";

      14) статью 29 изложить в следующей редакции:

      "Статья 29. Деятельность творческих коллективов и исполнителей

      1. Деятельность творческих коллективов и исполнителей, в том числе гастрольная деятельность, осуществляется на договорной основе.

      2. При проведении культурно-массовых мероприятий творческие коллективы и исполнители обязаны:

      1) при обращении со зрителями до и во время проведения мероприятия не допускать аморального, неэтичного поведения, которое может выражаться в ненормативной лексике, употреблении алкогольных напитков, наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов и прекурсоров;

      2) информировать зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений;

      3) соблюдать требования, предусмотренные подпунктом 5) пункта 5 статьи 9-1 настоящего Закона.";

      15) статью 31 дополнить пунктами 2-1 и 2-2 следующего содержания:

      "2-1. Финансирование творческих союзов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственном социальном заказе, грантах и премиях для неправительственных организаций в Республике Казахстан, а также за счет филантропической деятельности и (или) спонсорской деятельности, и (или) меценатской деятельности.

      2-2. Финансирование фондов поддержки творческих инициатив осуществляется за счет средств, не запрещенных законами Республики Казахстан, за исключением средств государственного бюджета.".

      3. В Закон Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2011 г., № 5, ст.42; № 15, ст.118; № 16, ст.129; № 17, ст.136; № 24, ст.196; 2012 г., № 2, ст.11, 16; № 4, ст.30, 32; № 5, ст.41; № 6, ст.43; № 8, ст.64; № 13, ст.91; № 14, ст.95; № 21-22, ст.124; 2013 г., № 2, ст.13; № 8, ст.50; № 9, ст.51; № 15, ст.82; № 16, ст.83; 2014 г., № 1, ст.9; № 2, ст.10, 12; № 4-5, ст.24; № 7, ст.37; № 12, ст.82; № 19-І, 19-II, ст.94, 96; № 22, ст.131; № 23, ст.143; 2015 г., № 8, ст.42; № 11, ст.57; № 14, ст.72; № 19-І, ст.99; № 19-II, ст.103, 105; № 20-IV, ст.113; № 20-VII, ст.117; № 21-І, ст.124; № 21-II, ст.130; № 21-III, ст.135; № 22-II, ст.145, 148; № 22-VI, ст.159; № 23-II, ст.170, 172; 2016 г., № 7-І, ст.47; № 7-II, ст.56; № 8-І, ст.62; № 24, ст.124; 2017 г., № 4, ст.7; № 9, ст.22; № 11, cт.29; № 13, ст.45; № 14, cт.51, 54; № 15, ст.55; № 20, ст.96; № 22-III, ст.109; 2018 г., № 1, ст.4; № 7-8, ст.22; № 10, ст.32; № 11, ст.37; № 15, ст.47; № 19, ст.62; № 22, ст.82; № 23, ст.91; 2019 г., № 2, ст.6; № 5-6, ст.27; № 7, ст.37, 39; № 8, ст.45, 46; № 15-16, ст.67; № 19-20, ст.86; № 21-22, ст.91; № 23, ст.103, 106, 108; № 24-I, ст.118, 119; 2020 г., № 9, ст.33; № 12, ст.61; № 14, ст. 68):

      пункт 1 статьи 214 изложить в следующей редакции:

      "1. Имущество, которое может иметь историческую, научную, художественную или иную культурную ценность, рассматривается специальной комиссией по вопросам историко-культурного наследия и экспертной комиссией по особому режиму объектов национального культурного достояния, которые создаются в соответствии с законами Республики Казахстан "О культуре" и "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия".".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ