Пайдаланушылық келiciм
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы (бұдан әрі – ЗжҚАИ, Өнім беруші) http://adilet.zan.kz/ мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «ӘДІЛЕТ» ақпараттық құқықтық жүйесінің (бұдан әрі – Жүйе) сервистерін осы Пайдаланушылық келісімнің (бұдан әрі – Келісім) мәні болып табылатын талаптарға сәйкес ұсынады.
Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері:
-
Пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін Жүйеде орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) барлық мәтіндері түсініктемелік түсіндірмелерді, мазмұнын, гиперсілтемелерді қосу, өзгерістер енгізетін НҚА-ны есепке ала отырып мәтін болжамдарын қалыптастыру түріндегі өзгерістерге ұшырайды. Жүйеде орналастырылатын барлық материалдар, соның ішінде дизайн элементтері, мәтін, графикалық кескіндер мен басқа объектілер (бұдан әрі – Мазмұны) ЗжҚАИ мен басқа құқық иеленушілердің айрықша құқығының объектілері болып табылады және ЗжҚАИ-ның жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатта пайдаланылуға, сондай-ақ таратылуға жатпайды.
-
ЗжҚАИ-ның жазбаша келісімінсіз коммерциялық емес мақсатта жеке тұлғалардың блогтары мен дербес беттерінде Мазмұнның дара элементтерін көшіру және жариялау рұқсат етіледі, бұл ретте дереккөз ретінде «Әділет» жүйесін және http://adilet.zan.kz/ мекенжайын көрсету қажет.
-
Пайдаланушы Жүйенің Мазмұнындағы техникалық жарамсыздық пен дәлсіздіктерді тапқандығы туралы Өнім берушіні хабардар етуге құқылы.
-
Пайдаланушы іздестіру бағдарламалық қабықшасын рұқсатсыз көшірмеуге және таратпауға міндеттенеді, Жүйенің кез келген технологиялық бөліктеріне рұқсатсыз өтуге құқығы жоқ, Жүйенің дұрыс жұмыс істеуін бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді әдейі жасауға құқығы жоқ.
-
Өнім беруші Жүйеде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша толық сенімді құқықтық ақпаратты орналастыруға міндеттенеді.
-
Өнім беруші Жүйенің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға міндеттенеді.
-
Пайдаланушының техникалық және бағдарламалық талаптарға сәйкес келмейтін есептеу құралдарындағы, сондай-ақ пайдаланушының есептеу және бағдарламалық құралдарының жарамсыздығынан туындаған Жүйенің жұмысындағы жаңылыстар үшін Өнім беруші жауаптылықта болмайды.
-
Өнім беруші қажет болған кезде Жүйені пайдалану туралы ақпаратты, соның ішінде пайдаланушылық деректерді мүдделі органдарға беру құқығын өзіне қалдырады.
-
Өнім беруші пайдаланушыларға қандай да болсын арнайы хабарлама бермей осы Келісімнің талаптарын біржақты тәртіпте өзгерту құқығын өзіне қалдырады, Келісімнің жаңа редакциясы осы абзацта көрсетілген мекенжай бойынша, егер жаңа редакциясымен өзгеше көзделмесе, Интернет желісінде оны орналастырған сәттен бастап күшіне енеді. Қолданыстағы редакция әрқашан http://adilet.zan.kz/kaz/terms. мекенжайы бойынша болады. Келісімге енгізілген күшіне енген өзгерістермен келіспеген жағдайда пайдаланушы Жүйені пайдалануды тоқтатуға міндетті.
-
Өнім беруші Жүйенің сервистерін «қандай бар» талаптарымен ұсынады және ұсынылатын қызметтердің пайдаланушының болжалына сәйкессіздігі үшін жауаптылықта болмайды.
-
Өнім беруші Жүйені пайдалану кезінде туындаған пайдаланушыларға және үшінші тұлғаларға келтірілген зиян, залал, ақпаратты жоғалтқаны үшін немесе тигізілген кез келген нұқсандар үшін жауаптылықта болмайды.