Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 22 қараша N 46-I

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Z952676_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      35-бапта:
      бiрiншi абзац "азаматтарға" деген сөзден кейiн "бұрын жоғары одақтық атақтар мен наградаларға ие болған, 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн зейнет жасына келген азаматтарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi және төртiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын;
      " - "Халық қаhарманы", "Кеңес Одағының батыры" атағын алғандарға, үш дәрежелi Даңқ орденiнiң иегерлерiне - 60 процент;
      - "Социалистiк Еңбек Ерi, "Отан", үш дәрежелi Еңбек даңқы ордендерiнiң иегерлерiне - 40 процент".
      2-бап. Осы Заң 1996 жылғы қаңтардан бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

           Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады