Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Актау

Решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 2 июня 2022 года № 26/5. Утратило силу решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 22 февраля 2024 года № 13/6

      Сноска. Утратило cилу решением Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 22.02.2024 № 13/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Темиртауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Актау.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь городского маслихата А. Ломакин

  Утвержден
решением Темиртауского
городского маслихата
от "2" июня 2022 года
№ 26/5

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Актау разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома поселка Актау.

      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория поселка Актау подразделяется на участки (улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек от каждого участка.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается акимом поселка Актау.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом поселка Актау не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом поселка Актау.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей улицы, многоквартирного жилого дома поселка Актау, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данной улице, многоквартирном доме поселка Актау и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом поселка Актау или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким поселка Актау или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома поселка Актау, для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом города Темиртау.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в государственное учреждение "Аппарат акима поселка Актау".

Ақтау кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 2 маусымдағы № 26/5 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 22.02.2024 № 13/6 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтау кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы А. Ломакин

  2022 жылдың "2" маусымдағы
№ 26/5 Теміртау қалалық
мәслихатының шешімімен
бекітілген

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Ақтау кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Ақтау кентінің аумағы учаскелерге (көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр учаскеден саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтау кентінің әкімі шақырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ақтау кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақтау кентінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында Ақтау кентіндегі көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Ақтау кентінің көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтау кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ақтау кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақтау кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Теміртау қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне беріледі.