Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      11-баптағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұнында 38 және 39-баптардың тақырыптарындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 33-баптың 1-тармағындағы, 37-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы, 38 және 39-баптардың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы, 40-баптың 2-тармағының 7) және 20) тармақшаларындағы, 42-баптың 1-тармағындағы, 43-баптың 2-тармағындағы, 49-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы, 65-баптың 4-тармағындағы, 67-баптың 2 және 3-тармақтарындағы "қаланың", "қала" деген сөздер тиісінше "қалалардың", "қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 68-бапта:

      3-тармақтағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жағдайлары" деген сөз "шарттары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 105-баптың 4-тармағындағы, 111-баптың 2-тармағындағы, 112-баптың 4-тармағындағы, 117-баптың 1-тармағындағы, 122-баптың 1-тармағындағы "қаланың", "облыстың" деген сөздер тиісінше "қалалардың", "облыстардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1-баптың 12-1) тармақшасындағы, 51-баптың 5-тармағындағы, 54-баптағы, 69-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы, 71-баптың 3-тармағындағы, 98-баптың 5-тармағындағы, 154-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы, 224-баптың 2-тармағындағы, 227-баптың 11) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 8-баптың 2-тармағындағы және 19-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қаланың", "қала" деген сөздер тиісінше "қалалардың", "қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 31-баптың 3-тармағындағы "республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттік бағдарламаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 42-баптың 3-тармағында:

      "облыстар, республикалық маңызы бар қала" деген сөздер "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 45-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацындағы, 49-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы, 53-баптың 1-тармағы 12) тармақшасының екінші абзацындағы "қала" деген сөз "қалалар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 64-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігіндегі "қалалардың" деген сөз "қаланың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 72-баптың 5-тармағындағы "қала" деген сөз "қалалар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 78-баптың 5-тармағының екінші бөлігіндегі "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 79-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "қала" деген сөз "қалалар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 101-баптың 7-тармағының үшінші бөлігіндегі және 108-баптың 4-тармағындағы "қала", "қаланың" деген сөздер тиісінше "қалалар", "қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 131-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігіндегі және 4-тармағының 1) тармақшасындағы "қалалардың" деген сөз "қаланың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; №12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13,62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) мазмұнында 10-баптың тақырыбындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 20-бапта:

      4-тармақтың 3) және 4) тармақшаларындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 33-баптың 1-тармағындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 41-баптың 3-тармағындағы және 152-баптың 2-тармағындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар):

      1) 58-баптың бірінші бөлігіндегі "Астана және Алматы қалаларының, облыстардың" деген сөздер "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 188-баптың үшінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат):

      32-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 386-баптағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 694-баптың екінші бөлігіндегі "Астана және Алматы қалалары" деген сөздер "республикалық маңызы бар қала және астана" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 705-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 804-баптың бірінші бөлігінде:

      31) тармақшадағы "658, 659, 660, 661, 662, 665, 667," деген цифрлар алып тасталсын;

      50) және 58) тармақшаларындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      67) тармақшадағы "органның құқығы бар (462, 463-баптар)." деген сөздер "органның (462, 463-баптар);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 68) тармақшамен толықтырылсын:

      "68) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің (658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.".

      9. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат):

      27-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағының 44) тармақшасындағы "қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру" деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салықтық әкімшілендіру, салықтық есептілікті белгілеу ерекшеліктері, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерген кездегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін.";

      3) 18-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Астана және Алматы қалалары" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 172-баптың 8, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарындағы "Астана және Алматы қалалары" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 394-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "43-1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тауарлар инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру процесінде толық тұтынылған;

      тауарлар арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тауарлар тізбесіне енгізілген;

      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды жеткізуге арналған шарт (келісімшарт) болған;

      тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері болған;

      сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері болған кезде "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында өндірілген және өткізілетін тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы баптың мақсаттары үшін, егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақ рәсімімен орналастыруға жататын болса, мұндай тауарларды өнім беруші мен сатып алушы еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырған және олар кедендік бақылауда болған жағдайда инфрақұрылым объектілерін, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін тұрғызу процесіне тікелей тартылған тауарлар (электр энергиясын, бензинді, дизель отыны мен суды қоспағанда) құрылыс процесінде толық тұтынылатын тауарлар деп түсініледі.";

      6) 505-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3

4


Қалалар:



1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Шымкент

19,30

0,96

3.

Астана

19,30

0,96

4.

Ақтау

9,65

0,58

5.

Ақтөбе

6,75

0,58

6.

Атырау

8,20

0,58

7.

Көкшетау

5,79

0,58

8.

Қарағанды

9,65

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Қызылорда

8,68

0,58

11.

Орал

5,79

0,58

12.

Өскемен

9,65

0,58

13.

Павлодар

9,65

0,58

14.

Петропавл

5,79

0,58

15.

Талдықорған

9,17

0,58

16.

Тараз

9,17

0,58

17.

Түркістан

9,17

0,58

18.

Алматы облысы:



19.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

20.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

21.

Ақмола облысы:



22.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

24.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

25.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

26.

Кенттер

0,96

0,13

27.

Ауылдар

0,48

0,09

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының бірінші абзацындағы "Астана, Алматы қалалары" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар, астана" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 529-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Базалық құны теңгемен

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

60 000

2.

Шымкент

60 000

3.

Астана

60 000

4.

Ақтау

36 000

5.

Ақтөбе

36 000

6.

Атырау

36 000

7.

Көкшетау

36 000

8.

Қарағанды

36 000

9.

Қостанай

36 000

10.

Қызылорда

36 000

11.

Орал

36 000

12.

Өскемен

36 000

13.

Павлодар

36 000

14.

Петропавл

36 000

15.

Талдықорған

36 000

16.

Тараз

36 000

17.

Түркістан

36 000

18.

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

19.

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

20.

Кенттер

4 200

21.

Ауылдар

2 700

      Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық обьектілер сыныптауышына сәйкес айқындалады.";

      8) 543-баптың 1) тармақшасындағы "Астана, Алматы қалаларын" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалаларды, астананы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 595-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "595-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

      1. Жылдық төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салықтық кезеңнiң бiрiншi күнiне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерiнде айқындалады.

      2. Радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Радиобайланыс түрлерi

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк берілгені үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн)



2.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

140

2.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

80

2.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

3.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



3.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

80

3.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

60

3.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

15

4.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)



4.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

30

4.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

20

4.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

5.

Таратқыштың шығу қуаты:
- 50 Вт-қа дейiн;
- 50 Вт-тан жоғары болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

10
20

6.

Радиоұзартқыштар (арна үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

2

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

2 300

8.

Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн)

Қазақстан Республикасы

30

10.

HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн):



11.1.

жергiлiктi

аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ

40

11.2.

аймақтық және магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



12.1.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

25

12.2.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн)



13.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

140

13.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен
 

70

13.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

5

14.

Эфирлiк-кәбілдік телевизия (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)



14.1.


халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен

300

14.2.


халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен

135

14.3.


халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан

45

14.4.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ)

5

15.

Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн

облыс

10

      3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер диапазоны

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны



1.1.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

81



облыс

15

1.2.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

361



облыс

65

1.3.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

957



облыс

174

1.4.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

1 353



облыс

245

1.5.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары

республикалық маңызы бар қала және астана

2 344



облыс

425

2.

Телевизия/ жиіліктердің дециметрлік диапазоны



2.1.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

51



облыс

9

2.2.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

228



облыс

41

2.3.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

605



облыс

110

2.4.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін

республикалық маңызы бар қала және астана

855



облыс

155

2.5.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары

республикалық маңызы бар қала және астана

1 481



облыс

269

      4. Алты айды қоса алғанға дейінгі мерзімде тәжірибелік пайдалануды, жарыстарды, көрмелер мен өзге де іс-шараларды өткізу кезеңіне радиожиілік спектрін пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыстың түріне, радиожиілік спектрін пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзіміне сәйкес келетін мөлшерде, бірақ жылдық төлемақы мөлшерлемесінің кемінде 1/12 мөлшерінде белгіленеді.

      Ені осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілгеннен ерекшеленетін дуплексті (симплексті) арнаның белдеуін пайдалана отырып технологиялар қолданылған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеуші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген дуплексті (симплексті) арна белдеуінің еніне нақты қолданатын дуплексті (симплексті) арна белдеуі енінің үлес салмағы негізге алына отырып айқындалады.

      Кең белдеулі сигнал технологиясы пайдаланылған кезде қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц болатын белдеу үшiн төлемақы алынады.";

      10) 702-баптың 2-тармағындағы "Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының" деген сөздер "Түркістан облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 3-бапта:

      1-тармақтың 38) тармақшасындағы "қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру" деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы кеден органдарының (экономикалық тергеп-тексеру қызметінің)" деген сөздер "экономикалық тергеп-тексеру қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Астана және Алматы қалалары" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың 1-тармағында:

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін арнаулы құралдарды қоса алғанда, тауарларды сатып алу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күші мен арнаулы құралдарды қолдану;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақшадағы ", криминалистік қызметті" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 14-баптың 1-тармағының 6), 24) және 25) тармақшалары алып тасталсын.

      12. "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 348-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 21, 274-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 924-құжат; 2004 ж., № 24, 150-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):

      5-баптың 2-тармағындағы "Оңтүстiк Қазақстан облысының", "және Түркiстан қаласының" деген сөздер тиісінше "Түркiстан облысының", "Түркiстан қаласының және Кентау қаласының Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      13-баптың 2) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      14. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 20, 248-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 209-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):

      8-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздер тиісінше "Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)", "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат):

      9-баптағы "(облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "(облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14,72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат):

      9-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы", "республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат):

      44-баптың 3-тармағындағы және 97-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      18. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 104-құжат):

      1) 7-баптың 14) тармақшасындағы және 7-1-баптың 1) тармақшасындағы "қаланың", "қала" деген сөздер тиісінше "қалалардың", "қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың тақырыбындағы, 1-тармағының бірінші абзацындағы, 2-тармағының 6) және 8) тармақшаларындағы "республикалық маңызы бар қала", "республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер тиісінше "республикалық маңызы бар қалалар", "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат):

      7-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі, 7-2-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      20. "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" 1998 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      17-баптың екінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      21. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат):

      22-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде" деген сөздер "экономикалық тергеп-тексеру қызметінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      7-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі, 9-1-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      23. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат):

      4-4-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      24. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 жылғы 7 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың 3-тармағындағы "Астана және Алматы қалалық" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 6-тармағындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 24-1-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 35-баптың 1-тармағының 18) тармақшасындағы "қалада" деген сөз "қалаларда" деген сөзбен ауыстырылсын.

      25. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):

      20-баптың 2) және 3) тармақшаларындағы, 27-баптың 2-тармағындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      26. "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат):

      12-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      27. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 13-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы және 19-баптың 5) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 22-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "Республикалық маңызы бар қала" деген сөздер "Республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 25-баптың тақырыбындағы және 1-тармағының бірінші абзацындағы, 27-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы және 3-тармағының бірінші бөлігіндегі, 60-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігіндегі "қала", "қаланың" деген сөздер тиісінше "қалалар", "қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 62-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 63-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      28. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат):

      1) 5-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "қалалық, астаналық" деген сөздер "қалалардың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 1-тармағындағы "қалада" деген сөз "қалаларда" деген сөзбен ауыстырылсын.

      29. "Бал ара шаруашылығы туралы" 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 55-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 22-VIІ, 161-құжат):

      14-1-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      30. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 24, 145, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 16, 53-құжат):

      1) 8-баптың 1-тармағындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      4-баптың 3) тармақшасындағы, 9-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      32. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат):

      13-1-баптың 2-тармағындағы, 3-тармағының бірінші абзацындағы, 4-тармағының бірінші абзацындағы және 6-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздер "ауданның, облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      33. "Саяси партиялар туралы" 2002 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2009 ж., № 2-3, 6-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 140-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 6-тармағындағы "қала мен" деген сөздер "қалалардағы және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-баптың 5-тармағындағы "қалалық, астаналық" деген сөздер "қалалардағы және астанадағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      34. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      11-баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      35. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат):

      3-3-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      36. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134 құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат):

      15-баптағы "қала" деген сөз "қалалар" деген сөзбен ауыстырылсын.

      37. "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат);

      19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы

Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін)

1

2

3

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Түркістан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10.

Ақтөбе облысы

1,35

11.

Батыс Қазақстан облысы

1,17

12.

Қызылорда облысы

1,09

13.

Атырау облысы

2,69

14.

Маңғыстау облысы

1,15

15.

Алматы

2,96

16.

Астана

2,2

17

Шымкент

1,01

      ".

      38. "Автомобиль көлiгі туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, /46-құжат; № 19-I, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      23-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      39. "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 19-20, 149-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 4, 95-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 143-құжат):

      8-баптың тақырыбындағы, 1-тармағының бірінші абзацындағы және 3) тармақшасындағы "қаланың", "жергілікті атқарушы органдар" деген сөздер тиісінше "қалалардың", "облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      40. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж, № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):

      8-баптың 1-тармағы екінші бөлігі 1) тармақшасы кестесінің 2-жолындағы "Оңтүстiк Қазақстан" деген сөздер "Түркістан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      41. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 152, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат):

      16-1-баптың 3-тармағындағы және 36-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      42. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 2-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):

      13-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      43. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 19-II, 105-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 9, 18-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 46-құжат):

      21-баптың 2-1-тармағындағы "республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      44. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат):

      5-баптың 7-тармағындағы, 11-баптың тақырыбындағы, 1-тармағының бірінші абзацындағы және 6) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      45. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-III, 111-құжат):

      7-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      46. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I,111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):

      1-баптың 21) тармақшасындағы "экономикалық тергеу", "мемлекеттік кіріс органдарының" деген сөздер тиісінше "экономикалық тергеп-тексеру", "қаржы мониторингі жөніндегі органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      47. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат):

      16-баптың бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      48. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      6-баптың 5-тармағының бірінші абзацындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      49. "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат):

      8-баптың 1-тармағындағы "республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      50. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат):

      21-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөлігіндегі "50 мүшеден" деген сөздер "51 мүшеден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің 4) тармақшасындағы "он алты" деген сөздер "он жеті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      51. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар, 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      20-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "астана мен республикалық маңызы бар қала" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалар және астана" деген сөздермен ауыстырылсын.

      52. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      8-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы "қаланың" деген сөз "қалалардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      53. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 22-баптың 2-тармағындағы "мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары" деген сөздер "әскери полиция органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 27-баптың 3-тармағындағы "мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдарының" деген сөздер "әскери полиция органдарының, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      54. "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 21, 114-құжат):

      1) тақырыптағы және кіріспедегі "қала" деген сөз "қалалар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 2-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2018 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 1 573 345 504 мың теңге, оның ішінде:

      Ақмола облысына - 104 043 009 мың теңге;

      Ақтөбе облысына - 56 275 267 мың теңге;

      Алматы облысына - 156 003 745 мың теңге;

      Шығыс Қазақстан облысына - 163 157 610 мың теңге;

      Жамбыл облысына - 158 021 243 мың теңге;

      Батыс Қазақстан облысына - 50 857 832 мың теңге;

      Қарағанды облысына - 103 899 796 мың теңге;

      Қызылорда облысына - 137 143 159 мың теңге;

      Қостанай облысына - 108 989 956 мың теңге;

      Павлодар облысына - 46 829 053 мың теңге;

      Солтүстік Қазақстан облысына - 95 748 762 мың теңге;

      Түркістан облысына - 392 376 072 мың теңге сомасында белгіленсін.

      3. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін 2019 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 1 584 148 603 мың теңге, оның ішінде:

      Ақмола облысына - 104 474 017 мың теңге;

      Ақтөбе облысына - 55 812 434 мың теңге;

      Алматы облысына - 153 723 098 мың теңге;

      Шығыс Қазақстан облысына - 163 954 224 мың теңге;

      Жамбыл облысына - 161 934 587 мың теңге;

      Батыс Қазақстан облысына - 51 393 369 мың теңге;

      Қарағанды облысына - 100 730 628 мың теңге;

      Қызылорда облысына - 137 165 718 мың теңге;

      Қостанай облысына - 110 192 744 мың теңге;

      Павлодар облысына - 46 106 965 мың теңге;

      Солтүстік Қазақстан облысына - 96 360 248 мың теңге;

      Түркістан облысына - 402 300 571 мың теңге сомасында белгіленсін.";

      3) осы Заңға 1-8-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы
бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
1-қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдар үшін күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төмен көлемі

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

46 557 436

48 637 688

49 006 226

1

Ақмола облысы

1 991 046

1 982 433

1 993 008

2

Ақтөбе облысы

1 884 458

1 938 566

1 961 787

3

Алматы облысы

3 904 630

4 001 547

4 028 447

4

Атырау облысы

1 361 027

1 395 080

1 411 218

5

Шығыс Қазақстан облысы

3 706 941

3 780 313

3 796 860

6

Жамбыл облысы

2 851 759

2 900 601

2 931 215

7

Батыс Қазақстан облысы

1 751 322

1 788 200

1 803 345

8

Қарағанды облысы

3 578 551

3 613 248

3 614 449

9

Қызылорда облысы

2 284 944

2 315 757

2 336 405

10

Қостанай облысы

2 271 502

2 312 623

2 337 312

11

Маңғыстау облысы

1 390 013

1 420 219

1 449 173

12

Павлодар облысы

2 272 999

2 271 526

2 278 262

13

Солтүстік Қазақстан облысы

1 663 584

1 693 176

1 697 337

14

Түркістан облысы

6 102 474

6 277 738

5 256 288

15

Алматы қаласы

5 239 758

5 313 616

5 385 540

16

Астана қаласы

4 302 428

5 633 045

5 639 080

17

Шымкент қаласы



1 086 500

      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
2-қосымша

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға арналған қаражат

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

103 877 884

113 474 447

123 516 338

1

Ақмола облысы

5 947 291

6 215 189

6 215 189

2

Ақтөбе облысы

3 025 030

3 584 167

4 145 627

3

Алматы облысы

9 202 014

10 844 704

11 871 821

4

Атырау облысы

3 199 565

3 453 992

3 987 001

5

Шығыс Қазақстан облысы

7 453 303

7 651 759

7 734 091

6

Жамбыл облысы

6 977 427

7 610 302

8 667 031

7

Батыс Қазақстан облысы

1 294 550

1 300 357

1 457 124

8

Қарағанды облысы

4 736 930

4 782 915

4 782 915

9

Қызылорда облысы

6 642 061

6 738 028

6 856 890

10

Қостанай облысы

2 439 155

2 526 161

2 609 539

11

Маңғыстау облысы

4 977 888

5 804 110

6 844 000

12

Павлодар облысы

3 647 842

3 688 099

3 836 737

13

Солтүстік Қазақстан облысы

2 880 456

2 901 474

2 901 474

14

Түркістан облысы

31 467 940

33 271 707

28 970 825

15

Алматы қаласы

2 952 801

3 417 297

4 009 529

16

Астана қаласы

7 033 631

8 531 630

9 432 753

17

Шымкент қаласы


1 152 556

9 193 792

      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
3-қосымша

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға арналған қаражат

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

5 060 040

3 346 437

2 098 561

1

Ақмола облысы

275 883

328 779

371 416

2

Ақтөбе облысы

335 418

160 668

91 578

3

Алматы облысы

183 374

57 089


4

Атырау облысы

65 187

28 074


5

Шығыс Қазақстан облысы

452 429

477 889

543 765

6

Жамбыл облысы

106 866

70 874

50 492

7

Батыс Қазақстан облысы

200 177

125 262

87 290

8

Қарағанды облысы

164 296

75 162


9

Қызылорда облысы

734 065

555 697

211 229

10

Қостанай облысы

243 515

218 458

147 416

11

Маңғыстау облысы




12

Павлодар облысы

279 761

339 681

392 523

13

Солтүстік Қазақстан облысы

252 991

216 651

157 905

14

Түркістан облысы

1 246 585

499 645


15

Алматы қаласы

458 572

152 719


16

Астана қаласы

60 921

39 789

44 947

      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
4-қосымша

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге арналған (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) қаражат

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

912 813

912 813

912 813

1

Ақмола облысы

3 860

3 860

3 860

2

Ақтөбе облысы

2 416

2 416

2 416

3

Алматы облысы




4

Атырау облысы




5

Шығыс Қазақстан облысы

2 054

2 054

2 054

6

Жамбыл облысы

3 248

3 248

3 248

7

Батыс Қазақстан облысы

48 901

48 901

48 901

8

Қарағанды облысы

46 438

46 438

46 438

9

Қызылорда облысы




10

Қостанай облысы




11

Маңғыстау облысы




12

Павлодар облысы

602 310

602 310

602 310

13

Солтүстік Қазақстан облысы

4 437

4 437

4 437

14

Түркістан облысы




15

Алматы қаласы

38 696

38 696

38 696

16

Астана қаласы

160 453

160 453

160 453

      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
5-қосымша

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға арналған қаражат

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

6 157 536

6 157 536

6 157 536

1

Ақмола облысы

518 318

518 318

518 318

2

Ақтөбе облысы

48 444

48 444

48 444

3

Алматы облысы

10 057

10 057

10 057

4

Атырау облысы

173 146

173 146

173 146

5

Шығыс Қазақстан облысы

235 387

235 387

235 387

6

Жамбыл облысы

13 391

13 391

13 391

7

Батыс Қазақстан облысы

717 525

717 525

717 525

8

Қарағанды облысы

140 222

140 222

140 222

9

Қызылорда облысы

547 222

547 222

547 222

10

Қостанай облысы

654 312

654 312

654 312

11

Маңғыстау облысы

634 151

634 151

634 151

12

Павлодар облысы

53 975

53 975

53 975

13

Солтүстік Қазақстан облысы

1 244 568

1 244 568

1 244 568

14

Түркістан облысы

1 166 818

1 166 818

1 166 818

15

Алматы қаласы




16

Астана қаласы




      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
6-қосымша

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мемлекеттік гранттарға кепілдік беру және оларды ұсыну түрінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған қаражат

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

30 000 000

30 000 000

30 000 000

1

Ақмола облысы

1 211 986

1 211 986

1 211 986

2

Ақтөбе облысы

1 166 897

1 166 897

1 166 897

3

Алматы облысы

1 802 641

1 802 641

1 802 641

4

Атырау облысы

1 543 460

1 543 460

1 543 460

5

Шығыс Қазақстан облысы

1 242 099

1 242 099

1 242 099

6

Жамбыл облысы

1 353 715

1 353 715

1 353 715

7

Батыс Қазақстан облысы

1 618 690

1 618 690

1 618 690

8

Қарағанды облысы

1 532 268

1 532 268

1 532 268

9

Қызылорда облысы

779 619

779 619

779 619

10

Қостанай облысы

2 103 296

2 103 296

2 103 296

11

Маңғыстау облысы

1 055 765

1 055 765

1 055 765

12

Павлодар облысы

1 876 286

1 876 286

1 876 286

13

Солтүстік Қазақстан облысы

1 128 024

1 128 024

1 128 024

14

Түркістан облысы

3 092 848

3 092 848

1409 848

15

Алматы қаласы

4 493 538

4 493 538

4 493 538

16

Астана қаласы

3 998 868

3 998 868

3 998 868

17

Шымкент қаласы



1683 000

      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
7-қосымша

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражат

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

5 038 436

5 311 093

5 453 119

1

Ақмола облысы

294 589

313 252

321 501

2

Ақтөбе облысы

240 488

243 566

245 745

3

Алматы облысы

581 844

616 560

633 322

4

Атырау облысы

167 581

178 026

186 927

5

Шығыс Қазақстан облысы

471 545

499 746

510 611

6

Жамбыл облысы

325 029

343 946

351 281

7

Батыс Қазақстан облысы

238 264

247 744

249 102

8

Қарағанды облысы

411 061

431 254

434 984

9

Қызылорда облысы

197 508

198 684

198 684

10

Қостанай облысы

351 765

374 686

393 420

11

Маңғыстау облысы

129 464

138 074

144 182

12

Павлодар облысы

300 932

320 696

339 941

13

Солтүстік Қазақстан облысы

251 187

265 300

270 400

14

Түркістан облысы

640 734

676 589

591331

15

Алматы қаласы

280 336

297 258

305 538

16

Астана қаласы

156 109

165 712

171 670

17

Шымкент қаласы



104 480

      "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар
қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған
жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы"
2016 жылғы 29 қарашадағы № 24-VI ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңына
8-қосымша

2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына қосымша қосылған жұмыспен нәтижелі қамтамасыз етуге және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаражат

      мың теңге

Р/с

Облыстар мен қалалардың атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл


БАРЛЫҒЫ

40 000 000

40 000 000

40 000 000

1

Ақмола облысы

1 936 205

1 936 205

1 936 205

2

Ақтөбе облысы

1 913 246

1 913 246

1 913 246

3

Алматы облысы

4 482 478

4 482 478

4 482 478

4

Атырау облысы

1 377 062

1 377 062

1 377 062

5

Шығыс Қазақстан облысы

3 152 261

3 152 261

3 152 261

6

Жамбыл облысы

2 366 879

2 366 879

2 366 879

7

Батыс Қазақстан облысы

1 494 488

1 494 488

1 494 488

8

Қарағанды облысы

3 051 844

3 051 844

3 051 844

9

Қызылорда облысы

1 525 709

1 525 709

1 525 709

10

Қостанай облысы

2 341 533

2 341 533

2 341 533

11

Маңғыстау облысы

1 310 535

1 310 535

1 310 535

12

Павлодар облысы

1 906 242

1 906 242

1 906 242

13

Солтүстік Қазақстан облысы

1 440 253

1 440 253

1 440 253

14

Түркістан облысы

5 414 307

5 414 307

5 167154

15

Алматы қаласы

4 097 144

4 097 144

4 097 144

16

Астана қаласы

2 189 814

2 189 814

2 189 814

17

Шымкент қаласы



247 153

      ".

      55. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар):

      1) 43-1 және 43-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-1-бап. Салық кодексінің 505-бабы 1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3

4


Қалалар:



1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Шымкент

9,17

0,58

3.

Астана

19,30

0,96

4.

Ақтау

9,65

0,58

5.

Ақтөбе

6,75

0,58

6.

Атырау

8,20

0,58

7.

Көкшетау

5,79

0,58

8.

Қарағанды

9,65

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Қызылорда

8,68

0,58

11.

Орал

5,79

0,58

12.

Өскемен

9,65

0,58

13.

Павлодар

9,65

0,58

14.

Петропавл

5,79

0,58

15.

Талдықорған

9,17

0,58

16.

Тараз

9,17

0,58

17.

Түркістан

7,79

0,39

18.

Алматы облысы:



19.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

20.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

21.

Ақмола облысы:



22.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

24.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

25.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

26.

Кенттер

0,96

0,13

27.

Ауылдар

0,48

0,09

      ".

      43-2-бап. Салық кодексінің 510-бабы 1-тармағы үшінші бөлігінің қолданысы 2018 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Жер салығының мөлшерлемелерін төмендету немесе жоғарылату туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган 1 маусымнан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.";

      2) мынадай мазмұндағы 43-3-баппен толықтырылсын:

      "43-3-бап. Салық кодексінің 529-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

Р/с

Елді мекеннің санаты

Базалық құны
теңгемен

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

60 000

2.

Шымкент

36 000

3.

Астана

60 000

4.

Ақтау

36 000

5.

Ақтөбе

36 000

6.

Атырау

36 000

7.

Көкшетау

36 000

8.

Қарағанды

36 000

9.

Қостанай

36 000

10.

Қызылорда

36 000

11.

Орал

36 000

12.

Өскемен

36 000

13.

Павлодар

36 000

14.

Петропавл

36 000

15.

Талдықорған

36 000

16.

Тараз

36 000

17.

Түркістан

12 000

18.

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

19.

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

20.

Кенттер

4 200

21.

Ауылдар

700

      ";

      3) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Мыналар:

      1. Салық кодексінің 595-бабы 2-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2. Радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Радиобайланыс түрлерi

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1.

Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк берілгені үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

10

2.

Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн)



2.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

140

2.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

80

2.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

3.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



3.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

80

3.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

60

3.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

15

4.

УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн)



4.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

30

4.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

20

4.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

10

5.

Таратқыштың шығу қуаты:- 50 Вт-қа дейiн;
- 50 Вт-тан жоғары болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк берілгені үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

10
20

6.

Радиоұзартқыштар (арна үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

2

7.

Ұялы байланыс (қабылдауға енi 1 МГц/беруге 1 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

2 850

8.

Жаһандық дербес жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн)

Қазақстан Республикасы

20

9.

HUB-технологиясы бар спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын, қабылдауға белдеуi 100 кГц/беруге 100 кГц болатын енi үшiн)

Қазақстан Республикасы

30

10.

HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн)

Қазақстан Республикасы

100

11.

Радиореле желiлері (бiр аралықтағы дуплекстi ұңғыма үшiн):



11.1.

жергiлiктi

аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ

40

11.2.

аймақтық және магистральдық

Қазақстан Республикасы

10

12.

Сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн)



12.1.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

25

12.2.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

2

13.

КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қолжетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц дуплекстi арна үшiн)



13.1.


республикалық маңызы бар қала және астана

140

13.2.


халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен

70

13.3.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ)

5

14.

Эфирлiк-кәбілдік телевизия (8 МГц жиiлiктер белдеуi үшiн)



14.1.


халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен

300

14.2.


халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен

135

14.3.


халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала; аудан

45

14.4.


қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ)

5

15.

Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн

облыс

10

16.

Төртінші буындағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiктер белдеуi үшiн)

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана

2 650

      ";

      2) Салық кодексінің 595-бабы 3-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жылдық төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с

Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін жиілік диапазоны

Пайдалану аумағы

Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК)

1

2

3

4

1.

Телевизия/жиіліктердің метрлік диапазоны



1.1.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

81



облыс және Шымкент қаласы

15

1.2.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

361



облыс және Шымкент қаласы

65

1.3.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

957



облыс және Шымкент қаласы

174

1.4.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

1 353



облыс және Шымкент қаласы

245

1.5.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты
1000 Вт-тан жоғары

Астана, Алматы қалалары

2 344



облыс және Шымкент қаласы

425

2.

Телевизия/ жиіліктердің дециметрлік диапазоны



2.1.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 50 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

51



облыс және Шымкент қаласы

9

2.2.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 250 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

228



облыс және Шымкент қаласы

41

2.3.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 500 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

605



облыс және Шымкент қаласы

110

2.4.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-ты қоса алғанға дейін

Астана, Алматы қалалары

855



облыс және Шымкент қаласы

155

2.5.

Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-тан жоғары

Астана, Алматы қалалары

1 481



облыс және Шымкент қаласы

269

      ";

      4) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:

      "57-1-бап. Салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотындағы бересі сомасын 2018 жылғы 1 қазан - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде төлеген жағдайда салықтық берешек деп танылмайды және бюджетке енгізуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мыналар есептен шығаруға жатады деп белгіленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазаннан бастап, төлеу күнін қоса алғанда, төленген күніне дейінгі кезеңде көрсетілген бересі сомасына есепке жазылған өсімпұл сомасы. Бұл ретте өсімпұл бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша есептен шығарылады;

      2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің бересі төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша жеке шотындағы айыппұл сомасы.

      Өсімпұлдар мен айыппұлдардың осы бапта көзделген есептен шығарылуы салық төлеушінің төлеу мерзімі 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасы мен Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемесін толық көлемде мерзімінен бұрын орындау жағдайларына қолданылады.

      Осы баптың ережелері:

      1) ірі салық төлеушілердің мониторингіне жататын;

      2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

      жерасты суларын, емдік балшықтарды өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын осындай пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануды;

      акцизделетін өнім өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушілерге;

      3) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асыруға байланысты түзілген салықтық берешекті қоспағанда, жеке тұлғаларға қолданылмайды.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 5) тармақшасын;

      2) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 55-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының бірінші, екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын;

      3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларын, 55-тармағы 3) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын және 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады