Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 440 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 68/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 03.05.2019 № 68/НҚ бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 549 қаулысының (бұдан әрі - қаулы) 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрық қолданысқа енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әділет органдарында қайта тіркеуді;

      2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 440 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

      4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатыныстарға тарап болады.

      6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 62.

      9. Инспекцияның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Инспекцияның негізгі міндеті тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылады.

      14. Инспекция өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнама талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;

      3) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      5) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      7) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

      8) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңңамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және және әкiмшiлiк жазалар қолдану;

      11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      12) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады.

      15. Инспекцияның құқықтары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;

      3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;

      4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;

      5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      16. Инспекцияның міндеттеріне:

      1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

      5) беру құқығынсыз Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадиохабарларын тарату туралы заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде ұйғарымдар беру

      5) Инспекция балансындағы мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз ету кіреді.

3-тарау. Инспекцияның мүлкі

      17. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Инспекцияның балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

      18. Инспекцияның мүлкі республикалық меншікке жатады.

      19. Инспекцияның өзіне бекітіліп берілген мүлікті, егер де Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне жол берілмейді.

4-тарау. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

      20. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Басшы басқарады.

      21. Инспекция басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Инспекция басшысының орынбасары атқарады.

      22. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      23. Осы мақсатта Инспекция басшысы:

      1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;

      2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда:

      1) әкімшілік мемлекеттік қызметтердің бос орындарына орналасуға үміткерлерді таңдауды жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссия;

      2) қызметтік тергеу материалдарын қарастыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тәртіптік комиссия;

      3) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы;

      4) лауазымдық жалақыны белгілеу құқығын беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу бойынша комиссия құрылады.

      Жоғарыда көрсетілген комиссиялардың жеке құрамы Инспекция басшысымен айқындалады. Комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 440 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

      4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Инспекция азаматтық-құқықтық қатыныстарға, егер де Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан оған тарап болады.

      6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жұмалиев көшесі, 108.

      9. Инспекцияның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Инспекцияның негізгі міндеті тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

      14. Инспекция өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнама талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;

      3) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      5) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      7) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

      8) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңңамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және және әкiмшiлiк жазалар қолдану;

      11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      12) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады.

      15. Инспекцияның құқықтары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелердің жұмыс тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;

      3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;

      4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;

      5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      16. Инспекцияның міндеттеріне:

      1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

      5) Инспекция балансындағы мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз ету кіреді.

3-тарау. Инспекцияның мүлкі

      17. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Инспекцияның балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

      18. Инспекцияның мүлкі республикалық меншікке жатады.

      19. Инспекцияның өзіне бекітіліп берілген мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне жол берілмейді.

4-тарау. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

      20. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.

      21. Инспекция басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Инспекция басшысының орынбасары атқарады.

      22. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өз қызметтерін жүзеге асыруға және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.

      23. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:

      1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;

      2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;

      6) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда:

      1) әкімшілік-мемлекеттік қызметтердің бос орындарына орналасуға үміткерлерді таңдауды жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссия;

      2) қызметтік тергеу материалдарын қарастыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тәртіптік комиссия;

      3) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттауданөткізу үшін аттестаттау комиссиясы;

      4) лауазымдық жалақыны белгілеу құқығын беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу бойынша комиссия құрылады.

      Жоғарыда көрсетілген комиссиялардың жеке құрамы Инспекция басшысымен айқындалады. Комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 440 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

      4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Инспекция азаматтық-құқықтық қатыныстарға, егер де Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан оған тарап болады.

      6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 13.

      9. Инспекцияның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Инспекцияның негізгі міндеті тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

      14. Инспекция өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;

      3) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      5) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      7) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

      8) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңңамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және және әкiмшiлiк жазалар қолдану;

      11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      12) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады.

      15. Инспекцияның құқықтары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;

      3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;

      4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;

      5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      16. Инспекцияның міндеттеріне:

      1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

      5) Инспекция балансындағы мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз ету кіреді.

3-тарау. Инспекцияның мүлкі

      17. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Инспекцияның балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

      18. Инспекцияның мүлкі республикалық меншікке жатады.

      19. Инспекцияның өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне жол берілмейді.

4-тарау. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

      20. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникаицялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.

      21. Инспекция басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Инспекция басшысының орынбасары атқарады.

      22. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      23. Осы мақсатта Инспекция басшысы:

      1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;

      2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Инспекция қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;

      6) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда мыналар:

      1) әкімшілік-мемлекеттік қызметтердің бос орындарына орналасуға үміткерлерді таңдауды жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссия;

      2) қызметтік тергеу материалдарын қарастыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тәртіптік комиссия;

      3) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссия;

      4) лауазымдық жалақыны белгілеу құқығын беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу бойынша комиссия құрылады.

      Жоғарыда көрсетілген комиссиялардың жеке құрамы Инспекция басшысымен айқындалады. Комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 440 бұйрығына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

      4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Инспекция азаматтық-құқықтық қатыныстарға, егер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан оған тарап болады.

      6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 14, 58-59 пәтер.

      9. Инспекцияның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Инспекцияның негізгі міндеті тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

      14. Инспекция өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңдары талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;

      3) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      5) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      7) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

      8) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңңамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және және әкiмшiлiк жазалар қолдану;

      11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      12) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.

      15. Инспекцияның құқықтары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;

      3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;

      4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;

      5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      16. Инспекцияның міндеттеріне мыналар:

      1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

      5) Инспекция балансындағы мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз ету кіреді.

3-тарау. Инспекцияның мүлкі

      17. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Инспекцияның балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

      18. Инспекцияның мүлкі республикалық меншікке жатады.

      19. Инспекцияның өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне жол берілмейді.

4-тарау. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

      20. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникаицялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Басшы басқарады.

      21. Инспекция басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Инспекциясы басшысының орынбасары атқарады.

      22. Инспекция Басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өз қызметтерін жүзеге асыруға және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.

      23. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:

      1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;

      2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;

      6) беру құқығынсыз Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда:

      1) әкімшілік-мемлекеттік қызметтердің бос орындарына орналасуға үміткерлерді таңдауды жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссия;

      2) қызметтік тергеу материалдарын қарастыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тәртіптік комиссия;

      3) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы;

      4) лауазымдық жалақыны белгілеу құқығын беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу бойынша комиссия құрылады.

      Жоғарыда көрсетілген комиссиялардың жеке құрамы Инспекция басшысымен айқындалады. Комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 440 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

      4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Инспекция азаматтық-құқықтық қатыныстарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан оған тарап болады.

      6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070000, Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19.

      9. Инспекцияның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Инспекцияның негізгі міндеті тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылады.

      14. Инспекция өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнама талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;

      3) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      5) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      7) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

      8) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңңамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және және әкiмшiлiк жазалар қолдану;

      11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      12) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады.

      15. Инспекцияның құқықтары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;

      3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;

      4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;

      5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      16. Инспекцияның міндеттеріне:

      1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

      5) Инспекция балансындағы мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз ету кіреді.

3-тарау. Инспекцияның мүлкі

      17. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Инспекцияның балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

      18. Инспекцияның мүлкі республикалық меншікке жатады.

      19. Инспекцияның өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне жол берілмейді.

4-тарау. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

      20. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникаицялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.

      21. Инспекция басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Инспекция басшысының орынбасары атқарады.

      22. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      23. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:

      1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;

      2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;

      6) беру құқығынсыз Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда:

      1) әкімшілік-мемлекеттік қызметтердің бос орындарына орналасуға үміткерлерді таңдауды жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссия;

      2) қызметтік тергеу материалдарын қарастыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тәртіптік комиссия;

      3) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы;

      4) лауазымдық жалақыны белгілеу құқығын беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу бойынша комиссия құрылады.

      Жоғарыда көрсетілген комиссиялардың жеке құрамы Инспекция басшысымен айқындалады. Комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 440 бұйрығына
6-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) байланыс және ақпараттандыру саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.

      2. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.

      4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Инспекция азаматтық-құқықтық қатыныстарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан оған тарап болады.

      6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

      7. Құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160000, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 35.

      9. Инспекцияның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Инспекцияға өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

      13. Инспекцияның негізгі міндеті тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылады.

      14. Инспекция өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнама талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      2) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;

      3) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      4) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      5) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      7) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;

      8) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңңамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіпте хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;

      11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      12) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және ұлттық телерадио хабарларын тарату стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамаларының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функциялар жатады.

      15. Инспекцияның құқықтары:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;

      3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;

      4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;

      5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшыларды, мамандарды, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      16. Инспекцияның міндеттеріне:

      1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

      5) Инспекция балансындабалансындағы мемлекет меншігінің сақталуын қамтамасыз ету кіреді.

3-тарау. Инспекцияның мүлкі

      17. Инспекцияның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Инспекцияның мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құрылады және негізгі мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Инспекцияның балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

      18. Инспекцияның мүлкі республикалық меншікке жатады.

      19. Инспекцияның өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне жол берілмейді.

4-тарау. Инспекцияның қызметін ұйымдастыру

      20. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникаицялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.

      21. Инспекция басшысы уақытша болмаған кезде, оның лауазымдық міндеттерін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Инспекция басшысының орынбасары атқарады.

      22. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      23. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:

      1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;

      2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;

      5) заңнамада белгіленген тәртіпте Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;

      6) Қазақстан Республикасының байланыс, ақпараттандыру және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамалары талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарымдар береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда:

      1) әкімшілік-мемлекеттік қызметтердің бос орындарына орналасуға үміткерлерді таңдауды жүзеге асыруға уәкілетті конкурстық комиссия;

      2) қызметтік тергеу материалдарын қарастыру және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тәртіптік комиссия;

      3) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясы;

      4) лауазымдық жалақыныбелгілеу құқығын беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу бойынша комиссия құрылады.

      Жоғарыда көрсетілген комиссиялардың жеке құрамы Инспекция басшысымен айқындалады. Комиссиялардың шешімдері хаттамамен ресімделеді.

5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 15 қазандағы
№ 440 бұйрығына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығы;

      2. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 361 бұйрығы;

      3. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 396 бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады