О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 453 "Об утверждении положений территориальных органов Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан"

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 августа 2018 года № 361. Утратил силу приказом Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 октября 2018 года № 440 (вводится в действие с 4 декабря 2018 года)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра информации и коммуникаций РК от 15.10.2018 № 440 (вводится в действие с 04.12.2018).

      В целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 420 "О некоторых вопросах реализации Указа Президента Республики Казахстан от 19 июня 2018 года № 702 "О некоторых вопросах административно-территориального устройства Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 15 декабря 2017 года № 453 "Об утверждении положений территориальных органов Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан" следующие изменения:

      подпункт 14) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "14) Положение о Республиканском государственном учреждении "Инспекция связи Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан по городу Шымкент и Туркестанской области" согласно приложению 14 к настоящему приказу.";

      в приложении 14 к указанному приказу:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Положение о Республиканском государственном учреждении "Инспекция связи Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан по городу Шымкент и Туркестанской области";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Республиканское государственное учреждение "Инспекция связи Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан по городу Шымкент и Туркестанской области" (далее – Инспекция) является территориальным органом Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан (далее – Комитет), осуществляющим реализационные и контрольные функции в области связи и информатизации.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. Местонахождение Инспекции: Республика Казахстан, 160011, город Шымкент, Аль-Фарабийский район, проспект Тауке Хана, 35.

      9. Полное наименование Инспекции – республиканское государственное учреждение "Инспекция связи Комитета телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан по городу Шымкент и Туркестанской области.".

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня принятия настоящего приказа перерегистрацию в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня утверждения настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан;

      4) представление в Юридический департамент Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр
информации и коммуникаций
Республики Казахстан
Д. Абаев

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 361 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 440 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 15.10.2018 № 440 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 14-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.".

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160011, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, 35.

      9. Инспекцияның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықтың қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әділет органдарында қайта тіркелуін;

      2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев