Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 496 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Заңымен

      Ескерту. Заңның күші жойылды - ҚР 2009.09.18. N 193-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 186-баптан қараңыз) Заңымен.
 
МАЗМҰНЫ

      Осы Заң мемлекет пен туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтардың арасындағы құқықтық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулығын айналадағы адамдарға қауiп төндiретiн аурудан қорғауға бағытталған. 

       1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      1) туберкулездiң жұқпалы түрi - ауру адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөлiп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауiп төндiретiн ауру; 
 

      2) медициналық тексеру - аурудың диагнозын қою үшiн зерттеудiң зертханалық және аспаптық әдiстерiн қолдана отырып, адамды медициналық ұйым жағдайында тексеру; 
 

      3) мәжбүрлеп емдеу - туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамды сот шешiмiнiң негiзiнде стационарда емдеу; 
 

      4) емдеуде болу режимi - туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамның басқа адамдарға ауру жұқтыруына жол бермеу мақсатында туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында белгiленетiн режим; 
 

      5) туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымы - туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге де, ерiктi түрде емдеуге де арналған ұйым (орталықтар, ауруханалар, бөлiмшелер және палаталар); 
 

      6) медициналық тексеруден немесе емделуден жалтару - туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамның дәрiгер ұйғарған немесе тағайындаған емдердi қасақана орындамауы. 

       2-бап. Азаматты туберкулездiң жұқпалы түрiмен
             ауырады деп танудың тәртiбi

      1. Азаматты туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп тануды, оны медициналық тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады. 
      Медициналық тексеру жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлейдi. 
 

      2. Туберкулезбен ауыруы себептi есепте тұратын азамат медициналық тексеруден жалтарған жағдайда оны тиiстi денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша мәжбүрлеп тексеруден өткiзу үшiн денсаулық сақтау қызметкерiнiң қатысуымен iшкi iстер органдары арнаулы медициналық автокөлiкпен жеткiзедi. 
 

      3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешiмiне оның жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдана алады. 

       3-бап. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын
             азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң
             негiзi мен тәртiбi

      1. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрiгер тағайындаған емдеуден бас тартуы негiз болып табылады. 
      Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешiмдi денсаулық сақтау органдарының не қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiнiң әкiмшiлiгi жанындағы дәрiгерлiк комиссияның ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
      Қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнен босатылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын, жазасын өтеу кезеңiнде емдеудiң толық курсынан өтпеген азаматтарға соттың шешiмiмен  мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейiн бiр ай бұрын материалдарды сотқа жiбереді.
 

      2. Мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы материалдарды, олар келiп түскен күннен бастап бес күн мерзiмде, сот мәжбүрлеп емдеуге жiберiлетiн азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы ұсыныс енгiзген ұйым өкiлiнiң қатысуымен қарайды. 
 

      3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жiберу туралы сот шешiмiн орындау аумақтың әдiлет органдарының сот орындаушыларына жүктеледi.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N  171 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз), 2007.03.26.  240 Заңдарымен.

       4-бап. Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулардың
             құқықтары

      1. Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында болу режимiн сақтау қажеттiгiне байланысты шектеулермен пайдаланады. 
 

      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында мәжбүрлеп емдеуге жiберу соттылыққа әкеп соқпайды. 
 

      3. Мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурудың жұмыс орны сақталады. 
 

      4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында жалпы еңбек стажы үзiлмейдi және оған есептеледi. 
 

      5.  Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйiнде тұратын, мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген аурулардың емдеуде болуының бүкiл уақыты iшiнде тұрғын үйi сақталады. 

       5-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын
             алу ұйымдарында ауруларды емдеу және күтiп бағу

      1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымдарында ауруларды емдеу және күтiп бағу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 
 

      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында мәжбүрлеп емдеудi ұйымдастыру мен жүзеге асырудың  тәртiбi , сондай-ақ онда аурулардың болу режимi Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын  уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен ережелермен белгiленедi. 
 

      3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездiң микробактериялары бөлiнiп шығуы тоқтатылғанға дейiн жалғастырылады, содан соң олар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылуға тиiс және емдеудi жалғастыру үшiн тұрғылықты жерiне жiберiледi. 
 

      4. Аурудың медициналық тексеруде болған уақыты мәжбүрлеп емдеу кезеңiне есептеледi. 

       6-бап. Ауруларды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейiнгi
             медициналық қадағалау және емдеу

      Мәжбүрлеп емдетiлген аурулар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылғаннан кейiн тұрғылықты жерi бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауырудың қайталануын болдырмайтын ем алып тұруға мiндеттi.

       7-бап. Аурулардың мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі
             еңбекке және тұрмыстық жағынан орналасуы

      Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылған ауруларға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке және тұрмыстық жағынан орналасуына көмек көрсетеді.

       8-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын
             азаматтардың емделуден бас тартқаны және
             инфекция таратқаны үшін жауаптылығы

      Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтар Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N  171 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза

Закон Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года № 496-1. Утратил силу Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года N 193-IV

      Сноска. Утратил силу Кодексом РК от 18.09.2009 N 193-IV.

ОГЛАВЛЕНИЕ

      Настоящий Закон регулирует правовые отношения между государством и гражданами, больными заразной формой туберкулеза и уклоняющимися от лечения, и направлен на охрану здоровья граждан от заболевания, представляющего опасность для окружающих. 
 

         Статья 1. Основные понятия 
 

        В настоящем Законе используются следующие основные понятия: 

      1) заразная форма туберкулеза - заболевание представляющее опасность для окружающих в связи с выделением больным во внешнюю среду бактерий туберкулеза; 

      2) медицинское обследование - обследование лица в условиях медицинской организации с применением лабораторных и инструментальных методов исследования для установления диагноза заболевания; 

      3) принудительное лечение - стационарное лечение больного заразной формой туберкулеза, осуществляемое на основании решения суда; 

      4) режим пребывания - режим, устанавливаемый в специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации, в целях предотвращения заражения больным заразной формой туберкулеза других лиц; 

      5) специализированная противотуберкулезная лечебно-профилактическая организация - организации (центры, больницы, отделения и палаты) как для принудительного лечения, так и на добровольной основе больных заразной формой туберкулеза; 

      6) уклонение от медицинского обследования или лечения - умышленное невыполнение предписаний или назначений врача лицом, больным заразной формой туберкулеза. 
 

         Статья 2. Порядок признания гражданина больным 
                  заразной формой туберкулеза 
 

        1. Признание гражданина больным заразной формой туберкулеза осуществляется организацией здравоохранения на основании результатов его медицинского обследования. 
      Порядок проведения медицинского обследования устанавливается уполномоченным государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в области охраны здоровья граждан. 

      2. В случае уклонения гражданина, состоящего на учете по поводу заболевания туберкулезом, от медицинского обследования он подвергается приводу на специальном медицинском автотранспорте для принудительного обследования по представлению соответствующей организации здравоохранения органами внутренних дел при участии работника здравоохранения. 

      3. Гражданин, признанный больным заразной формой туберкулеза, может обжаловать решение организации здравоохранения в ее вышестоящий орган или в суд. 

       Статья 3. Основание и порядок направления граждан, больных 
                 заразной формой туберкулеза, на принудительное лечение 
 

        1. Основанием для принудительного лечения граждан, больных заразной формой туберкулеза, является их отказ от лечения, назначенного врачом. 
      Решение о принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза и уклоняющихся от лечения, принимается судом по представлению органов здравоохранения либо врачебной комиссии при администрации учреждения уголовно-исполнительной системы. 
      Гражданам, освобождающимся из исправительных учреждений уголовно-исполнительной системы, больным заразной формой туберкулеза, в период отбывания наказания не прошедшим полный курс лечения, решением суда назначается   принудительное лечение , для чего за месяц до освобождения администрация исправительного учреждения направляет материалы в суд.

      2. Материалы о направлении на принудительное лечение рассматриваются судом в пятидневный срок со дня их поступления при участии гражданина, направляемого на принудительное лечение, и представителя организации, внесшей представление о направлении на принудительное лечение. 

      3. Исполнение решения суда о направлении гражданина, больного заразной формой туберкулеза, на принудительное лечение возлагается на судебных исполнителей территориальных органов юстиции.  <*>
      Сноска. Cтатья 3 с изменениями, внесенными Законами РК от 7 июля 2006 года N  171 (порядок введения в действие см.  ст.2 ); от 26 марта 2007 года N  240 (порядок введения в действие см.  статью 2 ).
 

         Статья 4. Права больных, находящихся на принудительном лечении 
 

        1. Больные, находящиеся на принудительном лечении, пользуются всеми правами граждан Республики Казахстан с ограничениями, связанными с необходимостью соблюдения режима пребывания в специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации. 

      2. Направление на принудительное лечение в специализированную противотуберкулезную лечебно-профилактическую организацию не влечет за собой судимость. 

      3. За больным, направленным на принудительное лечение, сохраняется место работы. 

      4. Время пребывания на принудительном лечении не прерывает общий стаж и засчитывается в него. 

      5. За больными, направленными на принудительное лечение, проживающими в жилище из   государственного жилищного фонда , жилье сохраняется в течение всего времени нахождения на лечении. 
 

         Статья 5. Лечение и содержание больных в специализированных 
                  противотуберкулезных лечебно-профилактических организациях 
 

        1. Лечение и содержание больных в специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации для принудительного лечения осуществляется за счет средств государственного бюджета. 

      2.   Порядок   организации и осуществления принудительного лечения, а также режим пребывания больных в специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации определяются правилами, утвержденными  уполномоченным государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в области охраны здоровья граждан. 

      3. Принудительное лечение больных заразной формой туберкулеза продолжается до прекращения выделения ими микробактерий туберкулеза, после чего они подлежат выписке из специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации и направляются для продолжения лечения по месту жительства. 

      4. В период принудительного лечения засчитывается время нахождения больного на медицинском обследовании. 
 

         Статья 6. Медицинское наблюдение и лечение больных после 
                  окончания принудительного лечения 
 

        Больные, подвергавшиеся принудительному лечению, после выписки из специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации обязаны встать на учет в противотуберкулезную организацию по месту жительства и получать лечение, исключающее рецидив заболевания заразной формой туберкулеза, в порядке, установленном уполномоченным государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в области охраны здоровья граждан.

       Статья 7. Трудовое и бытовое устройство больных после
                  окончания принудительного лечения

      Больным, выписанным из специализированной противотуберкулезной лечебно-профилактической организации по окончании принудительного лечения, местные исполнительные органы оказывают содействие в их трудовом и бытовом устройстве.

       Статья 8. Ответственность граждан, больных заразной формой
                  туберкулеза, за отказ от лечения и
                  распространение инфекции

      Граждане, больные заразной формой туберкулеза и уклоняющиеся от лечения, несут ответственность в соответствии с  законами Республики Казахстан. <*>
     Сноска. В статью 8 внесены изменения Законом РК от 7 июля 2006 года N  171 (порядок введения в действие см.  ст.2 ).

       Президент
Республики Казахстан