ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 46-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бас бостандығынан айыруды:
1) қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде:
абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдарға;
осы Кодекстің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген, күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдарға;
қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Кодекстің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдарға;
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған қасақана қылмыс жасағаны үшiн алғаш рет сотталған адамдарға өтеу тағайындалады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылмайды;
2) қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде:
бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;
бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;
бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға;
3) қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде:
бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;
бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға;
бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдарға;
4) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады.
Үкімдердің жиынтығы кезінде бас бостандығынан айыруды өтеу үшін осы бөліктің ерекшеліктерін ескере отырып, жиынтыққа кіретін үкімдердің бірінде белгіленген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.
6. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн.";
2) 63-баптың алтыншы бөлігі "экстремистік қылмыс," деген сөздерден кейін "азаптаулар," деген сөзбен толықтырылсын;
3) 72-баптың сегізінші бөлігі 4) тармағындағы "сотталған адамдарға қолданылмайды." деген сөздер "сотталған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
"5) жүкті әйелдердің, жас балалары бар әйелдердің, жас балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ерлердің, елу сегіз және одан үлкен жастағы әйелдердің, алпыс үш және одан үлкен жастағы ерлердің, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың қылмыстық топтың құрамында адамды қасақана өлтіру жағдайларын қоспағанда, осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.";
4) 75-бапта:
тақырып және екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"75-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру";
"2. Өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамға сот жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдануы мүмкін не оны сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiне ауыстырылуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"4. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адамның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасау жағдайын қоспағанда, осындай қылмыс, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасауға ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылмайды.";
5) 79-бапта:
тоғызыншы бөлік "шектеулерді" деген сөзден кейін "және осы баптың оныншы бөлігінде көзделген жағдайды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
"10. Сот қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін айқындаған кезде сотталғандықты жою немесе алып тастау ескерілмейді.";
6) 106-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы "көрінеу белгілі" деген сөздерден кейін "не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 107-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы "көрінеу белгілі" деген сөздерден кейін "не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 110-баптың екінші бөлігінің 4) тармағы алып тасталсын;
9) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"146-бап. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар
1. Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, яғни азаптау белгілері болмаған кезде лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Азаптаулар, яғни лауазымды адамның немесе ресми түрде әрекет ететін адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату не оны өзі немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдiк келтірілген әрекет үшiн жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi тұлғаны қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруі –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бiрнеше рет;
3) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіріле отырып;
4) кінәлі адамға жүктілік жағдайында екені көрінеу белгілі әйелге немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өліміне алып келген іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпелер.
1. Лауазымды адамдардың және ресми түрде әрекет ететін адамдардың не басқа да адамдардың заңды әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген тән зардабы және (немесе) психикалық зардап қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас және азаптау деп танылмайды.
2. Ресми түрде әрекет ететін адам – осы Кодексте пайдаланылатын лауазымды адамның немесе билік өкілінің анықтамаларына жатпайтын, адам еңбек қатынастарында тұратын ұйымда тұрақты, уақытша не мерзімде негізде ұсталатын, ем алатын, оқитын немесе тәрбиеленетін адамға қатысты өкім етуші өкілеттіктері бар адам, оның ішінде: оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің (ұйымының), медициналық-әлеуметтік мекеменің (ұйымның) қызметкері, педагог, нұсқаушы, медицина қызметкері, сондай-ақ шарт бойынша қызметкерлер.";
10) 272-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацындағы "үш жылға дейінгі" деген сөздер "үш жылдан бес жылға дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттер –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
11) 293-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер –
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 187-баптың екінші бөлігі "144," деген цифрлардан кейін "146 (азаптауларға байланысты емес қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас жағдайларында үшінші және төртінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 191-баптың екінші бөлігі "143 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "146 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 199-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен толық тіркелген жағдайда, тергеу әрекетін жүргізетін адам алынған нақты деректерді және іс үшін маңызы бар анықталған мән-жайларды қысқаша баяндаумен шектелуге құқылы.";
4) 471-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
"1-1. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейiнге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы сот қаулылары сотталған адамды күзетілуден босатуға қатысты бөлігінде дереу орындалуға жатады.
Бұл ретте көрсетілген қаулыларға осы Кодекстің 48 және 49-тарауларында белгіленген қағидалар бойынша аппеляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
5) 476-баптың 7) тармағында:
"босату туралы," деген сөздер "босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы," деген сөздермен ауыстырылсын;
"жазадан босату" деген сөздер "сотталған адамды жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейiнге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 478-баптың жетінші бөлігіндегі "босату" деген сөз "жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 481-бапта:
тақырыптағы "Жазадан ауруына байланысты босату" деген сөздер "Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі "Жазаны өтеуден ауруына байланысты босату" деген сөздер "Ауруына байланысты жазаны өтеуден босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі "босатылғаннан" деген сөз "жазадан босатылғаннан немесе жазаны өтеу кейінге қалдырылғаннан" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі "Жазадан ауруына байланысты босату" деген сөздер "Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) 24-бап мынадай мазмұндағы 12-1-бөлікпен толықтырылсын:
"12-1. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамдар өзі босатылған не бекітіліп берілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бақылауында болады.";
2) 32-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы "және оның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы өкілі" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 89-баптың алтыншы және оныншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 4) тармағында көрсетілген сотталғандар;
2) өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасының күшін жоятын заңның қолданылуына байланысты өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар;
3) осы Кодекстің 92-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жіберілген сотталғандар өтейдi.";
"10. Сотталғандар камераларда тұратын бір мекемеде әртүрлі режим түрлері бар оқшауланған учаскелер жасалуы мүмкін.
Осы бөліктің камерада ұстау туралы талабы осы Кодекстің 94-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.";
4) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"92-бап. Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу
1. Қауіпсіздігі аралас, төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуі тағайындалған, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім олардың келісімімен, мекеме комиссиясы материалдарының негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру не төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
2. Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылған немесе төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, өзге адамдардан оқшауланып ұсталады.";
5) 94-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бiр мекемеде бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған және бұл жазаны бұрыннан өтеп жүрген әйелдер, оның ішінде соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар бөлек ұсталуы мүмкін.";
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жекелеген мекемелерде, сотталғандығының санына қарамастан, сотталғандар – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар ұсталады.
Сотталған әйелдерді – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлерін, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарды жеке ұстау мүмкін болмаған жағдайда, олар мекемелерде басқа сотталғандардан бөлек ұсталуы мүмкін.
Осы бөліктің күші қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге қолданылмайды.";
6) 96-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сотталғандар сот үкімі, қаулысы бойынша тағайындалған мерзiмнiң кемiнде жартысын толық қауіпсіз мекемеде өтегеннен кейін – толық қауіпсіз мекемеден қауіпсіздігі барынша жоғары немесе орташа қауіпсіз мекемеге;";
3-1-бөліктегі "және төтенше" деген сөздер алып тасталсын;
7) 103-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бір орташа қауіпсіз немесе қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің шегінде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемеде сотталғандар жазаны өтеудiң дағдылы, қатаң, жеңiлдетiлген және жеңiлдiктi жағдайларында болуы мүмкiн.";
екінші бөлік "Толық" деген сөзден кейін ", төтенше" деген сөзбен толықтырылсын;
8) 116-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мекемелердің балалар үйлерінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес балалардың қалыпты тұруы мен дамуына қажетті жағдайлар қамтамасыз етіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді.";
екінші бөлікте:
"балалар" деген сөз "бала (балалар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"балалар үш жасқа толғаннан кейін" деген сөздер "бала (балалар) үш жасқа толғаннан кейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Сотталған әйелдің мекеме әкімшілігіне өтінішхаты бойынша, мынадай:
жаза мерзімін өтеу бойынша босатуға;
сотталған әйелдің мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхат беру құқығы басталғанға дейін бір жылдан аз уақыт қалған жағдайларда, бала (балалар) төрт жасқа толғанға дейін сотталған әйелмен бірге қала алады.";
9) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелер
1. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасының күшін жоятын заңды қолдануға байланысты өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар камераларға орналастырылады.
Сотталғандармен тәрбие жұмысы камераларда ұстау талаптары ескеріле отырып ұйымдастырылады.
2. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстауға арналған төтенше қауіпсіз мекемелерге келгеннен кейін барлық сотталғандар жазасын өтеудің дағдылы жағдайларына орналастырылады.
3. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған және жазасын дағдылы және жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар жазаны өтеудің қатаң жағдайларына ауыстырылады.
Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.
4. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалар болмаған кезде бес жылдан кейін жүргізіледі.
Жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына ауыстыру бірінші дәрежедегі оң мінез-құлқы болған кезде бес жылдан кейін жүргізіледі.
5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылы жағдайларына, дағдылы жағдайларынан жеңілдетілген жағдайларына қайта ауыстыру осы баптың төртінші бөлігінде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.";
10) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"140-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары
1. Сотталғандардың ұзақтығы мынадай:
1) жазаны өтеудің қатаң жағдайларында – бір сағат;
2) жазаны өтеудің дағдылы жағдайларында – бір жарым сағат;
3) жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында – екі сағат күнделікті серуендеуге құқығы бар.
2. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
3. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.
4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жатқан сотталғандар камераларда тұрады.
Олар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл ішінде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесу алуға құқылы.";
11) 141-бап алып тасталсын;
12) 142-баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген сотталғандар;
2) осы Кодекстің 96-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тәртіппен ауыстырылған сотталғандар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген қасақана қылмыстар жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген сотталғандарды ұстауға арналған мекемелерге бөлінеді.";
13) 144-бапта:
бірінші бөліктегі "және төтенше қауіпсіз" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар, қасқөйлікпен бұзушы деп танылған, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын қатаң жағдайларда өтейді.
Бұл ретте, өтеудің қатаң жағдайларында өтеу мерзімі сотталғанның толық қауіпсіз мекемеге нақты келген күнінен бастап есептеледі.";
14) 157-баптың үшінші бөлігінде:
"және кәсіптік" деген сөздер ", кәсіптік және қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
15) 170-бапта:
тақырыптағы "Жазасын өтеуден ауруына байланысты босатылған" деген сөздер "Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
"жазасын одан әрі өтеуден босатылған" деген сөздер "жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ол босатылған" деген сөздерден кейін "не ол бекітілген" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "Босатылған" деген сөз "Жазадан босатылған не жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік "орындауды жалғастыру" деген сөздерден кейін "сотталғанның өтінішхаты бойынша не" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сотталған әйелдердің, кәмелетке толмағандардың жазасын өтеуіне арналған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, толық қауіпсіз мекемелерді және тергеу изоляторларын қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету;
4) Ұлттық ұлан күзететін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың, сондай-ақ олардың аумағындағы азаматтардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;";
2) 5-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Ұлттық ұлан күзететін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға, оларда ұсталатын адамдардан өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен және соттың үкімімен жүктелген міндеттерді орындауын талап етуге;".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |