"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 504 Заңы

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) 3-бап "жүйесiне енуiн жандандыру," деген сөздерден кейiн "жаңа технологиялардың бiр немесе бiрнеше сапаларын дамыту," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 5-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi "атқарушы органдардың" деген сөздерден кейiн "немесе аумағында арнайы экономикалық аймақ құрылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергілiкті өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсе отырып жасалған тиiстi орталық атқарушы органның" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 7-бап мынадай мазмұндағы екiнші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органның ұсынысы бойынша құрылған жағдайда арнайы экономикалық аймақты басқаруды Қазақстан Республикасының Yкiметі белгiлейтiн орталық атқарушы орган жүзеге асырады.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады