РҚАО-ның ескертпесі!
Келісімге өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2010.06.01 № 287-IV Заңымен.
Мәскеуде 1995 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
Байқоңыр қаласының мәртебесi және ондағы атқарушы өкiмет
органдарын құрудың тәртiбi мен олардың мәртебесi туралы
Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 1, 1-құжат) (1999 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 84 бет)
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, бұдан әрi Тараптар деп аталады, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидалары мен шарттары туралы Келiсiм және Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу Шарты /бұдан әрi жалға алу Шарты/ негiзiнде Тараптардың мүдделерiн ескерiп, осы төмендегi Келiсiмдi жасады.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Байқоңыр қаласының мәртебесi
1. Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi болып табылады.
Қаланың аумағында "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектiлерi, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне және басқа да қала тұрғындарына қажеттi тұрмыстық-коммуналдық және мәдени-әлеуметтiк жағдайлар туғызатын басқа да объектiлерi орналасқан.
"Байқоңыр" кешенi жалға алынған кезеңде Ресей Федерациясымен қатынасында Байқоңыр қаласына объектiлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қауiпсiздiк қызмет етуiне, сондай-ақ азаматтардың тұру жағдайында айрықша тәртiптi Ресей Федерациясының федеральдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебе берiледi.
2. Қалалық әкiмшiлiктiң ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттiк жалаулары тұрақты түрде көтерiлiп тұрады.
2-бап. Байқоңыр қаласының шекарасы
1. Қаланың шекарасы /қаланың шегi/ әкiмшiлiк басқару жүзеге асырылатын аумақты белгiлейдi.
2. Қаланың шегiн белгiлейтiн ресми құжат болып Байқоңыр қаласының бас жоспары табылады.
3-бап. Байқоңыр қаласы жерiнiң құрамы және оны пайдалану
1. Қаланың шегiндегi барлық жер жерге меншiк құқықтары сақтала тұрып қала әкiмшiлiгiнiң қарамағында болады.
2. Белгiлi бiр санатқа жатқызылған жердi нақты пайдалану, қаланың бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қала жерiнiң кейбiр жеке учаскелерiн пайдалануға ерекше тәртiп орнатылуы мүмкiн.
4-бап. Байқоңыр қаласының тұрғындарының құқықтары
1. Байқоңыр қаласының тұрғыны болып оның аумағында тұратын және Байқоңыр қаласының әкiмшілiгiнде тiркелген (жазылған) Қазақстан Республикасының азаматы немесе Ресей Федерациясының азаматы танылады. "Байқоңыр" ғарыш айлағының тұрақты әскери қызметкерлерi /офицерлер, прапорщиктер/ және олардың отбасы мүшелерi Байқоңыр қаласының тұрғындарына жатады.
2. Байқоңыр қаласының тұрғындарының саяси көзқарасы, нәсiлдiк және ұлттық, әлеуметтiк тегi, жынысы, әлеуметтiк немесе мүлiктiк жағдайы, тiлi, дiнге қатынасы жөнiнен қандай да болсын құқықтық шектеуге жол берiлмейдi.
3. Қазақстан Республикасының жоғарғы өкiлеттi органдарына сайлау кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтарының дауыс беру құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Байқоңыр қаласының әкiмшiлiгi қала аумағында сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыруға және өткiзуге көмек көрсетедi.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары тұрғындардың бағбандық, бау-бақшалық, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту, үй және саяжай салу жөнiнде халықтың қажеттерін қанағаттандыру үшiн қала әкiмшiлiгiне "Байқоңыр" кешенiнiң аумағынан тысқары жерлерде жер учаскелерiн пайдалануға беруде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдайды.
5. Қала тұрғындары Байқоңыр қаласында жұмыс iстейтiн Ресей сотында, қала әкiмшiлiгiнiң, оның органдарының және лауазымды адамдардың шешiмiне шағымдануына құқығы бар.
5-бап. Қаланың өзiн-өзi басқару жүйесi
1. Байқоңыр қаласында қалалық өкiлеттi өкiмет органдары құрылмайды.
2. Қала тұрғындары өзiн-өзi басқару құқықтарын жүзеге асырады:
қала аумағында өткiзiлетiн референдум арқылы, сондай-ақ тұрған жерiнде азаматтардың жалпы жиналыстарына, конференцияларына қатысу жолымен;
аумақтың қоғамдық өзiн-өзi басқару (шағын аудан, тұрғын үй кешендерi, махаллалар, үйлер және т.с.с. комитеттерi/ органының, сондай-ақ қаланың Қоғамдық кеңесiне осы органдардың өкiлдерiн сайлауына қатысу арқылы. Халықтың аумақтық қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарына заңды тұлға құқықтары берiлмейдi.
3. Байқоңыр қаласының халқының қоғамдық өзiн-өзi басқаруының ең жоғарғы органы болып, аумақтық қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың және заңды тұлға ретiнде тiркелген кәсiпорындардың өкiлдерiнен құрылатын, Қоғамдық кеңес табылады.
Қоғамдық кеңес қаланың әкiмшiлiк органдарына, шаруашылық қызметтеріне тұрғын үй қорын пайдалану, құрылыс, аумақтарды көркейту, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, сауда және қоғамдық тамақтандыру, көлiк, тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс кәсiпорындарының жұмыстарын жақсарту, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына, әл-ауқаты төмен халықтың жiктерiне әлеуметтiк көмек көрсету, қала дамуының неғұрлым перспективалы бағыттарын анықтау мәселелерiн шешуде, сондай-ақ қалалық атқару органдарының бюджеттiк қаржының жұмсауына бақылау жасауға көмек көрсету мақсатында құрылады.
4. Қоғамдық кеңестiң қызметi Байқоңыр қаласы тұрғындарының конференциясы бекiтетiн Ережемен реттеледi. 5. Қоғамдық кеңес Қала тұрғындарының конференциясында сайланады. Оның құрылымы және сандық құрамы қала тұрғындарының тiлектерi ескерiлiп қаланың әкiмiмен белгiленедi. Қоғамдық кеңестiң жеке құрамы қала тұрғындарына қала әкiмiнiң өкiмiмен таныстырады. 2-тарау. Атқарушы өкiмет органдары, олардың мәртебесi және құрылу тәртiбi 6-бап. Байқоңыр қаласының әкiмшiлiгi Байқоңыр қаласының әкiмшiлiгi, бұдан әрi қала әкiмшiлiгi аталады, қала әкiмiнiң тiкелей басқаруымен iс-қимыл жасайтын атқарушы өкiмет органдары. Қаланың әкiмi Ресей жағының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi бiрiгiп тағайындайды. Жалға алу келiсiмi күшiнде тұрған кезеңде қаланың әкiмшiлiгiн қаланың әкiмiнiң ұсынуымен Ресей Федерациясының Yкiметi құрайды.
7-бап. Қала әкiмiнiң Байқоңыр қаласын басқару мәселелерiн шешу жөнiнде өкiлеттіктерi
1. Қала әкiмi:
қала шаруашылығындағы салаларды, әлеуметтiк саланы басқарудың, қоғамдық тәртiптi сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғауды ұйымдастырудың жобасын бекiтедi;
Ресей Федерациясының Үкiметiне қала әкiмшiлiгi құрылымының жобасын, қала әкiмi орынбасарларының кандидатураларын, қала бюджетiнiң жобасын, бюджеттiң орындалуы туралы есептерiн ұсынады;
Ресей Федерациясының жоғары тұрған iшкi iстер органы ұсынған iшкi iстер басқармасы бастығының кандидатурасын келiседi;
қаланың экономикалық және әлеуметтiк дамуының қалалық бағдарламалардың жоспарларын, "Байқоңыр" кешенiнiң Қазақстан-Ресей Үкiметаралық комиссиясының деңгейiнде бекiтудi талап ететiн мәселелерi бойынша Yйлестiру кеңесiмен келіседi;
мемлекеттiк және қоғамдық органдармен, кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен олардың қала әкiмiнiң қарауына жататын мәселелер бойынша қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қатысуы туралы шарттар мен келiсiмдердi бекiтедi;
тәртіп қорғау органдарының қызметін үйлестіреді;
Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес қызметiнiң қала халқына маңыздылығына қарай кәсiпорындарға салық және басқа төлемдердiң қала қорының кiрiсiне есептелетiн сомасы шегiнде салықтық және өзге де жеңiлдiктердi бередi;
кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың және жергiлiктi бюджеттiң қаражаттарын өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн салу, жөндеу және ұстау үшiн өз ерiктерiмен қосу туралы шарттарды бекiтедi;
шетелдiк әрiптестерiмен қаланың қолда бар валюталық қаржы есебiнен және өзге де негiзде қала мұқтажына азық-түлiктердi сату және сатып алуға шарт жасайды;
шетелдiк инвесторлардың қатысуымен халық тұтынатын тауарлар шығаратын және халыққа қызмет көрсету жөнiнде бiрлескен кәсiпорындар ашу туралы мәселенi "Байқоңыр" кешенiнiң үйлестiру кеңесiмен келiсiп шешедi;
Байқоңыр қаласының бюджетiнiң орындалуын ұйымдастырады және банк мекемелерiндегi есепшоттарды ашады және жабады, бюджет орындалуы кезiнде несие бөлу мiндетiн жүзеге асырады;
қала әкiмшiлiгiне берiлген объектiлерде жаңа өнеркәсiп орындарын орналастыру немесе олардың қызмет ауқымын ұлғайту мәселелерi бойынша өкiмдер шығарады;
Байқоңыр қаласының бюджетiне түсетiн кәсiпорындардың салық төлемдерiн шығаратын заттарымен жабуға немесе қызмет көрсетуiмен алмастыруға келiсiм бередi;
жиналыстар, бұқаралық жиындар, көшедегi шерулер және демонстрациялар, көпшiлiк серуендер және ғұрыптық рәсiмдер қала аумағында өтетiн басқа да көпшiлiк-қоғамдық шараларды өткiзудiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде гарнизон бастығымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнайы өкiлiмен және қалалық iшкi iстер басқармасымен келiсiп, шаралар қабылдайды;
кәмелетке жетпеген жасөспірiмдер iстерi жөнiнде әкiмшiлiк, бақылау және жергiлiктi қала басқару саласында өзге де комиссиялар ұйымдастырады;
өзiнiң орынбасарларының мiндеттерiн бөлiп белгiлейдi, орынбасарлардың әрқайсысына бекiтiлетiн қала әкiмшiлiгiнiң органдары мен қызметтерiн анықтайды, сондай-ақ қала әкiмшiлiгiнiң құзырындағы тиiстi орынбасар айналысатын мәселелер ауқымын көрсетедi. Қала әкiмiнiң орынбасарлары өздерiнiң қарауындағы мәселелер бойынша қала әкiмшiлiгiндегi тиiстi органдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi өкiмдер шығарады;
егер дүлей зiлзала, экологиялық апат, iндеттер, өрттер шықса, "Байқоңыр" ғарыш айлағының бастығымен бiрлесiп тиiстi шараларды жүзеге асыруға өкiм шығарады.
2. Қала әкiмi өзiнiң орынбасарларының арасында мiндеттерiн бөлген кезде оның қарауына жататын қала әкiмшiлiгiнiң басқармаларының, бөлiмдерiнiң және басқа да бөлiмшелерiнiң басшыларын лауазымға тағайындау, қала әкiмшiлiгiнiң актiлерiнiң күшiн жою, несиелердi бөлу құқығынан басқа кейбiр өкiлеттiктерiн өзiнiң орынбасарларына беруге құқылы.
3. Қала әкiмi қала әкiмшiлiгiнiң "Байқоңыр" кешенiнiң үйлестiру кеңесiмен, басқа да мемлекеттiк және қоғамдық өзiн-өзi басқарудың аумақтық органдарымен қатынастарында өкiлеттiк етедi; сотта, прокуратурада тиiстi өкiмет және басқару органдарында қала халқының және қала шаруашылығының мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдай алады.
4. Қала әкiмi қала әкiмшiлiгi жүйесiнде орындаушылық тәртiптiң жайына жауап бередi.
5. Қала әкiмi, қала әкiмiнiң орынбасарлары, басқармалардың, бөлiмдердiң және басқа да қала әкiмшiлiгi бөлiмшелерiнiң басшылары коммерциялық ұйымдарда қоса атқарылатын жұмыстарды орындауына, сондай-ақ кәсiпкерлiкпен айналысуына болмайды.
8-бап. Әкiмшіліктiң бөлiмшелерiне басшылық ету жөнiнде қала әкiмiнің өкiлеттiктерi
Қала әкімі:
қаланы басқару сызбасына сәйкес басқармалар, бөлiмдер және басқа да қала әкiмшiлiгiнiң бөлiмшелерiн құру туралы өкiмдер шығарады;
қала әкiмшiлiгiнiң органдары туралы Ереженi бекiтедi;
қала әкiмшiлiгi органдарының басшыларын тағайындайды;
қала басқармасы аппаратының басқа да лауазымды адамдарын белгiленген тәртiпке сәйкес тағайындайды;
Ресей Федерациясының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес онымен тағайындалған лауазымды адамдарды материалдық және моральдық ынталандыру және оларға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану құқыларын пайдаланады;
қала әкiмшiлiгiне қарайтын кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың мәртебесiн анықтайтын жарғыларын /ережелерiн/ бекiтедi.
9-бап. Қала әкiмiнiң бақылау жасауды жүзеге асыру жөніндегi өкiлеттiктерi
1. Қала әкiмi оған бағынатын қала әкiмшiлiгi бөлiмшелерi және органдары басшыларының, сондай-ақ өзi тағайындаған кәсiпорындар басшыларының жұмысына бақылау жасайды, олардың заңдарды орындауына бақылау жасайды және тиiстi басшылардың есептерi мен баяндамаларын қарайды.
2. Қала әкiмi:
қала әкiмшiлiгi органдарының басшыларының актiлерiн тоқтатуға құқылы;
экологиялық, санитарлық, құрылыс нормалары, жоспарлар және салу қағидалары бұзылған жағдайда қала аумағындағы объектiлердiң құрылысын және пайдаланылуын тоқтатуға құқылы;
халықты қабылдауды жүргiзедi және олардың құқықтары және заңды мүдделерi бұзылуына байланысты азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерi бойынша шаралардың қабылдануына бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
Байқоңыр қаласының аумағындағы жататын кәсiпорындардың және ұйымдардың шаруашылық және қаржылық қызметiн тексеру жөнiнде комиссиялар тағайындайды.
10-бап. Қала әкiмшiлiгiнің мүлiктiк құқықтары
1. "Байқоңыр" кешенiндегi объектiлердi қабылдау-өткiзу актiлерiне сәйкес берiлген объектiлер қала әкiмшiлiгiнiң пайдалануы мен иеленуiне жатады.
2. "Байқоңыр" кешенi жалға алынған кезеңде Байқоңыр қаласында тiркелген Қазақстан Республикасының заңды және заңды тұлға құрмай-ақ, кәсiпкерлiкпен айналысып жүрген жеке тұлғалары Байқоңыр қаласының салық органында Ресей Федерациясының заңды және кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғасы ретiнде де тiркеледi. Соның өзiнде оларда Қазақстан Республикасының тиiстi меншiк иелерiнiң мүлiктiк құқықтары сақталады.
Заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтар, төлемдер, алымдар, баж салықтары қала бюджетiне жiберiледi.
3. "Байқоңыр" кешені жалға берілген кезеңде Байқоңыр қаласының аумағында Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары жұмыс істейді: сот, прокуратура, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің бөлімшесі, "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшесі (кеден ісі саласындағы функцияларды жүзеге асыруға қатысты бөлігінде), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (бұрын болған әскери комиссариаттың функцияларымен), Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшесі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бөлімшесі, Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органының өкілі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің бөлімшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бөлімшесі, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Байқоңырдағы филиалы.
Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдары Байқоңыр қаласы әкімшілігінде қайта тіркеуге жатпайды.
Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттік органдарының атаулары және (немесе) функциялары өзгерген жағдайда Қазақстан Тарапы бұл туралы Ресей Тарапын дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Осы тармақта көзделген Байқоңыр қаласының аумағындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының тізбесі Тараптар арасында ноталар алмасу арқылы ресімделетін келісім бойынша өзгертілуі мүмкін.
4. Жалға берiлген тұрғын үй қорын бөлудi құрамына Ресей Федерациясының әскери-ғарыш күштерiнiң, Ресей ғарыш агенттiгiнiң, қала әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi кiретiн тұрғын үй комиссиясы жүзеге асырады. Комиссияның шешiмдерi "Байқоңыр" ғарыш айлағы қызметкерi және олардың отбасылары мүшелерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде ведомстволардың нормативтiк қажеттерi ескерiлiп қабылданады.
5. Қала әкiмшiлiгiне жалға берiлген объектiлер мен мүлiктерге жекешелендiру жүргiзiлмейдi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2016 № 22-VІ; 19.04.2019 № 247-VI Заңдарымен.11-бап. Қала әкiмшілігiнiң жер қатынастар саласындағы құқықтары
1. Қала әкiмшiлiгiне қабылдау-өткiзу актiлерi бойынша пайдалануға берiлген объектiлердiң жер учаскелерi қала әкiмшiлiгiнiң пайдалануында болады.
2. Қала әкiмшiлiгi:
"Байқоңыр" ғарыш айлағының Үйлестiру кеңесiмен келiсіп қала әкiмшiлiгi тек Үйлестiру кеңесiнiң келiсiмiмен ғана қосарлы жалға берiлетiн жер учаскелерi мен табиғи объектiлердiң тiзбесiн бекiтедi;
барлық жердi пайдаланушылардың қала аумағындағы жер мен табиғи ресурстарды пайдалануы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, қаланың Бас жоспарына, сондай-ақ жердi және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың қалада белгiленген ережелерiне сәйкес болуын бақылауды жүзеге асырады;
қаланың пайдалануына бөлiнген жер учаскелерiн пайдалануға беру және қайтып алу мәселелерi бойынша шешiмдердi қабылдайды;
тұрғын үйдi, әлеуметтiк инфрақұрылымдар объектiлерiн, соның iшiнде мекемелер, кәсiпорындар және ұйымдардың келісімімен үлестiк негiзде қатысуымен салуға және жөндеуге тапсырушы болады.
12-бап. Байқоңыр қаласының ақшалай қаражаты
1. Қаланың ақшалай қаражаты қала бюджетiнiң қаржысынан және қала әкiмшiлiгi құрған бюджеттен тыс және валюталық қорларынан құралады. Соның iшiнде бюджеттен тыс мақсатты қорлардың қаражаты /зейнетақы, әлеуметтiк қамсыздандыру, жұмыспен қамтамасыз ету, медициналық сақтандыру/ қала бюджетi қаржысының құрамына кiрмейдi.
2. Қала бюджетiнiң кiрiстерi мыналардан құралады:
Байқоңыр қаласын ұстауға Ресей Федерациясының федеральдық бюджетi қаржысының түсiмдерiнен;
Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған Қазақстан Республикасының экологиялық апаттардан зардап шеккен азаматтарына жеңiлдiктердi қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi қаржысының түсiмдерiнен;
Ресей Федерациясының заңдарында қарастырылған ставкалар бойынша жеке адамдарға мүлiк салықтарынан, жер салығынан, қала аумағында кәсiпкерлiкпен айналысушы жеке адамдардан тiркеу алымынан;
ғимараттарды, құрылыстарды қала әкiмшiлiгiнiң пайдалануы мен иелiгiндегi басқа да мүлiктердi қосар жалға беру төлемақысынан;
қалаға тиесiлi акциялардан, басқа да құнды қағаздардан, акционерлiк қоғамдардағы және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердегi үлестерден (салымдардан) түскен кiрiстерден, қала берген заемдардың проценттiк төлемдерiнен;
салықтардан, соның iшiнде қосылған құн салығы, пайда салығы, акциздер, мемлекеттiк баж салығы және басқа да қала аумағындағы түсiмдерден.
Байқоңыр қаласының бюджет тапшылығы Ресей Федерациясының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен Ресей Федерациясының федеральдық бюджетiнiң қаражатынан бөлiнетiн субсидия, субвенция және дотациялар арқылы жабылады.
3. Кiрiстердiң шығындардан жоспарлаған артығы, сондай-ақ бюджеттiң орындалуы барысында кiрiстердiң асып орындалу немесе шығындардың үнемделуi нәтижесiнде түскен артығы, бюджеттi бекiткенде қала бюджетiнде қалады және қала әкiмiмен қаланың аумақтық және әлеуметтiк бағдарламаларын қосымша қаржыландыруға жұмсалады.
4. Қала бюджетiнiң қаржысын жұмсау Қазақстан-Ресей Yкiметаралық "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi комиссиясының бақылауымен жүзеге асырылады. Қала бюджетi қаржысының пайдаланылуы туралы есептi Ресей Федерациясының Үкiметi бекiтедi.
12-1-бап. Тауарларды өткізу және әкелу кезінде жанама салықтарды қолдану
1. Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға және Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалатын тауарларды өткізу бойынша айналымдарға (операцияларға) Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда - нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады. Осындай операцияларды жүзеге асыру кезінде аталған тұлғалардың осы мемлекеттердің аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерлерге экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген осыған ұқсас тәртіппен салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларға) жүргізуге құқығы бар.
ҚҚС-тің нөлдік ставкасын қолдану және (немесе) әкетілетін тауарлар бойынша акциздерді төлеуден босату негізділігі осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттармен расталады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкелу кезінде салық салынуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкелуге Қазақстан Республикасының салық органдары өндіріп алатын және Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.
3. Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелуге Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының аумағына және оның юрисдикциясында болатын өзге аумаққа әкелу кезінде салық салуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының салық органы өндіріп алатын Ресей Федерациясының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.
4. Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына (Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына) тауарларды әкелу кезінде тауарлардың бір заңды тұлға шегінде берілуіне байланысты (Тараптардың заңнамасында осындай тауарларды әкелу (әкету) туралы салық органдарын хабардар ету жөнінде міндеттеме белгіленуі мүмкін) жанама салықтар өндіріп алынбайды.
5. ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын құжаттар мыналар:
1) олардың негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының өзге аумағынан (өзге аумағына) Байқоңыр қаласының аумағына (аумағынан) өткізу және әкету жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (егер бұл Тараптардың заңнамасында көзделсе, олардың көшірмелері);
2) егер Тараптардың заңнамасында өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізуден түскен түсімнің іс жүзінде түсуін растайтын банктің үзінді көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы салық органының немесе Байқоңыр қаласы салық органының белгісі бар, тауарды сатып алушының орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жанама салықтарды төлегені (салық міндеттемелерінен босатылғаны немесе оларды өзге тәртіппен орындағаны) туралы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші (бұдан әрі - өтініш) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе салық төлеушінің электрондық (электрондық цифрлық) қолтаңбасымен электрондық түрде). Өтініштің және өтініштер тізбесінің нысандары, сондай-ақ оларды толтыру тәртібі мен форматтары Тараптардың салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде не Тараптардың өзге нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады;
4) Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлардың әкетілуін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлардың әкетілуін растайтын көліктік (тауарларға ілеспе) және (немесе) өзге де құжаттар;
5) егер бұл тауарларды әкету кезінде Тараптардың салық заңнамасында көзделсе, КҚС-тың нөлдік ставкасын қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын өзге де құжаттар болып табылады.
6. Осы баптың 1-3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, тауарларға қатысты жанама салықтарды қолдану және өндіріп алу және Қазақстан Республикасының өзге аумағынан (өзге аумағына) Байқоңыр қаласының аумағына (аумағынан) тауарларды әкелу (әкету) кезінде олардың төлеміне бақылау жүргізу тетігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген осыған ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының өзге аумағына осы тауарларды әкетпей Байқоңыр қаласының аумағында тауарларды өткізу кезінде жанама салықтар Ресей Федерациясының Салық кодексіне сәйкес қолданылады.
Ескерту. Келісім 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2016 № 22-VІ Заңымен.12-2-бап. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды қолдану
1. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу, егер бұл аумақ жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын жағдайда Байқоңыр қаласының аумағында немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағында жүзеге асырылады.
2. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны:
1) егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тікелей жылжымайтын мүлікпен байланысты болса, жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша айқындалады.
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті жалға беру, жалдау және өзге де негіздерде пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қатысты да қолданылады;
2) егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тиісті аумақта орналасқан жылжымалы мүлікпен, көлік құралдарымен тікелей байланысты болса, жылжымалы мүліктің, көлік құралдарының орналасқан жері бойынша;
3) егер мәдениет, өнер, оқу (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласында қызметтер көрсетілсе, іс жүзінде қызметтер көрсету орны бойынша;
4) егер мынадай қызметтер көрсетілсе:
консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік көрсетілетін қызметтер, ақпаратты өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстар;
электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен дерекқорларды (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) әзірлеу, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды бейімдеу және түрлендіру, сүйемелдеу жөніндегі жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істеген жағдайда, персонал беру жөнінде көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының салық органдарында тіркелу орны бойынша айқындалады.
Осы тармақшаның ережелері:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын өзге де құжаттарды, сауда маркаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, оның лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушы үшін өзінің атынан тартатын тұлғаның не шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан басқа тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы тармақтың 1 - 4-тармақшаларында көзделмеген жұмыстар орындалса (қызметтер көрсетілсе), сатушының салық органдарында тіркелу орны бойынша да қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, олардың лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
2) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжаттар;
3) Тараптардың салық заңнамасында көзделген өзге де құжаттар болып табылады.
4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы баппен реттелетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін орындаған, көрсеткен жағдайда және бір жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу басқа жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өткізілуіне қатысты қосалқы сипатта болған жағдайда, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосалқы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
5. Егер Байқоңыр қаласының аумағы жұмыстарды өткізу, қызметтерді көрсету орны болып танылса, онда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салықтық база, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі және салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату) Ресей Федерациясының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының өзге аумағы жұмыстарды өткізу, қызметтерді көрсету орны болып танылса, онда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салықтық база, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі және салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
6. Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға және Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды қолдану және өндіріп алу және олардың төлеміне бақылау жүргізу тетігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген осыған ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. Келісім 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2016 № 22-VІ Заңымен.РҚАО-ның ескертпесі!
13-бапқа ҚР Президентінің 2008.11.17 N 691 Жарлығымен өзгертулер көзделген.
13-бап Байқоңыр қаласындағы банк жүйесі
1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңды және жеке тұлғаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Ресей Федерациясының Орталық банкiнiң мекемелерi, Байқоңыр кешенiнде өздерiнiң филиалын ашқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының басқа да банктерi қызмет көрсетедi.
2. Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының банктерi өздерiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзедi.
Байқоңыр кешенi аумағында осы кешен жалға берiлген кезеңде жұмыс iстейтiн және жаңадан ашылған Ресей Федерациясының банктерi өздерiнiң қызметiн Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес жүргiзедi.
Басқа мемлекеттердiң банктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет ел банкi ретiнде ашылады.
"Байқоңыр" кешенi аумағындағы Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң банктерiнiң қызметiн қадағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүргiзедi.
Ресей Федерациясы банктерiнiң қызметiн қадағалауды Ресей Федерациясының Орталық Банкi жүргiзедi.
3. "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында төлем қаржысы ретiнде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық валюталары жүредi.
4. "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында заңды және жеке тұлғалар арасындағы төлемдердiң барлық түрлерi қазақстанның теңгесi мен /немесе/ ресейдiң рублiнде жүргiзiледi. Мұнда қандай валютамен төлеу құқығы төлеушiнiң өз еркiнде.
5. "Байқоңыр" кешенiнiң аумағында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының резиденттерiмен Қазақстан Республикасының басқа резиденттерiнiң арасындағы есеп айырысу Қазақстан теңгесiмен жүредi.
Қазақстан Республикасы резиденттерiмен және резидент еместермен өзара есеп айырысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент еместерi арасында есеп айырысу олардың арасындағы келiсiмге сәйкес қазақстанның теңгесiмен, ресейдiң рублiмен немесе басқа шет ел валютасымен жүргiзiледi.
3-тарау. Ерекше жағдайлар
14-бап. Байқоңыр қаласының iс-әрекетiнiң ерекше тәртiбi
1. Байқоңыр қаласының аумағында "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектiлерiнiң, Байқоңыр қаласындағы кәсiпорындардың, сондай-ақ тұрып жатқан азаматтардың қауiпсiз жұмыс iстеуiн Қамтамасыз ету үшiн ерекше тәртіп орнатылады, оған енетiнi:
аталған кешеннiң шекарасында немесе шегiнде бақыланатын және /немесе/ кiруге тыйым салынған аймақты белгiлеу;
келуге және кетуге шек қою;
аумағында азаматтардың тұрақты тұруына шек қою;
белгiлi бiр қызмет түрлерiмен шұғылдануға шек қою;
келуге және тұруға шек қойылуына байланысты туындайтын жылжымайтын мүлiктердi беру құқығын шектеу.
2. "Байқоңыр" кешенiнде тұратын, жұмыс iстейтiн және қайта оралған азаматтар ерекше тәртiп шарттарымен және оның бұзылғаны үшiн жүктелетiн жауапкершiлiкпен таныстырылуы тиiс.
3. Байқоңыр қаласына келудiң және "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектiлерiнде жұмыс iстеудiң ерекше тәртiбiнiң шарттары жеке құжат түрiнде ресiмделедi, оны қала әкiмшiлiгi барлық кәсiпорындарға, ұйымдарға, өкiлдiктерге және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жеткiзедi.
15-бап. "Байқоңыр" кешенiнiң Yйлестiру кеңесi
Жалға алу шартының орындалуы кезiнде Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы ұйымдарының, кәсiпорындарының және әскери бөлiмдерiнiң өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн "Байқоңыр" кешенiнiң Үйлестiру кеңесi шешедi.
16-бап. Байқоңыр қаласының объектiлерiн күзету
1. Байқоңыр қаласының аумағына кiру және шығу арнайы жабдықталған бақылау-тексеру пунктерiнде құзырлы органдар берген белгiленген арнайы рұқсаттар немесе басқа құжаттар бойынша азаматтардың жеке басының заттары тексерiлмей жүргiзiледi. Азаматтардың жеке бастарының заттарын, көлiктердi тексеру тек құзырлы органдардың арнайы шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Байқоңыр қаласының шекарасын, оның аумағын /әскери мақсаттағы объектiлер орналасқан аумақтан басқа/ және азаматтық объектiлердi, федеральдық органдардың объектiлерiн қоса күзетудi қала әкiмшiлiгi ұйымдастырады және бақылайды.
3. Өнеркәсiп орындарының объектiлерiн күзетудi осы кәсiпорындардың басшылары ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.
4. Қала аумағында орналасқан әскери объектiлердi Ресей Қорғаныс министрлiгiнiң (Әскери - ғарыш күштерi) күшi мен қаражаты пайдаланылып күзетiледi. Әскери қызметшiлердiң тәртiп сақтауының тиiстi деңгейiн сақтау мақсатында белгiленген тәртiппен гарнизон және қарауыл қызметi ұйымдастырылатын жабық гарнизон құрылады. Байқоңыр қаласының тәртiп сақтау органдары мен әскери органдардың өзара iс-қимыл жасау тәртiбi Ресей Федерациясының заңдарымен, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тәртiп сақтау органдарымен өзара iс-қимыл жасауы туралы келiсiмiмен, гарнизон бастығының бұйрығымен белгiленедi.
5. Байқоңыр қаласының аумағында қажеттi тәртiп сақтау және тұру тәртiбiн қамтамасыз ету Ресей Федерациясының iшкi iстер басқармасына жүктеледi.
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының тәртiп сақтау органдарының өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлдiгi құрылады.
6. Байқоңыр қаласындағы өрт сөндiру қызметi қала әкiмшiлiгiмен ұйымдастырылады, қала бюджетi есебiнен ұсталатын арнайы штаттық құрылымдарымен жүзеге асырады. Өрттен қорғау мiндеттерiн шешуге қолда бар ведомстволық өртке қарсы күштер мен қаражат қатыстырылады.
17-бап. Жалпы әлеуметтiк өтемақы
Ерекше режим жағдайында тұрғындардың тұруы мен жұмыс iстеуi халықтың жоғары деңгейде жабдықталуы, әлеуметтiк қорғау шаралары, мемлекеттiк сақтандыру, еңбекақы бойынша жеңiлдiктерi кiретiн жалпы әлеуметтiк өтемақы төлеуге жатады.
18-бап. Байқоңыр қаласындағы әскерге шақыру-есепке алу жұмысы
Байқоңыр қаласында әскерге шақыру есепке алу жұмыстарын қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери комиссариаттары жүзеге асырады.
19-бап. Қалалық әкiмшілiгiнiң ғарыш айлағының қолбасшылығымен өзара iс-қимыл жасауының ерекшелiктерi
1. Қалалық әкiмшiлiк пен ғарыш айлағы бастығының өзара iс-қимылының негiзi олардың "Байқоңыр" кешенi Yйлестiру кеңесiндегi бiрлесiп жұмыс iстеуi болып табылады.
2. Байқоңыр қаласы мен "Байқоңыр" ғарыш айлағының тiршiлiк ауқымындағы жедел шешiмдi талап ететiн мәселелер бойынша қаланың әкiмi мен ғарыш айлағының бастығы өзара келiскен iс-қимылдарды жүзеге асырады және қаланың тiршiлiгiн қамтамасыз ету қызметiмен ғарыш айлағының кезекшi ауысымдармен өзара жедел iс-қимыл жасауын ұйымдастырады.
3. Байқоңыр қаласында орналасқан және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң қарамағындағы "Байқоңыр" кешенiнiң инфрақұрылымдық жүйелерi, объектiлерi ("Крайний" ұшақ айлағы, темiр жол көлiгi, байланыс жүйелерi, қабылдау-өткiзу актiлерiне сәйкес басқа да объектiлерi) қалалық әкiмшiлiгi мен "Байқоңыр" ғарыш айлағының қолбасшылығы жеке келiсiмде белгiленген тәртiппен пайдаланады.
20-бап. "Байқоңыр" кешенінің аумағындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
1. Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының азаматтарын Байқоңыр кешенінде жұмыс iстейтiн мекемелерге, ұйымдарға және кәсiпорындарға, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң органдарына келiсiм шартпен қызметке, жұмысқа қабылдау олардың кәсiби бiлiктерi негiзiнде осы мекемелердiң, ұйымдардың, кәсiпорындардың мамандарды iрiктеу талаптарына қарай жүргiзiледi.
2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтарының Байқоңыр кешенiнде жұмыс iстейтiн кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жұмыс iстеген еңбек мерзiмiн есептеу Ресей Федерациясының заңдарымен қарастырылған тәртiпте және мөлшерде Байқоңыр қаласына берiлетiн жеңiлдiктер сақталып, жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшi бойынша көрсетiлген еңбек мерзiмiн есептеудi Қазақстан Республикасының тиiстi органдары арқылы Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
21-бап. "Байқоңыр" кешенін жабдықтауды ұйымдастыру
"Байқоңыр" ғарыш айлағы және Байқоңыр қаласында әлеуметтiк экономикалық даму бағдарламаларын орталықтандырылған материалдық-техникалық қамтамасыз ету арнайы шығындар санатынан, ал халықты азық-түлiкпен және өнеркәсiп тауарларымен орталықтандырылған жабдықтау Ресей Федерациясының Yкiметi белгiлеген ретте жүзеге асырылады.
22-бап. Төретам және Ақай поселкелiк әкiмшiлiктерiнiң Байқоңыр әкімшілiгiмен өзара iс-қимыл жасауы
Байқоңыр қаласының әкiмшiлiгi Төретам және Ақай поселкелерi тұрғындарының тiршiлiгiн қамтамасыз ету, дәрiгерлiк қызмет көрсету, жұмысқа орналастыру мәселелерi және басқа да әлеуметтiк проблемалар бойынша поселкелердiң әкiмшiлiктерiмен өзара шарттық негiзде iс-қимыл жасайды.
4-тарау. Қорытынды ережелер
23-бап. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
Осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi "Байқоңыр" кешенiн пайдаланудың негiзгi қағидалары мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Келiсiмде және "Байқоңыр" кешенiн жалға алудың Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Ресей Федерациясы Yкiметiнiң 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Шартымен белгiленген "Байқоңыр" кешенiн жалға алудың мерзiмiмен айқындалады.
24-бап. Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi
Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Өзгертулер хаттама арқылы ресiмделедi, олар осы Келiсiмнiң бiртұтас бөлiгi болып саналады.
25-бап. Келiспеушiлiктердi шешу ретi
Осы Келiсiмдегi ережелердi қолдану және түсiнiк беруге байланысты келiспеушiлiктер Тараптардың келiссөз жүргiзуi арқылы шешуге жатады.
Осы Келiсiм бойынша жұмыстарды үйлестiру және қала әкiмшiлiгiнiң қызметiне байланысты мәселелердi шешудi "Байқоңыр" кешенi жөнiндегi Қазақстан-Ресей Yкiметаралық комиссиясы асырады.
26-бап. Келiсiмнiң күшіне енуi
Осы Келiсiм Тараптар өздерiнің қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларының орындалғаны туралы соңғы хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Москва қаласында 23 желтоқсан 1995 жылы орыс және қазақ тiлдерiнде, әрқайсысы екi данада жасалды. Екi мәтiннiң де күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |