Решение Сырдарьинского районного маслихата от 29 декабря 2021 года № 119 "О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 10 апреля 2014 года № 222 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Сырдарьинского района"

Решение Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 29 декабря 2021 года № 119. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 12 декабря 2024 года № 151

      Сноска. Утратило силу решением Сырдарьинского районного маслихата Кызылординской области от 12.12.2024 № 151 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сырдарьинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Сырдарьинского районного маслихата "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Сырдарьинского района" от 10 апреля 2014 года № 222 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4658) следующие изменения:

      приложение к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Секретарь Сырдарьинского районного маслихата Е.Әжікенов

  Приложение к решению
Сырдарьинского районного маслихата
от 29 декабря 2021 года № 119
  Утверждено решением
Сырдарьинского районного маслихата
от 10 апреля 2014 года № 222

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Сырдарьинском районе разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан № 1106 от 18 октября 2013 года и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, поселка, сельского округа, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села, поселка, сельского округа подразделяется на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом поселка, сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом села, поселка, сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения путем размещения в средствах массовой информации или на интернет-ресурсе государственного органа, а также в информационных стендах аппарата акима села, поселка и сельского округа и в местах, доступных для всеобщего обозрения.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом поселка и сельского округа.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом села, поселка, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким села, поселка, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом района.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего села, поселка и сельского округа.

Сырдария аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 "Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріcтер енгізу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 119 шешімі

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 119 шешімі. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 151 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 12.12.2024 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң колданыска енгiзiледi) шешімімен.

      Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сырдария аудандық мәслихатының "Сырдария ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 222 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4658 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сырдария аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 119 шешіміне қосымша
  Сырдария аудандық мәслихатының
2014 жылғы 10 сәуірдегі
№ 222 шешімімен бекітілген

Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сырдария ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, кент және ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдарына немесе мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ауыл, кент және ауылдық округ әкімі аппаратының ақпараттық қабырғаларына және баршаға көрінетін жерлерге орналастыру арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.