О внесении изменений в решение маслихата от 2 июля 2021 года № 44 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Родинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области"

Решение маслихата города Аркалыка Костанайской области от 12 апреля 2022 года № 110. Отменено решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 5 октября 2023 года № 48

      Сноска. Отменено решением маслихата города Аркалыка Костанайской области от 05.10.2023 № 48 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Аркалыкский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата от 2 июля 2021 года № 44 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Родинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области" следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Родинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области, утвержденные указанным решением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению;

      в приложениях к указанному решению:

      слова "Утверждены решением маслихата от 2 июля 2021 года № 44", "Приложение к решению маслихата от 2 июля 2021 года № 44" заменить словами "Приложение 1 к решению маслихата от 2 июля 2021 года № 44" и "Приложение 2 к решению маслихата от 2 июля 2021 года № 44".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Аркалыкского городского маслихата Г. Елтебаева

  Приложение
  к решению маслихата
  от 12 апреля 2022 года
  № 110

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Родинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Родинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Родинского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села подразделяется на участки (села).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Родинского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Родинского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села организуется акимом Родинского сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Родинского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Родинского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом города.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Родинского сельского округа.

Мәслихаттың 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 "Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 110 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 48 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 05.10.2023 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшаларында:

      "Мәслихаттың 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 шешімімен бекітілген", "Мәслихаттың 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 шешіміне қосымша" сөздері "Мәслихаттың 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 шешіміне 1-қосымша" және "Мәслихаттың 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 шешіміне 2-қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы Г. Елтебаева

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 110 шешіміне
  қосымша

Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Родина ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Родина ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Родина ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Родина ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Родина ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Родина ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Родина ауылдық округінің әкімінің аппаратына беріледі.