О внесений изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 25 октября 2019 года № 31/370 "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Мангистауской области"

Решение Мангистауского областного маслихата от 8 декабря 2022 года № 16/183

      Мангистауский областной маслихат РЕШИЛ:

      1.Внести в решение Мангистауского областного маслихата "Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Мангистауской области" от 25 октября 2019 года № 31/370 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4011) следующие изменения:

      в правилах погребения и организации дела по уходу за могилами в Мангистауской области, утвержденных указанным решением:

      пункты 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в Мангистауской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 1-16) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и определяют порядок погребения и организации дела по уходу за могилами.

      Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации кладбищ, организации захоронения и перезахоронения умерших или их останков, а также объектам похоронного назначения определяются Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения", утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 августа 2021 года № ҚР ДСМ-81 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 24066).

      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:

      1) отдел регистрации актов гражданского состояния (далее – регистрирующий орган) – местный исполнительный орган, осуществляющий государственную регистрацию актов гражданского состояния;

      2) погребение (похороны) – обрядовые действия по захоронению тела (останков) умершего в землю (могилу, склеп) или преданию огню (кремации) с захоронением урны с прахом (пеплом) в могилу, склеп в соответствии с волеизъявлением покойного, вероисповеданием, обычаями и традициями, не противоречащими санитарным, природоохранным, градостроительным и иным правилам и нормам;

      3) могила – место захоронения умершего или его останков;

      4) кладбище – территория, специально выделенная для захоронения умерших или их останков;

      5) администрация кладбища – физическое или юридическое лицо, осуществляющее организационно-распорядительные и административно-хозяйственные функции по содержанию и эксплуатации кладбища.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Захоронение производится на территории кладбища после предъявления администрации кладбища свидетельства о смерти, выданного регистрирующим органом, осуществляющий регистрацию смерти и (или) медицинского свидетельства о смерти по форме № 045/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21579) либо уведомления о смерти, полученного посредством веб-портала "электронного правительства".";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Журнал учета содержит следующие сведения:

      год, месяц, число погребения;

      номер могилы;

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) умершего;

      дата рождения и смерти;

      причина смерти;

      номер, дата и кем выдано свидетельство или уведомление о смерти, полученное посредством веб-портала "электронного правительства";

      фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер (при его наличии), дата выдачи и номер документа, удостоверяющего личность, адрес близких родственников покойного, в случае отсутствия родственников адрес лица, производящего захоронение либо наименование, бизнес-идентификационный номер, адрес организации, производящей захоронение.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Мангистауского областного маслихата Н. Тумышев

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/370 "Маңғыстау облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 16/183 шешімі

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының "Маңғыстау облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/370 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4011 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Маңғыстау облысындағы жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында айқындалады.

      2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;

      3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;

      4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі. ";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:

      жерлеу жылы, айы, күні;

      зираттың (қабірдің) нөмірі;

      қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күні;

      өлімнің себебі;

      "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;

      марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев