Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 2 қарашадағы № 370-VI ҚРЗ.

      2020 жылғы 2 қарашада "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды.

      Заңмен Қазақстан Республикасының "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы", "Мәдениет туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарына түзетулер енгізілді.

      Заңды қабылдаудың мақсаты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және кітапхана және баспа ісі саласындағы мәдениет саласын дамыту, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу сапасын реттеу және арттыру, сондай-ақ шығармашылық одақтармен өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

      Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру тәртібін көздейтін норманы енгізу электрондық кітапхана қорын кеңейтуге, мәдени құндылықтарды және Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілігін сақтауды, сондай-ақ халықтың зияткерлік әлеуетін арттыру және қазақстандық ғылым мен мәдениетті танымал ету үшін жағдайларды қамтамасыз ететін Қазақстанның бүкіл кітапхана желісін біріктіруге мүмкіндік береді.

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына баспа ісін жетілдіру жөнінде нормалар енгізу сатып алынатын және басып шығарылатын қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеудің ашықтығын, сондай- ақ тақырыптық үйлестіруді, оқырман аудиториясын тартуды, жаңа сапалы әдеби шығармалар жасауды ынталандыруды және Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Концерттік қызметті реттеу азаматтардың концерттік қызмет саласында көрсетілетін қызметтерге наразылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қабылданған норма ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуді және концерттік іс-шаралардың сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

      Шығармашылық одақтарды мемлекеттік қолдау елде әлеуметтік саясатты жүргізуде қатынастардың жаңа моделін қалыптастыруға серпін береді. Уәкілетті органның шығармашылық үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық жүйесі жетілдірілетін болады.

      Бұдан басқа, қабылданған түзетулер мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қызметтің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

      Заңды қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз