Қазақстан Республикасындағы акушерлік практикадағы ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 695 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5486 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 74 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 01.02.2016 № 74 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімі жағдайларының құпия аудиті енгізілсін.
      2. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудиті бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы және Астана қалалары пилоттық өңірлер болып белгіленсін.
      3. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімі мен қиын жағдайларға құпия аудитті жүргізу бойынша нұсқаулық;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы мен Астана қалаларында акушерлік практикада қиын жағдайларға құпия аудитті жүргізу бойынша нұсқаулық бекітілсін.
      4. "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ басшысы (С.Ғ. Нүкішева):
      1) акушерлік практикадағы ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудит бойынша медицина мамандарын оқытуды жүргізу жоспарын әзіреп, 2008 жылғы 5 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне ұсынсын;
      2) республикада пилоттық өңірлерде акушерлік практикада ана өлім-жітіміне және қиын жағдайларға құпия аудитті енгізуді қамтамасыз етсін және жүргізілуін бақылауды жүзеге асырсын.
      5. "Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" РМК басшысы (Т.Қ. Құдайбергенов) республикадағы ана өлім-жітімі жағдайларына ресми талдау жүргізсін және нәтижелерін ай сайын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      6. Оңтүстік Қазақстан облысы (А.А. Маймақов), Алматы (З.Д. Аманжолова) және Астана қалалары (Т.С. Кәрібеков) денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) пилоттық босандыру ұйымдарын белгілесін және акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Ж.Қ. Исмаилов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауға жіберсін.
      9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      10. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                          Ж. Досқалиев

       Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 695 бұйрығына      
1-қосымша         

Қазақстан Республикасында ана өлім-жітімінің құпия аудитін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1.Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық акушерлік-гинекологиялық бейінді медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда ана өлім-жітімінің құпия аудитін енгізуді және жүргізуді анықтайды.
      2. Осы нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданады:
      1. Құпиялық – аудиторлық қызмет барысында алынған немесе әзірленген құжаттардың құпиялығын және сақталуын қамтамасыз етумен түсіндірілетін аудиттің принципі үшінші адам кім болса да иесінің келісімінсіз оған мәліметтерден тұратын бұл құжаттарды немесе олардың көшірмелері берілмейді не ауызша жарияланбайды.
      2. Иесіздендіру – қайтыс болған әйелдің немесе осы жағдайға қатысы болған медициналық қызметкердің мекен-жайы, жеке басы туралы, медициналық емес факторларды анықтау үшін әр жағдайды жасырын босанатын әйелдерге босандыруға жәрдем беретін ұйымның атауын білдіретін ақпараттың болмауы.
      3. Құпия аудит заңдық және әкімшілік сипатқа ие болмайтын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі-Министрлік) ресми қызметінен тәуелсіз іс-шара болып табылады.
      4. Ана өлім-жітіміне құпия аудит жүргізу Министрлік жүргізетін ана өлім-жітімін ресми және дәстүрлі талдауды жоймайды.
      5. Құпия аудиттегі кез-келген ақпарат жарияланбайды және өзге мақсаттарда (соттық немесе әкімшілік тергеулер) пайдаланылмайды.
      6. Ана өлім-жітімінің құпия аудитінің мақсаты – ана өлім-жітімінің алдын алу және төмендету болып табылады.
      7. Ана өлім-жітімінің құпия аудитінің міндеттері:
      1) ана өлім-жітімінің жағдайына әкелетін нақты медициналық және медициналық емес, оның ішінде әлеуметтік және отбасылық сипаттағы себептерді анықтау;
      2) ғылыми-дәлелді медицинаның негізінде ана өлімі-жітімі жағдайларын, қоғамдық деңгейдегі, сондай-ақ медициналық ұйымдардың деңгейіндегі теріс факторларды белгілей отырып, бағалау;
      3) жүкті, босанатын және босанған әйелдерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында сектораралық (ведомстволық) тәсілмен нақты ұсыныстар әзірлеу.

2. Ана өлім-жітімі жағдайының құпия аудитін жүргізу

      8. Ана өлім–жітімінің құпия аудиті ана өлімі-жітіміне әкелетін медициналық және медициналық емес сипаттағы факторларды белгілеу үшін әрбір жағдай бойынша жасырын сауалнама әдісімен жүргізіледі.
      9. Құпия аудитті жүргізуді дайындау бойынша рәсімдер:
      1) хатшы ана өлім-жітімінің құпия аудитінің өңірлік үйлестірушілерінің басқаруымен (одан әрі - ҚАӨҮ) қайтыс болған әйелдің барлық құжаттарын көшіреді және иесіздендіреді: жүкті әйелдің алмасу картасы (111/е нысан), жүкті әйелдің жеке картасы (025-1/е нысан), босану сырқатнамасы (096/е нысан), сырқатнама (003/е нысан), патоморфологиялық зерттеу нәтижелері;
      2) ҚАӨҮ немесе хатшы құпия аудитті жүргізер алдында сауалнама/сұрақ парақтарын толтыру бойынша интервью алатындарға кеңес береді;
      3) бір аптадан кешіктірілмей сауалнама/сұрақ парақтары толтырылады;
      4) медицина қызметкерлері немесе қайтыс болған пациенттің туыстары сауалнама/сұрақ парақтарды жасырын толтырады (қолдар мен әйелдің жеке басы туралы мәліметтердің, елді мекен мен медициналық қызметкер туралы мәліметтердің жоқтығы);
      5) иесізденген құжаттар мен жасырын сауалнамалар құрамы мен ережесін Министрлік бекітетін Акушерлік практикадағы ана өлім-жітімінің қиын жағдайларының құпия аудитінің орталық комиссиясына жіберіледі.

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 695 бұйрығына      
2-қосымша        

Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана мен Алматы қалаларында акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың құпия аудитін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық акушерлік-гинекологиялық бейінді медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда қиын жағдайлардың құпия аудитін енгізуді және жүргізуді ұйымдастыруды анықтайды.
      2. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың құпия аудиті - әйелге, әйелдің өзіне және басқа адамға медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкердің жасырын сауалнама әдісімен өмірге қауіп төндіретін жағдайды зерделеуі.

2. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың
аудитін жүргізу

      3.Аудитке мынадай қиын жағдайлар жатады:
      1) геморрагиялық шокпен, гемотрансфузиямен ілесе жүретін қан кетулер;
      2) эклампсия.
      4. Қиын жағдайлардың құпия аудитін жүргізу үшін медициналық ұйымның бірінші басшысымен жұмысшы топ құрылады және акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудитін жүргізу үшін жауапты адам тағайындалады.
      Акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың аудитін жүргізу үшін жауапты адамды тағайындау құпия аудиттің өңірлі үйлестірушімен (одан әрі-үйлестіруші) келісіледі.
      Медициналық ұйымның бірінші басшысы жұмысшы топтың құрамына кірмейді немесе жауапты болмайды.
      5. Үйлестірушіні құпия аудиттің орталық комиссиясының төрағасымен келіскеннен кейін үш жыл мерзімге мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы тағайындайды.
      6. Құпия аудиттің орталық комиссиясы туралы ережені және құрамын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.
      7. Құпия аудитті жүргізу үшін жауапты адам мыналарды қамтамасыз етеді:
      1) медицина қызметкерімен сауалнама (сұрақ парақ) толтырады;
      2) әйелдің айтуы бойынша оқиғаны қайта құру (қалпына келтіру) үшін үйретілген жұмысшы топ мүшелерінің әйелден сұрауы;
      3) медицина қызметкерінің қатысуымен болған оқиғаны жазбаша қалыптастыру.
      8. Акушерлік практикадағы қиын жағдайларды талдау жөніндегі жұмысшы топтың отырысына мыналар қатысады:
      1) акушерлік практикадағы қиын жағдайлардың талдауына жауапты адам;
      2) қиын жағдайға тікелей қатысы бар медициналық қызметкер;
      3) психолог (бар болса);
      4) акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізуге арналған жұмысшы топтың мүшелері;
      9. Акушерлік практикадағы қиын жағдайлар аудитін жүргізу үшін жұмысшы топ:
      1) босанатын әйелдерді босандыру ұйымына түскен сәттен бастап шыққанға дейін тексеруді қарастырады ("есіктен есікке дейін" тәсілі), кәсіптік деңгейде жүзеге асырылатын медициналық көмектің, сондай-ақ жеткіліксіз білікті жүзеге асырылғандардың элементтерін белгілейді;
      2) сапалы медициналық көмек көрсетуге кедергі болған факторлар мен себептерді, тиесінше күтім жасамауға ықпал ететін факторлар мен себептерді талдайды;
      3) жетілдірілуі мүмкін медициналық көмек көрсетудің кезеңдерін анықтайды;
      4) шұғыл акушерлік көмекті талап ететін жаңа жағдайлар туындаған жағдайда сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін ұсынылу және енгізілу мүмкін іс-қимылдарды немесе шешімдерді әзірлейді.
      10. Әрбір отырыс құжаттандырылады.
      11. Акушерлік-гинекологиялық бейінді көмек көрсететін медициналық ұйымның акушерлік практикадағы қиын жағдайларға аудит жүргізуге жауапты адам үйлестірушіге ай сайын есепті және қиын жағдайларды ескерту жөніндегі ұсынымдарды ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады