Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі N 274 Заңымен.
Ескерту. Мәтін бойынша сөздер өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
I Тарау. Жалпы Ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуi мен таратылуының жалпы құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
2-бап. Арнайы экономикалық аймақ ұғымы
Арнайы экономикалық аймақ-ерекше құқықтық режим қолданылатын Қазақстан Республикасының шектеулi аумағын бiлдiредi.
3-бап. Арнайы экономикалық аймақтарды құрудың мақсаты
Арнайы экономикалық аймақтар республика экономикасының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне енуiн жандандыру, жаңа технологиялардың бiр немесе бiрнеше сапаларын дамыту, жоғары тиiмдi өндiрiстер құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын пысықтау, басқару мен шаруашылық жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн аймақтарды жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.04. N 504 Заңымен , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бап. Арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдар
1. Арнайы экономикалық аймақтардың қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледi.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартпен арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдардағыдан өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
5-бап. Арнайы экономикалық аймақтарды құру тәртiбi
1. Арнайы экономикалық аймақ Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергілiкті өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсе отырып жасалған тиiстi орталық атқарушы органның ұсынысына негiзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен белгiлi бiр мерзiмге құрылады. <*>
Арнайы экономикалық аймақ туралы ереже арнайы экономикалық аймақты құру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiледi.
2. Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныстарды қарау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне тұжырымдама мен техникалық-экономикалық негiздеме табыс етiледi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.04. N 504 Заңымен .
6-бап. Арнайы экономикалық аймақ аумағында шаруашылық
жүргiзушi субъектiлер құқықтарының кепiлдiктерi
Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимi өзгерген немесе ол мерзiмнен бұрын таратылған жағдайда, оның аумағының шекарасы өзгеруiн қоса алғанда, оның аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге инвестицияларды салу сәтiне сәйкес келетiн шарттармен арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзiм аяқталғанға дейiн, бiрақ он жылдан асырмай осындай қызметтi жалғастыруға кепiлдiк берiледi. Мерзiм арнайы экономикалық аймақтағы құқықтық режим жойылған немесе өзгертiлген күннен бастап есептеледi.
Осы бапта берiлген кепiлдiктер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде өңдеу өлшемдерiне сәйкес өңдеуге арналған тауарларды (спирттi қоспағанда), сондай-ақ жабдықтарды әкелуге қатысты кедендiк реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңдарындағы өзгерiстерге қолданылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 334 Заңымен , 1999.03.31. N 354 Заңымен .
II Тарау. Арнайы экономикалық аймақты басқару
7-бап. Арнайы экономикалық аймақты басқару
Арнайы экономикалық аймақты басқаруды аумағында арнайы экономикалық аймақ орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша құрылған жағдайда арнайы экономикалық аймақты басқаруды Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлейтiн орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен , өзгеріс енгізілді - 2003.12.04. N 504 Заңымен .
8-бап. <*>
Ескерту. 8-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
III Тарау. Арнайы экономикалық аймақтың
құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi
9-бап. <*>
Ескерту. 9-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
10-бап. Банк қызметi
Арнайы экономикалық аймақ аумағында банк қызметi Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап. Салық салу
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. <*>
Ескерту. 11-баптың 2-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
12-бап. Кедендiк реттеу
Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан болып қарастырылады, оған еркiн кеден аймағының режимi қолданылады.
Тауарлар мен жабдықтарды арнайы экономикалық аймақтың аумағында еркiн кеден аймағының кеден режимiмен орналастырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленедi.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 334 Заңымен , өзгерту енгізілді - 1999.03.31. N 354 Заңымен , 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
13-бап. <*>
Ескерту. 13-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
14-бап. Лицензиялау
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асыратын қызметтi лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Шетел азаматтарының арнайы экономикалық
аймақта болу тәртiбi
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдермен белгiленген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының келу, кету, транзитпен өтуi және болу тәртiбi қолданылады.
2. <*>
Ескерту. 15-баптың 2-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N 223-II Заңымен .
IV. Қорытынды Ережелер
16-бап. Арнайы экономикалық аймақтың
шарттарын өзгерту және оны тарату
1. Арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
2. Арнайы экономикалық аймақ өзi арнап құрылған мерзiм аяқталған соң таратылады.
3. Арнайы экономикалық аймақты құрудың мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен арнайы экономикалық аймақ мерзiмiнен бұрын таратылуы мүмкiн.
4. Арнайы экономикалық аймақты тарату рәсiмiн жүзеге асыру тәртiбi мен мерзiмi ол туралы Ережемен айқындалады.
17-бап. Осы Заңды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
1. Осы Заң күшiне енгенге дейiн құрылған еркiн экономикалық аймақтар олар бойынша осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес шешiм қабылданғанға дейiн өз мәртебесiн сақтайды.
2. Осы Заңның 6-бабының ережелерi жаңадан құрылған арнайы экономикалық аймақтардың және олар бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiм қабылданған арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қолданылады.
2-1. Осы Заңның 6-бабының екiншi азатжолында аталмаған тауарларды әкелуге қатысты кепiлдiктер 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi үш ай мерзiмде:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiрсiн;
мемлекеттiк органдардың, жұмыс iстеп тұрған еркiн экономикалық аймақтар Әкiмшiлiк кеңестерiнiң осы Заңға қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiн қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
оларды мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу тетiгiн қоса арнайы экономикалық аймақтар құру туралы ұсынымдар енгiзу, сондай-ақ тұжырымдама мен техника-экономикалық негiздеме ұсыну тәртiбiн бекiтсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1) "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" 1990 жылғы 30 қарашадағы Қазақ ССР-iнiң Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 49, 455-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 116-құжат);
2) "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Қазақ ССР Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1990 жылғы 30 қарашадағы N 361-ХII қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 49, 456-құжат);
3) "Жезқазған облысында Жәйрем-Атасу еркiн экономикалық аймағын құру туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң 1991 жылғы 18 маусымдағы N 678-ХII қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 331-құжат);
4) "Талдықорған облысында Алакөл, Жаркент еркiн экономикалық аймақтарын құру және Талдықорған қаласында "Талдыкурганвнештранс" кәсiпорны негiзiнде еркiн экономикалық кiшi аймақ құру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 11 қаңтардағы N 1114-ХII қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 67-құжат);
5) "Лисаков еркiн экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1467-ХII қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 347-құжат).
Ескерту. 17-бап 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.24. N 334 Заңымен .
18-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi