1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Z952676_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
35-бапта:
бiрiншi абзац "азаматтарға" деген сөзден кейiн "бұрын жоғары одақтық атақтар мен наградаларға ие болған, 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн зейнет жасына келген азаматтарға" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын;
" - "Халық қаhарманы", "Кеңес Одағының батыры" атағын алғандарға, үш дәрежелi Даңқ орденiнiң иегерлерiне - 60 процент;
- "Социалистiк Еңбек Ерi, "Отан", үш дәрежелi Еңбек даңқы ордендерiнiң иегерлерiне - 40 процент".
2-бап. Осы Заң 1996 жылғы қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi