Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 69 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:

      1. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар):

      1) 50-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің орны толтырылмаған залалдарын өтеу;";

      2) 89-баптың 5-тармағы "Осы" деген сөзден кейiн "Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж. N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат):

      1) бүкіл мәтiн бойынша "(мүдденiң)", "(мүдде)", "(мүдденi)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 3-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы "штат санын" деген сөздерден кейiн "еңбекақы төлеу жүйесiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 8-бапта:
      а) тармақшада:
      бiрiншi бөлігіндегi "Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiгіндегi "жауап бередi" деген сөздер "мiндеттемелер алады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д-1) тармақшасындағы "ломбардтық операциялар;", "және салып жiберу" және "және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру кiндігі туралы қорытынды бередi" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы д-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "д-2) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлетті мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;";

      ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады.";

      и-1) және и-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "и-1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
      и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;";

      мынадай мазмұндағы и-3, и-4) және л-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
      и-4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;";

      "л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;";

      р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "р) елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;";

      т) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "т) мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;";

      у-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;";

      у-6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "у-6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы у-8) - у-12) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
      у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;
      у-10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;
      у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi;
      у-12) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;";

      4) 9-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "өзi алған" деген сөздер "бөлiнбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 10-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
      "жарғылық капиталы мөлшерiнде құрылып" деген сөздер "кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "таза табысы" деген сөздердiң алдынан "бөлiнбеген" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 11-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "таза" деген сөздiң алдынан "бөлiнбеген" деген сөзбен толықтырылсын;

      екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына және алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудың iске асырылған кiрiсi сомасына азайтылған бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi.";

      үшiншi бөлiкте:
      "алынған" деген сөз "бөлiнбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "республикалық" деген сөз "мемлекеттiк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "келесi қаржы жылында" деген сөздер "мерзiмiн бiр қаржы жылына ұзарта отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бiр қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.";

      7) 15-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      мынадай мазмұндағы б-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "б-1) банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру  тәртiбiн белгiлеу;";

      в) тармақшасы "анықтау" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы в-1) - в-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "в-1) коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қорытпасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау;
      в-2) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;
      в-3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау;";

      г) тармақшасындағы "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      е) тармақшасында "қолма-қол" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы е-4) тармақшамен толықтырылсын:
      "е-4) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;";

      ж) тармақшасындағы "банктерге" деген сөзден кейiн "ең төменгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы ж-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассация операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінiң бiрден бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және оны қалыптастыру тәртiбiн белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы з-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "з-1) монетарлыққа жататын қызметті айқындау;";

      и) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы и-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "и-1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету экспортынан түскен шетел валютасындағы түсiмдi мiндеттi түрде сату режимiн енгiзу және оның күшiн жою туралы шешiмдер қабылдау;";

      к-1) тармақшада:
      "санын" деген сөзден кейiн ", еңбекақы төлеу жүйесiн" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтыруларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы к-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "к-2) басшысының ұсынуы бойынша уәкілеттi органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекiту;";

      м) тармақшасындағы ", сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi департаментiнің директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерінің және ұйымдарының басшыларын бекiту" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы м-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "м-1) Қазақстан Ұлттық Банкi департаменттерiнiң директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының бiрiншi басшыларын қызметке тағайындауға (қызметтен босатуға) келiсiм беру;";

      о) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "о) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек, оған ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу, бiлiктілiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жағдайларын айқындау және бекiту;";

      ф) тармақшасындағы "ақпарат табыс ету" деген сөздер "ақпаратты жыл сайын табыс ету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ц) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "ц) осы Заңның 11-бабына сәйкес жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жiберiлетiн бөлiнбеген таза кiрiстiң мөлшерiн белгiлеу;";

      үшiншi бөлiк алып тасталсын;

      8) 22-баптың екiншi бөлiгiндегi "және валюта" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 29-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "инфляцияның төменгi деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын" деген сөздер "бағалардың тұрақтылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiктiң төртiншi абзацындағы "мiндеттi резервтердің нормативтерiн (резервтiк талаптарды)" деген сөздер "резервтiк талаптардың нормативтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-бап. Резервтiк талаптар

      Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi.
      Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
      Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
      Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.";

      11) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

      Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
      Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.";

      12) 42-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар;
      коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан, сол сияқты қымбат емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;
      айналыстағы монеталар - қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.";

      13) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

      "43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен
                 монеталарды сатуы және сатып алуы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";

      14) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемдерi мен
               аударымдарын және төлем жүйелерiн ұйымдастырудағы
               және реттеудегi өкілеттiктерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:
      1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
      2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлігі мен сенiмділiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды.
      Төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi:
      төлем жүйелерiн ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеу шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
      төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiнiң мониторингiн жүзеге асыруға және оны жүргізу тәртiбiн белгілеуге;
      төлем жүйелерiн ұйымдастыруды және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге;
      төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;
      Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес төлем жүйелерiне қатысушылардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.";

      15) 48-1-бап алып тасталсын;

      16) 56-бапта:
      б) тармақшасындағы "шет ел валютасымен және шет ел валютасындағы бағалы қағаздармен" деген сөздер "валюталық құндылықтармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в), г) және ж) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
      г) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;";

      "ж) мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;";

      з), м) және н) тармақшалары алып тасталсын;

      17) 59 - 61-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-бап. Алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгi және
               олардың сақталуы

      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың сыртқы рыноктардағы сатып алу күшiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті.
      Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын  және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi деңгейде ұстап тұруға тиiс.

      60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалау өзгерiстерінің салдары болып табылатын алтын-валюта активтерi бойынша бағамдық айырмалар олар пайда болған есептi кезеңнiң iске асырылмаған кiрiстерi немесе шығыстарының шоттарына жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес есептелген, iске асырылған кiрiс/шығыс сомасы есептi кезеңінің кiрiстерi мен шығыстарының тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылының аяқталу нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар тиiстi қайта бағалау шоттарына жатқызылады. Қайта бағалау шоттарында алтын валюта активтерінің түрлерi бойынша қалдық қалмаған жағдайда туындайтын терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады.
      Алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiстер толық көлемiнде резервтiк капиталды ұлғайтуға жiберiледi.

      61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң (реттеу мен қадағалауды
              жүзеге асыру принциптерi

      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады. Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкция қолданған кезде бұл туралы уәкілеттi органға хабарлайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеушi функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.
      Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың жедел қызметiне араласпайды.
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз функцияларын орындау үшiн мемлекеттiк органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) қажеттi статистикалық есептілiктi және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпаратты сұратуға әрi алуға құқылы.";

      18) 62-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органмен," деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 67-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;";

      20) 68-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi негiзiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексерудi, оның iшiнде қаржылық есептiлiк аудитiн құрылтайшыларының құрамына мемлекеттiң орталық банкiне аудит жүргiзу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мүшесi кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады.";

      үшiншi бөлiктегi "бөлiмшелерінің" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж, N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат, N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, N 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж. N 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 17 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мемлекеттiк органның, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, қызметтi жүзеге асыруға немесе лицензиялауды талап ететiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi (операцияларды) жасауға лицензия болған кезде ғана жол берiледi.";

      2) 15-бапта:
      он үшiншi бөлiктегi "он күн" деген сөздер "он жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы он төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Лицензияланатын қызмет түрiнің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруiне әкеп соқпаса, лицензиат лицензияны қайта ресiмдеуге өтiнiш бередi. Лицензиардың нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларда лицензиат лицензияны қайта ресiмдеген кезде лицензияланатын қызмет түрiмен байланысты қосымша құжаттарды беруге мiндеттi.".

      4. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):

      6-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің рұқсаты қосымша талап етiледi.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж. N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат):

      1) бүкiл мәтiн бойынша "(мүдде)" деген сөз алып тасталсын;

      2) 6-баптың 2-тармағы "операциялары" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiк органның, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 30-бапта:
      2-тармақта:
      г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "г) кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды ұсату, айырбастау, қайта санау, сұрыптау, қаттап буу, сақтау және кейiннен беру мақсатында оларды қабылдау жөнiнде қызметтер көрсету;";

      о) тармақшасында "және басқа жаққа салып жiберу" деген сөздер алып тасталсын;

      2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-3. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.
      Банктерге және кредиттік серiктестiктерге осы баптың к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияны жүргiзуге лицензия беру үшiн Ұлттық Банктiң оң қорытындысы талап етiледi.
      Кредиттiк серiктестiктердi қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, осы баптың к), л), н), о) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргiзуге және қызметінің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға осы баптың 2-тармағының п) тармақшасында көзделген операцияны жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банк бередi.";

      4) 41-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "резервтiк талаптар нормаларын," деген сөздер алып тасталсын;

      5) 42-баптың 3-тармағындағы "резервтiк талаптардың нормаларын," деген сөздер алып тасталсын;

      6) 46-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
      "9. Ұлттық Банк реттелуi өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу анықталған жағдайда, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 1-тармағының а), в), г) тармақшаларында көрсетiлген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.";

      7) 47-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Ұлттық Банк бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға санкциялар қолдануға құқылы. Ұлттық Банк санкция ретiнде банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының а) тармақшасында көрсетiлген шараларды, сондай-ақ лицензиясын Ұлттық Банк беретiн, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында көрсетiлген шараларды қолдануға құқылы.";

      8) 48-баптың 1-тармағының г) тармақшасындағы "уәкiлеттi орган  белгiлеген" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 50-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгiндегі "хабарлауы," деген сөзден кейiн "валюталық заңдарға сәйкес экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру үшiн клиенттердiң экспорт және (немесе) импорт операциялары бойынша мәлiметтердi кеден органдарына беруi," деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 87-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 13, 138-құжат):

      1) 83-1-баптың төртiншi бөлiгi алып тасталсын;

      2) 86-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің ресми есеп жүргiзу ставкасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми қайта қаржыландыру ставкасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2005 жылғы 22 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 23 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      49-бапта:
      тақырыбындағы "есепке алу" деген сөздерден кейiн "және есептiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      "қаржылық" деген сөзден кейiн "және статистикалық" деген сөздермен толықтырылсын;

      "активтерi бойынша" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат):

      1) 6-бапта:
      1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банк шоттары банк пен клиент арасында банк шотының шарты және (немесе) банктiк салым шарты жасалған кезде ашылады. Банк шотының шарты ағымдағы шоттың шарты және карт-шот шарты болып бөлiнедi.";

      2-1-тармағында:
      бiрiншi бөлiктегi "банк шотының" деген сөздер "ағымдағы шоттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiншi бөлiктегi 7) тармақшада "сыйақы төлеуге байланысты операцияларды орындау үшiн банктің клиентке ашатын шоты." деген сөздер "сыйақы төлеуге" деген сөздермен ауыстырылып, бөлiк мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) клиентке Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) карт-шоттың шартында көзделген өзге де банк қызметiн көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операцияларды орындау үшін банктiң клиентке ашатын шоты.";

      2) 20-баптың 4-тармағындағы "күннен кейiнгi операциялық күннен" деген сөздер "күннен бастап екi операциялық күннен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Сақтандыру қызметi туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):

      74-баптың тақырыбындағы "Қаржылық" деген сөзден кейiн "және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;

      10. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      4-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы "және жiберу" деген сөздер алып тасталсын.

      11. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      26-баптың 4-тармағы алып тасталсын.

      12. "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат):

      1) 4-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Қордың есептiлiгiнiң (қаржылық есептіліктi қоспағанда) көлемiн, табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;";

      2) 5-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қордың қаржылық есептiлiгiнiң көлемiн, табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.";

      3-тармақтағы "уәкiлеттi органның үш өкiлi" деген сөздер "уәкiлеттi органның екi өкiлi, құрылтайшының бiр өкiлi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 132-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат):

      7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Уәкiлетті органның еңбекақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi уәкiлеттi орган Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісiлген ұсынуы бойынша бекiтедi.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Уәкiлеттi орган ол туралы Ережеде айқындалатын тәртіппен шығыстарды өтеуге байланысты өзге де қаржы түсiмдерiн иеленуге құқылы, олар қаржы жылының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетiне аударылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Уәкілеттi органның қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын оның Басқармасы айқындайды.".

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады