1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 26 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
37-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 7-6) тармақшасындағы "аумақтық суларда (теңізде)" деген сөздер "аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 6 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 154-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушылар теңізде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең озық практиканы басшылыққа алуға, кеме қатынасына, кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану мен қорғауға және әдетте теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де құқыққа сыйымды қызметке кедергі жасамауға және зиян келтірмеуге міндетті.";
2) 157-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Теңіз объектілерінің айналасында осындай теңіз объектілерінің сыртқы шетінің әрбір нүктесінен өлшенетін бес жүз метр қашықтыққа созылатын қауіпсіздік аймақтары белгіленеді. Теңіз объектілері, сондай-ақ оларды қоршайтын қауіпсіздік аймақтары халықаралық кеме қатынасы мен балық аулау үшін маңызды мәні бар теңіз жолдарында кедергі болмайтын орындарда орналастырылады.".
3. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 38-құжат; № 21-22, 91-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағында:
5) тармақшадағы "республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік терроризмге қарсы күрес жөніндегі" деген сөздер "терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "ішкі суларында, аумақтық теңізінде" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "ішкі суларында және аумақтық теңізінде, Қазақстан Республикасының" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында," деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-3-бапта:
тақырыптағы "ішкі суларында, аумақтық теңізінде" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актісінің қатерін жою мақсатында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қару мен жауынгерлік техниканы" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларында, балық аулау аймағында, континенттік қайраңында терроризм актісінің қатерін жою мақсатында және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 19-І, 100-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2021 жылғы 27 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-5-баптың 1-тармағындағы "ішкі теңіз суларында жəне аумақтық теңізде" деген сөздер "ішкі жəне аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 243-баптың 1-тармағындағы "Iшкi теңiз суларында немесе аумақтық теңiзде" деген сөздер "Ішкі немесе аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 245-баптың 1-тармағындағы "ішкі теңіз суларында жəне аумақтық теңізде" деген сөздер "ішкі жəне аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 247-бапта:
1) тармақшадағы "аумақтық теңізде" деген сөздер "аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "аумақтық теңізде" деген сөздер "аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 5 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) балық ресурстары және басқа да су жануарлары – сулы ортада мекендейтін барлық жануардың жалпы жиынтығы, оның ішінде өсімдіктерді қоспағанда, су биологиялық ресурстары;";
мынадай мазмұндағы 32-1) және 58-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"32-1) бірлескен су биологиялық ресурстары – басқаруды Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттер бірлесіп жүзеге асыратын су биологиялық ресурстары;";
"58-1) заңсыз, хабарлаусыз және реттеусіз кәсіпшілік – жеке және заңды тұлғалардың су биологиялық ресурстарын олардың табиғи мекендеу ортасынан алу жөніндегі құқыққа сыйымсыз және (немесе) регламенттелмеген қызметі;";
60-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"60-1) кәсіпшілік – мақсаты су биологиялық ресурстарын олардың табиғи мекендеу ортасынан алу болып табылатын, жеке және заңды тұлғалардың қызметі;";
мынадай мазмұндағы 60-2), 63-2) және 67-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"60-2) кәсіпшілік күш-жігер – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялардың, оның ішінде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдарының, жүзу құралдарының, балықшылардың жол берілетін санын қамтитын көлемі;";
"63-2) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстары кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;";
"67-1) ортақ су кеңістігі – балық аулау аймақтарының сыртқы шегінен тыс орналасқан және Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мемлекеттердің пайдалануындағы Каспий теңізі акваториясының бір бөлігі;";
71-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"71-1) су биологиялық ресурстары – аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде мекендейтін балықтар, моллюскалар, шаян тәрізділер, сүтқоректілер және су жануарлары мен өсімдіктерінің басқа да түрлері;";
мынадай мазмұндағы 71-2) тармақшамен толықтырылсын:
"71-2) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсіруге байланысты шаруашылық қызмет түрі;";
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 77-15) тармақшамен толықтырылсын:
"77-15) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;";
3) 14-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы "шектеу белгіленеді." деген сөздер "шектеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) заңсыз, хабарлаусыз, реттеусіз кәсіпшілікке, сондай-ақ су биологиялық ресурстарынан дайындалған өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар белгіленеді.";
4) 34-баптың 2-тармағында:
бірінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кәсіпшілік балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бір мезгілде көп мөлшерде аулауға мүмкіндік беретін аулау құралдарымен балық ресурстарын және басқа да су жануарларын олардың табиғи мекендеу ортасынан алуды қамтамасыз ететін кешенді процесс.";
"Теңізде аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын бекітіліп берілген учаскелер шегінен тыс су айдындарының (теңіздердің, көлдердің) ашық бөлігінде, сондай-ақ балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылатын аулау.";
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бірлескен су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігі аумақтық суларда, балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асырылады.";
5) 55-баптың 3-тармағы 2) тармақшасындағы "жіберуге міндетті." деген сөздер "жіберуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) заңсыз, хабарлаусыз, реттеусіз кәсіпшілікке, сондай-ақ су биологиялық ресурстарынан дайындалған өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауға міндетті.".
6. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
11-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балық аулау аймағын және континенттік қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлінуі туралы;".
7. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 21-22, 91-құжат):
6-баптың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы "аумақтық сулары (теңіздері)" деген сөздер "аумақтық сулары" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 8, 45-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 16, 77-құжат; № 21-22, 91-құжат):
1) 2-бапта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының енін есептеуге арналған бастапқы сызықтар (бұдан әрі – бастапқы сызықтар) – Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде және оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар;
5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (бұдан әрі – аумақтық сулар) – халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бастапқы сызықтардан бастап өлшенетін, ені он бес теңіз милі болатын, Қазақстан Республикасының егемендігі қолданылатын және сыртқы шегі Мемлекеттік шекара болып табылатын теңіз белдеуі;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;";
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы (бұдан әрі – континенттік қайраң) – Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға және су түбі мен жер қойнауының ресурстарын игеруге байланысты басқа да құқыққа сыйымды шаруашылық-экономикалық қызметке егеменді құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауының учаскесі (Каспий теңізінің қазақстандық секторы);
7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының ішкі сулары және аумақтық сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумақтары, өз шегінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын балық аулау аймағы, континенттік қайраң, сондай-ақ олардың үстіндегі әуе кеңістігі;";
9) тармақшаның екінші абзацындағы "Каспий теңізіндегі негізге алынатын" деген сөздер "бастапқы" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 2-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ішкі және аумақтық сулар режимі;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) балық аулау аймағы режимі;";
3) 7-баптың 2-тармағындағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "аумақтық суларының (теңізінің)" деген сөздер "аумақтық сулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 14-баптың 2-тармағындағы "Каспий теңізіндегі аумақтық сулардың (теңіздің)" деген сөздер "аумақтық сулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 15-бапта:
2-тармақтағы "аумақтық суларда (теңізде)" деген сөздер "аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "аумақтық суларға (теңізге) немесе ішкі суларға" деген сөздер "ішкі немесе аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті кәсіпшілік өнімдерін шетелдік кемелерге, сондай-ақ мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдерін және өзге де өнімдерді өткізу немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызметті жүргізген жағдайда, өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей жүзеге асыратын қазақстандық кемелер кеменің тұрған жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық, кедендік бақылаудан және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады.";
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "аумақтық суларына (теңізге), ішкі суларына" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 30-баптың 3) тармақшасындағы "аумақтық суларға (теңізге) немесе ішкі суларға" деген сөздер "ішкі немесе аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Ішкі және аумақтық сулар режимі";
10) 44-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"44-бап. Ішкі және аумақтық сулар режимі";
бірінші абзацтағы "Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар", "аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар" деген сөздер тиісінше "Ішкі және аумақтық сулар", "ішкі және аумақтық сулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар" деген сөздер "Ішкі және аумақтық сулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар" деген сөздер "Ішкі және аумақтық сулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 45-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда", "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер тиісінше "Ішкі және аумақтық суларда", "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 48-бапта:
тақырыптағы "аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы "аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Аталған шектеу осы Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығын пайдаланатын қазақстандық кәсіпшілік кемелеріне қолданылмайды.";
5-тармақтағы "Аумақтық суларда (теңізге) және ішкі суларда" деген сөздер "Ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 49-бапта:
тақырыптағы "Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "Ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы "Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда", "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер тиісінше "Ішкі және аумақтық суларда", "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Аумақтық сулардың (теңіздің)" деген сөздер "Аумақтық сулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 50-бапта:
1-тармақтағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақтағы "Аумақтық сулар (теңіз)" деген сөздер "Аумақтық сулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"аумақтық суларда (теңізде)" деген сөздер "аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"аумақтық суларды (теңізді)" деген сөздер "аумақтық суларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 51-бапта:
тақырыптағы "Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "Ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "Аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "Ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы "Аумақтық суларға (теңізге)", "аумақтық суларда (теңізде)" деген сөздер тиісінше "Аумақтық суларға", "аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Аумақтық суларда (теңізде)" деген сөздер "Аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "аумақтық суларға (теңізге) және ішкі суларға" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметтің, оның ішінде континенттік қайраңның минералды немесе жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметтің жүргізілуін бақылау осы қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.";
16) 52-бапта:
тақырыптағы "Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар" деген сөздер "Ішкі және аумақтық сулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) және 2) тармақшалардағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда", "аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар" деген сөздер тиісінше "ішкі және аумақтық суларда", "ішкі және аумақтық сулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар" деген сөздер "Ішкі және аумақтық сулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
"6-1-тарау. Балық аулау аймағы режимі
52-1-бап. Балық аулау аймағы режимі
1. Балық аулау аймағында балық аулау аймағы режимі – су биологиялық ресурстары кәсіпшілігінің және оларды зерттеулердің тәртібі қолданылады.
2. Балық аулау аймағы режимі Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
3. Балық аулау аймағы режимінің негізгі мақсаты су биологиялық ресурстары кәсіпшілігінің және оларды зерттеулердің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.
4. Балық аулау аймағы режимінің сақталуын бақылау жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
5. Балық аулау аймағында су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін және оларды зерттеулерді жүргізу тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
52-2-бап. Балық аулау аймағында су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін және оларды зерттеулерді жүргізу
1. Балық аулау аймағында су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін және оларды зерттеулерді жүргізу Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе осындай залал келтіру қатерін болғызбауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және өзге уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергі жасамауға тиіс.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттар туралы хабардар етеді.
52-3-бап. Балық аулау аймағы режимін бұзу
1. Су биологиялық ресурстары кәсіпшілігінің және оларды зерттеулердің белгіленген тәртібін бұзу балық аулау аймағы режимін бұзу деп танылады.
2. Балық аулау аймағы режимін бұзуға байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңсыз қызметті тоқтату бойынша қажетті шаралар қолданады.";
18) 55-баптың 6), 12) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6) аумақтық сулардың сыртқы шегін айқындау үшін бастапқы сызықтарды, сондай-ақ географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) белгілейді;";
"12) қазақстандық кемелердің ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттардың қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды;";
"16) аумақтық сулардағы теңіз дәліздерін және қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілейді;";
19) 56-бапта:
2), 27) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өз өкілеттігі шегінде құрлықта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында, континенттік қайраңда және өткізу пункттерінде Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді, Мемлекеттік шекарада жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;";
"27) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының режимдік объектілерінде қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесін монтаждауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды бекітеді;";
"29) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарын күзетуді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
"29-1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында режимдік объектілер мен артиллериялық техникалық қару-жарақ сақтау орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;";
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"36) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының авиациясын қолдану қағидаларын бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 37-2) тармақшамен толықтырылсын:
"37-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекітеді;";
20) 62-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру туралы хабардар ету тәртібін әзірлейді және бекітеді.";
21) 64-бапта:
1-тармақтағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Мемлекеттік шекарада, балық аулау аймағында және континенттік қайраңда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу;
5) шекаралық аймақта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраңда белгіленген режимдердің сақталуына дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;";
22) 66-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) шекаралық режимнің, ішкі және аумақтық сулардың, балық аулау аймағының және континенттік қайраңның белгіленген режимдерінің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауға, шекаралық аймаққа кіретін орындарда бақылау бекеттерінің қызметін ұйымдастыруға;";
19) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 67-бапта:
5) тармақшадағы "аумақтық суларды (теңізді) және континенттік қайраңды" деген сөздер "аумақтық суларды, балық аулау аймағын және континенттік қайраңды" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшадағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) егер ізге түсу ішкі немесе аумақтық суларда, балық аулау аймағында не континенттік қайраң үстіндегі су кеңістігінде тоқтау туралы көзге көрінетін немесе дыбыстық сигналды (олар осы сигналды көруі немесе естуі мүмкін болатындай қашықтықтан) бергеннен кейін басталса және үздіксіз жүргізілсе, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе заңнамасын бұзған кемелер (мұз үстімен жылжитын құралдар) өз елінің немесе үшінші мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін олардың ізіне түсуге және оларды ұстауға құқығы бар.";
1) тармақшадағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 4) тармақшалардағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 69-бапта:
2) тармақшадағы "аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда" деген сөздер "ішкі және аумақтық суларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "аумақтық сулардағы (теңіздегі)" деген сөздер "аумақтық сулардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 70-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "аумақтық суларының (теңізінің)" деген сөздер "аумақтық сулардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын, 5-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасының екінші абзацын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 8-тармағы 12) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 19) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, 2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |