Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне вексель айналысы, ақша төлемi мен аударымы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 482-II Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж. N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат):

      1) 742-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) екiншi кезекте клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ еңбек шарты, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегiне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт жөнiндегi сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу үшiн ақша алуды көздейтiн атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргiзiледi;";
      екiншi бөлiктегi "атқарушы" деген сөз "тиiстi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 756-баптың екiншi бөлiгiндегi "банк қызметiн реттейтiн заң актiлерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының банк заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат):
      159-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "тыйым салу" деген сөздерден кейiн "(банктiң корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат):

      1) 8-бапта:
      з) тармақшасындағы "төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады" деген сөздер "төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы з-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;";

      2) 48-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады және:";

      3) 62-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
      1) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға;
      2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне мониторингтi жүзеге асыруға;
      3) төлем жүйелерiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуiн тексеруге және төлем жүйелерiнiң қатысушылары мен операторларынан ақпарат алуға өкiлеттi.".

      4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар):
      30-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
      "2-2. Осы баптың 2-тармағында санамаланған банк операциялары Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асырылуы мүмкін.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 8, 87-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):

      1) бiрiншi, он екiншi, он төртiншi, он сегiзiншi, отыз бiрiншi және отыз екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды.";
      "Дисконт - төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексельдердi есепке алу және қайта есепке алу кезiнде алынатын процент.";
      "Достық вексельдерi - вексель берушiнiң ол бойынша төлем жасау ниетiнсiз, осы вексельдердi екiншi деңгейдегi банктерде өзара есепке алу арқылы ақша қарастыру мақсатымен ғана тұлғалар бiр-бiрiне беретiн вексельдер.";
      "Коммерциялық вексель - сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттарының негiзiнде берiлген вексель.";
      "Есеп кеңсесi - есеп операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банк (бұдан әрi - банк).
      Қаржы векселi - ақша тарту мақсатында, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсету туралы мәмiлелер негiзiнде берiлген вексель.";
      он бесiншi абзац "вексель сыртындағы" деген сөздерден кейiн "немесе аллонждағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 12-баптың екiншi бөлiгiндегi "қосымша параққа (аллонжға)" деген сөздер "аллонжға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 37-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi алып тасталсын;

      4) 51-баптың екiншi бөлiгiнде "бен елтаңба алым" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 78-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруды, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын берудi, осындай вексельдер жөнiндегi мiндеттемелер мен оларға байланысты операцияларды орындауды, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуын қамтиды.";

      6) 80-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Вексель сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттары бойынша төлемдi кейiнге қалдыру үшiн берiледi.";
      екiншi бөлiктегi "және оның жарамдылығы елтаңба алымын төлеу тәртiбiн сақтаумен сабақтас болмаса" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 82-баптың бiрiншi бөлiгiндегi ", елтаңба алымы" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 83 және 83-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"83-бап.

      Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар тиiстi лицензиясы болған кезде, вексельдермен операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асыруға:
      вексельдердi инкассоға қабылдауға;
      төлем жасаушының вексельдердi төлеуi бойынша қызмет көрсетуге;
      домицильдендiрiлген вексельдердi төлеуге;
      делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептiн жасауға құқылы.
      Вексельдердi есепке алу жөнiндегi операцияларды есеп кеңселерi ғана жүзеге асырады.
      Банктер ақшалай нысанда орындауды көздейтiн банктiк кепiлдiктер беруге лицензиясы болғанда ғана вексельдердi авальдауға құқылы.

83-1-бап.

      Вексельдер Қазақстан Республикасының аумағында жай қағазға және вексель қағазына шығарылуы мүмкiн.
      Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағаздарының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Вексельдi вексель қағазына шығарған жағдайда мұндай вексельдiң мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылуға тиiс. Басқа шет тiлдердi қосымша пайдалануға жол берiледi.
      Вексель қағазын шығаруға байланысты қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялануға жатады.";

      9) 85 және 87-баптар алып тасталсын;

      10) 86-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Вексельдердi есепке алу мен қайта есепке алу тәртiбi, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың вексельдермен операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";

      11) 89-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "несиесiнiң" деген сөз "заемының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 16-1-тарау алып тасталсын;

      13) 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"93-бап.

      Вексель бойынша акцепт бермеу немесе төлем жасамау туралы наразылықты нотариус өзiне вексель берiлген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оған тиiстi жазба жасау және акцепт бермеу немесе төлем жасамау фактiсiн куәландыратын жазбаша акт жазу арқылы жасайды.
      Акцептiң күнi қойылмауына наразылық вексельге акцепт бермеуге наразылық жасау үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде жасалуға тиіс.";

      14) 94-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Вексель бойынша төлем жасаушының мүлкiн өндiрiп алу сот бұйрығы немесе сот шешiмi негiзiнде ғана жүргiзiледi.";

      15) 95-бапта:
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;
      бесiншi бөлiктегi "қолданылып жүрген заңдарына" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 96-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Вексельдi жоғалту тәуекелiн вексель ұстаушы көтередi. Вексель берушi жоғалған вексельдi берудi мойындаған жағдайларды қоспағанда, вексель ұстаушының вексельдi жоғалтуы ол бойынша талап ету құқығын жоғалтуға әкеп соқтырады. Жоғалған вексель бойынша төлем жасау ол бойынша талап ету құқығы сот тәртiбiмен қалпына келтiрiлген кезде де жүргізілуі мүмкін.";

      17) 97-бап алып тасталсын;

      18) 18-тарау алып тасталсын.

      6. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы оныншы және он бiрiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "микропроцессорлық төлем карточкасы - тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) қолма-қол ақшасыз ақы төлеу, қолма-қол ақша алу, валюта айырбастауды және төлем карточкасының эмитентi айқындаған және оның шарттарымен жүргiзiлетiн басқа да операцияларды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ карточканы ұстаушыға қажеттi ақпараты бар интегралдық микросхемалы төлем карточкасы;
      төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi - төлем карточкалары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсету жүйесi, оны басқаруды жүйеге қатысушы банктер арнайы құрған, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалған жалпыұлттық мiндеттердi іске асыру үшiн микропроцессорлық карточкалар технологияларын қолдана отырып, электрондық тәсiлмен қажеттi ақпаратты сақтауды, өңдеудi және берудi қамтамасыз етуге қабiлеттi ұйым жүзеге асырады;";

      2) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi.
      Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты, банктiк салым шарты немесе карт-шот шарты жасалған кезде ашылады.";
      2-тармақтағы "және жинақ шоттары" деген сөздер ", жинақ шоттары мен карт-шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Ағымдағы шот - банк шотының шарты негiзiнде банктiң клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша:
      1) клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге және банктiң оны пайдалануына;
      2) клиенттiң пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге);
      3) банк шотының шартында көзделген тәртiппен үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттiң өкiмiн орындауға;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және (немесе) шартта көзделген негiздер бойынша клиенттiң ақшасын алып қою туралы үшiншi тұлғалардың өкiмiн орындауға;
      5) банк шотының шартында белгiленген тәртiппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған берудi жүзеге асыруға;
      6) банк шотының шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
      7) клиенттiң талап етуi бойынша банк шотының шартында көзделген тәртiппен клиенттiң банктегi ақшасының сомасы және жасалған операциялар туралы ақпарат беруге;
      8) клиентке шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банктiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады.
      Жинақ шоты - банк салымының шарты негiзiнде:
      1) клиентке тиесiлi ақшаның (салымның) болуын қамтамасыз етуге және банктiң оны пайдалануына;
      2) клиенттен немесе үшiншi тұлғалардан ақшаны қолма-қол да, қолма-қол емес те тәсiлмен қабылдауды жүзеге асыруға;
      3) банк салымының шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
      4) клиентке ақшаны (салымды) банк салымы шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, оның iшiнде оны клиенттiң басқа банк шотына аудару арқылы қайтаруға байланысты операцияларды орындау үшiн банктiң клиентке ашатын банк шоты.
      Карт-шот - карт-шот шарты негiзiнде:
      1) клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге;
      2) клиенттiң пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге);
      3) клиенттiң карт-шот шартында көзделген тәртiппен төлем карточкасын пайдалана отырып үшiншi тұлғалардың пайдасына төлемдердi жүзеге асыруына;
      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және (немесе) карт-шот шартында көзделген негiздер бойынша клиенттiң ақшасын алып қою туралы үшiншi тұлғалардың өкiмiн орындауға;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) карт-шот шартында белгiленген тәртiппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды жүзеге асыруға;
      6) төлем карточкасын пайдалана отырып клиентке қолма-қол ақша беруге;
      7) карт-шот шартында айқындалған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге байланысты операцияларды орындау үшiн банктiң клиентке ашатын банк шоты.
      Корреспонденттiк шот - корреспонденттiк шот шарты бойынша банкке басқа банктен ашылған, банктiң және оның клиенттерiнiң банк операциялары жүзеге асырылатын банктiк шот.";
      3-тармақтағы "1" деген цифр "2-1" деген цифрмен ауыстырылсын;

      3) 7-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша "карточкаларын" деген сөзден кейiн "(оның iшiнде микропроцессорлық төлем карточкаларын)" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақшадағы "заң актiлерiнде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 11-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Санаттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн сауда (қызмет көрсету) ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезiнде төлемдердi төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдауға мiндеттi.";

      5) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесi

      Төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiнiң жұмыс iстеуiне және төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесiнiң арнайы ұйымының қызметiне қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.";

      6) 14-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық қызметi органдарының ақша жөнелтушiнiң банк шотында ақша жеткiлiксiз болған кезде салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмiн орындау мұндай шотқа ақшаның түсуiне қарай жүргізіледі.";

      7) 16-баптың 5-тармағы "38-бабында" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 21-баптың 4-1-тармағындағы "4000 айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы" деген сөздер "сомасы 4000 айлық есептiк көрсеткiштен асатын мәмiле бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 34-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Аяқталған ақша аударымы кезiнде ақшаны қайтару, қате берiлген нұсқау орындалған жағдайда, жүзеге асырылады.";

      10) 38-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын.

      7. "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" 1999 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 784-құжат; 2001 ж., N 21-22, 282-құжат):
      1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды;".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады