О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 17 ноября 2022 года № 323 "Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронению твердых бытовых отходов по Шалкарскому району"

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 27 октября 2023 года № 111

      Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шалкарского районного маслихата от 17 ноября 2022 года №323 "Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронению твердых бытовых отходов по Шалкарскому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 30665) следующее изменения:

      в текст заголовки указанного решения на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке остается без изменения;

      в текст преамбулы указанного решения на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке остается без изменения;

      в текст пункта 1 указанного решения на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке остается без изменения;

      в текст приложения указанного решения на государственном языке вносится изменение, текст на русском языке остается без изменения.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев

  Приложение к решению
Шалкарского районного
маслихата от "27" октября 2023
года № 111
  Приложение к решению
Шалкарского районного
маслихата от 17 ноября 2022
года № 323

Тарифы для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронению твердых бытовых отходов по Шалкарскому району

Наименование

Расчетная единица

Тенге (Без налога на добавленную стоимость)

Домовладения благоустроенные

в месяц с 1-го жителя

105,00

Домовладения неблагоустроенные

в месяц с 1-го жителя

128,62

Годовой тариф на единицу (объем)

1 м3

787,48


Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 "Шалқар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 111 шешімі

      Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 "Шалқар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 30665 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
"27" қазандағы № 111 шешіміне
қосымша
  Шалқар аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
17 қарашадағы № 323 шешіміне
қосымша

Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

105,00

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

128,62

Жылдық тариф бірлігіне (көлеміне)

1 м3

787,48