О признании утратившими силу некоторых приказов

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 1 февраля 2016 года № 74

      В соответствии со статьей 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан:
      1) направить копию настоящего приказа в недельный срок в Министерство юстиции Республики Казахстан, информационно-правовую систему «Әділет», Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан и официальные печатные издания;
      2) обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      Министр                                    Т. Дуйсенова

Приложение        
к приказу Министра    
здравоохранения и социального
развития Республики Казахстан
от 1 февраля 2016 года № 74

Перечень некоторых приказов Министра здравоохранения Республики
Казахстан и исполняющего обязанности Министра здравоохранения
Республики Казахстан, подлежащих признанию утратившими силу

      1) Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 декабря 2008 года № 695 «О внедрении конфиденциального аудита материнской смертности и критических случаев в акушерской практике в Республике Казахстан» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5486, опубликованный в газете «Юридическая газета» от 3 апреля 2009 года № 49).
      2) Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 мая 2010 года № 389 «Об утверждении Инструкции по мониторингу критических состояний у беременных женщин, рожениц, родильниц» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6302, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 6 октября 2010 года № 263).
      3) Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 октября 2009 года № 595 «О мерах по развитию охраны репродуктивного здоровья граждан и оказанию услуг по планированию семьи» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5873, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан от 2010 года № 1).
      4). Приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 сентября 2013 года № 538 «Об утверждении Инструкции по координации деятельности детской онкологической и гематологической службы в Республике Казахстан» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8838, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 2 апреля 2014 года № 63).

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 74 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне және ресми баспасөз басылымдарына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы  
№ 74 бұйрығына қосымша  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының күші жойылды деп тануға жататын кейбір
бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасындағы акушерлік практикадағы ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 695 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5486 болып тіркелген, «Заң газетінде» газетінде 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 болып жарияланған).
      2. «Жүкті, босанатын, босанған әйелдердің ауыр жағдайларының мониторингі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 389 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6302 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 10 қарашада № 469-477 болып жарияланған).
      3. «Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын сақтауды және отбасын жоспарлау жөнінде қызметтер көрсетуді дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 595 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағында 2010 жылы №1 болып жарияланды).
      4. «Қазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 538 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8838 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 2 сәуірде № 63 болып жарияланған).