Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депуттарының мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1999 жылғы 6 мамыр N 377.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Z952529_ конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; 1999 жылы 16 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" конституциялық заң күшi бар жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" 1999 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:


      1. Тақырыбы мен кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

      Қазақстан Республикасының Парламентi және оның

      депутаттарының мәртебесi туралы


      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.".

      2. 3-баптағы, 10-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы, 25-баптың 2-тармағының 13) тармақшасындағы, 26-баптың 4-тармағындағы, 33-баптың 1-тармағындағы, 40-баптағы "осы Жарлықпен", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықта", "осы Жарлықтың", "осы Жарлықты", "Осы Жарлық" деген сөздер тиісінше "осы Конституциялы заңмен", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңның", "Осы Конституциялық заңды", "Осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлігі Мәжіліс сайланымының кезектілігімен айқындалады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады.".

      4. 4-бапта:

      2-тармақтағы "әр екі жыл" деген сөздер "әр үш жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Парламент" деген сөз "Сенат" деген сөзбен ауыстырылсын, "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мәжілiс жетпiс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдiк жүйесi бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдердің негізінде сайланады.".

      5. 13-баптың 1-тармағындағы", сондай-ақ заңдарды күшiне енгiзу мәселелерi жөнiндегi Парламенттiң нормативтік қаулылары" деген сөздер алып тасталсын.

      6. 24-баптың 3-тармағындағы "Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылған немесе мерзiмi аяқталған жағдайда оның бұрынғы жұмысын (қызметiн) сақтауға немесе нақ сондай жұмыс (қызмет) тауып беруге кепілдік берілмейді." деген сөйлем алып тасталсын.

      7. 30-бапта:

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "тек қана өз" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Парламенттің депутатына оның өкілеттік мерзімі аяқталған соң, сондай-ақ ол отставкаға кеткен немесе Парламент таратылған жағдайда және ол жұмысқа орналасқан немесе зейнеткерлік жасқа жеткен кезге дейiн ай сайын орташа айлық жалақысы мөлшерiнде, бiрақ өкілеттігі


      тоқтатылған немесе отставкаға кету туралы өтініш қанағаттандырылған

      күннен бастап үш айдан аспайтын уақыт жәрдемақы төленедi.".

      8. 39-баптың 5-тармағындағы "Үкімет Аппаратының" деген сөздер

      "Премьер-Министрі Кеңсесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.

      Омарбекова А.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу конституционного закона, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов"

Конституционный закон Республики Казахстан от 6 мая 1999 года № 377-1.

      Внести в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу конституционного закона, от 16 октября 1995 г. N 2529 Z952529_ "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 21, ст. 124; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 7, ст.78; Конституционный закон Республики Казахстан от 12 марта 1999 г. "О внесении изменений в Указы Президента Республики Казахстан, имеющие силу конституционных законов, "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов" и "О судах и статусей судей Республики Казахстан", опубликованный в газетах "Егемен Казакстан" и "Казахстанская правда" 16 марта 1999 г.) следующие изменения и дополнения:

      1. Заголовок и преамбулу изложить в следующей редакции:

      "Конституционный закон Республики Казахстан

      О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов

      Настоящий Конституционный закон в соответствии с Конституцией Республики Казахстан определяет организацию и деятельность Парламента Республики Казахстан, правовое положение его депутатов.".

      2. В статье 3, подпункте 4) пункта 3 статьи 10, подпункте 13) пункта 2 статьи 25, пункте 4 статьи 26, пункте 1 статьи 33, статье 40 слова "настоящим Указом", "настоящего Указа", "Настоящий Указ" заменить соответственно словами "настоящим Конституционным законом", "настоящего Конституционного закона", "Настоящий Конституционный закон".

      3. Пункт 1 статьи 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Срок полномочий депутатов Сената - шесть лет, срок полномочий депутатов Мажилиса - пять лет. Полномочия Парламента очередного созыва начинаются с момента открытия его первой сессии и заканчиваются с началом работы первой сессии Парламента следующего созыва. При этом очередность созыва Парламента определяется очередностью созыва Мажилиса.

      Срок полномочий Парламента определяется сроком полномочий депутатов Мажилиса очередного созыва.".

      4. В статье 4:

      в пункте 2 слова "каждые два года" заменить словами "каждые три года";

      в пункте 3 слово "Парламента" заменить словом "Сената", слово "два" заменить словом "три";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Мажилис состоит из семидесяти семи депутатов. Шестьдесят семь депутатов избираются по одномандатным территориальным избирательным округам, образуемым с учетом административного-территориального деления Республики и с примерно равной численностью избирателей. Десять депутатов избираются на основе партийных списков по системе пропорционального представительства и по территории единого общенационального избирательного округа.".

      5. В пункте 1 статьи 13 исключить слова ", а также нормативных постановлений Парламента по вопросам введения в действие законов.".

      6. В пункте 3 статьи 24 предложение "Депутату Парламента не гарантируется сохранение прежней работы (должности) или предоставление равноценной работы (должности) при прекращении или по истечении его полномочий." исключить.

      7. В статье 30:

      в подпункте 2) пункта 3 слова "исключительно" и "свои" исключить;

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Депутату Парламента по истечении срока его полномочий, а также в случае подачи в отставку или роспуска Парламента и до момента его трудоустройства или достижения пенсионного возраста ежемесячно выплачивается пособие в размере его среднемесячной заработной платы, но не более трех месяцев со дня прекращения полномочий или удовлетворения заявления об отставке.".

      8. В пункте 5 статьи 39 слова "Аппарата Правительства" заменить словами "Канцелярии Премьер-Министра".


      Президент

      Республики Казахстан