1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
53-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету;".
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:
1) 78-баптың екінші бөлігі 7) тармақшасындағы "қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды." деген сөздер "қатысушысы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куә ретінде жауап алынуға жатпайды.";
2) 146-баптың төртінші бөлігіндегі "547 – 551-баптарында" деген сөздер "547 – 551-1-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 551-1-баппен толықтырылсын:
"551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оны бір тәулік ішінде міндетті түрде хабардар ете отырып жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарламаны алғаннан кейін жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім беріп, бұл туралы қаулы шығарады не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелеріне қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайды.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді, қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, өзінің өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді күдікті деп тану, оның іс-әрекеттерін саралау туралы қаулыларды, сондай-ақ ұстап алуды, күштеп әкелуді қолдану, күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтінішхаттарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына келісуге жібереді.
4. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселені Нұр-Сұлтан қаласының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде шешеді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келіскен кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзартуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізеді.
Осы Кодекске сәйкес санкциялануға жататын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияларды Нұр-Сұлтан қаласының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде береді.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бередi, ол осы Кодекстің 301 - 305-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.";
4) 552-бапта:
тақырып "Бас Прокурорына" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік:
"Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге" деген сөздермен толықтырылсын;
"551-бабының төртінші бөлігінде" деген сөздерден кейін ", 551-1-бабында" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 55-баптың бірінші бөлігі "азаматтар" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 57-баптың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы "4)" деген цифрдан кейін ", 4-1)" деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 58-бапта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;";
екінші бөліктегі "Өкілдің" деген сөз "Осы баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған адамды қоспағанда, өкілдің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 80-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы айғақтар беруге міндетті емес. Ол айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін оны қандай да бір жауаптылыққа тартуға болмайды.".
4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
3-баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасы "Жоғары Сот Кеңесі туралы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің өздеріне тиесілі мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау үшін сотқа, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар.".
6. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Осы Заңда көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдері не Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестердің отырыстарына қатыса алады.".
7. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 1-1) тармақшасы "судья," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл," деген сөздермен толықтырылсын;
11-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |