Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. "Жеңiлдiк беру мен өтемақылық төлемдердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1994 жылғы 20 наурыздағы № 1612 Заң күші бар Жарлығын, ҚР 1994 жылғы 12 шілдедегі № 119 Заңын қараңыз.

      Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, "Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын.

      Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.

І бөлім.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Заңның мақсаты мен міндеттері

      Осы Заң Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс және олардың статусын, аумақтардың топталуын айқындайды, әлеуметтік оңалту шараларына мұқтаж адамдарға өтем мен жеңілдіктер белгілейді, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, тұрақты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, халықты экологиялық таза тамақ өнімдерімен, медицина құралдарымен, ауыз сумен басым жабдықтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жүйесін қалыптастыруға принципті көзқарастарды баянды етеді.

      Заң Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі шараларды жүзеге асырудың негізгі амалын белгілейді.

2-бап. Арал өңірі Қазақстан бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағын топтау

      Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесін, айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам денсаулығына әсерін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тұжырымдамасы негізінде Арал өңіріндегі экологиялық қасірет аумағы:

      экологиялық апат;

      экологиялық дағдарыс;

      экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлінеді.

3-бап. Экологиялық апат аймағы

      1. Экологиялық апат аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:

      халық өлімінің тұрақты өсуі;

      экологиялық себептерге байланысты амалсыздан көшіп кету;

      айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден халық өміріне қауіп төндіретін мөлшерде асып кетуі;

      экологиялық жүйенің толық күйреуі және олардың өздігінен қалпына келу қабілетін жоғалтуы;

      су объектілерінің ғасырлар бойы ауытқудан асып түсетін апатты жағдайда тайыздауы.

      2. Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының, Ақтөбе облысының Шалқар ауданының аумақтары кіреді.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Экологиялық дағдарыс аймағы

      1. Экологиялық дағдарыс аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:

      халықтың ерекше ауруларының тұрақты өсуі;

      айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден халық денсаулығына қауіп төндіретін мөлшерде асып кетуі;

      экологиялық жүйелердің түр-тұқым құрамының азаюы мен құрылымдық тұтастығының бұзылуы, экологиялық жүйелердің биологиялық өнімділігінің 75 процентке төмендеп кетуі;

      су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде дағдарысты жағдайда тайыздауы.

      2. Экологиялық дағдарыс аймағына Қызылорда облысы аудандарының (3-бапта көрсетілгендерінен басқа) аумақтары, Қызылорда қаласы және әкімшілік-аумақтық бағынысына кіретін елді мекендерді қоса алғанда, Байқоңыр қаласы кіреді.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ

      1. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:

      халықтың экологиялық дағдарыс жағдайына себепті байланысы бар ауруларының тұрақты өсуі;

      айналадағы табиғи ортада ластауыш заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден тұрақты асып кетуі;

      экологиялық жүйелердің сан жағынан алғанда түр-тұқымы құрамының азаюы және олардың биологиялық өнімділігінің кемінде 50 процент төмендеп кетуі;

      су объектілерінің орташа көп жылдық ауытқудан асып түсетін мөлшерде тайыздауы.

      2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғалжар ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде), Темiр аудандарының; Түркiстан облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандарының Түркiстан қаласының және Кентау қаласының Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жездi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 1997.11.04. № 186 Заңымен; 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ІІ-бөлім.
АРАЛ ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ СТАТУСЫ

6-бап. Экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы

      Экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады:

      1) белгіленген тәртіппен экологиялық апат аймағы статусын алған аумақта 1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса);

      2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 3 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.

7-бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы

      Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады:

      1) белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс аймағы статусын алған аумақта 1975 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 15 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (15 жасқа дейінгі балаларды қоса);

      2) экологиялық қасіретпен себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 5 жыл тұрып жатқан немесе тұрғын азаматтар.

8-бап. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау ықпалының салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы

      Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындау салдарынан зардап шеккендерге мыналар жатады:

      1) белгіленген тәртіппен экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ статусын алған аумақта 1975 жылдан осы кезге дейін кемінде 20 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қоса);

      2) экологиялық қасіретке себепті байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан, осы аймақта кемінде 7 жыл тұрған немесе тұрып жатқан азаматтар.

9-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу тәртібі туралы

      Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тұратын жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Аймақтар шекарасын және экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусын өзгерту

      Ескерту. 10-бап алып тасталды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-1-бап. Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен экологиялық қасірет аймақтарының шекараларын өзгерту

      Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс алды жағдайындағы аймақ шегіндегі экологиялық қасірет аймақтарының шекаралары, сондай-ақ экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Заңға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертіледі.

      Ескерту. II бөлім 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ІІІ бөлім.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСІРЕТ АЙМАҒЫНДА ТҰРАТЫН
АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫ

11-бап. Тамақ өнімдерімен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі басымдықтар

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар экологиялық қасірет аймағының халқын экологиялық таза тамақ өнімдерімен және сапалы ауыз сумен басымдықты түрде қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-бап. Медициналық қызмет көрсетуді, денсаулық сақтау ісін қаржыландыруды және материалдық жағынан жабдықтауды ұйымдастыру

      Қазақстан Республикасының Үкіметі экологиялық қасірет аймағы халқына:

      1) медициналық мекемелерді ұстауға қаржы бөлу нормаларын бір тұрғынға шаққанда экологиялық апат аймағында 1,5 есе, экологиялық дағдарыс аймағында 1,3 есе және экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта 1,15 есе ұлғайтуға;

      2) медицина техникасын, дәрі-дәрмектерді нысаналы бөлуді қамтамасыз етуге;

      3) аймақтың барлық халқын дүркін-дүркін кешенді түрде медициналық тексеруден өткізіп отыруға, тиісті денсаулық сақтау органдарының жолдамаларымен республиканың барлық клиникаларында, медицина орталықтарында және басқа медицина мекемелерінде медициналық-санитариялық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілуіне кепілдік береді.

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Халықты әлеуметтік жағынан қолдау

      1. Экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа:

      1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:

      Экологиялық апат - 1,5;

      экологиялық дағдарыс - 1,3;

      2) экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:

      экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5

      экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3

      экологиялық дағдарыс жағдайына

      жақындаған аймақ бойынша - 1,2

      коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы, стипендия төлеу;

      3) жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды

      жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне):

      экологиялық апат аймағы бойынша - 12 күнтізбелік күн

      экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 9 күнтізбелік күн

      экологиялық дағдарыс жағдайына

      жақындаған аймақ бойынша - 7 күнтізбелік күн

      беру белгіленеді;

      4) еңбек демалысын берумен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердің үстіне бір айлық тариф нарқы немесе қызметтік айлықақы көлемінде материалдық көмек көрсетіледі.

      2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) орындармен артықшылықпен қамтамасыз етілу құқығы беріледі.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 1997.06.19. № 134 Заңымен, 13-баптың 2-тармағының қолданылуы 01.01.2000 дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.04.07. № 374 Заңымен , 13-баптың 2-тармағының қолданылуы 01.01.2003 дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.11.16. № 481 (01.01.2000 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2004.12.23. № 21 Заңымен (01.01.2005 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 3 Қаулысын қараңыз; 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап.

      Ескерту. 14-бап алып тасталды - ҚР 1999.04.07 № 374 Заңымен.

15-бап. Экологиялық апат салдарынан зардап шеккен адамдарға берілетін қосымша өтемдер мен жеңілдіктер

      Осы Заңның 6-бабында аталған адамдардың:

      1) (алып тасталды)

      2) (алып тасталды)

      3) тұратын үйін меншігіне тегін алуға құқығы бар.

      4) (алып тасталды)

      5) (алып тасталды)

      Ескерту. 15-баптың 4-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. № 88 Заңымен , 15-баптың қолданылуы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.04.07. № 374 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 15-баптың қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.11.16. № 481 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. № 21 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен адамдарға берілетін қосымша өтемдер мен жеңілдіктер

      Осы Заңның 7-бабында аталған адамдардың:

      1) (алып тасталды)

      2) (алып тасталды)

      3) тұратын үйін меншігіне тегін алуға құқығы бар.

      4) (алып тасталды)

      5) (алып тасталды)

      Ескерту. 16-баптың 4-тармақшасы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. № 88 Заңымен , 16-баптың қолданылуы 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.04.07. № 374 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 16-баптың қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын - 1999.11.16. № 481 (2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен , өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. № 21 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

17-бап. Экологиялық апат аймағынан кетіп қалған адамдарға берілетін өтемдер мен жеңілдіктер

      1. Осы Заңның 6-бабында аталған адамдардың:

      1) жаңадан қоныстанған жерде өздерінің кәсібі мен біліктілігіне сәйкес бірінші кезекте жұмысқа орналасуға, немесе ондай жұмыс жоқ болған жағдайда өз тілектері ескеріле отырып басқа жұмыс немесе жаңа кәсіптерді (мамандықтарды) оқып-үйрену мүмкіндіктеріне, оқыту кезеңінде белгіленген тәртіппен жалақысы сақталуға құқық бар.

      2) (алып тасталды)

      3) (алып тасталды)

      2. Экологиялық қасірет салдарынан бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалаларын және астанасын қоспағанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.23 № 21, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Экологиялық қасірет аймағына ерікті түрде жалдану бойынша жұмысқа жіберілген немесе көшкен адамдарға берілетін өтемдер мен жеңілдіктер

      Экологиялық қасірет аймағына ерікті түрде жалдану бойынша жұмысқа жіберілген немесе көшкен адамдардың:

      1) (алып тасталды)

      2) (алып тасталды)

      3) экологиялық қасірет аймағында кемінде бес жыл жұмыс істеген, тұрғын үйге мұқтаж мамандардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша бірінші кезекте үй алуға құқығы бар.

      Ескерту. 18-бап өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.23 № 21 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Экологиялық қасірет аймағындағы жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер

      Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) қаржы және материалдық қаражаттарды жаңа жұмыс орындарын құруға, ақы төлейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға басым бағыттауды;

      2) экологиялық апат аймағынан көшіп-қонушыларды республиканың экологиялық жағынан қолайлы аймақтарында жұмысқа орналастыру жағдайын;

      3) алынып тасталды - ҚР 1999.0.07 № 374 Заңымен.

      4) Арал өңірі проблемаларын шешу үшін қажетті аса зәру кәсіптерді иелену жөніндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ, оқу кезеңінде міндетті түрде жатақхана беретін кәсіптік оқытуға арналған курстарға артықшылықты пайдалана отырып (мөлшер белгілеу жолымен) түсуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.0.07 № 374, 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Өтемдер төлеу мен жеңілдіктер беруді өзгерту және тоқтату үшін негіздер

      Өтемдер төлеу мен жеңілдіктер беру аумақтың статусы мен азаматтардың статусы осы Заңда белгіленген тәртіппен өзгерген ретте өзгереді және тоқтатылады.

21-бап. Осы Заң күшінің Арал өңірінің Қазақстан бөлігіндегі экологиялық қасіреті салдарынан зардап шеккен басқа мемлекеттер азаматтарына қолданылуы

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын және Арал өңірінің Қазақстан бөлігіндегі экологиялық апат немесе экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтар осы Заңда көзделген барлық жеңілдікті қабылданған мемлекетаралық келісімдерге сәйкес пайдаланады.

ІV бөлім.
ОСЫ ЗАҢДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АМАЛЫ

22-бап. Осы Заңды қаржылай қамтамасыз ету және жүзеге асыру амалы

      Азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады.

      Арал өңірінің қазақстандық бөлігін экологиялық сауықтыру және әлеуметтік-экономикалық дамыту осы Заңның талаптары ескеріле отырып, нақты жобалардың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Осы Заңның іске асырылуын бақылау

      Осы Заңның атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24-бап. Осы Заңның бұзылғандығы үшін жауаптылық

      Лауазымды адамдар мен азаматтар осы Заңның талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болуы.

      Ескерту. Орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

О социальной защите гpаждан, постpадавших вследствие экологического бедствия в Пpиаpалье

Закон Республики Казахстан от 30 июня 1992 года № 1468-XII.

ОГЛАВЛЕНИЕ

      Сноска. См. Указ Президента, имеющий силу Закона, от 20 марта 1994 г. N 1612 "О мерах по упорядочению льготирования и компенсационных выплат", Закон РК от 12 июля 1994 г. N 119 "О действии статей некоторых законодательных актов Республики Казахстан".

      Аральская проблема, как крупнейшая экологическая катастрофа планеты, приобрела острейший характер. Исходя из этого постановлением Верховного Совета Республики Казахстан от 18 января 1992 года "О неотложных мерах по коренному преобразованию условий проживания населения Приаралья", казахстанская часть Приаралья объявлена зоной экологического бедствия.

      Интенсивное опустынивание и устойчивые необратимые процессы деградации окружающей природной среды, ухудшение условий жизни, рост заболеваемости вызвали новые социально-экономические и экологические ситуации, требующие законодательного решения и правового регулирования мер социальной защиты населения, проживающего в экологически неблагоприятных районах.

Раздел 1. Общие положения

Статья 1. Цели и задачи Закона

      Настоящий Закон призван обеспечить социальную защиту граждан, пострадавших в результате Аральской экологической катастрофы и определяет их статус, классификацию территорий, устанавливает компенсации и льготы лицам, нуждающимся в мерах социальной реабилитации, закрепляет принципиальные подходы к формированию системы охраны жизни и здоровья населения, проживающего в экологически неблагоприятных районах, обеспечения условий устойчивой жизнедеятельности, приоритетного снабжения населения экологически чистыми продуктами питания, медицинскими средствами, питьевой водой, улучшения санитарно-эпидемиологической обстановки.

      Закон определяет основной механизм реализации мер по решению социальных проблем Приаралья.

Статья 2. Классификация экологически неблагополучных территорий казахстанской части Приаралья

      С учетом степени тяжести сложившейся экологически неблагополучной обстановки, влияния опустынивания и загрязнения окружающей природной среды на здоровье человека, а также на основании концепции Академии наук Республики Казахстан территория экологического бедствия в Приаралье подразделяются на следующие зоны:

      экологической катастрофы;

      экологического кризиса;

      экологического предкризисного состояния.

Статья 3. Зона экологической катастрофы

      1. Основными критериями определения границ зоны экологической катастрофы являются:

      устойчивый рост смертности населения;

      вынужденная миграция по экологическим причинам;

      превышение нормативов предельно-допустимых концентраций загрязняющих веществ в окружающей природной среде в размерах, угрожающих жизни населения;

      полное разрушение экосистем и потеря ими способности к самовосстановлению;

      катастрофическое обмеление водных объектов, превышающее вековые колебания.

      2. В зону экологической катастрофы входят территории Аральского и Казалинского районов Кызылординской области, Челкарского района Актюбинской области.

      Сноска. Статья 3 с изменением, внесенным Законом РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 4. Зона экологического кризиса

      1. Основными критериями определения границ зоны экологического кризиса являются:

      устойчивый рост специфической заболеваемости населения;

      превышение нормативов предельно допустимых концентраций загрязняющих веществ в окружающей природной среде в размерах, опасных для здоровья населения;

      сокращение видового состава и нарушение структурной целостности экосистем, снижение биопродуктивности экосистем на 75 процентов;

      кризисное обмеление водных объектов, превышающее среднемноголетние колебания.

      2. В зону экологического кризиса входят территории районов Кызылординской области (кроме указанных в статье 3), город Кызылорда и город Байконыр, включая населенные пункты, входящие в его административно-территориальное подчинение.

      Сноска. Статья 4 с изменением, внесенным Законом РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 5. Зона экологического предкризисного состояния

      1. Основными критериями определения границ зоны экологического предкризисного состояния являются:

      устойчивый рост заболеваемости населения, имеющий причинную связь с экологическим кризисным состоянием;

      устойчивое превышение нормативов предельно-допустимых концентраций загрязняющих веществ в окружающей природной среде;

      сокращение количественного видового состава экосистем и падение их биопродуктивности не менее чем на 50 процентов;

      обмеление водных объектов, превышающее среднемноголетние колебания.

      2. В зону экологического предкризисного состояния входят территории Байганинского, Иргизского, Мугалжарского (в пределах границ населенных пунктов бывшего Мугоджарского района), Темирского районов Актюбинской области; Арысского (в том числе город Арысь), Отрарского, Сузакского, Чардаринского районов, города Туркестана и сельских округов Шага, Жана-Икан, Ески Икан, Ушкайык, Иассы, Орангай, Карашык, Жуйнек, Бабайкорган, Шорнак, Жибек жолы, Майдантал города Кентау Туркестанской области, а также Улытауского района (в пределах границ населенных пунктов бывшего Жездинского района Жезказганской области) Карагандинской области.

      Сноска. Статья 5 с изменениями, внесенными законами РК от 04.11.1997 № 186 (вводится в действие с 17.06.1997); от 28.12.2018 № 210-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Раздел II. Статус граждан, пострадавших вследствие
экологической катастрофы и кризисных ситуаций
в Приаралье

Статья 6. Статус граждан, пострадавших вследствие экологической катастрофы

      К пострадавшим вследствие экологической катастрофы относятся:

      1) граждане проживающие или проживавшие не менее 10 лет с 1970 года по настоящее время на территории, получившей в установленном порядке статус зоны экологической катастрофы (включая детей в возрасте до десяти лет);

      2) граждане, потерявшие здоровье от заболевания, имеющего причинную связь с экологическим бедствием, проживавшие или проживающие в этой зоне, не менее 3 лет.

Статья 7. Статус граждан, пострадавших вследствие экологического кризиса

      К пострадавшим вследствие экологического кризиса относятся:

      1) граждане проживающие или проживавшие не менее 15 лет с 1975 года по настоящее время на территории, получившей в установленном порядке статус зоны экологического кризиса (включая детей в возрасте до 15 лет);

      2) граждане, потерявшие здоровье от заболевания, имеющего причинную связь с экологическим бедствием, проживавшие или проживающие в этой зоне, не менее 5 лет.

Статья 8. Статус граждан, пострадавших вследствие влияния экологического предкризисного состояния

      К пострадавшим вследствие экологического предкризисного состояния относятся:

      1) граждане проживающие или проживавшие не менее 20 лет с 1975 года по настоящее время на территории, получившей в установленном порядке статус зоны экологического предкризисного состояния (включая детей и подростков в возрасте до 18 лет);

      2) граждане, потерявшие здоровье от заболевания, имеющего причинную связь с экологическим бедствием, проживавшие или проживающие в этой зоне, не менее 7 лет.

Статья 9. О порядке регистрации граждан, пострадавших вследствие экологического бедствия

      Регистрация граждан, пострадавших вследствие экологического бедствия, осуществляется в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, по месту жительства и месту прежнего проживания в зоне экологического бедствия.

      Сноска. Статья 9 в редакции Закона РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 10. Изменения границ зон экологического бедствия, пострадавших вследствие экологического бедствия

      Сноска. Статья 10 исключена Законом РК от 13.02.2012 № 553-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 10-1. Изменения границ зон экологического бедствия, пострадавших вследствие экологического бедствия

      Границы зон экологического бедствия в пределах зоны экологической катастрофы, экологического кризиса и экологического предкризисного состояния, а также статус граждан, пострадавших вследствие экологического бедствия, изменяются путем внесения изменений и (или) дополнений в настоящий Закон в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Раздел II дополнен статьей 10-1 в соответствии с Законом РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Раздел III. Социальная защита граждан, проживающих
в зоне экологического бедствия

Статья 11. Приоритеты в обеспечении продуктами питания, качественной питьевой водой

      Правительство Республики Казахстан и местные исполнительные органы приоритетно обеспечивают население зон экологического бедствия экологически чистыми продуктами питания и качественной питьевой водой.

      Сноска. Статья 11 в редакции Закона РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 12. Организация медицинского обслуживания, финансирование и материальное снабжение здравоохранения

      Правительство Республики Казахстан гарантирует населению зоны экологического бедствия:

      1) увеличение норм ассигнований на содержание медицинских учреждений из расчета на одного жителя в зоне экологической катастрофы в 1,5 раза, в зоне экологического кризиса в 1,3 раза и в зоне экологического предкризиса в 1,15 раза;

      2) обеспечение целевого выделения медицинской техники, лекарственных средств;

      3) периодическое комплексное медицинское обследование всего населения региона, предоставление медико-санитарной и медико-социальной помощи во всех клиниках, медицинских центрах республики и других медицинских учреждениях по направлениям соответствующих органов здравоохранения.

      Сноска. Статья 12 с изменением, внесенным Законом РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 13. Социальная поддержка населения

      1. Населению, проживающему в зоне экологического бедствия, устанавливаются:

      1) граждане, проживающие в зонах экологической катастрофы и экологического кризиса и вышедшие на пенсию до 1 января 1998 года, имеют право на пенсию с применением коэффициента за проживание в экологически неблагополучных условиях по зонам:

      экологической катастрофы - 1,5;

      экологического кризиса -1,3;

      2) оплата труда, стипендии с применением коэффициента за проживание в экологически неблагополучных условиях по зонам:

      экологической катастрофы - 1,5

      экологического кризиса - 1,3

      экологического предкризисного состояния - 1,2

      3) ежегодный дополнительный оплачиваемый отпуск, (сверх отпуска, представляемого за работу с вредными условиями труда) по зонам:

      экологической катастрофы - 12 календарных дней

      экологического кризиса - 9 календарных дней

      экологического предкризисного состояния - 7 календарных дней

      4) одновременно с предоставлением трудового отпуска ежегодно оказывается материальная помощь на оздоровление в размере месячной тарифной ставки или должностного оклада сверх действующих выплат.

      2. Пенсионерам и лицам с инвалидностью, проживающим в зоне экологического бедствия, предоставляется право на преимущественное обеспечение местами в медико-социальных учреждениях (организациях) для престарелых и лиц с инвалидностью.

      Сноска. В статью 13 внесены изменения - Законом РК от 19 июня 1997 г. N 134. Действие пункта 2 статьи 13 приостановлено до 1 января 2000 года - Законом РК от 7 апреля 1999 г. N 374; до 1 января 2003 года - Законом РК от 16 ноября 1999 г. N 481 (вводится в действие с 1 января 2000 года). Внесены изменения - Законом РК от 23 декабря 2004 г. N 21 . См. постановление Конституционного Совета РК от 29 апреля 2005 года N 3; от 27.06.2022 № 129-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
     

Статья 14. (Статья 14 исключена - Законом РК от 7 апреля 1999 г. N 374 )

Статья 15. Дополнительные компенсации и льготы к лицам, пострадавшим вследствие экологической катастрофы

      Лица, указанные в статье 6 настоящего Закона, имеют право на:

      1) (исключен)

      2) (исключен)

      3) безвозмездное получение в собственность занимаемого жилья;

      4) (исключен)

      5) (исключен)

      Сноска. Подпункт 4) - в редакции Закона РК от 2 апреля 1997 г. N 88. Действие статьи 15 приостановлено до 1 января 2000 года - Законом РК от 7 апреля 1999 г. N 374; до 1 января 2003 года - Законом РК от 16 ноября 1999 г. N 481 (вводится в действие с 1 января 2000 года). Внесены изменения - Законом РК от 23 декабря 2004 г. N 21 .

Статья 16. Дополнительные компенсации и льготы лицам, пострадавшим вследствие экологического кризиса

      Лица, указанные в статье 7 настоящего Закона, имеют право на:

      1) (исключен)

      2) (исключен)

      3) безвозмездное получение в собственность занимаемого жилья;

      4) (исключен)

      5) (исключен)

      Сноска. Подпункт 4) - в редакции Закона РК от 2 апреля 1997 г. N 88. Действие статьи 16 приостановлено до 1 января 2000 года - Законом РК от 7 апреля 1999 г. N 374; до 1 января 2003 года - Законом РК от 16 ноября 1999 г. N 481 (вводится в действие с 1 января 2000 года). Внесены изменения - Законом РК от 23 декабря 2004 г. N 21 .

Статья 17. Компенсации и льготы лицам, выехавшим из зоны экологической катастрофы

      1. Лица, указанные в статье 6 настоящего Закона, имеют право на:

      1) первоочередное трудоустройство на новом месте жительства в соответствии с их профессией и квалификацией, или при отсутствии таковой, предоставление другой работы с учетом их желания или возможности обучения новым профессиям (специальностям) с сохранением в установленном порядке заработной платы на период обучения;

      2) (исключен)

      3) (исключен)

      2. Лица с инвалидностью первой и второй групп по причине экологического бедствия имеют право на первоочередное получение жилья по новому месту жительства, за исключением областных центров, городов республиканского значения и столицы Республики Казахстан.

      Сноска. Статья 17 с изменениями, внесенными законами РК от 23.12.2004 N 21; от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования); от 27.06.2022 № 129-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Статья 18. Компенсация и льготы лицам, направленным или переехавшим по свободному найму на работу в зону экологического бедствия

      Лица, направленные или переехавшие по свободному найму на работу в зону экологического бедствия, имеют право на:

      1) (исключен)

      2) (исключен)

      3) первоочередное выделение квартир по месту постоянного жительства специалистам, нуждающимся в жилище, проработавшим в зоне экологического бедствия не менее пяти лет.

      Сноска. Статья 18 с изменениями, внесенными законами РК от 23.12.2004 N 21; от 22.07.2011 № 479-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 19. Социальные гарантии и компенсации безработным в зоне экологического бедствия

      Правительство Республики Казахстан, местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы обеспечивают:

      1) приоритетное направление финансовых и материальных средств на создание новых рабочих мест, организацию оплачиваемых общественных работ;

      2) условия для трудоустройства мигрантов из зоны экологической катастрофы в экологически благополучные регионы республики;

      3) (Подпункт 3 исключен - Законом РК от 7 апреля 1999 г. N 374)

      4) преимущественное (путем установления квот) поступление в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования, по приобретению остродефицитных профессий, необходимых для решения проблем Приаралья, а также на курсы для профессионального обучения с обязательным представлением общежития на время учебы.

      Сноска. Статья 19 с изменениями, внесенными законами РК от 27.07.2007 N 320 (порядок введения в действие см. ст.2); от 22.07.2011 № 479-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 20. Основания для изменения и прекращения выплаты компенсаций и предоставления льгот

      Выплата компенсаций и предоставление льгот изменяются и прекращаются в случаях изменения статуса территории и статуса граждан в порядке, установленном настоящим Законом.

Статья 21. Распространение действия настоящего Закона на граждан других государств, пострадавших вследствие экологического бедствия в казахстанской части Приаралья

      Граждане, проживающие за пределами Республики Казахстан и пострадавшие в результате экологической катастрофы или экологического кризиса в казахстанской части Приаралья, пользуются всеми льготами, предусмотренными настоящим Законом, в соответствии с принятыми межгосударственными соглашениями.

Раздел IV. Организационный и экономический механизм
реализации настоящего Закона

Статья 22. Финансовое обеспечение и механизмы реализации настоящего Закона

      Реализация положений, предусмотренных настоящим Законом по социальной защите граждан, финансируется за счет республиканского и местных бюджетов, а также средств организаций и предприятий, добровольных взносов, благотворительной помощи.

      Экологическое оздоровление и социально-экономическое развитие казахстанской части Приаралья осуществляются на основе конкретных проектов, документов Системы государственного планирования Республики Казахстан с учетом требований настоящего Закона.

      Сноска. Статья 22 с изменением, внесенным Законом РК от 03.07.2013 № 124-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 23. Контроль за реализацией настоящего Закона

      Контроль за исполнением настоящего Закона осуществляется Правительством Республики Казахстан и местными исполнительными органами.

      Сноска. Статья 23 в редакции Закона РК от 27.04.2012 № 15-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

Статья 24. Ответственность за нарушение настоящего Закона

      Должностные лица и граждане несут ответственность за невыполнение требований настоящего Закона в соответствии с законами Республики Казахстан.

      Сноска. Статья 24 с изменением, внесенным Законом РК от 22.07.2011 № 479-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

     
      Президент
Республики Казахстан