Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества сельского округа Талдыбулак Жанааркинского района

Решение Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 5 апреля 2022 года № 21/150. Утратило силу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 19 октября 2023 года № 8/63

      Сноска. Утратило cилу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 19.10.2023 № 8/63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества сельского округа Талдыбулак Жанааркинского района согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел, для участия в сходе местного сообщества сельского округа Талдыбулак согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Жанааркинского районного маслихата К. Имантусупов

  Приложение 1 к решению
Жанааркинского районного маслихата
от "5" апреля 2022 года №21/150

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества сельского округа Талдыбулак Жанааркинского района

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества сельского округа Талдыбулак Жанааркинского района, разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сельского округа Талдыбулак Жанааркинского района.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество - совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества - непосредственное участие жителей села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села подразделяется на участки.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа Талдыбулак.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества, оповещается акимом сельского округа Талдыбулак не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села организуется акимом сельского округа Талдыбулак.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа Талдыбулак или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа Талдыбулак или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным Жанаркинским районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима сельского округа Талдыбулак.

  Приложение 2 к решению
Жанааркинского районного маслихата
от "5" апреля 2022 года №21/150

Количественный состав представителей жителей сел, для участия в сходе местного сообщества сельского округа Талдыбулак Жанааркинского района

Найменование улиц

Количество представителей (человек)

1

Талдыбулак

1

2

Тәуелсіздік

1

3

Бірлік

1

4

Бейбітшілік

1

5

Достык

1



5


Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 21/150 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 8/63 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Талдыбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа аудандық маслихат хатшысы К. Имантусупов

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2022 жылғы "5" сәуірдегі № 21/150
шешіміне 1 қосымша

Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Жаңаарқа ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Жаңаарқа кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімінің аппаратына беріледі.

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/150
шешіміне 2 қосымша

Талдыбұлақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Көшелердің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1

Талдыбұлақ

1

2

Тәуіелсіздік

1

3

Бірлік

1

4

Бейбітшілік

1

5

Достық

1



5