Осы Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы бiрыңғай заңды белгiлейтiн конвенцияға, Аударым және жай вексельдер туралы заңдардың кейбiр үйлеспеушiлiктерiн шешу мақсатын көздейтiн конвенция мен Аударым және жай вексельдерге қатысты елтаңба алымы жөнiндегi конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейдi және төлем құралы мен несие қаражаты ретiнде вексельдiң қызметiн белгiлейдi.
Аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Авальшы - аваль берушi тұлға.
Акцепт - вексель төлемiне берiлетiн жазбаша келiсiм.
Аллонж - индоссаменттер жасау үшiн вексельге қосымша парақ.
Қола вексель - ойдан шығарылған тұлғаға жазылған вексель.
Вексель валютасы - вексельдiң сомасы көрсетiлген ақша бiрлiгi.
Вексель берушi - вексель берген заңды немесе жеке тұлға.
Вексель ұстаушы - вексельде көрсетiлген ақша сомасын алуға
құқығы бар вексель иесi.
Вексель - бiржақты сөзсiз ақшалай мiндеттеменi бiлдiретiн қатаң белгiленген нысандағы төлем құжаты.
Вексель қағазы - белгiлi бiр қорғалу дәрежесi бар және оған вексель жасауға арналған елтаңбалы қағаздың бiр түрi.
Грациялық күн - вексельде белгiленген төлем мерзiмi ұзартылатын жеңiлдiк берiлген күн.
Дисконт - төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексельдердi есепке алу кезiнде алынатын процент.
Домицияландырылған вексель - үшiншi тұлға төлеушiнiң атынан және соның есебiнен төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге жерде төлеуге тиiс вексель, бұл жайында вексельдiң өзiнде көрсетiледi.
Достық вексельдерi - вексель берушiнiң ол бойынша төлем жасау ниетiнсiз, осы вексельдердi екiншi деңгейдегi банктерде өзара есепке алу арқылы ақша қарастыру мақсатымен ғана тұлғалар бiр-бiрiне беретiн вексельдер.
Индоссамент - вексель сыртындағы немесе аллонждағы табыстау жазбасы, бұл осы вексель бойынша иелену құқығының басқа тұлғаға берiлгенiн куәландырады.
Индоссант - вексельдi табыстаушы тұлға.
Индоссат - табыстау жазбасы бойынша вексель арнайы аударылатын тұлға.
Коммерциялық вексель - сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттарының негiзiнде берiлген вексель.
Куртаж - вексельмен мәмiле жасалған кезде делдалға төленетiн сыйақы.
Тұрғылықты жерi - жеке тұлғаның тұрғылықты жерi (почта мекен-жайы) немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi (почта мекен-жайы).
"Бұйрыққа емес" - вексель берушi вексельге енгiзетiн анықтама, бұл индоссамент арқылы вексель беруге тыйым салуды бiлдiредi.
"Шығынсыз айналым" , "наразылықсыз" - вексель ұстаушының, индоссанттың, авальшының вексель мәтiнiне қосқан, вексель ұстаушыны вексель берушiнiң төлемегенi немесе акцепт жасамағаны үшiн вексель наразылығын бiлдiруден босататын ескертпе.
Вексель бойынша мiндеттi тұлғалар - вексельдi төлеу талап етiлуi мүмкiн тұлғалар: вексель берушi, индоссант, төлеушi, акцептант, авальшы.
Аударым векселi (тратта) - вексель берушiнiң (трассанттың) үшiншi тұлғаға (трассатқа) бiрiншi вексель ұстаушының (ремитенттiң) немесе оның бұйрығы бойынша алдағы белгiлi бiр уақытта не ұсынуы бойынша төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнәрсеге негiзделмеген ұсынысы (бұйрығы) бар вексель.
Сенiм индоссаментi - вексельге вексель ұстаушы жазған және индоссант белгiлеген шекте вексель бойынша кейбір құқықтарды көшiру мақсатындағы жазба.
Жай вексель (соло) - вексель берушiнiң вексель ұстаушыға талап ету бойынша немесе алдағы белгiлi бiр уақытта төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнәрсеге негiзделмеген мiндеттемесi жазылған вексель.
Вексель наразылығы - акцептiң күнi көрсетiлмегенiн не акцептен немесе төлем төлеуден бас тартуды куәландыратын жазбаша акт.
Регресс - акцептелмеген немесе төленбеген вексель бойынша керi талап ету.
Рекамбио - вексельдi төлеген тұлғаның вексель бойынша мiндеттi тұлғалардың бiрiне вексель (керi тратта) түрiнде ресiмделуi мүмкiн талабы. Рекамбиоға наразылық бiлдiруiне байланысты төленген вексель сомасы, процент, өсiм, шығындар кiруi мүмкiн.
Римесса - борышкердiң үшiншi тұлғадан ұлттық валютаға сатып алатын және өзiнiң шетелдiк несие берушiсiнiң алдындағы берешегiн өтеу үшiн оған жiберетiн шетелдiк валюта түрiндегi аударым векселi.
Есеп кеңсесi - есеп операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банк (бұдан әрi - банк).
Қаржы векселi - ақша тарту мақсатында, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсету туралы мәмiлелер негiзiнде берiлген вексель.
Цессия - азаматтық заңдарға сәйкес мiндеттемедегi талаптарды азайту.
Ескерту. Ұғымдарға өзгерту енгізілді – ҚР 2001.12.24. N 276, 2003.07.09. N 482; 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. I бөлiм.
Аударым вексельдерi мен жай вексельдер туралы
1-тарау. Аударым векселiн жасау және оның нысаны туралы
Аударым векселiнде мыналар болуға тиiс:
1) құжат мәтiнiнiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлде айтылған "вексель" атауы;
2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;
3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы;
4) төлем мерзiмiн көрсету;
5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету;
6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның
атауы;
7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету;
8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.
Алдыңғы бапта аталған талаптардың бiреуi жоқ құжаттың аударым вексельдiк күшi болмайды, бұған төмендегi азатжолдарда белгiленген жағдайлар қосылмайды.
Төлеу мерзiмi көрсетiлмеген аударым векселi талап ету бойынша төленуге тиiс вексель ретiнде қарастырылады.
Арнайы көрсету болмаған ретте төлеушiнiң атауымен қатар белгiленген орын төлем орны және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрғылықты жерi болып есептеледi.
Жасалған орны көрсетiлмеген аударым векселi вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған деп танылады.
Аударым векселi вексель берушiнiң бұйрығымен ақы төленуге тиiс деп берiлуi мүмкiн.
Ол вексель берушiнiң өзiне берiлуi мүмкiн.
Ол үшiншi тұлғаның есебiнен берiлуi мүмкiн.
Аударым векселi үшiншi тұлғаның тұрғылықты жерiнде немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнде немесе басқа бiр жерде төленуге тиiс болуы мүмкiн.
Ұсынылған мерзiмде немесе ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым векселiнде вексель берушi вексель сомасына процент есептеуге шарт қоя алады. Мұнан басқа аударым вексельдерiнде мұндай шарт жазылмаған деп есептеледi.
Вексельде проценттiк ставка көрсетiлуге тиiс; мұндай нұсқау болмаған жағдайда, шарт жазылмаған деп есептеледi.
Егер де басқа күн көрсетiлмесе, проценттер аударым векселi жасалған күннен бастап есептеледi.
Егер аударым векселiндегi сома жазбаша да, цифрмен де жазылса, бұл жазбалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель жазбаша көрсетiлген сомада күшiнде болады.
Егер аударым векселiнде сома жазбаша түрде не цифрмен бiрнеше рет көрсетiлсе, бұл жазбалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель тек аз сомаға ғана күшiнде болады.
Егер аударым векселiнде аударым векселi бойынша мiндеттi бола алмайтын тұлғаның қолы, жалған қолдар немесе ойдан шығарылған адамдардың қолдары болса, немесе оған қол қойғандарды барлық басқа негiзде мiндеттей алмайтын, немесе бiреудiң атынан қол қойылса, басқалардың қойған қолдары дегенмен де күшiн жоймайды.
Вексельге қойылмаған қолдың орыны аударым векселiне өз қолын қойып куәландырушы адамның еркiн бiлдiретiн ресми түрде куәландырып жазған өтiнiшi арқылы ғана толтырылуы мүмкiн.
Тұлға атынан iс-әрекет жасауға уәкiлдiк берiлмеген, тұлғаның өкiлi ретiнде аударма векселiне қол қойған әрбiр адам вексель бойынша тарап ретiнде мiндеттi болады және, егер ол вексельдi төлеген болса, өкiл ретiнде көрсетiлген адамның құқығындай құқықтарға ие болады. Өзiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланған өкiл де дәл осындай жағдайда болады.
Вексель берушi акцепт үшiн де, төлем үшiн де жауап бередi.
Оның өзiне акцепт үшiн жауапкершiлiк алмауына болады; оның төлем үшiн жауапкершiлiктi алмауының әрбiр жағдайы жазылмаған деп саналады.
2-тарау. Индоссамент туралы
Әрбiр аударым векселi, тiптi ол бұйрық туралы нұсқаусыз берiлсе де, индоссамент арқылы берiлуi мүмкiн.
Егер вексель берушi аударым векселiнде "бұйрыққа емес" деген сөздi немесе қандай да бiр соған тең мағынадағы сөздi жазатын болса, құжаттың нысаны ғана сақталып және жай цессия нәтижелерiмен берiлуi мүмкiн.
Төлемшi вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне де қарамастан, тiптi соның пайдасына немесе вексель берушiнiң пайдасына не вексель бойынша мiндеттi қандай да бiр басқа тұлғаның пайдасына индоссамент жасалуы мүмкiн. Бұл тұлғалар өз кезегiнде вексельдi индоссация жасай алады.
Индоссамент жай және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс. Оны шектейтiн шарттың кез-келгенi жазылмаған деп есептеледi.
Iшiнара индоссамент жарамсыз болады.
Индоссамент көрсетушiге бланктiк индоссамент күшiнде болады.
Индоссамент аударым векселiне немесе соған қосымша параққа (аллонжға) жазылуға тиiс. Оған индоссант қол қоюға тиiс.
Индоссамент өз пайдасына индоссамент жазылған тұлғаның нұсқауы көрсетiлмеуi мүмкiн немесе онда бiр индоссанттың ғана қойған қолы болуы тиiс (бланктiк индоссамент). Бұл соңғы жағдайда индоссамент өз күшiнде болуы үшiн ол аударым векселiнiң сырт жағына немесе аллонжға жазылуға тиiс. <*>
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.Индоссаментке аударым векселiнен туындайтын барлық құқық берiледi. Егер индоссамент бланктiк индоссамент болса, вексель ұстаушы:
1) бланктi не өзiнiң атынан немесе басқа бiр тұлғаның атынан толтыра алады;
2) өз кезегiнде вексельдi бланк арқылы немесе қандай да басқа бiр тұлғаның атына индоссациялай алады;
3) вексельдi бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшiншi тұлғаға бере алады.
Егер қандай да бiр керi шарт қойылмаса, индоссант акцепт үшiн және төлем үшiн жауап бередi.
Ол бұдан кейiнгi индоссаментке тыйым салуы мүмкiн: мұндай жағдайда ол бұдан кейiн пайдасына вексель индоссацияланған тұлғалардың алдында жауап бермейдi.
Аударым векселi кiмнiң қолында болса, тiптi соңғы индоссамент бланктi индоссамент болғанның өзiнде, егер ол өз құқығын индоссаменттердiң үздiксiз қатарына негiздей алса, сол тұлға заңды вексель ұстаушы деп қарастырылады. Бұл орайда сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған болып есептеледi. Бланктiк индоссаменттен кейiн басқа индоссамент болған кезде, соңғысына қол қойған тұлға бланктiк индоссамент бойынша вексельдi сатып алған деп есептеледi.
Егер кiмде-кiм әлде нендей бiр кездейсоқ жағдайларда вексель иелiгiнен айрылса, қолында векселi бар, өз құқығын бұдан бұрынғы азатжолда көрсетiлген тәртiппен негiздейтiн тұлға вексельдi дұрыс алмаған немесе оны сатып алғанда өрескел абайсыздық жасаған жағдайда ғана оны қайтаруға мiндеттi.
Аударым векселi бойынша талап қойылған тұлғалар, егер вексель ұстаушы вексель сатып алғанда борышкерге саналы түрде зиян келтiрмеген болса, вексель берушiге немесе алдыңғы вексель ұстаушыларға жеке қатынастарына негiзделген қарсылықты вексель ұстаушыға қарсы қоя алмайды.
Егер индоссаменттiң "валюта алуға", "инкассоға", "сенiм бiлдiрiлген ретiнде" деген ескертпесi немесе жай тапсырманы бiлдiретiн қандай да бiр өзге ескертпесi болса, вексель ұстаушы аударым векселiнен туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады, бiрақ оны ол қайта тапсыру тәртiбiмен ғана индоссациялай алады.
Мұндай жағдайда мiндеттi тұлғалар вексель ұстаушыға қарсы тек индоссантқа ғана қарсы қоятындай наразылық мәлiмдей алады.
Индоссаментке берiлген тапсырма қайта кепiлдiк берушiнiң қайтыс болуы немесе оның iс-әрекетке қабiлетсiздiгiне ұшырауы салдарынан тоқтатылмайды.
Егер индоссаментте "қамтамасыз етiлуге тиiс валюта", "кепiлдiкке берiлетiн валюта" ескертiлсе немесе өзге де кез-келген кепiл түрiндегi ескертпе болса, вексель ұстаушы аударым векселiнен туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады, бiрақ олар қойған индоссаменттiң қайта кепiлдiк берушi индоссамент ретiнде ғана күшi болады.
Егер тек вексель ұстаушы вексель алғанда борышкерге саналы түрде зиян келтiрмеген болса, мiндеттi тұлғалар индоссантқа өздерiнiң жеке қатынастарына негiзделген қарсылықтарын ұстаушыға қарсы мәлiмдей алмайды.
Төлем мерзiмiнен кейiн жасалған индоссаменттiң нәтижесi алдыңғы жасалған индоссаменттегi сияқты болады. Алайда төлем төлемеу наразалығынан кейiн немесе наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн жасалған индоссамент тек қана дағдылы цессия салдарына ие болады.
Керiсiнше дәлелденбейтiн болғандықтан күнi көрсетiлмеген индоссамент наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiм өткенге дейiн жасалған деп есептеледi.
3-тарау. Акцепт туралы
Төлем мерзiмi басталғанға дейiн қолында векселi бар вексель ұстаушы немесе тiптi жай адам төлем төлеушiге өзiнiң тұрғылықты жерiнде акцептеу үшiн аударым векселiн көрсетуiне болады.
Вексель берушi қандай да болсын аударым векселiнде мерзiмi белгiленген немесе белгiленбеген вексельдiң акцептке табыс етiлуге тиiстiлiгiн шарт етiп қоя алады.
Егер үшiншi бiреуде төленуге тиiс болатын аударым векселi туралы, немесе төлем төлеушiнiң тұратын жерiнен басқа жерде төленуге тиiс вексель туралы, немесе ұсыну бойынша белгiлi бiр уақыттан кейiн төленетiн вексель туралы сөз болып отырмаса, ол вексельде оны акцептке ұсынуға тыйым сала алады.
Ол акцептке белгiленген мерзiмнен бұрын орын алуға болмайтынын да шарт етiп қоя алады.
Егер вексель берушi вексельдi ғана акцептеуге болмайды деп жарияламаған болса, әрбiр индоссант вексель мерзiмiн белгiлеп немесе оны белгiлемей вексельдi акцептке ұсынуға тиiс екенiн шарт етiп қоя алады.
Ұсынудан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым вексельдерi берiлген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде акцептке табыс етiлуге тиiс.
Вексель берушi бұл соңғы мерзiмдi қысқартуы немесе неғұрлым ұзағырақ мерзiмдi белгiлеуi мүмкiн.
Индоссанттардың бұл мерзiмдi қысқартуы мүмкiн.
Төлем төлеушi бiрiншi ұсынудан кейiн вексельдi келесi күнi өзiне қайталап ұсынуды талап ете алады.
Мүдделi адамдар, наразылықта айтылған талап орындалмаған жағдайда ғана ол талаптың орындалмағанына сiлтеме жасай алады.
Вексель ұстаушы акцептке ұсынылған вексельдi төлем төлеушiге беруге мiндеттi емес.
Аударым векселiнде акцепт белгiленедi. Ол "акцептелген" деген сөзбен немесе басқа бiр сондай мағынадағы сөзбен бiлдiрiледi; оған төлем төлеушi қол қояды. Вексельдiң бет жағына төлем төлеушiнiң қойған жай қолы акцепт күшiн алады.
Егер вексель ұсынудан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiс болса немесе ерекше жағдайға байланысты белгiлi бiр мерзiмде акцептке ұсынылуға тиiс болса, акцептке оның берiлген күнi қойылуға тиiс, бұл орайда вексель ұстаушы оның ұсынылатын күнмен көрсетiлуiн талап етпеуi керек. Күнi көрсетiлмеген жағдайда вексель ұстаушы индоссанттарға қарсы және вексель берушiге қарсы өзiнiң регресс құқығын сақтап қалу үшiн бұл олқылықты мезгiлiнде наразылық жасаумен куәландыруға тиiс.
Акцепт жай және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс, алайда төлем төлеушi оны соманың бiр бөлiгiмен шектей алады.
Акцептпен аударым векселiнiң мазмұнына жасалған қандай да болмасын өзге өзгерiс акцепт жасамаудан бас тартумен бара-бар болады. Алайда акцептант өз акцептiнiң мазмұнына сәйкес жауап бередi.
Егер вексель берушi аударым векселiнде төлем төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге төлем жасайтын жердi көрсетсе, бұл орайда төлем жасалуға тиiс үшiншi тұлғаны көрсетпеген болса, төлем төлеушi мұндай тұлғаны акцепт жасалған кезде көрсете алады. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда, акцептант төлемдi төлем төленетiн жерде өзi жасауға мiндеттендi деп ұйғарылады.
Егер вексель төлем төлеушiнiң тұрғылықты жерiнде төленуге жататын болса, соңғысы акцепте сол жердегi төлем жасалуы тиiс болатын қандай да бiр мекен-жайды көрсете алады.
Төлем төлеушi акцепт арқылы аударым векселiн мерзiмiнде төлеуге өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Төлем жасалмаған жағдайда, вексель ұстаушы тiптi өзi вексель берушi болса да, акцептантқа қарсы 47 және 48-баптарға сәйкес талап қоюға мүмкiн болатынның бәрiне қатысты, аударым векселiне негiзделген тiкелей талап қояды.
Егер аударым векселiне акцептi туралы жазба жасаған төлем төлеушi оны вексель қайтарылғанға дейiн сызып тастаған болса, акцепт жасаудан бас тартылды деп есептеледi. Өзгеше дәлелденбейтiн болғандықтан, сызып тастау құжатты қайтарып бергенге дейiн жасалған деп есептеледi.
Алайда, егер төлем төлеушi өзiнiң акцептi туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойғандардың әлде бiреуiне жазбаша хабарласа, онда өз акцептiнiң шарттарына сәйкес олардың алдында мiндеттi болып табылады.
4-тарау. Аваль туралы
Аударым вексель бойынша төлем толығымен немесе вексель сомасының бiр бөлiгiнде аваль арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Бұл қамтамасыз етудi үшiншi тұлға немесе вексельге қол қойған тұлғалардың бiрi бередi.
Аваль аударым векселiнде немесе қосымша парақта берiледi. Аваль берiлген жерi көрсетiле отырып жеке актiмен берiлуi мүмкiн.
Ол "аваль үшiн есептелсiн" деген сөздермен немесе соған бара-бар өзге де кез келген тұжырым сөздермен бiлдiрiледi; оған авальды кiм берсе, сол қол қояды.
Аваль үшiн, егер тек бұған төлем төлеушi немесе вексель берушi қол қоймаған болса, аударым векселiнiң бет жағына авальшы қойған қолдың өзi жеткiлiктi.
Авальда, ол кiмнiң есебiнен берiлiп отырғаны көрсетiлуi тиiс. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда, ол вексель берушiнiң атынан берiлген деп есептеледi.
Авальшы өзi кiмнiң атынан аваль берсе, сонымен бiрдей жауапты болады.
Оның мiндеттемесi тiптi егер ол кепiлдiк берген мiндеттеме нысан кемшiлiгiнен өзге қандай да болмасын негiз бойынша жарамсыз болып шыққан жағдайда да жарамды.
Аударым векселiне төлем жасай отырып, авальшы кiм үшiн өзi кепiлдiк берсе, соған қарсы және аударым векселiне байланысты осы соңғысының алдында мiндеттi болғандарға қарсы аударым векселiнен туындайтын құқықтарға ие болады.
5-тарау. Төлем мерзiмi туралы
Аударым векселi:
ұсынуы бойынша;
ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта;
жасалғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта;
белгiлi бiр күнде төленуге тиiстi болып берiлуi мүмкiн.
Мерзiмнiң өзгедей белгiленуiн не төлемнiң дәйектi мерзiмдерiн қамтитын аударым вексельдерi жарамсыз болады.
Мерзiмi ұсынылуы бойынша болатын аударым векселi ол ұсынылған кезде төленедi. Ол жасалған күннен бастап бiр жыл iшiнде төлем жасауға ұсынылуға тиiс. Вексель берушi бұл мерзiмдi қысқартуы немесе неғұрлым ұзартылған мерзiмге белгiлеуi мүмкiн. Бұл мерзiмдердi индоссанттар қысқарта алады.
Вексель берушi мерзiмi ұсынылуы бойынша берiлген аударым векселiн белгiленген мерзiмiнен бұрын төлемге ұсынылмайтынын белгiлей алады. Мұндай жағдайда ұсынылу мерзiмi сол белгiленген мерзiмнен бастап есептеледi.
Аударым векселi бойынша ұсынудан кейiн белгiлi бiр уақытта жасалған төлем мерзiмi не акцепт жасалған күнмен, не наразылық бiлдiрiлген күнмен анықталады.
Наразылық болмаған жағдайда күнi көрсетiлмеген акцепт акцептантқа қатысты акцептке ұсынылуы үшiн көзделген мерзiмнiң соңғы күнi жасалған деп есептеледi.
Жасалғаннан немесе ұсынылуынан бастап бiр немесе бiрнеше ай мерзiмге берiлген аударым векселi бойынша төлем мерзiмi төлем жасалатын айдың тиiстi күнi басталады. Бұл айда тиiстi күнi болмаған жағдайда, төлем мерзiмi сол айдың соңғы күнi басталады.
Егер аударым векселi жасалғанынан немесе ұсынылғанынан бастап бiр жарым айға немесе бiрнеше ай жарым мерзiмге берiлген болса, онда ең алдымен тұтас айлар есептелiнуi тиiс.
Егер төлем мерзiмi айдың басына, ортасына (қаңтардың ортасы, ақпанның ортасы және т.б.) немесе айдың соңына белгiленген болса, мұны айдың бiрi, он бесi немесе соңғы күнi деп түсiну керек.
"Сегiз күн" немесе "он бес күн" деген сөздер бiр немесе екi аптаны емес, толық сегiз немесе он бес күндiк мерзiмдi бiлдiредi.
"Жарты ай" деген сөз он бес күндiк мерзiмдi бiлдiредi.
Егер аударым векселi берiлген жерден өзге күнтiзбе қабылданған әлдебiр жерде белгiлi бiр күнi төленуге тиiс болса, онда төлем мерзiмi төлем төленетiн жердiң күнтiзбесi бойынша тағайындалған деп есептеледi.
Егер жасалғаннан кейiн белгiлi бiр уақытқа қойылған мерзiмдегi аударым векселi бойынша берiлген жерi мен төлем төленетiн жерiнде түрлiше күнтiзбелер қолданылатын болса, онда берiлген күнiне сәйкес келетiн төлем төленетiн жердiң күнтiзбесi бойынша тиiстi күн белгiленедi және осыған байланысты төлем мерзiмi анықталады.
Аударым вексельдерiнiң ұсынылу мерзiмдерi бұдан бұрынғы азатжолдағы ережелерге сәйкес есептеледi.
Аударым векселiнде егер қандай да болмасын жасалған ескерту немесе тiптi жай ғана құжаттың мазмұнында өзге бiр ережелердi қабылдау ниетi бiлдiрiлсе, бұл ережелердi қолдануға болмайды.
6-тарау. Төлем туралы
Белгiлi бiр күнге арналған мерзiммен аударым векселiн ұстаушы жасалғаннан немесе ұсынылғаннан кейiнгi белгiлi бiр уақыт iшiнде аударым векселiн ол төленуге тиiстi күнi, не келесi екi жұмыс күнiнiң бiрiнде ұсынуға тиiс.
Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.Аударым векселiн төлеген кезде төлем төлеушi вексель ұстаушыдан төлемдi қабылдағаны туралы оған қолхат табысталуын талап ете алады.
Вексель ұстаушы iшiнара төлем қабылдаудан бас тарта алмайды.
Төлем iшiнара төленген жағдайда төлем төлеушi мұндай төлем туралы вексельге белгi қойылып отыруын және ол туралы қолхат беруiн талап ете алады.
Вексель ұстаушыны аударым векселi бойынша төлемдi мерзiмiнен бұрын қабылдауға мәжбүр етуге болмайды.
Төлемдi мерзiмiнен бұрын жасаған төлем төлеушi оған өз бетiнше тәуекел етедi.
Төлемдi мерзiмiнде төлеген адам, егер тек қана оның тарапынан алдау немесе өрескел абайсыздық болмаса, мiндеттемелерден босатылады. Ол индоссанттардың қойған қолдарын емес, индоссаменттердiң кезектi қатарының дұрыстығын тексерiп отыруға мiндеттi.
Егер аударым векселi төлем төленетiн жерде жүрмейтiн валютамен жазылып берiлсе, онда оның сомасын төлем мерзiмi басталған күнгi бағам бойынша жергiлiктi валютамен төлеуге болады. Егер борышкер төлем жасау мерзiмiн өткiзiп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауы бойынша аударым векселiнiң сомасы жергiлiктi валютаның бағамымен не төлем мерзiмi басталған күнгi, не төлем төленетiн күнгi бағаммен төленуiн талап ете алады.
Шетел валютасының бағамы төлем төленетiн жерде қолданылып жүрген қалыптасқан жағдайларға сәйкес белгiленедi. Алайда вексель берушi төленуге тиiстi сома вексельде көрсетiлген бағам бойынша есептелетiнiн ескерте алады.
Егер аударым векселiнiң сомасы оны берген елдiң және төлем төленетiн елдiң бiрдей атаудағы, бiрақ түрлi бағамдағы валютасымен көрсетiлсе, төлем төленетiн жердiң валютасы көзделгенiн аңғартады.
Аударым векселiн 37-баптағы көрсетiлген төлем мерзiмiне ұсынбаған жағдайда, әрбiр борышкер вексель ұстаушының есебiнен тәуекелге барып, вексель сомасын заңмен арнайы уәкiлеттiк берiлген тұлғаның депозитiне салуға құқығы бар.
7-тарау. Акцепт емес немесе төлем жасалмаған жағдайда талап
ету
Вексель ұстаушы индоссантқа, вексель берушiге және басқа мiндеттi тұлғаларға қарсы өзiнiң регресс құқықтарын:
төлем мерзiмi басталғанда;
төлем жасалмаған болса;
төлем мерзiмi басталмай-ақ:
1) егер акцептен толық немесе iшiнара бас тартылса;
2) төлем төлеушi, оның вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне қарамастан банкрот деп танылған жағдайда, жағдаяты сот арқылы анықталмаса да ол төлем төлеудi тоқтатқан жағдайда немесе оның мүлкiнен өндiрiп алуды өтiну нәтижесiз болған жағдайда;
3) вексель берушi акцептке жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда жүзеге асыра алады.
Төлем төлеушiнiң төлемдi тоқтату фактiсiн сот арқылы анықтау тәртiбi, сондай-ақ мүлiктi өндiрiп алуға өтiнiш жасау тәртiбi осы Заңның 94-бабында белгiленген.
Вексель бойынша акцепт пен төлем үшiн жауап беретiн тұлғаларға керi талапты вексель бойынша төлем мерзiмiнен кешiктiрмей қоюға болады (осы баптың 2 және 3-тармақтары үшiн).
Акцептен немесе төлемнен бас тарту - бас тарту фактiсiн куәландыратын актiмен расталуға тиiс (акцепт емес немесе төлем төлемеу наразылығы).
Вексель берушi аударым векселiнiң өз мәтiнiнде ресми акт арқылы наразылық жасауды талап еткен жағдайларды қоспағанда, наразылық вексельдiң өзiнде жасалып және төлем төлеушi қол қойған өтiнiшпен алмастырылуы мүмкiн. Мұндай өтiнiш наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiмде жасалуға және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тiзiлiмдемеге енгiзуге тиiс. Бұл орайда күнi белгiленбеген индоссамент наразылық бiлдiрiлгенге дейiн қойылған деп есептеледi.
Акцептемеуге наразылық акцептке ұсыну үшiн белгiленген мерзiмде жасалуға тиiс. Егер 23-баптың бiрiншi азатжолында көзделген жағдайда, бiрiншi рет ұсыну мерзiмнiң соңғы күнi орын алса, онда наразылық бiлдiру келесi күнi жасалуы да мүмкiн.
Төлем төлемеу наразылығы аударым векселi төленетiн күнi не келесi екi жұмыс күнiнiң бiрiнде жасалуға тиiс.
Акцептемеу наразылығы төлемге ұсынудан және төлем төлемеу наразылығынан босатады.
Төлем төлеушi вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне қарамастан төлемдi тоқтатқан жағдайда немесе вексель ұстаушы төлем төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алуға жасаған әрекетi нәтижесiз болған жағдайда, төлем төлеушiге төлеу үшiн вексельдi ұсынғаннан кейiн және наразылық бiлдiрiлгеннен кейiн ғана вексель ұстаушы өзiне берiлген құқықтарын жүзеге асыра алады.
Төлем төлеушi вексельдi акцептегенiне, немесе акцептемегенiне қарамастан, банкрот деп танылған жағдайда, сондай-ақ акцептеуге жатпайтын вексель бойынша вексель берушi банкрот деп танылған жағдайда, вексель ұстаушының өзiне берiлген құқықтарын жүзеге асыру үшiн сот органдарының оны банкрот деп тану туралы ұйғарымын ұсынуының өзi жеткiлiктi болады.
Вексель ұстаушы өзiнiң индоссанты мен вексель берушiсiн акцептелмегенi немесе төлем төленбегенi туралы наразылық бiлдiрiлген күннен кейiнгi төрт жұмыс күнi iшiнде немесе "шығынсыз айналым" деген ескерту болған жағдайда, ұсынудан кейiнгi күнi хабардар етуi тиiс. Әрбiр индоссант хабарлама алғаннан кейiнгi екi жұмыс күнi iшiнде өздерi алған хабарламасымен қатар алдыңғы хабарламаны жолдаушылардың атаулары мен мекен-жайларын, өзiнiң индоссантына және одан әрi вексель берушiге дейiн жеткенше хабарлауға тиiс. Жоғарыда аталған мерзiмдер алдыңғы хабарлама алынған сәттен бастап саналады.
Егер аударым векселiне өзiнiң қолын қойған әлдекiмге алдыңғы азатжолға сәйкес хабарлама жiберiлетiн болса, онда дәл сондай хабарлама сол мерзiмде ол үшiн аваль берген адамға жiберiлуi тиiс.
Егер индоссанттардың бiреуi өзiнiң мекен-жайын көрсетпеген жағдайда немесе анықтап жазбаған жағдайда, оның алдындағы индоссантқа хабарлама жiберiлгеннiң өзi жеткiлiктi болады.
Хабарламаны жiберушi адам оны қандай түрде болса да, тiптi аударым векселiнiң өзiн қайтару жолымен де жасай алады.
Ол хабарламаны белгiленген мерзiмiнде жолдағанын дәлелдеуi тиiс. Егер мазмұнында хабарлама жазылған хат почта арқылы аталған мерзiмде жөнелтiлген болса, мерзiм сақталған деп есептеледi.
Жоғарыда аталған мерзiмде хабарламаны кiмде-кiм жiбермесе, ол өз құқығын жоғалтпайды; ол өзiнiң ұқыпсыздығынан келуi мүмкiн зиян үшiн жауап бередi, алайда өтелетiн зиянның мөлшерiн аударым векселiнiң сомасынан арттыруға болмайды.
Акцептемеу немесе төлем төлемеу туралы наразылық бiлдiрiлген жағдайда, нотариус вексельдегi бар не наразылық жасалуын талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес оларға жазбаша хабарлама жiбере отырып, вексель бойынша барлық мiндеттi тұлғаларды бұл туралы ескертуге мiндеттi. Мұндай хабарламаның шығындары наразылық жөнiндегi шығындарға қосылады.
Вексель берушi, индоссант немесе авальшы құжатқа енгiзiлген және "шығынсыз айналым", "наразылықсыз" деген ескертуiне немесе соған бара-бар өзге де кез келген ескертулерге қол қойылуы арқылы вексель ұстаушыны акцептемеу немесе төлем төлемеу наразылығы регресiн жасау құқықтарын жүзеге асырудан босата алады.
Бұл ескерту вексель ұстаушыны аударым векселiн мерзiмiнде ұсынудан да, мезгiлiнде хабарлама жiберуден де босатпайды. Келiсiлген мерзiмдi сақтамау вексель ұстаушымен дауласқанда бұл жағдаятқа сiлтеме жасайтындарға дәлел болады.
Егер ескертудi вексель берушi енгiзген болса, онда вексельге қол қойған барлық тұлғаларға оның күшi болады; егер оны индоссант немесе авальшы енгiзген болса, онда оның күшi оның өзiне ғана қолданылады.
Егер вексель берушiнiң енгiзген ескертпесiне қарамай, вексель ұстаушы наразылық бiлдiрсе, онда наразылық бойынша шығындарды оның өзi көретiн болады. Егер ескертпенi индоссант немесе авальшы жасаған болса, онда наразылық шығындары, егер ол жасалса өздерiнiң қолын қойған барлық тұлғалардан талап етiлуi мүмкiн.
Барлық аударым векселiн берушiлер, акцептегендер, индоссант ұсынушылар немесе оған аваль қойғандар вексель ұстаушының алдында бiрдей мiндеттi болып табылады.
Вексель ұстаушы барлық осындай тұлғаларға талап қоюға, олардың қабылдаған мiндеттерiн сақтау ретiн бұзуға мәжбүр болмағанмен, әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бiрге талап қоюға құқылы.
Аударым векселiне қол қойған адамдардың әрқайсысы оны төлегеннен кейiн осындай құқықтарға ие бола алады.
Мiндеттi адамдардың бiрiне талап қою, тiптi олар алғашқы жауапкерден кейiн мiндеттенсе де, басқаларға да талап қоюға кедергi бола алмайды.
Вексель ұстаушы өзi талап қоятындардан мыналарды талап ете алады:
1) егер шарт қойылмаса, акцептелмеген немесе төлем төленбеген аударым векселiнiң сомасын процентiмен;
2) вексель төленуге тиiстi күнгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мөлшерiнде вексель сомасынан өсiм;
3) наразылық бiлдiру жөнiндегi шығындар, хабарлама жолдау жөнiндегi шығындар, сондай-ақ басқа да шығындар.
Бұдан басқа, талап қоюшы вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасынан алынатын 0,01 % мөлшерiнде комиссия жинағын қосуы мүмкiн.
Егер талап қою төлем мерзiмi басталғанға дейiн ұсынылса, онда вексель сомасынан есептiк процент ұсталады. Бұл есептiк процент вексель ұстаушының тұратын жерiнде талап қойылған күнгi қолданымдағы ресми есептеу ставкасына (банк ставкасына) сәйкес есептеледi.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Аударым векселiн төлеген адам, өзiнiң алдында мiндеттi адамдардан:
1) олардың төлеген барлық сомасын;
2) талапкер вексельдi төлеген күнi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мөлшерiнде есептелгенде көрсетiлген сомадан проценттердi;
3) олардың шеккен шығындарын талап ете алады.
Вексельдi төлеген және вексель бойынша мiндеттi адамдарға талап қойған тұлға талап қою сомасына 0,05 % мөлшерiнде комиссия жинағын қоса алады.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Талап қойылатын немесе талап қойылуы мүмкiн әрбiр мiндеттi тұлға аударым векселiн төлеуге қарсы наразылығымен және төлем төлегенi жөнiндегi қолхатымен бiрге өзiне табыс етiлуiн талап ете алады.
Аударым векселiн төлеген әрбiр индоссант өзiнiң индоссаментiн және өзiнен кейiнгi индоссанттарды да сызып тастай алады.
Iшiнара акцептегеннен кейiн регресi жүзеге асырылған жағдайда, вексельге акцептелмеген соманы төлеушi сол төлем жөнiнде вексельде белгi қойылуын және өзiне сол туралы қолхат берiлуiн талап ете алады. Вексель ұстаушы мұның үстiне оған вексельдiң куәландырылған көшiрмесiн және келесi регрестi жүзеге асыра алуы үшiн наразылық актiсiн беруге мiндеттi.
Талап қою құқығы бар әрбiр тұлға, басқаша ескертiлмегендiктен, өз алдында жауапты адамдардың бiрiне ұсынылуы бойынша берiлген жаңа вексель (керi тратта) арқылы сол тұлғаның тұратын жерi бойынша төлете отырып, төлем ала алады.
Керi траттаға 47 және 48-баптарда көрсетiлген сомадан басқа керi тратта бойынша куртаж да кiредi. <*>
Егер керi траттаны вексель ұстаушы берген болса, онда оның сомасы ұсынылуы бойынша мерзiмдегi аударма вексельдерi үшiн қойылған бағам бойынша белгiленедi, ол алғашқы вексель бойынша төлем төленетiн жердегi жауапты адамның тұрған жерiнде берiледi. Егер керi траттаны индоссант берген болса, онда оның сомасы ұсынылуы бойынша мерзiмдегi аударым вексельдер үшiн қойылған бағам бойынша белгiленедi, ол керi тратта бойынша вексель берушiнiң тұратын жерiндегi кепiл болған адамның тұрған жерiнде берiледi.
Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.Ұсынылу мерзiмiнде немесе ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта төленетiн аударым векселiн ұсыну үшiн;
акцептемеу немесе төлем төлемеу наразылығын жүзеге асыру үшiн;
"шығынсыз айналым" деген ескертпесi болған жағдайда, төлемге ұсыну үшiн, белгiленген мерзiм өткен соң вексель ұстаушы индоссанттарға қарсы, вексель берушiге қарсы және, акцептантты қоспағанда, басқа мiндеттi тұлғаларға қарсы өзiнiң құқықтарын жоғалтады.
Вексель берушiмен келiсiлген мерзiмде акцептке ұсынылмаған жағдайда, вексель ұстаушы төлем жасамаудың салдарынан, сондай-ақ егер вексель берушi акцепт үшiн жауапкершiлiктен өзiн босатуды көздегендiктен ғана қоятын шартының мазмұнынан туындамаса, акцептемегеннiң салдарынан өзiне тиiстi құқықтарынан айырылады.
Егер индоссаментте ұсынылу мерзiмi келiсiлсе, оған тек индоссант қана сiлтеме жасай алады.
Егер аударым векселiн ұсынуға немесе белгiленген мерзiмде наразылық жасауға бой бермейтiн бөгет кедергi болған жағдайда (қайсы бiр мемлекеттiң заң өкiмдерi немесе жеңуге болмайтын басқа да күштер болған жағдайда) бұл мерзiмдер ұзартылады.
Вексель ұстаушы өзiнiң индоссантын кедергi жасайтын күштер жайы туралы кiдiрiссiз хабарлауға және аударым векселiне немесе аллонжға осы хабарлама туралы, оның күнiн және өзiнiң қолын қоя отырып белгi салуға мiндеттi; басқаларына 44-баптың ережесi қолданылады.
Кедергi жасайтын күштердiң әрекетi тоқтағаннан кейiн вексель ұстаушы вексельдi акцептеуге немесе төлем жасауға кiдiрiссiз ұсынуға, егер қажет болса, наразылық жасауға тиiс.
Егер төлем жасалған мерзiмнен кейiн кедергi жасайтын күштердiң әрекетi отыз күннен аса уақыт жалғасатын болса, онда регрестi жүзеге асыру үшiн вексельдi ұсыну да, наразылық жасау да қажеттi болып табылмайды.
Ұсынылу мерзiмi немесе ұсынылғаннан кейiнгi белгiлi бiр уақыт көрсетiлген аударым вексельдерi үшiн отыз күндiк мерзiм вексель ұстаушы кедергi жасайтын күштер жайында өзiнiң индоссантына хабарлаған күннен бастап өте бастайды; бұл хабарлау вексельдi ұсыну үшiн белгiленген мерзiм өткенге дейiн де жасалатын болады;
ұсынылғаннан кейiнгi белгiлi бiр уақыттағы аударым вексельдерi үшiн отыз күн аударым векселiнде көрсетiлген ұсыну мерзiмiне ұзартылады.
Вексель ұстаушыға немесе оны вексель ұсынуды немесе наразылық жасауды тапсырғандарына тiкелей қатысты жағдайлар кедергi жасайтын күш болып саналмайды.
8-тарау. Делдалдық туралы
1. Жалпы ережелер
Вексель берушi, индоссант немесе авальшы қажет болатын жағдайда акцепт немесе төлем үшiн қандай да бiр тұлғаны көрсете алады.
Аударым векселiн регресс тәртiбiмен мiндеттi борышкерлердiң әлдебiрi үшiн делдал ретiнде әрекет етушi тұлға төменде белгiленген шарттарда қабылдауы және төлеуi мүмкiн.
Акцептантты қоспағанда, үшiншi тұлға, тiптi төлемшi немесе аударым векселi бойынша мiндеттi қандай да бiр тұлға делдал болуы мүмкiн.
Делдал өзiнiң кiм үшiн делдалдық жасайтыны жөнiнде екi жұмыс күнi iшiнде хабарлауға тиiс. Осы мерзiмдi сақтамаған жағдайда ол өзiнiң ұқыпсыздығынан келген зиян үшiн тиiстi жағдайларда жауап бередi, алайда шығын вексель сомасынан аспайтын мөлшерде өтелуге тиiс.
2. Делдалдық тәртiбiмен акцепт жасау
Вексель ұстаушының акцептелуге тиiс аударым векселiнде төлем мерзiмi басталғанға дейiн регреске құқығы туындайтын барлық жағдайларда делдалдық тәртiбiмен акцепт жасау орын алуы мүмкiн.
Егер аударым векселiнде, қажетiне қарай, төлем орнында акцепт үшiн немесе төлем үшiн тұлға көрсетiлсе, онда вексель ұстаушы төлем мерзiмi басталғанға дейiн өзiнiң регрестiк құқығын осындай нұсқауды берушiге қарсы және осы нұсқау берiлгеннен кейiн қолдарын қойған адамдарға қарсы, бiрақ мұның бәрi ол аударма векселiн аталған тұлғаға ұсынған және соңғысы акцептен бас тартқан ретте бұл қарсылық наразылық бiлдiрумен куәландырылған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Делдалдықтың басқа жағдайларында вексель ұстаушы делдалдық тәртiбiмен акцепт жасауды қабылдамай тастауы мүмкiн. Алайда, егер ол акцепт жасауға жол берсе, акцепт кiмнiң есебiнен берiлсе, соған қарсы және одан кейiн қол қойған тұлғаларға қарсы төлем мерзiмi жеткенге дейiнгi регресс құқығын жоғалтады.
Делдалдық тәртiбiмен акцепт жасау аударым векселiнде белгiленедi; акцептке делдал қол қояды. Онда ол кiмнiң есебiнен жасалғандығы көрсетiледi; мұндай көрсету жоқ болса, акцепт вексель берушi үшiн жасалған деп есептеледi.
Делдалдық тәртiбiмен акцептант вексель ұстаушыға қатысты және өзi соның есебiне делдал ретiнде әрекет еткен тұлғадан кейiн осы тұлғамен бiрдей негiздерде жазбалар жазған индоссанттарға қатысты мiндеттенедi.
Делдалдық тәртiбiмен акцепт жасалуына қарамастан, өз есебiнен акцепт жасалған тұлға, сондай-ақ ол үшiн жауапты тұлғалар вексель ұстаушыдан 47-бапта аталған соманы төлеуге қарсы вексельдiң, наразылық бiлдiрудiң және тиiстi жағдайда төлем төленгенi туралы қолхатпен бiрге шотты тапсыруды талап ете алады.
3. Делдалдық тәртiбiмен төлем төлеу
Делдалдық тәртiбiмен төлем төлеу төлем мерзiмi басталған кезде, не төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексель ұстаушыда регреске құқық пайда болған барлық жағдайларда орын алуы мүмкiн.
Төлем кiмге төлем жүргiзiлсе, соған төленуге тиiстi барлық соманы жабуы тиiс.
Ол ең кем дегенде төлемсiздiкке наразылық жасау үшiн берiлген соңғы күннен кейiнгi келесi күнi жасалуы тиiс.
Егер аударым векселi төлем төлеу орнында өзiнiң тұрғылықты жерi бар делдалдармен акцептелсе, немесе, егер онда өзiнiң тұрғылықты жерi бар тұлғалар төлем үшiн қажет болар деп көрсетiлген жағдайда, вексель ұстаушы вексельдi осы тұлғалардың бәрiне ұсынуы және тиiстi жағдайларда наразылық жасау үшiн берiлген соңғы күннен кейiн ең кем дегенде келесi күнi төлемсiздiкке наразылық жасауы тиiс.
Егер наразылық бұл мерзiмде жасалмаса, онда төлем үшiн керек болар деп көрсетiлген тұлға немесе өз есебiнен вексель акцептіленген тұлға сондай-ақ келесi индоссанттар мiндеттi болуларын тоқтатады.
Делдалдық тәртiбiмен төлем төлеуден бас тартқан вексель ұстаушы жауапкершiлiктен босатылғандарға қарсы регреске өз құқығын жоғалтады.
Делдалдық тәртiбiмен төлем төлеу аударым векселiнде қолхатпен, төлем жасалған тұлға көрсетiле отырып, куәландырылуға тиiс. Мұндай нұсқау жоқ болған жағдайда, төлем вексель берушi үшiн жасалған деп есептеледi.
Аударым векселi мен наразылық бiлдiру, егер мұндай жасалса, делдалдық тәртiбiмен төлем жасаушыға табысталуы тиiс.
Делдалдық тәртiбiмен төлем жасаған тұлға өзi кiм үшiн төлесе, соған қарсы аударым векселi бойынша осы соңғының алдында мiндеттi болатындарға қарсы аударым векселiнен туындайтын құқыққа ие болады. Алайда ол аударым векселiн қайта индоссаттай алмайды.
Аударым векселiне өз қолын қойған және өзi үшiн төлем жасалған тұлғадан кейiнгi тұрған индоссанттар жауапкершiлiктен босатылады.
Делдалдық тәртiбiмен төлеу туралы бiрнеше ұсыныс бәсекеге түскен жағдайда қайсысы жауапкершiлiктен адам санын барынша көп босатса, соған артықшылық берiледi. Осы ереженi бұзып отырғандығын бiлетiн делдал жауапкершiлiктен босатылатындарға қатысты регреске өз құқығын жоғалтады.
9-тарау. Даналарының көптiгi туралы және көшiрмелер туралы
1. Даналарының көптiгi
Аударым векселi бiрнеше бара-бар даналармен берiлуi мүмкiн.
Бұл даналар құжат мәтiнінiң өзiнде ретiмен келетiн нөмiрлермен жабдықталуға тиiс; олай болмаған жағдайда даналардың әрқайсысы жеке аударым векселi ретiнде қаралады.
Егер вексельде оның жалғыз данамен берiлгендiгi көрсетiлмесе, онда вексель ұстаушы өз есебiнен оған бiрнеше дана берiлуiн талап ете алады. Бұл үшiн ол тiкелей өзiнiң индоссантына өтiнiш жасай алады, ол оған өз индоссантына және т.т. қатысты вексель берушiге дейiн жеткенше жәрдем көрсетуге мiндеттi. Индоссанттар индоссаменттердi жаңа даналарда көбейтуге мiндеттi.
Бiр-бiр данадан жасалған төлем бұл төлем тiптi басқа даналарды өтейдi деп көрсетiлмесе де, жауапкершiлiктен босатады. Алайда төлемшi өзi акцепт жасаған және оған қайтарылмаған дана бойынша жауап бере бередi.
Түрлi тұлғаларға даналар берген индоссант, сондай-ақ келесi индоссанттар да қолдары қойылған және қайтарылмаған барлық даналар бойынша мiндеттi болады.
Акцепт үшiн даналардың бiреуiн жiберген тұлға қолында осы дана бар тұлғаның атауын басқа даналарда көрсетуi тиiс. Бұл соңғы тұлға оны басқа дананы заңды ұстаушыға табыс етуге мiндеттi.
Егер ол мұны жасаудан бас тартатын болса, вексель ұстаушы оған наразылық бiлдiрiп:
1) акцепт үшiн жiберiлген дана оның талап етуiне қарамастан, оған берiлмегенiн;
2) акцептiң немесе төлемнiң басқа дана бойынша алынуы мүмкiн еместiгiн куәландырғаннан кейiн ғана талап қою құқығын жүзеге асыра алады.
2. Көшiрмелер
Аударым векселiн ұстаушының әрбiрiнiң одан көшiрме алуға құқығы бар.
Көшiрме индоссаменттерiмен және онда бар барлық басқа белгiлермен бiрге түпнұсқамен дәлме-дәл жасалуға тиiс. Онда қай жерге дейiн түсiрiлгенi көрсетiлуге тиiс.
Көшiрменiң де түпнұсқадағы сияқты тәртiппен және сондай ретпен индоссатталуы және авальдануы мүмкiн.
Көшiрмеде қолында түпнұсқа құжат бар тұлға көрсетiлуге тиiс. Ол тұлға аталған құжатты көшiрменiң заңды ұстаушысына табыс етуге мiндеттi.
Егер ол мұны жасаудан бас тартса, вексель ұстаушы оның талап еткенiне қарамастан түпнұсқаның оған берiлмегенi наразылықпен куәландырылғаннан кейiн ғана индоссанттарға немесе авальшыларға қарсы регресс құқығын жүзеге асыра алады.
Егер түпнұсқа құжатта көшiрмесi түсiрiлгенге дейiн жасалған соңғы индоссаменттен кейiн: "осы жерден бастап индоссаттау тек көшiрмеде ғана жарамды" деген ескертпе болса немесе қандай да бiр өзге де кез келген осыған тең келетiн тұжырым болса, онда осыдан кейiн түпнұсқаға қойылған индоссамент жарамсыз болып табылады.
10-тарау. Өзгерiстер туралы
Аударым векселiнiң мәтiнi өзгерген жағдайда, осы өзгерiстен кейiн қол қойған тұлғалар өзгерген мәтiннiң мазмұнына сәйкес жауап бередi; осы өзгерiске дейiн қол қойған тұлғалар бастапқы мәтiннiң мазмұнына сәйкес жауап бередi.
11-тарау. Мерзiмi өткенi туралы
Акцептантқа қарсы аударым векселiнен туындайтын талап-арыздар төлем мерзiмiнен үш жыл өткен соң өтеледi.
Вексель ұстаушының индоссантқа қарсы және вексель берушiге қарсы талап-арыздары белгiленген мерзiмiнде жасалған наразылық бiлдiрген күннен бастап бiр жыл өткен соң немесе шығынсыз айналым туралы ескертiлген жағдайда төлем мерзiмi күнiнен бастап өтеледi.
Индоссанттардың бiр-бiрiне және вексель берушiге талап-арыздары индоссант вексель төлеген күннен бастап немесе оған талап қойылған күннен бастап, алты ай өткен соң өтеледi.
Талап ету құқығын жоғалтқан жағдайда немесе талап етудiң мерзiмi өтiп кеткенде өтеудi қамтамасыз етпеген вексель берушiге қарсы немесе жөнсiз байып кеткен вексель берушiге не индоссантқа қарсы, не өтеуi қамтамасыз етiлген немесе жөнсiз байып кеткен акцептантқа қарсы талап ету құқығы сақталады.
Талап ету мерзiмiнiң өтуi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тоқтатылуы мүмкiн.
Мерзiмi өтiп кеткен үзiлiстiң тек мерзiмi өтуiн тоқтатуға iс-қимыл жасалған адамға ғана қатысты күшi болады.
12-тарау. Жалпы қаулылар
Белгiленген мерзiмi заң бойынша жұмыс iстелмейтiн күнге тап келген аударым векселi бойынша төлем тек келесi жұмыс күнiнде ғана талап етiлуi мүмкiн. Аударым векселiне, атап айтқанда, акцептке және наразылық бiлдiруге қатысты барлық басқа iс-әрекеттер бiрдей дәрежеде тек жұмыс күнi орындалуы мүмкiн.
Егер бұл iс-әрекеттердiң қайсы бiрi соңғы күнi белгiленген заң бойынша жұмыс iстелмейтiн күн болып табылатын белгiлi бiр мерзiм iшiнде жасалса, онда мерзiм өткеннен кейiнгi ең таяу жұмыс күнiне дейiн мұндай мерзiм ұзартылады. Мерзiм iшiнде тап келетiн жұмыс iстелмейтiн күндер мерзiмнiң есебiне жатады.
Жұмыс iстелмейтiн күндерге Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жұмыс күнi емес деп танылған жұмыс күндерi жатады.
Заңмен немесе вексельде белгiленген мерзiмге сол мерзiмнiң басталған күнi қосылмайды.
Ешқандай жеңiлдiктi күндерге заң бойынша да, сот бойынша да жол берiлмейдi.
13-тарау. Жай вексель туралы
Жай вексель мыналардан тұрады:
1) мәтiннiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлдегi "вексель" атауы;
2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уәде;
3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi;
4) төлем жасалуы тиiс орынның көрсетiлуi;
5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс тұлғаның атауы;
6) вексельдiң жасалған күнi мен орнының көрсетiлуi;
7) құжатты берушiнiң (вексель берушiнiң) қойған қолы.
Алдыңғы бапта көрсетiлгендердiң қандай болса да бiрi жоқ құжат, төмендегi абзацтарда белгiленген жағдайларды қоспағанда, жай вексельдiң күшiне ие бола алмайды.
Төлем мерзiмi көрсетiлмеген жай вексель ұсыну бойынша төленуге тиiстi вексель ретiнде қарастырылады.
Ерекше нұсқау болмаған жағдайда, құжат жасалған жер төлем төленетiн жер және сонымен бiрге вексель берушiнiң тұрғылықты жерi деп есептеледi.
Жасалған жерi көрсетiлмеген жай вексель - вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген жерде қол қойылған деп қарастырылады.
Жай вексельге, бұл құжаттың табиғатына қайшы келмейтiндiктен, аударым векселiне қатысты және:
индоссаментке (10-19-баптар);
төлем мерзiмiне (32-36-баптар);
төлемге (37-41-баптар);
акцептемеген немесе төлем төлемеген жағдайда талап қоюға (42-49, 51-53-баптар);
делдалдық тәртiбiмен төлем төлеуге (54, 58-62-баптар);
көшiрмелерге (66, 67-баптар);
өзгерiстерге (68-бап);
мерзiмi өтуге (69, 70-баптар);
жұмыс iстелмейтiн күндерге, мерзiмдердi есептеуге және жеңiлдiк берiлген күндерге тыйым салуға (71, 72, 73-баптар) қатысты қаулылар қолданылады.
Жай вексельге сондай-ақ үшiншi тұлғада немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге жерде төленуге жататын аударым векселiне (4 және 26-баптар), проценттер туралы шартқа (5-бап), төленуге тиiстi соманы жазудағы келiспеушiлiктерге (6-бап), 7-бапта көзделген шарттармен қол қоюдың қандайын болса да орналастырудың салдарына, өкiлетсiз iс-қимыл жасайтын немесе өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланатын тұлғаның қойған қолының салдарына (8-бап) қатысты қаулылар қолданылады.
Дәл осылай жай вексельге авальға қатысты қаулылар қолданылады (29-31-баптар); 30-баптың соңғы абзацында көзделген жағдайда, егер авальда оның кiм үшiн қойылғаны көрсетiлмесе, онда ол жай вексель бойынша вексель берушi үшiн қойылған деп есептеледi.
Жай вексель бойынша вексель берушi де, аударым векселi бойынша акцептант сияқты мiндеттi.
Ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақыт мерзiмiндегi жай вексельдер 22-бапта көрсетiлген мерзiмде белгi қоюы үшiн вексель берушiге ұсынылуға тиiс. Ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiм вексель берушi вексельге белгi қойған күннен басталады. Вексель берушiнiң күнi көрсетiлген белгiнi қоюдан бас тартуы наразылық бiлдiрумен куәландырылады (24-бап), ол күн ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiмнiң басталуы болады.
II бөлiм.
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртiбi
14-тарау. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы – Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруға, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын басқаға беруге, осындай вексельдер мен оларға байланысты операциялар жөнiндегi мiндеттемелерді орындауға, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жай және аударым вексельдерiн шығаруына байланысты қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі негізінде жай және аударым вексельдерiн шығарады.
Ескерту. 78-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi қатынастар Женева вексель конвенцияларымен, сондай-ақ осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң соларға сәйкес шығарылған нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Ескерту. 79-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Вексельдiк мiндеттеме вексель берушiнiң тиiстi дәрежеде ресiмделген вексельдi берген кезінен бастап пайда болады. Коммерциялық вексель сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттары бойынша төлемдi кейiнге қалдыру үшiн берiледi.
Егер вексель осы Заңның 1 – 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалса, вексельдiк мiндеттеменiң күшi болады.
Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Аллонж вексельмен бiрге бiрыңғай құжат болып саналады.
Аллонжда аллонждың нақты бiр вексельге тиесiлiгiн даусыз анықтауға мүмкiндiк беретiн жазба болуға тиiс. Аллонж вексельге индоссамент вексельдiң өзiнде басталып, аллонжда аяқталатындай болып тiркелуi мүмкiн.
Вексель сомасын онда жазылған ақша сомасы құрайды. Вексель сомасына онда көрсетiлген проценттер, вексель бойынша операциялармен байланысты өсiм және басқа шығындар қосылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында берілген вексель валютасы теңге болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен операциялар бойынша шығарған, шетел валютасындағы вексельдің айналысына жол беріледі.
Ескерту. 82-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2003.07.09. N 482; 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар тиiстi лицензиясы болған кезде, вексельдермен операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асыруға:
вексельдердi инкассоға қабылдауға;
төлем жасаушының вексельдердi төлеуi бойынша қызмет көрсетуге;
домицильдендiрiлген вексельдердi төлеуге;
делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептiн жасауға құқылы.
Вексельдердi есепке алу жөнiндегi операцияларды есеп кеңселерi ғана жүзеге асырады.
Банктер ақшалай нысанда орындауды көздейтiн банктiк кепiлдiктер беруге лицензиясы болғанда ғана вексельдердi авальдауға құқылы
Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда – ҚР 2003.07.09. N 482 Заңымен.Вексельдер Қазақстан Республикасының аумағында жай қағазға және вексель қағазына шығарылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағаздарының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Вексельдi вексель қағазына шығарған жағдайда мұндай вексельдiң мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылуға тиiс. Басқа шет тiлдердi қосымша пайдалануға жол берiледi.
Ескерту. 83-1-баппен толықтырылды – ҚР 2001.12.24. N 276; жаңа редакцияда – ҚР 2003.07.09. N 482; өзгерту енгізілді – ҚР 2005.07.08. N 69 Заңдарымен.15-тарау. Вексельдiң төлем және несие беру құралы ретiнде атқаратын қызметтерi
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өзара есеп айырысуларда, мұның өзi тиiстi шартта көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн жағдайларда, жай және аударым векселiн пайдалануға құқылы.
Есеп кеңселерi арқылы вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Инкассоға қабылданған вексельдердi байланыс мекемелерiнiң жiберу тәртiбi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша шығарылған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актiлерiмен және байланыс мекемесi мен есеп кеңсесiнiң арасындағы шартпен белгiленедi.
Ескерту. 85-бап алынып тасталды – ҚР 2003.07.09. N 482 Заңымен.
Есеп кеңселерiнiң вексель ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып төлем мерзiмi жеткенге дейiн индоссамент бойынша вексельдер қабылдауы вексельдердi есепке алу деп аталады. Есеп кеңсесi вексель сомасынан есеп кеңсесi өз бетiнше белгiлеген дисконт ұстап қалуға құқылы.
Вексельдердi есепке алу тәртiбi, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың вексельдермен операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 86-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2003.07.09. N 482, 2005.07.08. N 69; 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Ескерту. 87-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.
Вексельде төлемшi ретiнде көрсетiлген тұлға мен вексель берушi төлемшiден қандай да бiр мiндеттеменiң орындалуын талап ету құқығына ие болатындай қатынастарды вексель берушiнiң белгiлеуi вексельдi жабу деп түсiнiледi. Бұл орайда мұндай мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төлем болмауға тиiс.
Вексель ұстаушының вексель берушiден вексельдi жабуды талап етуге құқығы бар. Вексель берушi вексельдi жабуды төлем мерзiмiнде қамтамасыз етуге мiндеттi.
Аккредитив төлемiнiң, банк заемының қайтарылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен вексельдi кепiлге беру жолымен жүзеге асырылады. Вексельдi кепiлге беру индоссаменттi ресiмдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Қалған жағдайларда вексельдi кепiлге беруге жол берiлмейдi.
Вексельдiң кепiлге берiлуi және мұндай мәмiлелердi тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi есеп кеңселерi арқылы жүргiзiледi.
Ескерту. 89-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен. 16-тарау. Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң
вексель айналысы. Шетел валютасындағы вексельдермен
жүргiзiлетiн операциялар
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидент еместерi берген вексель айналысы Қазақстан Республикасының вексель заңдарымен реттеледi.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының резидентi қабылдаған вексельдiк мiндеттеме Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасының вексельдiк заңдарымен қойылған барлық талаптар сақталған жағдайда ғана жарамды болады.
Вексель валютасының бағамы төлемшiге қызмет көрсететiн не вексельдi есепке алған есеп кеңсесi белгiлеген осындай валюта бағамына сәйкес анықталады.
Римессаны Қазақстан Республикасының резидент емесiмен өзара есеп айырылысуларда валюталық операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар есеп кеңсесi ғана пайдалана алады.
16-1-тарау. Елтаңбалық алым
Ескерту. 16-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен.
Ескерту. 16-1-тарау алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.
17-тарау. Вексельдiк заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Вексель бойынша акцепт бермеу немесе төлем жасамау туралы наразылықты нотариус өзiне вексель берiлген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оған тиiстi жазба жасау және акцепт бермеу немесе төлем жасамау фактiсiн куәландыратын жазбаша акт жазу арқылы жасайды.
Акцептiң күнi қойылмауына наразылық вексельге акцепт бермеуге наразылық жасау үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде жасалуға тиіс.
Ескерту. 93-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.Вексель бойынша төлем жасаушының мүлкiн өндiрiп алу сот бұйрығы немесе сот шешiмi негiзiнде ғана жүргiзiледi.
Вексель жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, вексельдi беруге негiз болған шарттың ережелерiн сот қарауға құқылы емес.
Осы Заңның 1 және 74-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып вексель жасалған жағдайларда, вексель жарамсыз деп танылады. Жарамсыз вексельдерден туындайтын мiндеттемелер бойынша дау туған жағдайда осы баптың екiншi абзацында көрсетiлген шарт бойынша мiндеттемелердi бұзу туралы iс ретiнде қаралады.
Ескерту. 94-бап өзгерту енгізілді – ҚР 2003.07.09. N 482 Заңымен.Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығаруға тыйым салынады.
Достық немесе қола векселi бойынша төлем жасамау тәуекелiн достық немесе қола векселiн ұсынушы вексель ұстаушы мойнына алады.
Заңды және жеке тұлғалар тиiстi құқық қорғау органдарына қола вексельдi ұсыну фактiлерi туралы кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
Достық, қола немесе қаржы векселiн шығаруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. <*>
Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.09. N 482 Заңымен.Вексельдiң жоғалғаны үшiн, вексель берушi жоғалған вексельдi бергенiн мойындаған жағдайларды қоспағанда, оны жоғалтқан вексель ұстаушы жауап бередi. Жоғалған вексель бойынша оның құқығы сот тәртiбiмен қайта қалпына келтiрiлген жағдайда төлем жасалуы мүмкiн.
Жоғалған вексель бойынша құқығын қалпына келтiру жөнiндегi өтiнiштi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен сот қарайды.
Жоғалғанның орнына вексель берiлуi және вексельдегi берiлiм жазбасының қайта қалпына келтiрiлуi оны жоғалтқаны вексель ұстаушының есебiнен жүргiзiледi.
Вексельдi жеткiзiп беруге мiндеттенген адам оны жөнелтуге қабылдаған сәттен бастап, адресатқа табыс еткенге дейiн жоғалтса ғана ол үшiн жауап бередi. Ол вексельдi жоғалтқан жағдайда жоғалған вексельдi инкассациялау бойынша операциялар орындаған вексель ұстаушыға не есеп кеңсесiне осындай вексель бойынша құқықтарды қалпына келтiрумен байланысты барлық шығыстардың орнын толтыруға мiндеттi.
Ескерту. 97-бап алынып тасталды – ҚР 2003.07.09. N 482 Заңымен.
18-тарау. Қорытынды ережелер <*>
Ескерту. 18-тарау алынып тасталды – ҚР 2003.07.09. N 482 Заңымен.