РҚАО-ның ескертпесі!
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "поселке", "поселкелер", "поселкелерге", "поселкелері", "поселкелерді", "поселкелердің" деген сөздер тиісінше "кент", "кенттер", "кенттерге", "кенттері", "кенттерді", "кенттердің" деген сөздермен; "ауыл (село)", "ауылдық (селолық)", "ауылдардың (селолардың)", "ауылдарды (селоларды)", "ауылдар (селолар)", "ауылдарға (селоларға)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдық", "ауылдардың", "ауылдарды", "ауылдар", "ауылдарға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
1 бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесi
Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының жүйесiне мынадай әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер кiредi: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс.
2-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң санаттары
1. Қазақстан Республикасының аумағы республикалық және жергiлiктi мүдделерді оңтайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру үшін негiзгi екi санатқа – өңірлерге және елдi мекендерге бөлiнедi.
2. Өңір – Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын, бiрнеше елдi мекен кіретін Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi.
Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ өңірлер болып табылады.
Облыс облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардан тұрады.
Аудан халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын аудандық маңызы бар қалалардан, ауылдардан, кенттерден, ауылдық округтерден тұрады.
Ауылдық округ халқының жалпы саны кемінде 500 адам болатын екі және одан көп ауылдық елді мекендерден тұрады.
3. Елдi мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi.
4. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер қалалық және ауылдық елдi мекендерге бөлiнедi:
1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығындағы кенттер қалалық елдi мекендерге жатады;
2) өздерінің әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан, барлық басқа елдi мекендер ауылдық елді мекендерге жатады.
5. Елдi мекендердің құрамдас бөліктері болады.
Шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады.
Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан олардағы халық саны 400 мың адамнан асқан кезде құрылады. Қаладағы аудан халқының саны 200 мың адамнан кем болмауға тиіс.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3-бап. Елдi мекендердiң санаттары
Елдi мекендер мыналарға бөлінеді:
1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады;
4) кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады.
Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
5) ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.4-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.04.2009 № 154-IV Заңымен.5-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру, тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою және олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайтын органдар
Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз өкiлеттiктерi шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi құру және тарату, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту, оларға ат қою мен олардың атын өзгерту туралы шешiмдер қабылдайды.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз өкілеттіктері шегінде Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атаулар беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-бап. Облыстар мен аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар
Облыстарға, аудандарға, қалаларға ат қою мен олардың аттарын өзгертуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жұмсалады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен.7-бап. Ономастика комиссиялары
Ономастика комиссиялары Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында құрылады.
Уәкілетті органның жанынан Республикалық ономастика комиссиясы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары құрылады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.8-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бірлiктердi есепке алу мен тiркеу, оларды есептi деректерден шығару
Тұрақты халқының саны елу адамнан асатын және дербес елдi мекендер деп саналатын қоныстар есепке алынады және тiркелуге жатады.
Қызметтiк мақсаттағы объектiлер болып табылатын жалғыз үйлер, фермалар, қоныстар (орманшылардың, жол қараушылардың, жол шеберлерiнiң үйлерi, зайымкелер, қыстаулар, дала қостары, метеостансалар және т.б.) әкiмшiлiк немесе аумақтық тұрғыдан байланысты елдi мекендер құрамында есепке алынады.
Қалалардың, кенттердiң немесе ауылдардың құрамына енгiзiлген және олардың бiр бөлiгіне айналған елдi мекендер, сондай-ақ тұрғындарының бәрi кетiп қалған немесе қоныс аударған қоныстар дербес әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мәртебесiнен айырылады және есептi деректерден шығарылады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен. 2 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ
ЖӨНIНДЕГI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
9-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерi
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың пiкiрiн ескере отырып:
1) облыстар мен аудандарды құрады және таратады, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлейдi және көшiредi;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);3) елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың санаттарына жатқызады, олардың бағыныстылығын белгiлейдi және өзгертедi;
4) облыстарға, аудандар мен қалаларға ат қою және олардың атын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелерiн шешедi;
4-1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыреті
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстар мен аудандарды құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және өзгерту туралы ұсынулар енгiзедi;
1-1) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың шекарасын белгiлейді және өзгертеді;
2) Қазақстан Республикасының Президентiне елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу, олардың бағыныстылығын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
2-1) Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру қағидаларын бекітеді;
4) Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының, оның жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне облыстарға, аудандарға, қалаларға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол станцияларына, метрополитен станцияларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, физикалық-географиялық және мемлекеттік меншіктің басқа да объектілеріне атау беру туралы шешім қабылдайды;
5) <*>
6) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 3 бөлiм. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ
ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI
ӨКIЛЕТТIКТЕРI
11-бап. Облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
Облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне облыстың шекарасын өзгерту туралы, облыс аудандарын құру және тарату, олардың әкiмшiлiк орталықтарын белгiлеу және көшiру туралы, елдi мекендердi республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсу бойынша облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi; облыс аудандарының, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi, кенттердi, ауылдарды бiр ауданнан екiншi ауданға немесе қалалық билік органдарының әкiмшiлiк бағынысына беру туралы мәселелердi шешедi;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкiлдi және атқарушы органдарының пiкiрiн ескере отырып, қала емес елдi мекендердi осы Заңмен белгiленген басқа елдi мекендердiң категорияларына жатқызады; кенттердi, ауылдарды, ауылдық округтердi құрады, таратады және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертедi;
3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
4-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде облыстық маңызы бар қалалардың қаладағы аудандарына, құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
4-2) Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Облыстық атқарушы органдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер мен жекелеген елдi мекендердi есепке алады және тiркейдi, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен, өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.12-бап. Аудандық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
Аудандық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалардың категорияларына жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға елдi мекендердi кенттер немесе ауылдар категорияларына жатқызу туралы; кенттердi немесе ауылдарды құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тiркеу туралы ұсыныстар енгiзедi;
3) кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, осы елдi мекендердiң шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
4) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға аудандардың ауылдық округтердiң шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
5) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
5-1) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде аудандық маңызы бар қаланың құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
6) <*>
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазiргi және жаңадан құрылатын елді мекендердi есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есептi деректерден шығарады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгiзiлдi - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.13-бап. Қалалық өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
Қалалық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен:
1) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға қалаларды республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) облыстық өкiлдi және атқарушы органдарына, ал республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкiлдi және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметiне қалалар шекараларын өзгерту жөнiнде, соның iшiнде олардың құрамына жеке елдi мекендердi енгiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;
3) қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгiлейдi және өзгертедi;
4) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары:
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қаладағы аудандарына, құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;
Республикалық ономастика комиссиясының қарауына әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, метрополитен стансаларына, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4-1) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдары:
кенттер мен ауылдардың басқару органдарының пікірін ескере отырып, осы елді мекендердің шекараларын белгілейді және өзгертеді;
облыстық өкілді және атқарушы органдарға ауылдық округтердің шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық өкілді және атқарушы органдарға ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
5) қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 05.07.2011 № 452-IV (13.10.2011 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері
Еcкерту. 14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Аудандық маңызы бар қала әкімі аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкілді және атқарушы органдарға осы елдi мекендердi аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар санаттарына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттердiң, ауылдық округтердiң, ауылдардың шекараларын белгiлеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
4) тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елдi мекендердің құрамдас бөлiктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); 12.12.2020 № 383-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-1-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру
1. Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді жергілікті атқарушы органдар ономастика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.
2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындылары бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешіммен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі ұсыныстарды тиісті ономастика комиссияларының қарауына енгізеді.
Ескерту. 3-бөлім 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.14-2-бап. Елді мекендердің санаттарын өзгерту тәртібі
1. Қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
2. Ауыл, кент мәртебесін өзгерту үш жыл ішінде осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, үш жыл ішінде осы Заңның 2-бабының 2-тармағы бесінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ауылдық округ таратылады, ал оның ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық округтерге немесе өзге де елді мекендерге қосылады.
4. Елді мекеннің санатын өзгерту рәсімі осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-бөлім 14-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 4 бөлiм. ӘКIМШIЛIК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРIН ҚАРАУ
ҮШIН ҚАЖЕТТI ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР
15-бап. Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбегi
Аймақтық деңгейде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi немесе облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн (бiрлескен) ұсынымы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң енгiзiлетiн ұсыныс жөнiндегi тиiстi өтiнiшi және оның тиiмдi екендiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақтың көлемi, онда тұратын халықтың саны туралы мәлiметтер, негiзгi заңды тұлғалардың тiзбесi, олардың өндiрiстiк көрсеткiштерi, бұлардың әрқайсысында iстейтiн жұмысшылардың саны, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құрылымы мен штаттары туралы, қайта ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруi туралы мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар ұсынымы;
3) жергiлiктi (облыстық, аудандық, қалалық) өкiлдi және атқарушы органдардың, кенттер, ауылдар , ауылдық округтер әкiмдерiнiң қаралатын мәселе жөнiндегi ұсыныстары;
4) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жаңа шекаралары, мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетiлген схемалық карта қажет. Картаға Үкiметiнiң өкiлi, сондай-ақ аумақтық қабылдайтын және беретiн өкiлдi және атқарушы органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар мөрмен куәландырылады;
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөнiндегi ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап қажет.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 19.12.1995 № 2691 Жарлығымен; 09.02.2009 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.01.2013 № 72-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.16-бап. Аумақтар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбесi
Өңір шегінде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу үшін мыналар қажет:
1) мәселенi өз мәнiсiнде шешетiн өкiлдi және атқарушы органның бiрлескен қаулысы;
2) жергілікті қоғамдастық жиынының шешілетін мәселенің мәніне қатысты хаттамалары;
3) енгiзiлетiн ұсыныс тиiмдiлiгiнiң негiздемесi, өзгертiлетiн аумақ, оның халқының саны туралы мәлiметтер, елдi мекендердiң өнеркәсiптiк және басқа да объектiлердiң тiзбесi, сондай-ақ мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн қажеттi барлық басқа мәлiметтерi бар түсiндiрме жазбаша хат;
4) елдi мекендердiң жаңа шекаралары және мәселенi өз мәнiсiнде шешу үшiн маңызы бар өзге де жағырапиялық деректерi көрсетiлген схемалық карта. Картаға өзгертiлетiн аумақтың өкiлдi және атқарушы органдарының басшылары қол қояды;
5) жүргiзiлетiн қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөнiндегi ғылыми сараптаманың актiсi және экономикалық есеп-қисап.
Осы Заңның 3-бабының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін елді мекендер таратылған кезде ғылыми сараптама актісін ұсыну талап етілмейді.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Президентi |