Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі Ішкі істер министрінің жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылдың 6 желтоқсандағы 2000 жылдың 13 желтоқсандағы N 668 бұйрығы N 799 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1360. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қарашадағы № 441 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 686 бірлескен бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2009.11.25 № 441 және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.10 № 686 бірлескен бұйрығымен.

       Қазақстан Республикасының "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 496-1 ҚРЗ Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекiтiлсiн:
      1) Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң тәртiбi туралы ереже (1-қосымша);
      2) Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу ұйымын (орталықты, аурухананы, бөлiмшенi және палатаны) ұйымдастыру жөнiндегi ережелер (2-қосымша).
      2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменттерiнің (басқармаларының) және iшкi iстер органдарының бастықтары "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң тәртiбi туралы қағиданы" және "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу ұйымын (орталықты, аурухананы, бөлiмшенi және палатаны) ұйымдастыру жөнiндегi ережелердi" басшылыққа алуға және орындауға қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Төрағаның бiрiншi орынбасары А.Т. Айдархановқа және Iшкi iстер Вице-Министрi Н.А. Власовқа жүктелсiн.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.

   Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау ісі жөніндег               Ішкі істер министрі -
   агенттігінің Төрағасы                   Ішкі әскер қолбасшысы

                                                 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық         Қазақстан Республикасы
сақтау ісі жөніндегі агенттігінің      Ішкі істер министрлігінің
2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 799    2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 668
      бұйрығымен бекітілген              бұйрығымен бекітілген


Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп
емдеуге жiберудiң тәртiбi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида денсаулық сақтау органдарының емдеуден қашқақтап жүрген туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды анықтау, есепке алу және мәжбүрлеп емдеуге жiберу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ iшкi iстер органдарымен өзара iс-қимыл тәртiбiн белгiлейдi.
      Денсаулық сақтау мен iшкi iстер органдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық кесiмдерiн, осы Ереженi және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа алады. K090193
      2. Медициналық қызметкерлердiң iшкi iстер органдарының қызметкерлерiмен емдеуден қашқақтап жүрген туберкулездің жұқпалы түрiмен ауыратын науқас адамдарды медициналық тексеруге алып келудi жүзеге асырудағы өзара iс-қимылын қамтамасыз етудi мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу мекемелерi мен iшкi iстер органдарының басшылары жүзеге асырады. Оларға қызметтiк құзыреттерiнің шегiнде осы Қағиданы орындауды ұйымдастыру, қойылған тапсырмаларды орындау iсiне әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету, көрсетiлген санаттағы ауруларды емдеудiң жаңа нысандарын енгiзу жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.

2. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарды
анықтау мен есепке алудың тәртiбi

     3. Емдеу-алдын алу ұйымдарының туберкулез ауруына күдiктi барлық пациенттерi оның жұқпалы түрiне мiндеттi түрде тексерiлуге жатады.
      4. Туберкулезбен ауру себебi бойынша есепте тұрған азамат медициналық тексерiлуден қашқақтаған жағдайда, оны iшкi iстер органдарының қызметкерлерi тиiстi денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша денсаулық сақтау ұйымы қызметкерiнiң қатысуымен мәжбүрлеп тексеру үшiн арнайы автокөлiкпен жеткiзедi.
      5. Туберкулездің жұқпалы түрiмен ауыратындар:
      1) микроскоппен тексеру нәтижесiнде ең аз дегенде қақырықтың екi анализiнде қышқылы тұрақты бациллдар (ҚБ) пациенттер;
      2) ҚБ-ға қақырықтың бiр оң сынамасы бар және рентгенологиялық әдiспен анықталған патологиялық өзгерiстерi бар пациент;
      3) жағындысында қышқылы тұрақты микробактериясы (ҚБ) бiр рет табылған және туберкулез микробактериясының көбеюi бар науқас болып табылады.
      6. Туберкулездің жұқпалы түрiмен ауыратын науқастар мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу мекемелерiне есепке қойылуға және емдеуге жатады.
      7. Науқастардың аталған санатын уақытылы және толық анықтау, оларды есепке қою және емдеудi жүргiзу мақсатында халыққа емдеу-алдын алу көмегiн көрсету кезiнде алынған деректер пайдаланылады.

3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын
адамдарды мәжбүрлеп емдеудi тоқтату

      8. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтату үшiн негiз:
      1) мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу мекемесi дәрiгерлiк-консультативтiк комиссиясының клиникалық, рентгенологиялық және зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша науқастарға туберкулездiң микробактериясын бөлудi тоқтату туралы қорытындысы;
      2) медициналық көрсеткiштерi бойынша мәжбүрлеп емдеудi жалғастыру мүмкiншiлігінiң болмауы болып табылады.

4. Науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейiн
медициналық қадағалау және емдеу

      9. Мәжбүрлеп емдеудi аяқтаған науқастар тұрғылықты жерi бойынша туберкулезге қарсы мекемеге есепке тұруға және туберкулездiң жұқпалы түрi сырқатының рецидивiн болдырмайтын ем алуға мiндеттi.
      10. Мәжбүрлеп емдеудi аяқтаған науқастарды одан әрi қадағалау туберкулезбен ауыратындар үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

                                               2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық         Қазақстан Республикасы
сақтау ісі жөніндегі агенттігінің      Ішкі істер министрлігінің
2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 799    2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 668
      бұйрығымен бекітілген              бұйрығымен бекітілген

Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды
мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған туберкулезге
қарсы емдеу-алдын алу ұйымын (орталықты, аурухананы,
бөлiмшенi және палатаны) ұйымдастыру жөнiндегi ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Заңына сәйкес әзiрленген және мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу ұйымдарын (орталықтарды, ауруханаларды, бөлiмшелердi және палаталарды) ұйымдастырудың тәртiбiн, сондай-ақ онда ерiктi емделуден қашқақтап жүрген туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастардың болу режимiн белгiлейдi. K090193
      2. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу ұйымы (орталықтар, ауруханалар, бөлiмшелер және палаталар) (бұдан әрi - МТҚЕАҰ) денсаулық сақтаудың емдеуден қашқақтап жүрген туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды соттың анықтауы бойынша мәжбүрлеп емдейтiн құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
      3. МТҚЕАҰ-ның қызметi денсаулық сақтау департаменттерiнiң (басқармаларының), облыстық (аймақтық), Астана және Алматы қалалық туберкулезбен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңестерiнiң бақылауымен жүзеге асырылады.
      4. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеудi жүргiзу жөнiндегi МТҚЕАҰ-ны ұйымдастыруды және ашуды оның қызмет көрсету аймағын да белгiлейтiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiмен келiсiм бойынша денсаулық сақтаудың облыстық (қалалық) органы жүзеге асырады.
      5. МТҚЕАҰ туберкулезге қарсы диспансерлер мен ауруханалардың құрамында жергiлiктi бюджеттер қаражатының есебiнен мәжбүрлеп емдеуде жүрген адамдардың ерiктi емделудегi науқастардан оқшау, бөлек ұсталуы арқылы ұйымдастырылады.
      6. МТҚЕАҰ-да құрамның орналасуы мынадай талаптардың сақталуымен жүргiзiледi:
      1) Әйелдер еркектерден бөлек орналастырылады;
      2) Туберкулездің созылмалы түрiмен ауыратындар (4-санат) алғаш анықталған науқастардан бөлек ұсталады;
      3) Туберкулездің жұқпалы түрiмен ауыратын кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады.
      7. МТҚЕАҰ шектеу инженерлiк-техникалық құралдардың мынадай негiзгi элементтерiмен жабдықталады
      1) аумақты негiзгi қоршаумен;
      2) сигнализациямен;
      3) құжаттар сақтауға арналған сейфпен;
      4) терезелердегi металл торлармен;
      5) барлық мамандандырылған және қосымша бөлмелердегi металл есiктермен;
      6) бақылау-өткiзу пунктiмен.
      8. МТҚЕАҰ-ның штаттары туберкулезге қарсы мекемелерiне арналған тәртiппен бекiтiледi. Күзет қызметкерлерiнiң санын, оларға қойылатын талаптарды жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
      9. МТҚЕАҰ-ны медициналық аппараттармен, құралдармен, медикаменттермен, шаруашылық мүкәммалымен, жабдықтармен жарақтандыру, есеп беру мен есептілік туберкулезге қарсы мекемелерге арналған белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.
      10. МТҚЕАҰ-ға басшылықты құрылымдық туберкулезге қарсы мекеменiң бас дәрiгерi тағайындайтын және босататын меңгерушi жүзеге асырады.
      11. МТҚЕАҰ аумақтық туберкулезге қарсы мекеменiң мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның қызметiмен байланысты құқықтарды және мiндеттемелердi пайдаланады.
      12. МТҚЕАҰ өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң, облыстық департаменттердiң (басқармалардың, бөлiмдердiң) бұйрықтары мен алқа қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа алады.
      13. МТҚЕАҰ-ның аумағы, оның ғимараты, үй-жайлары, жабдықтары туберкулезге қарсы ауруханалар үшiн көзделген орналастыру және пайдалану ережелерiне сәйкес жоспарланады және ұйымдастырылады, және науқастарды қадағалау мен оларды санитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес ұстау үшiн қажеттi жағдайларды ескере отырып, күзет құралдарымен және сигнализациямен жабдықталады.

2. Мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу
ұйымының негiзгi функциялары мен мiндеттерi

      14. Туберкулездің жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды соттың анықтауы бойынша қабылдау, емдеу және ұстау.
      15. Туберкулездің жұқпалы түрiнен зардап шегетiн адамдарға мамандандырылған жоғары бiлiктi емдеу диагностикалық көмек көрсету.
      16. Туберкулездің жұқпалы түрiнен өз еркiмен емделуден қашқақтайтын науқастарды диагностикалау мен емдеудiң жаңа ұйымдастыру нысандарын, қазiргi заманғы құралдары мен әдiстерiн меңгеру және практикаға енгiзу.
      17. Туберкулезге қарсы мекемелер мен жалпы емдеу желiсiнiң одан әрi емдеудi жалғастыру және туберкулезбен ауыратын науқастарды әлеуметтiк еңбекпен оңалту мәселелерiндегi сабақтастығын қамтамасыз ету.

3. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын
азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған
туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу ұйымын күзету

       18. МТҚЕАҰ өз қажеттiгi үшiн күзет бөлiмшесiн құра алады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      19. МТҚЕАҰ-ның күзетi бақылау-өткiзу режимiн, сыртқы күзеттi ұйымдастыруды, құрамға мәжбүрлеп емдеудегi адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерiн болдырмау мен алдын алуға көмек көрсетудi көздейдi.
      20. Күзеттің штаттық қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ереженi басшылыққа алады, МТҚЕАҰ меңгерушiсiне бағынады және өз мiндеттерiн оның басшылығымен жүзеге асырады.
      21. Медициналық құрам мен күзет қызметкерлерiнiң өзара iс-қимылы МТҚЕАҰ құрылымдық бөлiмшелерi мен күзет қызметi үшiн әзiрленген функционалдық мiндеттердiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      22. Төтенше жағдайлар кезiнде МТҚЕАҰ-ның күзетiн уақытша күшейту туралы шешiмдi туберкулезге қарсы мекеменiң әкiмшiлiгi қабылдайды.
      23. Туберкулезге қарсы мекеменің басшылығы күзет жұмысын тексеру мен бақылауды МТҚЕАҰ-ның меңгерушiсi мен күзет бастығының қатысуымен жүзеге асырады.

4. Науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы
емдеу-алдын алу ұйымында ұстау және олардың болу тәртiбi

     24. МТҚЕАҰ-ға ену, кездесуге арналған орынды қоспағанда, тек осы мекемеге қызмет көрсететiн құрамға, әкiмшiлiкке және кезекшi дәрiгерге, сондай-ақ денсаулық сақтау мен iшкi iстердiң жоғары органдарының мамандарына ғана рұқсат етiледi. Қалған адамдар бас дәрiгердің, оның емдеу жөнiндегi орынбасарының немесе МТҚЕАҰ меңгерушiсiнiң рұқсатымен жiберiледi.
      25. МТҚЕАҰ аумағынан және қыдыру ауласы аумағынан шығу тек медициналық құрамның қатысуымен емдеу-диагностикалық және оңалту iс-шараларын жүргiзу үшiн рұқсат етiледi.
      26. МТҚЕАҰ аумағынан науқастардың өз бетiмен шығуын, сондай-ақ аумаққа бөгде адамдардың енуiн болдырмау үшiн МТҚЕАҰ күзетiнiң күшiмен бақылау-өткiзу жүйесi қойылады.
      27. Өз бетiмен болмау кезеңi емдеу мерзiмiне есептелiнбейдi.

5. Мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу
ұйымында емдеуде жүрген адамдардың құқықтық жағдайы

     28. МТҚЕАҰ-дағы адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық құқықтарын, МТҚЕАҰ-ның iшкi тәртiбiнiң ережелерiне сәйкес мәжбүрлеп емдеу режимiн сақтау қажеттiлiгiмен байланысты шектеулермен бiрге пайдаланады.

6. Мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын
алу ұйымында емдеуде жүрген адамдарға
медициналық-санитарлық қызмет көрсету

      29. МТҚЕАҰ медицина қызметкерлерiнiң қызметi денсаулық сақтау туралы заңнамамен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнің бұйрықтарымен" нұсқаулықтарымен, әдiстемелiк нұсқауларымен және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен регламенттеледi.
      30. МТҚЕАҰ-да туберкулездің жұқпалы түрiмен ауыратын МТҚЕАҰ-ға мәжбүрлеп емдеуге түскен адамдарды мәжбүрлеп емдеуге себеп болған қатысты және абсолюттiк сомато-неврологиялық және психикалық қарсы көрсеткiштердi анықтау, басқа ЕАҰ-на ауыстыру мәселелерiмен айналысатын, тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлік консультативтiк комиссиялар құрылады.
      31. МТҚЕАҰ:
      1) МТҚЕАҰ-ға түскен адамдарды бiрiншi санитарлық қарауды және санитарлық тазалауды;
      2) Қажеттi тексерудi мiндеттi түрде тағайындай отырып, алғашқы тәулiктердің iшiнде емдеушi дәрiгердің жан-жақты қарауын;
      3) Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастарды сыныбын, туберкулезбен сырқаттану ауырлығы дәрежесiн анықтау, сондай-ақ тиiстi емдеу әдiстерiн белгiлеу, таңдау және қолдану үшiн қажеттi қосымша клиникалық тексерудi;
      4) Барлық жаңа әдiстермен және құралдармен емдеудi жүзеге асырады;
      5) Мәжбүрлеп емдеудегi әрбiр науқасқа ауру тарихы және емдеу курсына қатысты деректер енгiзiлетiн қажеттi есеп нысандары жүргiзiледi. Емдеу курсы және белгiлi бiр адамның болу мерзiмi бiткеннен кейiн ауру тарихы шығару эпикрзммен аяқталады, туберкулезге қарсы диспансер бас дәрiгерiнiң орынбасары тексередi және архивке тапсырылады. Қажеттi есеп нысандары амбулаториялық жағдайларда немесе стационарда емдеудің қолдау сатысын жалғастыруды ұйымдастыру үшiн аумақтық туберкулезге қарсы диспансердiң диспансерлiк бөлiмiне берiледi.
      7) МТҚЕАҰ денсаулық сақтау мекемелерi мен МӘСК-тiң сұранысы бойынша тек прокуратураның, сот-тергеу органдарының талабымен әкiмшiлiк беретiн анықтамалар мен ауру тарихынан үзiндiлердi толтырады. МТҚЕАҰ-дан шыққандардың, сондай-ақ олардың туыстарының қолдарына бұл құжаттар берiлмейдi.
      Басқа ұйымдардың және туыстарының сұраныстары бойынша ол адамның тек МТҚЕАҰ-да мәжбүрлеп емдеуде болғаны мен болу мерзiмi ғана хабарланады.
      8) Әкiмшiлiк МТҚЕАҰ қызметкерлерiнiң iшiнен жекелеген адамдарды науқастардан алынған заңнамада белгiленген тәртiппен куәландырылған сенiмхаттың негiзiнде мәжбүрлеп емдеудегi туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын науқастардың соттағы өкiлi болуына уәкiлеттеуге құқылы.
      9) МТҚЕАҰ денсаулық сақтау мен iшкi iстер органдарымен тұрақты және тығыз өзара iс-қимылды жүзеге асырады, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеудiң тиiмдiлiгiн зерделеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi.
      10) МТҚЕАҰ әкiмшiлiгi қажеттi санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдi және барлық үй-жайлардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бақылауды қамтамасыз етедi, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеудегi адамдардың арасында алдын алу және гигиеналық жұмысты ұйымдастырады және жүргiзедi.

7. Мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын алу
ұйымындағы адамдарды есепке алу

      32. МТҚЕАҰ-ның бұйрығымен тағайындалған жауапты адам МТҚЕАҰ-ға келген адамдардың құжаттарының дұрыс ресiмделуiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi тiркеу журналын жүргiзе отырып, МТҚЕАҰ-дағы адамдардың жеке және сандық есебiн жүргiзедi:
      1) Олардың саны, құрамы мен қозғалысы туралы есептiлiктi жүзеге асырады;
      2) МТҚЕАҰ-дағы және одан шыққан адамдарды есепке алады, жеке iстерiн жүргiзедi және сақтайды;
      3) Жеке iстердi архивке сақтауға бередi;
      4) Емдеудiң аяқталуы, медициналық көрсеткiштерi бойынша мерзiмiнен бұрын, қайтыс болуына байланысты МТҚЕАҰ-дан шыққан адамдарға материалдар ресiмдейдi, сондай-ақ дәрiгердiң қорытындысы негiзiнде МТҚЕАҰ-да болу мерзiмiн ұзарту нысанасы бойынша сотқа материалдар ресiмдейдi;
      5) Оның құзыретiне жататын хаттарды, өтiнiштер мен шағымдарды орындайды;
      6) МТҚЕАҰ-да құқықтық насихатты жүргiзедi;
      7) Адамдардың МТҚЕАҰ-дан уақытылы шығуын бақылауды жүзеге асырады, науқастардың уақытылы емделуi мен МТҚЕАҰ-да болуын ұйымдастыру үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынады.
      33. МТҚЕАҰ-да мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдардың ауру тарихтары одан шыққан күнiнен бастап 25 жыл сақталады. Бұл адамдардың жеке iстерi тұрақты сақталады.
      34. МТҚЕАҰ-дағы жеке iс жоғалған жағдайда, ол қалпына келтiрiледi, ол үшiн тиiстi органдардан жеке iс жасалатын құжаттардың көшiрмелерi сұралады. Мұндай iстiң мұқабасына "Қалпына келтiрiлген" деген жазу жазылады.
      35. МТҚЕАҰ-ға түскен әрбiр адамға оның жеке iсiнiң материалдары бойынша оның есеп карточкасы толтырылады, осы карточкалардан алфавиттiк тәртiппен картотека жасалады.
      36. Құрамын құрылымдық туберкулезге қарсы диспансердiң бас дәрiгерi бекiтетiн комиссия тоқсан сайын бiр рет жеке iстер мен есеп карточкаларын және МТҚЕАҰ-дағы нақты бар адамдарды салыстыруды жүргiзедi, бұл туралы кесiм жасалады.
      37. Барлық есептiк құжаттар, оның iшiнде жеке iстер, есеп карточкалары алфавиттiк тәртiппен және номер тәртiбiмен сейфте сақталады.
      38. Кеткендердiң есеп карточкалары алынады және алфавиттiк тәртiпте жасалған архивтiк картотекаға салынады. Картотекадан уақытылы шығаруға бақылауды жүзеге асыру үшiн тоқсан сайын ағымдағы айда шығарылуға жататын адамдардың карточкалары ерекше бақылау үшiн бөлiнiп қойылады. Бұл карточкалар алдағы шығарылу күнi тәртiбiмен орналастырылады.

8. Мамандандырылған туберкулезге қарсы емдеу-алдын
алу ұйымынан шығарудың негізi мен тәртiбi

      39. МТҚЕАҰ-дан шығу үшiн негiз туберкулезге қарсы құрылымдық диспансер дәрiгерлiк-консультативтiк комиссиясының клиникалық, рентгенологиялық және зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша қорытындысы болып табылады.
      40. МТҚЕАҰ-да амбулаториялық жағдайда емдеудiң қолдау сатысын жалғастыруды немесе оны стационарлық жағдайда жүргiзу қажеттiгiн ұйымдастыру үшiн туберкулезге қарсы құрылымдық диспансердің диспансерлiк бөлiмiне берiлетiн қажеттi құжаттар ресiмделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады