Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 24 желтоқсан N 334-I


      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Аграрлық-өнеркәсіптік кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" 1993 жылғы 12 сәуірдегі Z931700_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 9, 212-құжат;) Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13, 205-құжат:
      4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мыналарға:
      1) мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі шараларды жүргізуге;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша өсімдіктердің жаппай зиянкестері мен ауруларына қарсы күреске және малдың аса қауіпті жұқпалы ауруларын жоюға, табынды сауықтыруға;
      3) тұқымдық және отырғызылатын материалдардың сорттық және егіс сапасын айқындауға;
      4) ауыл шаруашылық дақылдарын сорттап сынақтан өткізуге;
      5) балық запастарын (балық шабақтарын) молықтыруға;
      6) мемлекеттік мал дәрігерлік желісіндегі, өсімдіктер карантині, өсімдіктерді қорғау жөніндегі, суармалы жердің мелиорациялық жай-күйін қадағалау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді ұстауға;
      7) мемлекетаралық, облысаралық және ауданаралық мақсаттағы су қоймалары мен каналдарды, тұтынушыларға су беруге байланысты емес басқа да объектілерді пайдалануға;
      8) ауылдық тауар өндірушілерді қолдауға жұмсалған шығындар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мал дәрігерлігі туралы" 1995 жылғы 25 шілдедегі N 2376 U952376_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 14, 94-құжат; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980283_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік мал дәрігерлігі қызметі республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылады.".

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат;):
      1) 6-бап мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Осы бапта берілген кепілдіктер жабдықтарды, өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарларды әкелуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарларға қатысты (спирттен басқа) кедендік реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарындағы өзгерістерге қолданылады.";
      2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "12-бап. Кедендік реттеу
      Арнайы экономикалық аймақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан деп қарастырылады, оған еркін кеден аймағының режимі қолданылады.
      Арнайы экономикалық аймақ аумағында еркін кеден аймағының кеден режимімен жабдықтарды, өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарларды, сондай-ақ өңдеуге арналған тауарларды (спирттен басқа) Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес жол беріледі.";
      3) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Осы Жарлықтың 6-бабының екінші азатжолында аталмаған тауарларды әкелуге қатысты кепілдіктер 1999 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.".

      4. "Экологиялық сараптама туралы" 1997 жылғы 18 наурыздағы Z970085_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 67-құжат):
      33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сараптама жұмыстарын жүргізгені үшін төленетін төлемдер есебінен жүзеге асырылады.".

      5. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шілдедегі Z970160_

Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің 
Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат):
     34-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
     
     6. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі 
 

Z980258_

  Қазақстан Республикасының Заңына (1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен 
Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):
     7 және 8-баптар алып тасталсын.
     
     2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.) 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады